Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет12/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

КӨШ БАСТАҒАН ЖЫРЛАР

Қазақ совет əдебиетінің негізін салушының бірі, көрнекті 

жазушы жəне қоғам қайраткері – революционер Сəкен Сей-

фуллиннің  есімі  қалың  жұртшылық  арасына  кең  таралған. 

Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу», «Асау тұлпар», «Қызыл 

сұңқарлар», «Советстан»  сияқты  көптеген  шығармалары – 

əдебиеттің барлық жанрын қамтитын жəне өзінің идеялық, 

көркемдік касиетімен де қазақ совет əдебиетіне елеулі үлес 

болып қосылған күрделі еңбектер. Сəкеннің шығармаларында 

қазақ  халқының  революция  дəуіріндегі  ой-арманы,  сезім 

күйлері, революциялық жеңіс, социалистік құрылыс жолын-

дағы өмірі мен күрестері жарқын бейнеленеді. Қазақ ақын-

дарының  ішінде  Октябрь  социалистік  революциясының 

жеңісін  алғаш  жалынды  жырына  қосқан  революцияшыл 

совет  ақыны  Сəкен  болды.  Сəкен  қазақ  поэзиясын  форма, 

стиль,  жанр  жағынан  дамытуға  да  еңбек  сіңірді.  Сонымен 

қатар Сəкен қазақ совет драматургиясының негізін қаласты, 

əдебиет тарихын зерттеу саласына да елеулі атсалысты.

* * *

Сəкен Сейфуллаұлы 1894 жылы Ақмола губерниясы, Ақмо-



ла уезі Нілді болысы, 1-ауылда, Нілді заводына жақын жер-

де (қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында) туып, 

өскен.  Сəкен  əдебиеттегі  лақап  аты.  Шын  аты – Садуақас. 

Сəкеннің əкесі Сейфулла өз еңбегімен күн көретін орта шар-

уалы адам болған. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанын-

да: «Əкем  саятшы  аң  аулағыш,  домбырашы,  ақ  жарқын 

жайдары адам, шешем əңгімешіл еді», – дейді. Оның үстіне 

Сəкеннің  өскен  елінде  қазақтың  көптеген  əнші-ақындары 

болған.  Жас  баланың  ең  алғаш  қызыға  тыңдап,  мол  əсер 

алған жайлары ата-ана, ауыл аймағындағы ақын, əнші дом-



178

бырашылардың өлең айту, күй тарту – өнерлері. Мұның бəрі 

болашақ  ақынның  поэзияға,  əн-күйге  деген  құмарлығын 

ерте сергітіп, оятады.

Сəкен əуелі ауылдағы молдадан оқып, хат таниды. Бірақ, 

баласының өнерге талпынғыш зиректігін байқаған сыншыл 

əке  Сəкенді  орысша  оқуға,  қала  өнерін  білуге, 1905 жылы 

Успенский мыс заводындағы мектепке кіргізеді. Онда Сəкен 

бір қазақ жұмысшының үйінде жатып, заводтағы орыс, қазақ 

балаларымен бірге үш жыл оқиды. Одан кейін, Сəкен Ақмола 

қаласына келіп, əуелі Приходская школада жəне екі класты 

училищеде оқиды. Бұл оқыған жылдары да бос өтпейді. Бір 

жағынан,  кітап  білімін  алса,  екінші  жағынан,  өз  бетімен 

орыс  тіліндегі  əдебиет  кітаптарын  көп  оқиды.  Сол  кезде 

қазақ арасына таралған кітаптар мен газет-журналдарды да 

қадағалап  оқып  отырады.  Училищенің  соңғы  кластарында 

оқып жүргенінде, Ақмола қаласына оқу іздеп келген қазақ 

балаларына өз бетімен орысша сабақ бере бастайды.

1913 жылы Омбы қаласындағы оқытушылар семинария-

сына  түсіп,  оны 1916 жылы  бітіріп  шығады.  Семинарияда 

оқып  жүрген  уақытында  Сəкеннің  қоғамдық,  əлеуметтік 

ой-пікірі қалыптаса бастайды. Студенттердің мəдени-ағарту 

жұмысын  өркендету  мақсатымен  ұйымдастырған  «Бірлік» 

үйірмесінің жұмысына белсене қатынасады. Келбетті сұлу, 

сəнді  киінген  кербез,  əн  мен  күйге  құмар  жас  жігіт  Сəкен 

өлең  жазуға,  домбыра  тартып,  əн  салуға  ерте  берілген.  Ол 

өлеңді  ауыл  ақындарының  салтымен  жатқа  да  шығарып 

айтқан, жазып та шығарған. «Бірлік» үйірмесінің көмегімен 

Сəкеннің алғашқы өлеңдер жинағы – «Өткен күндер», 1914 

жылы Қазан қаласында басылып шығады.

Жинақта басылған өлеңдердің көпшілігі қаладағы шəкірт 

ақынның  туып-өскен  ауылға  деген  сағынышы,  білім  алу 

жолындағы талап-тілегі, жастық, махаббаттық өмірдің сезім 

күйлері жырланады. Ал, ақынның сол дəуірдегі ірі қоғамдық 

мəселелерге  деген  ой-пікірлері  əлі  айқын  емес,  болса  да 

күңгірт. Егер ақын «Жазғы түнде», «Туған ел», «Кетпейтін 

естен ғашық жар», «Сағыну» сияқты лирикаларында табиғат 


179

көрінісін,  көңіл  күйлерін  шебер  суреттеген  ақындық  та-

лантын  байқатса, «Жайлауда», «Інішегіме», «Кім  басшы», 

«Нұра» сияқты өлеңдерінде, суретшілік те оған сай мазмұн 

да  жинақты  келіп  отырмайды,  пікірлері  қайшы,  суреттері 

ала-құла.

Рас, осы жинақта басылған жəне 1915 – 1916 жылдары жа-

зылып, «Асау тұлпар» жинағына кірген кейбір өлеңдерінде 

Сəкеннің  өзі  өскен  қоғамдық  ортаға  наразылығы,  əсіресе 

отаршылық қыспақтағы, ескі феодалдық мешеулік шырма-

уындағы  қазақ  халқының  аянышты  халіне  жанашырлық 

сезімі байқалып тұрады. Ақын қазақ халқын бастайтын аға 

жоқ, білімге талпынған жастар жоқ, қазақ малы мен дүниесін 

жоқтап  өзгеге  ысырап  қылуда,  қазақтың  надан  байлары 

орысша  оқытуға  қарсы,  жалшының  еңбегін  жейді,  ендігі 

елдің  бас  көтерер  азаматы  оқыған  қазақ  болады,  жетімді, 

сорлыны аяңдар деген ой-пікірлерін білдіреді. Бірақ мұның 

бəрі де жалпылама, үстірт жырланады.

Сəкеннің 1916 жылғы  көтеріліс  туралы  ой-пікірлері  бұл 

өлеңнен гөрі «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында толық айты-

лады. Омбы Семинариясын жаңадан бітіріп, оқытушы болып 

шыққан Сəкен көтеріліс жасаған елдің жуан ортасында бола-

ды.  Көтеріліске  өз  қара  басы  тура  қатынаспағанымен,  ақын 

қалың  бұқараның  империалистік  соғысқа,  патша  үкіметіне 

қарсы ашынған ызалы күрес толқындарын кең суреттейді, сол 

халыққа жаны ашығандық сезімін айқын білдіріп отырады.

Сəкеннің саяси-қоғамдық қызметінің де, ақындық, твор-

честволық қызметінің де жаңа дəуірі 1917 жылдан бастала-

ды. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін Россияда саяси 

таптар  қозғалысы  ашық  майданда  беттесіп,  айқын  күреске 

шыққанда  Сəкен  бірден  Коммунист  партиясы  бастаған  со-

циалистік революция жолын, Совдепті қолдап шықты.

1917 жылы Сəкен Ақмола қаласында Совдеп қолдаған қа-

зақ комитетінің жұмысына белсене араласып, «Тіршілік» ат-

ты газетті шығарысады. 1918 жылы коммунистік партияның 

қатарына кіреді. Уақытша үкімет саясатына да, патшашыл-

дармен ауыз жаласқан алашордашыл ұлтшылдарға да қарсы 


180

аяусыз күрес ашады. Осындай дауылды күрес жылдарында 

Сəкен өзінің белгілі «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», 

«Жолдастар», «Далада», «Жұмыскерге» сияқты революция-

шыл  мазмұнға  толы,  жалынды  сезімге  бөленген  өлеңдерін 

жазып таратады. Осы 1917 жылы жазылған Сəкеннің «Бақыт 

жолына»  атты  революциялық  мазмұнды  пьесасы  Ақмола 

жастарының күшімен, ауыл сахнасына қойылады. Сəкеннің 

арнаулы  əнімен  таралған  «Жолдастар»  өлеңін  қалың  қазақ 

халқы,  ұран  (гимн)  етіп  айтып  кеткендігі  белгілі.  Сөйтіп, 

ол революцияшыл қоғамдық қызметімен де, өзінің револю-

цияшыл поэзиясымен де Қазақстанда совет өкіметін орнату 

үшін  белсенді  күрес  ашты.  Сондықтан  тап  жаулары  Сəкен 

сияқты  революционер-большевиктерді  құртудың  амалына 

кірісті.

1918 жылы мамырда, контрреволюцияшыл ақтардың кү-

ші басым болып, Ақмола қаласында совет өкіметі құлайды. 

Сəкен  бір  топ  большевиктермен  бірге  тұтқынға  алынады, 

оларды жеті айдай Ақмола қаласының түрмесінде ұстап, одан 

кейін қол-аяғын кісендеп, жаяу айдап, Петропавл қаласына 

апарады; Петропавл, Омбы қаласындағы Колчактың тұтқын 

үйлерінде,  атаман  Анненковтың  азап  вагонында  ең  ауыр 

азаптарды басынан кешіреді.

Осы  айдауда,  қорлықта  жүргенде,  Сəкеннің  көптеген 

революцияшыл  жолдастарын  жау  атып,  асып  өлтіреді. 

1919  жылы  наурызда  Сəкен  Омбыдағы  Колчактың  тұтқын 

лагерінен қашып шығады.

Сібір даласында, қазақ ауылдарында жасырынып, қашып 

жүріп, Сəкен өз еліне келеді. Бірақ барлық жерде де Колчак 

пен  алашордашылар  Сəкенді  тінту  салып,  іздеп,  қайтадан 

Колчак  жендеттерінің  қолына  бермек  болады.  Сəкен  өз 

еліне тұрақтай алмай, ол кезде совет өкіметі толық орнаған, 

Түркістан еліне Бетпақ дала арқылы өтіп барады. Осы айдау-

да, тұтқында жүргенде де Сəкен творчестволық қызметтен 

тоқталмайды. «Тергеген болсаң айтайын», «Адасқандарға», 

«Сағындым», «Шəһит  болған  достарыма», «Қамаудан», 

«Біздің  жақта», «Тау  ішінде», «Қашқынның  ауылы», «Жас 


181

қазақ  марсельезі», «Шөлде»  сияқты  көптеген  революция-

шыл лирикалы өлеңдер жазады. Ақын:

«Табиғат өзгеше боп туған едім,

Белімді жастан бекем буған едім.

Халықтың қорлық көрген туын ұстап,

Əділдік жолын іздеп қуған едім», –

деп, бірде өз өмірінің мақсатын баяндаса, бірде:



«Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім,

Күйленіп бұрынғыдай керне, көңілім,

Қамығып, жабырқадың неге мұндай?

Талпынып, көкке құлаш серме, көңілім.

Қажыма ер көңілім бəрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды-артыңды,

Жарқырап ататын таң əлі-ақ жетер», –

деп  қамауда,  қайғыда  өткен  көңіліне  қайрат,  жігер  беретін 

өлеңдерін жазады; ақын бірде тұтқындағы революционердің 

темір  торды  талқан  етіп  бұзбақшы  болған  арыстандай 

қайратты  ыза-кегін  баяндаса,  бірде  өзінің  туып-өскен 

Сарыарқасын сағынған мұң мен шерін айтады.



«Ей, Сарыарқа,

Елің алыс, қалды шалыс,

Жат жерде талай елмен болдық таныс, –

деп туған жерге деген ең ыстық жалынды сезімдерін білдіре-

ді. Ақынның күрес жолындағы өмірі қаншалықты мағыналы, 

маңызды болса, оған сəйкес туған поэзиясы да маңызды, əр 

алуан көркемдік шеберлікпен беріледі.

Сəкен елге 1920 жылдың басында қайтып келіп, Ақмола 

уезінде совет құрылысы жұмысына белсене қатынасады. Ол 


182

саяси-үгіт-насихат  жұмысын  да,  оқу-ағарту,  баспасөз  жұ-

мыстарын  да  басқарады.  Елдегі  саналы  кедейлерді  совет 

құрылысына араластыруға басшылық етеді.

1920  жылы  Қазақстан  Автономия  республикасы  құрыл-

ғанда  Сəкен  Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитетінің  прези-

диум  мүшесі  болып  сайланады. 1922 жылы  Қазақстан 

халық-ағарту  комиссарының  орынбасары  жəне  ІІІ-Совет-

тер съезінде Қазақстан Халық Комиссарлар Советінің пред-

седателі  болып  тағайындалды,  осы  жылы  Бүкілодақтық 

Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланады. 1924 

жылдан 1937 жылға дейін Қазақстандағы мəдени-ағарту меке-

мелерде істейді: жоғарғы дəрежелі педагогикалық оқу орын-

дарында оқытушы, «Əдебиет майданы» журналының редак-

торы т. б. 1937 жылы оның творчестволық қызметі тоқталды.

Сəкеннің  өмір  жолы,  адамгершілігі  тамаша,  қызықты 

да  еді.  Ол  сырттай  қандайлық  мүсінді,  сұлу  тұлғалы,  əсем 

кербез  болса,  жан  дүниесімен  де  кіршіксіз  таза,  сұлу  еді. 

Шыншыл, турашыл Сəкен өмірде көріп сезгенін, күйінгенін 

де,  қуанғанын  да,  жақсы  көргенін  де,  жек  көргенін  де  жа-

сырмай, іште бүкпе ғып сақтамай, тура айтады. Туралықты, 

шындықты айтуға келгенде – біреудің беделі, дəрежесі бар 

екен де ол ешкімнен қаймықпайтын. Сол турашылдығы, өзі 

ұстаған  пікіріне  табандылығы,  совет  əдебиетінің  идеялық 

жауларына қарсы күресте қайраттылығы, алғырлығы – ақын 

Сəкеннің  бойындағы  жақсы  адамгершілік  қасиеттер  бола-

тын. Осындай тамаша адамгершілігімен де, сан алуан қызық-

ты,  көркем  шығармаларымен  де  Сəкен  қалың  жұртшылық 

ортасында өте қадірлі, сүйікті еді.

1922 жылы Сəкеннің «Асау тұлпары» (1915 – 1921 жыл-

дардың  арасында  жазған)  өлеңдер  жинағы, «Бақыт  жолы-

на» (1917 жылы жазылған), «Қызыл сұңқарлар» (1920 жылы 

жазылған) атты пьесалары жарияланады. Бұл алғашқы жаңа 

құрыла бастаған қазақ совет мəдениетіндегі үлкен оқиға. Осы 

үш кітабы арқылы Сəкен қазақ совет əдебиетінің келешек да-

муына тамаша зор үлес қосты. Буржуазияшыл ұлтшылдардың 

идеологиялық  шабуылдарына  қарсы  Сəкеннің  революция-

шыл шығармалары тегеурінді соққы беріп отырды.



183

Бұл кездерде Сəкен толып жатқан қоғам жұмыстары мен 

саяси  əлеуметтік  тақырыпқа  арналған  мақалалар  жазумен 

қатар, поэзиялық шығармаларын жазуды үдете түседі. «Асау 

тұлпардан»  кейін  Сəкен  «Домбыра» (1924 жылы), «Экс-

пресс» (1926) атты  өлең,  поэмалар  жинағын  жариялайды. 

«Көкшетау» поэмасын жазуға кіріседі. Бұл шығармаларында 

Сəкен өмір шындығын жан-жақты қамтыған реалистік күші-

мен ғана емес, ақындық, новаторлық шеберлікке жетілу жо-

лындағы өзінің ақындық бетін айқындай түседі.

1927  жылы  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  атты  мемуарлық 

кітаптың  басылып  шығуы  да  Қазақстанның  мəдени,  қоғам-

дық  өміріндегі  аса  ірі  оқиға  болды.  Мұнан  кейінгі  жылдар-

да  Сəкеннің  «Еңбек  шарт – жалшылар  қорғаны» (поэма, 

1927  ж.), «Жер  қазғандар» (əңгімелер, 1928 жыл), «Тұрмыс 

толқынында» (өлең, поэмалар, 1928 жыл), «Көкшетау» (поэ-

ма, 1929 жыл), «Қазақ  əдебиеті» (1932 жыл,  əдебиет  тари-

хы  туралы  еңбек), «Альбатрос» (поэма, 1933 жыл), «Қызыл 

ат» (поэма, 1934 жыл), «Социалистан» (поэма, өлеңдер, 1935 

жыл), «Айша» (повесть, əңгімелер, 1935 жыл) т. б. еңбектері 

жарияланады. Бұл аталған кітаптарға кірмеген əр кезде газет, 

журналдарға басылып келген əңгіме, очерк, мақалалары, жеке 

өлеңдері,  аяқталмаған  повесть,  романдары  да  бар.  Мəселен, 

1933 – 1936 жылдары Сəкеннің «Біздің тұрмыс», «Дауыл ал-

дында», «Жемістер»  атты  повесть,  романдары  үзінді  болып 

газет-журналдарда, түрлі жинақтарда басылып жүрді. Сəкеннің 

жинап,  құрастыруымен  бұрынғы  ауыз  əдебиетінің  көптеген 

нұсқалары  жарияланған  болатын.  Сəкеннің  мұндайлық  мол 

əдеби  мұрасын  жан-жақты  зерттеп,  ол  жайында  ғылымдық 

пікірлерді байсалды түрде қорытып айту алдағы күннің мін-

деті. Біз бұл жерде Сəкен творчествосына байланысты кейбір 

негізгі басты мəселелерге тоқталып кетпекпіз.

* * *

Сəкен – қазақ əдебиеті тарихында ең алғаш ақындығымен 



танылған,  қазақ  совет  поэзиясын  өркендетуге  елеулі  үлес 

184

қосқан ақын. Сəкеннің өзі жасаған дəуірдің қоғамдық бей-

несін,  өршіл  ой,  ізгі  сезім  күйлерін  елестеткен  поэзиялық 

шығармалары  мол.  Тақырып  жағынан  алғанда  да,  жанр, 

көркемдік  форма  жақтарынан  алғанда  да  Сəкен  поэзиясы 

əр  алуан  ерекшелігімен  көзге  түседі.  Сəкеннің  поэзиясын-

да  социалистік  революция  дəуірінің  екпінді  лебі  (пафосы), 

жалынды  ұраны  болып  келетін  саяси  лирика  да,  адамның 

əр  алуан  сезім  күйлерін  беретін  көңіл  күйі  лирикасы  да; 

қазақ  даласының  таңғажайып  көркем  табиғатын  сырлы 

үнмен  сипаттаған  суретті  лирика  да,  еңбек  адамдарының 

күресі мен мінез-құлқын бейнелеген сюжетті лирикалар да, 

социалистік  құрылыс  майданындағы  совет  адамдарының 

жеңісті  толқынын  бейнелеген  реалистік  романтикалық  ли-

рикалар да аз емес. Халық өмірінің алуан түрлі оқиғалары 

мен сырларын баяндайтын поэмалар да Сəкен поэзиясында 

елеулі орын алады.

Сəкеннің артында қалған мол əдебиеттік мұраның ішінде 

революцияшыл, реалистік поэзиясы бізге өте-мөте қадірлі.

Сəкеннің  революцияшыл  поэзиясы  туған  дəуір – халық 

тағдыры сынға түскен, революциялық күштер мен контрре-

волюциялық  күштер  арасы  кескілесіп  майдандасқан,  кім-

ді-кім  жеңеді  деген  мəселе  тарих  сахнасына  қойылған 

алғашқы  дəуір  болатын.  Қазақ  арасынан  шыққан  азды-

көпті  интеллигенцияның  бірқатары  өзінің  тағдырын,  өзі-

нің  өмірлік  мақсатын  қалың  еңбекші  бұқараның  тілек, 

мақсатымен, социалистік революция мақсатымен ұштастыра 

білді. Сəкен сол сияқты Əліби Жангелдин, Əділбек Майко-

тов, Тоқаш Бокин, Үгар Жəнібеков т. б. революционер орыс 

большевиктерімен  бірлесе  отырып,  қазақ  даласында  ре-

волюция  жеңісі  үшін  белсене  күрескендігі  бізге  мəлім.  Ал 

қазақ  ортасынан  шыққан  екінші  бір  топ – интеллигенция 

буржуазияшыл-ұлтшылдар  Россиядағы  контрреволюция-

шыл күштермен ауыз жаласып, халық мақсатына қарсы шық-

ты.  Қазақстан  жеріндегі  Колчак  жендеттеріне  көмектесті. 

Революция дəуірінде өзінің жалынды жырларымен Октябрь 

революциясының ұранын қазақ еңбекшілері арасына Сəкен 


185

кең  насихаттай  отырып,  контрреволюцияшыл  алашорда, 

колчактардың  халық  мақсатына  жат  əрекеттерін  аяусыз 

əшкерелей білді.

Сəкеннің  алғашқы  ақындығы  мен  жазушылығын  жұрт-

шылыққа бірден танытқан – «Қызыл сұңқарлар» атты (1920 

жылы  жазылған)  пьеса  мен  «Асау  тұлпар»  атты  өлеңдер 

жинағы. Екеуінің де тақырыбы мен идеялық, көркемдік мо-

тиві бір – қазақ даласындағы революциялық күрестің қатал, 

қиын  жолдары  мен  жеңіс  салтанатын  бейнелейді. «Қызыл 

сұңқарлар» Сəкеннің творчествосында ғана емес, қазақ со-

вет  əдебиетіндегі  алғашқы  революциялық  драма  деуге  бо-

лады.

Өзіне таныс, басынан кешкен оқиға болғандықтан жазу-



шы пьесадағы кейіпкерлерді əр алуан оқиға жағдайына қа-

рай өзіне лайықты мінезбен суреттеп көтеріңкі леппен сөй-

летеді. Мəселен, Еркебұланның қайратты алғырлық жауы ал-

дында бас имейтін тəкаппар намыскерлік сипаттары көбінесе 

оның оттай сезімге толы тапқыр, шешен сөздері арқылы ашы-

лады. «Қызыл  сұңқарлар»  революцияның  алғашқы  жылда-

рынан бастап Қазақстандағы ойын-сауық кештерінде, театр-

ларымызда үнемі қойылып келді жəне 25 жыл бойы біздің 

əдебиет  жəне  театр  сындарымыздың  ең  басты  тақырыбы 

болып  жұртшылық  назарын  аудара  білді.  Қазақ  халқы 

Октябрь революциясына қатыспады деген сандырақты соға-

тын ұлтшыл жазушылар, əлбетте, бұл алғашқы революция-

шыл пьесаға қарсы шабуыл жасап бақты. Бірақ қалың оқушы 

жұртшылығы,  совет  ақын-жазушылары  «Қызыл  сұңқар-

лардың» идеялық, көркемдік мəнін терең ұғып, əділ бағасын 

айтып  отырды. «Қызыл  сұңқарлар»  туралы  жиырмасын-

шы  жылдардың  басында  жазылған  сындардың  бірінде: 

«Бұл  пьесаны  еңбекшілер  табының  төңкерісі  туғызған, 

оның  геройлары – бүкіл  еңбекші  тап. «Қызыл  сұңқарлар» 

қазақ  əдебиеті  тарихында  жаңа  дəуірді  бастады.  Пьесада 

оқиғалар  дауылдап  жанған  өрттей,  адамдардың  барлығы 

соның белгілі бір денесі секілді. Бұл еңбекшілердің төңкерісін 

көрсетеді», – делінген. Бұл əділ сынға қосылмасқа болмайды. 


186

Қазіргі  өскен  əдебиетіміздің  мұнарасынан  қарағанда  «Қы-

зыл сұңқарлардың» кемшіліктері де көзге түседі.

Советтік революциялық поэзия, əсіресе, Сəкеннің поэзия-

лық шығармаларында өте айқын жəне тереңдей түседі.

Сəкен революциялық идеяны бірыңғай үгіт түрінде ғана 

емес  (үгіт  ол  кезде  көркем  əдебиеттің  ең  бір  қажетті  фор-

масы  болатын),  сонымен  бірге  қалың  бұқараның  көкейіне 

қонымды əр алуан ақындық шеберлік арқылы береді. Жəне 

ол шеберлік ақынның өмір шындығын тереңдей суреттеген 

шығармаларының  мазмұнына  сəйкес  жаңа  леп,  белгілі  бір 

заңды, жарастықты (гармониялық) формаға айналып отыра-

ды. Сəкен революция дəуірінің шындығын нақты реалистік 

тұрғыдан да, көтеріңкі романтикалық тұрғыдан да жырлай 

білді. «Асау тұлпар», «Домбыра» – қазақ совет поэзиясының 

іргетасы болып қаланған, сонымен бірге 1917 – 1922 жыл-

дар арасындағы революциялық өміріміздің бейнесін жарқын 

елестеткен  күрделі  шығармалар.  Сəкен  поэзиясында  ескі 

мен  жаңаның  таптардың  арасындағы  шиеленіскен  күрес 

оқиғалары,  жаңа  советтік  қоғамның  жеңіспен  қанат  жай-

ып,  ірге  тебуі,  қазақ  еңбекшілерінің  Октябрь  революция-

сы  арқасында  теңдік  алып,  бірте-бірте  советтік  құрылысқа 

араласуы  негізгі  тақырып  болып  отырады.  Ақын  қандай 

тақырыпты  алып  жырласа  да  езілген  еңбекші  кедейлерге 

дос екендігін білдіреді, соларды құлдықтан, қорлықтан азат 

етуді өзінің азаматтық, ақындық борышы деп санайды. Сол 

еңбекші халықпен бірге зұлымдыққа, қанаушылық атаулыға 

қарсы кектенеді, батыл күреске шығады, сол еңбекші бұқа-

рамен бірге бостандықты құшақ жая қарсы алып шаттанады, 

сол халықтың басына қиыншылық туса, солармен бірге ыза-

ланады, бірге мұңаяды.

Ақынның  сырласы  да,  мұңдасы  да – ауылдың  мал 

баққан  кедей  жалшысы,  күңдіктегі  əйелдері,  шахта  мен 

заводтардағы «түсі суық», «тəні шойын», «бұлшық еті тоқ-

пақтай» жұмыскерлер, ескілік, құлдық шынжырын талқан-

даушы өр жүректі, жігерлі жастар. Қандай тақырыпты алып 

жырласа  да  ақын  өмір  шындығына  бейтарап  қарамайды, 


187

өзінің  тура  қатынасын,  тебіренген  жан  сезімін,  өршіл  ой 

нысанасын  байқатып  отырады. «Асығып  тез  аттандық», 

«Тергеген болсаң айтайын», «Далада», «Кел, жігіттер» атты 

1917  жылы  жазған  революцияшыл  лирикаларында  ақын 

қазақ  даласына  жан  кіргізіп,  жаңа  күн,  жаңа  өмір  сəулесін 

түсірген  революциялық  жеңісті  жырлайды.  Ақын  біркелкі 

жырларында «Зұлымдық пен əділдіктің алысқанын, бай мен 

кедей  арасы  бітімсіз  шабысқанын»  жырлай  келіп,  өзінің 

серік  жігіттерін  кедейден  топ  жасауға,  көкірекке  толы  кек 

пен  бостандық  үшін  белсене  күресуге, «ауыздан  от  шаша-

тындай» екпінді, қанатты ұран таратуға шақырады.

Бірақ  ақын  күреске  шақырудың  ұранын  ғана  жыр-

лап  қоймайды,  социалистік  революцияның  қазақ  даласы-

на  əкелген  жаңалығын  да,  сол  жаңалықтың  жеңісі  үшін 

басталған  қалың  бұқараның  күресін  де  суреттейді: «Жел 

қайықта», «Біз», «Қара айғыр», «Жұмыскерге», «Маржан», 

«Біздің тұрмыс экспресс», «Біздің сəуле», «Бұлшық ет», «Со-

вет  баласы», «Сəрсен  егінші», «Ленин», «Қызыл  жұлдыз», 

«Самұрық», «Лезде  артта  қалады»  жəне  басқа  өлеңдерінде 

революцияшыл  таптың  жеңімпаз  күресі,  қазақ  еңбекшіле-

рінің бостандық жолындағы талап-тілегі қамтылып жазыл-

ған.

Революциялық  жеңіс  тақырыбына  арналған  поээиялық 



шығармаларында  Сəкеннің  айрықша  сүйіп  жəне  дамытып 

жырлайтын  нақты  образдары  да  бар.  Алдымен  Сəкен  поэ-

зиясында бостандық үшін жан-тəнімен күрескен, жауының 

алдына бас имей, қасқайып қарсы тұрып, маузері мен қан-

жарын да, жалынды ақындық сөзін де жұмсаған революцио-

нер күрескерлердің образы жарқын сипатталады. Осы образ, 

екінші жағынан, Сəкеннің өз тұлғасын да елестетіп отыра-

ды.  Қамауға,  шынжырлы  торға  түскен  шақтарында  да,  ай-

дауды көріп, қашқын боп жүрген кездерінде де қажымаған 

қайратты,  революциялық  мақсаттан  айнымаған  ізгі  арман-

ды,  еркіндікті,  туып-өскен  жерлерін,  ардақты  ана,  сүйікті 

жарын да аңсап сағынған таза жанды, еркін көңілді махаббат 

сезімді, тəкаппар, шыншыл ақын образы елестеп отырады.


188

«Терезеден отырып,

Сөйлесті көңілім елменен...

Болса да алыс қызыл күн

Шұғыласын шашты алтындап,

Ғашығым менің бостандық.

Келді алдыма жарқылдап...

Отырмын тас қамауда.

Дұшпаннан тəнім жеңілді,

Жеңе алмас бірақ еш пенде

Асау, еркін көңілді», –

деп  Колчактың  түрмесінде  отырып,  бостандықты  аңсаған 

жігерлі  көңіл  күйін  шертетін  болса, «Сағындым», «Тұлпа-

рым», «Шейіт болған достарыма», «Тау ішінде» атты өлеңде-

рінде ақын сағыныш күйлеріне байланысты ішкі жай сырла-

рын баяндайды:



«Айналып толғап өсірген,

Ақ сүтін беріп кешірген,

Тастамайтын есінен

Сағындым ғаріп анамды.

Мал бағып шауып ойнаған,

Үйреткен асау бойлаған,

Көк-жасыл шөбі жайнаған

Сағындым еркін даламды», –

дейді.  Тұтқындағы  ер  арқырап  келген  қанатты  тұлпарды 

мініп,  шынжыр  торды  талқандап,  желмен  жарысып  кетуді 

арман етеді.

Міне,  бұл  сияқты  лирикаларында  ақын  өз  басындағы 

сүйініш-күйініштерді  суреттеу  арқылы  ізгі  мақсатқа,  рево-

люциялық  күрес  мақсатына  мықтап  берілген  адам  обра-

зын  елестетеді.  Бұл  образды  ақын  отызыншы  жылдардағы 

жазған: «Альбатрос», «Социалстан»  поэмаларында  анағұр-

лым тереңдетіп, үлкен түйіндеу дəрежесіне көтереді.



189

Осыған  байланысты  Сəкен  поэзиясында  халықтардың 

ұлы көсемі Ленин образы нақты жырланып отырады. Қазақ 

ақындарының ішінде кемеңгер Ленин бейнесін тірі кезінде 

жырлаған Сəкен. Рас, көп ақындар Ленинді заманның пайғам-

бары  тұлғасында  суреттеген  болатын.  Сəкен  де  Ленинді 

өз  тұсындағы  ақындық  дəстүрмен  жырлайды. 1923 жылы 

жазылған «Ленин» атты Сəкен өлеңінің тек мазмұн жағынан 

ғана емес, ақындық форма жағынан да көп жаңалығы бар.

Мұнан  кейінгі  «Қайғылы  хабар», «Қаралы  күн», «Қы-

зыл  жұлдыз»  атты  Ленин  қайтыс  болған  күндері  жазған 

өлеңдерінде  Сəкен  Ленин  жолының  саралығын,  Ленин 

туының  беріктігін,  Ленинге  деген  бүкіл  совет  халқы  мен 

Коммунистік  партияның  ұлы  махаббатын  жырлайды.  Ал 

1932 жылы жазылған «Альбатрос» атты поэмасында Сəкен 

Ленинді  Октябрь  революциясы  жəне  социалистік  құры-

лыс  майданындағы  жеңістердің  ұлы  дем  берушісі,  бас  ко-

мандирі,  мызғымас  айқын  туы,  адаспас  жарық  жұлдызы 

бейнесінде сипаттайды. Ақын Ленинді тарихи ұлы халықтық 

қозғалыстан бөліп алып, дара суреттемейді, ескі капитализм 

дүниесінің  талқан  болып,  елімізде  бесжылдық  жоспардың 

іске асуы, социализмнің жеңісі – бұл Ленин идеясының, Ле-

нин  қағидасының  жеңісі.  Совет  халқы  партияның  ішіндегі 

оңшылдық, солшылдық ағымдарға қарсы, империалистердің 

соғыс құмарлық əрекеттеріне де қарсы белсене күрескенде 

адаспайтын  жарық  жұлдыздай  туымыз  ол – Ленин  деп  су-

реттейді. Ақын сол Ленин бастаған ұлы күреске бірге атсалы-

сып жүргендігін мақтан етеді. Барлық күрестерде штабтың 

ортасында план құрып тұрған бас комадир – Ленин:

«Сонда-ақ Ленин

Туына иман сенгеміз.

Сол туға еріп,

Ұлы майданға енгеміз.

Партия алда,

Ту нық қолда.

Командир де


190

Сол команда

Астында жау жеңгеміз».

Ақын суреттеуінде революциялық ұлы күрес, социалистік 

құрылыс майданы бейнебір телегей-теңіздің тасқыны сияқты. 

Ленинді сол ұлы телегей-теңіз аспанында талмай, қажымай 

қанат  қаққан  ер  құс  Альбатросқа  ұқсатады.  Бұл  да  образ 

жасау  жолындағы  ақынның  сəтті  ізденуі  болып  табылады. 

Сəкен  «Альбатрос»  поэмасында  Ленин  образын  түйіндей 

суреттеу  арқылы  советтік  патриотизм  идеясын  кең  жыр-

лайды,  империалистік  буржуазияның  совет  отанына  қарсы 

жаулық ниеттері, соғыс құмарлық əрекеттері поэмада батыл 

əшкереленді,  Лениндік  орталық  партия  комитеті  бастаған 

совет  халқы,  совет  армиясы – қасиетті  отанымызды  жан 

тəнімен қорғайтын тегеурінді ұлы күшті көрсетеді. Лениндік 

идеяны, советтік патриотизмді Маяковский дəстүрімен жыр-

лауда бұл поэзияның маңызы қазірде де аса зор.

Сəкеннің  алғашқы  дəуірдегі  поэзиясында  еңбек  адамы, 

жұмысшы образы елеулі орын алады. Ақынның жас шағында 

заводтағы жұмысшы ортасында өсіп, алған ең жақсы əсер-

лері оның кейінгі творчествосында белгілі дəрежеде із қал-

дырып отырғандығы даусыз. «Жұмыскерге». «Бұлшық ет», 

«Тоқу  фабригінде», «Қалаушылар», «Қара  айғыр», «Мар-

жан» сияқты шын мəніндегі көркем лирикалары қазақ поэ-

зиясында алғаш жұмысшы образын, еңбек адамының обра-

зын  жырлаған  шығармалар  болып  табылады.  Ақын  Нілді, 

Спасск,  Қарағанды  заводтарындағы  жұмыскерлерді  есіне 

ала  отырып, «тəні  шойын  жалаңаш»,  жер  астынан  күндіз-

түні  тас  көмір  қазған  «ауыр  балғалы», «ауыр  қайлалы», 

«күшті қол, жұмыр білекті» жұмысшының аянышты халіне 

жаны  ашығандығын,  енді  бұл  достарына  бостандық  таңы 

туып жатқандығын айтады.

Ақын жұмысшының дүниені қайта жасағыш күшіне, ең-

бекпен  адам  өмірін  гүлденткен  ерекше  қасиетіне  айрықша 

мəн береді. Зəулім сарайларды, аспанда самолетті, суда ке-

мені, жердегі отарба – паровозды жасаушы да, жүргізуші де 

алып жұмыскерлер. Күшті лириканың бірі «Бұлшық ет».


191

Мұнда  нақты  адам  образы  емес,  ақын  нағыз  еңбекке 

шынығып  піскен,  дені  сау,  қажырлы  жұмысшының  сұлу 

мүсінді  тұлғасын, «ширатылып  түйілген», «тоқпақтай  ой-

нап бұлтылдаған» бұлшық еттің жарастықты ырғағын жеткі-

зіп  бере  білген.  Поэзия  қандай  көріністі  болсын  образды 

көркем  сөзбен,  ішкі  сезімнің  қуатымен  жеткізіп  береді  де-

сек,  поэзияға  тəн  сол  ерекшелік  осы  бір  кішкене  суреттен 

табылып  тұр.  Жұмысшының  еңбек  процесіндегі  қимыл-

қозғалысын,  ой-сезімін  машина  ырғағына,  адамның  дене 

қимылы ырғағына ыңғайлап суреттеуде Сəкеннің «Тізушілер 

жыры», «Тоқу  фабригінде», «Қалаушылар  жыры»  атты 

көркем лирикаларының идеялық-көркемдік мəні үлкен. Бұл 

лирикаларында ақын «Бұлшық еттегі» ақындық шеберлігін, 

идеялық принципін анағұрлым дамыта түседі.

Сəкен  поэзиясында  романтика  бар  дедік,  ол  қандай  ро-

мантика?  Сыншыл  ойлы,  алғыр  сезімді  ақын  поэзиясына 

өмір  шындығын  көтеріңкі  леппен,  асқақты  романтикамен, 

қанатты сезім күйлерімен жырлау негізгі сипат болып оты-

рады.  Дүние  жүзіндегі  ұлы  ақындардың  поэзиясына  үңіле 

қарайтын  болсақ,  олардың  ешбірінде  де  қатып  қалған  бір 

ғана үлгі жоқ; ақындықтың əр алуан үлгі-өнерлері, əр алу-

ан  творчестволық  іздену  тəсілдері  байқалып  отырады.  Біз 

Сəкеннің  алғашқы  дəуірдегі  поэзиясының  өзінен-ақ,  міне, 

осындай  алуан  түрлі  ақындық  творчестволық  үлгісін  бай-

қаймыз. Сəкен бірде революцияның жалынды сөздің жаршы-

сы, үгітшісі болса, бірде ауылдың сері ақыны, бұлбұл үнді 

əншісі  болып  жырлайды.  Бірде  күрес  пен  жеңістің  гимнін 

жырласа, бірде сағынған жарын, ерке аққуын, жазғы даланы 

сүйіп жырлаған нəзік жанды лирик.

«Асау  тұлпар», «Домбыра»  атты  өлеңдер  жинағы  мен 

«Қызыл  сұңқарлар»  драмасын  оқығанда  революцияның 

дауылды  тұлғасы  даланы  жаңғырықтырып  ескі  дүниені 

сілкіндірген,  өр  мен  қияны  баса-көктеп,  арқырай  құйғыта 

шапқан асау тұлпар бейнесінде сипатталады. Ақын сол мінген 

тұлпарын аспанға қарғыта ойнатып, құйқылжыта, тегеуірінді 

əн шырқайды. Тұлпардың дүбірінен, ескекті, құдіретті дом-


192

быра үнінен ұйқылы дала серпілгендей. Атар таң мен шығар 

күнді, дауыл мен найзағай ойнаған қияға қанат қағып қарсы 

алған  қызыл  сұңқарлар  да,  айдарына  қызыл  шоқ  қадаған 

асау  тұлпарлар  да  тыныш  тауып  бір  жерде  тоқтамайды, 

тым  асығыс  ерлік  күреспен  ілгерілей,  биікке  өрлей  береді. 

Міне, осыдан келіп ақын поэзиясында революцияның жеңіс 

тұлғасы асқақты романтикалы бейнеге, сұңқар құс, тұлпар ат 

бейнесіне айналып жырланады. Осы мотивтің заңды жалғасы 

ретінде  ақын  аэроплан,  жел  қайықты  жаңа  өмірдің  өршіл, 

жеңімпаз бейнесі етіп суреттейді («Аспанда», «Аспанға ұш», 

«Самұрық», сияқты өлеңдер).

Мұндай  романтикалы  лирикаларында  да  ақын  «Дауыл-

мен ойнап, бұлттардан асып» қызыл Күнге қол созған, жер 

мен көкті күңірентіп бостандықтың ұранын таратушы, қазақ 

даласының аспанынан құс боп ұшып, құлашты кең жайған 

ерлердің тұлғасын елестетеді. Бұл мотивтердің бəрі де рево-

люциялық  өмір  шындығынан  туған  реализммен  тамырла-

сып отыратын өршіл романтика. «Асау тұлпар» мен «Дом-

бырада» аққу құсты, экспресс поезды романтикалы мотивте 

жырлаудың алғашқы үлгісі бар. Алайда, бұл мотив ақынның 

«Советстан», «Аққудың  айрылуы»  атты  поэмаларында  кең 

эпикалық планда дамытылып жырланады.

1926  жылы  жарияланған  «Экспресс» (өлеңдер  мен  поэ-

маларының  жинағы)  тек  Сəкен  поэзиясында  ғана  емес, 

бүкіл қазақ поэзиясындағы үлкен жаңалық (новаторлық) еді. 

Новаторлық, яғни революциялық мазмұнды революцияшыл 

формамен беру жолындағы творчестволық іздену Сəкеннің 

«Асау  тұлпар», «Домбыра»  жинақтарында  да  бар.  Орыс 

поэзиясын,  Абайды  жəне  татар  ақындарын  да  мол  оқып 

меңгерген Сəкен өзіне дейінгі поэзиялық үлгілерге, өлеңдік 

формаларға  қанағаттанған  емес.  Жоғарыдағы  айтқандары-

мыздай, революциялық күрес толқындарын əр алуан роман-

тикалық, лирикалық əдістермен бейнелеудің өзінде де ақын-

ның творчестволық сонылығы байқалады.

«Экспресс» жинағына кірген негізгі поэма – «Советстан». 

Бұл  поэмадағы  орталық  идея – советтік  патриотизм.  Со-


193

вет  халқы  ескі  капиализм  дүниесін  талқандап  жеңіп,  енді 

тоқтаусыз социализм жолымен өрлеп келеді. Осы жолдағы 

біздің  жаңа  өміріміз  жүйрік  поезд – экспреске  ұқсайды. 

Ақынның  бұрын  баптап  мінгені  «бəйге  көк»  тұлпар  бол-

са,  ендігі  талмас  жүйрігі  экспресс – жүйрік  от  арба.  Сол 

жүйрік от арбада келе жатқан ақын туған өлкенің табиғатын, 

тіршілігін  (сұлу  орманын,  аққу  құсын,  əнші  бұлбұлын,  ай-

дын көлін, егінші шаруасын, ауылдың малшысын, сағынған 

анасын, ойнақтаған баласын, көктемі мен күзін) зор ақындық 

шабытпен, лирикалы сезім толқынмен суреттей отырып, ел 

басынан өткен тарихи революцияшыл күрес кезеңдерін еске 

түсіреді. Бірақ өмір, Отан көркі сырттай жалаң суреттелмейді, 

сол жарастықты мекен, жерлерге деген елдің сүйіспеншілік 

сезімін, қасиетті мақтанын білдіреді.

Кең  тынысты,  алып  Отан  тұлғасы  Советстан  Сəкендей 

ақынға тамаша сұлу да, сырлары терең қызықты да. Қимылы 

өмірге ұқсас ақын мінген от арба – экспресс жолдан таймай, 

тынбай зырлай береді. Оны басқарып жүргізетін кондуктор 

да жаңарған. Кеңбайтақ Советстан – сан рулы туысқандық 

сенімі  күшті  ел.  Бұрын  қол  тимеген  табиғат  байлығын 

халық алып, керегіне жаратып жатыр. Советстан – айбынды, 

қуатты ел, қарсыласқан жауын – «Жеті басты жалмауыздар-

ды да» талқандап жеңуде. Советстанның осындай жеңімпаз 

тұлғасын  шабыттана  жырлаған  ақын  қиялы  асқақты  да 

көтеріңкі.

Сəкеннің  бұл  поэмасы  жиырмасыншы  жылдардың  орта 

кезінде жазылған В. Маяковскийдің, Демьян Бедныйдың ре-

волюцияшыл мазмұнға толы эпикалы шығармаларымен үндес 

келеді.  Мұнда  ақынның  социалистік  өміріміздің  шындығын 

кең көлемде суреттеген реализмі жəне осы шындықты түйін-

деп суреттеудегі ақындық шеберлігі танылады.

Осы  поэмасында  Сəкен  өзінің  ақындық  новаторлық 

ерекшелігін  анықтай  түсті.  Мұнда  Сəкен  поэмасының  екі 

түрлі ерекшелігі бар: Бірі – ақынның бейне, образ табудағы 

новаторлығы,  советтік  өмірімізді,  ақын  тілімен  айтқанда, 

советстанды  экспрестің  екпінді  шабысына  ұқсатып  беруі. 


194

Алғашқы  дəуірдегі  поэзиясында  ақын  революцияшыл 

өмірдің  дамуын  желмен  жарысқан  асау  тұлпарға,  аспанға 

шарықтаған  сұңқар  құсқа,  аэропланға  ұқсатып  жырлайтын 

болса, енді экспресті сол романтикалық образдардың заңды 

жалғасы  ретінде  реалистік  мотивтегі  экспреспен  бейне-

леп  отыр.  Бұл – ақынның  творчестволық  ізденуінен  туған 

жаңалық.  Екінші – Сəкен  поэзия  ырғағын  жүйрік  поездың 

екпін ырғағына үндестіріп бере білген. Поэзияда музыкалы 

үнділік,  сөз  бен  дыбыс  бірлестігінің  мəні  үлкен. «Совет-

стан» поэмасындағы соңғы қайырмалар жалаң дыбыс қуалау 

емес,  бұл  ақынның  айтамын  деген  ойын  поездың  шапшаң 

жүріс ырғағы арқылы елестетпек болған образды сөздердің 

ойнақылығы. Сонымен бірге бұл поэмада өлең өлшеуінің де 

жаңалығы берілген.

Сəкен «Советстан» поэмасындағы идеялық жəне көркемдік 

новаторлығын бұдан кейін жазған «Тоқу фабригінде», «Дала-

дағы жаңа күй», «Альбатрос», «Социалистан» атты өлең, поэ-

маларында дамытып, заңдандыра, қалыптастыра түседі.

Ақынның 30-жылдардың бас кезіндегі бірқатар өлеңдері 

«Советстан» мен осы «Тоқу фабригінде» өлеңінің үлгісімен 

жазылған.  Елімізді  индустрияландыру,  коллективтендіру, 

бесжылдық  жоспарларды  орындау  арқылы  социализмнің 

жаңа белестеріне көтерілу, совет елінің Отан қорғау қуатының 

нығаюы  осы  тұстағы  ақын  поэзиясының  негізгі  тақырыбы 

болып отырады. «Альбатрос» поэмасы мен «Социалистан» 

атты жинағына кірген өлеңінде Сəкен социалистік құрылыс 

майданындағы  еңбек  адамдарының  қажырлы  күрестерін, 

өндіріс  пен  колхоз  даласындағы  адамдардың  жаңа  қарым-

қатынасын,  өзгерген  сана-сезімін  осы  ұлы  қозғалыстағы 

Коммунистік партияның басшылық рөлін, жұмысшы табы-

ның шешуші күш екендігін суреттейді. Социалистік құрылыс 

дəуірінің  шындығын  жырлағанда  ақын  бұрынғы  дайын 

өлең формаларын ала салмайды, өмірдің жаңа екпін күйіне 

лайықты жаңа ақындық күй сырын, жаңа ақындық шеберлік 

жолын іздейді. Осы тұрғыдан алғанда «Тоқу фабригіндегі» 

еңбек процесін ақын дəл тауып жырлаған.


195

Рас, сол кездегі Сəкен поэзиясында бұрынғы Абай өлеңінің 

жыр, қара өлең үлгілері де елеулі орын алады. Сəкеннің «Ма-

узер» атты шебер сюжетті, революцияшыл мазмұнды өлеңі 

7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Ал ең күрделі поэма-

лары  бұрынғы 11 буынды  қара  өлең  үлгісінде  жазылады. 

Мұнда форманың өзгерісі шығармалық тақырыбына байла-

нысты.  Сəкеннің  құрылыс,  өндіріс  тақырыбына  жазылған 

жаңа  формалы  өлеңдері,  əлбетте,  біркелкі  сəтті  шыға  да 

бермейді. «Социалстан»  жинағына  кірген  өлеңдердің  кей-

бірі, бірқатар шумақтары олақ формалистік үлгіде келіп оты-

рады.


Ақын кейде өлеңнің сыртқы əшекей, ұқсас ырғағын кел-

тіремін  деп  ішкі  мазмұнын  əлсіретіп  алады. 30-жылдар-

дың бас кезінде поэзиямыздағы жалаң үгітшілік яғни жақсы, 

дұрыс идеяны көркемдік тіл тауып бере алмаушылық, өлең-

дерді ұйқастырған газет тілімен жаза салушылық осы тұстағы 

қазақ  ақындарының  көпшілігіне  ортақ  кемшілік  санала-

тын болса, ол кемшіліктен Сəкен де құтыла алмайды. Қай-

та,  жалаң  форма  қуалаушылық,  жалаң  үгітпен  жазушылық 

жөнінен жас ақындарға белгілі дəрежеде ықпал жасап отыр-

ды. Мұны нақты зерттеп, Сəкеннің поэзиядағы əлсіздігі, өзі-

нің творчестволық мүмкіндігіне жете алмағандығы деп атап, 

сынап көрсетуіміз керек болады.

Осындай кейбір формализмге соғатын кемшіліктері бола 

тұрса да Сəкен – қазақ поэзиясындағы аса ірі новатор ақын. 

Өлеңнің өлшеуі, ұйқасы, ырғағы жөнінде де Сəкеннің Абай-

дан кейінгі қазақ поэзиясына қосқан жаңалықтары аз емес. 

Оны «Советстан» жəне онан кейінгі жазған жаңа формалы 

өлеңдерінен айқын байқадық. Ол жаңалықтарды Сəкеннен ке-

йін шыққан қазақ ақындарының көбі қолданып келеді. Қазақ 

поэзиясында Маяковскийдің новаторлық дəстүрі туралы сөз 

болғанда алдымен Сəкен поэзиясын айтпай болмайды. Мая-

ковский жəне сондай новатор орыс ақындарының ақындық 

үлгісін Сəкен революцияның алғашқы жылдарында-ақ бас-

таған.  Оған  ақынның  «Біздің  тұрмыс  экспресс», «Ендігі 

ақынның сандырағы» сияқты өлеңдері толық дəлел.


196

Сəкеннің «Советстаннан» басқа бірнеше сюжетті поэма-

лары  бар.  Ол  поэмалардың  ішінде  «Көкшетау», «Аққудың 

айрылуы», «Жұмсақ  вагон», «Чжан  Цзо-лин», «Қызыл  ат» 

сияқты  шығармалары  ақын  творчествосында  елеулі  орын 

алады.  Əрине,  Сəкеннің  ертеректе  жазған  лирикалары  мен 

поэмаларында  идеялық-көркемдік  жағынан  жетілмеген, 

аяқталмаған əлсіз нəрселері де жоқ емес. Ондай əлсіздіктер 

аталған  жинақтардың  əрқайсысында  да  кездесіп  отырады. 

Жасаған  дəуіріне,  қоғамдық-əдебиеттік  ортасына  қарай 

Сəкен кейбір өлең-поэмаларында өзінің реалистік, өршілдік 

дəрежесіне көтеріле алмай, орынсыз қамығуға, кейде торы-

ғуға  салынған  кездері  де  болды.  Мəселен,  Сəкеннің: «Айт 

күні», «Азия», «НЭП», «Қысқы күнгі дала», «Ауыл байғұс» 

сияқты өлеңдері – идеялық жағынан да, көркемдік жағынан 

да төмен шығармалар.

Ақын  Еуропа  империалистерінің  соғысқұмар,  жер  ша-

рын  отарлау  əрекеттерін  дұрыс  əшкерелесе  де,  оған  қарсы 

күрес жолын айта алмайды. Тек азиялықтар болып майдан 

ашып  Еуропаны  түгел  аламыз,  пайғамбар,  əулиелер  Азия-

дан шыққан, əлі де бізден шығады деген («Азия») марксизм-

ленинизм  қағидасына  қайшы  фантазияшылдық  ұранға 

бойұрады. Қазақстандағы мəдениет, совет құрылысы мəсе-

лелерінде  кейде  солақайлық  немесе  жікшілдік  қателіктер 

жіберуі  Сəкеннің  кейбір  шығармасына  салқынын  тигізбей 

қоймады. Ақын обывательдықты, мещандықты, төрешілдікті 

сынаймын деп отырып, кейде сол обывательдер дəрежесінде 

қалып  қояды,  фактілерге,  өмір  көріністеріне  түйіндеу  жа-

сай  алмайды. («Тұрмыс  толқынында»  жинағына  кірген 

кейбір  өлеңдерде).  Ақынның  творчествосындағы  мұндай 

əлсіздіктерді  əдебиет  жұртшылығы  мезгілінде  əділ  сынап 

көрсетіп,  жөндеуіне  көмектесіп  отырды.  Бірақ  Сəкеннің 

творчестволық  бетін  əруақытта  оның  жақсы  шығармалары 

анықтап отырды.

Сəкеннің сюжетті поэмалары тақырып, көркемдік прин-

цип,  қамтылатын  оқиға,  тартыс  желістері  жағынан  əр  алу-

ан, қызықты да, Сəкен поэма жазуда белгілі бір стандартқа 


197

байланып  қалмай,  бүкіл  совет  əдебиетіне  тəн  ізденгіштік 

əдісті  пайдаланады. «Советстан», «Альбатрос»  поэмала-

рында  тарихи  оқиғаны  революциялық  заманның  даму, 

шиеленіскен күрес кезеңдерін жинақтау, түйіндеп беру жəне 

оған деген өзінің лирикалы сезімін ашу арқылы суреттейді. 

Мұнда  нақты  герой,  нақты  сюжет  орнына  тұтас  халық  об-

разын  алады,  тұтас  халықтың  жеңімпаз  күресі  арқылы  сол 

ұлы  қозғалыстың  алдыңғы  сапында  болған  тарихи  ерлерді 

суреттейді. Бұл советтік дəуірде туған эпикалық поэзияның 

жаңа бір үлгісі болып табылады. Алайда, Сəкен поэма жазуда 

бұрынғы классикалы үлгіні, яки Пушкин, Лермонтов поэзия-

сында қалыптанған үлгілерді де ұмытпайды. Осы тұрғыдан 

алғанда  Сəкеннің  «Аққудың  айырылуы», «Көкшетау»  ат-

ты  поэмалары  көркем  жазылған  қызықты  шығармалар. 

«Аққудың  айырылуы»  романтикалы  бейнемен  берілген 

ұлы  махаббат  туралы  аңыз  сияқты.  Қорлық,  бақытсыздық 

өмірден гөрі жалынды махаббат, айнымас серт, ізгі достық 

артық деген идеяны бейнелейді. Поэма өзінің романтикалық 

сюжетіне сай көркем жазылған. Сəкен поэмаларында жəне 

осы  поэмасында  да  ақынның  көңіл  күйлері,  сол  өзі  сурет-

теген оқиғаға қатынасы əрқашан күшті ақындық шабытпен 

беріледі.

Бүкіл  халық  қызығып  оқып,  жатқа  айтып  кеткен  аса 

көркем,  қызықты – «Көкшетау»  поэмасы.  Поэмада  ақын 

Сарыарқаның ең бір сұлу жері – Көкшетауды шебер сурет-

теуден бастайды.

Ақын  сан  рет  сүйікті  Көкшетауын  аралап  көріп,  ұзақ 

уақыттар  сол  сұлу  мекендерде  қызықты  саяхат,  сауық-

сайран  күндерін  өткізіп,  қою  қара  орманды  Бурабайды, 

күмістей  мөлдір  айдын  шалқар  көлі,  сылдырап  аққан  ерке 

бұлақтары  мол  Көкшені,  сол  жерлерді  мекендеген  елдің 

аңыз-əңгімелерін,  Оқжетпес,  Жұмбақтас  сияқты  ескерт-

кіш белгілерін, Көкшетау елінен шығып бүкіл қазақ даласы-

на даңқы жайылған Біржан, Ақан сері, Балуан шолақ сияқты 

əнші-ақындарды, көтеріңкі ақындық шабытпен, тамаша көр-

кемдік бояулармен суреттейді. Ақын поэмада еларалық 

ша-


198

быншылықты

  қатты  əшкерелейді.  Қара  күш  пен  зорлықты 

ерлік пен даналық жеңгенін ардақтайды. Бұл – поэмадағы ең 

негізгі өзекті оқиға жəне ақын ел аузындағы совет ақынының 

творчестволық  принципі  тұрғысынан  дұрыс  қорытып  жыр-

лайды.  Осы  орталық  сюжетке  жалғас  поэманың  «Ақ  бура», 

«Жеке батыр», «От арба» жəне басқа тараулары да бірін-бірі 

толықтырып отырады. Ақын поэмасында оқиғаны қызықтап 

əңгімелеумен қатар өмір, жер көріністерін, кейіпкерлердің ішкі 

жан  дүниесін,  онымен  қатар  өзінің  ақындық  күй  сезімдерін 

жан-жақты кең ашып отырады.

Сəкеннің «Чжан Цзо-лин» (1927 ж.) поэмасы қытай гене-

ралдарының  сыртқы  империалистік  айтақтауымен  өзара 

жауласқан  əрекеттерін,  соның  ішінде  Чжан  Цзо-линнің 

зұлымдық, опасыздық қылықтарын əшкерелейді. Ақын ман-

сапқорлықты, 

шенқұмарлылықты

,  елін,  жолдасын,  досын 

сатқан опасыздықты өлтіре əшкерелеп, адалдықты, айнымас 

достықты  еңбекші  халықтың  азаттық  күресін  ардақтайды. 

Ақынның «Биыл жандарал Чан Кай-чи қытай еңбекшілерін 

дүние  обырларына  сатып  кеткенінің  əсерімен  Чжан  Цзо-

линнің  бұл  сұмдықтарын  жаздым»  деген  кіріспе  сөзінен 

бұл шығарманың идеялық нысанасы байқалады. Чжан Цзо-

линнің өз елін, достарын сатқан сұмдық қылықтары дүние 

жүзілік  империализмнің  отарлау,  айдап  салу  əрекетімен 

сабақтас екенін де ақын дұрыс көрсетеді.

Сəкеннің ең соңғы күрделі поэмасы 1934 жылы жазылған 

«Қызыл  ат».  Ақын  бұл  поэмасында  Қазақстандағы  мал 

шаруашылығын  өркендету  мəселесін  көтереді.  Қызыл  ат 

пен  ақын  сырласады,  екеуінің  кеңесі  түріндегі  мысалдау 

əдісі  арқылы  Сəкен 1930 жылдардың  бас  кезінде  болған 

мал  шаруашығын  өркендетудегі  қате-кемшіктерді  сынай-

ды, оның болу себептерін ашады. Бұған, бір жағынан бай-

құлақтардың зиянкестік əрекеті, олардың қолшоқпары – жал-

ған белсенділердің қылықтары себеп болса, екінші жағынан, 

Қазақстанның  бұрынғы  басшылығының  қателіктері  де 

Қазақстанда  мал  шаруашылығын  ойсыратуға  апарып  соқ-

қандығы  белгілі.  Сəкен  бұл  қате-кемшіліктерді  айтып  қа-



199

на қоймайды, Лениндік Орталық партия комитетінің басшы-

лығы, көмегі арқасында Қазақстанда колхоз құрылысының, 

мал шаруашылығының өркендеуге бет алған жаңа жеңімпаз 

қозғалысын да айқын көре біліп, суреттейді.

Бүгін жүздеген қызыл ат күйленіп, көктем егісін салысуға 

белсене қатысқандығын ақын қуанышты сезіммен жырлай-

ды.  Сондықтан  ол  сұлуықты  да,  ақындық  шабыт  күйді  де, 

Қызыл ат тұрған өмір ортасынан іздейді, Айды, жұлдызды, 

дерексіз қиялды жырлаушыларды сынайды.



«Мөлдір көз, алтын айдар жібек жалым,

Бүгілген құмырсқа бел, ерке жаным.

Досыңа неге жарқын қарамайсың

Көк шыбық, алма қызыл, серке саным!

Құшақтап тал мойныңды аймалайын!

Жаяңды сылап-сипап жаймалайын.

Досыңа мұнша неге салқындадың

Айтшы енді сəулетайым, айналайын!» –

деп Қызыл атқа деген өзінің сүйіспеншілік сезімін айтады. 

Осылай  бейнелеп,  суреттеу  арқылы  ақын  Қызыл  ат  обра-

зын жанды адам образына ұқсатады. Бұл ақын поэзиясының 

көркемдік күші саналады. Əрине өмір шындығын жинақтап 

берудегі  поэманың  идеялық  көркемдік  дəрежесі  біркелкі 

емес,  бірде  ол  атпен  сырласа,  мұңдаса  отырып,  шебер  су-

реттер, сезімді қозғайтын түйінді ойлар беріп отырса, бірде 

жалаң  натурализмге,  жадағай  үгітке  салынады.  Сондықтан 

да  поэма  шыққан  кезінде  əдебиет  жұртшылығы  ортасында 

«Қызыл  ат»  төңірегінде  үлкен  айтыс,  пікір  алысу  болды. 

Бірқатар кемшіліктері бола тұрса да «Қызыл ат» өз тұсында 

партия, совет жұртшылығының үгіт-насихат ісіне көп көме-

гін  тигізген  елеулі  шығарманың  бірі.  Сонымен  бірге  бұл 

поэма Қазақстанда колхоздастыру дəуірінің маңызды бір та-

рихи – əдебиеттік документі болып саналады.

Сəкеннің поэзиясы туралы айтқанда оның үлкен сыршыл 

(лирик)  ақын  екендігін  ұмытуға  болмайды.  Сəкеннің  поэ-



200

зиясында,  тұтас  алғанда,  сыршылдық  яғни  ақынның  көңіл 

күйлерін беру ерекшеліктері айқын көзге түседі. Əсіресе оның 

жастық,  махаббаттық  сезім  күйлеріне  байланысты  табиғат 

көркі, жыл мезгілдеріне байланысты сағынысу, қоштасу, ай-

рылысу, досқа, сырласқа арналған өлеңдері шынайы, көркем 

лирика  болып  келеді. «Тау  ішінде», «Қашқынның  ауылы», 

«Біздің  жақта», «Қамыққан  көңіл», «Ақша  қар»; «Арқа 

сұлуына», «Құмарым», «Ғазал», «Май  айында», «Сəулем», 

«Жүрегімнің соққаны», «Ақсақ киік», «Сыр сандық», «Ананың 

хаты», «Аққу құс», «Жыл басы қарлығаш», «Жазғы далада», 

«Алтай», «Егіс даласы», «Біздің сəуле» сияқты толып жатқан 

лирикалары ақынның сезім дүниесін, табиғаттың жарастықты 

көрік-құбылыстарын суреттеудегі шеберліктерін танытады.

Сəкеннің  қай  лирикасын  алсаң  да  (ол  барлық  ақынға 

тəн сипат екені белгілі) онда өз өмірі, өзінің жан сыры кең 

байқалады. «Сыр сандық» ақынның жан сырларын шерткен 

күшті бір лирикасы. Адамның көңіл дүниесі заңғар таудың 

терең құзындағы жасырын кілтті сандық сияқты.

«Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым!

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!» –

деп сыр сандык күйлерін толғайды. Сəкеннің мұндай лири-

каларын  ақынмен  бірге  қуанып,  бірге  мұңайып,  бірге  сыр-

ласып оқисың. Ол сені əрқашан тəтті, қанатты сезімдердің 

құшағына  бөлей  біледі.  Сəкен  поэзиясын  музыкалық  үн, 

сюжет жағынан да, тіл шеберлігі, ақындық өнер жағынан да 

кең зерттеу өз алдына үлкен міндет.

* * *


Сəкеннің проза жанрында жазған еңбектері де жəне əде-

биет тарихы мен сын саласында жазған еңбектері де аз емес. 



201

Əсіресе Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық 

романы – Қазақстанда  Октябрь  революциясының  жеңісі 

жолындағы қатал, қажырлы күрестерді кеңінен елестететін, 

революцияны  жақтаушы  күрескер  достар  кім,  оған  қарсы 

оқ атқан жаулар кім екендігін фактілердің, документтердің 

молдығымен де, жазушының нақты көркем суреттеуімен де 

жеткізіп баяндайтын күрделі шығарма.

Сəкен  оқиғалы 1916 жылғы  көтеріліс  кезіндегі  елдің 

тіршілігін суреттеуден бастап, Октябрь революциясы, азамат 

соғысы, совет үкіметінің орнауы сияқты күрделі оқиғаларды 

қамтиды. Кітаптың кіріспесінде автор былай дейді: «Мақсат: 

1916-17, 18 – 19 жылдардағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзге-

рістің  (революцияның)  Қазақстандағы  өзім  көрген,  өзім 

білген оқиғаларынан баспа жүзінде із қалдыру... Азынаулақ 

қазақтан  шыққан  ұлы  өзгеріске  қатынасқандардың  ұста-

зы – Ресей  большевик  партиясы,  революцияның  жалпы 

жауларына  қарсы  шығысқанда  күрескен  дұшпанының 

бірі  «алаш»  еді...  мен  бұл  кітаптың  көп  жерлері  тарихи 

мағлұмат  болуға  жарар  деп  білемін». (1927 жыл, 3-бет). 

Бұл  шығарманы – өз  қатынасын,  революционерлердік  об-

разын  суреттеген  үлкен  Эпопея  деуге  де,  көркем  естелік 

(мемуарлық)  шығарма  деуге  де,  тарихи-публицистикалық 

еңбек деуге де болады. Сəкен кітаптың бірталай жерінде өз 

басынан немесе өзінің жақсы достарының басынан кешкен 

оқиғаларды  нақты  суреттесе,  енді  бір  қатар  жерінде  Рос-

сия мен Қазақстандағы революцияның даму жайын, жалпы 

соғыстық  саяси  халді  баяндайды.  Үшінші  бір  жерлерінде 

жазушы өзінің революциялық көзқарастарын дəлелдеу үшін, 

тап жауларының сырын əшкерелеу үшін тарихи əдебиеттік 

деректер, документтер келтіреді. Бірақ кітаптың қай жерін, 

қай  тарауын  алсаң  да  бірінен-бірі  қызықты.  Нағыз  көркем 

шығарманы  оқығандай,  ойланып  толғанасың,  əсерлі  сезім 

құшағына бөленіп отырасың.

Əсіресе Сəкен революционерлердің Ақмола түрмесіндегі, 

атаман Анненковтың азап вагоніндегі өмірлерін үлкен жазу-

шылық шеберлікпен нақты суреттейді. Қол-аяғы шынжыр-


202

лаулы  большевиктер  сақылдаған  сары  аязда  жаяу  бес  жүз 

шақырым  айдалып  келеді.  Немесе  аш-жалаңаш  азап  ваго-

нында жүріп жатады. Ауыр азапта қалжыраған бұл адамдарға 

жаулары  ешбір  рақым  көрсетпейді.  Колчак  бандалары 

оларды  табанда  атып  тастайды.  Жазушы  өз  басынан  кеш-

кен  осындай  ауыр  халдерді  суреттей  отырып,  қажымайды. 

Жеңіп  келе  жатқан  революцияның  сəулесін,  тегеуірінді 

күшін көре біледі. Сол жеңіске берік сенімін білдіріп оты-

рады.  Омбының  тұтқын  лагерінен  қашып  шығып  жердің 

лайсаң,  елдің  жүдеу,  саяси  халдің  ауыр  кезінде  Дүйсенбі 

деген  атпен  жаяу-жалпы  қазақ,  ауылдарында  жасырынып 

жүрген  мезгілдерінің  оқиғаларын  суреттеуі  де  қызықты. 

Бəрінде де жүрген жер, көрген, білген адамдарының əр алу-

ан сипаттарын жарқын елестетеді.

Мұндай  нақты  суреттеу,  идеяның  айқындығы  кітаптың 

барлық  тарауынан  айқын  байқалады.  Сондықтан  Сəкеннің 

бұл еңбегі қазақ совет əдебиеті тарихынан тиісті орын ала-

тын, прозалық жанрдың елеулі үлесі болып қосылған аса ірі 

шығарма. Рас, бұл кітап жазылғаннан бері 30 жылдай уақыт 

өтті.  Одан  бері  тарих  ғылымы  да,  көркем  əдебиетіміз  де 

өсті. Осы өскен қоғамдық ой, əдебиеттік талап тұрғысынан 

қарағанда  Сəкеннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  кітабының 

артық,  кем  жерлері  де  көзге  түсетіні  даусыз.  Револю-

ция  жауларын  əшкерелеймін  деп  отырып,  жазушы  кейде 

олардың  айтқан  жат  пікірлерін,  олар  жазған  мақалаларды 

түгел келтіреді. Немесе революцияға шын мəнінде белсене 

араласқандығы толық анық емес, зерттеуден кейін бертінде 

анықталған  кейбір  адамдарды  Сəкен  кейде  тым  өсіріп 

суреттейді.  Бірақ  бұл  сияқты  кемшіліктер  кітаптың  жалпы 

маңызын ешбір кемітпейді. Сəкеннің «Банданы іздегенде», 

«Жемістері» сияқты əңгімелері «Тар жол, тайғақ кешудегі» 

революция  тақырыбының  жалғасы  сияқты. 30-жылдар 

кезінде Сəкен: «Айша», «Біздің тұрмыс», «Дауыл алдында» 

сияқты күрделі прозалық шығармалар жаза бастады. Мұның 

өзі Сəкеннің 30-жылдардың орта кезінде поэзия жолдарынан 

прозаға ауыса бастауының кезеңін көрсетеді. Бірақ осы бет 


алысының толық аяқталуына мүмкіндік болмады. Ақынның 

творчестволық өмірі мезгілсіз тоқталды.

Сəкеннің  қалдырған  əдеби  мұрасы  өте  бай.  Оның  қазақ 

əдебиеті тарихы туралы жəне бұрынғы əдебиет нұсқаларын 

жинауға арналған бірталай кітаптары бар. Ол еңбектерді де 

бас-басына оқып, маркстік əдебиет тану тұрғысынан зерттей 

отырып пайдалану алдағы міндетіміз.

Əдеби тілімізді, əсіресе қазақ совет поэзиясын дамытуда 

Сəкен шығармалары маңызды орын алады. 1936 жылы совет 

əдебиетін өркендетудегі зор еңбегін совет үкіметі айрықша 

бағалап, Сəкенді «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградтады. 

Əдебиеттегі  қызметінің 20 жылдығы  өтуіне  байланысты 

Қазақстанның партия, совет жəне əдебиет жұртшылығының 

Сəкенге  «Қазақ  еңбекшілерінің  большевик  ақыны,  рево-

люция  солдаты,  қазақ  халқының  ой-арманын  бейнеле-

ген  шығармаларымен  жұртшылықты  тапсыз  қоғам  орна-

ту  жолындағы  күреске  жұмылдыра  білді»  деп  берген  əділ 

бағаларының да маңызы əлі жойылған жоқ.

40 жыл ішіндегі ұлы олжамыздың бір саласы – қазақ со-

вет  əдебиетінің  дамып,  гүлденіп  одақтық  үлкен  əдебиетке 

айналуы.  Сол  дамыған  əдебиетіміздің  алғашқы  ірге  тасын 

қалаушылардың бірі, қазақ совет поэзиясындағы ұлы нова-

тор ақын Сəкеннің шығармалары өмір ілгерілеп, ұрпақ өскен 

сайын өзінің асыл қасиетін кеңінен таныта береді.



204

Жиенбек РСАЛДИН


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал