Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет10/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Сəкен социалистік қайта құрылыста

Пролетариат  революциясының  негізгі  мақсаты – жеке 

меншікті, жеке меншіктегі байлықты жойып, қоғам меншігін, 

қоғам байлығын жасау. Мұндай байлықты жасау үшін өнді-

рісте де, ауыл шаруасында да ірі өнеркəсіптің күші араласу 

керек.  Ірі  индустриясыз  ірі  техника  жасауға  болмайды,  ірі 

техникасыз ірі социалистік шаруа жасауға болмайды.

Бұл – марксизм-ленинизмнің «əліп» пен «биі».

Марксизмнің  осындай  негізін  түсініп  қазақ  əдебиетінде 

ірі  индустрияны,  ірі  техниканы  мақсат  қыла  бірінші  рет 

жырлаған ақын Сəкен. Сəкеннің шығармасында аэроплан да 

поездан  кем  орын  алмайды. «Аспанға  ұш»  деген  өлеңінде 

(1923 жылы жазылған):

«Орынбордан таңертең шықсаң ұшып,

Ақмолада дем алып, түсте түсіп,

Семей барып, қонаға съезде боп,

Ертеңіне қайтарсың қымыз ішіп», –

дейді. Аэроплан Сəкеннің ұғымында жалғыз саяхаттап ұшу-

дың ғана құралы емес.

«Керек болса бұлттарды қойша бағып,

Пұшпағынан жинарсың арқан тағып,

Жауын керек жерлерге жаудырарсың,

Дүрсілдетіп сабаумен төмен қағып.

«Самұрық» деген өлеңінде Сəкен ерте заманда адам бала-

сының қиялы ғана ұшқанын айта кеп:


150

«Қазіргі шын самұрық аэроплан,

Күңірентіп жер мен көкке салып ұран,

Еркіндік оған мінген азаматы

Большевик ер жүректі батыр ұлан,

Сəн емес, аэроплан күшті көлік,

Арымас өзі жүйрік, мінсе берік.

Адамзат көркем тұрмыс бақытына,

Сенімді жеткізетін ол бір көрік», – 

дейді.  Бұл  өлеңнен  біз  Сəкеннің  ірі  өнеркəсіпті  өркендету 

саясатын айқын ұққанын көреміз.

Алашорда  сыншылары,  садуақасовшылардың  боянған 

əртүрлілері  білгішсініп,  ерте  кезден  Сəкенді  сөгіп: «қазақ 

даласында поез бен аэроплан жоқ, Сəкен жоқты суреттейтін 

қиялшыл ақын» деген сандырақты айтты. Сəкен поез бен аэ-

ропланды ең алғаш қазақ əдебиетінде жырлаған кезде қазақ 

даласында  темір  жол  мен  аэроплан  азы  рас.  Бірақ,  алаш-

ордашылар  мен  садуақасовшылдар,  меніңше,  екі  мəселені 

түсінбейді,  түсінсе  де  түсінгісі  келмейді.  Оның  біреуі – 

Сəкен  коммунист,  интернационалист  ақын.  Сондықтан 

барлық  Совет  Одағындағы  поезд  бен  аэроплан  оның  өз 

мүлкі.  Совет  Одағындағы  барлық  табысқа  өз  табысым  деп 

Сəкеннің  қуанатынын  біз  «Советстан»  поэмасында  айқын 

көреміз. Екінші – большевиктің өзгелерден өзгеше бір жері 

болашағына  мықты  сенеді,  пролетариаттың  қолынан  неше 

түрлі  керемет  табыстар  туатынына  күдіктенбейді.  Больше-

вик ақын Сəкен – революцияның бастапқы жылдарында-ақ, 

келешекте  салынғалы  тұрған  Түрксібті,  Қарағанды  жолын, 

Ақмола – Магнитогорск жолын айқын көреді. Олардың са-

лынатынына күдік жасамайды. Өйткені ол жолдар салынуға 

толық жағдай бар. Ол жағдай пролетариат диктатурасы, ұлт 

саясатын дұрыс жүргізетін Коммунистік партия мен Совет 

үкіметінің ұлы жоспары. Сəкеннің ол сенімі ақталғанын бү-

гінгі күні алашордашылдар мен садуақасовшылардың өздері 

де қате дей алмайды. Ірі индустрияның жеңістері поезд бен 

аэроплан Сəкеннің ақындық қиялынан еш уақытта алыстаған 



151

емес. Оның қай дəуірде жазған шығармаларын алсақ та, бұл 

тақырыптардан  қол  үзбейтінін,  ілгері  өрлеп  отыратынын 

көреміз. Индустрия туралы оның əрбір мұрат қыла жырлаған 

сөздері көп кешікпей практикада іске асып отырады. Мұндай 

алдын болжау, болжағаны келіп отыру, дəуіріне сенген боль-

шевик ақынның ғана қиялы мен қаламынан туа алады.

Ауыл  шаруашылығын  қайта  құрып,  социалистік  колхоз 

шаруасын өркендету шарасы басталған кезде, Сəкен «Ком-

байн  мен  трактор»  сықылды  өлең  жазып,  қазақ  совет  əде-

биетіне  көсемдік  көрсетеді. «Социалстан»  атты  жинақта 

басылған  «Даладағы  жаңа  күй», «Тракторшы  колхозда», 

«Біздің колхоз», «Колхозда», «Егіс жайда» деген өлеңдер Сə-

кеннің  колхоз  құрылысын  дұрыс  түсінгенін  көрсетеді.  Бұл 

«Сəкен социалистік қайта құрылыс дəуірінде артта қалды» 

деген сөз садуақасовшылдар мен оларды қолдаушылардың 

Сəкен туралы кезекті сандырағы екенін дəлелдейді.

Сəкен  НЭП  тұсында  да, «социалистік  қайта  құрылыс 

дəуірінде де, кейбір кемшіліктермен қатар, негізінде партия 

жолынан,  Ленин  жолынан  табанын  аударған  жоқ.  Алаш-

ордашылармен, партия ішіндегі ұлтшылдармен күресін əлсі-

реткен жоқ.

Алашордашылдар мен ұлтшылдар да қарап жатпады. Олар 

Сəкенге қарсы қатты күрес ашты. «Ақ жол» газетінің, «Шол-

пан», «Сана»  журналдарының  бетінде  алашордашылардың 

Сəкенге шабуыл жасауы əлдеқалай болған нəрсе емес. Олар 

пролетариат  диктатурасына  қарсы,  пролетариаттың  саяси, 

шаруашылық,  мəдениет  істеріндегі  қолданып  отырған  ша-

раларына қарсы. Сəкен – пролетариат жыршысы. Сəкеннің 

қаламы пролетариаттың жетістігін серпе жырлаумен бірге, 

Алашорда сықылды тап дұшпандарына найзадай түйреледі. 

Сондықтан  алашордашылардың  Сəкен  дегенде,  Сəкеннің 

шығармасына  дегенде  жаны  түршігетін  себебі  осы.  Алаш-

ордашылдар  Сəкенді  Колчак  кезінде  атаман  Анненковтың 

қанды уысына беріп те тұншықтыра алмаған. Совет өкіметі 

орнағасын əрине, олардың тұншықтыруға əлі келмейді. Кел-

мегенін біз іс жүзінде көрдік.


152

Бірақ тап жауы айлакер, ол заманына қарай амал жасай 

біледі, əдіс қолдана біледі. Бертін келе алашордашылардың 

жолы  тарылып,  тауы  шағылып,  ауыздықталып  еді,  оның 

орнына  партия  ішіндегі  агенттері  партия  тонын  жамылып, 

«советшіл» болып, партия жолын жақтаған болып Сəкенге 

алашордадан  кем  шабуыл  жасаған  жоқ.  Сəкеннің  маңдай 

алды шығармасы деген «Советстанды» Смағұл Садуақасов 

редактор боп тұрғанда баспай да қойған.

Голощекин жолбасшылығы ауыл шаруашылығы мəселе-

сінде Ленин партиясының ұлт саясатын теріс бұрып асыра 

сілтесе, осы асыра сілтеудің салдары қазақтың түрі ұлттық, 

мазмұны  социалистік  мəдениетіне  де  тимей  қойған  жоқ. 

Ескі  жолбасшылықтың  кезінде  қазақтың  ұлт  мəдениетіне, 

оның кадрлеріне тиісті көңіл бөлінген жоқ. Сондай елеусіз 

болғанның біреуі Сəкен.

Голощекин  жолбасшылығы  Сəкенге  алашордадан  кем 

шабуыл жасамады. Бұл жөнінде көзге өте оғаш көрінгендер 

«Еңбекші  қазақ»  газетінің  маңайындағы  Голощекиннің 

оң  көздері.  Олардың  ұстаған  əдісі  Сəкеннің  бірыңғай 

қателіктерін  теріп,  жұрт  көзіне  жаман  көрсетіп,  жақсы 

жағын  бүркеу  болды.  Революцияның  жаршысы  болған 

ақынды  бағаламады,  кемшілігін  атаумен  бірге  дұрыс 

бағытқа  жетектеуді  білмеді.  Сын  жұмысын  тұншықтыру 

мақсатына  айналдырды.  Сəкенге  газет  бетінен  орын  бер-

меді. Берсе сөздеріне орынсыз байланысып, артына күнəлі 

құйрық жалғап отырды.

Бірақ большевик Сəкен оған қажыған жоқ. Алған бетінен 

тайған  жоқ.  Пролетариаттың  табыстарын  шалқып  жырла-

уын бəсеңдеткен жоқ. Бұған оның соңғы жылдарда жазған 

«Альбатросы» мен «Социалстаны» куə.

Голощекин  жолбасшылығының  ауыл  шаруашылығында 

Ленин  ұлт  саясатын  бұрмалағанын  қазақ  əдебиетінде  ең 

алғаш  большевикше  көре  білген  ақын  Сəкен.  Бұл  жөнінде 

кейбір жеке кемшіліктермен қатар қазақ əдебиетіндегі үлкен 

тарихи  документ  «Қызыл  ат». «Қызыл  атта»  Сəкен  асыра 

сілтеушілік партия жолы емес екенін айтады:


153

«Үкімет малды ешкімге құрт демейді,

Күйзелсін еңбек қылған жұрт демейді,

Советтің мақсаты істі жемісті ету,

Еңбекті еңбекші елге тек істету,

Колхозды, өндірісті өркендетіп,

Қызықты коммуншылдық күнге жету».

Партия  басшылығы  дұрыс  жүргізілген  жерде  өркендеп 

отырған колхоздарды көрсетеді.

«Қызықты талай жердің колхозды елі,

Аттары ортекедей өскен телі,

Гүлденген шаруасы іс жүзінде

Жылтылдап малдарының майлы шелі».

Асыра сілтеушілікті туғызған жағдайды да Сəкен дұрыс 

түсінеді. Асыра сілтеушілік жасауға себеп болған Голощекин 

жолбасшылығының партия саясатын теріс айналдыру болса, 

екінші жақтан, тап жауының сол бұрмалауды пайдалануында 

екенін айтады. Партия нұсқауын большевикше іске асырған 

күнде  асыра  сілтеу  болмайтындығын  көрсетеді.  Бұл  асыра 

сілтеушілікті  партияның  тез  уақытта  түзей  алатындығына 

еңбекші халықты сендіреді.

Еңбекші бұқараны Сəкен осы күшті ұранды орындасуға 

шақырады. Партияны сүйетін еңбекші көпшілік дұрыс сая-

сат жүре бастағасын, жұмыла іске кіріседі. Көптің көмегімен 

асыра сілтеу салдары тез жойылады. Қазақ əдебиетінде, қа-

зақ  совет  əдебиетінде  Сəкеннің  «Қызыл  аты»  сықылды 

елге  көп  тараған  шығарма  болған  емес.  Қазақстанның  қай 

түкпірін  алсақ  та  «Қызыл  атты»  оқымаған  кісіні  аз  кез-

дестіреміз.  Көп  жерде  оны  жаттап  та  алған.  Бұлай  бола-

тын  себебі  Сəкен  «Қызыл  атта»  еңбекші  бұқараның  сен-

ген  Коммунистік  партияға  шын  жүректен  жарып  шыққан 

мұңын айтқан. Асыра сілтеу салдарын партияның тез түзей 

алатындығына  еңбекші  бұқараның  сенетіндігін  білдірген. 

Сонымен  қатар  еңбекші  бұқараға  Сəкен  партияның  дұрыс 



154

жолын түсіндірген. Қысқасы, «Қызыл атта» Сəкен еңбекші 

бұқара мен партияның тығыз байланысты екенін, біріне бірі-

нің сенетіндігін жырлайды. Осы сенімге бөгет болғысы кел-

ген сұмдардың дұшпандық пердесін ашады. Бұл сенім, бұл 

бірлік  уақытша  емес,  мəңгілік.  Сондықтан  «Қызыл  ат  та» 

мəңгілік шығарма.

Қорытынды

Түрі  ұлттық,  мазмұны  социалистік  қазақ  совет  əдебиеті 

Октябрь революциясының жемісі, одан бұрын əдебиетімізде 

бұқарашылдықтың  тегі  ғана  болмаса,  социалистік  əдебиет 

туған жоқ. Қазақтың осы Октябрьден кейін туған совет əде-

биетінің бірінші кірпішін қалаушы Сəкен.

Соңғы үш-төрт жылдың ішіндегі қазақ ұлт мəдениетінің 

табысы өте зор. Мұндай табысты ешбір қазақ тарихы білген 

емес.  Мысалға  қазақ  көркемөнерінің  биылғы  жылы  ма-

мыр айында Москвада болған онкүндігін алсақ, аз жылдың 

ішінде  жасалған  музыка  театрының  Одақтағы  маңдайалды 

театрлардың  қатарына  қосылып  қалғанын  көреміз.  Партия 

жолбасшылығы дұрыс жүрген жерде ғана аз уақытта мұндай 

орасан зор табыстың болатындығын «Правда» талай рет жаз-

ды. Бұл онкүндік қазақ ұлт мəдениетін барлық Одаққа, асса 

жер жүзіне танытты. Бұл сықылды зор табыстың сыбағасына 

«мен  де  ортақпын»  деп  оңай  олжа  іздеушілер  де  аз  емес. 

Бірақ  қазақ  еңбекшілері  ондай  табысқа  жеткізуші  Өлкелік 

партия комитетінің жаңа жолбасшылығы екенін жақсы біле-

ді.  Мəдениеттің  өзге  бұтағымен  бірге  Совет  əдебиеті  де, 

оның  кадрлары  да  өсуге  толық  жағдай  алды.  Жəне  соңғы 

үш-төрт  жылда  кейбір  кемшілігімен  қатар,  оттай  лаулап 

өсті де. Ерте кезде қазақта пролетариат əдебиеті болмайды 

деген  кейбіреулер  əлі  де  болса  жетістіктерімізді  бүркегісі 

келеді. Совет əдебиетін көрсетпеуге тырысады. Бірақ, оны-

мен  өсіп  келе  жатқан  совет  əдебиетіміздің  бағасын  партия 

жолбасшылығы  кемітпейді.  Егер  театр  өнерінде  үлкен  бір 

адым ілгері аттасақ, əдебиетте екі адым ілгері аттадық.

Совет əдебиетінің кадрлары, оның ішінде Сəкен жолдас 

партиядан  тиісті  бағасын  алып  отыр.  Оған  дəлелдің  біре-



уі – Сəкен жолдастың осы жиырма жылдық тойы. Бұл тойға 

барлық  еңбекші  бұқара  қуанады.  Өйткені,  Сəкен  олардың 

өз арасынан шыққан, өз жырын жырлаған тума ақыны. Қуа-

нумен, ардақты ақынын құрметтеумен бірге, еңбекші бұқара 

Сəкеннен  бақытты  дəуірімізге  бұдан  да  зор  еңбек  сіңіреді 

деп сенеді.



156

Ғабит МҮСІРЕПОВ

ҚИСЫҚ СЫНҒА ƏДІЛ ТӨРЕ

«Ақ жол» газетінің 432 санында Темірбай жолдас «Қазақ 

əдебиетінің тарихынан» деген мақала жазған.

Мақаланы  басынан  оқи  бастағанда  əдебиет  тарихының 

толықтыруы екен деп қалуың да талас болмағанмен, аз оқы-

ғаннан кейін, мақала алғашқы алған бетінен тайып, ойлаған 

ойыңа  қарсы  келіп,  жазушының  жек  көретін  бір  адамына 

соқтыға жөнеледі. Ол адамы – Сəкен.

Сəкеннің  əдебиет  тарихынан  оқыған  лекциясы  туралы, 

Сəкенді өтірікші, жас буынға қате ұғындырады дейді. Мыл-

жың  дейді,  соқыр  дейді,  арсыз,  əңгі  дейді.  Білгенінше  жа-

мандап халық көзіне үлкен мінді кісі етіп көрсетеді.

Темірбайдың  өзі  айтқандай,  егер  мен  Темірбай  болсам, 

дұрыс сөзді қисық ұққан, бадырайып тұрған «А» əрпін «Б» 

деп, «Т» əрпін «Е» деп шатастырып, ашық жазылған сөзге 

көзі  жетпей,  жетсе  де  көрмей,  əдебиетті  сынамай,  Сəкенді 

сынап  қай  жерінен  мін  шығар  екен  деп  тіміскілеп,  дұрыс 

сөзді  бұрыс  деп,  Сəкенге  қара  басының  дұшпандығын 

білдірген,  Темірбайдың  өзіне-өз  сөздерін  қайта  атар  едім. 

Бірақ  Темірбай  Сəкенге  дұшпан  болса  да,  мен  Темірбайға 

дұшпан емеспін. «Екі қатын сиыр сауып отырып, тезек үшін 

ұрсысып бірін-бірі: салдақы бетпақ, пəлен-түген», – деп қай-

дағы сұмырай сөздерді тауып айтқандары сықылды мен де 

бірдемелерді шатастырып, ауызға не келсе соны оттар едім. 

Бірақ мен қисық сөзге əділшілігімді айтам, біреудің бетіне 

күйе жағып ұждансыздық қылуға батылым бармайды.

Темірбайдың  бар  ойы,  Сəкенді  жұртқа  жаманатты  көр-

сетіп  өту,  одан  басқа  түгі  жоқ.  Темірбайлардың  Сəкенге 

көзқарасын  кім  де  болса  біледі.  Əйткенмен  «Дұшпанды, 

досыңдай сына» деген сөз өте тура, өте иманды сөз. Мұны 

Темірбай  ойлауы  керек  еді.  Біреуге  дұшпан  болдым  деп, 

түзу  ісіне  баға  бермей,  ағын  да  қара,  қарасын  да  қара  деу 

адамшылыққа жата ма?


157

Темірбайдың бұл жазған сөзінде сүйенерлік дəнеме жоқ, 

оныкі Сəкенді қаралау. Əйтпесе əдебиетке жаны ашып отыр-

ған Темірбай жоқ. Жаны ашиды дер едік, мынау əдебиетке 

жаны  ашыған  кісінің  сөзі  емес,  тек  ұнатпайтын  адамның 

бетін тырнау...

Сəкен əдебиет тарихынан жаңылса, не қате ұғынса, Темір-

бай өзінше дұрыс ұғындыру керек еді. Сəкеннің мына жері 

қате, мұны былай ұғыну керек деп айту керек еді.

Бұлай болған уақытта Сəкеннің қатесін бір көрсек, əде-

биеттің шын тарихына танысып қалуымыз екінші пайда бо-

лар еді.


Темірбайдың  əдебиетте  жұмысы  жоқ,  жұрт  жаққа  шы-

мылдық  құрып,  дəлелін  жарыққа  шығармай,  ішіндегілерге 

Сəкенді жамандайды. Оны көріп отырған жұрт, əділ тексе-

руіміз керек.

Темірбай Сəкенді жамандағанда былай деп жамандайды:

І – Сəкен  «Қазақ  əдебиетінің  тарихын  сөйлеу  оңай,  ол 

жаңа ғана дүниеге келген жас бала» деп айтты дейді. Сəкен 

олай деп отырған жоқ. Сəкен қазақ əдебиеті екіге бөлінеді, 

жазба һəм ауыз əдебиеті дейді. Əуелі бірнеше жүз жылдап, 

ауыз  əдебиеті  болып  келді:  мақал,  тақпақ,  ертегі  һəм  қара 

өлеңдер дейді. Жазба əдебиет соң шықты дейді. Бұған не та-

лас бар. Таласушы тек ойы қарсылықпен таласады. Əйтпесе 

бұл арадан ала сала жамандауға сиятын дəнеме жоқ.

II – Сəкен лекция оқығанда мылжың сөйледі дейді. Бұған 

қарағанда,  лекция  оқушы  жұрттың  түсінген-түсінбегеніне 

қарамай қысқа ғана оқуы керек деген ой аңғарылады. Мағы-

насыз  сөйледі  деуге  жатпайды.  Себебі  жазылып  отырған, 

естіп  отырған  лекцияның  ішінде  мағынасыз  құрғақ  кеңес 

жоқ.  Мылжың  мен  жақсының  арасын  қандай  кісі  айырады 

əрине,  бұл  Темірбайдың  сыбағасы  емес,  олай  болса,  оған 

кінə жоқ.

III – Əдебиетке  жақындауға  мен  сескенемін,  қорқамын, 

мен  суға  кетіп  қалам,  менің  батырлығым  жетпейтін  жер-

ден  Сəкеннің  қорықпағаны,  жүректілігі  керегі  жоқ  жұмыс 

дейді.


158

Темеке! Жұрттың бəріне өзімдей қоян бол деуіңіз жолға 

келмейді  ғой!  Əдебиет  философтардың  жеке  алған  еншісі 

емес.  Əдебиет  халықтың  тілі  мен  халықтың  тұрмысынан 

алынып  жазылады.  Өз  тұрмысында  болған  затқа  халық 

Темірбай  секілді  қарамайды.  Өз  шамасынша  сынайды.  Ол 

сынау қисық емес, түзу сынау болып шығады.

«Əйелді  періште»  деген  байларша,  əдебиетті  қол 

жетпейтін  көктің  періштесі  деу  қате.  Əдебиет  адамның 

тұрмысынан  алынса,  өз  тұрмысына  адам  өзі  тəңірі.  Олай 

болса, адам əдебиеттің құлы емес, əдебиет адамның құлы.

Төңкерістің коммунист ұлдарында, Темірбайдікіндей жа-

рылып кетейін деп тұрған жүрек болмайды. Олар əдебиет, 

мəдениет,  бай,  құдай  бəрін  балғамен,  найзамен  құл  қылып 

алады.

«Социализм мезгілінде өкіметті ас пісіретін əйелдер бас-



қара алады», – деген жолдас Лениннің сөзі бар. Біз социа-

лизмге тармасып келе жатырмыз.

Темірбайдың «Əдебиет оқудың түбіне жеткен ғалымдар-

дың  еншісі»  дегеніне  қосыла  алмаймыз.  Он  екі  фəнді  та-

мам  қылған  молда  білсін  деп  отыра  алмадық.  Əдебиет  аз 

оқығанның да еншісіне тиеді. Төңкеріске қарсы байшыл фи-

лософтар,  тұрмыс  күресінде  сол  оқиғаны  басынан  кешіріп 

отырған жұмыскер көп біледі. Тəжірибемен Темірбай есеп-

теспесе  де  біз  есептесеміз.  Жазған  сөздерінің  түріне  қара-

ғанда, Темірбай көп тəңірінің пендесі ме деп қорқам, əйтпесе 

коммунист болса «Исторически материализмді» оқып шық-

са, əдебиет кімнің еншісі екенін біл, илан дер едім.

IV – «Сəкен есі жоқ əңгі» дейді. Қазақ əдебиетінің ағасы 

Абайды, 1905 жылдан соң өлең жаза бастады, ол қазақ əде-

биетінің ағасы емес», – деп айтты дейді. Егер Темірбай бұл 

араға  құмарланған  болса,  жазылған  сөздерді  қайта-қайта 

оқып, не жазылғанына түсініп барып кіналау керек еді. Сəкен 

айтады: «Осы адасумен адасып отырып қазақ əдебиеті, 1900 

жылдан бері шықты».

1905 жылдың жұмыскер қозғалысынан кейін, ұлт сезімі 

туа  бастап,  қазақ  оқығандары  тіл  тузеу  дегенді  жарыққа 


159

шығара  бастады.  Бірақ  сол  əдебиеттің  жас  уақытында,  бі-

рен-саран  өлеңін  қазақ  тілінде  жазғандар  болды.  Мəселен: 

«Абай»  дейді.  Бұдан  Сəкеннің  Абайға  Темірбайдан  артық 

баға беріп, тарихи сынай білгендігі керінеді. Сəкен Абайды 

1905 жылдың бергі жағында өлең жазуға кірісті деп отырған 

жоқ, əдебиеттің балаң кезінде яғни 1900 жылдан бұрын жаз-

ды деп отыр.

V – «Егерде мен Сəкендей соқыр болсам, орысша оқыған 

қазақ ақындары орысша сөз кіргізіп, қазақ тілін бұзды дер 

едім» деп Темірбай Сəкенді жəне түйреп өтеді.

Айнала қарағанда, Темірбай əдейі біліп адасып отыр да, 

болмаса өзі білмей, біреудің дегеніне еріп отыр.

Бұл  туралы  Сəкеннің  сөзі: «Қазақ  елі  орысқа  бағынып, 

орыс оқуын оқығандар шыға бастағаннан кейін, əдебиетші-

лердің əуескерлігі орысшаға ауа бастаған. Бұдан былай сөз-

дің ішіне орысша кіргізу мақсұт болған. Орыс тілін білген-

білмегенінде жұмысы шамалы, аз-мұздап білген тілін өлеңі-

нің ішіне кіргізіп қалуға ақындар өте ынталанған дейді. Бұл 

сөзден  орысша  оқып  шыққан  ақындар  өлеңдеріне  орысша 

қосты деген мағана шықпайды. Елдің надан ақындары орыс 

тілін қызық көріп, білмегеніне қарамай өлеңіне орысша сөз 

кіргізуге тырысқандары айтылады. Оған анау бірауыз өлең 

дəлел. Сол өлең оқыған қазақтың жазғаны ма, болмаса надан 

қазақтың жазғаны ма, Темірбай соған қарауы керек еді. Орыс 

школының бетін көрген кісі «Принимать», «Здравствуйте» 

деген сездерді «Прьмить», «Зьдрасти» деп өмірінде айтпай-

ды. Сəкеннің бұл сөзін дəлелдеу үшін, Николай патшаның 

таққа  мінерде  Омбыға  келгенінде  Ақан  серінің  айтқан  бір 

ауыз өлеңін келтіруге болады.

Темірбай не деп түсінер екен (өзінің аузынан шыққандай 

қылып көшірем):



«Бірінші» здырау, жалаю,

Уасем прасентуа жестуа,

Беликий князь басында тəж,

...............................................

О судар грабитель, сен сабаз.

160

Мінекей  Ақанның  осы  өлеңдерінен  не  аңғаруға  бола-

ды. Жалғыз-ақ оның өлеңінің ішіне орыс тілін кіргізуге əу-

реленгендігін  аңғаруға  болады.  Бұны  Ақан  еріксіз  айтты 

деп  Темірбай  маған  пəле  салса,  мен  Темірбайға  қазақтың 

бозбаласының  «қыз  ойнақта»  айтатын  өлеңдерінен  мы-

сал келтірсем тоқтар деймін. Əрине қазақтың қызы жігітін 

өлеңіне  орысша  кіргіз  деп  қыстамайтынына  Темірбай  се-

нер.

Көптен көп поклон айттым скажия,

«Сен тұрсаң, уағадаңда спасиба,

Сөзімді ескере ала ескерсеңіз,

Шеструй хорошенкей сватия».

…………………………………

«Мінгенім дəйім менің сабырасынай,

Кемпір мен шал ойнайды напрасынай,

Ойнаса бозбала мен қыз ойнасын,

Екеуі полный пошом сагласынай».

Қысқасын айтқанда Темірбайдың түзу жүріп келе жатқан 

атты бұрып шалдырғысы келгені болмаса, орыс еліне аралас-

қаннан кейін, қазақ өлеңіне орыстың сөздері бұзылып, жары-

лып, тілімтегі кіріп, қазақ əдебиетінің, сиқын бұзуы хақ. Тегінде 

нені болса да білген бүлдірмейді, білмеген бүлдіреді.

Бір  ерегіспен  аузынан  шығып  кетсе  де,  Темірбай  мұны 

мойнына өзі де алар деймін.

VI – Омар  туралы  Сəкен  мақаласының  ішінде  «Əсіресе 

сол кезде Ғалияда оқитындарға қосылған Омар Қарашұлы» 

деген  сөз  «Ғалияда  оқитын  Омар  Қарашұлы»  деп  жазудан 

қате кеткен.

Сəкен де, мен де ұлтшылдарға беретін бағамыз шамалы. 

Сонда да кімде-кімнің істеген ісін бағалай білеміз. Омардың 

(қай сан екенін білмеймін) «Қазақ» газетіне қазақ тілі туралы 

жазған мақаласы бар, Сəкен соған сүйеніп айтты. Қорытып 

айтқанда,  қазақ  емлесіне  бір  кісі  көсем  болып,  мүлтіксіз 

шығарды дей алмаймын.



Мұныма «емленің» табаны əлі жерге тимей, мың кісінің 

сынына түсіп жүргені тарихи дəлел.

Жоғарғылардың бəрін қорытып келгенде мен өзім мына 

пікірге  келдім:  Темірбайдың  жұмысы  əдебиетті  сынауда 

емес, Сəкенді сынауда. Менің ойымша əдебиет Сəкен емес 

те, Сəкен əдебиет емес. Жалпы əдебиет туралы Сəкен пікірін 

жарыққа  шығарғанда,  қате  жерлері  болса,  Темірбай  түзеп 

əділ төресін беретін жөні бар емес пе еді?

Егер  өзінің  айтқанындай  қолынан  келмесе,  бірауыз  дə-

лелсіз біреуді балағаттау неге керек еді?

Егер «Ақ жол» басшылары Сəкенді бейпіл сөзбен мұқатам 

десе, ата-енесінен түк қоймай лағнаттаса, мынасынан сыпа-

йы болар еді.

Темірбайдың сынынан оқушы нені ұқты? Əрине, Темір-

байдың  Сəкенге  дұшпандығын,  аяғынан  қалай  шалуды  аң-

дып жүргендігін ұқты.

Бұған қарағанда Темірбай Сəкенді өз ойынша жас буынға 

ложное понятие берді деп кінəласа, өз қара басының өкпесін 

газетке жазып, дəлелсіз біреудің бетін тырнап, арына қолын 

сұғып, ұжданын ұмытты деп біз Темірбайды кінəлаймыз.



«Еңбекші қазақ»

1924 жыл, 24 март, № 183

162

Ғабит МҮСІРЕПОВ


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал