Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет14/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

СƏКЕННІҢ ДОМБЫРАСЫ

Сара СМАҒҰЛОВА

Сыздық Əлиев ақсақалдың есімі Қаражал қаласының тұр-

ғындарына жақсы таныс. Бірі оны ел арасындағы талантты 

домбырашы деп таныса, енді бірі он екі бала тəрбиелеп өсірген 

үлкен шаңырақтың бас иесі ретінде білетін. Елу жылға жуық 

ғұмырын Қаражал қаласында өткізген қарапайым жан осы-

дан екі жыл бұрын қайтыс болған еді. Жақында ақсақалдың 

артында  қалған  ұрпағы  əкелерімен  қайта  қауышқандай 

болды.  Қаражалдағы  мəдениет  үйінің  əуесқой  əртістері 

Сыздық  Əлиевтің  өмірін  арқау  еткен  Сəкеннің  домбырасы 

атты  қойылымды  сахнаға  шығарды.  Қойылымның  авторы 

Төлеухан Ілиясұлы.

Сыздекеңнің  тағдыры 37-жылдардағы  жазықсыз  жапа 

шеккендердің өміріне ұқсас. Ол Сəкен Сейфуллинмен туыс 

болып келеді. 1927 жылы Сəкен елге келгенде Сыздық жас-

өспірім бала екен.

Сол кезде 11 – 12-де болса керек. Ақтайлақтың бойында 

Сейфекең ауылы отырыпты. Сəкен келді деген хабарды ес-

тіген соң əжесі Сыздықты өзімен бірге сол ауылға ала барса 

керек. Ауыл арасында күйші бала атанып жүрген кезі екен, 

сол  жылы  Сəкен  ағаның  алдында  күй  тартыпты.  Баланың 

талабына, домбыра тартысына сүйсінген ақын өз домбыра-

сын сыйға беріп, маңдайынан иіскесе керек. Ақынның осы 

пейілі  мен  сыйға  тартқан  домбырасы  кейін  Сыздекеңе  сор 

болып жабысады. 1927 жылы Сəкеннен сыйға домбыра ал-

ған, халық жауының оң қолы, туысы деген жаланың құрба-

ны болып, кетті дейтін Сыздекеңнің зайыбы Рымкүл, ақса-

қалдың өмірі туралы əңгімелегенде.

Рымкүл  Сыздыққызы – менің  немере  апам.  Екеуміздің 

əкеміз бірге туысқан. 1947 жылы он жыл айдауда болып елге 

оралған соң, Сыздекең біздің апамызбен қосылыпты, ол кез-

де Рымкүл он сегіз жаста екен. Бала кезімде:

– Рымкүлді Сыздық велосипедке мінгізіп алып қашқан, – 

деп  жеңгелеріміздің  əңгімелеп  отыратынын  сан  естігеміз. 



Жездеміз бен апамыз тату-тəтті қырық жылдан астам бірге 

өмір  сүрді.  он  екі  бала  тəрбиелеп  өсірді.  Балалары  алуан 

түрлі мамандық меңгерген. Бірі – мұғалім, бірі – экономист, 

бірі – банк  қызметкері,  инженер,  жүргізуші.  Бəрі  де  үйлі-

баранды елге сыйлы азаматтар.

Он жыл өмірін айдауда өткізген Сыздекең елге денсаулығы 

нашарлап оралады. Айдауда жүргенде енді қайтып қолыма 

домбыра  ұстамаспын  деп  ант  берсе  керек.  Елге  келген  соң 

осы сөзінде тұрып, бұрынғыдай елге көрсетіп күй тартуды 

қойып кетеді. Бірақ бала кезден жанын баураған домбыраға, 

музыкаға  деген  құштарлықтан,  сүйіспеншіліктен  құтыла 

алмайды.  Содан  болса  керек,  ол  балаларының  бəрін  де 

музыкаға баулыды.

– Əкеміз біздің бəрімізді ес білгеннен музыкаға баулыды. 

Бəріміз домбыра, пианинода ойнаймыз. Үй ішінде кішігірім 

концерт ұйымдастырып, біз орындаған əн-күйлерді тыңдап 

отырғанды жақсы көретін. Бірақ елдің көзінше қолына дом-

быра  ұстамайтын.  Оңашада  ғана  тартып  отырады.  Сонда 

бір мұңдылау əуен үй-ішін жайлап кететін. Шешеміз ондай 

сəттерде  бізге  бұл  əкелеріңнің  Сібірде  айдауда  жүргеңде 

шығарған «Ағаш арасында» деген күйі деп отыратын. Əкеміз 

өз өмірінің нағыз жалындаған шақтарының айдауда өтуіне, 

денсаулығынан  айырылуына  Сəкендей  ақыннан  сыйға  ал-

ған  домбыраны  кінəлі  санайтын.  Сондықтан  да,  ол  туралы 

əңгіме  қозғауды  ұнатпайтын.  Əңгіме  қозғала  қалса,  реніш 

білдіріп, тоқтатып тастайтын, – дейді Сыздекеңнің Жезқазған 

қаласында тұратын қызы Дина Əлиева əкесі туралы.

«Халық  жауы»  деген  жаладан  жездеміз 1961 жылы  ақ-

талады. Бірақ, ол отыз жыл кешігіп, 1991 жылы бірақ естиді. 

Ақталғанын естіген соң, бір жылдан кейін дүние салады.

Жарты ғасырдан астам Сəкенге өкпелі болып, өз басына 

түскен тағдырға кінəлі санаған Сыздекең өмірінің соңғы ми-

нуттарында Сəкеннен домбыра алған балалық шағын есіне 

алыпты.


–  Жоқ,  бұл  домбыраны  алмаймын,  осы  домбыра  менің 

түбіме жетті, деп сөйлеп жатты, – дейді Сыздекеңнің қызы 

Дина əкесінің ақырғы күндері туралы есіне алғанда.

219


Ақиық ақын Сəкен Сейфуллин Сыздық Əлиевтің өмірін-

де  міне,  осындай  із  қалдырған.  Жерлестері  сондықтан  да 

Сəкен  Сейфуллиннің 100 жылдық  мерейтойы  күндерінде 

Сыздық  Əлиевтің  өмірін  арқау  еткен  Сəкеннің  домбырасы 

қойылымын  сахнаға  шығарды.  Қойылым  арқылы  қаражал-

дықтар 37-жылғы  өмір  шындығымен  бетпе-бет  жүздескен-

дей болды.

«Сарыарқа» газеті, 29 қыркүйек 1994 ж.


221

СƏКЕН СЕЙФУЛЛИН

ҚАЛАЙ ҚАЗА ТАПТЫ

И.Н.МУДРОВ

«Қарзақ əдебиеті» газетінің 15 ақпандағы са-

нында (№7,1991 жыл) жарық көрген осы ат-

тас мақалада Қарағандылық Иван Николаевич 

Мудровтың Сəкеннің қалай қаза тапқаны жай-

лы айтқандары жарияланған еді. Осыдан соң 

редакциямызға тағы екі адамнан хабар түскен 

болатын. Енді назарларыңызға сол екі кісінің 

айтқандарын да ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Алматы  қаласының  тұрғыны,  зейнеткер  Бітім  Қалиев: 

«Мен 1950 жылы Алматының тау-кен металлургиялық инс-

титутын  (қазіргі  политехникалық  институт)  бітіріп,  жол-

дамамен  Қарағандыға  жіберілдім.  Онда  №2  шахтада  аға 

маркшейдер дəрежесінде қызмет істедім. Менің қарауымда 

Б.Майлиннің  баласы  Мереке  маркшейдер  еді.  Бейімбеттің 

зайыбы  жəне  тағы  Едіге,  Галя  дейтін  балалары  бірге  бол-

ғаны  есімде.  Сол  кісілермен  араласып  жүретінмін.  Сонда 

Бейімбет, Ілияс, Сəкендер атылмапты, Сібірде айдауда екен 

деген сөздер шығып қалып жүретін.

1959 жылы қиыр солтүстікті игеру туралы қаулы шықты. 

Соған  орай  мен  де  он  айға  жұмысқа  баратын  болып,  сол 

жылғы қарашада Чукоткадағы "Залив Креста" деген портқа 

келіп түстік. Бұл өзі климаты қатал, ауа райы өте қолайсыз 

аймақ. Ішкі жақпен тек самолет арқылы қатынаймыз.

Содан  маркшейдер  болып  жұмысқа  кірісіп  кеттік.  По-

селкеде тамақтанатын асхана ма, əлде кафе ме бір орын бар 

еді.  Соған  түстенейін  деп  барғанымда  бет-бейнесі  қазаққа 

келетін адамды байқадым. Ол да мені көріп отырған болуы 

керек, жаныма келіп:

– Осы сен қазақсың ба? – деп сұрады.

Біз  танысып,  жөн  сұрасып  аздап  тілдескен  соң  құрмет 

көрсетіп  өз  үстелдеріне  шақырды.  Содан  соң  өзі  тұратын 



222

жерін  айтып  «үй  жаққа  келсеңші,  əңгімелесейік»  деді  (үй 

деп отырғаны барактары ғой).

Бізді  алдын-ала  тиісті  мекемелер  ескертіп,  ешкіммен 

араласпаңдар деп нұсқау беріп қойған болатын. Бірақ, соған 

қарамастан  бардым.  Поселкеден  үш  шақырымдай  жерде 

біріне-бірі қатарласа салынған үлкен қоймалар болушы еді, 

соның арасында тұрады екен. Соларды басқаратын көрінеді. 

Қасындағы  жастау  бір  жігітті  «менің  атқосшым,  Базар  де-

ген қарақалпақ жігіті» деп əзілдей таныстырды. Содан көп 

əңгімелесіп, арақ ішіп отырдық. Ол кісі қатты қызып қалған 

болатын.  Бір  кезде  анадай  жерден  екі-үш  дəптерді  алып, 

өлеңдер оқи бастады. Өлеңдер жақсы екен, мен:

–  Мынау  өлендеріңіз  жақсы  екен, – деп  едім, «Бұл 

өзімдікі емес, ондай қабілет қайдан келсін, Сəкен ағамыздың 

жазғандары  ғой»  дегенде  шалқамнан  түсе  жаздадым. 

Өлеңдері  сондай  мұңды,  ел-жұртқа,  туған  жерге  сағыныш 

бірден байқалады.

Сонымен  тағы  көп  əңгімелесіп  отырдықта  ұйықтап 

қалдық. Таңертең тұрып, жуынып жатқанда тағы да, «Түнде 

Сəкен туралы мен мас болғандықтан айтқаным жоқ, бəрі де 

нақты шындық, Сəкеннің атылғаны жалған. Əрине мұндай-

ды өз көзімен көрмегендер сенбеуі де мүмкін. Бірақ, сен осы 

айтқандарды ұмытпа, сұрағандар болса айт» деді.

Командировканың мерзімі бітіп елге оралған соң, бірді-

екілі сенімді адамдарға (ол кезде мұндайды ашық айту қайда) 

айтып едім, ешқайсысы құлағына да ілмеді.

Ал, өзім Сəкен туралы баяндаған адамға қатты сендім. Ол 

кісінің өтірік алдауы мүмкін емес. Өзі оқыған, білімді қызмет-

кер болған азамат екен. Ташкенттен Орта Азия университеті-

нің  тарих  факультетін  бітіріп,  мектепке  мұғалім,  директор 

болған, тіпті 1937-де ұсталғанға дейін соңғы бірнеше жыл ау-

дандық атқару комитетінің төрағасы қызметінде істеген көрі-

неді. Ұмытпасам, Қарағандының Шет ауданынан болуы керек.

Ол  кісі  маған  Сəкен  туралы  əңгімелеп  отырғанда,  Бе-

йімбет, Ілиястар жөнінде де сауал қойған едім. Сонда: «Олар 

да  сол  жақта  болды,  бірақ  кейіннен  бөліп  жіберіп,  араласа 

алмадым»  деді.



– Сəкен қаза боларынан бұрынырақ көп қиялданып, кей-

де басы ауған жаққа жүріп кететін. Содан бір күні жоқ болып 

шығып, артынан тауып алды, – деген еді.

Осының бəрі де И.Н.Мудровтың айтқандарына келеді. Бір 

шындық  болуы  мүмкін.  Сондықтан  да  мен  И.Н.Мудровты 

ертіп алып барып, сол жердегі мүрдені көру қажет деймін. 

Өліктің  денесі  сол  күйі  бұзылмай  жатқан  болуы  керек, 

өйткені,  Чукоткада  жүргенде  Мəскеуден  арнайы  комиссия 

келіп,  молаларды  қазып,  тексеру  жүргізіп  жатты.  Өліктің 

сол  қалпы  бұзылмай  сақталатынын  сонда  ғана  көрдім. 

Сондықтан да тек моланы қазып көру арқылы ақиқатқа көз 

жеткізуге болады. Бұл мыңда бір кездесетін мүмкіндікті тек-

ке жібермеген жөн».

«Қазақ əдебиетіқ» редакциясы.


224

СƏКЕН ҚАЗАСЫ ТУРАЛЫ ТАҒЫ БІР ДЕРЕК

оны «1938 жылы ақынмен бірге болдым»,– 

деген Сейіт ақсақал айткан еді

А.ТУҒАНБАЕВ, филолог, Ақтоғай ауданы

«Қазақ əдебиетінің» биылғы 15 ақпандағы 7-ші нөмірінде 

жарияланған  "Сəкен  Сейфуллин  қалай  қаза  тапты»  атты 

жəне  «Сарыарқа»  газетінің 9 сəуірдегі  нөміріндегі  «Ақын 

мүрдесі  Магаданда  ма?»  атты  мақалаларға  орай  Сəкеннің 

тағдырына байланысты өз құлағыммен естіген деректі ұсы-

нуды  ұйғардым.  Бəлкім  бұл  да  Сəкен  өмірінің  соңғы  кезе-

ңін анықтау жолында ізденіп жүргендерге жəрдемдесер.

Мен 1986 жылдың маусым, шілде айларында Қарағанды 

қаласындағы  №1  облыстық  хирургиялық-клиникалық  ау-

рухананың  урология  бөліміне  екі  ай  жатып  емделдім. 

Аурухананың осы бөліміндегі маған көрші палатада бүйрек, 

бауырларына  операция  жасатқан  ауылдық  жерден  кел-

ген  екі-үш  ақсақалдар  болатын.  Уақыт  өткізу,  көңіл  сұрау 

мақсатымен ол кісілерге жиі соғып, ел ішінде бұрын өткен 

ақын, күйші, палуан, тағы басқа əйгілі адамдар туралы сөз 

қозғап, пікірлесетінбіз.

Əдеттегідей  таңертеңгі  дəрігерлік  бақылаудан  соң 

қариялар  палатасына  соқсам,  жинақы,  сөз  саптауы  ширақ 

егделеу бір адам отыр екен. Өзі осы палатаға менің алдым-

да  ғана  кірген  болуы  тиіс.  Жаңа  ғана  жөн  сұрасып,  таны-

сып  жатыр  екен.  Менің  де  аты-жөнімді  сұрады.  Өзін  Нұра 

ауданының  тұрғыны  екенін  білдіріп,  емделуге  келгенін, 

Есімінің Сейіт екенін айтты.

Ертеңіне  де  күндегі  дағдымызбен  операция  жасатқан 

қарияларға  Сейіт  ақсақал  екеуіміз  қатар  еніп,  көңілдерін 

сұрадық.  Сөзден  сөз  туып,  Сейіт  ақсақал  өзінің  өмір  жо-

лын əңгімелеп кетті. Өзі Нұра ауданында туып, орысша ба-

стауыш  мектеп  көлемінде  білім  алыпты. 1930-шы  жылда-

ры  ауылды  советтендіру  жұмыстарына  қатысқан.  Селолық 

Советтің  хатшысы  қызметін  атқарып  жүріп, 1937 жылы 


225

дүрбелеңге ілігіп, «халық жауы» ретінде ұсталған. Сталиндік 

репрессияның  азабын  өз  ауданы  мен  Ақмола  түрмесінде 

өткеріп, 1938 жылдың  қаңтар  айында  Монғолияның  аста-

насы  Улан-Батор  маңына  түседі.  Улан-Батордан  біздің  елге 

қарай  тартылған  темір  жол  құрылысында  мыңдаған  саяси 

тұтқындар  жұмыс  жасапты.  Өзі  жеті  адамдық  бригадаға 

басшылық жасайды. Жаз айында осы бригада мүшелері бір 

қоста  тұрыпты.  Топырақ  қопару,  оны  тасып  жол  табанына 

төсеу т.б. жұмыстардың бəрі де қолмен атқарылады. Дина-

мит қойып топырақ ату кезінде көптеген тұтқындар қаза та-

бады. Сейіт ақсақал сөзін сабақтай отырып: «1938 жылдың 

жаз  айында  біздің  қосымызға  түскі  үзіліс  кезіңде  надзира-

тель  бір  орыс  пен  бір  қазақты  айдап  келіп,  менің  бригада-

ма  бөлінген  қосымша  күш  екенін  айтып  тастап  кетті.  Кел-

ген  екеуінің  қалі  өте  мүшкіл,  аяқтарын  əрең  басады.  Өн 

бойларының бəрі көлкілдеп ісіп кеткен. Сұрастыра келе бірінің 

Сəкен Сейфуллин, екіншісінің сібірлік бір райкомның хатшы-

сы екенін білдік. Қос мүшелері бар мəзірімізді ауыздарына 

тосып, өзімізше күтіп, аялай бастадық. Сəкен мен қасындағы 

серігі бір айдан кейін аяғын қаз басқандай болып жұмысқа 

ілікті. Біздер бригада мүшелері оларға жанашырлық жасап, 

жұмыстың  жеңілдеу  жақтарын  беріп  жүрдік.  Ауыртпалық-

ты екі ай бойы өзіміз көтердік. Қыркүйек айының аяғы шама-

сында жол құрылысы бітіп, тұтқындарды Сібірге «тұрақты 

мекенге» бөліп жіберді. Сəкенмен қимай қоштастық. Кейін 

де  ұзын  құлақ  хабар  арқылы  сұрастырып  жүрдім.  Ол 1943 

жылы  барған  жеріндегі  зоналық  складтың  меңгерушісі  бо-

лып жүріп қыс айында атылып өліпті деп естідім. Мен 1954 

жылы елге оралдым» – деп сөзін аяқтады.

Мен: «Секе, мынауыңыз үлкен жаңалық қой. Сəкенді 1938 

жылы атылды деп жүрміз. Нақты деректерді біледі екенсіз, 

маған  толық  етіп  айтып  беріңіз.  Сəкенді  зерттеп  жүрген 

ғалымдармен хабарласып іздестіру салайық», – дедім.

– Қарағым, өткен өмірді еске ала беру жасы келіп, бей-

нет  көрген  адамға  жеңіл  деймісің.  Осы  əңгіменің  өзінде 

қаншама  жан  күйзелісін  бастан  кешіргендей  болдым,  қи-

нама, – деп  жауап  берді  қария.  Бəлкім,  Сейіт  ақсақал  сол 



226

кезде  дəл  қазіргідей  жариялылық,  өткенге  батыл  баға  беру 

орнықпағандықтан ашыла қоймады ма, кім білсін?

Үш-төрт  күннен  соң  Сейіт  ақсақалды  Қарағандыда 

тұратын  туыстары  шығарып  алып  кетті.  Кетерінде  киім-

кешегін  əкелген  жігітті: «Жақыным  КарГу-де  ғалым, 

оқытушы болып жұмыс жасайды», – деген еді. Сейіттің сол 

жақын деген адамының аты мен Сəкен кетті, атылды деген 

жерлер  жадымнан  шығып,  ұмытылыпты.  Шамалауымша 

Сəкеннің барған жері Тайшық, Жаз өлкесі деген сияқты еді.

Осы деректерді сол 1986 жылы газетке жазбақшы ниетінде 

болған  едім.  Бірақ  ақсақалдың  аты-жөні  мен  мекен-жайы 

жазылған қағаздарды жоғалтып алдым. Оны осы өткен күзде 

ғана бұрын оқыған кітаптарымның ішінен тауып сіздерге са-

лып отырмын. Ақсақалдың тұратын мекен-жайы: Қарағанды 

облысы, Нұра ауданы, Балықтыкөл совхозы, Əлиев Сейіт бо-

латын. 1986 жылы жасым 74-те деген еді.

Қазір Сейіт ақсақалдың бар-жоғынан хабарсызбын. Егер 

менің осы келтірген аз ғана деректерім газетке жарияланса, 

тірі болса Сейіт ақсақалдың өзі, өзі болмаса жақын туыстары 

арқылы  Сəкен  жөніндегі  «жұмбақтың»  шешілуіне  септігін 

тигізер  деген  үміттемін.  Мүмкін  Сəкеннің  қаза  болған 

жерін,  мүрдесін  іздеушілерге  көмегі  болар.  Халқымызда 

«жоқты іздеген табады» деген нақыл бар. Осыған орай Сейіт 

ақсақалдан естігендерім «жоқты табуға» септігі тиіп қалар, 

деген оймен жазып отырмын.



Актоғай ауданы «Сарыарқа» газеті, 

№113. 13 маусым, 1991 жыл

Жұмаш Əбішқызы МҰСАБАЕВА, 

дербес зейнеткер.

Екінші хаттың иесі, Алматы тұрғыны Жұмаш Əбішқызы 

былай деп жазады:

«Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Хабаровск  қаласын-

дағы  өлкелік  ғылыми  кітапханада  жұмыс  істеп  жүргенмін. 


Бір  күні  кешке  қарай  үйдің  есігі  қағылған  соң  ашып  едім, 

көмірдей  қап-қара  сақал-мұртын,  шашын  əдемі  қидырған 

40-тар шамасындағы жігіт екен. Танымасам да ата салтымен 

төрге шақырдым.

Дастархан үстіндс əңгімелесіп отырдық. Аты-жөні есімде 

қалмапты. Негізгі тұрған жері Алматы екенін, 58-бен айып-

талып, 19 жыл айдауда болғанын айтты. Тайгада ағаш кесіпті. 

Сол  кісі  сізге  өзімде  сенбейтін,  бірақ  басымнан  кешірген 

жайды айтайын деп мына əңгімені баяндап еді:

«Бір күні жұмысқа шыққан бетім еді, бригадиріміз «анау 

тұрған адамга көз салып қарашы» деді. Көре салып, өз көзі-

ме  өзім  сенбедім.  Соны  сезгендей  бригадиріміз  «өзіміздің 

Сəкен ғой» деді.

Сəкенді атып тастады деп естігенбіз ғой, дегенмен барып 

жолығайын деп рұқсат сұрадым. Əлгі адамның жанына ке-

ліп, сəлем беріп, «кешіріңіз Сəке» дедім. Ол «мені неге Сəке 

дейсің  мен  Сəкен  емеспін»  дегенде  не  айтарымды  білмей, 

кешірім өтініп, кері қайттым. Бригадиріме келіп, оның Сəкен 

емес екенін айтқанымда: «Сəкеннің дəл өзі, бригадир болып 

істейді,  неге  екенін  білмеймін,  аты-жөнін  басқаша  атайды. 

Барақта ылғи да баяғы тақиясын киіп жүреді» деді.

Осыдан соң да біраз уақыт сыртынан көріп жүрдім, бірақ 

кейіннен бір жаққа ауысты ма, көрінбей кеттің деді.

Ұмытылып  кеткен  бұл  əңгіме  «Қазақ  əдебиетіндегі» 

мақаладан  соң  ойыма  сап  ете  түсті. «Жел  болмаса  шөптің 

басы  қимылдамайды»  дегендей  мұнда  да  бір  шындық  бар 

шығар деген ой мазалай береді. Ылайым, сəті түсіп, себеп-

кер бола ма деген ниетпен жазып отырмын.



«Қазақ əдебиеті» газеті., 

1 наурыз, 1991жыл.

228

АҚЫН МҮРДЕСІ МАГАДАНДА МА?

(Ол маусымдағы сапарда анықталады.)

А.ҚАРАЖІГІТОВ, 

ССРО Жазушылар Одағының мүшесі

Кең маңдайлы, атжақты, шашы ақ күмістей жарқыраған жы-

лы шырайлы кісі мені есік алдында қарсы алды. Ілтипатпен төр-

ге  шақырды.  Сəл  жөткірініп,  ентігін  басып,  жұмсақ  орынды-

ғын жылжытып, таянып кеп отырды. Егделік меңдей бастағаны 

көз жанарынан айқын байқалғандай. Бет орамалын алып, көз 

алдын сүрткіштеп, бір танысын ұшыратқандай жүзіне сəл күлкі 

үйіріп,  аз  кідірді.  Үй  иесі  сөз  бастағанша  сабыр  сақтап  үнсіз 

қалдым. Сонша жерден келген менің көкейімде не жатқанын ол 

қайдан білсін, бір сəтке аң-таң күй кешкен сыңайы бар.

– Танымадым ғой, – деді ол үнсіздікті бұзып.

– Жезқазғаннан келдім.

– Жезқазғаннан? – Оның дауысы əнтек шықты. – Иə, осы 

жақында Жаңаарқа ауданынан да жігіттер келіп-кетіп еді, – 

деп «Сен неғып жүрген жансың» дегендей, бетіме сұраулы 

жүзбен қарады. Бұл күнде жауырыны бүкіс тартып, кəрілік 

емін-еркін  мойныңа  мінген  ол  белін  жазып,  орындығына 

шалқая  отырды.  Су  тиген  шыныдай,  тұманытқан  жанары 

жасаурап тұр.

– Сіз, Иван Николаевич боларсыз, – дедім əлі де əр сөзімді 

санап сөйлеген мен.

Ойым  он  саққа  жүгіріп  отыр.  Бұған  дейін. «Казахстан-

ская  правда», «Қазақ  əдебиеті»  газеттеріндегі  хабарларды 

оқып, түрлі топшылаулар, ойлар, үміт пен күдік арпалысына 

түскен менің шынымды айтсам, осынша уақытқа дейін бір 

халықтың  аяулысы  жайында  көрген-білгенін  құпия  сақтап 

келген кісіге сауалым да көп еді. Əсіресе, қарттық жеңген, 

жүйкесі тозған, көп азап шеккен кісінің тіпті ақыл-жадының 

қаз-қалпында болмауы мүмкін-ау деген күмəнім де жоқ емес. 

Осы ойда əлі де оның көнерген ажарынан назарымды ала ал-

май отырған маған:


229

– Не, күмəніңіз бар ма, Мудров екеніме? Онда құжатымды 

көрсетейін, паспортым мінеки – деп орнынан көтеріле бер-

ген оны əрең тоқтатып:

– Кешіріңіз қария, сенем, неге сенбеймін, – деп оны ор-

нына қайта отырғыздым.

– Осы бір тұмауы түскір ентікпеме қосылып, едəуір ма-

залап  жүр.  Сексеннің  сеңгірі  де  мен  мұндалайды.  Бəрінен 

қиыны осы ентіктіріп тастайтыны болып тұр, – деді ол сəл 

мұңайып.


– Бəрі өткенде, жас шағыңызда сүйек кескен суық, көрген 

қиыншылықтың сарқыны болар, – деп əлі де бірден шешіліп 

сойлеп кете алмай отырған қартты қаузап қойдым.

–  Əй-и,  оны  қойшы!  Өтті – кетті!  Көкіректе  шер  боп 

қатқан,  ешкімнің  мүсіркеуі,  аяугершілігі  жібіте  алмайтын 

қасіретті сүймендегенде бірдеңе өне ме!? Ол – өз жаныңды 

өзің қинау, бекерге азаптану! – деп тағы бір ырғалып отыр-

ды. Сөз саптауы шамалыға беріле қоятын кісі тəрізді емес, 

қайсар жанды аңғартты.

– Иван Николаевич, сізді республикалық газеттер Сəкен 

Сейфуллинмен Қиыр Шығыста қамауда бірге болған деп жа-

зып жатыр. Бұл өзі... – дей бергенімде:

–  Оны  кім  жалғанға  шығарады?  Кім  бекер  деп  айта 

алады?  Осында  Жаңаарқадан  келгендер  де,  бірнеше  жөн 

білетін  оған  дейінгі  соққан  азаматтар  да  істің  мəн-жайына 

қаныққан. Сен де «бұл өзі деп» көкейінде күмəн ұялап кел-

ген жігіт тəрізденесің. Жо-жоқ, менің көз алдымда бəрі дəл 

қазіргідей.  Ол – сөзсіз  Сəкен  Сейфуллин!  Түтігіп  орнынан 

ширақ  қимылдап  тұрып  кетті.  Демалатын  бөлмесіне  жіті 

басып  барып,  тез  қайта  оралды.  Сəкеннің  орыс  тілінде 

басылған  шығармалар  жинағын  ұстай  келді.  Алғашқы 

бетін  ашып: – Мына  сурет  сол  кісі.  Мұнда  ол  мұртымен 

түскен.  Маған  кездескен  кезде  мұрты  жоқ  еді.  Орта  бой-

лы,  дөңгелек  жүзді,  қыран  қабақ,  табиғат-ана  ер  адамдар-

да  кездесе  бермейтін  көрік,  түр-тұрпатты  сол  қайталанбас 

пендесіне бар ықыласымен құя салған десе болар еді, – деп 

қолына орамалын алып аузын баса құмыға жөтелді де, сөзін 

қайта жалғап, – оны тəңір маған бекерге жолықтырған жоқ. 



230

Қамаудағы  өмір  кімнің  маңдайынан  сипады,  дейсіз.  Менің 

Қазақстаннан екенімді естіген күні-ақ жолығысқан еді. Мен 

де жерлесімді көріп, шұрқыраса табысқанмын. Өте шешен 

сөйлейтін,  мəдениетті,  орыс  тілін  жетік  білетін,  көркіне 

білімі сай, кемеңгер азамат мені бірден баурап алып еді...

Иван Николаевич бір сəт маңдайын алақанына сүйеп оты-

рып қалды. Ойын бөлмеуге тырыстым. Кенет: – Мен бейбақ 

жетіқат  тереңдікте  мына  қолмен, – деп  күректей  алақанын 

жазып, – қия тастай көмір қабатын күрс-күрс қопарып, əбден 

піскен болат сүйек емеспін бе. Қиыр Шығыстың суығына да, 

боранына да, жазықсыз қамаған түрмесіне де, шу дегеннен-

ақ нар тəуекел деп қайрат-күшімді бойыма жиып беріспеуге 

бекінгентінмін. Жастық жалын не сұмдықты болса да бастан 

кешіруге бел буған шақ еді ол. Ал, Сəкен өмірі қолына күрек 

ұстамаған жазушы екен. Аз күнде əл-дəрмені азайып, жүдеп, 

қалжырай  бастады.  Қолдан  не  келеді.  Сүйекте  бар  қара 

күшті сарқа жұмсап, көмегімді көрсетіп, оның жоспарының 

орындалуына септік тигізген боламын. Не десең де қуатты 

тамағы, ең болмаса қолайлы жататын орны да жоқ.

«Өлсең  ит  терісі,  өлмесең  қой  терісі»  деп  біздің  тегін 

күшімізді  пайдаланған  еріксіздік  лагеріндегі  əрқайсымыз-

дың күнімізде санаулы болатын. Ол көкшіл көзін жəудірете 

қарады маған. Көрген азап, қиянат, шеккен қасіреті көз ал-

дына елестеді ме, жанары жасқа толып, қатты үкілеп демін 

лықсыта  шығарды  да: – Біздің  басымыздан  кешкен  сұм-

дықты итте көрмесін, – деді дауысын көтеріп. Қарт кісінің 

тебірене  бергеніне  мен  де  қиналып  отырмын.  Басу  айтып, 

ақыл  беретін  жас  кісі  емес.  Жетпіс  тоғыз  жас  оңай  ма. 

«Ешкімнің аяугершілігі, мүсіркеуі жібіте алмайтын қасіретті 

сүймендегенде  бірдеңе  өне  ме?»  дегені  санамнан  өшпей 

қойды. Содан да бекерге қазбалай бермейінші деп ойладым. 

Манағы  бір  сауалдан  кейін  сөз  қоспай,  оны  ұйып  тыңдап 

қалғанмын.

–  Біз  алтын  кенішінде  жұмыс  істедік.  Əй  тозақ  еді,  то-

зақ! – Басын  шайқап, – Құдай  өзі  жаратқан  жерінің  бетін 

мұзғып  сіреп,  тоң  қылып  қатырып,  қойнына  «ал  мықты 

болсаң  ала  қойшы»  деп  алтынын  тығып,  оны  бас  еркінен 



231

айырылған  сорлыларға  қаздырып  қойса,  тозақ  демеске  бо-

ла  ма?! – Қарттың  үні  дірілдеп  шықты, «Қырық  жыл  қыр-

ғын  болса  да  ажалды  өледі»  дейтін  мақал  бар  біздің  қазақ 

ағайында. Сол сөзде көп шындық бар екен. Кім қалай өледі 

оны тап басып айту кімнің қолынан келсін, – осы жөні, ол 

лагерьдің  қай  жерде  тұрғаны,  тау-тасына  дейін  санамнан 

өшкен жоқ жəне ол жерден қанатты құс болмаса, тірі жанның 

қашып құтыла алмайтыны, ондай бос қиялға ешкімнің бар-

майтыны ақиқат! Ақыры, 1940 жылдың сəуірінде марқұмның 

денесі табылды емес пе?! Үстінде күпəйке, шалбар, басын-

да  құлақшын,  қолында  қолғабы  ұйықтап  кеткендей  тұтас 

қалпында жатыр екен.

– Адасып кетті ме екен?

–  Оның  себебін  кім  білген.  Алай-түлей  түтеген  ақ  бо-

раны қас-қағымда құтырған Сібір емес пе ол. Бəлкім жілік 

майы таусылып жүруге жарамай, – Иван Николаевич бетіме 

жаутақтап қарап, – қалып қойып, адасып опат болды ма деп 

те ойлаймын, – деді.

– Сіз сендіресіз. Архив құжаттары басқаша сөйлейді.

–  Оның  біріне  де  сенбеймін.  Мына  қолыммен  дене  то-

пырағын жапқан кісімін мен. Ол – Сəкен! – Қарттың дауысы 

қатты шығыңқырап кетті.

– Ваня! Сен не, айқайлайтын болғансың ба? Дауыс көтер 

ме,  өзіңе-өзің  кəміл  болсаң,  болды  да, – деп  зайыбы  сөзге 

араласты.

– Тіпті де жүйкеңе тиеді екен. Ақиқатты жалған дегенге 

жаның ауырады екен, – деген ол тағы да ентігіп қалды.

– Сонда ойыңыз не?

– Ойым ба? Ойым – сол жерге бару. Сəкеннің мүрдесін 

əкеліп топырағына өз қолыммен тапсыру.

– Табыла ма, таба аласыз ба?

– Табамын. Табылатыны да анық. Ол жердің мəңгі тоң бо-

лып, жер асты қатып жататынын білсең керек. Ендеше оның 

денесі де, аяғына байлаған аты-жөні, туған жылы, жазылған 

тақтайша да шіріген жоқ. Сол қалпы жатуға тиіс. Оған мен 

күмəнданбаймын.

– Сол үшін?...



–  Қазір  онда  күн  суық.  Жер  ақ  қар,  көк  мұз.  Тек  жазда 

маусымның  аяқ  шенінде  бару  керек  болар.  Мені  адамдық 

ізгі ниеті орындалсын десең арнайы апар. Қауіпсіздік үшін, 

есейген  қарт  кісі  десең,  қасыңа  бір  дəрігер  ал.  Адам  саны 

төрт  кісіден  артық  болмасын.  Бір  таксиге  сиғанымыз  жөн 

ғой.


– Сіз сол ұзақ сапарды көтере аласыз ба?

– Сəкеннің, қазақ халқының əруағы қолдайды мені бұл са-

парда. Не теперіш болса да көтеремін. Ол – менің адамдық, 

азаматтық борышым.

– Оған дейін өліп қалсаң қайтесің? Бүкіл елді дүркіретіп, 

уəде  беріп  жатырсың, – деп  Феодосия  Никитична  да  бір 

қағытып қойды. 

– Жоқ өлуге тиісті емеспін. Жетпіс тоғыз жыл өмір бер-

ген құдай Сəкен үшін бір жылын қиятын шығар. Қазақ атты 

халықтың  маңдайындағы  күніндей  ұлы  адамның  рухани 

қуаты  мені  қолдайтынына  сенемін, – деді  күле  қараған  ол 

жайдарыланып.

– Сонымен?

– Сонымен маусымда Магаданга тартайық.

– Ақиқат қой?

– Сөз жоқ. Міне, қол! Оның күректей алақаны саусақта-

рымды сықырлатып жіберді.

Қарағанды-Жезқазған.

«Сарыарқа» газеті, №69, 9 сəуір, 1991 жыл.


233



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал