Бағдарламасы бойынша шығарылды Есдəулет Ұ. Е 78 Үш томдық шығармалар жинағы./Ұ. Есдəулет. Алматы



жүктеу 5.79 Kb.

бет1/16
Дата12.01.2017
өлшемі5.79 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

УДК 821. 512. 122 
ББК 84 (5-Қаз)-5
Е 78
Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі 
 «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
 
  Есдəулет Ұ.
Е 78     Үш  томдық  шығармалар  жинағы./Ұ.Есдəулет. – Алматы: 
«Қазығұрт» баспасы», – 2014. 
  
ISBN 
978-9965-22-483-6
  
1-том. «Қоңырау»: Өлеңдер, балладалар, верлибрлер, поэ-
малар. – 392-б.
 
    ISBN 978-9965-22-486-7
 
      Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лау-
реаты Ұлықбек Есдəулеттің үш томдық шығармалар жинағы-
ның  бірінші  томына  іріктелген  тырнақалды  туындыларына 
қоса таңдаулы лирикасы мен ақ өлеңдері, верлибрлері, бал-
ладалары мен поэмалары, сонымен қатар, соңғы он бес жыл-
дың жүзінде жазылып, мерзімдік баспасөзде жарияланғаны-
мен əлі жеке кітап болып жарық көрмеген топтама жырлары 
енгізілді.  Ақын  өз  жырларында  тіл  мен  діл,  ұлт  пен  ұрпақ 
тағдырына алаңдап, табиғат пен сана-сезім, адам мен қоғам 
арасындағы тылсым байланыс сырына үңіледі.
 
 
 
 
 
УДК 821. 512. 122 
 
 
 
 
 
ББК 84 (5-Қаз)-5
ISBN 978-9965-22-486-7
ISBN 978-9965-22-483-6
© Ұ.Есдəулет, 2014
© «Қазығұрт» баспасы», 2014

3
Темірхан Медетбек,    
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
КЕСКЕКТІ ЕРДІҢ СОЙЫНДАЙ МƏРТ АҚЫН
(алғысөз орнына)
Бізде екі қазақтың бірі ақын деген сөз бар. Өтірік дей алмайсыз. 
Өйткені қазақта не көп, өлең жазатын адам көп. Бұрын да солай 
болған, кеше де солай болған, қазір де солай. Бірақ айнымайтын 
аксиома бар: өлең шығарғанның бəрі əдебиет жасамайды.
Шын  əдебиетті  қадау-қадау  адамдар,  яғни,  ірі  тұлғалар  мен 
классиктер ғана жасайды, əрине, бұл да ұшқары пікір. Өйткені, тек 
қана ірі тұлғалар мен классиктерден тұратын əдебиет болмайды. 
Солай бола тұра, классиктері мен ірі тұлғалары жоқ əдебиет – на-
шар, əлсіз əдебиет. Себебі, əдебиеттің салмағы сол классиктер мен 
ірі тұлғалармен ғана өлшенеді. Басқа өлшем болмайды.
Сенбесеңіз, əріге барып жатпай-ақ, Алатаудай биік, Қаратаудай 
қазыналы Абайдан бастап бүгінгі күнгі поэзияға дейінгі шығарма-
шылық алқапты ойша шолып өтсеңіз, онда сіз, тіпті қаншама зерделі 
болсаңыз да, бəрін дерлік есіңізге түсіре алмайсыз. Əдебиеттің əр 
кезеңінен тек оншақты, асып кеткенде тек жиырма шақтысын ғана 
атауыңыз  мүмкін.  Яғни,  əдебиетте  орны  бар,  оған  қомақты  үлес 
қосқан, салмағы зор адамдар ғана еске түседі. Қалғандары көмескі 
тартқан, немесе ізім-қайым ұмытылған...
Сол есіңізге түскен есімдердің өзін сұрыптап, іріктеп, електен 
өткізіп  қарастырсаңыз,  жазба  ақындарыңыздың  өзі  азғантай  бір 
шоғыр ғана болып қалады. Поэзиямыздың абыройы да, беделі де, 
бұл сөзімізді қаласаңыз да, қаламасаңыз да – сол шоғыр. Абырой-
лы,  беделді  сол  шоғырмен  иық  тірестіріп  қатар  тұра  алатындар, 
ешкімнің көңіліне қарамай турасын айтар болсақ, бүгінгі жер ба-
сып жүргендерден бірен-саран ғана. Сол бірен-саранның бірі – сөз 
жоқ, Ұлықбек Есдəулет.

4
Ұлықбек ерте көзге түсті. Тоғызыншы класта оқып жүргенде 
бір топ өлеңімен «Лениншіл жас» газетінің жарты бетін алып жарқ 
ете қалғанда, əдебиетке тегеуірінді таланттың келгенін үлкен-үлкен 
ақсақалдарымыздан  бастап,  есімдеріміз  көпшілікке  енді-енді  та-
ныла бастаған біздерге дейін түгел мойындадық. Қызыға қарадық. 
Қуана қол соқтық. Сонан кейін-ақ Ұлықбек қаламынан өлең сүйер 
қауымды  тамсантып,  тəнті  еткен  жырлар  жиі-жиі,  толассыз  туа 
бастады. Туған жердің «шалғын исін ауаға орап сіміріп» сүріне-
қабына алға ұмтылған сол албырт ақынның алғашқы мақсаты не 
болды  екен?  Сөйтсек,  өмірдің  қас-қабағынан  балғын  кезінде-ақ 
салқындық  сезген  ол, «жүрегінің  отымен  кең  дүниенің  дидарын 
жылытуға»  асығыпты.  Осы  тұста  ақын  көбіне-көп,  өзін  қорша-
ған мына дүниеге, табиғатқа есігін де, терезесін де, жан-жүрегін 
де  ашып  тастап  сөйлей  бастапты.  Табиғатпен  бар  болмыс-біті-
мімен  жымдасып,  онымен  бірге  тұтасып  өріліп  кеткісі  келіпті. 
«Балғын  қайың  шашын  өрсін  бөлмеме,  көбелектер  қонақтасын 
төсіме»...
Күндердің-күнінде табиғатқа бар болмыс-бітімімен сіңіп, шық-
тай мөлдірлік пен нұрдай сұлулықты жинаған ақын жүрегіне жа-
нын  қоярға  жер  таптырмайтын  махаббат  шоғы  түсті.  Оның  сол 
кезде қызға ұсынған гүлі қандай десеңізші!..
Ол қызыл еді
Менің қанымдай,
Ол сұлу еді
Сенің жаныңдай.
Ол өндір еді
Нəзік сезімдей.
Ол мөлдір еді
Сенің өзіңдей.
Ол жалау еді
Менің сөзімдей,
Ол алау еді
Сенің көзіңдей.
Ақын  ол  гүлді  «орман  мен  тауларды,  шалғын  мен  бауларды 
кезіп», «шуақ  пен  бұлақтардан  сұрап»  таба  алмастан,  ақырында 
өзінің  жүрегінен  тауып  ұсынған  еді.  Амал  не,  қанының  қызылы 

5
мен жанының қызуы сіңген сондай ғажап гүлді де қыз қолы кері 
қайтарды... Ақын алғашқы махаббаттың айықпайтын дертіне шал-
дықты...
Бұл басы ғана. Ұлықбек сонан кейін де қаншама махаббат дер-
тіне шалдығып, қаншама махаббат өртіне өртенеді десеңізші! Əр 
ғашық болған сайын өліп-өшеді. Өзегі күйеді, жаны күйінеді. Бір-
де  жартасқа  соғылған  толқындай  күлталқан  болады.  Енді  бірде 
өртене-өртене  күлі  ғана  қалады.  Бірақ  ол  сол  күлдің  өзінен  фе-
никс  сияқты  қайтадан  өніп  шығады.  Қайтадан  ғашық  болады. 
Қайтадан  күйреу.  Қайтадан...  Қайтадан...  Құдай-ау,  қаншама 
ғашық болып, қаншама сарсаңға түссе де тартылу дегенді де, сар-
қылу  дегенді  де  білмейтін  неткен  шалқар  да  байтақ  сезім!  Сол 
махаббаттың  алаулы  отына  қайта-қайта  күйіп-жанып  өртенген 
Ұлықбектің  əйтеуір  əупірімдеп  жүріп  аман  қалғанына  бүгінде 
шүкіршілік етесің...
Енді ақын бұл тақырыпқа, ғұмыр бойы айналып соғып отырса 
да, айнала тіршілікке бірде қайшыласып, бірде қақтығысып, бірде 
тартысып жатқан басқа да құбылыстарға ден қоя бастады. Ақын, 
ең  алдымен  ол  шарпысулар  мен  тартысуларды  адамның  өз  бол-
мысынан, яғни ішкі дүниесінен, психологиясынан іздеуге кірісті.
Құштарлана, қуана да біледі,
Нəп-нəзік те қатал оның жүрегі.
Абайсызда айтпас сөзді айтып қап
Өз арынан жаза тартып жүреді.
Қаршадайдан қатыспаған аз бəйгі,
Ілуде озып, көбіне-көп озбайды.
Сəл мақталса өзіне-өзі ырза боп,
Өз бетінен өзі сүйе жаздайды.
Қашқан кім бұл басталмастан төбелес,
Сасқан бұл кім асқынбастан ерегес?..
«Сен өзіңсің» дейді маған бір дауыс,
Басқа дауыс дейді маған:
«Сен емес»...
Бұл – адам бойындағы бірін-бірі ала алмай, текетіреске түскен 
екі ұдай сезім. Біреуі олай, біреуі былай тартып тұр. Бір адам екіге 
бөлініп,  бір  тоқтамға  келер  емес.  Өзін-өзі  бірде  ақтайды,  енді 

6
бірде даттайды. Апыр-ау, бір адамның ішкі дүниесіне ерегес кіріп, 
келісімге  келе  алмай  қырықпышақ  болып  жатса,  мына  дүниеде 
қандай үйлесім мен жарасым болуы мүмкін?!.
Уақыт  пен  адам  жанының  психологиясы  мен  моралін  қарас-
тыруға  құмар  ақын  осы  бір  кезеңдерде  бір  детальдан  бірегей  ой 
айтуға, фактінің өзін айтқаннан гөрі, оның қозғаушы күшін іздес-
тіруге бейім екенін көрсетті. Сондықтан ол бір детальдан екінші 
детальді туындатып, бір фактіден екінші фактіні суырып ала білді. 
Тағы да олар бір оқиғаның қасаң хаттамалық фактілері емес, қолмен 
ұстап, көруі мүмкін емес, жықпыл-жықпылы көп психологиялық, 
моральдық фактілері.
Ақынның «Əзəзіл» атты өлеңін қарастырып көрейікші.
Көшбикенің тізеден шалғыны бар,
Кеше қалса, шалынып шал жығылар.
Қалың шөпті таптаған тобыр топтың
Елеуреген жүздері сан құбылар.
– Ыбырайда ызам бар сан талайғы,
Қысас қылмай қыжылым тарқамайды.
– Ал, қаптаңдар!
Абайды сабаймыз деп
Əбен сұмның көздері қанталайды, –
деп  басталатын  өлең  біздің  бəрімізге  белгілі  оқиғаны – Абайды 
соққыға жығу оқиғасын арқау еткен. Ə дегеннен ширығып бастал-
ған өлең тек осы фактімен шектеліп қалмаған. Оқиық.
Жылпос біреу
Əбенді жанасалап,
Дырау қамшы ұстатты оңашалап:
– Бəрекелді!
Абайды аямай ұр!
Ала алмасын ешкім де арашалап!..
Қанды қамшы ақынға жауып кетті.
Əлгі жылпос тұрды да бағып көпті:
– Ойбай, Абай ағамды сабады! – деп,
Хабарлауға оязға шауып кетті.

7
Көрдіңіз  бе,  соңғы  екі  шумақ  арқылы  бəріміз  жақсы  білетін 
əлеуметтік-тарихи  факт  астарынан  психологиялық-моральдық 
факт  сопаң  етіп  шыға  келді.  Көзге  түспей  кеп  «Абайды  саба» 
деп  сұм  Əбеннің  қолына  дырау  қамшы  ұстата  салған,  іле-шала 
«Ойбай, Абай ағамды сабады!» деп оязға шауып бара жатқан ол 
жанның өлеңде аты аталмаған. Жылпос біреу. Ар-ұяттан жұрдай, 
ізі  білінбейтін  жымысқы  ондай  жанның  атының  аталуы  тіпті  де 
міндетті  емес,  қимыл-қарекетінде,  екіжүзді  моральдық  бет-бей-
несінде. Ақын оны екі шумақтағы екі əрекеті арқылы тап басып, 
дөп көрсете білген.
Сонымен бірге тарихи оқиғаны арқау еткен бұл өлең, сөз жоқ, 
бүгінгі  күнге  де  тікелей  қызмет  етіп  тұр.  Қазір  де  біреуді-біреу-
ге  жып-жып  етіп, «кіш-кіштеп»  айдап  салып,  іле-шала  оның 
əрекетінен жаны күйінгендей боп шошынып, сонан кейін түк біл-
мегендей,  оны  аса  биік  моральдық  категориялармен  айыптап 
шыға келетін, адам мен адам арасына бүлік салып, айнала беріп 
өзі сүттен ақ, судан таза боп көріне қоятын, адалдық пен əділдікке 
тасада  тұрып  басқа  біреудің  қолымен  тас  лақтыратын  сұмпайы, 
сілімтік əзəзілдер аз ба?! Ақын бүгінгі күн өзегіндегі əлеуметтік 
проблема арқылы кешегі тарихи оқиғаны тірілтіп отыр.
Əсілі,  Ұлықбек  Есдəулет  адам  жанының  қалтарыс,  түкпірле-
рін ұңғыл-шұңғылына дейін тінткілеп, оның адамгершілік, иман-
дылық сапаларымен азғындық, аярлық болмыстарын қазымырлана 
қарастырып, сол арқылы адамды ойлантуға, ар-ожданының айна-
ладағы мың құбылып тұрған құбылыстарға үнемі сергек қарауына 
айрықша ден қойып, сол үшін беймаза күй кешеді. Осы бір қунақ 
сергектік  пен  бəйек  беймазалық  оны  мына  алыс  пен  жұлысқа, 
талас  пен  тартысқа  толы  нөпір  өмірдің  сырттай  бақылаушысы, 
сырттай баға берушісіне емес, соның аптабына күйіп, аязына тоңа 
білетін  атпал  перзентіне  айналдырған. «Бұлттар  мен  жылқылар» 
өлеңінен ақынның сол біз айтып отырған рухани портретін анық 
танып-білесіз. 
...Көшеге  шыға  келген  аңғал  сəби  аңтарылып,  аспанда  көшіп 
бара  жатқан  бұлттарға  қарап  қалыпты.  Күн  шапағынан  алаулап 
өртеніп  бара  жатқан  сол  бұлттарды  бір  сəтке  қызықтап  тұрған 
бала  көзі  кенет  көше  бойымен  тасырлатып  шауып  келе  жатқан 
қаптаған  қалың  жылқыға  түседі.  Бала  ойында  қауіп  те,  қатер  де 
жоқ. Қаперсіз. Өз дүбірлерінен өздері əбден еліріп, жын ұрғандай 
құтырып  алған  жылқылар  көше  ортасында  қалақтай  боп  селтиіп 
тұрған құйтақандай сəбиді не қылсын?..

8
Тасыр-тұсыр...
Таусылмайтын мол дүбір.
Жылқы жапты аспанымды, сөнді нұр.
Тас-тұяқтар зу-зу етіп төбемнен...
Құлағыма ащы дауыс келді бір...
Жалт қарасам – 
Қолын созып тұр анам.
Жанары – жас...
(Неменеге жылаған?)
Жете алмайды, жолын бөгеп жылқылар,
Көп тұяқтың астында мен дін аман!
Ақын енді осы бір оқиғадан өмірлік сабақ табады. Оқиға енді 
өмірлік дəріске, ғұмырлық тəжірибеге айналады. Яғни, тірліктегі 
бір оқиға драматизмі ғұмырлық драматизмге ұласады.
Жылдар деген жылқылардан аумайды,
Тасыр-тұсыр тас төбемнен заулайды.
Тарпаң тұяқ тиіп кетер ме екен деп,
Қорқып кейде қап-қара тер саулайды.
«Үшке шыққан кезің» – дейді 
Сонда анам.
Бүгін міне отыздамын!..
Толғанам...
Анам кеше тағы кірді түсіме
Қолын созып жете алмай тұр Ол маған...
Баласына жан ұшыра қолын созып, жетем деп жете алмай тұрған 
қайран Ана қарекетінен біз ылғи бір жел өтінде жүрген, қиындық 
пен  қатердің  тас  тұяқтарының  астында  қалған  өлең  кейіпкерінің 
болмыс-бітімін, қазіргі бейнесін танимыз. Ақын тағдыры қашанда 
осы. Оның тағдыры тас тұяқтардың астында....
Ұлықбек  Есдəулет,  не  болғанда  да,  жалпыдан  жалқы  мəн 
тапқаннан  гөрі,  жалқыдан  жалпы  мəн  тапқанды  қалайды.  Яғни 
ол талшықтан тамыр тіршілігін, тамшыдан теңіз бен мұхит дəмін 
іздестіреді. Өйткені, ол өмірдегі сыртқы тұтастық ішкі үндестік пен 
жарасымдылықтың нəтижесі деп біледі. Сондықтан ол бөлшектен 
бүтінді  танығысы  келеді,  бөлшектен  бүтінді  қарастырғанды  жөн 

9
деп біледі. Ақын ол ұстанымын таңдайын тақылдатып тақпақтап 
айта салмай, тағы да сол оқиға, деталь тəжірибесіне, өмірлік дəлел-
дер мен дəйектемелерге сүйеніп жеткізеді.
Термометр сынды да,
  
 
сынаптары
ұстатпады, быт-шыт боп бірақтағы.
Бытырадай пышырап,
  
 
тоз-тоз болып
қолдан қашып, қуысқа тұрақтады.
Бет-бетімен сызатқа кіріп тегі,
Уысыма бірі де ілікпеді.
Əр-əр жерден жылан көз жылтырайды
Мазақ еткен секілді күліп мені.
Бірақ ақын үшін термометрдің сынғаны себеп қана. Өйткені ол 
термометрдің сынғанына емес, əлі де болса аттаған сайын кездесе 
беретін «бірлік пен істің тұрлаусыздығына» күйінеді. Бірақ ақын 
күйгелектіктен ада. Сондықтан да ол:
Мен білетін дүние – сынап болмас,
Мен білетін дүние жиналады! – 
дей алады. Ақынның азаматтық ұстанымына алғаусыз сенгің келе-
ді. Ылайым солай болғай...
Дегенмен,  ақынның  ең  басты  ұстанымы – өмірді  жан-жақты 
көрсету ғой. Ал өмір сан-салалы, сан текті...
Бұл  жерде  біз  Ұлықбектің  тек  қана  өлеңдерін  қарастырып 
отырғанымызбен оның «Қара пима» поэмасын мүлде атаусыз ат-
тап кетуге болмайды. Өйткені, «Қара пима» поэмасы – Ұлықбек 
мүмкіндігінің қуат-күшін, оның потенциалын айқындап қана қой-
май, оның шығармашылығын жаңа өріске шығарып, жаңа белес-
ке  көтеріп  тастаған  поэма.  Оның  фабуласын  қара  сөзге  түсіріп 
қайталап  жатпай-ақ  қояйық.  Өйтсек,  оның  поэтикалық  құнын 
қашырып, əрін көмескілендіріп, əсерін түсіріп аламыз. Оны оқу ке-
рек. Тек айтарымыз, ішіп кеткен əке қатыгездігінен қор болған па-
насыз баланың аянышты халі кім-кімнің де жанын алай-дүлей етіп, 
көзіне ыстық жас үйірілтеді. Кезінде менің осы поэманы үлкенді-
кішілі  талай  адамдардың  еттері  езіліп,  сүйектері  сырқырағандай 
боп, жатқа оқығандарын тыңдағаным бар.

10
Сондықтан  да  мен  бұл  поэманы  қайтадан  рухани  айналымға 
түсіріп,  яғни  сахнаға  шығарып,  радиодан  оқытып  тұрса,  қасаң 
тартып, қаталданып бара жатқан бүгінгі адам жанын сəл де болса 
жібітуге септігін тигізер ме еді деп ойлаймын.
Осы тұстан бастап Ұлықбек ақын адам жаны мен қоғам бойын-
дағы  үздіксіз  жүріп  жатқан  қарама-қайшылықтарды  ғана  емес, 
қайырым мен мейірімнің де суалып, тартылып бара жатқанын, егер 
бұл процесс осылай жалғасып кете беретін болса, түптің түбінде 
ол адамзат баласын сұмдық апатқа алып баратынын ашына жаза 
бастады. «Арал. Кертолғау» өлеңін оқып көрейікші.
Тілім-тілім
тілім кетті жарылып,
күлім-күлім
көзім қалды қарығып.
Жырым-жырым
жағалаудай ерінім
бұлым-бұлым 
толқындарды сағынып.
 
 
Жүрегімді кім бар екен жебейтін?
Тілегімді кім бар екен елейтін? –
қапелімде қарап қалып айнаға
өзімді емес,
көрдім Арал шөлейтін.
Сөз жоқ, Аралдың тартылуы, ең алдымен өктем де менмен адам 
мен қоғам бойындағы қайырым мен мейірімнің суалып тартылуы-
нан болған қатер. Ал қайырым мен мейірім жоғалған жерде, бəрі де 
жоқ. Трагедия. Яғни, Арал құрыса, сенің де бұл өмірде бар болуың 
екіталай. Тілің жарылып, көзің қарығып,ерінің жырым-жырым бо-
лып  қана  қоймайды,  мүлде  тіршілік  иесі  болудан  қалып,  мүрдем 
кетесің. Тұлдыр бұта өспейтін шөлге айналасың. Ақынның айнаға 
қарап өзін емес, Аралдың шөлейтін көруі – сол трагедияны меңзей-
тін үрейлі метафора! Арал трагедиясының адамзат баласының тра-
гедиясы екенін бұдан асырып қалай айтпақсың?!
Адам мен қоғам бойындағы қайырым мен мейірімнің қаңсып 
кеуіп,  аяушылық  сезімінің  сарқылуы  қатерден  қатер  тудырмақ. 
Адамшылықтан шығасың, имандылықтан безесің. Ең сұмдығы – 
оған да бара-бара етің үйренеді. Оған бойыңды алдырып, етің үй-

11
ренгені  сонша,  өзің  туып  өскен  табиғи  ортаны  аяусыз  бүлдіріп 
қана қоймай, оны тіпті тұрпайы мазақ етуге дейін барасың. Нағыз 
масқара осында! Адамның осылай тұрпайыланып, құрдымға кет-
кендей боп құлдырауын Ұлықбектің «Мас шағалаларын» оқыса-
ңыз одан əрі көзіңіз жете түседі.
Сылқылдап қана арбап күліп,
Тұрмайды теңіз төсектен,
Араққа малып нан лақтырып
Шағалаларды мас еткен,
Жағалаудағы жігіттер.
Машақты көктен қағып алып,
Мəңгірген аппақ шағала,
Құмдаққа құлап жаны қалып,
Қалбаңдап жатыр жағада,
Жігіттер оған мəз-мейрам.
Ұшуға біткен қанаттардың
Топшысы түптен қираған...
Құдіреті қайда жаратқанның
Аспанға құсты сыйлаған?
Жігіттер солай мəз-мейрам.
Міне, жүгенсіз кеткен есалаң есуастық! Табиғатты анамыз дей-
міз, апыр-ау, анаңды осылай қорлауға, осыншалық мазақ етуге бо-
ла ма?! Бұл жабайылықтан өткен жабайылық! 
Жағалауда жатып ап сол сұмдық көріністерге мəз-мейрам бола-
тын даңғой да, дарақы жігіттерден біржола түңілгендей боп, «топ-
шысы  қирап»  шағыл  құмға  топылдап  құлап  жатқан  ақ  ниеттей 
аппақ шағалаларды аяп тұла бойың түршігіп, жаның күйзеледі.
Адам мен қоғам бойын мүлде жайлаған кеселді келеңсіздіктер 
мен кесірлі кесапаттарды көре-көре əбден ширатылып ширыққан 
ақын  бойын  кектей  өткір  кекесін,  өттей  зəрлі  ыза  буып  алады. 
Күндіз-түні толассыз құйылып жатқан өтірік пен жалғандыққа, бір 
ол жағыңа, бір бұл жағыңа шығып, ала қанат сауысқандай шықы-
лықтаған  алдау  мен  аярлыққа  шыдай  алмаған  ақынның  жаны 
күйінеді. Ашынады.
Осы біз неткен бақытты халық едік:
Біреуге иек артпаса жүре алмайтын,

12
Өз үйін өз қолымен құра алмайтын,
Өмірді өз бетімен сүре алмайтын,
Белі тақым сағынып бұраңдайтын,
Қит етсе қырамын деп ұрандайтын,
Өзінен басқа ешкімді ұра алмайтын.
Мұны  енді  кектей  өткір  кекесін,  өттей  зəрлі  ыза  демей,  не 
дерсің?!  Бұдан  артық  апшу,  бұдан  артық  ашыну  болар  ма?! 
Қамығып,  қабаржыған  азамат  ақынның  кекесіні  де,  ызасы  да, 
апшуы  мен  ашынуы  да  мұнымен  біте  қоймапты.  Ханталапайға 
түсіп,  талан-таражға  ұшыраған,  кім  көрінгеннің  қолжаулығына 
айналған, бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында 
кетіп бара жатқан елінің бүгінгі аянышты тағдырын көріп отырған 
ақын қалай күйініп, қалай күйзелмесін?! Өлеңнің өзін тыңдайық. 
Тағы да ызалы ащы кекесін:
– Жерұйық пенен
Жиделібайсын...
Жетті ғой бізге қанша ертек,
Пешенеңе оның тигені қайсы?
– Тигені жалғыз майшелпек!
– Жемейсің бе енді, шелпегің қайда,
Нəр сызбай неге ойландың?
– Жомартпын өзім, ертегім бай да,
Қонаққа сақтап қойғанмын.
– Қорлықты дəйім аштықтан көрдің.
Өзің-ақ жесең нетеді?
– Үш жүз жыл бойы достыққа үйрендім,
Сарқытын жесем жетеді...
Онсыз да маған «əй, тентек» деуде
Желтоқсан жыным қысқанда.
Келіңдер, достар, майшелпек жеуге,
Майшелпек Қазақстанға!
Əркімге  бір  жем  болған,  келгенге  де,  кеткенге  де  майшелпек 
болған, қайран Қазақстаным-ай! Қара жерді қарс айырылып кеткен-
ше тоқпақтап, аңырап жылағың келеді. Өзімізден де бар! Көнбіспіз, 

13
көнтеріміз. Қайрат ете алмаймыз. Айбат көрсете алмаймыз. Бұта-
бұтаның арасынан сығалап, анда-санда ғана «ау, бұларың не»? де-
геніңе, алдау мен арбаудан басқа айтары жоқ, лағынет атқыр бұл 
билік ыға қояр ма?! Керегеге кереге жалғап, уық қасына уық шан-
шып көп болып тұтаса бірігудің орнына, біреу «тəйт» десе дауыл 
соққан шіріген діңгектей боп дүңк етіп құлап түсеміз.
Тіпті біз қазір ұшы-қиыры жоқ, шетсіз де шексіз байтақ Қазақ-
станда емес, «жетім бұрышта» жүргендейміз. Қазір не көп, өзінің 
алып жерінен пана таппай, босып жүрген үйсіздер көп. «Алматы 
толы – үйсіздер». Бірақ та:
Ол үшін кім бар қайғырған,
Алматы толы – жетімдер.
Малдасын құрған маймылжан,
торыңның маған шетін бер.
Бұл енді кекесін де емес, ыза да емес, удай ащы сарказм. Сар-
казм  болғанда  да,  осыншалықты  оспадар  сорақылықты  көрсе  де 
көрмегенсіп,  білсе  де  білмегенсіп  отырған  мына  қатыгез  қоғам 
атына айтылған сарказм. Бірақ оған селт ете қояр кім бар дейсің?!
Айта берсек, тізе берсек, Ұлықбекте бүгінгі азаматтық болмыс-
бітімін көрсететін мұндай өлеңдер жетіп артылады.
Ол Жаңаөзен қасіреті кезінде де жан-жүрегі қан жылап жазған 
«Қанды  жұма»  өлеңі  арқылы  жұрттың  бəрінің  ықыласына,  риза-
шылығына бөленді. Оның өлеңі сонау Желтоқсан кезінде де еңі-
реп, Семей полигонындағы жарылыстар тұсында да зарлап сөйле-
ген  болатын.  Сондай-ақ,  ақынның  халық  басынан  өткен  қауіпті 
де, қатерлі кезеңдері туралы жазған жырлары қаншама! Бір де бір 
рет тайғақтық көрсетпепті. Тайсалмапты. Мына қоғамның бетпақ 
кескініне  қарап,  айтатынын  кесіп  айтатын  нағыз  кескекті  ердің 
сойындай мəрт Ақын болып қалыптасыпты.
Ұлықбек  Есдəулет  жақында  ғана  бізді  тағы  да  тəнті  етті. 
«Жас алаш» газетінде оның «Атаңа нəлет, Көнбістік» деген ортақ 
тақырыппен  жарияланған  астар-тысы  да,  формасы  да,  ішкі  мəні 
мен мазмұны да ерек бір бет өлеңдерін оқып, Ұлықбектің əрі то-
сын,  əрі  соны  өріске  шығып,  жаңа  белеске  көтерілгенін  көрдік. 
Жə, бұл енді жеке əңгіменің арқауы...
Не болғанда да, өзімізге бұрыннан етене таныс «көне» Ұлық-
бектің де, енді міне бізді тəнті етіп отырған «жаңа» Ұлықбектің де 
ұстанымы – шындық, тек қана шындық. Сондықтан да ол зымиян-

14
дығы да, сұрқиялығы да көп сұм қоғамның шімірікпейтін жүзіне 
тік қарап, «шындықтың жетсең түбіне, түбіңе жетер ол сенің» дей 
алады. Рас сөз!
ҰЛЫҚБЕК ЕСДƏУЛЕТ
Ұлықбек!
Өлеңдегi серiгiмсiң!
Қып-қызыл
Сөздердiң шоғын үрлеп
Күрсiнiп жатқан
Көрiгiмсiң.
Жерiмнiң үстiнен
Бұрқыраған дауыл өтсе –
Сенiң жаның
Алай-дүлейлi
Шаңға айналады.
Елiң жараланса
Сенiң сөздерiң –
Сорғалаған –
Қанға айналады.
Жарылыстардан
Далам
Айырылып, жыртылып жатқанда;
Үмiтiм
Кесiлiп, қырқылып жатқанда –
Айтып жыладың
Қиянат, зорлықты.
«Заман-ай» деп зарлаған
Алтайдан шыққан дауысың
Алатауды жылатып,
Атырауды толқытты.
Шемен боп қатқан
Шердiң түйiнiн
Шешiп жүргендейсiң.

Аспандағы
Бұлттармен бiрге
Көшiп жүргендейсiң.
Сөнiп қалған оттарды
Жағып жатқандайсың.
Ертiс пен Едiлге қосылып
Ағып жатқандайсың.
Жалалы сөз күнi
Қайғыдай боп
Қабарып тұрасың.
Жауыңның қылта тұсына
Жебедей болып
Қадалып тұрасың.
Оңаша қалсаң
Лапылдап жатқан жалын мен
От лақтырып жатқан
Жарқылға толасың.
Шарқ ұрып ұшасың!
Қонсаң да –
Томарға емес,
Шағала құс құсап
Толқынға қонасың.
Күлсең де
Күрсiнiп күлесiң!
Жүрсең де
Жердiң шетiнде,
Желдiң өтiнде жүресiң!
Өйткенi заманың
Орай да борай соғып тұр.
Тағдырың солай болып тұр,
Ұлықбек!

16


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал