Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет13/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

СƏКЕН САЗДАРЫ

Қазақ əдебиетінің биік шыңдарының бірі Сəкен Сейфул-

линнің кіндік қаны тамған жері – Сарыарқаның бір кездегі 

арналы  өзендері  Нұра  мен  Есеннің  құбылаға  қарай  ойыса-

тын шүйгін жері Аба тауының бауыры болса керек. Неше-

ме  заманнан  бері  келе  жатқан  заңғар  таулар  мен  адырлар, 

шатқал-шатқалдағы,  сай-сайдағы  шоқ-шоқ  тал-терек  сұлу 

қыздай бой түзеген ақ балтырлы сұңғақ қайың, жел тербе-

ген  үкінің  ұлпасындай  жас  шіліктер  жылға-жылғада  сыл-

дырлай  ағып,  сылқ-сылқ  күлген  мөлдір  бұлақтардың  сұлу 

көрінісі, сиқырлы əсері бала Сəкеннің ойын тербеп, болашақ 

ақынның  қиялын  қанаттандыруы  сөзсіз  ғой.  Сондықтан  да 

болар, жерін сағынған ақын кейінірек:

Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,

Қуандық, Қаратоқа елім еді, –

деуі,  сол  балалық  шақтағы  сұлу  табиғат  əсерінен,  туған 

жерге  деген  сағынышынан  айтылса  керек.  Осы  екі  жол 

өлеңдегі  «Ор»  деген  сөз – Ақадыр  ауданының  күнбатыс 

жағындағы  Ақадырдан 30 – 35 шақырым  жердегі  атақты 

Ортау. Ал Ортау Жаңаарқаның жеріне кіретін Ақтаумен ба-

рып жалғасып келеді. Ортау қыз-келіншектің төсағаш үстіне 

текшелеп  жиған  көрпе-жастығындай  қатпар-қатпар  гранит 

тастардан тұратын əдемі де миллиондаған жыл жасаған ескі 

тау.  Шатқал-шатқалы,  сай-саласы  сыңсыған  шоқ-шоқ  тал-

терек, қайың мен қарағаш желмен ойнаған жас шіліктер. Осы 

Ортаудың  «Қарашілік»  деген  жерінде  Сəкеннің  əкесі  Сей-

фулла қыстауының таған орны күні бүгінге дейін сақталған. 

Керек болса Сəкен елге келгенде ел аулақта өз-өзімен болып 

демалып  отыратын  сол  қыстау  маңындағы  кресло  сияқты 

тас та сол қалпында тұр.

Сəкеннің  ақындық  жолға  түсуі,  ойын-сауыққа,  əн-күйге 

жастайынан құмар болуы кездейсоқ құбылыс емес. Бұл бі-



205

ріншіден, сұлу табиғат аясының ғажайып көріністерінің əсе-

рі  болса,  екіншіден,  ел  ішіндегі  атақты  əнші-күйшілердің, 

ақын-жыршылардың  ықпал-əсері  екені  сөзсіз.  Ең  алдымен 

Сəкеннің əкесі Сейфулланың өзі өнерпаз адам болған. Ойы-

мызды  айғақтау  үшін  кезекті  Сəкеннің  туған  інісі  Мəжит 

ақсақалдың естелігіне берейік:

«...Əкем  жетім  болып,  жалғыздықты  көп  көріп  өскен 

ғой,  көп  ағайындарының  ішінде  өз  есесінен  құр  қалып, 

шетқақпайға  ұшыраған  кездері  де  аз  емес  шығар.  Осының 

салдарынан ба, əлде біздің ауылмен құдандалы, оқыған Ер-

денбайдың,  Қожамбердінің  Құсайындарының  ақылдары 

себеп болды ма, əйтеуір əкеміз үлкен ұлы Сəкенді орысша 

оқуға  берді...  Біздің  ауыл  ойын-сауыққа  мейлінше  құмар 

еді.  Қазақ  арасына  жайылған  ойындар  мен  өлең-əндердің 

барлығы  да  ойналып,  айтылып  жататын.  Сол  өлең  ойын-

сауыққа  əкем  мен  шешем  бірдей  араласатын.  Кейін  ерже-

те  келе  сауықшыл,  саятшылдығы  сондай,  ол  домбыра  да, 

гармонь да тартып, əнді айқайлап шырқамай жай баяу ғана 

айтып  көбінесе  күй  тартатын.  Ал  біздің  үлкен  үйден  өмірі 

бүркіт  кеткен  емес.  Шешем  еркін  де,  əкемізге  айтқанын 

тыңдататын да еді. Бізді жақсы мінез-құлыққа тəрбиелеуде 

шешеміздің беделі мен ықпалы күшті болды. Біз бəрімізде 

шешемізді  жақсы  көруші  едік.  Сондықтан  Сəкен  оқуда, 

қызмет бабымен алыста жүрсе де шешемізді алдымен атап, 

сағынып хат жазатын...» (Е.Ысмайылов, Ақын жəне револю-

ция, Алматы, 1964 ж. 11 – 12 беттер).

Анаға деген осы ыстық сағыныш Сəкеннің лирикасынан 

мықты орын алады. Шет жерде жүріп, бір жазған өлең ха-

тында Сəкен анасы Жамалға:



Əлі есімде мені талай,

Аш бауырыңа басқаның.

Ұмытылады, айтшы қалай

Талай тамған жастарың...

Жадымда əлі мені тербеп,

Талай айтқан жырларың.

206

Жүрегіме қатқан шер боп,

Қасіретіңнің сырлары.

Шын сүюді сенен көріп,

Сенен ғана білгенмін,

Күлсең менде саған еріп,

Куанғаннан күлгенмін...

деп  толғайды.

Бұл аяулы, асыл анаға деген сағыныштың лирикалық тол-

ғауының үзіндісі ғана. Осы үзіндінің өзінен-ақ абзал ананың 

үздік қасиеті көрініп тұрған жоқ па? Өнерпаз ананың бала-

сына айтқан жүрек тебірентер бесік жыры, сазды əні, мұңды 

үні құлағыңа келмей ме? Осындай зерделі өнерпаз ата-анадан 

туған өлеңшіл, жыршыл, сауықшыл ауылда туып-өскен Сə-

кен  өнерге  қалайша  қол  созбасын.  Табиғатынан  сұңғыла, 

сезімтал əсершіл жаратылған, сұлулыққа, адалдыққа ғашық 

боп  туған  Сəкеннің  ақын  болмауға,  əнші-күйші  болмауға 

жағдайы да, хақысы да жоқ еді.

Əрине,  бұл  мақалада  біз  Сəкеннің  ақындығына  тоқтал-

маймыз,  ол  əдебиетшілердің,  зерттеушілердің  үлесі.  Біздің 

тілге  тиек  етер  негізгі  ойымыз  əнші-күйші  Сəкен,  сазгер 

Сəкен жайында. Егер біз ақын Сəкеннің өлеңдерінен, поэма-

ларынан азды-көпті дəйексөз (цитата) алсақ, мұның өзі сазгер 

Сəкеннің  өнеріне  оның  ақындығының  тікелей  қатыстылы-

ғы, ақындық пен сазгерліктің іштей астасып, өзектесіп, ас-

тарласып, жататындығына байланысты.

Сəкен өнерпаз сауықшыл ауылда туып, əнші-күйші ата-

ананың бауырында өсті дедік. Шыны солай. Мұның үстіне ел 

ішіндегі өресі биік əнші-күйші өнерпаздар болашақ ақынға, 

сауықшыл  сазгер,  сері  Сəкенге  аз  ықпал  етпейді.  Осындай 

өнерпаздардың бірі – Сəкен жас шағында ерекше құрмет тұ-

тып, өнеріне бас иген өзі соған еліктеген адамдарының бірі 

саналатын  Құлмағанбет  деген  кісі  екен. (Бұл  сірə  Нілдінің 

тоқасы болса керек).

Құлмағанбет əнші, гармоншы, əрі ақын болған. Сондай-ақ, 

өзінің ауылында тай-құлындай тебісіп бірге өскен Сəкеннің 



207

жақсы  көрген  достарының  бірі  кедей  жігіт  Əзімхан  болса 

керек.  Əзімхан  кедей  болса  да  жоқшылықты  мойындамай 

өмір кешкен өнерпаз еді. Ол əрі сері, əрі əзілшіл, сауықшыл 

өнерпаз  жігіт  болыпты.  Əзімхан  қазақтың  көп  қиссаларын 

жатқа  айтқан.  Бұдан  басқа  Сатай,  Сүйіндік,  Əбен  (халық 

мұны  сайқымазақтығына  байланысты  «жынды  Əбен»  атап 

кеткен) атты жігіттер Сəкен ел аралап сейіл құрған кезінде, 

саятшылдық  жасаған  шақтарда  үнемі  Сəкеннің  жанынан 

табылған  достары.  Бұлар  Сəкеннің  «антуражындағы»  пал-

уан, сері, əнші-күйші, əзілқой достары. Сəкен ел аралап, сейіл 

құрғанда  ешқашан  жалғыз  жүрмеген.  Жанына  əнші-күйші 

өнерпаздарды  Əбен  сияқты  əзілқой,  қуақы,  сайқымазақ 

жігіттерді  ертіп  жүрген.  Бұл,  əрине  баяғы  сал-серілердің 

дəстүрі. Шындығында Сəкен елден ерек əдемі киінді, таза-

лығы,  əдемі  нəрсеге  құмарлығы  сұлу  қыз-келіншекке  көз 

қыры түсуі жағынан қандай да сал-серілерден асып түспесе 

кем түспеген.

Сəкеннің  жақсы  көріп,  ертіп  жүрген  адамдарының  бірі 

Əбен  деген  кісі  дедік.  Əбекеңді  өз  басым  көзіммен  көріп, 

өнерін тамашалаған адамның бірімін. Əбен бері де 1960-шы 

жылдарда  қайтыс  болды.  Сəкен  жақсы  көрген  сол  Əбен – 

тума талант, халықтың қайнаған ортасынан шыққан тамаша 

өнерпаз  еді.  Жоғары  да  айтқандай  Əбекеңді  Жаңаарқаның 

адамдары «Жынды Əбен» атап кеткен еді.

Мұның да белгілі себебі бар. Бойы ортадан аласа, тығыр-

шықтай толық денелі, бет-пішіні еркек адамнан гөрі əйелге 

келіңкірейтін бетінен қаны тамған қызыл шырайлы, көк көз-

деу  кісі  еді.  Əбен  эстрадалық  сахнаға  жаратылған,  нағыз 

күлкілі  (комик)  артист  болатын.  Ол  əлдекімнің  түр-түсін, 

қимылын, оғаш мінезін айнытпай салуға шебер, əдемі де нəзік 

даусымен қыз болып сыңсып жылап, ата-анасымен қоштасу 

немесе толғағы жеткен əйел болып «Би-Би Фəтима пірім-ай» 

деп жіпке асылып зарлап «толғау», ел ішіндегі кейбір аңқау 

адамдарды ақылға сыймайтын əлденені айтып нандырып, ал-

дап тақырға отырғызып кету, т.б. өнерімен елді қыран-топан 

күлкіге батырған Əбенді «жынды Əбен» деуі содан. Мен өз 


208

басым  «жынды  Əбен»  деген  сөзді  халықтың  сүйікті  əнші-

ақынын сал-сері деп атағанындай, елдің оған берген құрметті 

атағы ретінде қабылдаймын. Осы Əбен сайқымазақтығының 

үстіне жап-жақсы əнші де болатын. Мысалы «Қараторғай» 

əнін  (Жамал  Омарова  айтқан  сырдың  «Қараторғайы»)  ол 

орындағандай мəнерде ешкімнен естіп көрген емеспін. Əбен 

«Қараторғайының» вариантын басқадан есту мүмкін де емес 

еді. Өйткені ол «Қараторғай» əнін кеудесін (запев) қыздың 

даусындай нəзік үнмен сызылтып дұрыс айтып келіп, əн қа-

йырмасына келгенде:

«Салайын мен əніме Қараторғай, Қараторғай» –

деген қайырмада айтылатын сөздерді əдейі айтпай «жынды-

лығы» ұстап қайырма əуенін

«еһе-еу айдай, еһе-еу айдай»

деген  сөзінің  оғаш  сөздерімен  сексуалдық  əуенде  қалжың-

қалжың  араластырып  жіберетін.  Əнші  бет-əлпетін  мың 

құбылтып əн қайырмасын айтқанда қыран-топан күлкіге ба-

татын.

Міне,  осы  «жынды  Əбен»  Сəкеннің  жақсы  көретін  ер-



келеткен  адамдарының  бірі  еді.  Ел  оны  жынды  деп  атау-

мен бірге «Сəкеннің сайқымазағы» деп те атаса керек. Несі 

бар  корольдердің,  патшалардың  масқарапазы  (шут)  болған 

ғой.  Біз  жоғары  да  атап  өткен  адамдар  ғана  емес,  Сəкен 

қай  ауылдың  да,  қай  елдің  де  əнші-күйші  өнерпаздарын 

қастерлеп,  солармен  бауырласып,  достасып  кетеді.  Мы-

салы  тама  еліндегі  Сапалай,  Мүсейіп  деген  ақын-əншілер 

де  Сəкеннің  жақын  сырлас  достары  болған.  Ал  халықтың 

атақты əнші-композиторы, əрі батыры Иман Жүсіп те жиыр-

масыншы жылдарда Сəкен Қызылордада тұрған кезде Иман 

Жүсіпті іздеп тауып, танысып достасып кетеді. Иман Жүсіп 

Сəкеннің  үйіне  жиі  келіп,  қонақ  болып,  аунап-қунап  еркін 

араласып кеткен. Иман Жүсіп пен Сəкен бір-бірімен шешіле 


209

сөйлесіп, қалтқысыз сырласады. Əрине, мұндай да əн де ай-

тылып, күй де тартылады ғой...

Халықтың осындай атақты əнші-күйшілерін, өнерпазда-

рын  Сəкен  Қарқаралы,  Көкшетау,  Баянауыл,  Атбасар, 

Ақмола  төңірегінде  де  кездестіріп,  солардың  көбімен  дос-

тасып  кетеді.  Оның  ерекше  сыйлап,  əншілік  өнеріне  ден 

қойған,  бас  ұрған  адамдарының  бірі – атақты  əнші-сазгер, 

ақын  үкілі  Ыбырай  Сандыбайұлы  еді.  Бұл  жайында  сөзді 

Сəбит Мұқановқа берейік. «... 1927 жылы жазды күні С.Сей-

фуллин Қызылордадан Көкшетау еліне жер бөліс науқанын 

өткізуге  барды...  Бурабай  тауын  айнала  отырған  елде  бұл 

науқанды жүргізіп жатқан Сəкенді 71 жасқа шыққан Ыбы-

рай іздеп келді... Ыбырайдың ірі ақын, ірі əнші екенін бұрын 

естіген  Сəкен,  Оқжетпестің  түбінде  отырып  тыңдау  керек 

деді де ауылдан қымыз, тоқты алдырып, бір топ адам кеш-

ке  қарай  Оқжетпестің  түбіне  бардық.  Сонда  Оқжетпестің 

етегінде Ыбырайдың «Көкшетаудың биігі-ай» деп бастала-

тын  «Қарагөз»  əнін  шырқап  жібергенде,  жантайып  жатқан 

Сəкен орнынан ұшып тұрып, Ыбырайдың алдына шөке түсіп, 

жатты да қалды. Аса ырғақты жəне аса биік бұл əн орында-

лып болғаннан кейін Сəкен: «Апырай, бұндай да биік жəне 

көркем дауыс болады екен-ау» – деп Ыбырайды құшақтап, 

сүйді. «Көкшетау» поэмасында Сəкеннің:



Туса егер өнерлі боп бақтарына,

Білім ап жүрсе бəрі баптарында,

Біржан сал Ақан сері, Ыбырайлар

Алмас ед Шаляпинді қапталына –

деп  жазуы  осыдан  кейін  (С.Мұқанов. «Өсу  жолдарымыз», 

1960 ж. 26-бет). Сəкеннің музыка жандылығы, өнерпаздығы 

туралы сөзді тағы да Сəбеңе берейік: «Сəкен музыканы, əнді 

өте сүюші еді. Домбыраны бір сыдырғы əдемі, ықылас қоя 

тартатын, ондай шақта сөз сөйлеуді жек көретін. Сəкен əн 

айтушыларды  қошеметтеп,  көтермелеп,  кейде  өзі  ыңырси 

қосылып кететін, мəжілісінің көбі əн, күй, думанмен өтетін. 



210

Сəкеннің ең жақын досының бірі Əлкей Өтекин еді. Сауаты 

шағын, серілеу бұл көркем жігітті Сəкен əдемі əндері үшін 

ғана жақсы көретін.

Сəкеннің  кейде  əн-күйге  балқып  кететіні  де  болушы  еді. 

1934  жылы  Мəскеуде  оқып  жүріп  Алматыға  каникулға 

келдім. Сəкен қонаққа шақырды. Барсам белгілі күйші Ха-

сенов Əбікен отыр екен. Бұрын көрмеген бұл кісіні, Сəкен 

«Арқаның  атақты  домбырашысы»  деп  таныстырды  да 

«Сарыжайлауды»  орында  деп  өтінді.  Əдемі  орындалған 

күйге балқып отырып Сəкенге қарасам, үлкен қара көзінде 

жас  мөлдіреп  тұр  екен,  менен  ыңғайсызданғандай,  жасын 

бармағымен  сілкіп  жіберді  де  «Тоқа,  деген  кісі  жер  ауып 

жүріп шығарған екен бұл күйді. Осы күй ойналса, Колчак-

тан  қашып  жүрген  таршылық  күндерім  есіме  түседі»  деді 

сонда. (499-бет).

Бұл  жерде  анықтай  кететін  бір  ақиқат  шындық  бар: 

Сəкен атын атаған Тоқа шынында да тарихта болған адам: 

ол  Жаңаарқаның  атақты  күйші,  композиторы – «Сайдалы 

сары  Тоқа»  атанған  адам  жəне  ол  халықтың  атақты  күйші 

композиторы  Тəттімбеттің  күйшілік  дəстүрін  мықтап 

ұстанған, өзін Тəттімбеттің шəкірті санаған адам жəне Сай-

далы  сары  Тоқаның  өз  «Сарыжайлауы»  бар.  Бұл  күй  күні 

бүгін «Тоқаның Сарыжайлауы» атанып, орындалып жүрген 

атақты  күйлерінің  бірі.  Ал  домбырашы,  күйші  Сəкеннің 

Тəттімбет пен Тоқаның «Сарыжайлауын» айыра алмай, ша-

тыстыруы мүмкін емес. Сəкен Тоқаның да Тəттімбеттің де 

«Сарыжайлауын» өзі тартқан адам...

Əнші-күйші,  сауықшыл-думанды  ауылда  туып-өскен, 

жоғарыда біз айтқан халықтың небір жезтаңдай күміс көмей 

əнші  ақындарымен  достасқан  Сəкеннің  өзі  əн  шығармауы 

мүмкін  емес  еді.  Сəкен  Арқа  əндерінің  стиліндегі  тамаша 

əндердің  авторы  жəне  ол  өзінің  сазгерлік  өнерін  ақындық 

өнеріндей жариялап, насихаттамағанмен, көңіл күйдің нəзік 

жан сезімінің, творчестволық тебіренісінің серігі ретінде кө-

бінесе оңашада өзі ғана айтқанға ұқсайды. Бірақ халықтың 

ауыз əдебиетін, жырларын, қиссаларын, эпостарын, шешен-


211

дік сөздерін көп жинап, оны терең зерттегені сияқты Сəкен 

халықтың əн-күйлерінде жадына көп тоқып, оған халықтың 

музыкалық  қазынасы  ретінде  қарап,  қастерлеген,  оны  ел 

арасына  таратуға  ерінбеген  суреткер.  С.Сейфуллин  керек 

болса  атақты  музыка  этнографы  Александр  Викторович 

Затаевичтің жинаушылық ісіне көмек көрсетіп, өзі де біраз 

əн-күй беріп, Затаевичтің корреспонденттерінің бірі болғаны 

белгілі. А.В.Затаевич «Қазақ халқының 1000 əні» деп атала-

тын атақты этнографиялық жинағының ескертпесінде (при-

мечание) Сəкен жайында былай деп жазады.

«Сəдуақас  (Сəкен)  Сейфуллин  «Асау  тұлпар»  өлеңдер 

жинағын, «Бақыт  жолында», «Қызыл  сұңқарлар»  пьесала-

рын,  сондай-ақ  əңгімелерін  баспадан  шығарған  қазақтың 

жас ақыны, əрі жазушы. Ол тамаша əнші, əрі күйші, Ақмола 

өңірі əн-күйлерінің жетік білгірі».

А.Затаевич  С.Сейфуллинді  осылайша  бағалай  отырып, 

одан  «Қазақ  халқының 1000 əні»  деп  аталатын  тарауына 

Сəкеннің орындауынан жазып алған «Тоқа», «Терісқақпай» 

күйлерін, «Шаш сипар», «Сауытбектің зары», «Күн мен ай», 

«Толғану»  əндерін  кіргізеді.  Мұның  өзі  жазушы  Сəкеннің 

ақын  Сəкеннің  сондай-ақ  тамаша  музыкашы  Сəкен  екенін 

айғақтаса  керек.  Сондай-ақ  халықтың  əн-күй  өрісіндегі  ой 

толғанысы, тебіренісі Сəкеннің өлендерінде де алтын арқау, 

өзек боп өріледі. Əр өлеңінде мен мұндалап шаң береді:

Екі бет саядағы қызыл шие,

Дауысы сызылған күй гармоние.

Бұл Сəкеннің (Сəулем) деген өлеңіндегі жолдар. Ауылдан 

аулақ кетіп, қиял құшағында шалқыған ақынға сүйген қызы 

келеді. «Екі беті саядағы қызыл шиедей, ал дауысы ше? Дауы-

сы  сызылған  күй,  музыкадағы  үндестік  құдіреті  гармония, 

(қызыл шие) деп əдейі алып отыр, болмаса терминнің дұрыс 

айтылуы – «гармония»  екенін  ақын  жақсы  біледі.  Қыз  үні 

оған  музыкадағы  тамаша  үндестіктей  (гармония)  əдемі  де 

жарастық сыңғырымен естіледі.


212

Маржандай тізген жырымды

Айтайын болсаң тергеген,

Домбырадай күйленіп,

Əн тасып көкірек кернеген...

Шаттанып күйлер қауласын

Қосылған əрбір пернеден.

Бұл Сəкеннің 1917 жылы Ақмолада жазған «Тергер болсаң 

айтайын»  деген  өлеңіндегі  жолдар.  Енді  Сəкен  ағаның 

«Қырда» деген өлеңін алайықшы. Осы өлеңді оқи отырып, 

«Осының  авторы  шығарған  əні  де  болған-ау»  деген  ой  ке-

леді.  Қайталап  оқып,  сол  ойыңа  кəміл  сенесің.  Əттең  сол 

əннің бізге жетпей қалғанына қатты өкінесің:

Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,

Əн салдым домбыра алып ырғақ тербеп

Аузымнан өлеңімді қағып алып,

Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.

Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,

Аралап Сарыарқаны кезіп шарлап,

Əн салдым қырда отырып, көкірек кернеп,

Кім білсе желдің тілін соған арнап.

(«Қырда», 1917 жыл).

Ал  Сəкен  Шаих  Сағдиден  аударған  өлеңінде  əн-күйдің 

құдірет күшін əсерін түсінбейтін көкірегі соқыр пақырларды 

салпаң құлақ есекке, бітеу тұлыпқа теңейді.



Дүниеде көркем күйлер көп,

Жаны бар оны сезбей ме?

Сезбейтін оны құр тұлып,

Тұлыптан кісі безбей ме?

Əн мен күйге түйе де,

Шаттанар хайуан десек те

Сезбейтін оны адамды,

Салпаң құлақ есек те.

213

Халық ұғымында Аққу – қасиетті де киелі құс. Есі дұрыс 

адам аштан өлсе де ешқашан аққуды атпайды. Ал Сəкен түсі-

нігінде аққу құс – киелі құс қана емес, ол – сұлулық тəңірісі, 

адалдық,  пəктік  символы.  Ақын  қандай  да  бір  жарастық, 

келісім,  сұлулық,  əсемдік  болсын,  осының  бəрін  Аққу  құс 

бейнесінен  іздейді.  Музыкадағы,  əн-күйдегі  үндестіктерді 

де (гармония, созвучие) сол аққу үнінен табады. Керек бол-

са  сымбатты  да  сұлу,  кербез  де  ақылды,  қылықты  қыздың 

барлық  түр-тұлғасын,  ақыл  мен  сұлулық  жарасымын  сол 

аққумен салыстыра отырып, содан көргендей болады. Сəкен 

үшін  дүниедегі  сұлулықтың  жарасымының  (прекрасное) 

баламасы – аққу құс. Сондықтан да Сəкеннің көзі аққудың 

сұлулығына тоймайды. Сəкен аққу құсқа, сұлу қызға, жалпы 

сұлулыққа ғашық:

Аққу құс ұшты

Желдей өсіп күшті

Əн салып келді айнала

Көлді кеп құшты

Керіліп ұшты

Ақ төсін төсеп айнала

Аққу құс кербез

Биіңді көргіз

Көрсет сəулем сəніңді

Таяншы тез... тез...

Сұлуым кел тез

Құбылтып салшы əніңді.

Сəкен ағаның «Аққудың айырылуы» поэмасындағы сұлу-

лық  суреттері,  айна  көлдің  əнші  құстарының  құйқылжыта 

шырқаған ғажайып саздары көңіл мен құлақтан кетер ме?



Арқада бір жер бар еді,

Жібек самал саясы.

Саяда бір көл бар еді

Сырлы кесе аясы...

Пай шымылдық жасыл құрақ

Қалың біткен ту құрақ

Кейде аққулар жасырынады

Шымылдыққа судырап...

Бұл – айна көлдің сиқырлы көріністері. Сəкен табиғат сұ-

лулықтарын ғана көріп қоймайды, оның сырға толы, жырға 

толы айна көлдің шарасынан асқан əн-күйдің үнін де естіп, 

естен танғандай болады.

Көлдің басы ертелі кеш

Мың құбылған əн еді.

Екі ғашық ертегідей

Көлдің көркі сəн еді.

Сəкен  дəл  осы  шақта  жұбай  аққуларды  іздеп,  айналаға 

тінте көз салды:

Көлдің бетін көзбен аңдып

Жұбай аққу көрінбей,

Сəулемді іздеп жаттым қаңғып,

Көл басында ерінбей...

«Сарыарқа» журналы, 1994 ж. № 3


215

СƏКЕН ТАҒАЙЫНДАҒАН КОМИССАР

Сəкен ЕРМЕКБАЙҰЛЫ, 

еңбек ардагері

Менің  əкем  Ермекбай  Жəкеевті  Сəкен  аға 17 жасын-

да  комиссар  етіп  тағайындаған  екен.  Сол  құжат  қазір  менің 

қолымда.  Оған  Ақмола  уездік  уақытша  атқару  комитетінің 

төрағасы  С.Сейфуллин  мен  хатшысы  Д.Əділов  қолдарын 

қойыпты. Осы құжаттың негізінде мен əкемнің 1917 жылғы 

Ақмоладағы  революциялық  жұмыстарға  белсене  араласқа-

нын  білдім.  Советтендіруде  үлкен  еңбек  сіңіргенін  көрдім. 

Бұл  құжат  бойынша  əкем  қазіргі  Жаңаарқа  ауданының 

Шонай,  Мұңлы,  Қосағалы,  Сарыкөл  болыстарында  жаңа 

үкіметтің құрылымдарын ұйымдастыруға арнайы жіберілген 

екен. Сөйтіп əкем далаға жаңа ту тігуге, жаңа тəртіп орнатуға 

бозбала  шағында  белсене  қатысқан  еді.  Өзі 15 мың  жылқы 

айдаған байдың баласы бола тұра мұсылманша, орысша оқып 

сауатын ашып, Сəкендердің соңына ергеннің əсері ме, əйтеуір 

жаңа заманға жар салып, жан-тəнімен қызмет етіпті. Бұл жол-

да көрген қиындығы да аз болмаса керек. Жаңа заманмен бірге 

келген  қызметтердің  біразын  атқарыпты.  Талай  рет  уездік, 

губерниялық съездерге делегат болып сайланыпты.

Əкем көзі тірісінде Сəкен туралы көп əңгіме айтып оты-

ратын.  Екеуі  көп  кездесіпті,  пікірлес  болыпты.  Қазір  əр-

кім əртүрлі құбылтып жүр ғой, əкемнің айтуына қарағанда, 

Сəкен  Алаш  партиясына  қарсы  болмаған.  Қайта  оның  бас-

шылары мен сыйлас, армандас болған. Бұған Сəкеннің 1927 

жылы Жаңаарқада, жазғы жайлауда Жəкей атамның үйінде 

Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов жəне басқа қазақ-

тың ығайы мен сығайларының үлкен бас қосуын ұйымдас-

тыруы, онда жерге, конфескеге, ұлттық келешекке қатысты 

бірнеше  күнге  созылған  əңгіме  кеңес  өткізуі  дəлел  бола 

алады.  Тіпті  осында  өлеңдер  оқылып,  шешендік  сөздер 

айтылған.  Əсем  əндер  шырқалған.  Кісілік  пен  имандылық 

жайында  ұрпаққа  үлгі  тұтар  мəселелер  қозғалған.  Соның 

ортасында менің өз əкем Ермекбай отырыпты.


216

Əкем 1927 жылы  Қызылордадағы  бір  жиында  партияға 

мүше  болуға  ниет  білдіріпті.  Оны  естіген  атақты  Ұғар 

Жəнібеков ұшып тұрып: «Ей, Ермекбай, партия болам дейсің, 

ана  əкеңнің  мыңғырған  мыңдарын  қайтесің»  депті, «Пар-

тия мыңғырған мыңдар» сөздеріне салмақ түсіре. Ол кезде 

революционерлік ірі адамның үні осылай естілсе керек.

Содан сəл үнсіздік болады. Сəкен аға сөйлеп, сөз бағытын 

басқа арнаға бұрып жіберіпті.

Ұғардың сөзінен кейін əкем Сəкен ағамен ақылдаса оты-

рып,  басқа  жаққа  кетпек  болады.  Шынында,  мына  сөзден 

қорқайын  дейді.  Қайда? «Жетісуға,  Алматыға  бару  керек 

шығар» – деп ойлайды. Сонымен Сəкен аға ақыл беріп, Ораз 

Жандосов көмектесіп, сол жылы күзде Алматы облысының 

қазіргі  Жамбыл  ауданындағы  «Дегерес»  жылқы  заводы-

на  көшіп  барып  жұмысқа  орналасады.  Кейін  осы  ауданда 

тағдыр оны Ахмет Қонаевпен табыстырып, екеуі ұзақ жыл 

бірге істеп ағалы-інілі дос болды.

Біздің үйге Сəкен, Əліби, Ілияс, Ораз, Жамбыл жəне басқа 

да қазақтың көп зиялылары келіп қонақ болып кететін. Менің 

шешемнің  немере  інісі  Жанайдар  Сəдуақасовта,  Ғабиден 

Мұстафин,  Сейділ  Талжанов,  Кəрім  Тоқтыбаевтар  да  жиі 

келетін. Осылардың бəрімен біздің қарым-қатынасымыз жақ-

сы  болатын.  Əкем  марқұм  Сəкендікіне  барса,  Гүлбаһрам 

тəтемді тілі жеткенше мақтап келетін. Өйткені ол кісі əкеммен 

бірге  барған  қойшыларды  да  құдайдай  сыйлайды  екен.  Тө-

сегіне  ақжайма  төсеп,  етік-шұлғаулары  су  болса  пешке  жа-

йып, ас-суын əзілдесіп əңгімелесіп отырып береді деуші еді.

Бір  күні,  яғни 1937 жылдың  қаралы  күндерінің  бірінде 

əкем  Сəкендікіне  келсе,  үйдің  іші  шашылған.  Гүлбаһрам 

тəтей  Сəкенді  ұстап  əкеткенін  айтады.  Əкем  ақша  салған 

сақтық  кітапшасын  осы  үйде  сақтайды  екен,  оны  бір 

тақтайдың  қуысынан  алып  береді.  Сəкенге  Гүлбаһрамнан 

соңғы сəлемін айтып, əкем ол үйден асыға аттанады. Содан 

Балтабай мал дайындау-бордақылау шаруашылығының ди-

ректоры  болып  істейтін  Ахмет  Қонаевқа  жасырын  сəлем 

айтып,  Алматыдан  қашып  Қырғызстанға  кетеді.  Өйткені, 

Сəкенге байланысты ол кісіні де ұстауы мүмкін еді.



Əкем  Сəкеннің  қасына  жата  алмады.  Бірақ,  оны  өзі 

жанындай  жаксы  көретін  Гүлбаһрам  Сейфуллина  мен 

Сəбит  Мұқанов  бейіттерінің  ортасына  жерледік.  Сəкенді 

пайғамбардай көргендіктен менің атымды Сəкен қойыпты.



Сəкен Мұражайы қорынан.

218


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал