Бағдарламасы бойынша шығарылды Еркін Байғабылұлы Ядролық зұлмат / Еркін Байғабылұлы Алматы:



жүктеу 16.74 Kb.

бет1/23
Дата15.09.2017
өлшемі16.74 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

УДК 070
ББК 76.02
Б 17
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
 бағдарламасы бойынша шығарылды
Еркін Байғабылұлы
Ядролық зұлмат / Еркін Байғабылұлы – Алматы: «Қазы ғұрт» бас-
пасы,  2012. –  304 бет. 
 
ISBN 978-9965-22-406
Белгілі  журналист  Еркін  Байғабылұлының  бұл  кітабында 
ел өміріндегі саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік өзгеріс-
терге əлем елдері тəжірибесімен салыстыра отырып, сараптама 
жасалады. Автор ядролық зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан 
мемлекетіміздің  ғаламдық  бастамалары  мен  бүкіл  əлемді 
алаңдатқан  ядролық  қауіпсіздік  түйткілдеріне  қатысты  ой 
толғайды.  Шетелдік  іссапарлардан  түйген  пікір-ұсыныстарын 
ортаға салады. Журналистік қызметтің қыр-сырымен бөліседі. 
Кітап қалың көпшілікке арналған. 
 
© Байғабылұлы Е. , 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012
ISBN 978-9965-22-406
Б 17
УДК 070
ББК 76.02

Анам Аймангүл Түктібайқызының 
рухына арнаймын. 
Автор

4
БІРІНШІ Б ЛІМ
АТЫ  БАРДА ЖЕЛІП Ж РІП, ЕЛ ТАНЫ
Жолсапар очерктер
АЛЫС ТА, ЖАҚЫН ЖАПОНИЯ
Күн Шығыс еліне сапарымыз əлемге əйгілі Хиросима қала-
сынан  басталды.  Біздің  облыс  орталықтарымыз  сияқты  қала. 
Бірақ  халықтың  тұрмыс  деңгейі  салыстырмалы  түрде  алсақ, 
Алматы  мен  Астана  қалалары  тұрғындарымен  деңгейлес 
көрінді. Жалпы жапондар тым үлкен сарайлар мен үйлер салуға 
тым құлықты болмай шықты. Бір жағынан жердің аздығы əсер 
еткен  шығар.  Екінші  жағынан  олардың  өзіндік  ерекшелігі 
ептілік  пен  жинақылықты  құрмет  тұтатыны  тағы  бар.  Тіпті 
қонақ үйлерінің өзі шағын бөлмелерден тұрады. Бəрі бар, бірақ 
икемді  пайдалана  білуің  керек.  Əр  қимылың  ептілікті  талап 
етеді.  Шағын  бөлменің  ішінде  əр  қадамыңды  есеппен,  еппен 
баспасаң, жан-жағыңдағы заттарды іліп кетесің. Қонақ үйінің 
өзін ұлттық ерекшелікке бейімдеп жасап қойған, əйтпесе олар-
да  жағдай  жоқ  емес  қой.  Жапондарды  алғаш  көргенде,  иіліп 
ілтипат көрсететініне риза боласың. Бұл өзі тағы бір қырынан 
қарасаң,  керемет  денешынықтыру  қимылы  сияқты  көрінеді 
екен.  Иілген  кезде  қазақтың  ұлық  болсаң  кішік  бол  деген 
мақалы  бірден  еске  түсті.  Өзіңде  біраздан  кейін  біртіндеп 
иілген  адамға  иіліп  ілтипат  жасағың  келе  бастайды.  Ақыры 

5
мен өзім осы қимылды тез үйреніп алдым. Бір қызығы жапон-
дар  сен  қанша  иілсең,  сонша  рет  иіліп  тұра  береді.  Бірнеше 
рет  бұл  ишараттың  қаншалықты  ұзаққа  жалғасатынын  білу 
үшін қонақ үйде кездескен түрлі деңгейдегі адамдармен қайта-
қайта  иіліп  байқасып  көрдім.  Алайда,  жапондар  көп  иілген 
сайын  зор  құрмет  көрсетіп  жатқандарын  байқататын  болып 
шықты.  Бұл  да  ұлттың  бойындағы  үлкен  мəдениетті,  қанға, 
сүйекке  сіңген  тектілікті  байқатса  керек.  Жапондардың  тағы 
бір  мен  байқаған  керемет  қасиеттері,  намысшылдығы  жəне 
əділеттілікті  сүйетіндіктері.  Олар  намысшылдықтарының 
арқасында күлге айналған Хиросима мен Нагасаки қалаларын 
қайтадан  жаңаша  тұрғызып,  гүлденген  жайнаған  қалаларға 
айналдыра  алды.  Бұл  елге  атом  бомбасының  тасталуы  жа-
пон  халқының  намысын  қозғады.  Олар  ғылымсыз,  білімсіз, 
мықты  экономикасыз,  мол  қаржы  қаражатсыз  мемлекетіңді, 
халқыңды  ешкім  мойындай  қоймайтынын  түйсініп,  дереу 
белсенді де қарымды əрекетті таңдады. Сол жолға түсіп алып, 
еңбекқорлықпен  қайрат-жігердің  арқасында  қиналса  да  бір 
адымдап алға жылжыды. Бұл қам-қарекет өз нəтижесін берді. 
Тəуекелге барып, өздерін бомбалаған бақуатты АҚШ сияқты 
елдерден  инвестиция  тартып,  несиелер  алып  өндірісті  жолға 
қойып,  аяқтарынан  тік  тұрды.  Жапон  елі  озық  экономика-
лы  елдердің  алдыңғы  қатарынан  ойып  орын  алды.  Əлем  жа-
пон ғажайыбын мойындады. Енді бұл халықтың əділеттілікті 
ту  қылып  ұстайтынына  келсек.  Жапондардың  бұл  қасиеті 
мемлекеттік билік құрылымының өзінен байқалады. Мəселен, 
мұндағы  парламент  екі  палатадан  тұрады,  үкімет  парламент 
сайлауында  көп  дауыс  жинаған  партияның  депутаттарынан 
жасақталады.  Егер  үкімет  бір  жылдың  ішінде  халыққа  уəде 
еткен міндеттемелерін орындамаған болса, отставкаға кетеді. 
Жұмыс  істей  алмағандар  орындарын  жаңа  адамдарға  береді. 
Сондықтан шенеуніктер халық, ел мүддесі үшін жанын салып 
қызмет етуге тырысады. Тағы бір əділеттіліктің белгісі, егер ла-
уазымды үкімет мүшесі өз жұмысында қателік немесе кемшілік 
жіберсе, бірден өз өтінішімен қызметтен кетеді. Тіпті қымбат 
үй,  қымбат  көлігі  бар  шенеуніктер  парламент  депутаттары 

6
алдында  оны  қандай  табыстан  тапқанын  нақты  дəйектермен 
дəлелдеп  көрсете  алмаса  да  лауазымымен  қоштасады.  Бұл 
дəйектердің барлығы ақпарат құралдары арқылы жарияланып 
отырады. Сондықтан бұл елде журналистердің беделі де зор. 
Олар əділеттікті іздеп кез келген мекемеден ақпарат ала алады. 
Бірақ ақпарат құралдарына талап та қатаң. Егер телеарна, ра-
дио, газет-журнал жалған ақпарат таратқан болса, сол ұжымның 
өнімін ешкім алмай қояды. Халық лезде жаппай теріс айналады. 
Бұл да əділеттіліктің төресі емес пе? Ел азаматтарының саяси 
сауатының жоғарылығының арқасында əділетті ақпарат тарата-
тын мекемелердің беделі бұл елде қашанда биік. Жапониядағы 
газеттердің тиражы бір мен он миллион аралығында. Осыдан-
ақ  ақпарат  құралдарының  абырой-беделін  бағамдай  беріңіз. 
Журналистерге  деген  құрметті  бір  жұманың  ішінде  біз  де 
əжептəуір  сезініп  қалдық.  Барған  жеріңде  барлығы  жағдай 
жасап  құрақ  ұшып  кетеді.  Барлық  ақпаратты  алдыңа  жай-
ып  салады.  Бұл  елде  шынайы  хабарлар  жасап,  ел  құрметіне 
бөленген журналистердің үкімет мүшесі, парламент депутаты 
болуы  да  тез.  Əріптестерімізге  қатысты  тағы  бір  есте  қалған 
жағдай, сұхбат алып жатқан кезде олар тізерлеп отыра қалады 
екен. Қанша уақыт сөйлесе де тізерлеп отыра береді. Бұл елде 
тілшілердің  əлеуметтік  жағдайы  да  жақсы.  Əйгілі  ЭН-ЭЙЧ-
КЭЙ телеарнасы журналистерінің айлығы он мың АҚШ дол-
ларынан асады. 
Біз Хиросима қаласындағы атом бомбасы жарылған жерді 
көзімізбен  көрдік.  Жапондар  бұл  зұлмат  оқиғаның  қасіретін 
сол  замандағы  қалпында  қираған  ғимараттар  мен  заттар 
арқылы жеткізе білген. Күйген, жараланған адамдарды бейне 
таспа, фото арқылы көз алдыңа əкеледі. Бомба түскен аумақты 
саябаққа айналдырып, оның ортасына аза тұту ескерткішін жа-
сап, мəңгілік алау жағып қойған. Бақтың ортасында мұражай 
салынған.  Одан  бомба  түскен  сəттен  бастап,  оқиғаның  қалай 
болғанын  сезініп,  атом  қаруының  тажал  зұлмат  екендігін 
ұғынып шығасыз. Мұнда кіріп шыққан кез келген адам ядро-
лық  қарудың  адамзатқа  əкелетін  ауыр  қасіретін  түйсінеді. 
Бұл  арада  жапондардың  тағы  бір  даналығын  ұғындық.  Бір 

7
жағынан  бұл  орын  АҚШ  сияқты  елдің  сол  кездегі  өктемдігі 
мен  қатыгез  əрекетін  əшкере  етсе,  екінші  жағынан  бүкіл 
адамзатқа  бейбітшіліктен  асқан  тірліктің  жоқ  екенін  ойға  са-
лып  тұр.  Қазақ  халқы  да  ядролық  қару  сынағынан  аз  зардап 
шеккен  жоқ.  Семей  полигонында  жасалған  бес  жүзге  жуық 
сынақ  Хиросимаға  түскен  бомбаның  екі  мың  бес  жүзіне  тең 
екен.  Содан-ақ  екеуінің  айырмашылығын  саралай  беріңіз. 
Бірақ біз дəл жапондарша Семей полигонының қасіретін əлемге 
көрсете алып жүрміз бе? Курчатовтағы мұражай тым жұпыны. 
Сынақ  алаңы  өткен  бір  шахтадағы  жарылыстың  көрінісін 
дəл  сол  кездегідей  көрсететіндей  барлық  технологияларды 
пайдаланып,  жасап  қойып,  əлем  назарына  ұсынатын  болсақ, 
дүниежүзінен  оны  көруге  келетіндер  табылатыны  сөзсіз. 
Оны  елімізге  жаһандық  ядролық  қауіпсіздік  мəселелеріне 
қатысты  өтіп  жатқан  басқосуға  келген  шетелдік  қонақтарға 
көрсету арқылы таныта да аламыз. Бұл жерде əлемді ядролық 
қарудан тазартуға үндейтін жаһандық нүктеге айналатын еді. 
Сонда  біз  де  жапондар  сияқты  шеккен  қасіретімізді  көрсете 
отырып,  бүкіл  адамзатты  одан  сабақ  алуға  шақыратын  едік. 
Бүгінде  əлем  бізді  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас  тартқан 
жəне  сынақ  полигонын  жапқан  тұңғыш  ел  ретінде  танып 
отырғаны  бұл  мұражайдың  маңыздылығын  арттыра  түсетіні 
сөзсіз. Хиросима қаласы радиациялық зардаптарды зерттейтін 
əлемдік орталыққа да айналып үлгерді. Тура сол атом бомбасы 
жарылған жердегі мұражайдың жанында радиациялық зардап-
тарды зерттеу университеті орналасқан. Ондағы ғалымдар мен 
дəрігерлер  тың  жаңалықтар  мен  зерттеу  жобаларымен  дүние 
жүзіне  танымал.  Сол  кезде  парламент  мəжілісінің  төрағасы 
Орал  Мұхамеджанов  бастаған  қазақстандық  делегация  осы 
университеттің студенттері жəне оқытушылары мен кездесті. 
Жапондар  еліміз  туралы  көп  сауалдар  қойды.  Кездесуде 
қойылған  сұрақтардың  ішінде  бір  сауал  бəрімізді  ойлантып 
тастады.  Зерттеуші  ғалым  нақты  деректерді  келтіре  отырып, 
дүниежүзілік  статистика  бойынша,  қазақтар  мен  жапондар 
арасында өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар саны көп екендігін 
алға  тартты.  Осының  себебі  неде  екендігін  сұрады.  Орал 

8
ағамыз бұл ядролық қарудың тікелей зардабының бір көрінісі 
екендігін қынжыла айтты. Бəріміз бұл пікірмен іштей келістік. 
Сапар  барысында  біз  Хиросима  мен  Семей  қалалары 
арасындағы  жан-жақты  ынтымақтастық  қалыптасқанын  іс 
жүзінде  байқадық.  Жапонияда  үкіметтік  емес  ұйымдардың 
жұмысы өте белсенді. Хиросималықтар семейлік үкіметтік емес 
ұйымдар жəне қоғамдық қорлармен байланыс орнатып, нақты 
көмектер жасаған. Екі қаланың дəрігерлері мен ғалымдары ара-
сында  радиациялық  зерттеулерге  қатысты  ғылыми  бірлескен 
жобалар дайындалған. Медициналық заманауи диагностикалық 
аппараттар  мен  жабдықтар,  дəрі-дəрмектер  түрінде  берілген 
тегін көмектер өз алдына бір төбе. Хиросималықтардың тағы 
бір ерекше көмегі олар жылына бір семейлік үздік оқушыны 
іріктеп алып, өз қалаларының кез келген жоғары оқу орынын-
да оқуға тегін грант беріп келеді. Осы студенттер бізге сапар 
барысында көмектесіп, аудармашы ретінде көп қолғабыс етті. 
Бұл  қала  тұрғындарының  семейліктерге  деген  ықыласының 
ерекшелігін байқататын дəйектің көкесі олар Семей полигоны 
тұрғындарының мұңын керемет жеткізе білген «Заман-ай» əнін 
жапон  жəне  ағылшын  тілдеріне  аударып,  айтып  жүргендігі. 
Хиросималықтар  бізге  осы  əннің  жапонша,  ағылшынша 
нұсқалары  жазылған  дискіні  сыйға  тартқанда,  бұл  халықтың 
бізге деген жанашырлығына шексіз риза болдық. Осы дискіні 
шығарушы  қоғамдық  қордың  жетекшісі  Кейчи  Сасаки  бұл 
əн  əлемдегі  халықтарды  ядролық  сынақтарға  қарсы  күреске 
үндейтін  əнұранға  айнала  бастағанын  қуана  жеткізді.  Əнді 
Жапониядағы ең танымал Томоко деген əнші орындайды. 
Біз Хиросимадан кейін жапондардың əйгілі жүрдек пойызы-
на отырып, атақты Киото қаласына жол тарттық. Жылдамдығы 
сағатына  үш-төрт  жүз  шақырымды  алатын  көлікте  жолаушы 
үшін өте ыңғайлы жағдай жасалған. Басқаны айтпай-ақ қояйын, 
қызмет  көрсету  мен  байланыс  саласындағы  технологияның 
жетіктігі соншалық, біз онда отырып, түсірген материалымыз-
ды монтаждап, интернетпен жібере алдық. 
Киото тарихи ғимараттары мен түрлі храмдары жəне саялы 
бақтары көп əдемі қала. Шаһар мың жылдан аса Жапонияның 

9
астанасы  да  болған.  Мұнда  екі  мыңға  жуық  будда  жəне  син-
тоизм  храмдары  мен  бақтар  орналасқан  деген  ақпарат  бар. 
Оның  əрқайсысының  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Мəселен,  біз 
болған көптеген гүлдер мен өсімдіктер, ағаштар өскен храмда 
табиғаттың таңғажайып сұлулығына көз жеткізе түсесің. Жан-
жағың  қызыл,  сары,  ақ,  көк  гүлдер,  жапырақтары  жайқалған 
түрлі түсті ағаштар, өзінше əн салған құстардың дауысы анық 
естіліп  тұр.  Саябаққа  кіріп  шыққанда,  қаланың  шуылынан  бір 
сəтке арылып, рахаттанып, демалып қалғаныңды сезінесің. Бұл 
араға жапондар табиғатпен сырласуға келеді, өсімдік əлемінің 
жұмбақтарын  үнсіз  бақылайды.  Егер  атақты  сакура  гүлінің 
гүлдегенін  жəне  ағаштардың  жапырағының  үзіліп  түскенін 
көрген адам өзіне сəттіліктің сыйы бұйырды деп іштей марқайып 
қуанады.  Мұндай  табиғатқа  деген  ерекше  ілтипат  тек  жапон-
дарда  ғана  шығар  деп  ойладым.  Бір  сəтке  біз  неге  қоршаған 
ортаның тылсымдарына осылайша бойлай алмаймыз екен деген 
өкінішті  ой  келді.  Шынымен  мұндай  саябақ  бүгінгі  заманның 
қым-қуыт  қарбалас  тірліктерін  əп-сəтте  ұмытып,  ой-санаңды 
тынықтыратын  тамаша  демалыс  орыны  емес  пе?  Шіркін-ай 
Астанада,  Алматыда  басқа  да  қалаларымызда  осындай  бақтар 
көп  болса  ғой  деп  армандадық.  Біз  барған  келесі  храм  тастар 
əлеміне тартып алып кетті. Бұл жерде түрлі тастардың өзіндік 
ерекшелігіне арналған керемет мұражай орналасқан. Осы храм-
ды аралап жүріп мен əр тастың өзіндік қыртысы, құрамы, қабаты 
болатынын  бағамдадым.  Бұған  дейін  мұндай  кереметке  мəн 
бермей  жүре  беріппіз.  Негізінде  бабаларымыз  тастардан  түрлі 
əшекейлі  бұйымдар  жасап,  тарихи  таңбалары  мен  жырларын 
тасқа қашап, ескерткіш етіп бал-балтасты қойған. Байқасақ, тас 
əлемінің ғажайыптары біздің халыққа да жат емес тəрізді. Гауһар 
тас,  інжу-маржан,  алтынмен  апталған,  күміспен  күптелген, 
қоладан  құйылған,  мыс  жалатылған  деген  сөздер  əр  тастың 
ерекшелігін ашып тұр емес пе? Жапондар тастарға қарап, көздің 
лəззат алуына мəн берген. Бұл да жанарыңды рахаттандырудың 
бір əдісі ме деп қалдым. Келесі барған бағымыздың тура орта-
сында Кинкакуджи атты таза алтыннан салынған храм тұр екен. 
Оны  лауазымды  патша  маңындағы  қызметкер  болған  Сегун 

10
Есимицу деген адам салдырған. Ол 8 жастағы ұлының тəрбиесі 
мен  айналысу  үшін  қызметінен  бас  тартқан  жəне  будда  дінін 
терең тануға бет бұрған. Бұл ғимаратты Есимицу жердегі буд-
да жұмағына айналдырмақ ниетпен салдырыпты. Бүгінде Кин-
какуджи əлемдік мəдениеттің бірегей ғимараттарының тізіміне 
енгізілген. Алыстан жалт-жұлт етіп көздің жауын алып тұр. Оны 
салған шеберлердің еңбегі де керемет екендігі сөзсіз. Ғимарат бір 
рет өртеніп кеткен. Бірақ кейіннен ол қайта қалпына келтіріліп, 
тура бұрынғы ғимараттың жаңа көшірмесі салынған. Осы араға 
ағылып келіп жатқан саяхатшылардың легінде шек жоқ. Үлкен 
саябақтың  əр  жерінде  халықтың  тарихынан  салт  дəстүрінен 
сыр  шертетін  жəдігерлер  мен  ескерткіштер  қойылған.  Сол  за-
манда  пайдаланылған  тұрмыстық  заттар  да  бар.  Бақтың  шыға 
берісіндегі  сарайшықтар  маңына  бүгінгі  заманға  лайықталған 
дəстүрлі ғимараттар салынып, түрлі естелік заттар мен сувенир-
лер сататын орындар жұмыс істеп жатыр. Тарихи құнды орын-
ды  көрсету  арқылы,  саяхатшыларға  өз  халқыңның  дəстүрін 
Алтынмен аптал ан Кинкакуджи  ибадатханасы

11
де  таныстырасың,  ел  мəдениетінің  мəйегі  тереңде  жатқанын 
жеткізесің. 
Тағы  бір  үлкен  саябаққа  барғанымызда  арнайы  ұлттық 
мейманханаға  кіріп,  гейшалардың  өнерін  тамашалай  алдық. 
Гейша  жапондардың  ұғымында  сұлу,  бекзат,  ой-өрісі  биік, 
ізетті де əдепті, сымбатты да икемді, сезімнің сыр-пернелерін 
дөп баса алатын нəзік жан. Олар бізге жапон шəйін беру рəсімін 
көрсетіп, мың бұралған билерін тарту етті. Қазір гейшалар тек 
сахналарда,  арнайы  мейрамдарда  өнер  көрсететін  дəстүрлі 
өнерпаздарға айналған. Оларды баяғы замандағыдай пайдала-
ну жойылған. 
Киотода  жүргенде  өзің  адам  мен  табиғат  арасындағы 
байланыстың  қыр-сырын  жаңаша  түсіне  бастайсың.  Жапон 
халқының  табиғатқа  деген  ерекше  ықылас-ілтипатына  риза 
боласың.  Қала  тұрғындары  тіпті  əр  жыл  мезгіліндегі  қанық 
бояуларға сай киініп, тағамдарында соған қарай өзгертіп оты-
рады екен. Əр адам ағаштарды, өсімдіктерді баптауға келгенде 
жандарын салады. Ерекше күтім болған соң, олардың əдемілігі 
де еселене түскендей. Жапондардың əр істі тындырыммен жа-
сайтын еңбекқорлығы да керемет. Шағын тəтті тағамдар сата-
тын дəмхананың өзінде керек тəттіңізді көз алдыңызда жасап 
береді. Дəмі тіл үйіреді. Ал енді күн шығыс елі тұрғындарының 
сыпайылығы да бөлек. Əр азамат бүкіл халықтың, елдің аты-
нан  əрекет  етіп  тұрғандай,  жауапкершілікті  терең  сезінеді. 
Сондықтан  болар  меймандарға  деген  құрметтері  зор.  Бұл 
жапондардағы  игі  қасиеттердің  барлығы  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  дəстүр  мен  мəдениеттің  арқасы  ғой  деген  ой 
түйдік. Осындай ерекшеліктері арқылы Киото нағыз өркениет 
орталығына айнала алған. 
Киотодан  кейін  біз  Жапонияның  өндірісті  аймағы  Нагоя 
қаласына келдік. Бұл шаһардың аумағында бүкіл əлем білетін 
Тойота көліктерін шығаратын зауыт орналасқан. Осы өндіріс 
орны  арқылы  бүкіл  аймақтың  əлеуметтік  экономикалық 
мəселелері  оңтайлы  шешіліп  отыр.  Зауыт  жаңа  технология-
мен  толықтай  жарақтанған.  Барлық  жұмыстарды  компью-
тер  арқылы  басқарылатын  роботтар  істейді.  Адамдар  тек  əр 

12
жасалған  бөлшектің  бітер  тұсында  тексеріп  қадағалау  жасап 
тұрады.  Зауыттың  соңғы  үлгідегі  өнімдері  қойылған  көрмені 
аралап  көрдік.  Барлық  көліктердің  ең  жаңа  модельдері  сам-
сап  тұр.  Бізді  соңғы  үлгідегі  жаңа  көлік  қызықтырды.  Ол 
бір  адамға  арналған  өте  шағын  автомобиль  екен.  Алыстан 
қарасаңыз кресло сияқты. Өте ыңғайлы барлық жүйелер авто-
матты түрде басқарылады. Жылдамдығы 70-тен аспағанымен, 
қаланың  ішінде  жүруге  қолайлы.  Мұндай  көліктер  қазір 
əсіресе,  көшелері  тарлау  келетін  Еуропада  өтімді  болып 
шықты. Біріншіден, онымен кез келген жерден кептелмей өтіп 
кетуге болады, екіншіден жағармаймен емес электр қуатымен 
жүреді, үшіншіден, тоқтап тұратын жерде көп орын алмайды, 
төртіншіден, бағасы да қымбат емес. 
Зауыт  менеджерлері  алғашқы  кезекте  барлық  нарықтың 
əлеуетін  жан-жақты  зерттеуге  айрықша  мəн  беретіндерін 
жасырған жоқ. Əр құрлықтағы елдердің нарықтарында қандай 
көлікке  сұраныс  көп,  ең  алдымен  соны  жіті  анықтап  алып, 
соған  лайықтап  өнімді  жасап  жөнелтіп  отырады.  Тағы  бір 
ерекшеліктері əр модельді жүргізушіге қолайлылықты жақсарта 
Тойотаны  со ы  лгідегі бір кісілік к лігі

13
түсу үшін жаңа автоматты тетіктермен толықтырып жетілдіре 
түседі. Өндіріс жеткен жетістігінде тоқтап қалмайды, əрдайым 
ізденіс  жалғаса  береді.  Бұған  қоса  көліктердің  бағасы  тым 
қымбат  қойылмайды.  Осындай  ыждаһаттылық  пен  еңбектің 
арқасында жапондардың Тойотасы əлемді мойындатып отыр. 
Еуропа мен Американың машина жасаушыларын басып озған 
олар  қай  елге  болса  да  үлгі.  Қазір  жапондар  Орталық  Азия 
нарығын  тиянақты  зерделеу  үстінде.  Бұл  аумақта  зауыттың 
құрастыру  филиалын  ашу  қаншалықты  тиімді  деген  сауалға 
нақты  жауап  əлі  анықталған  жоқ.  Олар  Ресейдегі  филиал-
дары  жұмыс  істеп  тұрған  соң,  сол  арқылы  да  сұранысты 
қанағаттандыру жолын да қарастырмай отырған жоқ. Жеті рет 
өлшеп,  бір  рет  кесетін  жапондар  егер  филиалды  ашсақ,  онда 
оның орналасатын жері ретінде Қазақстанды таңдаймыз десті. 
Тойотаның өнімдерді сату ісімен айналысатын «Тойота цуше» 
корпорациясының президенті Джунзо Шимизу Қазақстанның 
Жапониядағы құрметті консулы. Сондықтан мұндай зауыттың 
бізде ашылу мүмкіндігі зор екендігін болжап қойдық. Жалпы 
Жапондар ойлап тап ан саксафоншы робот

14
біздің  елдің  де  сапалы  өз  өнімдерін  шығаруына  жан-жақты 
жағдай  бар,  пайдалы  қазбаларымыз  мол,  инвестициялық  ах-
уал жақсы, қаражат қорымыз бар. Қазақстанға неге өз метал-
дарымызды пайдаланып, мұнай өндіруге қажет техникаларды 
шығармасқа,  неге  ғарыш  саласына  қажет  сирек  металдардан 
тұратын  тетіктерді  жасамасқа,  əлемде  сұраныс  көп  өнімді 
таңдап, соны жасауды немесе қажет бөлшегін шығаруды қолға 
алмасқа?  Осы  сияқты  жобалар  жіті  сараланып  барып  қолға 
алынса, нақты нəтижеге қол жеткізуге болады. 
Біздің Шинкансен экспресс пойызына мініп жеткен келесі 
қаламыз  Жапонияның  астанасы  Токио  болды.  Он  екі  милли-
оннан аса тұрғыны бар ірі мегаполисті қазіргі заманғы сəулет 
өнерінің айтулы жобалары жүзеге асқан орталық деуге бола-
ды. Қала тарихи орындардан да кенде емес. Ең басты тарихи 
ғимарат  император  сарайы.  Ол  тура  шаһардың  ортасындағы 
ауданда орналасқан. Сарайдың құрылысы сонау он алтыншы 
ғасырда басталып алғашқы ғимараттар сол кезде бой көтерген. 
Бүгінде  ол  екі  бөліктен  тұрады.  Батыс  бөлігіндегі  Фукиагэ 
бағында  император  сарайы,  онда  қазіргі  император  Акихито 
отбасымен,  туған-туыстарымен  жəне  сарай  қызметшілерімен 
тұрады. Бұл жаққа саяхатшылар кіргізілмейді. Екінші шығыс 
жақтағы  ескі  қамалы  бар  бөлігінде  Шығыс  бағы  бар.  Осы 
тұста  Нидзюбаси  көпірі  де  тұр.  Сарай  толықтай  мемлекет 
қамқорлығында.  Тіпті  император  отбасымен  оның  туыста-
рын,  қызметшілерін  ұстау  ел  қазынасына  жүктелген.  Токио 
тұрғындарынан сарайдағы император отбасының өмірі туралы 
əртүрлі  ақпарат  естідік.  Император  туыстарының  қала  да,  ел 
ішінде  еркін  жүріп  тұруына  мүмкіндік  бермейтін  түрлі  шек-
теулер  бар.  Соған  көбінесе  сарайдағы  жастар  жағы  көнгісі 
келмейді  екен.  Бірақ  дəстүрді  сақтау  керек.  Сондықтан  ел 
тұрғындарының  бір  тобы  сарайдағы  өмірге  қызыға  қараса, 
екінші  бөлігі  іш  пыстыратын  ондай  тірліктен  гөрі  еркіндікте 
жүргенің  əлдеқайда  жақсы  деген  пікірде.  Соңғы  жылдары 
қоғам арасында император отбасы неге мемлекет қаржысына, 
яғни  ел  тұрғындарының  қаржысына  өмір  сүреді  деген  сауал 
көтеріле бастапты. Халық ішінде оларда өз күндерін өзі көрсін 

15
деп  есептейтіндер  қатары  молая  түскен.  Токиодағы  тағы  бір 
тарихи  ғимарат  Мейдзи  храмы.  Ол  он  тоғызыншы  ғасырдың 
аяғы  мен  жиырмасыншы  ғасырдың  басында  Жапонияның 
əлемдік алпауытқа айналуына айрықша үлес қосқан император 
Мейдзиге құрмет ретінде салынған. Енді Токионың аспанмен 
астасқан  зəулім  ғимараттары  орналасқан  аудандары  туралы 
əңгіме қозғасақ. Синдзюку ауданы ірі əкімшілік, іскерлік жəне 
сауда  орталығы.  Онда  алғашқы  биік  жапондық  ғимараттар 
тұрғызылған. Осы аумақта Токио қаласы əкімшілігінің қырық 
сегіз қабаттық алып ғимараты да бар. Оның үстіңгі қабатынан 
бүкіл Токионы алақандағыдай көруге болады, тіпті атақты Фуд-
зи  тауының  сілемдерінде  тамашалай  аласыз.  Бұл  аудандағы 
елу төрт қабаттық Токио Опера Сити кешенінде ұлттық театр 
ғимараты мен заңғар мұнара тұр. Ал енді Жапон астанасындағы 
ғажайып үлкен көпірді көргенде таңдай қақпай қоймайсыз. Ол 
шуақты көпір деп аталады. Оның түрлі иірімді бұрылыстары 
мен қалтарыстарын бір жүріп өткенде есте сақтау əсте мүмкін 
емес. Елшіліктегі көлік жүргізушілерінен сұрап едім, жігіттер 
оны  меңгеру  үшін  апталап  жүргендерін  жасырған  жоқ.  Бір 
бауырымыз сол үшін мотоцикл жалдап алып, əр бұрылыстың 
қайда  апаратынын  көріп,  жүріп  шығыпты.  Соның  арқасында 
көпірдің білгіші атанған оған əріптестері осы көпірдің үстімен 
кетіп  бара  жатқанда  міндетті  түрде  телефон  шалып,  жол 
сұрайды екен. Бұл көпірдің үстімен жаяу жүріп өтуге де бола-
ды. Арнайы жаяу жүрушілер үшін ұзындығы 918 метрлік жол 
бар. Оны жылдам жүргенде жарты сағаттан аса уақытта əзер 
жүріп өтуге болады. 
Токиодағы  тағы  бір  жапон  ғажайыбы  саналатын  нысан 
мұхит суының астынан қазылған туннель. Оның ұзындығы он 
шақырымға  жуық.  Бұл  озық  жаңа  технологияның  арқасында 
жүзеге асқан ғаламат жоба. Арнайы су өтпейтін үлкен құбыр 
сияқты  төрт  қатарлы  көлік  жүре  алатын  жолы  бар  туннель 
жасалып,  мұхиттың  астына  орнатылған.  Оның  арқасында 
Токиоға жақын орналасқан қалалардан келетін тас жолдар жүз 
шақырымға  қысқарған.  Əрине,  мұндай  жолмен  жүрген  кезде 
бір  жағынан  таңданасың,  екінші  жағынан  үрей  де  пайда  бо-

16
латыны жасырын емес. Қалай болғанда да мұхиттың астында 
кетіп бара жатқаныңызды сезінсеңіз, іштей қобалжитыныңыз 
сөзсіз.  Оның  үстіне  ауа  қысымы  мен  ылғалдылық  бəрібір 
байқалып  тұрады.  Мұндай  туннельдер  əлемде  санаулы  ғана. 
Бұл  нысанның  үстіңгі  жағында  көпір  салынған.  Онда  жаяу 
серуендейсіз.  Көпірдің  тура  ортасында  сусын,  ішіп  дема-
латын  мейрамхана,  барлар  орналасқан.  Көпірдің  үстінде 
тұрып,  шексіз  қиырға  қарап  көз  талдырғанда  мұхит  əлемінің 
тұңғиықтығы мен күштілігін бағамдай аласыз. Жапонияда жиі 
болатын цунами, жер сілкіністеріне осы мұхиттың алай-дүлей 
дауылдарында пайда болатын алып толқындары ықпал етпей 
қоймайды. 
Əр халық өз елінің табиғатына бой үйретіп алады ғой. Біз 
Күн  шығыс  елінде  жүргенде  бірнеше  рет  жердің  тербелісін 
сезіндік. Əйгілі Тойота компаниясының бас офисі орналасқан 
биік ғимаратта ресми кездесулерге журналистер қауымы мен 
арнайы күзет жəне қауіпсіздік қызметінің жігіттері алдын ала 
келіп,  күтіп  тұрғанбыз.  Бір  кезде  күзет  қызметінің  жетекшісі 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал