Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет9/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

II
Жұмыртқаны қолына
Қосаяқ кеп алады.
Қалып өзi жолынан,
Iздеу салып барады.
Жұмыртқаны осы аяп,
Тура тауып бағдарды.
Үйректерге Қосаяқ
Айтты болған жағдайды.
– Кездестiрдiм дəл алдан,
Дөңгелек те,
Жұмық та,
Тауып алдым даладан,
Сенiкi ме, жұмыртқа?
Таптым мұны жапаннан,
Деп тастасам,
Обал ғой.
Бəлкiм,
Түстi арбадан?
Бұл өзiмнiң жобам ғой.
Жасамаққа жақсылық,
Ниет етiп келемiн.
Ие шықса,
Тапсырып,
Өз шаруама жөнейiн.
Үйрек оны тыңдайды,
Байыбына қанады.
– Əрбiр үйрек,
Мұндайдың
Талайларын табалы.
Қиын бiрден тануың,
Аяп тұрмын сенi
Мен.
Шатастырып алуым...
Айта алмаймын сенiммен.

225
Тауық,
Үйрек табатын,
Жұмыртқалар тым ұқсас.
Ажырата алатын,
Бiлгiр бiреу,
Бiл, шықпас.
Дал боп тұрмын ұға алмай,
Белгiсi жоқ,
Ұмытпа.
Балапан қып шығармай,
Демен:
«Бiздiң жұмыртқа».
Бере алмаймын уəде,
Айта алмаймын,
«Менiкi».
Жоқ өзiнде
Куə де,
Дейтұғын: «Дəл сенiкi...»
Қайталады Үйрек те,
Қораз айтқан қауiптi.
Осы ақылды үйреткен,
Сөгiп-сөгiп Тауықты.
– Дөңгелек те,
Жұмық та, – 
Дедi Үйрек жазған да, – 
Мұндай, мұндай жұмыртқа
Табады анау Қаздар да.
Кеңесiм,
Күн жарықта,
Бар тездетiп, кеш қалмай.
Жөн сұрасаң,
Айып па?
Оқасы жоқ ешқандай.
Тұрған жоқпын жамандап,
Жұрт таққан бұл атақ қой.

226
Сұра жаймен амалдап,
Мiнезi оның
Шатақ қой...
III
Жұмыртқаны қолына
Қосаяқ кеп алады.
Қалып өзi жолынан
Iздеу салып барады.
Жұмыртқаны осы аяп,
Тура тауып бағдарды,
Қазға келiп Қосаяқ
Айтып бердi жағдайды.
– Жүргемiн жоқ босқа аяп, – 
Деп iш тартты Қосаяқ. – 
Сенде де бар
Қос аяқ,
Менде де бар
Қос аяқ.
Сол туыстық үшiн де,
Iздеп келдiм,
Ұмытпа.
Қос аяқты iшiнде,
Мен-ақ таппас жұмыртқа.
Қайтайын деп тапсырып,
Тура алдыңа келген мен.
Жасасаң бiр жақсылық,
Көретiнiң сергелдең...
Жұмыртқаға еңкейдi,
Қаз тың тыңдап,
Байқады.
Ары-берi төңкердi,
Содан басын шайқады.
– Түстiң бекер
Əуреге,

227
Мұндай iстен атақ аз.
Керек бiзге дау неге, – 
Деп шiрендi Ата Қаз.
Дайын екен ұрсуға,
Қиғылықты Қаз қылды.
– Мен, Көкек деп тұрсың ба?! – 
Қосаяқты ол жазғырды.
– Жұмыртқасын көрiнген
Жерге табар – 
Бiз емес.
Көкектер ол, ерiнген,
Тапса, артынан iздемес.
Жаппа маған жалаңды,
Қандай қажет
Ерегес.
Танытамын дадаңды,
Iздеп жүрсең төбелес...
Тiстемекке бас салып,
Жасады ол əрекет.
Жiбере ме
Бас жарып,
Бұл Қаз деген пəлекет.
Жұмыртқаны босқа аяп,
Дау-дамайға тұтылды.
Ата Қаздан 
Қосаяқ
Əрең қашып құтылды.
IV
Жапа шектi жазықсыз
Келедi ол күйiне.
Бала-шаға азықсыз
Тосып отыр үйiнде.
«Жұмыртқаны өздерi
Табатындай 

228
Мен үшiн.
Тiптi кесек сөздерi,
Айтпайды да жөн iсiн...» – 
Деп Қосаяқ қолына
Жұмыртқаны алады.
Қалып өзi жолынан
Тағы iздеу салады.
Жұмыртқаны осы аяп,
Сұрап жолды бағдарды,
Түйетауыққа Қосаяқ
Баяндады жағдайды.
– Кездестiрдiм дəл алдан,
Дөңгелек те,
Жұмық та,
Тауып алдым даладан,
Сiздiкi ме, жұмыртқа?..
Айтты оған шағымын:
«Ауыр болды жол бүгiн».
Жоқ екенiн бағының,
Көрген талай қорлығын.
– Талды менiң қолым да,
Аяқ сыздап iсiндi.
Бəрiн кездiм жолымда,
Басса да олар мысымды.
Ақыл маған үйреткен,
Iздеп бардым
Тауықты.
Шықтым жаңа
Үйректен,
Ал,
Қаз, тiптен жауықты...
Түйетауық тыңдады,
Көтерiп бiр аяғын.
«Жақында», – деп ымдады,
Түйiп қалың қабағын.

229
Келгенде ол алдына,
Бас сап ұстап, түнердi.
Тiстеп,
Сiлкiп алды да,
Лақтырып кеп жiбердi.
Қосаяқ қор болғаны,
Зəре-құты қалмады.
Жұмыртқасын қолдағы
Аз-ақ,
Аз-ақ жармады.
Түйетауық дегенiң,
Бердi осылай жауапты.
Бiлдi бекер келгенiн,
Қосаяқ жеп таяқты.
V
Ашуланды Қосаяқ,
«Əурешiлiк жетер де.
Жұмыртқаны осы аяп.
Жүрмiн неге бекерге!!
Байғұс басым, желөкпе,
Азаптанам несiне?
Өзi маған керек пе,
Керек емес иесiне!
Табылмаса құрысын,
Неге итаршы боламын?
Ең абзалы,
Дұрысы,
Орнына қояйын...»
Өстiп ойын қорытты
Жұмыртқасы қолында...
Көкек қарсы жолықты,
Келе жатқан жолында.
– Жолықтырдым дəл алдан,
Жөн сұрау ғой,

230
Менiкi,
Тауып алдым даладан,
Емес пе бұл,
Сенiкi...
– Жұмыртқаны салады
Тасбақа да,
Жылан да.
Мазамды алмай,
Бар, əрi,
Обалды айтып жыланба.
Сонау,
Мұзды мұхитта,
Пингвин де табады.
Сенше,
Көкек суқит па?! – 
Деп өшiге ол қарады.
– Бiз,
Ұяға кез келген
Саламыз ғой жұмыртқа.
Сол əдеттен өзгерген
Жоқпыз,
Мəлiм бұл жұртқа.
Ата-баба жолынан
Исi
Көкек,
Таймаймыз.
Жұмыртқа сап, соңынан
Оны баса алмаймыз...
Бiздер үшiн бiреулер
Жұмыртқаны басады.
Жайбарақат жүре бер,
Көкек неден сасады.
Балапанды асырап
Бейнетке кiм қалады.
Есейгенде азырақ
Бiздi өзi iздеп табады.

231
Көкек сөктi:
– Қарашы,
Қосаяқтың бiрбетiн.
Кiм иесi?
Табасың!
Ол өзiңнiң мiндетiң!
Мықты бол сен қолыңа,
Айтам мұны достықпен.
Жарып алма сорыңа,
Жұмыртқаны қастықпен.
Аяқтайсың бұл iстi,
Берер ақыл өзiңе.
Болып жүрме қылмысты,
Құлақ аспай сөзiме...
VI
Жұмыртқаны босқа аяп,
Жала тауып басына.
Қор болды өстiп
Қосаяқ,
Келе жатыр ашына.
Қосаяқтың осылай,
Iске басты шатылды.
Бəлкiм, оған, досым-ай,
Сен берерсiң ақылды.
Жасынырып қалуға
Жүрегi ұшып батпайды.
Пингвинге баруға,
Солтүстiкке аттанды.
Не болды де аяғы,
Немен бiттi өзi анық.
Пингвиннiң баяғы,
Айтатұғын сөзi анық.
Солтүстiкте хал нешiк,
Қосаяғың тоңып тұр.

232
Мұзды басып,
Қар кешiп,
Қай бiр iсi оңып тұр.
Дедi оған Пингвин:
– Босқа əуре болдың-ау.
Суық екен күн бүгiн,
Қалш-қалш етiп тоңдың-ау.
Бiз ерекше құстармыз,
Бiздi жай құс демеңдер.
Құс болғанмен,
Ұшпаймыз,
Ақылдымыз кемеңгер.
Тауық,
Үйрек,
Жүздеген
Жұмыртқаны салатын.
Бiр жұмыртқа бiз деген
Əрбiр жылда табатын.
Жағдай солай, бiлдiң бе,
Айтайын мен шындығын.
Жоғалтуы мүмкiн бе,
Жұмыртқасын Пингвин.
Оны өзiмiз басамыз,
Шығарамыз балапан.
Ұқыптымыз аса бiз,
Аулақ, аулақ жаладан...
Бiр жұмыртқа тапқаны,
Пингвиннiң амалдап.
Солтүстiгiн мақтады,
Оңтүстiктi жамандап.
– Артық туған көрiктi,
Шетiмiзден iрiмiз.
Көрмейсiң бе келiп тұр,
Дирижерге түрiмiз.

233
Мекенiмiз солтүстiк,
Ақсүйекпiз ардагер.
Естуiмше, оңтүстiк.
Құстары ғой саудагер.
Бiздер емес,
Олар ғой
Жұмыртқасын сататын.
Күрке салып,
Солар ғой
Пайда тауып жататын.
Сол себептi кеңесiм
Тауықтарға қайта бар.
Сол жерде iзде егесiн,
Бiзден сəлем айта бар...
VII
Қосаяқтың сормаңдай
Қалды есi ауып та.
Кiнəлi өзi болғандай,
Қайта келдi Тауыққа.
Жалынды оған Қосаяқ:
– Басын мұның ашып бер.
Жүрген мына босқа аяп
Жұмыртқаны басып көр.
Кiмдiкi екен, бiлейiк, – 
Дедi оған, – 
Нең кетер?!
Тапқан пəлем тiленiп,
Ақжүрек боп мен бекер.
– Осың оңған қылық па,
Қосаяқсың құтырған.
Мен баспаймын жұмыртқа,
Ондай iстен құтылғам.
Техника iлгерi
Батыл қадам жасады.

234
Бұларды бұл күндерi
Инкубатор басады.
Қырық күндей күрiк боп,
Отыратын мен емес.
Басуға еш құлық жоқ,
Өтiнуiң жөн емес.
Аулақ жүршi, жөнiңе,
Маған неге байландың?!
Соларға бар, – дедi де,
Тауық терiс айналды.
VIII
Қосаяғым мəңгiрiп,
Бағын сынап бiлмекке,
Жол-жөнекей қаңғырып,
Қайта келдi Үйрекке.
Аяғына жығылды:
– Басын мұның ашып бер!
Кiмдiкi екен тұқымы,
Жұмыртқаны басып көр.
Ең болмаса, бiлейiк, –
Дедi оған:
– Нең кетер!
Тапқан пəлем тiленiп,
Ақ жүрек боп мен бекер.
Үйрек айтты:
– Оңбайсың,
Жүрсiң бе əлi алысып.
Нең бар менде,
Қоймайсың,
Таскенеше жабысып.
Жұмыртқаны басуға
Отыратын сорлы жоқ.
Жиырмасыншы ғасырда
Өрескел бұл, орны жоқ.

235
Техника iлгерi
Батыл қадам жасады.
Бұларды бұл күндерi,
Инкубатор басады.
Техника қуатын
Бұдан əрi арттырса.
Жұмыртқалар туатын
Робот – үйрек таптырса.
Жұмыртқаны туғанға
Жүрмiз, мiне, қиналып.
Техника бұған да
Көмек берсе жиналып.
Бар, – дедi де – соларға, –
Үйрек терiс айналды...
Мұндай қорлық болар ма,
Қосаяғым сандалды.
Болды өзi iстi де,
Болды өзi жазықты.
Көкек оның үстiне
Сотқа арыз жазыпты.
«Иесiн ол таба алмай,
Жұмыртқаны қор еттi.
Қосаяқты қалайда,
Бiр жазалау керек-тi...»
Не боп кеттi заманың,
Жақсылыққа баға жоқ.
Кiм табады амалын,
Жамандыққа еш шара жоқ.
Қосаяғым сотталып,
Кетер iске тап келдi.
Келедi ол оқталып
Инкубатор жаққа ендi.

236

Ал Қаздан ол қалды ығып,
Айта алмады тiлегiн.
Бата алмады қаймығып,
Ұшырды ғой жүрегiн...
Түйетауықтан пайда жоқ,
Одан жəне қорықты.
Инкубатор қайда деп,
Иесiне жолықты.
Х
Инкубатор иесi
Тiредi оны тұйыққа:
– Айтсам, – дедi ол, – жүйесiн,
Кiмдiкi, бұл жұмыртқа?
Жағдайымды ұғарсың,
Бəле болып жүрерсiң...
Ұрлап алған шығарсың...
Қайдан оны бiлерсiң...
Қажет бiзге ол аса,
Алдыменен растаймыз.
Анықтамаң болмаса,
Мұны, – дедi ол, – баспаймыз!
Шырылдады Қосаяқ,
Аяқ-қолы дiрiлдеп:
– Жүр екенмiн босқа аяп,
Мен таптым ба мұны? – деп.
Инкубатор иесi
Сазарды да саспады.
Қырсық екен мiнезi,
Уəжге құлақ аспады.
– Əңгiмеңнен байқаймын,
Шырақ,
Есiң дұрыс па?

237
Тайталаспай қайқайған,
Құлығым жоқ,
Ұрысқа.
Аяп сенi құсалы,
Өз басыңды қарақан.
Бастық оны,
Мысалы,
Шықты делiк балапан.
Салса ол сонда кеселдi:
«Кiм бұл жерге əкелдi?
Тауып бер деп шешемдi,
Тауып бер деп əкемдi...»
– Əкесi – мен,
Айтайын, –
Деп Қосаяқ зарлады.
Қиындады iс байқады,
Басқа амалы қалмады.
Инкубатор иесi
Ол тоқтамға көнбедi.
– Жақпа пəле күйесiн,
Ақымақ емес,
Мен, – дедi.
Қосаяқты таяқтап,
Қуды:
– Өшсiн қараң, – деп.
– Тұрма мұнда жалақтап,
Жұғар кесiр, жалаң, – деп.
ХI
Ендi оның баратын,
Не тауы, не тасы жоқ.
Қосып ақыл салатын,
Не досы, не қасы жоқ.
Жас үймелеп көзiне,
Қосаяқ тым торықты.

238
Жарты жолда,
өзiне
Түлкi бикеш жолықты.
Бiлгеннен соң жағдайды,
Қосаяқты есiркеп,
Қисық көзi бағжайды:
– Əурелендiң несiн? – деп.
– Болдың босқа жаманат,
Жұмыртқаға тап келiп,
Мұның жалғыз амалы-ақ:
Жейiк өзiн,
Қақ бөлiп.
Iздеушiсi жоқ болса,
Қаңғырғаның жетедi.
Қарынымыз тоқ болса,
Одан немiз кетедi.
Көнбедi оған Қосаяқ,
«Болмаймын, – деп, – айыпты...»
Жұмыртқаны осы аяп,
Бауыр басып қалыпты.
Түлкi күштеп алмаққа,
Жұмыртқаға ұмтылды.
Ал Қосаяқ қалбақтап,
Қашты,
Зауал күн туды.
Бiраз жерге барысты,
Түлкi жеттi,
Қоймады.
Ендi екеуi алысты,
Жұмыртқа боп ойлары.
Түлкi неден сасады,
Тартып алды қолына.
Əлiмжеттiк жасады,
Қосаяқтың сорына.

239
Жұмыртқаны қолдағы
Жерге ұрды.
Болмады.
Тасқа ұрды!
Болмады!
Жарылмады ол тағы!
Ашу қысты Түлкiнi,
Аласұрып жынданды.
– Көргем жоқ, – деп, – бұл күнi
Тастай қатты мұндайды.
Тептi!
Ұрды!
Болмады!
Түлкi басын шайқады.
Жұмыртқаны қолдағы
Ептеп зерттеп байқады.
Қосаяққа тесiлдi:
– Барып тұрған милау, – деп.
– Неге керек өзiңдi
Тектен-текке қинау, – деп.
– Босқа əуреге қалыпсың,
Қосаяғым,
Жарығым.
Жұмыртқа емес,
Тауыпсың
Теннистiң сен шаригiн!..
Қосаяқты сөктi де,
Түлкi iсiн доғарды.
Шариктi бiр тептi де,
Өз жайына жоғалды.
Жұмыртқа деп бос аяп,
Жүрсе...
Шарик қолдағы.
Зардап шеккен Қосаяқ,
Қуанғаны-ай сондағы...

240
Үшінші бөлім
БІР УЫС БИДАЙ
БIР УЫС БИДАЙ
(Пантомима аралас 2 актiлi 6 көрiнiстi пьеса)
Қатынасушылар:
Бала (Батыр)
Əжей
Атай
Əке
Мұғалiм
Оқушылар
Күшiк, бұзау
I акт
I көрiнiс
Батыр  сыныпта.  Қалтасына  бiр  уыс  бидай  салып  алған. 
Қолында темiр трубка. Қарсы бетте тағы бiр бала. Оның да 
қолында темiр трубка, қалтасында бiр уыс күрiш. Екеуi би-
дай мен күрiштiң бiр-бiр дəнiн ауыздарына салып, оны труб-
камен атып, бiр-бiрiмен ойнап жүр. Тыстан Батырдың əжесi 
келiп кiредi. Қолында Батырдың пиджагы бар...
Əжей
Батыр, мə, кəстөмiң,
Күн жауайын деп тұр.
Тоңып қаласың,
Өзiңнiң желiң бар баласын.
Батыр (бұртаңдап, жақтырмай
Өйдөйт деген,
Мен саған əкел дедiм бе,
Шақырған жоқ сенi ешкiм,
Мен кiшкентай бала емеспiн.
Жаңбырға да кiсi тоңа ма екен?
Əжей
О, мұрыныңнан айналайын,
Бəлекетiңдi алайын.

241
Тə, онысы несi. Мə, кəстөмiң.
Қасарыспа. Ки.
Қымтанып жүр, күнiм,
Көктемнiң қарасуығы қиын.
(Бала пиджактi алмай қашқақтайды. Əжесi соңынан жүр)
Батыр
Тiптi қызықсың өзiң,
Ылғи өстисiң де жүресiң.
Балалар көрсе мазақтар,
Бар, бар, кетшi.
(Əжесiн  итермелеп  сахнадан  шығарып  жiбередi.  Аздан 
соң əжесi тағы келедi)
Əжей
Ойбу, бетiм-ай,
Мендей алжыған кемпiрде, ес қалды дейсiң бе?
Мə, өрiк-мейiз жейсiң бе?
(Əжесi ұзақ күйбеңдеп, бешпетiнiң қалтасынан бiр уыс 
өрiк-мейiз шығарып, Батырға ұсынды)
Жолда етiкшi Жəкемнiң үйiне кiрiп едiм,
Студент баласы қаладан келдi ғой...
Мə, мынаны солар бердi ғой.
Сен жесiн деп аузыма да салғам жоқ.
(Батыр аларын да, алмасын да бiлмей тұрады. Бiрге ой-
нап жүрген Тұрыс «Маған берiңiз, əже» дейдi)
Əжей
Тəйт, не дейдi,
Батырдың өзi жейдi.
(Əжей қоярда қоймай өрiктi Батырға берiп, пиджактi 
құ  шақ  тап  кетедi.  Əжесi  кетiсiмен  Тұрыс  Батырды  ке ле-
меж дей  бастайды.  Қалтасынан  бор  алып,  Батырға  ұсы-
нады)
Тұрыс
Мə, қант, жей ғой
Тəттi екен дей ғой.
Əлде бидай жейсiң бе?..
Жоқ, шөп жейсiң бе!..
Батыр
Өй, деймiн,
Мазағыңды қой деймiн.
(Тұрысты қуады. Тұрыс қашқалақтап жүрiп, қал та сы-
нан бет орамалын алады)

242
Тұрыс
Келшi берi, күнiм,
Қарашы шөпиген түрiн.
Мұрынбоғыңды сүртейiн,
Салбырап кетiптi.
Қатты жүгiрем деп,
Екi бетiң албырап кетiптi.
Күн суытып барады,
Желiң ұстап қалады.
Жылы киiнiп жүрсеңшi,
Езуiң жыртылып кетер
Абайлап күлсеңшi.
Батыр (ашуланып)
Мынаны-ай, қап,
Аузыңды жап!
Тұрыс (жүресiнен отырып)
Келшi, арқама салып көтерейiн, 
Қолыңды əкел, жетелейiн,
Əйтпесе құлап қалып жүрерсiң...
(Екеуi  атысып  ойнап  жалыққан  соң,  ендi  сыныптағы 
қыз дар ды  бидай,  күрiштiң  дəнiмен  дəлдеп  ата  бастайды. 
Бидай дəнi бетiне қатты тиген қыз баж етiп отыра қа ла-
ды. Сыныпқа кiрген мұғалiмге шағым айтады)
Қыз
Ағай, ағай!
Мына Батыр,
Бiздi бидайдың дəнiмен атып жатыр.
Көзiмiздi шығаратын болды,
Сыныптың еденiн қараңызшы,
Бидай мен күрiштiң дəнiне лық толды.
Мұғалiм_Тақтаға_шық!_Батыр_Сабаққа_дайын_емеспiн._Мұғалiм_«Бiрсiң»._Тəртiбiң_де_«бiр»_Күнделiгiңдi_əкел!_Батыр'>Мұғалiм (еденге қарап, сонан соң Батырға тiксiнiп)
Обал-ай! Обал-ай!
(Аяғын басатын жер таба алмайды)
Жина жерде жатқан дəндi.
(Батыр аяғымен жинай бастайды)
Саған не көрiнген,
Аяғыңмен емес, жина қолыңмен.
(Батыр жинаған болады)
Дəндi қадiрлемеген деген не сорақылық...
Əй, Батыр!
Қазiр сыныптан шық та,
Мектепке ата-анаңды шақыр.

243
Батыр
Əкем де,
Шешем де,
Алыста қырманда,
Жоқ, бұл маңда.
Мұғалiм
Ендi үйде кiм бар?
Батыр
Əжем бар, атам бар.
Мұғалiм (аз-кем ойланып)
Үлкен кiсiлерге жүруге қиынға соғар,
Онда үйiңе өзiм барам.
Айта бар.
Балалар!
Тағы қайсыларың осындайсыңдар?
Кəне, мойындаңдар, (Ешкiм үндемейдi)
Мысал үшiн күн сайын
Əрқайсың бiр уыс бидайдан
Рəсуа етсеңдер,
Жерге төксеңдер.
Сонда қанша астық,
Шығын болады? А?
Бiр уыс бидай –
Бiр жапырақ нан.
Жетесiздер,
Əбден ырықтан шығып кетесiңдер.
Бiр күн аш қойса,
Көрер едiм,
Қалай ойнағанды.
Нанды қадiрлемеу деген
Ол барып тұрған қылмыс...
Қазiр өте жақсы тұрмыс...
(Мұғалiм балаларға нан туралы тамаша бiр тү сi нiк те ме 
беруге  тырысады.  Əдемi  теңеулер  тапқысы  келедi.  Бi рақ, 
бар жеткен жерi осы болады)
Мұғалiм
Жарайды, Нан туралы арнаулы əңгiме,
Не диспут өткiземiз (өзiне-өзi)
Тiптi, ата-аналар жиналысын шақырам.
Сөйтiп қатырам... (Батырға).
Бұл əдеттi қою керек,
Асқындырмай жою керек.

244
Өзiңдi сынып жиналысына салып,
Осы қылығың үшiн
Сазаңды беремiн.
Сенiң мерген екенiңдi көрейiн,
Тақтаға шық. Сабақты айт.
(Батыр сүмiрейiп, орнында тұра бередi...)
Мұғалiм
Тақтаға шық!
Батыр
Сабаққа дайын емеспiн.
Мұғалiм
«Бiрсiң». Тəртiбiң де «бiр»
Күнделiгiңдi əкел!
Батыр
Үйге ұмытып кетiппiн.
Мұғалiм
Бар да алып кел.
(Батыр сумкасын жинап алып, жайбарақат шығып ке-
тедi)
II көрiнiс
Батырдың  үйi.  Батыр  күшiк  жатқан  үйшiкке  келiп,  оны 
таяғымен түрткiлеп, ызаландыра бастайды.
Батыр
Асыраған күшiгiң өсе келе,
Қабаған ит болып шықсын десең,
Соның қамын жесең,
Ызаландырып, таяқпен түрткiлеп,
Мазасын алып, тыныштық бермей,
Қашқалақтағанына көнбей,
Ойнап үру керек,
Күнде өстiп тұру керек.
Сонда ешкiм де,
Басын сұға алмайды,
Ол əлi
Бөтен адамдарды,
Ұры-қарыларды,
Бiз жоқ кезде үйге
Жолатпайтын болады.

245
(Күшiктi  бiраз  əурелеп,  ырылдатып  болған  соң,  Батыр 
ау ла ның  бiр  бұрышында  күнесте  күйiс  қайырып  тыныш 
жат қан  бұзаудың  жанына  келедi.  Оны  жатқан  жерiнен 
бұй да сы нан  сүйрелеп  тұрғызып  алады.  Ноқтасын  шешiп 
бо са тып, бұзаудың басын iшiне тiреп сүзiсiп ойнайды. Бұ-
зау дың  тартыншақтағанына,  қашқалақтағанына  қоймай, 
қай та-қайта басын өзiне бұрып алады)
Батыр (ентiгiп)
Қайтсем де,
Сүзеген ғып шығарамын мұны мен,
Жаттықтырам, жалықпастан күнiмен!
(Бұзау сəлден соң, табан тiресiп, сүзуге жаттығып қа-
лады)
Мiне, мiне үйренiп келесiң,
Дəл былай тұмсықпен пересiң.
Сонда өзiң бəрiн де шақ-шелекей қып,
Тырқырата қуып, жеңесiң.
(Сүзiсуге тез-ақ дəнiгiп, əдет алып қалған бұзау бiр кезде 
Баланы қатты сүзiп жiберiп, шалқасынан түсiредi)
Əй, əй, ақырын,
Абайла,
Жазатайымда жазым қыларсың!
Сен бұзау,
Көзiңе қарайла!
Өзiңнiң иеңдi
Мына мен дөдеңдi,
Қатты сүзгенiң,
Жарай ма?
(Батыр  үстi-басының  шаңын  қағып  жатқанда,  бұзау 
басын шайқап-шайқап мөңiреп жiберiп, терiс қарап бейқам 
тұр ған баланы ту сыртынан жəне сүзiп қалып етпетiнен 
тү сi ре дi. Бала орнынан көтерiле бергенде, тағы ұмтылады. 
Бала еңбектеп қаша жөнеледi. Бұзау баланы ауланың iшiн 
айналдыра  қуады.  Сасқалақтаған,  жəбiр  көрген  бала  үйге 
кi рiп тығылады. Елiрген бұзау есiктiң алдында тепсiнiп тұ-
ра ды. Бала есiктен сығалап қарағанда, бұзау сүзбекке ың-
ғай ла на ды.  Бала  бұзауды  сескендiрмек,  жасқамақ  болып, 
үй ден  кеспе  сүзетiн  кепсердi (не  оқтауды)  алып  шығады. 
Бұ зау онысына қарамай, тұра ұмтыла ды. Бала үйге қай та-
дан қойып кетедi. Бұзау есiктiң алдында бiраз уақыт кү тiп 
тұ рып,  баланы  сүзгенде  оның  басынан  ұшып  түскен,  күн-

246
қа ға ры жапырайған кепкесiн аз-кем тұмсығымен иiс ке леп, 
кеп ке нi шайнай бастайды. Бала шыж-быж етiп, жан дəр-
мен мен бұзауға жүгiредi)
Батыр
Осы ойнағанымыз жетер,
Ойыннан от шығып кетер!
Бiраз жаттықтың,
Жеттi ендi!
Əкел деймiн кепкiмдi!
Сүзудi үйренiп қалыпсың,
Маладес!
(Бала  бұзауға  тақалғанда,  бұзау  басын  тұқырып,  оны 
сүзбекке ұмтылады. Бала керi қашады)
Батыр (есiктiң алдында жыламсырап)
Қап мына қырсықты-ай,
Апам мұны бiлсе,
Сорлататын шығар,
Көкем мұны бiлсе,
Қамшымен ойнататын шығар.
(Кепкiнi саржағал ғып сiлекейлеп, мыж-мыж етiп тас-
та ған бұзау аула iшiн аралап кетедi. Бала кепкiсiн қолына 
алып, жыламсырайды)
Батыр 
Сол керек өзiме,
Сүзiсудi үйреттiм екен, несiне,
Кепкiңе не болған дегенде,
Берем қандай жауап (Басын тоқпақтайды).
Мен жындыға осы сауап!
Əке-шешем,
Төбемдi оятын шығар.
Тiрiдей iреп соятын шығар.
Əй, оңдырмас, оңдырмас.
Аяқсыз қалдырмас,
Шекемдi жандырмас.
(Көше жақтан қолында ұршығы бар əжесi келедi. Бала 
кепкiнi артына тыға қояды)

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал