Бағдарламасы бойынша шығарылды. Құрастырған жəне алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 5.61 Kb.

бет1/22
Дата09.01.2017
өлшемі5.61 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7– 4
Н 86
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды.
Құрастырған жəне алғы сөзін жазған 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Серік Негимов
Нұрқатов А.
Н 86  Шығармалары: Айқын Нұрқатов.– Алматы: “Ана тілі”   
          бас пасы ЖШС,  2013.             
 Т. 2.–384 б.
  
ISBN 978–601–251–086–7
Ғалым-сыншы Айқын Нұрқатовтың шығармаларының 2 томы-
на  бір  шоғыр  əдеби  зерттеулері  берілді.  Мұндағы  ұлы  Абай  мен 
жыр  алыбы   Жамбыл   поэзиясын  талдай  тарқатқан   пайымды 
толғамдары, сондай-ақ ақын Ақан сері өлеңдері, қазақтын белгілі 
қаламгерлері С.Мұқанов,  Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, Ə.Нұрпейісов, 
Х.Бекқожин, И.Байзақов,  Т.Жароков, Ж.Саин, Д.Əбілев, З.Шашкин 
шығармаларының қалың қатпарларына терең бойлай əрі сараптай 
таразылаған зерделеу еңбектері енді.
ISBN 978–601–251–086–7                           УДК 821.512.122 
ISBN 978–601–251–084–3                            ББК 84 Қаз 7– 4
© Нұрқатов А., 2013
 © “Ана тілі” баспасы ЖШС, 2013

5
АҚАН    СЕРІ   ҚОРАМСАҰЛЫ 
(1843-1913)
Халқымыздың өткендегі өнер иелерінің ішіндегі ең бір 
ерекше, айқын тұлғалардың бірі – атақты ақын, асқан 
әнші-композитор Ақан сері. Ақанның әдеби мұрасының 
да мәні ерекше. Оның жастықты, махаббатты жырлаған, 
әлеуметтік мәселелерді, замана, дүние жайын толғаған, 
адамгершілік пен достықты суреттеген ғибрат өлеңдері 
мен толғауларының қазақ әдебиеті тарихында белгілі орны, 
салмағы бар.
Ақан Көкшетаудың күнбатыс жағында жетпіс-сексен 
шақырым жердегі Қоскел жағасында туған. Ақанның атасы 
Жарқынбай Қарауылдың байы болған. Өз әкесі Қорамса да 
сауда-саттықпен айналасқан деседі. Ақанның шын есімі – 
Ақжігіт. Туған-туыстары оны еркелетіп Ақан атандырып 
жіберген.
Ақан он үш жасқа келгенше Бұқардан оқып қайтқан 
Күнту  деген молдадан мұсылманша дәріс алады. Бірақ 
дүмше молданың балдыр-батпағы сергек ойлы, ұғымтал 
баланың көңілін дауалатпайды. Ақыры, молдамен бір 
шариғатқа таласып, таяқ жеген соң оқуды тастап кетеді. 
Осыдан былай Ақанның жігіттік, серілік өмірі басталады. 
Ол әсем киініп, жүйрік ат мініп, ілгір қыран, алғыр тазы 
ұстайды. Қасына небір өнерлі жігіттерді ертеді. Ел аралап 
сауық-сайран құрады, ән шырқап, жыр шертеді, сейіл-
серуенге, саятшылыққа беріледі. Осылайша қалың 
Қарауылдың құлақ құрышын қандырған әсем әншісі, жиын-
тойдың гүл-көркі болып жүрген шағында Ақан Шомат 
қожаның Бәтима деген қызына құштар болады. Ақыры, 
ол Бәтимаға үйленеді. Бәтимадан оның бір ұл, екі қызы 
болады. Ақанның бұл жалғыз ұлы тілсіз, мылқау болып 
шығады. Он шақты жыл отасып тұрғаннан кейін Бәтима 
дүние салады. Әлі жастық жалыны басылмаған, көңілі 
қайтпаған Ақан серілік салтынан тыйылмайды, қайта оны 
үдете түседі. Құлақ естір жердегі жақсы ат, алғыр құсты өз 

6
қолына алады. Құлагердей жел жетпес жүйрік те Ақанның 
тақымына осы кезде  келіп тиеді. Ақан қарауылдың атақты 
сұлуы Ақтоқтымен көңіл қосады. Ақанның серілік, ақындық 
атағын жүйрік Құлагердің даңқы да өсіре, асыра түседі. 
Арғын ішіндегі Алтай руының бір асында Құлагер үш жүз 
аттан жеке-дара озып келеді.
Осылайша мерейі үстем болып, даңқы шартарапқа 
кең жайылып тұрған шақта, Ақан өмірінде бірсыпыра 
өзгеріс болады. Неліктен екені бимағлұм жайлармен 
Ақан Ақтоқтыдай арумен араздасып қалады. Ол енді 
Тінәлі қажының қызы Ұрқияға ынтық болып, ғашықтық 
сырларын шертеді. Ақыры, ол Ұрқияны алып қашып 
үйленеді. Бірақ онымен ұзақ өмір сүре алмайды. Үш-төрт 
ай бірге тұрғаннан кейін Ұрқия шешек ауруынан қайтыс 
болады. Бұған қоса, Ақанның жақсы көрген бір інісі 
өледі. Сөйтіп, қайғыға уланып, қасірет шегіп жүрген Ақан 
Ақтоқтысына қайта оралады. Ақтоқты мал берген ақсақ 
біреуге ұзатылғалы жатыр екен. Бірақ ол Ақанға өкпе-
назын кешпейді, Ақтоқтының көңілін суытпақ болып Ақан 
зілді өлең шығарады. Бірақ Ақтоқты сонда да илікпейді. 
Сүйікті аруынан айырылуы Ақанды ауыр мұңға батырып, 
тебіренте толқытады. Жүрегін махаббат қасіреті меңдеген, 
өкініш-ыза, айықпас арман кернеген Ақан оған тағы да 
талай-талай шер-сырларын арнайды:
Ақтоқты, кеткенің ба шыныменен, 
Бал бердің талай жерде тіліңменен. 
Басыңды сары мида кесіп алып, 
Өмірше даулассамшы құныңменен. 
Дарияның қайраңындай қалқа бала,
Зарлап ән шырқаймын мұңымменен!
Сұм тағдырдың соққысына Ақан бұдан кейін де талай-
талай ұшырайды. Ақтоқтыға байланысты оқиғаға бір 
жыл шамасы уақыт толған шақта Керей Сағынайдың асы 
болады. Соған өзінің «Құйрығынан құс тістеген» саңлағын 
Ақан да апарады. Сол астағы бәйгеде 323 аттың алдында 
жұлдыздай ағып, зымырап келе жатқан Құлагерді Батыраш, 
Қотыраш деген байлар соққыға жықтырып, мерт қылады. 
Бұл қастандық Ақанды айықпас азаға салады. «Сандал 
керінің» мойнын құшып ол ағыл-тегіл еңірейді. Ақыры, 
жүйрігінің басын кесіп алып, кебіндеп жерге көміп, жылай-
жылай өзінің Көкшетауына қайтады.
Тап осы жылы Ақан «Қара торғай» атты алғыр қыраны 
мен «Базар ала» деген құмай тазысынан да ада болады. 

7
Сөйтіп, Ақтоқтыдай аяулы аруынан тірі ажырасқан, жел 
жетпес жүйрігі мен алғыр қыранынан өлі айырылған 
Ақан енді басқаша бір жұмбақ күйге ауысады. Отыздың 
өріне шығып қалған Ақан серілікті, сауық-думанды тастап, 
өзімен-өзі болады, рухани медеу іздейді. Жұрттан бойын 
аулақ ұстап, дарашылдыққа бой ұра бастайды.
Сол кездегі қуыс кеуде, парықсыз әкім-ұлықтар, ойсыз 
тоңмойын топастар Ақанның бұл тылсым күйлерін, 
трагедиялы тағдырын түсінбейді, қайта оны ғайбаттап небір 
жат сыбыстар, аңыз-лақаптар таратады. Оны ел көзіне 
есінен ауысқан, алжасқан жан ретінде танытуға тырысады. 
Тіпті «Ақан перінің қызына үйленіпті-міс» дегенді де 
шығарады.
Жасы елуден асқан шағында Ақан алдынан үміт сәулесі 
елес бергендей, жаны жасарғандай болып қайта серпіледі. 
Кіршіксіз таза махаббатты, әсемдікті беріле, шабыттана 
жырлай бастайды. Ол қарауыл ішінде сұлулықпен аты 
шыққан үш қызға ғашық болып, соларға арнап «Үш тоты» 
деген атақты әнін шығарады. Ол үш қыздың ішінен он алты 
жасар Жамалға Ақанның ықылас-көңілі, әсіресе, қатты 
ауады. Оған «Қалқа бала» деп ат қояды. Жамалға деген 
сүйіспендік сезімдерін алғаш іштей іркіп жүрген Ақан 
кейін көңіл сырларын ашық ақтаруға, жұрт алдында паш 
етуге ауысады:
Қыздарды мен не қылам қылаң-сылаң? 
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам? 
Жаңартқан өмірімді Қалқа бала, 
Басы – жем, ортасы – мим, аяғы – ләм.
Ақан  сұлу қыз көрсе болды,  ғашық боп, жастық 
аңсарына салына берген жадағай, жайдақ жан емес. Ол 
махаббатты асқақ идеал тұтып ардақтай да, оның әділ 
төрешісі де бола білген. Өзінен жасы әлдеқайда кіші 
Жамал көз салып, мойын бұрмасын және өзі де оған лайық 
еместігін Ақан жақсы сезген. Бірақ ол арманы сүйіспендік 
сырларын шертуден жалықпаған. Әрі Жамалдан бұлт жуық 
екенін аңдаған, әрі «лашынға лайық» оны «бөктергіге қор 
болып» кетуге қимаған сері бір сәт былайша да толғанады:
Тал бойың Құлагердің сағағындай, 
Тамағың піскен ала сабағындай. 
Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз, 
Иегің ителгінің тамағындай.

8
Ішінде өз жұртыңның еркелейсің, 
Айдынның  ау қайырған шабағындай. 
Осынша жүрегімді жандырғанша, 
Ұл боп тусаң нетеді қарағым-ай...
Ақан Жамалға арнап басқа да көптеген өлеңдер 
шығарған. Солардың барлығы осындай іңкәр да құштар, 
саф мөлдір махаббат сырларына, кіршіксіз таза сезімдерге 
толы. Бұлардың ішіндегі ең айтулысы, нағыз нәзік те 
сыршылы – «Сырымбет». Ыстық қимастық сезімдерге, 
айықпас мұң-шерге, терең жан күйзелісіне толы асқақ та 
зарлы әні бар бұл өлеңін Ақан Жамалдай жас ару қалың 
малға ұзатылғалы жатқанда шығарған.
«Сырымбет» – ақынның жастық, сүйіспендік тақыры-
бына арнаған ақырғы өлеңі, ең соңғы жүрек жарды сыр-
лебізі. Оның бұдан кейінгі өлең-толғаулары көбінесе 
замана жәйін толғауға, атамекен-қонысты, жолдастық 
пен достықты, әлеуметтік мәселелерді жырлауға арналған 
болып келеді.
Ақан алпыс жастан асқан кезде туып-өскен мекені 
Қоскөлден, Сарыкөлден айырылады. Сөйтіп, ата 
қоныстан тықсырылған ол Сасықкөл деген жердегі 
бір күйеу баласының қолына көшіп барады. Әрі жеке 
басының трагедиялы күйлерін көп кешкен, әрі әлеуметтік 
теңсіздіктер тақсіретін көп тартқан Ақан өмірінің соңғы  
шағында тағы  да  тылсым, жұмбақ мінезге ауысады. 
Қасында тек жалғыз мылқау баласын ғана ұстайды. Сары 
уайымға салынып, қасірет теңізіне батқандай, өзінің мұң-
наласын тау-тасқа, жел-құзға, айдын көлдің толқынына 
ғана үнсіз шерткендей болады. Осылай жүріп ол ауруға да 
шалдығады. Ақыры, 1913 жылы жетпіс жасында Ақан дүние 
салады.
Ақан шығармашылығының мол да құнарлы бір саласы— 
жастық, сүйіспендік тақырыбына арналған лирикалық 
өлеңдер. Әрине, ақынның әр шығармасы дәл қай жылы, 
қашан айтылғаны немесе шығарылғаны бізге белгісіз. 
Сөйтсе де сол шығармалардың сыр-сипатына, тақырыптық 
мазмұнына және Ақанның өз өмір өткелдеріне, 
жанастылығына қарай олардың туу кезеңдеріне долбар 
түрінде болса да меже қоюдың орайы бар сияқты.
Әрине, Ақан шығармашылығының алғашқы кезеңіндегі 
туындыларының дені жоғарыда аталған махаббат, жастық 
жайындағы өлең-толғаулардан тұратындығы даусыз. 
Сонымен бірге, бұл тақырып ақын шығармашылығындағы 

9
желілі, өзекті сипат та сездіреді. Осы алуандас ән 
өлеңдерінің ең соңғысы – «Сырымбет» Ақанның өмір-
баянына байланысты айтылған да болатын. Ақанның 
«Ғашыққа», «Ақиық пен ақ түлкі», «Сұлу қызға», «Гауһар-
жақұт», «Ақ көйлек», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Ғашық 
жарға» сияқты өлеңдері кезінде оның өз көңіл-күйлеріне 
байланысты туғанмен, кейін олар бүкіл дала жасының 
сүйікті шығармаларына айналып кетеді. Бұл өлеңдер тек 
тақырыбы ғана емес, сонымен бірге бүкіл рухы, тынысы 
жағынан да ұқсас, сабақтас. Бірінде толғаған сүйіспендік 
сырлар, жастық аңсарлары, жігіттік наздары екіншісінде 
тағы да қайталанып, толыға да тереңдей түсіп отырады.
Ауыз әдебиетінде бұрыннан бар дәстүрлі суреттеу 
тәсілдерін емін-еркін, мол пайдаланғанымен Ақан махаббат 
тақырыбын жырлағанда көбінде ақындық қатынасын, өз 
жүрегінің лүпілін сездіріп отырады. Осы тұста ол өзінің 
шеберлігін, халық поэзиясындағы суреттік орамдарды 
орайлы түрде, жайната да жаңғырта қолдануға оңтайы 
барлығын да даусыз танытады. «Ақ көйлек» атты өлеңінде 
Ақан сұлу қыздың сипатын былайша береді:
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
 Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған. 
Сексен қыз серуенге шықса дағы, 
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған. 
Қаумалап қанша дұшпан келсе дағы, 
Қалқажан айтар сөзден тартынбаған. 
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген, 
Лашын құс не болады талпынбаған? 
Көз салып жаман қызға не қылайын, 
Киіздей бейнесі жоқ қарпылмаған.
Ақан сүйіктісінің сұлулығын, ажар-көркін осылайша 
түрлендіре, құлпырта отырып суреттейді. Әрине, Ақан 
қыздың мүсін-тұлғасын сырттай қызықтаудан, жалаң 
әсемдікті жырлаудан аулақ. Ол қыздың сыртқы ажарын, 
кескін-келбетін, бой-сұлулығын суреттеуге тұтастай 
арнаған осы өлеңнің өзінде де сол сүйіктісінің жақсы 
бір мінезін, яғни «қанша дұшпан қаумалап келсе дағы, 
айтар сөзден тартынбас» ашықтығын, тапқырлығын, 
сабырлылығын қоса аңғартады.
Әрине, Ақан өлеңдеріндегі мұндай сарындар оның 
«Қызды айтқан, қызықты айтқан қыздырма» ақын емес, 
дегдар да шынайы махаббаттың жыршысы болғандығын 
көрсетсе керек. Профессор Е.Ысмайылов жоғарыда 

10
аталған мақаласында Ақан серінің махаббат лирикасына 
талдау жасай келіп, былай деп жазады: «Әйел қауымын 
ардақтап, оның жан сезімінің сұлулық, ақылдылық 
сипаттарын шебер суреттей жырлайды, жүректен шалқып 
шыққан ғашықтық жалынды сезімдерді жырлайды». Бұл 
пікірге біз де қосыламыз. Сонымен бірге, Ақан болжалсыз 
да буалдыр, неғайбыл сезімдерді, тілсіз түйсіктерді ғана 
жырлап қойған ақын емес. Біздіңше, Ақан үшін ең басты-
сы – сол бір алабұртқан, алуан қилы сезімдерге бөленген, 
толқынған, соларды өз басынан кешірген адам және оның 
тағдыры. Ақанның Жамалға арнаған ұзақ бір өлеңінде 
мынадай жолдар бар:
Мақбубым, ақылың дана, көңілің биік 
Жаманға бере алмаспын көңілім қиып, 
Сырт күйік болмайды екен бір сағаттай
Қалмаса іштегі отқа жүрек күйіп.
Бұл жолдар Ақанның махаббат тақырыбын қаншалықты 
биікке көтеріп, әрі терең тебіреніспен жырлағанын тағы да 
айқындай паш ете түседі.
Ақан әйел теңдігі мәселесінде қазақтың ағартушы-
демократтары көтерілген биікке жете алған жоқ. Ол мұндай 
жүйелі мақсат ұстанбаған да. Бірақ Ақанның сүйіспендікке 
беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін ардақтайтын 
тамаша ән-өлеңдері дала жасының жүрегін оятқаны, 
оларды өздерінің адамдық қасиеттерін қастерлеуге және 
сол үшін күресе білуге ұмтылдырғаны даусыз. Ақан жас 
қыздың сүйгеніне баруын, теңіне қосылуын қостап, оның 
тағдыры жайында толғанып, жырлап қана қоймаған. Ел 
арасында, халық аузында сақталған кейбір аңыз-әңгімелер 
оның теңіне бара алмай, зар илеген талай жастың 
трагедиялы тағдырына арашашы, соның мұң-шерінің 
жоқшысы болғандығын да аңғартады. Өзінің «Балқадиша» 
атты тамаша әнін Ақан осындай жағдайда, өлмелі шалға 
ұзатылғалы жатқан жас аруға ара түсіп, соған жаны ашып 
шығарған.
Ақанның махаббат, жастық тақырыбына арналған 
шығармаларының ішінен «Торыны таңға байлап мінген 
қандай?», «Тағырыпың» атты өлеңдері арнайы талдауды 
қажет етеді. Бұлардың алғашқысы белгілі сюжетке 
құрылған,  Ақын лирикалық  кейіпкерінің  басынан 
 
кешірген хал-халеттерін, көңіл-күйлерін сұрай, арнау 
ретінде шебер де әсерлі баяндайды:

11
Торыны таңға байлап мінген қандай? 
Үкілі әсемдетіп жүрген қандай? 
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып 
Сыбанып ақ білекті түрген қандай? 
Сөз салып қалқажанға жеңгесінен, 
Құрбыңмен сыпайы ойнап күлген қандай? 
Ишарат әзілменен сөз қатысып, 
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай? 
Күнінде уәделі қалқажанның 
Сылантып сал торыны мінген қандай? 
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп, 
Жүгіртіп сайлау жермен желген қандай? 
Бір сайға торышаны байлап тастап, 
Тұсына ақбоз үйдің келген қандай? 
Алаңдап алабұртып тұрғаныңда 
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай, 
Келдің бе ебін тауып қалқашым деп, 
Боз үйге есік ашып кірген қаңдай?..
Махаббат, жастық тақырыбын жырлағанда Ақан 
ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі суреттеу тәсілдерін мол 
қолданатындығын жоғарыда кезі келгенде атап өткен едік. 
Бұл, әрине, оның халық поэзиясымен етене жақындығын, 
тамырластығын көрсетеді. Сонымен бірге, Ақан бұл ретте 
басқа елдердің аса ірі ақындарынан да үйренбей, тағлым 
алмай қоймаған. Біз мысалға келтірген «Тағырыпың» өле-
ңінде де сүйіспендік сырларын шерте келіп, ғашықтықты 
жырлау өте ертеден, әріден келе жатқанын ашып айтады:
Ғашықтық – мен шығарған мирас емес, 
Жүсіп пен Зылихадан үлгі қалған. 
Ізденіп Баһрам да Гүландамды, 
Михнатпен ақырында сүйтіп алған. 
Көп жүріп, жаһан кешіп Сейфулмәлік, 
Жамалды Иранбақтан іздеп барған. 
Ғашықтық майданында шаһит болып, 
Боз жігіт Әнүз үшін қандай болған.
Бұлардың зар тартқаны – Ләйлі, Мәжнүн, 
Ізденіп ақырында маңсап қонған. 
Зияда-Қорлығайын, Фархад-Шырын, 
Бұл күнде хабарым бар сондай жаннан.
Осы өлеңнен Ақанның Шығыстағы атақты ақындардың 
шығармашылығымен жақсы таныс болғанын, олардың 
ғашықтық дастандарын үлгі көріп, қадір тұтып оқығанын 
көреміз және оның өзі де риясыз анық айтады.

12
Ақанның Шығыс әдебиетімен байланысы оның шығар-
машылығының құнарлы бір сипатын, нәрлі тамырын 
танытады. Бір кезде кейбір ұшқалақ әдебиетшілер Ақан 
шығармаларының осы қасиетін кемітуге, мұны оның 
ақындық өнерінің міні, теріс бағыттылығы етіп көрсетуге 
тырысты. Олардың қайсыбірлері, тіпті ұлы Абайды да 
классикалық Шығыс әдебиетінің әсерінен бөле-жарып, 
даралап алмақ болады Бұл, әрине, ғылыми жағынан жалған, 
қате де ағат пікір еді. Шындығына келгенде, өткендегі 
қазақ ақындарының Шығыс әдебиетімен, көршілес елдер 
халықтары поэзиясымен байланысын, шығармашылық 
алмасуларын елемеске, ескермеске еш болмайды. 
Өйткені  бұл белгілі бір тарихи кезеңде әдебиетіміздің өсу 
тенденциясына ерекше мол әсер еткен шығармашылық 
факторлардың бірі.
Шығыстың Фирдоуси, Низами, Навои сияқты жыр 
алыптарының қазақ поэзиясына тигізген әсері кенеулі де, 
кең де. «XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің Абай, Шәңгерей, 
Шәді, Шортанбай, Ақан сияқты ірі ақындарын еске 
алсақ, бәрінен де Әлішер ғазалдарының, дастандарының 
айқын сырларын сезіп отырамыз»,  деп жазады академик 
М.Әуезов. Осы пікірді Ақан сері туралы мақаласында 
Қ.Бекхожин де қайталайды. Шынында да, Ақан 
шығармашылығында шығыстық сарындар бірсыдырғы 
мол ұшырасады. Ақанның шығыс ақындарынан үйренгені 
оның сүйіспендік тақырыпқа арналған шығармаларының 
рухынан, тынысынан, әсіресе, айқын сезіледі және бұлайша 
тағлым алуы да жарасымды.
Ақан шығармашылығында оның жастық, махаббат 
 
лирикасының алатын орны ерекше. Ол махаббаттың 
алабұртқан қызу құштарлық, күйіп-жанған ыстық сезім, әр 
алуан түйсік, әсер ретінде жырлап қоймай, сүйіспеншілік 
тақырыбын таза да биік идеал, асқақ арман дәрежесіне 
көтереді. Ақан махаббаттың қуанышты, жарқын сәттерін 
де, трагедиялық сыр күйлерін де терең тебірене жырлады. 
Тұтастай алғанда, оның поэзиясынан сол кездегі дала 
жасының сүйіспеншілік әсер сезімі, түсінік дәрежесі, 
махаббаттық тілек-мұрат толық, жан-жақты көрінеді. 
Ақанның өзімен тұстас бірсыпыра ақындардан негізгі бір 
ерекшелік сипаты да осында.
Ақан – тек албырт жастықты, махаббатты ғана жырлап 
қойған ақын емес. Бұл тақырыпты өз шығармашылығында, 
әсіресе жасы ұлғайған ел ағасы болған шағындағы 
шығармаларында халықтық сарындарымен ұластырмай, 

13
ұштастырмай кете алған жоқ. Бұл заңды да. Өйткені 
өзі де сұм тағдырдың соққысын көп көрген, әлеуметтік 
теңсіздіктерден талай зәбір-жапа шеккен Ақанды 
туған халқының аянышты халі, трагедиялы тағдыры 
толғантпауы, күңіренте күйзелтпеуі мүмкін емес те еді. 
Ақан шығармашылығындағы мұндай сарындар оның 
озбырлыққа қарсылық, замана тақырыптарына арналған 
шығармаларынан әсіресе анық сезіледі.
Озбыршылыққа қарсылық рухын аңдататын өлең-
толғауларын Ақан өмірінің соңғы кезеңінде жазған тәрізді. 
Бұл тарихи шындыққа да орайлас.
Ақан шығармашылығындағы патшалық озбыршылыққа 
қарсылық сарындары халықтың осындай наразылығымен 
ыза-кегі астасып, ұласып жатқандығы даусыз. Патшалық 
жуан жұдырық, тоңмойын ұлықтар, ұр да жық әкімдер 
Ақанның өзінің де атамекенін тартып алғанын жоғарыда 
айтқан болатынбыз. Туып-өскен қонысын қайтарып алмақ 
болып Ақан Көкшетау қаласындағы уездік ұлықтарға 
талай-талай ат сабылтады да. Бірақ ештеңе өндіре алмайды. 
Осыдан кейінгі мұң-зарын, қарсылығын ол енді домбыра 
әуенімен, ащы жырымен тербейді.
Атап айтуға тұрарлық бір жәйт – Ақан шығарма-
шылығындағы озбыршылыққа қарсылық идеясы оның 
өз атамекенінен айырылуына ғана байланысты тумаған. 
Ақанның бізге мәлім өлең-толғауларында оның қонысынан 
тықсырылып қалуынан туған наразылығын, ыза-кегін 
тікелей танытатын белгі-бедер соншалықты айқын 
байқала бермейді. Керісінше, озбыршылықтың ауыр 
зардаптарын Ақан бүкіл халықтың трагедиясы ретінде 
жырлайды. Сонымен бірге оның шығармашылығындағы 
қайшылықты сарындар да оның осы тақырыпқа арналған 
шығармаларынан анық сезіледі.
Ақанның кейбір өлеңдері оның алғашқыда патшаның 
өзінен мархабат, әділет күткенін көрсетеді. Патша да, сенат 
та алыста, Петерборға жете алмаймыз. Әйтпесе барып арыз 
етсек, қазіргі ауыр халімізді көрсе, бізді аяр еді, неткен 
сорлы халық деп, «көз жасын тия алмай» жылар еді, деген 
пікірімен Ақан:
Шеттен келген төрелер порым қылған
Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап.
Петербордан шапағатты сенат келсе,
Патшадан жарлық алып Құдай қалап
Қазақ үшін қайғырып жылар еді,

14
Ол мейірбан ер болса ұялмай-ақ.
 Қайдан қыңыр ес қылған халық ед деп,
Көз жасын қайтер еді тия алмай-ақ, –
дейді.
Бұл өлең зұлматтық атаулының бәрін туындатып жатқан 
патшаның өзі мен жергілікті билеп-төстеуші шенеунік, 
әкімдер екенін оның әлі де түсінбегендігін көрсетеді. Әрине, 
мұны саналы түрде ұғынуға Ақанның хал-қадыры жетпеді 
және жетуі мүмкін емес те еді. Бұл ретте оны кінәлаудың да 
орайы жоқ тәрізді.
Ақанның бұл тұстағы өлеңдерінен патшалық езушіліктің 
қазақ халқына жасаған небір зұлмат сұмдықтарының 
шынайы елестерін көреміз.
Ақанның жігіттерге, әсіресе қадап, шегелеп айтатын 
өнегесі – жолдасқа опасыздық жасаудан, дау-шарға килі-
гіп әуре-сарсаңға түсуден аулақ болу. Өйткені Ақанша, 
қазақтың түбіне жетіп, сау басына сақина салып жүрген 
кесапаттар дәл солар.
Су шықпас қазғанменен тау басынан, 
Қазақтың дау кетпейді сау басынан. 
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса, 
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
Уақыт рухын, заман ағысын өзінше барлап ұғынбақ 
болған, халқының тағдыры, болашағы жайында әр алуан 
ойға шомған Ақан осы сарындас басқа да шығармалар 
жазды. Солардың ең көлемдісі – жоғарыда аталған «Заман 
ағымы» атты ұзақ толғау өлең.
Бұл шығармасында Ақан өзінің шартты түрдегі 
кейіпкеріне, яғни заман адамына мінездеу жасайды. Ақан 
оны:
Жұпар мен гүл майының исін білмес, 
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны. 
Іші зұлмат болған соң, керегі жоқ, 
Қаншама болса дағы жүзі нұрлы
 
,-
деп суреттейді. Бұдан әрі Ақан оның өтірік білгішсініп, 
батырсынып қоқиланатындығын, пәле іздеп, жанжал 
қуатындығын, ешнәрсе ілмесе де, сұңқармын деп 
кеуде қағатындығын өткір ажуалайды. Осы тұрғыдан 
алғанда, Ақанның суреттеуіндегі заман адамы – Абай 
шығармаларында соншалықты терең, жан-жақты көр-

15
сетілген қулар мен сұмдардың, пысықтардың ағайыны, 
солардың бір сүлдері.
Ақан шығармасында заман адамының атын атамай, 
бастан-аяқ тұспалдап кете бермейді. Жинақтап айтып, 
жалпылама жырлайтын ақын әрі-беріден соң тіл уытын 
кімге төгетінін сездіріп тастайды:
Қайтсем пайда қылармын деп нашардан, 
Осы күнгі жақсылар құрар айла. 
Жарты ақысын сіңірер о деп, бү деп, 
Нашарлар қызмет қылып жүрсе байға, 
Көңілінен шықпасаң – күнің қараң 
Байдың ісі бара-бар найзағайға. 
Бірі баймен балғалас, сөзі бір боп, 
Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.
Шынында да, барлап қарағанда, Ақанның заман адамы 
деп отырғаны – осы би, болыстар мен байлар, ауылнайлар 
екендігіне  ден қоймасқа болмайды. Сонымен бірге,  бұл  
өлең  әлеуметтік теңсіздіктердің сырын,  әкімшілік иелері-
нің нашарларға жасайтын қиянат-зорлығын Ақанның өз 
өресі жеткен дәрежесінде көре білгенін және соны сынға 
алып шенейтіндігін де жақсы аңғартады. Ол қиянат дүниесі 
иелерінің барлығы бірегей «балғаластығын», олардың ымы-
жымы бір екендігін де дұрыс сезінген.
Ақан байлардың нашарларды қалай қанап езетіндігін, 
бұл жолдағы олардың, әккілігі мен қулық-сұмдығын да 
тапжылтпай тани білген:
Ендігі бай әуелі нашарды жер, 
Нашарды көрсе aнтұрған сөйлейді кер. 
Бір нашар ақша қарыз сұрап барса, 
Берейін қызметке маған жүр дер. 
Ауысып бір нәрсесі жүрген болса, 
Сұрағанда шығарар маңдайдан тер. 
Қолында жоғын білген соң тым жабысар: 
«Қызмет қыл, я болмаса, малыңды бер!» 
Басын сатып ала алмай бір кірген соң, 
Осыменен қор боп жүр нешелер ер.
Өз кезіндегі қорқау құлқынды дәулеттілерді Ақан 
 
«қайыры жоқ, көк қарын жаңа бай» деп айтады. Ол баяғы 
замандағы малма тымақ, жуан қоныш, сасық бай емес. 
Ол байыған үстіне баюды көздеп аласұрған, ақша ұстап 
саудамен айналысқан, туып келе жатқан капиталистік 
қарым-қатынастардың лебін сезіп, ыңғайын бағып, аңысын 

16
аңдыған бай. Осы өзгерістер оның іс-әрекетінен, мінез-
құлқынан, пейілінен де анық көрінеді:
Бір нашардың қарасы көрінгенде, 
Ендігі бай қашады анадайдан. 
Бұл күнгі байға сүйткен кісі жағар: 
Отын кесіп, шөп шауып, малын жайған. 
Тіліп алып бармаса жұмысына, 
Жазғы тұрғы бурадай адырайған. 
Сөзі түгіл, ойынан шыға алмасаң, 
Жүріп пәле іздейді әлдеқайдан. 
Атын мініп, ақшасын ұстағандар 
Өз бетімен жүре алмас қылып сайран. 
Ақша ұстап, сауда қылар ырымдай қып,
Бай жұмсап жүрсе дағы құлындай қып. 
Базарға барған сайын пайда бер деп 
Тапсырар ұстаушының құнындай қып.
Әкімдер мен ұлықтардың халыққа салған лаңын, байлар 
мен билердің нашарларды жегідей жеп қанап жатқанын 
өз көзімен көріп тебіренген, зорлық-зомбылық пен алдау-
арбаудың асқынып қабындауынан жүрегі шайлыққан Ақан, 
бірауыз: «Дүние аз күншілік пани жалған, басыңнан қайғы 
кетпес туғаннан соң» деген сияқты торығу сарындарына да 
ауысып кетіп отырады. Дүниені опасыз санап, байлар мен 
билерден, ауылнайлардан безіне түңілгенде Ақан қайда көз 
салады, нені тілге тиек етеді? Бұл ретте Ақанның көбірек 
ауызға алатын, айналсоқтап айта беретіні – өткен заман, 
ата-бабалар жолы, бұрынғының адамдары. Ақан қазақтың 
ескі бағы заманынан көтере жырлаудан, бұрынғының 
адамдарын «ниеті бұлтсыз күнгі таңдай» әділ, ақ ниетті еді, 
байлары қайырымды, мырза еді деп суреттейді.
Осы ретте, яғни өз кезіндегі байлар мен билердің, 
болыстардың зұлымдығын, қиянатшылдығын ашып 
көрсетіп сынағанмен, өтіп кеткен өмірге, ескі дәуренге 
алаңдап, артына қарайлай беруі жағынан алғанда, Ақан 
Шортанбаймен де ара-тұра жақындасып, қоян-қолтық 
келіп қалады. Бірақ үңіле, барлай қарағанда, Ақанның 
оған ұқсамайтын жағы, өзгешелігі де көп. Шынтуайттап 
келгенде, өткен өмір, бұрынғының адамдары Ақанға 
жалпылама, әйтеуір, қымбат емес. Ақан кескіні тек ескілік 
өткен дәурен ретінде аңсап сағынудан аулақ. Ол мұндай 
тараң мүддеден биік жатыр.

17
Араздарды келтіріп татулыққа, 
Ынтымақ ізденетін ата-бабаң, –
деп жазады Ақан. Оның ұғымынша, бұрынғы байлар 
қайырымды келіп, нашарларға «ат, сауын беріп», 
«дастарқанын тергеусіз» ұстап мырзалық жасайтын болған. 
Міне, ата-баба да, бұрынғының адамдары мен байлары да 
Ақан назарын өздерінің осы «қасиеттерімен» аударады. 
Ақанның осыларды осылайша суреттеуі, мадақтап 
көрсетуі– оның тая соғып қателескені, қайшылыққа 
ұрынғаны. Бірақ, қайталап айтамыз – соның өзінде де 
Ақан бұрынғы заманды, оның адамдарын шартты түрде 
әрі қарапайым халыққа, яғни ақын тілімен айтқанда, 
нашарларға жайлы болуы, мархабаты тиюі тұрғысынан 
ғана аңсап жырлайды. Осы өлшемін Ақан өз тұсындағы 
байларға, дәулеттілерге де қолдануды ойлайды. Сондықтан 
ол:
Қайыр, ықсан, қылмаса пақырларға, 
Пайда жоқ бір тиындай жиған малдан, –
деген тоқтамға келеді.
Сөйтіп, қорыта айтқанда, әлеуметтік мәселелері, 
заман, дүние жайындағы шығармаларынан Ақанның 
сол құбылыстарды өз тұрғысынан барлап айтқан ой-
топшылауларын да, қайшылықты, жаңсақ та теріс мезеттер 
мен халықтық кейбір сарындарды да қоса аңғарамыз.
Ақан шығармаларының бірсыпырасы өз кезіндегі 
қауымға, әсіресе, жастарға тікелей ғибрат айтуға арналған. 
Оның мұндай өлеңдерінің негізгі тақырыбы – жақсылық 
пен жамандық. Өмірден көргені мен түйгені көп ақын 
топшылауларын жастарға тағлым ретінде тартуды, оларды 
жақсы нәрсеге үндеп, жаманшылықтан сақтандыруды 
мақсат еткен сияқты. Оның осы сарындас «Асыл мен 
жасық» атты өлеңіне жоғарыда тоқталып та өткен едік. 
Мұнда ой нәрлілігімен бірге, алғыр тапқырлық та танытады.
Жігіттің көз тоқтаттық қандайына? –
Шешеннің тәңір берген таңдайына. 
Батырдың қайрат берген жүрегіне, 
Малдының ырыс берген маңдайына.
Міне, өзінің өнегелі ойларын осылайша көркемдік 
кестесіне бөлеп бере білген.
«Асыл мен жасық» негізгі тақырыбын ақын өзінің 
«Жақсы мен жаман» атты екінші өлеңінде толықтырады

18
тереңдете түседі. Мұнда ол өзінің жақсы, не жаман деп 
тапқан құбылыстарын талдап, сап-сабымен баяндайды. 
Олары көбінесе былайша болып келеді:
Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі аларлық сөз қалмайды...
Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, 
Ер жаңылып етегін басқан жерде. 
Жаманға жазатайым ісің түссе, 
Қабысып қалады екен  аспан жерге. 
Жамандар көре алмаған қылады өсек, 
Лайық заманында асқан ерге. 
Шапса да қанша жүйрік бедеу озар, 
Болмайды кім үмітті қосқан жерде. 
Билер көп жұрт алдында тысырайған, 
Жол табар көсем қайда қысқан жерде?! –
Өзінің өнеге-өсиетін жалаң, жадағай айтпайды. Ол 
жақсы һәм жаман құбылыстарды салыстыра, қарсы қоя, 
тіпті өзінің қатысын білдіре отырып жырлайды. Сондықтан 
да оның ғибраты өтімді де өткір,  бейнелі  болып  келіп  оқушы 
жүрегінен тез жол табады. Жақсы жігітке лайық қасиеттер-
ді бас-басына санап тізіп, жарқырата  көрсеткенде,  оның 
негізгі  бір  нысана  көздегенін байқаймыз. Бұл оның «жұрт 
алдында тысырайған», мақтан сүйгіш қуыс кеуде билерден 
таусыла түңіліп, безіне жиреніп «жол табар көсемді» іздеуі, 
соның болуын аңсауы. Біздіңше, Ақан қысылшаң шақта ел 
бастар сол көсемді армандап қана қоймай, соның туатынын 
үміт еткен де тәрізді. Оның жігіттерге жол нұсқап, ғибрат 
айта беруінің де негізгі сыры осында.
Ақанның «Тағырыпың» атты өлеңінде мынадай жолдар 
бар:
Ізденіп жар таппағың қиын жұмыс... 
Тең тауып, жар алғанның кемі бар ма, 
Сұңқардай тұғырдағы тоғыз түлер.
Серілік сапарында жүрген шағында махаббаттың қызуы 
басылмас жалынын, жастықтың жан жадыратып, көңіл-
күйін келтірер қуанышын шабыттана жырлаған Ақан енді 
егде тартқан кезінде осылайша байсалды да салқын ақылмен 
лайық жар тауып ала білу керек деген өнеге айтады. Ол 
«Жаман қатын», «Жақсы қатын» атты өлеңдерін де осы 
мақсатпен шағарған.

19
Бұл өлеңдерінде Ақан жақсы әйел мен жаман әйелдің 
әрқилы сипаттарын береді, олардың мінез қылығын, білім-
парасатын салыстыра суреттейді.
...Таусылды күні-түні ет пен шай деп, 
Қонақтың қыстай келген бәрін санап, 
Көжені көп ішеді оңашалап, 
Құрдай боп үсті-басын сары-алалап. 
Бәрінен сөйлегенде қалыспайды 
Сүйреңдеп алды-артын жанасалап. 
Немесе:
Сыпырмас үйдің ішін киіз қағып, 
Eш уақыт шаруа қылмас отын жағып. 
Тазалық үй ішінде болмаған соң
Байында қадыр, баға қалар нағып.
Міне, Ақанның осылайша жерлеп, қазбалап, міней 
суреттеп отырған әйелі – Абайдың «Қатыны мен 
Мысықбайындағы» салақ әйелге айнымай ұқсайды, соның 
апасы, яки сіңлісі сияқты.
Ақан жағымсыз қылықты әйелді мінеп қана қоймайды. 
Сонымен бірге, ол басқаларға үлгі боларлық жақсы әйелдің 
бейнесін жасауға ұмтылады.
Ақ жүзді қатын алсаң бойы сұңғақ, 
Қасыңа шақырғанда келсе  зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең  шығып, 
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ. 
Қара қас, жазық маңдай, қара көзді, 
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді, 
Мінезі майға еріткен қорғасындай, 
Келсең де ерте кешке бір мінезді.
Ақанның суреттеуінде жақсы әйел тек сұлу көркімен 
ғана емес, ерке де ойнақы қылығымен, сыңғырлаған әсем 
даусымен, жан жадыратар жайдары мінезімен, сабырлы 
парасаттылығымен тұтас, жарқырап көрінеді. Ақан 
жігіттерге осындай жар таңдай біліңдер десе, қыздарға 
нақ осындай сүйікті де сүйкімді болыңдар деген емеурін 
танытады. Сөйтіп, ол ғибраттылық қалпына тағы да 
ауысады. «Бұл сөзім – бәрі өсиет құлақ салса», – деп мұны 
Ақанның өзі де аңғартады.
Жүйрік ат мініп, алғыр қыран ұстаған Ақанның бірқатар 
шығармалары атбегілік, саятшылық, мергеншілік жайына 
арналған және олардың  көпшілігі тікелей ақынның өз 

20
басына байланысты болып келеді. Солардың ішіндегі ең 
әсерлілерінің бірі – «Құлагер».
Мейлінше қайғылы, зар сарынды әні бар бұл өлеңін 
Ақан жел жетпес жүйрігі – Ереймен тауының бауырында 
қара жүрек жаулардың қолынан мерт болғанда шығарған. 
Өлеңнің әнін де, сөзін де аса ауыр жан күйзелісі, терең 
тебірену үстінде бірден шығарып айтқан Ақан оған  кейін 
де қайталап, оралып отырған сияқты. Өйткені, өлеңнің 
кейбір шумақтары жүйрігін бәйгеге қосып, күткен, 
алабұртқан, шыдай алмаған әрі жаманат хабарды сезгенде 
рухани күйікті, небір трагедиялық халдерді сәт-сәт басынан 
кешірген адамның тап сол сәттегі бейнесін танытса, ал 
қайсыбір шумақтар өтіп кеткен оқиғаны кейін еске алып 
баяндау ретінде жазылған тәрізді әсер қалдырады:
«Құлагер» өлеңінде Ақан өзін адамның қат-қат көңіл-
күйлеріне, жан түкпіріне үңілгіш те сезінгіш, сергек 
суреткерлігін танытты. Бұл өлең шыншылдығымен, 
психологиялық мезеттерінің тереңдігімен әсерлі. Онда 
жазықсыз зәбір көріп, қайғы шеккен, күңіренген үлкен 
жүректің айықпас мұң-зары бар.
Өлеңде Құлагердей жүйрік аттың сыны, оның нағыз 
тұлпарға лайық тұлғасы, көз тойдырып, көңіл ұялатар мүсіні 
де өзгеше бояу нақыштарымен, сергек қимылға толы, лып-
лып еткен динамикалы күйде берілген. Осындай аяулы 
жүйрігін, «бота тірсек, қыз сағақ сандалкерін» Ақан тек ер 
қанаты ретінде емес, иесі Атығай, Қарауылдың аты ретінде 
жоқтайды. Бұл да сөз жоқ, өлеңнің құндылығын арттыра, 
тынысын тереңдете түседі.
Ақанның саятшылық тақырыбына арнаған шығар-
маларының ішіндегі ең тәуірі, зор шабытпен, үлкен 
шеберлікпен жазылғаны – «Мылтық пен мергеншілік». 
Өлеңнің бас жағында ақын жақсы мылтықтың сипатын 
береді және соны асынып, сахараға аңға шығудың 
қызығын баяндайды. Бұдан әрі ол іздеген аңын атып алған 
мергеннің асығыс қимыл-қозғалысын, өзіне-өзі дән разы 
болып, масаттанған көңіл қошын соншалықты шынайы да 
нанымды бейнелейді.
Ақын шығармашылығына жасалған азды-көпті талдауды 
тамамдар алдында «Ақанның соңғы сөзі» атты шығармаға 
арнайы тоқталуды ләзім деп білеміз. Өйткені атынан 
да аңғарылып тұр, бұл өлеңінде Ақан өзінің өмірлік, 
өнерпаздық жолына белгілі дәрежеде байлау, қорытынды 
жасамақ болған тәрізді:

21
Бір дауа тарқасыншы арман-дертім, 
Қалдырдым жігіттерге сөздің артын. 
Жақсыға жасын сынап, кәміл айтып, 
Байлайық тиянаққа істің шартын, 
Бұларға үлгі берген өзі   сауап 
Қымбаттың арзанымен білер нарқын.
Кейінгіге сөз қалдырған, жастарға үлгі берген, өнеге-
өсиет айтқан Ақан өзінің дертті екенін, арманын өлең-
жырмен ғана айықтыратынын да қоса аңғартады. Ол 
мұндай күйге ұшырауының да сырын жасырмайды:
Көлденең көмейіме сөзім тоқтап, 
Басылған талай жаннан біздің қарқын.
Бұл жолдар кеудесін кернеген күрсіністі көп сырларын 
Ақанның емін-еркін айта алмағанын және билеп төстеуші 
жуан жұдырық топастар оның шабытын тұмшалап, тежеп 
отырғанын танытса керек. Беймезгіл дәуірде өмір кешкен, 
рухани соққыға көп ұшыраған Ақан трагедиясының негізгі 
бір тамыры осында болатын.
Осы өлеңінде Ақан ақын туралы, оқушы туралы 
тақырыпқа да жол-жөнекей соғып кетеді:
Оқушы айтушыдан болсын зият, 
Ақыл, ғылым, пиғылдың білсін парқын.
Оқушысының ақылды, білімдар, парасатты әм сергек 
ойлы болуын қалаған Ақан ақынға да аса зор талап 
қойылатындығын жақсы түсінген:
Берерге ғылым жазып адам керек, 
Біреу – мыс, біреу – қола, біреу – алтын... 
Сырлы сөзбен үлгілі жауап айтпай, 
Надандар қай сөзімен болар ақын.
Ғылыммен шұғылдану екінің бірінің қолынан келе 
беретін жеңіл-желпі іс емес екендігін, бұл үшін соған 
лайықты адам қажеттігін ұғынған Ақан ақындық өнерге, 
әсіресе, мол талап жүктейді. Ол поэзияның әрі идеялы, 
яғни үлгілі әрі сырлы, яғни көркем болуын көздеген. 
Шығармашылығында дәл Абайдың эстетикасындай 
нәрлі де өрісті, жүйелі идеялық-көркемдік принциптер 
ұстанбағанымен, бұл ретте де Ақанның Абаймен тілсіз 
табысып, үндесіп жатқанын байқау қиын емес сияқты.
Жоғарыда айттық, шығармашылық жолын қоры-
тындылаған шығармалардың бірі болғандықтан, бұл 

22
өлеңінде Ақан өзі бұрын да толғаған, жырлаған қайсыбір 
тақырыптарға тағы да қайталап оралады. Оның, әсіресе, 
ден қоя, беріле шабыттана толғайтыны – адал да айнымас 
достық. Бұл тақырыбын ол бұрынғыдан да гөрі тереңдете, 
толықтыра түсіп, оған әлеуметтік астар бере отырып 
жырлаған:
Сыр шашпас жақсы жолдас таза жүріп,
 Қайғыға ортақ болар мойын бұрып. 
Тастамас жау қолында қысылғанда,
 Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп... 
Айнымас, кетпес толқып, жаннан қорқып, 
Бәйгеге басын тігіп қалар тұрып. 
Құзырға қырық кісінің бірі жарар, 
Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып.
Ақан достықты екі адамның арасындағы айнымас 
жолдастық, жақындық, бір мақсаттылық ретінде ғана 
суреттемейді. Оның жырлауында достық бұдан әлдеқайда 
кең мағынада. Ақан достықты халық ұғымындағы басқа 
да жақсы қасиеттермен байланыстыра, сабақтастыра 
жырлайды және бойынан сондай мінез-сипаттар табыла-
тын адамдарды мадақтайды. Түптеп келгенде, Ақанның үміт 
еткендері де жан түкпірін, жүрек жарды сырларын ақтара 
ашып, ғибрат сөздерін арнағандары да – солар. Сөйтіп, 
өз шығармашылығының жиынтығы, жастарға арнаған 
соңғы сөзі сияқты бұл туындысында Ақан бұрынғы өлең 
толғауларының ең таңдаулыларында анық танытқан жақсы 
сипаттардан танбағанын, тая соқпағанын, қайта соларды 
өрбіте, жетілдіре   түскенін көрсетеді.
Ақаннан қалған мұраның ішінде оның Мәшһүр 
Жүсіппен және Нұрқожамен айтыстары да бар. Ақан 
айтыстарын көбінесе импровизация түрінде емес, 
сәлем хат ретінде жазып шығарған, оның айтыстары 
әлеуметтік терең мәнділігімен де, көркемдік келісімімен 
де ерекшеленіп, оқшау танылмайды. Сондықтан олар ақын 
шығармашылығында бедерлі із қалдыра да алған жоқ.
Ақанның шығармаларында өзіндік өрнек нақыштар 
да, ауыз әдебиетінде хас дәстүрлі тәсілдер де, Шығыс 
ақындарының  ғашықтық  дастандары мен жыр-ғазелдерінен 
ауысқан сарындар мен көркемдік әдіс-амалдар да мол 
ұшырасып, аралас-құралас болып келеді. Оның өзі тұстас 
басқа көп ақындарға онша ұқсай бермейтін творчестволық 
өзгешелігі де осыдан келіп шығады.

23
Ақынның өлеңдерінде эпикалық сарын мүлдем аз, 
лирикалық саз басым. Оның шығармалары көбінесе 
терең сезімге, психологиялық шындыққа, өмір, дүние 
туралы авторлық тебіреністер мен топшылауларға толы 
болып келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақынның екі түрлі 
өлеңінен мысал алып қаралық:
Жұпар жел мас боламын самалыңа, 
Туып ең нұр безеніп заманымда 
Сағымдай жазғы тұрғы тасқын ұрып 
Қарасам көз алмасар жамалыңа...
Керілген қас пен кірпік атқан оқтай, 
Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай, 
Шер болып еш жібімес менің кеудем, 
Хасіретпен жұмарланып жатыр доптай...
Қардан ақ, қаннан қызыл ет пен бетің...
Иықтан қолаң шашың гүл талданып...
От сөнсе жүректегі жанып тұрған, 
Сорғанда тілден ләззат мейір қанып.
Немесе:
Қаршыға әлсіз болса, қаз қалмайды.
Ер жігіт малсыз құлаш  жаза алмайды.
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар
Әр адам өз әлінше базарлайды.
Бұл келтірілген үзінділерден жырлап отырған 
тақырыбына, шығармасының мазмұны мен сипатына 
қарай, соларға меңзес ақынның өнерін құбылта құлпыртып, 
көркемдік бояу реңктерін сәт-сәт жаңғыртып,   өзгеше   
өрнек-нақыштарға   ауысып  отырғанын көреміз. Мұның 
бәрі Ақанның шеберлігін, оның тілінің суреттілігі мен 
молдығын тағы да анықтай, айқындай түспек.
Ақанның ақындық стиліне ерекше хас қасиеттердің 
бірі – оның тұспал суреттерді, бейнелі ауыстыруларды 
жиі қолданатындығы. «Біздің көңіл қайда жатыр» деген 
өлеңінде  Ақан көңіл тоятын, жүрек аңсарын аңғарта келіп:
Гүл шарақ, жасыл бояқ жайлауында, 
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр, –
деп жазады. Мұнда Ақан ешкімге әлі беті ашылмаған қыздың 
жан тазалығын, адалдығын, уыз балғындығын бейнелі түрде 
аңғартқан. Бұл өлең бастан-аяқ осындай бейнелі тұспалмен 
жазылған. Саф сұлулықты, шынайы әсемдікті жырлаған 

24
нәзік сезімді Ақанның ақындық стиліне  лайығы, орайласы 
да осы еді.
Ақанның өлеңдерінде поэтикалық метафоралардың, 
эпитеттер  мен  теңеу-салыстырулардың да небір  түрлері 
мол ұшырасады. Ол тұрақты эпитеттерді, дәстүрлі теңеу-
лерді жиі пайдаланумен бірге өз тарапынан да ізденгіштік, 
тапқырлық таныта біледі.
Ақан поэтикалық метафораны, әсіресе, оның ұлғайған 
түрін мол қолданады. Мәселен:
Оралдың мен ақиық сыраңдағы 
Сен, сәулем - қызыл түлкі қырандағы. 
Қия тас қиынына кетсең дағы, 
Қамшылап қанатымды бұрам дағы.
Поэтикалық метафораның мұндай түрлері Ақанның 
жастық, ғашықтық тақырыбына арналған өлеңдерінде өте-
мөте көп ұшырасады. Ақан гиперболаны да көп қолданған. 
Оның әсірелеуі көбінесе мынадай болып келеді:
Аспанда құс естісе дауысыңды, 
Шыбындай көкірегінде жаны қалмас. 
Бір көрсе жүгірген  аң дидарыңды, 
Жүрерге аяқ басып халі қалмас... 
Дарияға ағып жатқан суға түссең, 
Бойында гүлденбеген талы қалмас, 
Басына Қап тауының шығып тұрсаң, 
Дүниенің иістенбей желі қалмас.
Әрі халық поэзиясының қайнарынан мол сусындаған, 
әрі Шығыс ақындарынан көп тағлым алған Ақан өмір 
құбылыстары, өзінің асқақ та терең сыр-сезімдерін жеткізе 
бейнелеу қажеттігі туғанда әсірелеуді орнымен әрі шебер 
пайдалана білген.
Ақанның өлең толғауларында психологиялық парал-
лелизм де жиі ұшырасады. Ол мұны халық поэзиясына тән 
шешендікпен, тапқырлықпен ұластыра отырып қолданады:
Жігітті шешенсінген дауда сына, 
Мақтаған қыран құсты ауда сына, 
Қарып тоқта әркім-ақ үйде батыр, 
Жігітті батырсынған жауда сына.
Білінер жер жақсысы қыс келгенде, 
Көрінер көлдің көркі құс келгенде 
Кімнің алыс, жақыны сонда ашылар –
Басыңа қиын-қыстау іс келгенде.

25
Ақанның поэзиясынан аракідік шендестірудің де кейбір 
үлгілерін табамыз. Қас наданның қараңғы көкірегі қайтсе 
де аңғармайтынын ол мынадай қарама-қарсы суреттер 
арқылы аңғартады:
Көк құтан мойын созып қаз болмайды, 
Шөл, құмайт көк шалғынды саз болмайды. 
Пасықтың пиғылы – лас, қараңғылық
Тұрса да шілде туып жаз болмайды.
Әрине Ақан шығармашылығының көркемдік табиғаты, 
оның шығармаларының тілдік, стильдік ерекшеліктері 
бұл айтылғандармен, осындай азын-аулақ байқаулармен 
шектеліп те, сарқылып та қалмақ емес. Әрі бұрынғы әдеби 
дәстүрлерді жете баураған, әрі өзіндік сипаттары мол Ақан 
поэзиясының көркемдік қасиеті аз-мұз, там-тұм пікірдің 
аясына сыймайтындығы хақ.
Ақан мұрасының негізгі бір салмағы оның композитор-
лық өнерінде. Оның бірде қазақтың шалқар  даласындай– 
кең тынысты, мол үнді асқақ, бірде адамға, сұлулыққа, 
әсемдікке деген құштар ынтызарлыққа толы нәзік те 
сыршыл, біресе азалы өкініш пен ызаны, аяулы арман 
мен мұң-шерді шертетін лирикалық тамаша әндері талай 
уақыт бойына халқымыздың рухани серігі болып келеді. 
Ақан әнін сүймейтін, оны мейірлене, емірене тыңдамайтын 
бірде-бір қазақ баласы жоқ десе болғандай. Бұл әрине, оның 
музыкалық мұрасының тамаша көркемдігін, әсерлілігін де, 
халықтық сипатын да толық танытады.
Зерттеушілердің айтуынша, Ақан жиырмадан  астам 
ән шығарған. Ақанның әндері халық арасынан әлі түгел 
жиналып болмағанын ескерсек, оның музыкалық мұрасы 
бұдан да гөрі қомақтырақ, молырақ болса керек. Қазақтың 
басқа халық композиторлары сияқты Ақан да әндерінің әрі 
музыкасын, әрі сөзін өзі шығарған. «Сырғақты», «Жамал 
қыз», «Балқадиша», «Кербез сұлу», «Гүлдерайым», «Көк 
жендет», «Маң-маң кер», «Нұрила», «Шәмшиқамар», 
«Қызыл гүл», «Іңкәр-ай» сияқты әндері тек тамаша 
музыкасымен ғана емес, сонымен бірге сөздік мәтіндерінің 
мағыналығымен, айқындығымен де құнды. Сондықтан 
олар да Ақан поэзиясының мол да ерекше бір саласын 
құрмақ. Бұл ретте біз ақын Ақанды композитор Ақаннан 
бөліп алып, қарама-қарсы қоюдан аулақпыз. Қайта, 
орайлы, оңтайлы жерінде оның әдеби және музыкалық 
мұрасын тұтас алып, салыстыра зерттеген жөн. Өйткені 
Ақан өнерінің бұл екі қыры өзара сабақтас та тамырлас, 

26
көп жағдайда бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп отырады. 
Рас, соңғы кезге дейін халық арасында Ақан ақындығынан 
гөрі композиторлығымен, әншілігімен мәшһүр. Әрине, бұл 
үшін Ақан кінәлі емес және бұдан оның әдеби мұрасының 
маңызы күңгірт тартып, көлегейленбейді де. Тіпті сол 
құлақ құрышын қандырар, жан сергітер тамаша әндерін 
былай қойғанда, өзінің ақындық шығармасымен де, Ақан 
халқымыздың мәдениеті тарихында да елеулі орын алмақ.
Ақанның әндері мен өлеңдерінің халық арасына кең  
таралып, соншалықты сүйікті болып кеткендігі ел аузынан 
жазылып алынып, ақын шығармаларының С.Сейфуллин 
құрастырған жинағына енген мына өлеңінен мейлінше 
анық сезіледі. Автор ең алдымен Біржанды дәріптейді де, 
екінші өлеңінде Ақанның жайына ауысады:
Тағы  да үздік шыққан адам бері, 
Зарланған сырлы мінез Ақан сері. 
Зарлы әнмен, көркем күймен, шерлі өлеңмен 
Шарықтап өрлеп көкке шыққан шері...
Шырқайды Ақан әнін ой мен қырда
Жайылған қазақ түгіл, қыр мен Сырға 
Ақанның «Сырымбетін» башқұрт қызы 
Ырғалтқан Мәскеуде Үлкен театрда...
Көпшілік талай әнге онша бақпай, 
Отырған талай әннің бірі жақпай, 
Салғанда Ақан  әнін башқұрт қызы  
Әлеумет тыңдап қалған кірпік қақпай.
Сол сында Ақан әні пар іздеді, 
Көлдегі аққу әні тәрізді еді. 
Ақанның «Үш тотысы», «Сырымбеті», 
Таң қылған естігенді Парижде де...
Ақан қазақтың халықтық музыкасын, әншілік өнерін 
соншалықты мол байытты, жаңа белеске көтерді.
Ақанның бізге жеткен әдеби мұрасы – біркелкі мол 
әрі өзгеше көркем, өзгеше туынды. Заман рухынан сол 
бейуақыттың сипатынан туған кейбір қайшылықты 
мезеттеріне қарамастан, елінің мұрасының әдебиетімізде 
өзіндік орны, белгілі салмағы  бар.
Ең соңғы өлеңдерінің бірінде Ақан:
Санамен салмақтаған ер табылса, 
Айтылмай неге қалсын менің атым, –
деп жазған еді. Өз шығармашылығы жайында ол туралы да 
әділ айтыпты. Рухани өнерді аса қадір тұтатын халқынан ол 
өзін терең танып, жоғары бағалаған шын мұрагерін тапты. 

27


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал