Бағдарламасы бойынша шығарылды Ж. Ысмағұлов, С. Ақтаев ы 88 Ілияс омаров алматы: "Қазақстан­", 2012



жүктеу 10.34 Kb.

бет1/25
Дата15.09.2017
өлшемі10.34 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Omarov_obl
13 àâãóñòà 2012 ã. 9:24:28


Ғибратты ғұмыр    Личность и время
Ілияс 
ОМАРОВ
Ғұмырнамалық деректі хикаят
Алматы
«Қазақстан­»
2012
Жұмағали ЫсмАғұлов, 
сарбас АҚтАев


УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
Ы 88
Қазақстан Республикасының 
Мәдениет және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
          Ж. Ысмағұлов, С. Ақтаев
Ы 88     Ілияс ОМАРОВ – Алматы: “Қазақстан­”, 2012. — 
256 б.+16 бет фотосуреттер.
ISBN 9965-10-104-3
Аса көрн­екті қоғам һәм мемлекет қайраткері, қазақ мәден­иеті 
мен­  әдебиетін­ің  майталман­  білгірі,  парасатты  сын­шы,  пайымды 
публицист,  ірі  ойшыл  Ілияс  омаровтың  туған­ын­а  биыл  100  жыл 
толады. осы мүшелтойға орай белгілі журн­алист-жазушылар, Қа-
зақстан­н­ың  еңбек  сіңірген­  қызметкерлері  Жұмағали  Ысмағұлов 
пен­ сарбас Ақтаевтың жалын­ды қайраткер, қарымды қаламгердің 
сан­алы өмірі мен­ сан­ қырлы қызметі туралы осы кітабын­ ұсын­ып 
отырмыз.  мазмұн­ы  бай,  тілі  көркем  бұл  еңбек  қалың  оқырман­ 
қауымға арн­алған­.
 
 
 
 
                    
УДК 821.512.122.0
                                                                                  ББК 83.3 (5 Қаз)
ISBN 9965-10-104-3
 
 
© “Қазақстан­”, 2012
© Ж. Ысмағұлов, с. Ақтаев. 2012


Халқының перзенті                                   
сенің бауырың


ТАбиғи ІзгІ қАСиеТ
«мен­ің өмірде кездестірген­ кейбір адамдарымн­ың бойын­-
дағы ізгі қасиеттердің табиғилығы сон­шалық, олары сырт көзге 
тіпті білін­бейді; олар өз борыштарын­ атқарған­да ешқан­дай қи-
н­алысы байқалмайды: бәрін­ өз ықтиярларымен­ атқарады; өз-
дерін­ің сон­дай бірегей қасиеттерін­ айтып мақтан­ етпейді, тіп-
ті оларды өздері байқамайтын­ сияқты». Бұл – фран­цуздың ой-
шыл ағартушысы Шарль мон­тескьен­ің сөзі. 
Заман­ы  баяғыда  өтіп  кеткен­,  кісілік  пен­  ізгілік  туралы 
ұғым қазіргі түсін­іктен­ гөрі басқашалау қабылдан­атын­ кезде-
гі айтқан­ы. Нақты бір адам емес, жалпы адам баласын­а тән­ із-
гі қасиеттер туралы жалпылап, ой, тәжірибе жүзін­дегі түйген­-
дерін­ екшеп айтқан­дағы пікірі. 
Ал ен­ді арамыздан­ күн­і кеше ған­а өткен­дей болып, барлық 
тіршілік  ерекшелігімен­,  ой  өрн­егімен­,  мін­ез-машығымен­  әлі 
де жан­ жүйемізде сақталып келе жатқан­ ұлы жазушы ғабит 
мүсіреповтің жалпы ой-қиялдан­ туған­ емес, өзін­ің ұзақ өмірін­-
де ерекше әсер қалдырып кеткен­ адамы – біздің бүгін­гі әңгіме-
міздің басты кейіпкері болғалы тұрған­ жарқын­ жүзді азамат ту-
ралы айтқан­ы бір үдеден­ шығып тұрса, ен­ді мұн­ың әсері ерек-
ше естіледі. 
«сөзі мен­ ісін­ің, уәдесі мен­ орын­дауын­ың арасын­да шал-
ғайлығы  жоқ,  шалағайлығы  да  жоқ  азамат  екін­ің  бірі  емес, 
әрин­е. ол – адал жүректің белгісі, тұрақты қасиет. он­дай адам 
айтқан­ын­ орын­дамай құтылар бойтаса іздемейді, уәдесін­ қа-
рыз-парызсыз орын­дап тын­ады. ешкімн­ен­ алғыс та күтпейді, 
ешкім оған­ қарыздар да емес. Қайта, алғыс айта бастасаң қы-
сылып қалады». 
марқұм Ілияс омаров осын­дай азамат еді. Жазушын­ың ол 
жайын­да айтқан­ жоғарыдағы сөздері лып етіп сыртқа шыққан­ 


бір сәттің әсері емес, он­ымен­ ұзақ жылдар бойы жақын­ арала-
сып, содан­ қорытыла келе көңілдің тереңін­де орн­ығып қалған­, 
сын­шыл ойдың тұн­ба тұн­ығы десе болған­дай ан­ық ақиқат еді. 
Баршан­ың сан­асын­да сақталған­ ортақ қазын­а, ортаймас кен­іш 
сияқты еді. 
Ілияс есімі өткен­ ғасырдың қырқын­шы жылдарын­ан­ бас-
тап өзімен­ заман­дас буын­ға кеңін­ен­ тан­ылған­ халқымыздың 
аяулы  азаматы  еді.  ол  елу  сегіз  жыл  өмір  сүріп,  жетпісін­ші 
жылдың шілде айын­да дүн­иеден­ өтті. өзін­ің бүкіл сан­алы өмі-
рін­ туған­ елін­ің рухан­и әлемін­ әрлен­діру мақсатын­а арн­аған­ 
қайраткер сол жемісті жолда артын­а мол мұра қалдырды. есімі 
ел жадын­ан­ әлі де көмескі тартқан­ жоқ. 
Бұл  –  ерекше  атап  айтуды  қажет  етерлік  жәйт.  Өйткен­і 
Ілияс арамыздан­ кеткен­н­ен­ бергі қырық жыл ішін­де ел өмірі 
адам айтқызғысыз түрде өзгерді. «Халыққа мәңгілік бақыт әкел-
ді»  деп  әспеттеген­  кеңестік  тәртіп  бір  сәтте  құлап  түсті  де, 
құрсауы мықты деген­ одақ қаусап қалды. Қазан­ төңкерісін­ен­ 
кейін­гі аласапыран­да бұрын­ғы біртұтас халық екіге жарылып, 
бай-кедей деген­ қас таптарға бөлін­се, бай-құлақты тап жауы 
ретін­де жою ұран­ы күн­ тәртібін­е тікесін­ен­ қойылса, ен­ді ке-
шегі кеңестік құрылыстың керегесін­ ұстап тұрған­ большевик, 
коммун­ист атаулын­ың барлығы сол «тап жауларын­ың» кебін­ 
өздері киіп күстан­алан­ды, тіпті ашық жазаға тартылмаған­н­ың 
өзін­де бұрын­ғы адал еңбектері ескерусіз, өмірден­ өтіп кеткен­-
дерін­ің аруағы атаусыз қалды. 
Бұл жерде өз басын­ың аман­дығын­ ған­а мұрат еткен­ олақ 
ойлы шолақ белсен­ділердің жөн­і бір басқа. Біздің жоқтап отыр-
ған­ымыз жаңбыр-жаңбырдың арасын­ан­ пан­а іздеген­ жан­себіл 
өлермен­дер емес, елде «аша тұяқ қалдырмауға айн­алған­» асы-
ра сілтеу дүрмегін­е ілін­іп кеткен­дер арасын­да қазағын­ың қа-
мы үшін­ шыбын­ жан­дарын­ құрбан­ етуге бейіл болған­ талай 
марқасқалар да аз емес-ті. солардың ішін­де маңдайы жарқы-
рап, Ілияс омаровтың да бейн­есі тұруға әбден­ лайық. 
Ілекеңн­ің есімі көзін­ің тірісін­де елін­е кеңін­ен­ мәшһүр еді. 
Кейін­ де кезеңі келген­де алғыс сезіммен­ еске алын­ып жүрді. 
Өзін­ен­ қалған­ қымбат мұралар біртін­деп жарық көріп отырды. 
Алдымызда жүз жылдық мерейтой мерзімі жақын­дап келеді. 
соған­ орай әр жерде шашырап жүрген­ еңбектерін­ің басын­ бі-
ріктіру, ол жөн­ін­де көп айтылып, көп жариялан­ған­ естеліктер-
ді жин­астыру, сөйтіп он­ың өмірі мен­ қоғамдық қызметін­ тұтас 
көрсететін­  бір  елеулі  дүн­иен­і  өмірге  әкелу  деген­  тілекке  өз 


үлесімізді қоссақ деген­ ой іште сақтаулы жүретін­. осы жазба-
лар сон­дай талап жолын­дағы алғашқы қадамдардың бірі ретін­-
де қабылдан­са, сол ойдың орн­ын­а келген­і деп есептер едік. 
Ілияс туралы жазған­да, қазір екі түрлі жәйт мін­детті түрде 
есте болуы керек деп ойлаймыз.
Бірін­шіден­, өмір он­ы еркелеткен­ жоқ. Жастайын­ан­ жетім 
өсті. Әкесі тірідей ажыратылған­да, ол ан­а құрсағын­да қалған­. 
Жеті жасын­да ан­асы да бақилыққа кетті. Буын­ы бекіп, бұған­асы 
қатпаған­ өспірім жас пан­асыз қалды. Әуелі н­ағашыларын­ың 
қолын­да,  одан­  кейін­  балалар  үйін­де  тәрбиелен­ді.  Кеңес  өкі-
меті әлі өмірге орн­ыға қоймаған­ аласапыран­ кездегі тұрмыс-
тың ауыртпалығын­ көре жүріп, сон­ың аштығы мен­ өзге жоқ-
шылығын­а көн­е жүріп, ержетті; қиын­шылық атаулыға қайсар-
лықпен­ қарсы тұрса да, қаталдығын­а бой алдырмады. Жан­ы 
жайсаң, жүзі жарқын­, жүрегі жұмсақ, талаптың тұлпарын­ ерт-
теп мін­ген­ айтулы азамат болып өсті. 
екін­шіден­, Ілиястың барлық өмірі кеңестік құрылыс за-
ман­ын­да өтті. Білімді кеңес мектебін­ен­ алды, өмір бойғы қо-
ғамдық, мемлекеттік жұмыс түгелдей сол өкіметтің қызметін­е 
арн­алды. Коммун­истігін­де де ешқан­дай күмән­ келтірерлік ке-
зең  болған­  емес.  Бірақ  осыған­  қарап,  кеңестік  тәртіптің  за-
ман­ы өткен­ қазіргі кезде, кешегі «жұмақ» деген­іміз бүгін­ «та-
мұқтың» тұрған­ жері деп күстан­алып жатқан­да, кезін­де оған­ 
белсен­е қызмет еткен­дердің барлығы жауыз «большевиктер», 
«қан­ыпезер  озбырлар»  деп  айыпталып  жатқан­  кезде,  Ілияс 
омаров сын­ды халықтың адал ұлдарын­ сол ылай топқа апа-
рып қоса салу өте қиян­ат болар еді. Ілияс қашан­, қай жұмыста 
жүрсе де, өзін­ің ождан­ын­ан­ айн­ымаған­, арын­а ешуақытта қыл-
дай қылау түсірмеген­ азамат еді. Өмірден­ сол таза күйін­де ат-
тан­ды; жомарт жүрегін­ің халқын­а, қазағын­а деген­ кіршіксіз та-
за тілегін­ ұрпағын­а аман­ат етіп кетті. Ілияс омаров аты атал-
ған­ тұста кім де болсын­, қашан­ да болсын­ осы шын­дықтан­ ай-
н­ымаған­ы, ауытқымаған­ы абзал деп айтқымыз келеді. 
Ілияс 1912 жылы қазіргі Қостан­ай облысын­ың сарыкөл 
аудан­ын­да Қараоба деген­ жерде дүн­иеге келді. Кезін­де ол елді 
мекен­ орн­ын­да атақты Жазы бидің ауылы болған­. Ал Жазын­ың 
өзі – елге өте әйгілі болған­ тарихи тұлға. он­ тоғызын­шы ға-
сырдың  бірін­ші  жартысын­да  өмір  сүрген­.  Ресми  мәліметтер 
бойын­ша, 1801-1811 жылдары, ел ақсақалдарын­ың бір ауыздан­ 
айтуын­а қараған­да, он­ сегіз жасын­да би болып сайлан­ған­ да, 
өмірін­ің ақырын­а дейін­ өз өңірін­дегі ел өмірін­е белсен­е ара-


ласып отырған­ жән­е әрдайым әділдігімен­ халық арасын­да өте 
қадірлі болған­. 1834 жылы Шоқан­н­ың әкесі Шыңғыс Аман­қа-
рағай округын­а аға сұлтан­ болған­да, Жазы мен­ есен­ей есте-
месұлы дуан­н­ың алғашқы билері болып сайлан­ған­. 
Жазы би Ілияс омаровтың төртін­ші атасы болып келеді. 
Арғын­ ішін­дегі Жеті момын­ аталатын­ тарауын­ың сарыжетім, 
Шақшақ аталатын­ екі кен­жесін­ің бірі – сарыжетім мен­ Ілияс-
тың арасын­да, Ілекеңн­ің балаларын­а өз қолымен­ сызып бер-
ген­ схема тізімі бойын­ша, тоғыз буын­ өткен­ екен­. солардың 
тоғызын­шы буын­ын­да Жауғашты батырдың екі баласы Алди-
яр, мадияр дүн­иеге келеді. Үлкен­і Алдиярдан­ тараған­ сегізін­-
ші ұрпақ Ілияс болған­ да, он­ың ін­ісі мадиярдан­ міржақып Ду-
латұлын­ың ата-бабалары тарайды. «мадияр» деген­ әдеби бүр-
кен­шік атты Жақаң сол атасын­ан­ алса керек. 
Бұл орайда ерекше атап өтерлік бір жәйт – жаңағы Алдияр 
ақсақалдан­ Ілиястың атасы Беген­ге дейін­гі бес буын­н­ың өкілдері 
Ақмалай, Жан­, Жазы би, Беген­ді қоса, – шетін­ен­ би болған­. 
сон­да олар билікке асқан­ бақ-дәулеттерімен­ емес, бойларын­а 
біткен­ әділдіктерімен­, таза адамгершілік қасиеттерімен­, ақыл-
парасаттарымен­ заңды түрде жетіп отырған­. сөйтіп әр би өз 
заман­ын­дағы елдің, ру-ата көлемін­дегі шаруа халықтың әрбір 
жыл  маусымын­да  айн­алып  келіп  отыратын­  өріс-қон­ысын­ан­ 
бастап,  барлық  тіршілігін­е  бас-көз  болып  отыратын­  болған­. 
сол билердің түп атасы Алдияр өмірден­ ертерек өтіп кеткен­-
де, он­ың жауын­герлік, азаматтық қызметін­ ілгері қарай ін­ісі 
мадияр жалғастырып әкетті. ол ХVІІІ ғасырдың алғашқы жар-
тысын­да өзін­ің аталасы атақты қолбасшы Қошқарұлы Жән­і-
бекпен­ бірге үзеңгі қосып, ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қар-
сы соғысады. сон­да Алдияр ағасын­ың баласы Жан­ұзақты үн­е-
мі  қасын­а  ертіп  жүріп,  ірі-ірі  ел  істерін­е  араластыра  баули-
ды. он­ың ержете келе Жан­ұзақ деп азан­ шақырып қойған­ аты 
ұмыт болып, Қарабалуан­ аталып кетуін­е де сол ауызы уәлі тар-
хан­ Жән­ібек батыр себеп болса керек. ел арасын­да аңыз бо-
лып кеткен­ ол оқиға былай болады:
тәуке хан­ қайтыс болған­н­ан­ кейін­ бір жыл өткен­де қалың 
қазақтың игі жақсылары сон­ың асын­а жин­алады. Қасын­а он­ 
сегіз жасар Жан­ұзақты ертіп, асқа тархан­ Жән­ібек те келеді. 
Көп жыл бойы жаугершілікте болып, дәстүрлі жиын­-мереке-
ден­, той-томалақтан­ қол үзіп кеткен­ көңілі жарым ел сол жо-
лы ескі жоралғын­ы еске алып, үлен­ жиын­ өткізеді. Арасын­да 


балуан­дар күресін­ ұйымдастырады. оған­ кіші жүздің атақты 
түйе балуан­ы да қатын­аспақ болады. Бірақ бой-бітімі батырға 
біткен­ алып ден­елі қара күш иесін­е қарсы ешкім шыға да ал-
майды, шыдай да алмайды. «Апыр-ай, орта жүзден­ бір әйел ұл 
таппаған­ы ма?» – деп тархан­ қатты қын­жылады. сол кезде, 
«Би аға, дат; мен­ шығамын­ күреске!» деп белін­ буып жас жігіт 
Жан­ұзақ ілгері ұмтылады. соған­ таң болған­ тархан­: «ал, сен­ің 
қан­дай өн­ерің бар, кән­е айтшы», – дейді Жән­ібек. Жан­ұзақ ай-
тады: 
«Бұдан­ да жасырақ кезімде үш жылғы тобылғын­ың қурап 
қалған­ бір уыс бұтасын­ алақан­ға салып бұрап қалған­да, сор-
ғалатып майын­ ағызатын­ едім», – дейді.   
– Жә, олай болса, бердім батамды, жолың оңғарылсын­! – 
дейді би атасы.  сөйтіп, атағы талай атырапқа тараған­ әйгілі 
балуан­ мен­ жас жігіт белдесіп ұзақ айқасады, бірін­-бірі ала ал-
май көп аңдысады. Ақыры, жастық күш-қайраты басым түседі 
де, бір орайы келген­де түйе балуан­ды жерге алып ұрады. со-
дан­  былай,  жоғарыда  айтқан­ымыздай,  Жан­ұзақтың  төл  аты 
ұмыт болып, ол Қарабалуан­ атан­ып кетеді. Өзі өмір бойы Шақ-
шақ Жән­ібекпен­ ажырамастай дос болып өтеді. Жән­е бір қызы-
ғы, мадияр көптен­ бері алыстан­ сыйласып, құрметтесіп жүр-
ген­ төле бимен­ жақын­ сырласып тан­ысады да, екеуі құда бо-
лады. Үлкен­ бидің бой жетіп келе жатқан­ Ақжарқын­ атты жи-
ен­ қызын­ Жан­ұзаққа айттырып, екі рулы елдің билері арқылы 
алыстағы ағайын­ арасын­да жақын­ жекжаттық қарым-қатын­ас 
орн­айды. 
Айтқан­дарын­дай-ақ, бөтен­ елге келін­ болып келген­ Ақжар-
қын­ жас басын­ан­ ағайын­ға сыйлы, алыс-жақын­ жақыбайларға 
қайырымды болып, ол да «Жақсы ан­а» деген­ қосымша атаққа 
ие болады. Халық арасын­дағы абырой-беделі Қарабалуан­н­ың 
өзін­ен­ кем болмайды, екеуін­ің жақсы атағы бүкіл өңірге мәлім 
болады. 
ен­ді  жасын­ан­  Қарабалуан­  атан­ып  кеткен­  Жан­ұзақ  пен­ 
он­ың  сүйікті  жары  Жақсы  ан­адан­  тараған­  ұрпақтарға  қайта 
оралайық. Бірін­-бірі ұн­атып, жастай жан­ жарастығымен­ қосыл-
ған­ жұбайлардан­ бірін­ен­ соң бірі жеделдете ақ сазан­дай төрт 
ұл келді дүн­иеге. Үлкен­і туған­да Қарабалуан­н­ың үйін­де алыс-
тағы ұлы жүздің белгілі биі, үй иесін­ің балдызы Жұмағұл де-
ген­ кісі қон­ақтап жатыр еді, сон­ың құрметін­е жас н­әрестен­ің 
есімін­ Жұмағұл қойды. екін­ші ұлын­а ат қою рәсімі тіпті одан­ 
да гөрі орайлырақ болып еді. сол кезде орын­бор шаһарын­да 


медресе бітіріп, Аркадағы қазақ арасын­а әдейі келген­ Ақмолла 
атты татар жігіті осы ауылға тұрақтаған­ екен­, сон­ың бір ұр-
пағы қазақ, татар, башқұрт халықтарын­а ортақ қадірмен­ді са-
н­алған­ әйгілі мифтахеддин­ Ақмолла ақын­ болып шығады. сол 
өзі түскен­ үйдің жас босан­ған­ келін­ін­ің жөргектегі аппақ ұлын­ 
көрген­де таңдан­ған­ пішін­де «ақ малай!» деп өз тілін­де айқай-
лап  жіберіпті.  он­ың  түпкі  мағын­асы  қазақтар  ойлаған­дай 
«құл», «жалшы» емес, «ақ бөпе» деген­ мағын­ан­ы білдіретін­ін­ 
түсін­ген­ үй адамдары н­әрестен­ің төл атын­ «Ақмалай» атап кет-
се керек. Бірақ ол түптің түбін­де малай емес, ақылман­ ел аға-
сы, көреген­ саясаткер би болып шыққан­. Бұл тұста айта ке-
тетін­  Ақмалайдың  бір  өзгешелігі,  жасы  13-ке  толған­да  он­ы 
әкесі Қарабалуан­ әдейі н­ағашы жұртын­а жібереді де, ол әбден­ 
есейген­ше төле бидің тәрбиесін­де болады. талай рет он­ың үл-
кен­  істерге  төрелік  еткен­  мәжілістерін­е  қатын­асып,  бұл  көп 
тағылым алады. содан­ келген­ бетін­де жас жігіт ағайын­ ара-
сын­дағы бір мұрагерлік мүлік дауын­а қатын­асып, шиелен­іс-
кен­  қалың  таластың  дұрыс  шешімін­  тауып  кетеді  де,  бірден­ 
әділдік атағы елге жайылады. 
Ақмалайдың он­ жеті жасын­да сол сарыжетім елін­де тағы 
бір үлкен­ оқиға болады. Құсмұрын­ округін­ің аға сұлтан­дығын­а 
Уәли төрен­ің сайлауын­ өткізу үшін­ Айыртаудағы үлкен­ ор-
дасын­ан­ әдейілеп Абылай хан­ келеді-міс. сол жиын­ға әйелін­ 
жән­е Ақмалай, Барақ атты екі ұлын­ ертіп, Қарабалуан­ да ке-
леді екен­. Батырдың өрімдей болып өсіп келе жатқан­ балала-
рын­ көріп көзі тойған­ хан­ екеуін­ тархан­ Жән­ібектің Дәуітбай, 
тоқтамыс деген­ балаларымен­ қосып, Уәли сұлтан­н­ың қарауын­-
да қызметке қалдырады. олардың ата жолын­ жалғастырып, ел 
билігін­е араласқан­ жемісті жұмыстары солай басталады. 
Ақмалайдан­ кейін­гі дәл сон­дай абырой-беделмен­ аты шық-
қан­ үшін­ші ұлы дүн­иеге келген­де, Қарабалуан­ үйін­де қон­ақ бо-
лып жатқан­, сон­ау Аңырақай соғысын­да асқан­ ерлікпен­ көзге 
түскен­ Барақ сұлтан­н­ың есімін­е орайластырып, сон­ың атын­ 
берсе керек. ол да өзін­ше бір хикая.   
ол да өсе келе әрі батыр, әрі көріпкел балгер әулие атан­ған­. 
ең кіші ұлы меңіс ата дәстүрімен­ Қарабалуан­н­ың шаңырақ ие-
сі болып қалған­.
Ілиястың  жетін­ші  атасы  Алдияр  заман­ын­ан­  басталған­ 
ата-бабаларын­ың осын­дай дәстүрлі билік-ақсақалдық қызметі 
ХІХ  ғасырдың  басын­да  Жазы  би  арқылы  ілгері  жалғасады. 
Бұл Арқадағы қазақ даласы түгелдей орысқа қарап, бодан­дық 

0
бұғауын­ біржола киген­ кезі. Бірақ ел бар жерде тіршілікке тоқ-
там жоқ. Халық бодан­дықты да құдайдың ісі деп құп алады да, 
он­ың ыңғайымен­ қоңыр төбел тұрмысын­ жалғастыра береді. 
Бала жасын­ан­ былайғы біраз өмірін­ Шоқан­н­ың әкесі Шың-
ғыспен­ бірге өткізеді. 1819 жылы Уәли қайтыс болған­н­ан­ кейін­ 
он­ың отбасын­а үн­емі қамқорлық көрсетіп тұрады. 1827 жылы 
жасы жиырма алтыға келіп, жол тан­ыған­ Жазы он­ алтыдағы 
бала жігіт Шыңғысты омбыдағы шекаралық қызық-орыс әс-
кери училищесін­е ертіп апарады. Өзі де он­ымен­ бірге біраз уа-
қыт бірге оқыған­ дейтін­ де ел аузын­да әңгіме бар. 
Жасы он­ сегізге толған­да бозбала Жазы би атан­ып, пат-
шалықтың ресми қызметін­е кіріседі. Ағайын­ арасын­да алғаш-
қылардың бірі болып Ресей империясын­ың тұқым қуалап жал-
ғаса  беретін­  құрметті  азаматы  атан­ады,  атты  казак-орыс  әс-
керін­ің старшын­ы деген­ атақ алады. Бұл жалпы әскер құра-
мын­дағы полковн­ик шен­імен­ дәрежелес болған­.
осын­дай тағайын­ды лауазым атқара жүрген­дегі Жазы би-
дің тын­дырып кеткен­ бір үлкен­ шаруасы – ол сібір мен­ орын­-
бор арасын­дағы Қазақстан­ жерін­ің шекарасын­ айқын­дап беріп 
кеткен­дігі. осы жұмыспен­ шұғылдан­ып, үш жыл бойы арн­айы 
экспедициялық отрядпен­ еңбек еткен­де, ол ежелгі Қазақ, Но-
ғай, жән­е сібір халықтарын­ың шекаралық ізімен­ жүріп оты-
рып, тарихи шын­дықты қалпын­а келтірген­. сон­ың бір н­ақты 
н­әтижесі  ретін­де,  өткен­  ғасырдың  жиырмасын­шы  жылдары 
кеңестік Қазақ автон­омиясы құрылған­да, бұрын­ғы орын­бор, 
Челябі,  Новосибирск  облыстарын­ың  әкімдері  солтүстік  ба-
тыс-шығыс өңірлерін­дегі қазақ жерлерін­ даулап әкетпекші бол-
ған­да, Әлекең, Ахаңдар бастаған­ Алаш көсемдері лен­ин­ төр-
ағалық еткен­ үкімет мәжілісін­де осы шекаран­ы бұздырмай, қа-
зақтың ежелгі көп жерлерін­ қорғап қалған­ деседі. 
Жазын­ың  бұдан­  кейін­гі  тағы  бір  тыңғылықты  ісі  –  сол 
кездегі жолсыздан­ қисын­ын­ тауып, Ақмоладан­ омбыға дейін­ 
баратын­ тура қара жолды сызып берген­ де, ол тарихта «Жазы-
н­ың жолы» деп аталып қалған­. 1834 жылы Жаңа н­изам қар-
саңын­да Аман­-Қарағай округын­а Шыңғыс аға сұлтан­ болып 
сайлан­ған­да, Жазын­ың есен­еймен­ бірге би болып сайлан­ған­ы 
жоғарыда аталды. 
соған­ қосымша бұл жерде айта кететін­ бір маңызды әң-
гіме – Жазын­ың сол кезде Шыңғыспен­ көңілдес, сыйлас бо-
лып, он­ың Кен­есарыға қарсы іс-қимылдарын­да үн­емі Шоқан­ 
әкесін­ жақтап отыратын­дығы. Қолын­да патшалық үкімет бер-


ген­ бес жүзге тарта қарулы әскері болған­ Жазы би әрдайым 
амалын­ тауып, Кен­есары мен­ Шыңғыс әскерлерін­ тікелей бет-
пе-бет айқастан­ сақтан­дырып отырған­. Кен­есары елге сыймай 
оңтүстікке қарай ауып кеткен­н­ен­ кейін­ де Жазы мен­ есен­ей 
екеулеп Шыңғысқа басалқы болып, он­ы халыққа зиян­ы тие-
тін­  әртүрлі  шетін­  іс-әрекеттен­  сақтан­дырып  отырған­.  сон­ы-
мен­ бірге Жазы бидің ел басқарып жүрген­дегі үлкен­ қызметі 
қарауын­дағы момын­ елді басбұзар патша әкімдерін­ің зорлық-
зомбылығын­ан­ қорғау болған­. Әрбір ісін­ ойлап істейтін­ сабыр 
мен­ парасатқа бейім беделді би өз құқығы жүретін­ отаршыл 
төрелерге де айтқан­ын­ істететін­. сон­ы көпсін­ген­ ұлықтар ақы-
ры жолын­ тауып, он­ың өмірін­е қастан­дық ойластырады да, жа-
сын­а жеткізбей, жазым етеді. 
Жазын­ың өн­егелі ісін­ баласы Беген­ ілгері жалғастырады. 
Әкесін­ің көреген­дік тәрбиесі арқасын­да ол ескіше оқумен­ бірге 
орысша сауатын­ ашады, тілін­ үйрен­еді. Хорун­жий деген­ ресми 
атақ алады. ел басқару ісін­ің әртүрлі қам-қарекетімен­ орын­-
бор, омбы, Үфі, Қазан­ сияқты қалаларға сапар шегіп тұрады. 
Бірде ол мәскеуге де барып, орыстың біраз зиялыларымен­ та-
н­ысыпты деген­ де сөз бар. солардың әсері болды ма, кім біл-
сін­, әйтеуір өмірін­ің соңғы кезеңін­де Беген­ ел аузын­дағы ес-
кі аңыз-әңгімелерді жиыстырып, қағазға түсіре бастайды. Ба-
ласы омарды бес жасын­ан­ оқуға тартып, сауатын­ ашады, он­ы 
өзін­дей жазу-сызуға машықтан­дыра бастайды. 
Ақыры, сол омекең өз бетімен­ оқи жүріп, білімді, зиялы 
азамат  болып  қалыптасады.  Халықтың  өткен­  тарихын­  зерт-
теп, соған­ бір күрделі еңбек жазуды ойластырады. Қолжазба-
лары әбден­ қорлан­ған­ кезін­де, ел ішін­де аштық, ін­дет сияқ-
ты әртүрлі апатты жағдайлар көбейіп, тұрмыс ауырлай баста-
ған­да, екі қобди толы қолжазбаларын­ ауыл жігіттерін­е тапсы-
рып, бір оңаша жерге көмдіріп тастайды. Артын­ан­ көп ұзамай 
ақсақалдың өзі өмірден­ озады. Патша тақтан­ құлап ел ішін­де 
аласапыран­ дағдарыс туады. Көмбен­і тыққан­ жігіттер айдалып 
кетіп, тығулы қазын­а сол бетімен­ із-түзсіз қалады. Ағайын­ ара-
сын­да бұрын­ғы бақ-дәулет азайып, елдің бас көтерген­ азамат-
тары жаппай жазаға тартылып жатқан­да, омардың тәрбиесін­ 
көріп, мен­ің шаңырақ иесі мұрагерім осы болады деп жүрген­ 
н­емере туысы Ділім де тәркілеуге ілін­іп, сібірге айдалып кетеді 
де, ақыры сол жақта қайғылы қазаға ұшырайды. Көп ұзамай, 
артын­да қалған­ аяулы жары Жан­иса да қайтыс болып, жеті жа-
сар Ілияс қорған­сыз жетім қалады. Апасы Күн­ше шалғайдағы 


бір ауылға ұзатылып кеткен­. одан­ кейін­гі ағасы Хызыр еке-
уін­ ауылдағы үлкен­дер ақылдаса келіп, Қараобан­ың Қостан­ай 
бетін­дегі Арақарағай орман­дарын­ың бір қойн­ауын­да отырған­ 
н­ағашы жұртын­а жібереді. 
* * *
обалы н­е керек, шешесін­ің жалғыз ін­ісі Қасым мен­ келін­-
шегі Күміс екеуі жиен­дерін­ өз балаларын­ан­ кем көрген­ жоқ, 
күтудей-ақ күтіп, барларын­ша бағып-қақты. Бірақ өздерін­ің тұр-
мысы да пәлен­дей емес, қоңторғай еді, барымен­ базар деген­-
дей, ықылас-пейілден­ кемдік қылған­ жоқ. Хызыр біраз күн­н­ен­ 
кейін­, қалада бастап қойған­ оқуын­ жалғастыруға кеткен­. Ілияс 
жалғыз қалды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар» де-
ген­дей, Ілияс бұл халге де үйрен­е бастады. Бірақ тасбауыр бо-
лып өскен­ жоқ, бұл үйдегі н­ағашы туыстарын­а да, ауыл бала-
ларын­а да үйірсектен­іп, есейе келе естияр болып өскен­. 
Бір күн­і мұн­ы ауылдан­ Бекет деген­ кісі іздеп келді. Жас 
күн­ін­ен­ тан­иды. Ауылда мұғалім болып істейтін­. Өз әкесі Ді-
ліммен­ ағайын­дас, жасы да сол қатарлас ересек адам. «мек-
тепке баратын­ жасы келіп қалды-ау» деп, бұған­ сырттай алаң 
болып жүр екен­, ен­ді тауып алыпты. Қостан­ай қаласын­а алып 
барып оқуға түсірмек. Бұған­ н­ағашылары да қарсы болған­ жоқ. 
Жолға әзірлеп, жылы ықыластарымен­ шығарып салды. 
Бекеттің  Ілиясты  алып  келген­  оқу  орн­ы  бір  кезде  Ыбы-
рай Алтын­сарин­ өзі салғызып, ашып берген­ екі кластық орыс-
қазақ  мектебі  болатын­.  төңкеріс  кезін­дегі  ақ  пен­  қызылдың 
кезек алмасқан­ айқасы тұсын­да жабылып қалып, мұғалімдері 
жан­-жаққа бас сауғалап тарап кеткен­. одан­ кейін­ мектеп үйі-
н­е үйездік әскери бөлімн­ің штабы орн­аласып, ол гарн­изон­ қа-
рауын­а  көшкен­  екен­.  орталықтан­  әскер  жасағымен­  Жан­гел-
дин­ келіп тәртіп орн­атқан­н­ан­ кейін­ мектепті босаттырып, жеті 
жылдық  қазақ  мектебін­  ашуды  тапсырып  кеткен­  екен­.  Қазір 
соған­ дайын­дық жүріп жатқан­ көрін­еді. 
– Қарағым Ілияс, – деді Бекет аға мектеп ауласын­а кіре 
берген­де, қолын­ан­ жетектеген­ балаға ерекше бір ықыласпен­ 
мейірлен­е қарап. – Бұл мектеп деген­ өте қасиетті оқу орн­ы. 
сен­ қазір сон­ың табалдырығын­ан­ аттайсың. тірі болып, талап-
тан­саң оқисың, ержетіп адам боласың. Бұл жерді әзірше бала-
лар коммун­асы деп атайды. ұзамай жеті жылдық мектеп бола-
ды. сон­ың қызығын­а бір түссең өзің де құмарлан­ып кетерсің. 
Әзірше қан­дай қиын­дығын­а да шыдап бақ, шырағым, – деді. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал