Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



жүктеу 3.09 Mb.

бет1/23
Дата08.01.2017
өлшемі3.09 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

2

3

УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-7

С 31

Қазақстан Республикасы

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі

Ақпарат жəне мұрағат комитеті

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша шығарылды

Редакция алқасы:



С.Абдрахманов, Н.Асқарбекова, Р.Асылбекқызы,

К.Ахмет, Г.Əбуғалиева, А.Кəкен,

Т.Кəкішұлы, Т.Көпбаев

Құрастырушылар:



Тұрсынбек Кəкішұлы,

Қазақстан Республикасы

ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор.

 

   

     

  Сейфуллин Сəкен: 



С 31    Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазы ғұрт» бас-

пасы, 2013.

 

  Т. 12. – 408 бет.



 

   


 

    ISBN 978-9965-22-434-8

 

  Көрнекті мемлекет қайраткері, талантты жазушы, дауылпаз ақын 



Сəкен  Сейфуллиннің  көптомдық  шығармалар  жинағының 12-ші 

томына  оның  азаматтық  болмысы,  қайраткерлік  қажыр-қайраты, 

туындыгерлік ерекшеліктері туралы əдебиет зерттеушілерінің ғы-

лыми мақалалары мен баяндамалары топтастырылған.

 

 

 



 

 

УДК 821.512.122 



 

 

 



 

 

ББК 84 Қаз-7



ISBN 978-9965-22-434-8 (Т. 12)

ISBN 9965-22-000-Х

© «Қазығұрт» баспасы», 2013


5

Мəжит СЕЙФУЛЛИН

ҚЫРАН ҰШҚАН ҰЯ

І

Мен өзімнің төменде жарияланып отырған Сəкен жайын-

дағы  естеліктеріме  кіріспес  бұрын  оқушыларға  біздің  ата-

ана, туыстарымыз бен туып-өскен мекеніміз турасында аз-

дап əңгіме қозғамақпын. Мен жазушы емеспін. Сөзімнің ар-

тық-кемі болса, оқушы қауымнан кешірім сұраймын.

– Бұл – өмірбаяндық мəлімет қана. Оқыған жұртты қы-

зықтырады деп емес, анықтамалық қажеті болар, керек ет-

кен жолдастар пайдалана жүрер деген оймен осы мəліметті 

ұсынып отырмын.

Қуандық – Қарпық  Қаратоқа  руынан  Мырзамбет  деген 

кісіден  сегіз  бала  болған,  бірі – Ескене.  Ескенеден  Бай-

бек, одан Жаныбек туады. Міне осы Жаныбектен бес бала 

өрбіген:  үлкені  Мұстафа,  екіншісі  Мақажан,  үшіншісі 

Ақмолда,  төртіншісі  Омар,  кенжесі  Оспан – біздің  əкеміз 

Сейфулланың əкесі.

Сейфулланың əкесі Оспан 23 – 24 жасында қайтыс болған-

да,  бесіктегі  Сейфулла  мен  төрт  жастағы  анасы  Шəрбан 

жетім қалған. Оспаннан қалған бұл екі баланы жəне олардың 

мал-мүлкін Мақажан қолына алады да, əкеміз Сейфулла сол 

Мақажанның қолында өсіп, ержетеді.

Əкем 19 – 20 жасында үйленген, Алсай руы ішіндегі Ты-

шамбай дегеннің қызы Жамалды алады. Сəкен де нағашысы 

жақтан,  анасы  Жамалдан  ауысқан  қасиет  көбірек  еді.  Ты-



6

шамбай деген адал, еліне абыройлы, əділ, бір сөзді адам екен. 

Елдің аузында ол бетінен қайтпайтын, қара нардай қайыспас, 

жүзі суық, ызғарлы, жөн-жосық білетін, тілі орамды ер адам 

еді деп айтылады. Сол Тышамбайдан төрт ұл, төрт қыз тараған. 

Ұлдары – Асқар мен Жақай, Əбіш пен Жақия.

Солардың  ішінде  Əбіштің  көп  жері  Сəкенге  ұқсайтын 

еді:  мұрын  бітісі,  мұрты  мен  көзі.  Əбіш  көп  сөйлемейтін, 

сөйлесе тауып сөйлейтін. Домбырашы жан еді. Біздің үйге 

келгенде қазақтың талай-талай ескі күйлерін шертіп беріп, 

ол күйлердің тарихын əңгімелеп беретін.

Əбіштен тараған Рахымжан қазір Алматы облысындағы 

бір мектептің директоры.

Əкемнің  бірге  туған  жалғыз  апасы  Шəрбан  қазіргі  Шет 

ауданындағы  Қаракесек  руының  адамы  Омар  дегенге  ұза-

тылды. Омардың əкесі Тышқанбай. Тышқанбай Тарпаң ба-

ласы. Ол кісіден бала болмады, 1933 жылы дүние салды.

Шешеміз Жамалға үйленісімен Сейфулла жеке отау тігіп 

шығады. Анамыз Жамалдан жеті бала тарадық – төртеуі ұл, 

үшеуі қыз.

Сəкен  (Садуақас)  шешемнің  тұңғышы,  екінші  Мəлік 

(Мəлікаждар), үшіншісі Əбен (Əбумүслім), төртіншісі Мəжит 

(Ғабдулмəжит). Менен кейінгілердің үшеуі де қыз – Рахима, 

Қалима, Сəлима. Рахима тұрмысқа шығып, барған жерінде 

қайтыс  болды,  Қалима  мен  Сəлима  ертеректе,  тұрмысқа 

шықпаған, жас кездерінде дүние салды. Сондықтан сол бір 

үш қарындасымыздан да қалған ешкім жоқ.

Əбен деген менен үлкен ағам да жасында өлген. Сəкеннен 

бала жоқ. Мəліктен бір қыз бар – Күлзағипа, қазір Қарағанды 

қаласында тұрады.

Менің алты балам бар: үшеуі ұл, үшеуі қыз. Олардың жа-

сы кішілері оқуда, жасы үлкендері түрлі қызметтерде.

Сəкеннен соң көп ұзамай əкеміз Сейфолла да, туысқаны-

мыз Мəлік те қазаға ұшырады.

Сəкеннің  бойына  ақындық  өнерді  бала  жастан  құйған 

мөлдір  бастаудың  үлкені,  асылында  біздің  туып-өскен,  кір 

жуып, кіндік кескен жеріміз шығар деп ойлаймын.


7

Біздің  бабаларымыздың,  аталарымыз  бен  əкелеріміздің 

қыс қыстауы, жаз жайлауы Ор, Аба, Көктің көлі деген жер-

лер  еді.  Біздің  қыстау  сол  Абаның  «Қарашілік»  деген  бір 

алабында. Ол бір Сарыарқаның самал да салқын, жазда көк 

шалғынды, ойлы, сулы мүйісі.

Аба мен Ор тауларының арасында Жаман деген кішкене 

өзен, жылға бар. Көктің көлін Мұстафа, кейін оның баласы 

Жəкен қыстайтын еді. Қазір ол жер – совхоз. Ор мен Абада 

да осы күнде біздің Жаңаарқа ауданы совхоздарының мал-

дары жайылады.

Біздің бұрын жаз жайлауымыз болған Сарысу, Есен, Нұра 

өзендерінің  бойларында  не  көп,  көлдер  көп:  Жаманкөл, 

Ағаштыкөл, Сұлукөл болып келеді.

Біздің ауылдардың жайлауының бір шеті Иманақ тауы-

ның  шығыс  жағындағы  Қараөзек  деген  өлке.  Сол  жерге 

май  айында  аздап  егін  салып,  күзінде  сол  егіннің  өнімін 

жинап, өзінше астыққа қарық болып, көшпелі ауылдар кү-

нелтетін.

Сəкеннің туып-өскен ортасы да, мекен жайы да бұл күнде 

құлпыра  өзгеріп,  өркендеп  алға  басты.  Ел  мен  жер  өзінің 

ақын перзентін əрқашан сүйіспеншілікпен құрмет тұтады.

* * *

Бірге туған аяулы ағам Сəкенге бүкіл совет жұртшылығы 



құрмет көрсетіп, 1964 жылы оның жетпіс жасқа толуын бар-

лық жерде атап өтті. Оның жетпіс жылдық мерекесі Алматы-

да, ақынның туған жері – Қарағанды облысының Жаңаарқа 

ауданында аса үлкен салтанат, той болып өтті. Жер-жерде, 

республикада,  облыстар  мен  аудандарда,  ауыл-селоларда, 

жеке коллективтер мен ұйымдарда өткізілген Сəкен салтана-

тының  қорытындысындай,  сол  жылдың  аяғында  ақынның 

туған күніне арналған мереке Отанымыздың астанасы Мос-

квада, колонна залындағы советтің мəдениет қайраткерлері 

мен əдебиетші қауымының үлкен жиынымен түйінделді.



8

Сол  мерекелердің  бəрінде  Сəкеннің  бір  кездегі  револю-

ционер жолдастары – қарт большевиктер, еліміздің белгілі 

жазушылары,  ақынның  қаламдас  достары  жылы  сөздер 

сөйлеп,  Сəкеннің  халық  алдындағы  еңбегіне  жоғары  баға 

берді,  Сəкен  болған  бірсыпыра  жерлерге  ескерткіш  жазба-

лар орнатылды, оқу орындарына оның аты берілді.

Елдің оған деген үлкен құрметін көргенде, оның револю-

циялық жолы, творчестволық еңбегі туралы шығып жатқан 

əрбір  əдеби  жазбаларды  оқығанда,  мен  іштей  зор  қанағат 

сезіміне бөленемін, Сəкен артында қалып бара жатқан біз-

дерге қарап: «Жасымаңдар! Мен советке жақсылықтан басқа 

түк істегенім жоқ жəне совет үкіметінен де тек жақсылық, 

əділдік  күтемін», – деп  қайрат  бере  қош  айтысқан  еді. 

Оның  сол  күткен  жақсылығы  мен  шынайы  əділдік  біздің 

елімізде  қазір,  Ленин  партиясы  Орталық  Комитетінің  дана 

басшылығымен, баянды да берік орнап отыр.

Əкеміз Сейфулланың, анамыз Жамалдың бір кездегі көзі-

нің  ағы  мен  қарасындай  болған  жеті  баласынан  бұл  күнде 

көзі тірісі жалғыз мен екенмін. Сол бір аяулы үлкен жанұя 

атынан, Сəкен атынан, өз атымнан мен бүгін: – Рақмет со-

вет үкіметіне, рақмет лениндік партияға! – деген алғысымды 

адал көңілден айта аламын,

Бір  əке,  бір  шешеден  өрбіген  жеті  баланың  үлкені  осы 

Садуақас  еді.  Садуақасты  үй-іші,  ел-жұрты  еркелете  атап, 

Сəкен деп кетті.

Сəкеннің  өмір  тарихын  жазу  менің  міндетіме  кірмейді. 

Мұны өзінен артық ешкім жаза алмас та деп білемін. Өмірбая-

нын  арнайы  жазбағанымен  де,  өзінің  өткен  күрес  жолын, 

революциялық мектебін, асқан белестерін сипаттаған «Тар 

жол,  тайғақ  кешу»  романында  ол  өмір  жолындағы  өзінің 

өшпес ізін айқын да ақиқат бейнелеп кетті. Менің бұл жолғы 

міндетім  қадірлі  оқушыларыма  өзім  бастан-аяқ  қасында 

болған аяулы ағам Сəкен өмірінің кейбір ғибратты, мағыналы 

көріністерінен, аттамалы түрде болса да, мағлұмат беру.


9

ІІ

Сəкеннің жолы – күрес жолы. Оның сапалы өмірі ыстық-

суығы,  дауылы  мен  толасы  аралас,  рақаты  мен  мехнаты 

алмасқан, аласапыран тартысқа толы өмір еді. Əсіресе 1917-

18 жылдардағы оның Ақмоладағы күрес күндері, 1919 жылы 

Колчактың  азап  вагонынан  қашып  шығып,  Түркістандағы 

Совет өкіметімен жалғасуы əрбір күні хикая боларлық ұзақ 

əңгіме.  Мен  ең  алдымен  сол  бір  кезден  аз-ғана  сөз  қозға-

мақпын.

Əкем Сейфулла екеуміз 1917 жылдың тамызында Ақмола-



дағы  күзгі  жəрмеңкеге  бардық.  Сəкен  онда  сол  қалада  мұ-

ғалімдік  қызметте,  Бірмұхамед  Айбасов,  Жұмабай  Нуркин 

үшеуі бір пəтерде тұрады екен. Бізді олар қуана қарсы алды. 

Əсіресе  Сəкен: «Бүкіл  біздің  ауыл  көшіп  келгендей  болды 

ғой» деп, əкесіне сəлем беріп, қайта-қайта шешеміз Жамал-

дың  жай-күйін  сұрастырып,  мəз-мейрам  болып  қалды. 

Сəкен сол кездегі орыс мұғалімдерінің формасында киінген: 

қара  сюртук,  ақ  жаға,  ішінде  сары  түймелі  семинариялық 

китель,  қара  шашы  тып-тығыз,  бөріктей  дөңгелене  біткен. 

Көздері ұялы, мөлдір, қылшылдап тұрған 23-тегі жас жігіт. 

Əкеміз ауылға қайтарда Сəкен екі адамға – бірі өз шешеміз 

Жамалға, екіншісі бəріміздің ауылдағы кіндік шешеміз Бол-

ған кемпірге көйлек-жаулық, шай, қант, конфет, мейізі бар 

арнайы сəлемдеме жіберді. «Бəріміздің» дейтін себебім: жа-

сы  сексенге  келген,  Атабай  мен  Сатайдың  шешесі  Болған 

бəйбіше кезінде біздің əкеміздің кіндігін кесіпті, кейін Сə-

кеннің де, Сəлима қарындасымның да кіндігін сол кісі кес-

кен. Осы адамды Сəкен елден ерек жақсы көретін еді. Халық-

тың ауыз əдебиетін, ертегі, қиссаларын, тарихи хикаяларын 

жасында  Сəкеннің  зердесіне  құйған  екі  адамның  бірі – өз 

анамыз болса, екіншісі – сол Болған қария.

Ол жылы мен 15-темін, Сəкен: «оқытамын, Мəжитті қал-

дырып  кет»  деп  əкемнен  өтініп,  мені  Ақмолада  өз  қасына 

алып  қалды.  Аз  күннің  ішінде  мен  де  тік  жаға  көйлекті 

белдікпен  буған,  қисық  табан  етікті  қала  жігіті  болдым  да 


10

шықтым. Сəкен қасында мен қалған соң басқа пəтерге шық-

ты. Мені сондағы екі класты орыс мектебіне оқуға түсірді. 

Қазақ жастарынан ол мектепте Жұмабай Орманбаев оқиды 

екен. Сол мектепте сабақ беретін мұғалімдердің ішінде Сə-

кен де бар еді, тағы бір ұмытылмас жақсы адам Говузов де-

ген орыс тілінің оқытушысы.

Сол  бір  кезеңдегі  Сəкеннің  жұмысы  бастан  асады,  күн-

діз-түні  тыныштық  жоқ:  мектептегі  сабағы,  үйдегі  жазу 

жұмысы (сол кезде «Бақыт жолына» деген пьеса жазып жү-

ретін), жиналыстарға қатынасып, сөз сөйлеуі, пікірлес жол-

дастарымен бас қосуы – бəрі-бəрі жарыса өтіп жататын. Бір 

сөзбен айтқанда, сол айлардағы Сəкен Сейфуллиннің, Бəкен 

Серікбаевтың, Абдолла Асылбековтың жəне басқа да қазақ-

тың еңбекшіл интеллигенттерінің сөзі де, ісі де Ақмолада со-

вет өкіметін орнату жолындағы күрес еді. Бұларға жергілікті 

жерде  З.Катченко  сияқты  орыс  большевиктері  қолма-қол 

басшылық етеді, арысы Петроградтан, берісі Омск мен Қы-

зылжардан  астыртын  нұсқаулар  да  келіп  жататын  сияқты. 

Айтыстарының тым қызу өтетінін бірер рет көргенім де бар. 

1918 жылдың қысында Сəкенді іздеп барып жиналыс болып 

жатқан  үйге  кіріп  кеткенім  əлі  есімде.  Дүйсенбаев  деген 

шағын бойлы, шегір, сары кісі сөз сөйлеп, совет өкіметінің 

болашағы  туралы,  бостандық  пен  теңдіктің  жайынан  жап-

жақсы  əңгіме  қозғады.  Сонда  Төлеубай  Нұралин  дегеннің: 

«Адокат Дүйсенбаев неправильно говорит...» деп қызылөңеш 

бола айқайлағаны көз алдымда.

Төргі жақта отырған Сəкен бір мезетте мені көріп қалып, 

қатты ренжіді. Есік күзетіп тұрған біреулерге ескертпе жаса-

ды. «Үйге қайт, жиналысқа бұдан былай келме!» – деді маған. 

Сабақтан бос кезімде Сəкеннің тамағын əзірлеп қоямын, үйді 

күтемін, қала шетінде тұратын неміс əйеліне жудыртуға кір 

апарып беріп, алып қайтамын. Жиналысқа қатыстырмағаны-

мен үйде оңаша қалғанымызда, Сəкен өздерінің жүргізіп жүр-

ген үлкен істерінің ұзын-ырғасын маған сездіртіп те отырады. 

Владимир  Ильич  Ленин  жайында,  большевиктер  партиясы, 

Совет өкіметі туралы жақсы-жақсы əңгімелер айтады.


11

Ақырында,  сол  жылы  Ақмолада  Совдеп  орнады.  Оның 

председателі большевик революционер Бочек деген болды, 

орынбасары Серікбаев, президиум мүшелерінің құрамында 

Сəкен  де  бар. «Жұмысы  енді  азаяды»  деп  жүрсем,  оным 

мүлде қате екен. Совдептің жұмысының көптігі, қиындығы 

сонша,  енді  бұлар  талай  түндерді  ұйқысыз  өткізетін  бол-

ды.  Көктем  туа  мен  өзіміздің  ауылдан  қалашылап  келген 

Ұйтыбек  Жұрқабековпен  бірге,  Сəкеннің  рұқсатымен  елге 

қайттым. «Ауылға  сəлем  айту – деді  Сəкен, – жас  Совдеп 

нығайып алған соң, өзім де елге барып қайтпақшымын, ау-

ылды əбден сағындым» – деді.

Бірақ,  қанша  сағынғанмен,  ауылға  Сəкен  қайта  алмады. 

Бір күні, жазғы бір ертеңгілікте Ақмолада Совдеп құлапты, 

Колчактың  баскесерлері  жер-жерде  ылаң  салып  жатыр 

екен  деген  суық  хабар  бұрқ  ете  қалды.  Сəкеннің  тұтқынға 

алынғанын,  Колчак  сойқандарынан  соққы  жегенін  естідік. 

Зар күйін тартып, от басында уһлеп, жылап шешем отыр. Үй 

ішінде  сыр  бермей,  өзін  қайратты  ұстайтын  əкем  ғана.  Ол 

қасына  ағайыннан  Дəулетпек  Мұстафа  баласын  жəне  мені 

ертіп, Ақмолаға тартты. Үшеуміз алдымен Сəкеннің тұрған 

пəтері  Мұқай  дегеннің  Есілдің  жағасындағы  қоңыр  үйіне 

келіп кірдік. Үй иесі кемпір Сəкенді айтып, басын шайқап-

шайқап  көп  жылады,  колчакшылардың  Сəкенге  көрсеткен 

айуандығын  айтқанында  жүрегімізге  қан  толғандай,  төбе 

құйқамыз шымырлайды.

Сəкендер қала шетіндегі ұзыннан созылған, темір торлы 

терезелері батысқа қараған бір қабатты түрмеде екен. Сырт-

та  əрлі-берлі  күзетте  жүрген  солдаттар  мылтық  кезеніп, 

əрқайсысы  атамын  деп  айбар  шегіп,  түрме  қабырғасына 

жақындатпайды.  Тұтқындар  да  терезеден  ауыл  адамдарын 

көріп қалыпты. Солдат мылтығынан сескеніп, жалтақтап əр-

лі-берлі жөңкіле берген бізге, күзетші солдаттардың үстінен 

баса-көктей келіп Сəкеннің даусы жетті.

– Амансыңдар ма, қашан келдіңдер, кімдер келді? – деп 

қалды. Біз де дауыстап, тіл қатыстық. Сəкен: – Алаңдамай 

берік  болыңдар! – деп  қайрат  беріп  тұр, – біздің  ісімізді 


12

қуып,  əуре  болмаңдар,  бұл – ұрлық-қарлық  емес,  бірдің 

емес, мыңның, миллионның ісі...

Сəкендердің ісін қарайтын «соғыс трибуналының комис-

сиясы» екен, комиссияның бір мүшесі мұсылманнан, Мəнтен 

молда деген екен. Əкемдер өздерінше сол молдаға «қазақы 

жолмен» сөз салып көрген еді. Ол:

–  Қолымнан  келмейді,  бұл  жеке  кісінің  қылмысы  емес, 

Руссиядағы өкімет тағдырына байланысты іс, – депті. Сонда 

да молдекең құрбан айты күні тұтқындар 15 минутқа сыртқа 

шығарылады, сонда көздесіп, тілдесіп қалуға рұқсат болады 

десе керек.

Айт күні абақты айналасы ығы-жығы адамға толып кетті. 

Қолдарына, аяқтарына кісен салынған, арықтап-тұралап, жүдеп-

жадаған,  ақшыл  беттерін  ісік  жайлай  бастаған  тұтқындарды 

далаға айдап шықты. Шынжырлары салдырлап, олар найза бо-

йындай жерде қатар түзеп тұрды. Олар мен ел адамдарының 

арасында  мылтық  кезеніп,  жалаңаш  қылыштарын  ұстап  сол-

даттар мен офицерлер тұр. Танып тұрмын, Абдолла Асылбеков 

тым жүдеп кеткен, аяғын баса алмай, теңселе береді. Шағын 

денелі Бəкен Серікбаев сыр берер емес, шынардың бұтағындай 

қатып қалған, Сəкен екеуі тым қайратты, ызғарлы тұр.

– Елге қайтыңдар, совет өкіметінің тез арада орнайтынын, 

мыналардың күні бітетінін халыққа хабарлаңдар, қош, есен 

болыңдар! Мəжит, сен шешеңе демеу бол! – деген Сəкеннің 

сөздері үздік-үздік естіліп тұрды. Берген тамағымызды алған 

көрінеді, қымызды бермепті. Ұзақ тұрғызбады, тұтқындарды 

мылтықпен  ұрғылай  айдап,  бұғауларын  салдырлатып,  шұ-

бырған топты ығыта қуып қайта алып кетті.

Біз ауылға қайттық. Ішкеніміз у, жегеніміз желім, төсегіміз 

тас  болғандай  күндерді  бастан  өткердік.  Шешеміз  жылай-

жылай көруден қалды. Ақмола жақтан əр алуан дақпырт же-

тіп жатады: Сəкендер Қызылжарда екен, Омбыда азап ваго-

нында  екен  десе  біреулер,  енді  бір  алыпқашты  хабар:  жол 

бойы  атып  тастапты,  қашып  шыққанда  қайта  қолға  түсіп, 

таяқтан өліпті деседі. Жайлаудағы жарқыраған жаздың сол 

жылы қалай өткенін де аңғарғанымыз жоқ.


13

Күз  болды.  Ауыл  тауға  көшті.  Сібірдің  сұрапыл  қысын 

Сəкен  Колчактың  тұтқынында  «азап  вагонында»  өткізді. 

«Гөй-гөйдің күйін тартып, үміт күтіп, біз елде жаттық. Қыс 

өтті, қайтадан жаз келді. Ауыл Аққұдық деген жерде отыр-

ған.  Ауыл  жанында  түйе  көрінбес  дүлей  қараған  бар.  Сол 

қарағаннан  тұрымтайдың  балапанын  ұстап  əкеп,  қойдың 

жабағысына  орап,  қолдан  өсіруді  ауыл  балалары  əдет  етіп 

алғанбыз. Бір күні таңертең мен сондай бір балапанды жем-

деп, шешеміз ұршық иіріп отырған, суыт жүрісті салт атты 

адам келіп, тура біздің үйге ат тұмсығын тіреді. Ділмағамбет 

Жиенбеков деген ағайын екен. Үйге кіріп, сəлемдесіп, жан-

жағына қаранып, шешемнің қасына барып отырды.

– Жол болсын, қайдан келесің, Ділмағамбет?

– Жыландыдан келемін (Самарское деген поселкені жер-

гілікті ел солай атайды), – деді.

– Не хабар ол жақтан?

– Кімнен?

– Менің Сəкеннен басқа сұрайтын кімім бар? – деді ше-

шем.


– Сəкеніңді қазір көрсетсем, не бересің, Жамал? – дейді 

Ділмағамбет күліп.

Біз бəріміз оны бас салып, шын айтасың ба деп, шуылда-

сып қалдық.

– Сəкен анау қырқаның арғы жағында арбамен келе жа-

тыр. Əкеле жатқан Айдабол – Сүйіндік руындағы нағашысы 

Мұқай. Дабыра болмасын, – деп Сəкен мені алдымен жібер-

ді, – деп отыр Ділмағамбет.

Қайдағы  дабыра  болмасын!  Желі  басындағы  биеге, 

белдеудегі атқа, тай-байталға міне-міне жөнелген жұрт Сə-

кенді  қарсы  алуға  лап  қойды.  Ділмағамбетті  жаяу  қалды-

рып,  оның  қара  жорғасын  мініп  Жамал  шешем  кетті.  Бір 

ауыл емес, қанаттас отырған басқа ауыл да сол сəтте естіп 

қалып,  тайлы-таяқтысы  қалмай  Сəкеннің  алдынан  шықты. 

Бүлкек-бүлкек  торы  ат  жеккен  бір  арбалы  келеді.  Жайдақ 

таймен жетіп барсам, арбада екі адам. Божы ұстап отырған 

сары кісі – нағашымыз болуға тиіс. Екіншісі, əрине, Сəкен, 


14

бірақ танып болмайды, қара сақалды. Жыртық шапанды, кө-

нетоз тымақ киген біреу арбадан домалана түсіп, бізге қарсы 

жүрді. Бұл Сəкен еді.

– Сəкенім, айым, күнім! – деген шешемнің даусы кең да-

ланы басына көтерді.

Елге келгенмен, бұл жақ əзір «Колчак үкіметінің» қара-

уында болатын. Сəкеннің өмірі мұнда да қылыштың жүзінде 

болатын.  Сейфуллин  дегенді  іздеуші  отрядтар  маза  берер 

емес. Сəкеннің үйде қонуынан гөрі далаға кетіп, не бұта ара-

сына, не бейіт ішіне түнеуі көбейді.

...Дала  күні  қызарып  ұясына  төмендеген,  жылқы  түнгі 

өріске бет алған кешкі уақыт еді. Қанаттас отырған ауылдан 

біздің  ауылға  құнанға  мінген  жылқышы  Əреш  деген  жігіт 

келді.  Қоласы  түскен  құнаны  ақсаңдап  желіп  келе  жатыр, 

жан-жағына бұрылмай, сезік бермей сөйлеп те келеді:

–  Біздің  ауылға  үш  солдат  қуғыншы  келді,  сені  іздейді, 

Сəкен! Қазір осы ауылға келетін ыңғайлары бар. Мен түсіп 

қалайын, мына құнанға мініп, бой тасала... Беттері суық, те-

зірек  жасырын...  Көздері  шалса,  тура  саған  қарай  шабудан 

тайсалмайды,  сені  жылқышы  екен  десін,  сонау  жылқыға 

қарай бетте.

Үй маңында тұрған бəріміз қатты абыржыдық. Əреш жер-

ге түсе қалып, Сəкен құнанға лезде мінді де, сойыл сүйретіп, 

жылқыға қарай бет қойды. Аяңмен кетіп барады, желсе, шап-

са сезіліп қалатынын біледі. Ауыл арасындағы жылқыға бара 

жатқан  жай  адамның  түрін  көрсетеді.  Сөйткенше  болмай, 

бастарында  елтірі  бөріктері  бар,  мылтық  асынып,  қылыш 

байланған Колчактың үш баскесері əлгі Əреш келген ауыл-

дан шығып, біздің ауылға шауып келді. Ауылға кіре сала:

– Сейфулланың үйі қайсы, Сəкен Сейфуллин қайда? – деп 

ығырып айбар шекті. Біздің үйдің есігі түрулі тұрған. Үшеуі 

де шауып барып, ашық тұрған есіктен үй ішіне көз жіберісті, 

əрі қарады, бері қарады. Бірақ аттарынан түспеді. Заты Колчак 

баскесерлері үйдің ішіне кіруге, бой салып тінту жасауға, не 

дегенмен, қорқатын сияқты. Өздерінің уақытша əмірші еке-

нін сезеді, халықтың жасырын күшінен тайсақтайды. Үйге 


15

кірмегені  жақсы  болды,  кірсе,  тінту  жасаса,  Сəкен  оқыған 

большевиктік бағыттағы газеттерді, листовкаларды, журнал-

дарды, маркстік кітаптарды көріп қалулары да ықтимал еді. 

Олар: «Сейфуллинді тауып беріңдер, ол осында қашып кел-

ген» деп əлек салды. Біз: «Сейфуллин деген келген жоқ, ол 

Омскіде түрмеде болса керек»... деп жауап бердік.

Қаншама сұрастырып, түк шығара алмағаннан кейін, кол-

чакшылар  болыстың  ауылын  сұрады.  Біз  оларға  болыстың 

ауылын  нұсқадық.  Əлгілердің  Нілді  болысының  ауылына 

қарай тартқан жолында Ит азу деген қырқаның бауырында 

жатқан жылқыға қарай бет қойғанын көріп, зəреміз зəр түбі-

не  кетті.  Бірақ  Сəкен  жылқы  ішіне  кірісімен,  құнанды  қоя 

беріп,  жаяулап  барып,  бұта  арасына  жасырынған  көрінеді. 

Баскесерлер солайша, Сəкенді таба алмай өтіп кетті.

Сол үшеуі бірнеше күн бойы Нілді болысына қарайтын 

ауылдардан кетпей қойды. Бір күні болыс хабар жіберіпті:

– Сəкенге айтыңдар, үшеуіне пара беріп, аттандырып сал-

сақ қайтеді, – депті.

Сəкен  сондай  қысылтаяң  кезде  де  байсалды,  сабырлы 

қалпынан ауған жоқ.

– Пара беретін мен ұры-қары емеспін, – деп болысқа сəлем 

айтты. Елдің, қауымның тауқыметін ескерген болыс Колчак 

жалдаптарына  Сəкен  осында  келіп  еді  дегенді  айта  алмаса 

керек. Бұл оқиға осылай аяқталды. Бірақ мұндай оқиғаның 

табанда қайталана беруі ықтимал еді. Сəкеннің өмірі оқтың 

аузында,  қылыштың  жүзінде  болды.  Сондықтан  одан  ары 

ауылда жата беруіне болмады.

Жаз  өтіп,  күз  келгенде  Тарақты,  Тама  деген  рулардың 

Шу бойына көшетін ауылдарына ілесіп, əкеміздің бөгеннен 

құйрығы  түскен  шолақ  жиреніне  мініп,  Сəкен  Əулиеата 

қаласына (қазір Жамбыл) бет қойды. Ол жақта – Совет өкі-

меті. Бүкіл ауыл болып, біз оны сарғая күтіп сағынған Совет 

өкіметіне қарай шығарып салған едік.

Ағайын ішінде ізгі жақсы жандар да көп. Сонымен бір-

ге,  дəулетті  ағайындар  арасында  пиғылы  нашар  адамдар 

да  кездесуші  еді.  Дəулетті  ағайындарға  Сəкен  сөз  салып, 


16

ұзақ жолға мініске жарайтын ат сұрастырды. Бірақ отарлы 

жылқы  иелерінің  ешқайсысы  ат  майын  беруге  жарамады. 

Колчактың қашқынына ат беруден қорыққан да болар, мал 

жандылық психология тағы бар.

Сонымен, Сəкен əкеміздің жалғыз шолағына мініп, ауыл-

дан жүдеу аттанды. Жирен шолақтың өзін де жол бойы, бір 

түнде ұрылар қағып кетіпті.

Сол кеткеннен Сəкен ауылға 1920 жылдың мартында қа-

сына төрт қызыл əскер ертіп, совет өкіметінің өкілі ретінде, 

салтанатпен  оралды.  Əлгі  ат  бермеген  бай  ағайындар  бұл 

жолы Сəкенге бір ат сұраса, екі ат беруге əзір еді. Солардың 

осыншалық  төменшік  халін  айтып,  Сəкен  өз-өзінен  күліп 

отыратын еді. Ондай адамдардың түр-сиқын, мінез-құлқын 

өзінің  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романында  ақын  сықақтап 

жазды.


Ауылда  он  күн  болғаннан  кейін  көп  адаммен  Сəкендер 

Ақмолаға кетті. Онда жас совет өкіметінің күтіп тұрған қыз-

меті, Колчак лаңының кезінде уақытша үзілген, енді қайта 

жандандыруды керек етіп тұрған игі істер бар еді.




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал