Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет8/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

ҚЫРҒЫННАН ҚҰТҚАРҒАН ҚАРЛЫҒАШТАР
(Халық аңызының iзiмен)
Ерте, ерте, ертеде,
Жерi жəннат
Өлкеде,
Жаулары көп жан-жақта,
Асқар тауы бар жақта.
Жетi суы
Əр жаққа
Ағып жатқан
Аймақта.
Елдiң қашқан қиюы,
Жаугершiлiк заманы,
Жау шапқанын тыюдың
Табылмады амалы.
Табиғаттың түрленген,
Көктем кезi көгiлдiр.
Гүл-бəйшешек бүрленген,
Жердiң жайнап көгi бiр.
Мұздар ерiп қияда,
Өзен асып-тасқан кез,
Қарлығаштар ұяда
Балапанын басқан кез.
Шекараға тым жақын
Бiр оқшау үй бар едi.
Мекен етiп тұратын,
Иесi оның шал едi.
Тақыр кедей жарықтық,
Қарар болсаң күйiне,
Соның ұя салыпты
Қарлығаштар үйiне.
Ұя толы болатын
Қызылшақа балапан.

197
Талпынуға қанатын
Жаңа-жаңа жараған.
Қарлығаш – құс киелi,
Халық бастан бiледi.
«Қызырдың бұл нышаны», –
Деп шал жорып жүредi.
«Биыл менiң үйiме, –
Дейдi ол:
– Ырыс кiредi...»
«Шетiнемей бiрi де,
Ұшса екен», – деп тiледi.
Ауызынан күнiне
Түспейдi айтқан тəубесi.
Тарағандай үйiне
Жақсылықтың сəулесi.
Бала қолын қақпалап,
Тигiзбей ол жүредi.
Қарлығаштар –
Ақтамақ
Сайрағанды сүйедi.
«Қарлығашқа тигеннiң
Қолы сынып қалады...» –
Бəрiне өстiп жүргенi,
Арашалау амалы.
Ақылгөй шал күн ұзын
Көктi шарлап қиялы.
Нанын тастап бiр үзiм,
Қорғаштайды ұяны.
Келгеннен соң «елiм» деп,
«Ұя басар жерiм», – деп,
Күзетiп жүр ерiнбей:
«Мiндетiм сол менiң», – деп.

198
Хабар жеттi бiр күнi:
«Келедi, – деп, – қалың қол!
Жаман екен сұрқыны,
Қалдырмайды жаныңды ол!..»
Көшпендi ел дүрлiгiп
Үйiн жақты көшуге.
Жоқ болған соң
Бiрлiгi,
Қайрат қылмақ несiне?
Деп «заманның тарлығы»,
Əп-сəтте есi шатысты.
Жөнеп бердi барлығы,
Бетке алып күн батысты.
Жылап-сықтап, сүйiсiп,
Қош айтысып бар жұртқа,
Торғайдай боп бүрiсiп,
Қала бердi шал жұртта.
«Көш!» дегенге көнбедi,
«Бұзбаймын!» – деп ұяны.
Сонда босқын ел дедi:
«Алжыған ғой сыңайы...»
Мəз болмай тұр күйi оның,
Қалды жұртта
Орнында,
Тұрды жалғыз үйi оның
Жау жасағы жолында.
Қалай ғана қияды:
Тiлеп жүрген ақ жолын,
Талқандауға ұяны
Шыдамады дəтi оның.
Балапандар ши борбай
Шиық-шиық етедi.
Мүшкiл халiн шал ойлап,
Жасқа толды етегi.

199
Шыр айналып кетпейдi
Қарлығаштар
Төбеден,
Айтуға тiл жетпейдi,
Аянышты не деген!
Талпынды ұя шетiне
Балапандар бəрi де.
Өздерi ұшып кетуге
Жарамайды əлi де.
Жасақ 
Елдi таба алмай,
Аласұрып келедi.
Жұпыны бiр дəл алда
Киiз үйдi көредi.
Өңкей «мықты»,
Кiлең «ер»,
Аңыратып ат қойды.
Басқыншылар,
Дүлейлер,
Шал үйiне лап қойды.
Үйдi қоршап жарбиған,
Айнала кеп тұрысты.
Шалды көрiп қалқиған,
Мазақ етiп күлiстi.
«Қашпай жолда жатырсың,
Өлекседей түрiң бар.
Кiмге сенген батырсың,
Мұның нендей сыры бар?!»
Жау алдында тасыған
Шал айтты қолбасыға:
«Жiбермеген еркiме
Ана ұяны көрдiң бе?
Балапанын қимадым,
Қарлығашты сыйладым.

200
Бұзуға оның ұясын
Қайтiп қана қиясың.
Келмедi алғым
Қарғысын,
Ендi өзiң бiл арғысын.
Ниетi iзгi адал да,
Қарлығаш дос адамға,
Жасасаң,
Маған жаса да,
Қиянат оған жасама...»
Шыр айналып кетпейдi
Қарлығаштар
Төбеден.
Айтуға тiл жетпейдi,
Аянышты не деген?!
Қарлығаштар шырылдап,
Сұрағандай
Араша.
Жау жүйкесi шымырлап
Кеткендей-ақ қарасаң.
Қолбасы айтты үкiмiн:
«Бұл арадан кетемiн.
Бiлдiм,
Шалдың жұртының
Мейiрiмдi екенiн.
Мұндай шалы бар халық
Жауыздықты жасамас.
Бiздер керi қайталық,
Шабуға қол бата алмас.
Мейiрбан бұл халықты
Құрметтеймiн,
Сыйлаймын.
Жүрегi адал алыпты
Қуғындауға қимаймын....»

201
Қолбасы аттан түстi де,
Шалды орнынан тұрғызды.
Қаһарлы да,
Күштi де,
Қолды керi бұрғызды...
Жасақ қайтып кетiптi,
Шалдың жанын түсiнiп.
Жау да болса сөйтiптi,
Бұл да мəрттiк,
Кiсiлiк!
Жауды керi қайырып,
Жұртын
Жаудан айырып,
Аңыз болды дана қарт,
Атағы елге жайылып...
«АЙҒЫРҚҰЛАҒАН»
Бiр шоқыны көрдiм мен,
Аты – «Айғырқұлаған».
Неге олай деп əркiмнен,
Осы жайлы сұрағам.
Бiлетiндер табылмай.
Қызықтырып жүретiн.
Ақыры бiр хикая
Айтты жөнiн бiлетiн.
Дедi: – Əр сай, əр тауға
Атты тегiн қоймайды.
Естушi едiм қарттардан,
Айтайын мен сол жайлы.
Бұл оқиға қайғылы,
Құлағың сал сөзiме.
Бiреудiң бiр айғыры
Болған екен кезiнде.

202
Жүгiргенде жел жетпес,
Асыл екен тұқымы.
Шоқтығына қол жетпес,
Кесек туған бiтiмi.
Жылқының бұл киесi,
Iшiндегi құты деп.
Айғырына иесi
Жұмсайды екен күтiм көп.
Қызыққандай жұрт қатты,
Айғыр болат тұяқты.
Болса керек тұрпаты
Салған сурет сияқты.
Жүйрiк атқа тым үйiр
Қай кезден-ақ ел деген.
Бiр өзiне
Бiр үйiр
Жылқы берсе,
Бермеген!
Айғыр бастап үйiрiн,
Кетсе өрiске жайылып,
Шет кеткенiн иiрiп,
Жүредi екен қайырып.
Жайылғанда үйiрi,
Айғыр шетте қасқиып,
Күзетедi күн-түнi
Жолатпай түз қасқырын.
Үйiрi үшiн бетпе-бет
Бөрiмен сан айқасқан.
Шыққан кезде жекпе-жек,
Жеңген талай шайқаста.
Күндердiң бiр күнiнде
Айғырды əлгi келiскен,
Иесi ұстап,

203
Үйiне
Келедi алып өрiстен.
Жал-құйрығын тас түйiп,
Жолаушылап қайтады.
Келсе,
Малға қасқырдың
Шапқанын ел айтады.
Айғырының үйiрiн
Қасқыр қырып кетiптi.
Соған бəрi күйiнiп,
Азан-қазан ел тiптi.
Жылқы екеш жылқы да
Өз үйiрiн қимайды.
Жер тарпып ол жұлқына,
Кең далаға сыймайды.
Айғыр жалғыз азынап,
Кезедi тау, төбенi.
Биiк құздың басынан
Бiр-ақ қарғып
Өледi.
Сол кезден-ақ шоқыны
Атайды «Айғырқұлаған».
Дедi қария отырып:
– Жақсы бiлген,
Сұраған... –
Аянышты тағдырын
Естiп, бiлiп айғырдың,
Сенсеңiздер сол жолы
Көңiл босап қайғырдым...
Жылқысы да осындай
Қасиеттi жердiң кең:
Сондықтан да аңыздың
Негiзiне сендiм мен.

204
ШАБАН АТҚА БƏЙГЕ
(Ел аңызы)
Ерте-ерте ертеде,
Қазiргіден көп бұрын,
Онда мына өлкеде
Трамвайлар жоқтұғын.
Есек, түйе, арғымақ –
Адамдардың көлiгi.
Шляпаның орнына –
Болған сеңсең бөрiгi.
Шүберектен терiнi
Көп киетiн заман ол.
Еш пайдасыз ерiгiп,
Бос жүретiн заман ол.
Бiлiмдiден наданның
Əлденеше көп кезi.
Көркi болар даламның 
Ғимараттар жоқ кезi.
Бiр бай бопты, ал мұның
Байлығында есеп жоқ,
Басқа адамның барлығын
Ойлайды екен есек деп.
Бiрде осы бай қырда
Келе жатып ерiгiп:
«Шабан атқа бəйгем бар», –
Дептi тұрып желiгiп.
Келе жатыр шiренiп,
Қасында екi малайы,
«Ақыл жоқ» деп сендерде
Сылқ-сылқ күлiп алады.
«Кiмнiң аты артында
Қалса, бəйге сол алсын.
Үлде менен бүлдеге
Ат иесi орансын».
Екеуiнiң əуресiн
Қызықтап ол көрмекшi.
Iшi пысып жүргеннен
Тапты осы ермектi.

205
Ешқайсысы бəйгенi
Ала алмасын бiледi.
Екi жарлы қайғырып,
Бай миықтан күледi.
Екi жарлы құп алды,
«Дайындал, – деп, – шабысқа»,
Тосып тұрды бұларды
Байдың өзi алыста.
Ал екеуi орнынан
Тұрып алды қозғалмай.
Өйткенi серт емес пе,
Артта қалсаң озғандай?
Осылайша тұрар ма,
Тапжылмастан, кiм бiлсiн.
Кез болмаса бұларға,
Ойда жоқта бүлдiршiн.
Тыңдады да жас бала
Екеуiнiң егесiн,
Қанық болып жағдайға,
Ол айтты бiр кеңесiн.
Сонда екеуi аттарын
Борбайға кеп басыпты.
Қалсын ендi артта кiм,
Алға озуға асықты.
Ең соңынан қараса,
Ең шабан ат бəйге алды.
Бала жайлы бай естiп,
Ақылына таң қалды.
Бұл жұмбақты шешуге
Лаж таппай жынданған,
Бала сөзi мынадай 
Екеуiне қиналған:
– Аттарыңды ауыстыр,
Тұрғанша бос тартыспен.

206
Сонда өз атым қалсын деп,
Шабасыңдар бар күшпен...
ҚОЛБАСШЫ ЖƏНЕ ЖОЛБАСШЫ
Қай дəуiрдiң еншiсi
Айта алмайды еш кiсi.
Бiзге жеткен 
бұл аңыз –
Аңыздың «ең» естiсi.
Айтса елi ығыпты,
Қаһарынан бұғыпты.
Заманына сұрқылтай
Бiр қолбасшы шығыпты.
Жаулаймын деп жалғанды,
Ойына ол алған-ды.
Сөйте-сөйте қолбасшы
Қарақұмға барған-ды.
Жетемiн деп антына,
Жайсыз тиiп халқына,
Əскер жиды қолбасшы
Даңқ қосам деп даңқына.
Қылыштан қан саулады,
Талай елдi жаулады.
Əскерi өткен жерлердiң
Iзiнде өрт қаулады.
Елдi аяусыз қырғызған,
Қу бастан тау тұрғызған.
Əскерi көп қисапсыз
Аспандағы жұлдыздан.
Таптап өтсе,
төбелер
Қара жермен теңелер,
Тұтас көлдi аттары
Сарқып iшiп жөнелер.

207
Жүрген жерiн таптаған,
Жау қолына қаптаған,
Зəресi жоқ халықтың
Қарсы амал таппаған.
Жұрт iшiнен жасыған,
Шыға келдi жас ұлан.
«Түбегейлi құтылар
Амал бар, – деп, – осыған».
Намысы үшiн жерiнiң,
– Шекпесiн, – деп, – елiм мұң,
Халық үшiн шейiт боп,
Қиюға əзiр өмiрiн.
Жиып алып жақынын,
Айтты əлгi ақылын.
Сөйттi-дағы жөнедi,
Жаужүрек жан, батырың.
Жеке дара ол – басшы,
Жатыр едi қолбасшы.
Қарақұмға жол табар
Iздестiрiп жолбасшы.
Бастады ендi ер iстi;
Бере гөр деп жеңiстi.
Батыр ұлы даланың
Жол бастауға келiстi.
Қалың əскер жиылды,
Жол жүруге түйiндi.
Сонда тұрып жолбасшы
Даласына сыйынды.
«Айналайын Қарақұм,
Құмы от боп жанатын.
Келген жаудың əдейi
Қайырып бер қанатын».
«Айналайын Қарақұм,
Аспаны от боп жанатын.

208
Ұшқан құстың
Үстiнен
Күйдiретiн қанатын».
Деп сиынып жолбасшы,
Қарақұмға жол асты.
Тəуекелге бел буып,
Қолын ерттi қолбасшы.
Жаудың көзi қанталап,
Ентелейдi анталап,
Алда байлық қисап жоқ,
Шап,
Жой, 
Қыр да,
Ал талап!
«Бай өлке бұл бiр тұрған,
Дақпырты көп сыртынан...»
Талап əдет еткенде
Жаманы жоқ құлқыннан.
Сауыттары жарқылдап,
Аш иттей көз жалтылдап.
Түске дейiн қалыпты
Бiраз жердi алқымдап.
Жолбасшы нар азамат
Тездетедi мазаны ап.
Асырмақшы амалын
Жау əскерiн жазалап.
«Жедел жүрiп баралық,
Барып ойран салалық.
Батырларға олжа көп,
Кесiп-көсiп алалық».
Деген сайын жұтынып,
Жау əскерi құтырып,
Бiр-бiрiнен озады
Қалатындай ұтылып.

209
Күн шыжғырды төбеден,
Ыстық едi не деген.
Жолбасшының ақ iсiн
Құптағандай жебеген.
Алда сағым ойнайды,
Бiлмейдi жау ол жайлы,
Салтанатты жап-жасыл
Қала екен деп ойлайды.
Тамшы су жоқ маңайда,
Қолбасшы ойы алайда,
Көлбеген сол сағымға
Тездеп жету қалайда.
Үп еткен жоқ жел деген,
Болдырды аттар шөлдеген.
Төбе тесiп барады,
Қапырық күн 
Не деген?
Күн өткенi құлады,
Шөлдеп аттар сұлады.
Жетемiз деп алданған
Жау сағымды қуады.
Шештi көбi киiмiн,
Тастады артық бұйымын.
Қолбасшы да сезедi
Оң емесiн күйiнiң.
Иен жазық маңайы,
Талықсыды талайы.
Жерге түссе табанды,
Құм күйдiрiп барады.
Жау ентелеп қарамай,
Састы амал таба алмай,
Борсып кеткен сулары
Iшуге де жарамай.
Жолбасшы алда келедi,
Сусап таңдай кебедi,

210
Жауды қалың құмменен
Шөлге бастай бередi.
Алдап соққан ақылды
Жол бастаушы пақырды
Сезiп қалған қолбасшы
Өзiне ендi шақырды.
Өлтiргенмен сезедi,
Ол жазасы кеш едi.
Жолбасшының басын жау
Қылышпенен кеседi.
Тоқ етерi, есебi,
Жолбасшы алды есенi.
Жау əскерiн құм жұтып,
Шөлдеп өлген деседi.
Жолбасшы өшiн алыпты,
Ақ өлiмге барыпты.
Жаудан момын халықты
Арашалап қалыпты.
Бəрi де рас,
Бəрi рас,
Елiн сүйген арымас.
Ол үшiн жан аямас
Батырлардың бары рас...
ҚЫРЫҚАЯҚТЫҢ КҮЙI
Көпшiлiктiң жүретiн
Мазағы боп,
Қырықаяқтың көрмеген
Азабы жоқ.
Тұрмыс нашар, жетедi
Қай жағына:
Қырық бəтеңке алған соң
Аяғына.

211
Бауын байлап, кигенше
Күн батады,
Бауын шешiп, жатқанша
Таң атады.
Көптiгiнен аяқтың
Күйi қашар,
Қырықаяқтың көретiн
Күнi нашар,
Не қонаққа, не тойға
Бара алмайды.
Аяқ киiм сыймас деп
Алаңдайды.
Баласы бар, қызы бар,
Жұбайы бар,
Үйi толы бəтеңке,
Құдайым-ай.
Мен айтайын егерде,
Бiлмесеңiз,
Аяқ киiм үйiнде
Бiрнеше жүз!
Сонда да ол мойымай
Тəубе етедi:
Тiрi болып жүргенге
Не жетедi...
ЖАУЖҮРЕК
Өзендегi көпiрге
Жайғасыпты Қарақұрт.
Арғы бетке өтуге,
Дауалайды қалай жұрт.
Қарақұрттың қорлығы-ай,
Басынғаны-ай, зорлығы-ай.
Көрiп оны алыстан,
Өте алмай тұр Арыстан.
Болса дағы бойда күш,
Жасқанады Жолбарыс.

212
Өтпек болған
Қасқырды
Қарақұрт тым састырды.
Бата алмай Түлкi тұр.
Сиыр, Түйе, Жылқы тұр.
Қарақұртқа бармақтай
Амал таппай, əл таппай,
У-шу болып жиналып,
Тұрды бəрi қиналып.
Осы кезде – 
Қой келдi,
Жабыла оған жол бердi.
Қаймықпай ол дөп барды,
Қарақұртты жеп алды.
– Неткен, неткен Қой батыр! –
Деген бəрi ойда тұр...
ИНТЕРВЬЮ
Ауыл, шет аймақтан
Қалаға бармаққа,
Поезға алғашқы
Бiр мысық жайғасты.
Сұрадық мəнiсiн:
– Келесiң не үшiн?
– Қалада туыс көп,
Келемiн бiр iс боп.
«Жедел, тез жет дептi,
Көмектес кеп дептi.
Бiз тұрған пəтерде
Көбейдi қатер де,
Тышқандар пайда боп,
Соған еш айла жоқ.
Мысығы қаланың
Болып тұр шамалы.
Ұстауға ебi жоқ,

213
Ерiншек, себi жоқ,
Денесiн май басып,
Жүр бəрi жай басып.
Негiзгi кəсiптi
Ұмытып, жасытты...
Олардан қайран жоқ,
Түнiмен ойран боп.
Тышқандар басынды,
Ұйқыны қашырды...»
Сол үшiн келемiн!
Ол тышқан неменiң
Жазасын бермекпiн,
Шамасын көрмекпiн!
Кiм ата кəсiптi
Ұмытса – жазықты.
Көрсетем тышқанды
Қалайша ұстауды!..
Кер кеттi заманың...
Мысығын қаланың
Басынса тышқандар!
Масқара... ұқсаңдар...
МӨҢIРЕК ҚҰЛЫН
Ертек тыңда бөлекше
Сұмдық қызық бұл дейтiн.
Құлын жайлы ол ерекше,
Кiсiнеудi бiлмейтiн.
Құлын – сиыр фермада,
Өстi солай туғаннан.
Бұзауы көп арада,
Жалғыз өзi тұрғаннан.
Жатқаннан соң мөңiреп,
Барлық бұзау, төңiрек,
Болды Құлын – мөңiрек,
Мөңiреу естiп көбiрек.
Өстiп Құлын қинады,
Биенi де, айғырды.

214
Нендей шара қылады,
Екеуi бiр қайғырды.
Кiм түзетер мұны деп,
Iштерiнен тынады.
Бұзау болды-ау Құлын деп,
Сағы жəне сынады.
Бұзаулармен өрiп бiр,
Мөңiрейдi Құлын да.
Бұзаулардан көрiп жүр,
Кейде өктемдiк қылық та.
Оңашада Құлынды
Алады олар мүйiздеп.
Мүйiзiң жоқ, қиын-ды,
Құлын қалай сүзiспек?
Енесiне ол өрiстен
Кейде оралар өкпемен:
«Өткiр мүйiз келiскен
Менде неге жоқ деген?»
Айғыр шығар сазарып,
Жылқы мал деп ең артық.
Бұзаулардың сазайын
Бермек болып жер тарпып.
Мүйiздерi шаншылған
Бұқалардың көптiгi
Еске түсiп басылған,
Бiрақ, талай ентiгi...
Бiрде бие құлынмен
Жылқы ауылға барған-ды.
Көп құлындар мұнымен
Шұрқырасып қалған-ды.
Кiсiнесе құлындар,
Бiздiң құлын мөңiреп,
Естiмеген бұрындар
Таң қалды оған төңiрек.

215
Кiсiнеудi бiлмедi,
Мазақ болды бұл сонда.
Құлын емес бұл ендi,
Бұзау да емес,
Кiм сонда?
Артист дедi құлынды,
Көтеретiн көңiлдi.
Түзе дедi мiнiңдi,
Күлкi етпе бұл өңiрдi.
Өстiп бəрi құлынды
Мазақ етiп тұрды көп.
Соны байқап жырыңды
Қасқыр бас сап қуды кеп.
Қашты Құлын – мөңiрек
Iшiнде ең шабаны.
Қасқырдың ол жемi боп,
Белгiлi ғой қалары.
Құтылмады қашқанда,
Қасқыр жемек оны кеп.
Есi шығып сасқанда
Жiбердi өзi мөңiреп.
Мұны естiген Қасқырдың 
Шыдай алмай жүрегi,
Қан қысымы асқынды,
Жолда қалды сүйегi.
Өстiп құлын – мөңiрек
Шын тажалға айналды.
Қошемет, сый көбiрек
Бiр өзiне арналды.
Көрсе болды-ақ қасқырды
Қорқытуға дəнiктi.
Мөңiреп ол састырып,
Көкелерiн танытты.

216
Шеттететiн бұрындар
Келекелеп менсiнбей,
Өзiн барлық құлындар
Сыйлайды ендi кемсiнбей.
Сөйтiп өмiр сүруде,
Əлгi құлын – мөңiрек,
Не боларын түбiнде,
Кейiн айтам кеңiрек...
ЖОЛБАРЫСТАР МЕН ПIЛДЕР ШАЙҚАСЫ
Кiм көрдi бұл шайқасты,
Күш сынасып байқасты,
Жолбарыстар бiр жолы
Пiлдерменен айқасты.
Күн ұзаққа ұрысты,
Жеңiсе алмай тұрысты.
Жолбарыстар кеш түсе
Болды халi қыл үстi.
Жолбарыстар шара жоқ,
Бəрi естен танар боп,
Тышқандарға жалынды
Көмек сұрап, амал жоқ.
Дедi келе тышқандар:
– Кəне, пiлдi ұстаңдар!
Пiлдер қаша жөнелдi,
Зəрелерi ұшқандай.
«Құлағыма кiрер», – деп,
«Тесiп, оны тiлер», – деп,
«Құлағанша жерге бiз,
Шықпай сонда түнер», – деп.
Тышқанға амал таба алмай,
Соғысуға жарамай,
Қашты пiлдер жөңкiлiп,
Алды-артына қарамай.

217
Тышқандардың жасағы,
Жауды жеңiп, жасады.
Содан берi пiлдерiң
Тышқан көрсе,
Қашады.
ҚОЙ ЖАСАҒАН ТОЙ
Жазғытұрым жайлауға,
Жиналғанда барлық қой.
Он жылдығын тойлауға,
Ниет еттi,
Саулық Қой.
Жылда табар егiзден,
Бiлетiн Қой өз iсiн.
Шақырды ол емiзген,
Тойға он сегiз қозысын.
Қой отырып қараса,
Немерелер баршылық.
Шөберенi санаса,
Келген екен шаншылып.
Өсiп-өнген тұқымы,
Қой бақытты мал екен.
Неменелер бұл күнi
Қисапсыз-ақ сан екен.
Туажаттың қаптаған,
Есебiнен жаңылды.
Дəл есебiн таппаған
Қой
Алжасып, аңырды.
Кең жайлаудың төсiне,
Сыймай кеттi келгендер.
Табылмады өзiне
Дəл есебiн бергендер.

218
Саулық қойдың 
Өзi мен
Тұқымының жүнiнен,
Қаншама жiп есiлген,
Қаншама жiп иiрген!
Жүннен тiккен жүздеген
Костюм келген, жейделер.
Саулық Қойға бiз деген
Бай таппадық тең келер.
Сырып тiккен терiден,
Талай-талай тон да жүр.
Сырты момын көрiнген,
Арман бар ма Қойда бұл.
Созбалақтап не керек,
Орасан зор той болды.
Бəрiнен де керемет,
Той жасаған Қой болды.
Бар ма, сiрə, айтары,
Бiзде басқа ой бар ма?
Бəрiнен бай,
Пайдалы
Мың рахмет Қойларға.
Көрiп отыр көздерiң,
Айтыңдаршы үкiмiн.
Есептеп ал, өздерiң,
Оның ұқым-тұқымын.
КIМ ҚАЙДА ТҰРАДЫ?
Почташы келiп сұрады:
– Алып кит қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?

219
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Кит айтты:
– Тұрақ тым қиғаш,
Көше жоқ онда қым-қиғаш,
Табуың менi оп-оңай,
Басқа бiр атау жоқ ондай.
Мекен-жай – 
Тынық мұхиты, – 
Дедi де сөзiн тұқырды.
Почташы келiп сұрады:
– Пiлiмiз қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрылықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Пiл айтты:
– Мекен, тумыстан
Джунгли iшi,
Үндiстан
Ескертiп айтам, тап мұны.
Көше жоқ онда нақтылы.
Əркiмнен сұрап барасыз,
Сол жерден менi табасыз.
Почташы тағы сұрады:
– Үкiнiң қайда тұрағы?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,

220
Хат келсе,
Адрес дерегi...
Сонда Үкi айтты:
– Орманда,
Iздейсiң тек түн болғанда.
Қиыны – күндiз бармайсың,
Ескертем, таба алмайсың.
Аралап орман арасын,
Тапсаң, тек түнде табасың.
Қарақұрт айтты:
– Қарақұм,
Iздесең, жерiң баратын...
Жолбарыс айтты:
– Ну қамыс,
Сол жердi жайлап тұрамыз...
Аю да айтты:
– Қар асты...
Жыланың айтты:
– Жер асты...
Почташы жəне сұрады:
– Тарақан қайда тұрады?
Мекенi,
Жайы,
Қай жерде?
Қай құрлықта?
Қай елде?
Белгiлi маған керегi,
Хат келсе
Адрес дерегi...
Тарақан айтты тұрағын,
– Адрес мынау тұратын:
Индекс: мың төрт, ноль жетi,
Микрорайон он екi,
Қаланың өзi ең шетi,
Номерi үйдiң он-дағы
Екiншi пəтер сондағы.
Бар менде жəне телефон.

221
Телефон соқсаң керек ол.
Отыз үш, төрт ноль, аласыз,
Сол жерден менi табасыз...
ЖАҢА ЕРТЕГI
I
Бiр Қосаяқ,
Даланы
Жүретұғын мекендеп,
Жерге тимей табаны,
Келе жатты секеңдеп.
Көтерiңкi көңiлi,
Ештеме жоқ ойында,
Көрдi шаңға көмiлiп,
Жатқан затты
Жолында.
Үңiлсе кеп ақырын,
Жатқан заты – 
Жұмыртқа
Жоғалтқан қай пақырың,
Ешбiр жан жоқ жуықта.
«Алған, сiрə, түсiрiп,
Кiм болды екен иесi?»
Жағдайды ол түсiнiп
Босады жан-жүйесi.
Жұмыртқаның жатқан бұл,
Түр-түсiне қарады.
Бiлмедi,
Кiм тапқан бұл?
Жоқ қой одан хабары.
«Бекер, босқа жармайын
Жұмыртқаны жолдағы.
Обалына қалмайын», – 
Деп Қосаяқ ойлады.

222
Жұмыртқаны қолына,
Қосаяқ кеп алады...
Қалып өзi жолынан,
Iздеу салып барады.
Жұмыртқаны осы аяп,
Тура тауып бағдарды.
Тауықтарға Қосаяқ
Айтты келiп жағдайды.
– Кездестiрдiм дəл алдан,
Дөңгелек те,
Жұмық та,
Тауып алдым даладан,
Сенiкi ме, жұмыртқа?
Қораз оны тыңдайды,
Байыбына қанады.
– Бiздiң Тауық мұндайдың
Күнде бiрiн табады!
Қиын тiптен жоруы,
Қиын шаруа, сенiкi.
Мүмкiн, мұның болуы,
Болмауы да менiкi.
Дал боп тұрмын ұға алмай,
Белгiсi жоқ,
Ұмытпа.
Басып оны шығармай,
Демен:
– Бiздiң жұмыртқа.
Берер едiм қол ұшын,
Бiрден тани алар кiм?
Күту керек ол үшiн,
Талай уақыт,
Талай күн.
Айта алмаймын уəде,
Шатастырсам қауiптi.

223
Жоқ қой сенде,
Куə де,
Мойындатар тауықты...
Тауық айтты:
– Ылайым,
Бөтен естiп қоймасын.
Бұл жұмыртқа – 
Жыланның
Жұмыртқасы болмасын.
Онда бар ғой,
Екеумiз,
Кете алмаспыз құтылып
Өңешiнде кетермiз
Жанұямен жұтылып.
Қораз айтты:
– Шошыма,
Кез қылмасын тiрiде,
Жыландiкi осындай
Соншалықты iрi ме?..
– Сақтық керек, қалайда,
Ол пəленiң дауы көп.
Қосаяғым, абайла,
Былайша да жауың көп, – 
Дедi Тауық:
– Ақылым,
Саған менiң үйреткен.
Бар, секеңдеп ақырын.
Сұрап көршi Үйректен.
Өз қамың ғой жегенiм,
Оғаш айтсам,
Сен, кешiр.
Бұл жұмыртқа дегенiң
Оларда да
Көл-көсiр...

224

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал