Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет7/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

ОН ТӨРТ ƏРIП
(Скетч)
– Сұраймын кешiрiм,
Кiм сенiң есiмiң?
– Жарылқапберген!
– Өте қызық екен
Өзiң шидей болсаң да,
Атың тым ұзын екен...
– Оның несi мiн,
Кiм сенiң есiмiң?
– Сəт!
– Бар жоғы сол-ақ па?
Өзiң үйдей болсаң да
Атың тым шолақ та...
– Сенiң атың он төрт əрiп,
Оһо-һо!
– Сенiң атың үш-ақ əрiп,
Еһе-һе!
– Оған таң қалма.
Фу!
Менiң бiр немiс досым бар,
Фамилиясы – Шу.
– Сол да сөз екен-ау, – деп, 
Жарылқапберген мақтанды тұра қалып, –
Менiң корей досым бар
Фамилиясы – Ю,
Бiр-ақ əрiп...
– Айтпақшы, сенiң фамилияң ше?
– Мұқанбетсабыров.
– Кететiндей екен адам жаңылып.
– Ол аз болса, əкемнiң аты – Тiлеумағанбет.
– Ойбай!
Екеуi де атыңа сай екен сондай.
Батырым,
Аты-жөнiң тұп-тура бiр шақырым:
Мұқанбетсабыров Жарылқапберген Тiлеумағанбетович.
– Күлме,
Оған кiнəлi мен емес мүлде.
Ал сенiң фамилияң ше!
– Раев.

166
– Атыңа лайық.
Ал əкеңнiң аты кiм? Мүмкiн ол да шолақ ат шығар?
– Нұр.
– Ту, пəле-ай,
Əдейi iстегенсiңдер ме, бұл.
Раев Сəт Нұровичсiң бе, сен, сонда.
– Дұп-дұрыс. Күлкi ме сол да.
– Ендеше, ресми түрде танысайық.
Жарылқапберген Тiлеумағанбетович Мұқанбетсабыров.
– Сəт Нұрович Раев.
– Кел, қол алысайық...
***
Бұл скетчтiң моралi:
Балаға атты талғамай
Қоятындар бар əлi.
ДЖЕК САЛҒАН ҮЙ
(Ағылшын фольклорiнен)
Бұл – үй.
Оны Джек салған.
Ал бұл – бидай.
Оны əлгi Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайды.
Ал бұл – көңiлдi шымшық.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын
Əлгi бидайды ұрлап тыным таппайды.
Бұл – мысық.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Əлгi Шымшықты үркiтiп, ұстайды.
Бұл – шолақ құйрық төбет.
Ол – Джек салған үйдiң

167
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын
Əлгi Мысықты жүндеп,жұлмалап қыстайды.
Ал бұл – тоқал сиыр.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын
Əлгi Төбеттi тебедi.
Ал бұл – ақ шашты, тырысқақ кемпiр
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын,
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын
Төбеттi тебетiн
Əлгi Тоқал сиырды сауып келедi.
Ал бұл – ерiншек те етжеңдi бақташы.
Ол – Джек салған үйдiң
Қараңғы шоланында сақтайтын
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын,
Төбеттi тебетiн,
Тоқал сиырды сауып келетiн,
Əлгi Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалады.
Бұл – екi əтеш.
Олар – Джек салған үйдiң 
Қараңғы шоланында сақтайтын
Бидайды ұрлап тыным таппайтын,
Шымшықты үркiтiп ұстайтын,
Мысықты жүндеп, жұлмалап қыстайтын,
Төбеттi тебетiн,
Тоқал сиырды сауып келетiн,
Тырысқақ кемпiрмен ұрсысып қалатын

168
Əлгi Бақташыны
Таңертең ұйқысынан оятып алады...
МАҚТАНЫШ
– Жарқын бiздiң күнiмiз,
Бойшаң болып келемiз.
Салмағымыз,
Құнымыз,
Өстi, өсе беремiз.
Озып кеттi тым алыс,
Ұрпағымыз жетiлген.
Болсақ бұрын бiр қарыс,
Олар жарты метрден, –
Дедi Қияр бəрiне
Қозып кетiп арқасы.
– Бұл жетiстiк,
Əрине,
Химияның арқасы...
***
Бұл мақтанның мəнi не?
Менiң мынау,
Болжамым.
Қарамайды дəмiне,
Қазiр елер
Бой жағын...
ӨЗАРА СЫН
Ұзын
Бақай,
Сирақты,
Құрық
Мойын
Жирафты,

169
Көрген
Ағаш
Дер едi:
– Бұл
Аңдардың 
Терегi...
Сұңғақ,
Жасыл
Желектi,
Көрген
Аңдар
Теректi,
Дептi:
– Биiк
оғаш тым,
Бұл –
Жирафы
Ағаштың.
ЖАЗА
Саудагер
 
түксиiп
 
 
қабағы,
Тектен-тек
 
баласын
 
 
сабады.
Саудасы
 
жүрмесе
 
 
əдетi,
Баладан
 
өшiн кеп
 
 
алады.
Жақын кеп
 
көршiсi
 
 
сұрасын:
– Не үшiн,
 
ұлыңды
 
 
ұрасың?

170
Не үшiн
 
соққыға
 
 
жығасың?
Айтсаңшы,
 
бiлейiк
 
 
кiнəсiн?
Саудагер
 
зекiдi
 
 
ұлына:
– Көрсетем
 
мен бұған,
 
 
мұны ма?!
Кесенi
 
қиратар
 
 
бұл деген,
Төлеген 
 
неше пұл
 
 
құнына...
Сынған еш
 
кесе жоқ,
 
 
қараса,
Көршiсi
 
таң болды
 
 
тамаша.
– Баланы
 
жазықсыз
 
 
ұра ма,
Бер, батыр,
 
бер, батыр,
 
 
араша...
Саудагер
 
көршiге
 
 
қарады,
Қолынан 
 
босатып
 
 
баланы.
– Кесенi
 
жармаса...
 
 
жарады.
Ертең-ақ
 
сындырып
 
 
алады...

171
ОН ҮШ ШАБДАЛЫ
Алып келген шабдалы
Он үш едi.
Нарқы қымбат базардың
Жемiсi едi.
Əкесiнiң əуес ас
Базарлығын
Үш баласы қалайша
Бөлiседi?
Дəл бөле алмай үш бала
Тартынып тұр.
Үшке бөлсе, бiреуi
Артылып тұр.
– Ол артығын мен жейiн
Үлкенмiн, – деп
Үлкенiнiң өкпесi
Алқынып тұр.
– Жасым үлкен, үлкенмiн
Бой жағынан.
Осы əдiлдiк келсек те
Жол жағынан...
– Болмайды, – деп көнбейдi
Екi iнiсi,
Сол жағынан шығып бiр,
Оң жағынан.
Еш ақылға үшеуi
Келiспедi,
Күн ұзаққа созылып
Керiстерi.
Бiреуiне бiреуi
Берiспедi,
Мəмiлеге келмедi,
Жеңiспедi...
Болмас, сiрə, бермесем
Өзiм бөлiп,
Бұл таласты тұрған соң
Көзiм көрiп,

172
– Ал, тыңдаңдар үшеуiң
Мен бөлейiн,
Мынау менiң тоқетер
Сөзiм берiк.
– Бесеуi – «беске» оқитын
Саған тисiн,
Төртеуi – «төртке» оқитын
Саған тисiн,
Үшеуi – «үшке» оқитын
Саған тисiн...
Он үшiншi – əдiл би
Маған тисiн.
Қарамаңдар жасқа да,
Бой жағына,
Қарау керек əрқашан
Ой жағына,
Бiреуiң дау айтпайсың 
Бұл бөлiске,
Бұдан былай сал күштi
Сол жағына...
ҚҰРАҚ КӨРПЕ
Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi,
Жердiң бетi –
Құрақ көрпе секiлдi.
Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек,
Қажет етсең,
Бояуы бар не түрлi.
Оған дəлел, мiне, теңiз аттары:
Қара теңiз,
Сары теңiз,
Ақ теңiз.
Оған дəлел, мiне, таудың аттары:
Ақтау,
Қаратау,

173
Сарытау,
Алатау,
Көкшетау,
Қызылтау,
Оған дəлел, мiне, өзен аттары:
Ақсу,
Көксу,
Қарасу,
Сарысу,
Қызылсу,
Бозсу.
Оған дəлел, мiне, құмның аттары:
Аққұм,
Қарақұм,
Қызылқұм,
Сарытауқұм...
Мұның бəрiн, шырқау биiк алыстан,
Көрер ме едi, көрер ме едi ғарыштан.
«ФУТБОЛ»
Мектептен келемiз,
Неге ермек табылмас?!
Кейде доп тебемiз,
Қанша соқ!
Жарылмас!
Бəрiнен Танабай
Елiрiп кететiн.
Ай-шайға қарамай,
Күшенiп тебетiн.
Аяқта керзi етiк,
Танабай – соқталдай!
Футболға ең жетiк,
Добыңды ол соққанда-ай!
Қопсытып ақ қарды,
Ойнап боп шамалы,
Танабай допты əлгi

174
Қолына алады:
Тер-тер боп, шапқылап,
Бусанып тұрады.
Қарларын қаққылап,
Тiзеге ұрады.
Басқа оны...
Киедi,
Қызарып құлағы.
«Доп» болып жүретiн
Соның ғой...
Тымағы.
КIМ МОМЫН?
(Мысал)
– Дүниеде кiм момын?
– Момын болса – мiнi оның!..
– Бұл заманда ендеше
Қиын дей бер күнi оның!..
– Тимес жанға залалы,
Жоқ, арамдық амалы,
Дүниеде –
Қой момын,
Қарапайым, адалы...
– Келiссеңдер, халайық,
Осы ұйғарым,
Таралық! –
Деген кезде айқайға
Салды келiп 
Қарақұрт:
– Бұл пiкiрдi ендi қой,
Қойды момын дейдi ғой!
Нағыз жауыз –
Осылар!
Бiздi қуып жейтiн – Қой!..
Көптiң бiтпей даулары,
Егес қайта қаулады.

175
Момын деген қойдың да
Болады екен жаулары!
КӨРIПКЕЛ
Таңдана бер таңдансаң,
Алдымда тұр қандай жан.
Берем əдiл бағасын,
Iскерлiгiн, шамасын.
Жанмын өзiм көрiпкел,
Сенбесеңдер келiп көр.
Бiрақ шартым, келiсiм,
Көрсетсiн тек ол үшiн:
Етiкшi – 
 
тiккен етiгiн,
Темiршi – 
 
жонған тетiгiн,
Тiгiншi – 
 
пiшкен көйлектi,
Оюшы –
 
құрған өрнектi,
Малшы – 
 
баққан қойларын,
Жолшы – 
 
салған жолдарын.
Ал оқушы баланың
Бiлем,
Қалай талабын?
Күнделiгiн аламын,
Бағаларын қараймын.
ТҮЙЕ НЕГЕ КӨҢIЛСIЗ?
Ой-һой, шiркiн, көктем,
Салтанатты неткен!
Жатыр əне – мысық,
Баурында төрт мысық.

176
Iлесiп жүр итке
Бақандай бес күшiк.
Мынау жүрген – шошқа,
Он бес торай тауып.
Қасында отыз шөже
Анау жүрген – тауық.
Сиырда – бiр бұзау,
Қойда – қозы егiз.
Қоқырайып қаз тұр,
Балапаны сегiз.
Апанында – қасқыр,
Бөлтiрiгi алты.
Аюда – үш қонжық
Əдеттегi қалпы.
Көңiлсiз ғой түйе,
Неге жүр ол жалқы?
Екi жылда бiр рет
Боталайтын салты.
Бота таппай бұл жыл,
Түйе содан тұнжыр...
СЕНСАЦИЯ
Қаламызда
көрiп мұны
Мен кеше,
Қос қазаққа
Жаным тұрды жабырқап.
Қазақ бала –
Өз тiлiнде сөйлесе,
Соған мəз боп,
Тұр екеуi
Таңырқап...

177
КIМНЕН ҚОРЫҚТЫ?
Үшiншi класта оқитын – 
 
 
 
Нұрлан,
Екiншi класта оқитын –
 
 
 
Құрман,
Бiрiншi класта оқитын –
 
 
 
Нұрман,
Балабақшаға баратын –
 
 
 
Құрбан,
Жəне де бiр қыз далада 
 
 
 
тұрған...
Дүркiреп бəрi 
 
 
қашып келедi,
Азар да безер, сасып келедi.
Қорқып жүргендерi –
 
 
 
құйттай күшiк!
Қашып жүр бəрi 
 
 
жүректерi ұшып!
Құйттай күшiктiң алдына түсiп!
Болады екен-ау, 
 
 
мұндай да қызық,
Балалар едi шетiнен бұзық.
КIМНIҢ ҚАТЕСI?
– Мына сия көк пе?
– Көк.
– Мына қарындаш көк пе?
– Көк.
– Аспан көк пе?
– Көк.
– Шөп көк пе?
– Көк.
– Жоқ!
– Неге онда «көк» дейдi,
Көк жапырақ дейдi.
Шындығында жасыл, – деп,
Өзеурейдi баласы, –
Мiне, түсiн қарашы!..

178
Жауап таппай осыған,
Қиналады əкесi.
Осы кiмнiң қатесi?..
ҚЫРСЫҚ ТҰРАР
Көп боп емле қатесi,
Диктантынан «бiр» алды.
Мұны бiлiп атасы,
Жазалады Тұрарды.
Астамшылық қылды ма,
Апасы ашу шақырды.
Сөйткен Тұрар тұрды да,
Екеуiн де қатырды.
Оқта-текте келетiн,
Қырсығы оның ұстады.
Күнде оқып беретiн,
Қойды оқымай «хиссаны».
ƏКЕСI МЕН БАЛАСЫ
– Жүзiм, – дейдi бiресе,
– Қауын, – дейдi бiресе,
Əкеледi əкесi
Ұлы ненi тiлесе.
– Алма, – десе,
Алманы,
Кейде: «Əкел, – дер, –
Шабдалы».
Орындайды бұлжытпай
Болсын тiлек қандайы.
Əке айтпайды:
«Болмайды».
Ұл жемiске тоймайды.
Бiрақ,

179
Сол ұл «орташа»
Оқығанын қоймайды.
СЕГIЗ ЕГIЗ
Əрiптерде де бiртуған,
Бауырластар, егiз бар..
Олай деуге негiз бар.
Ал, айтайық,
Бiлмесең,
Ол егiздер –
Сегiз пар:
«А» мен
«Ə» егiз.
«Г» мен
«Ғ» егiз.
«К» мен
«Қ» егiз
«Н» мен
«Ң» егiз.
«О» мен
«Ө» егiз.
«Х» мен
«Һ» егiз.
«Ы» мен
«I» егiз...
Ал,
«У» мен
«Ұ» жəне
«Ү»
Үшем болып шықты,
Бұлар деген сондықтан
Бəрiнен де мықты.
Себебi
 
 
У
Уралайтын да осылар,
 
 
Ұ
Ұран тастайтындар да осылар,
 
 
Ү
Үндеу қабылдайтындар да осылар.

180
Ушықтыратын да осылар,
Ұр да жықтар да осылар,
Үндеместер де осылар.
Уəде бергiштер де осылар,
Ұмытып кететiндер де осылар,
Үмiттi үзетiндер де осылар.
Уақытында орындамайтын да осылар,
Ұйымдастыратын да осылар,
Үйдей пəле жабатындар да осылар.
Усойқылар да осылар,
Ұрлық қылатын да осылар,
Үлде мен бүлдеге бөленетiндер де осылар.
Уландыратын да осылар,
Ұсынатындар да осылар.
Үй сататын да осылар.
У-шу шығаратын да осылар,
Ұйым құратын да осылар,
Үлесiп алатындар да осылар.
Уақтар да осылар,
Ұлылар да осылар,
Үстемдiк жүргiзетiн де осылар.
Уқалайтындар, уқалататындар да осылар,
Ұйқастыратын да осылар,
Үстiрт қарайтындар да осылар.
Уыстап ақша табатындар да осылар,
Ұяты жоқтар да осылар,
Үкiм оқитындар да осылар...
Айта берсек көп,
Көпке дауа жоқ,
Жоқ жəне де сот...

181
ҚАҚПАШЫ
Қақпашы Тоқпай,
Мықты ешкiм жоқтай,
Секiрдi келiп,
Жел үрген доптай.
Бiлмей де қалды
Сөйтем деп тұрып,
Кеткенiн доптың
Қақпаға кiрiп.
Əттеген-ай!
Қап!
Тұр едiк жеңiп!
Жабыла сөктiк,
Өзiне төнiп!
Көңiлi тасқан,
Қақпашы Тоқпай.
Кiнəлi болды,
Қызарып оттай.
Тұр Тоқпай шөгiп...
Көңiлi жоқтай.
Тұр ендi семiп...
Бiз тескен доптай.
РЕТСIЗ ҚУАНЫШ
Футболшы гол соқты,
Стадион қол соқты.
Қуанды ол, секiрдi
Жас бала секiлдi.
Қол алып достары,
Сүйдi оны, қоштады...
Созылып сiңiрi,
Ол еңбек сiңiрдi.
Жөн делiк оныкi.

182
Не жорық менiкi?
Отырып үйiмде,
Қуанған күйiмде,
Лақтырып бөркiмдi,
Құшақтап əркiмдi,
Уралап жүргенде,
Оқыс қол тиген бе,
Кесенi сындырдым...
Мен немдi тындырдым?
Бостан-бос бүлдiрдiм...
ҚИЯЛ
Мақұлықтың бұл де,
Зерделiсi пiл де.
Бiрi өлген жерге
Қайта оралмас мүлде.
Бақша, жайды
Адам,
Қорғайды өстiп одан.
Өлтiредi бiрiн,
Жоламас пiл содан.
Пiлден үлгi алса,
Тарақан мен маса.
Өлген жерден бiрi
Түгi қалмай тайса...
КIМДI ЖАҚСЫ КӨРЕСIҢ?
– Əкеңдi, əлде апаңды,
Қайсысын жақсы көресiң?
– Қинама, қонақ, баланы,
Жас бала оған не десiн.
Қонақ айт, өзiң шыныңды,
Жауабын қалай бересiң?
Қызыңды ма, əлде, ұлыңды,
Қайсысын жақсы көресiң?..

183
ТIЛАШАР
(аллитерацияға құрылған)
 
 
«А»
Астанамыз – Алматы.
Алатау асқақ аясы.
Алқабында атақты
Алқызыл апорт алмасы.
 
 
«Ə»
Əпендеше Əкiмiң
Əкелдi де əлгiнде,
Əпкесiнiң əтiрiн
Əлек шашып əркiмге
 
 
«Б»
Бiлмейтiнмiн болғанын бұрын бұндай,
Бiтiк бiткен барынша биыл бидай.
 
 
«Ж»
Жайылып жасыл жайлау жатыр,
Жарасып, жайғасып жылдағыдай,
Жұрт жабыла жайлап жатыр.
 
 
«Т»
Толқыны таудай тепкiлеп,
Телегей теңiз түнердi.
Теңселместен теплоход
Теңiздiң төсiн тiледi.
 
 
«Қ»
Қиғылықты қыңыр қылды:
Құрықты қиды, қырықты,
Құрықты қырқып құртты.

184
 
 
«О»
Олар отырып, ортақ ойын ойнады,
Ойынды ойлы ойнағандары оңдады;
Ойламай, олақ ойнағандары оңбады.
 
 
«Ү»
Үңiрейген үйдей үңгiр үрейлi, үнсiз,
Үңгiрге үңгуге үмiттенбе, үмiт үз.
 
 
«Т»
Түйетауық,
Түйеқұстың,
Түйенiң,
Түрiн танып,
Тобықтай түйiн түйерiм:
Түп тамыры
Тарайтұғын тереңнен
Түбi тектес, туыстас деп бiлемiн.
МЕЙIРIМ
Далада жүрген мысықты
Жас бала көрiп қалды да,
Мейiрiмi түсiп қызықты,
Көтердi қолға алды да.
Аймалап сипап басынан,
Мысықты көрсең өпкенiн.
Бiлмей де қалды қасына,
Шешесi қалай жеткенiн.
– Елжiреп, қара, тұрғанын...
Қолыңды жу, бар, жоғалғын!
Жейдеңдi аппақ былғадың,
Мысықты неге қолға алдың?!
Балконда тұрған əкесi

Шешеге бердi бұйрығын:
– Жуымас болсын екiншi,
Шықпыртшы, – дедi, – құйрығын.
Осыны көрiп көзiмiз...
Абыржып қалдық тосырқап...
Өстимiз-дағы өзiмiз,
Мейiрiмсiз деймiз жас ұрпақ.

186
Екінші бөлім
ЕРТЕГІЛЕР, АҢЫЗДАР
АСАР
(Жұмбақ-ертегi)
Аю,
Қоян,
Тиiндi
Шақырды да асарға,
Көршiлерi жиылды,
Əтеш күрке жасарда.
Аю сүйреп арбаны,
Тiке тартты орманға,
Итерiстi қалғаны
Ағаш тартып болғанда.
Аю ағаш бұтады,
Қолына алып балтасын.
Əтеш кесiп жатады,
Тиiн аршып жаңқасын.
Қолының бар икемi
Қоян қазды топырақ.
Жабу үшiн күркенi
Тердi Тиiн жапырақ.
Аю қалап жатқанда,
Тиiн тұрды шегелеп.
Əтеш үстiн жапқанда,
Сылар Қоян-епелек.
Төртеуi еңбек еттi де,
Өстiп кештi батырды.
Күркелер бiттi де,
Əтеш асқа шақырды.
Дастарқаны бай екен,
Əтеш көршi жарайды,

187
Бал, дəн,
Жаңғақ бар екен,
Сəбiздiң тұр талайы.
– Шақырғанда асарға
Кергiлеспей келдiңдер.
Көршi осындай қашанда,
Қол ұшын да бердiңдер.
Қосылғанда бастарың,
Құр кетпеңдер аш қарын.
Алдарыңа тосқаным –
Ең сүйiктi астарың.
Аю, 
же де, жалай бер,
Қоян, кемiр отырып,
Тиiн, сен де 
шаға бер,
Ал мен өзiм шоқиын.
Сендер – жолдас дегенiм, –
Дедi əтеш, –
Алыңдар.
Кiмнiң ненi жегенiн
Ендi өздерiң табыңдар.
ХАЙУАНАТТАР ДҮКЕНI
Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..
Аң менен құс,
Жан-жануар атаулы
Келiп жатыр,
Хабарды естiп бiлгенi.
Келушiлер 
Дүкенге таң қалады,

188
Өздерiне
Қажет затын алады.
Маймақ аю қомағай-ау,
Балдың ол
Бiр кеспегiн
Домалатып барады.
Шаңырақтай
Мүйiз iздеп бұланың,
Төрт таға алды
Тұяғына құланың.
Дүкен iшiн
Қызықтап жүр аралап,
Есек байғұс
Салпитып дəу құлағын.
Өлшеп үкi
Нұры тайған көзiне,
Көзiлдiрiк
Сатып алды өзiне.
Түйе сорлы
Ұмытып қап, əне тұр,
Алар затын
Түсiре алмай «есiне...»
Торғай дəндi
Өлшетiп тұр бiр табақ,
Мысық келiп,
Аралап жүр мұрт қарап.
Сегiзаяқ
Алса сегiз акваланг,
Бəтеңкенiң
Қырқын алды қырықаяқ.
БУРА МЕН АТ ХИКАЯСЫ
(Аңыз)
Келе жатқан ескiден,
Бұл бiр көне жыр едi.
Қытымыр да, сестi де,
Бiр бай өмiр сүредi.

189
Қора-қора қойы бар,
Үйiр-үйiр жылқысы,
Қамсыз өтер жайы бар,
Өмiр бойы бұл кiсi.
Аз да емес сиыры,
Жетiп жатыр түйесi.
Қауым жұртты үйiрiп,
Қан қақсатқан бiр өзi.
Бiрi қойын бағады,
Бiрi жылқы соңында.
Қайтсе байға жағады –
Осы-ақ жұрттың ойында.
Көп малының iшiнде
Бурасы бар атақты.
Қорқынышты түсi де,
Салып жүрген шатақты.
Бүкiл ауыл қорқады,
Жақындауға бураға.
Жүрдi ол салып сойқанды,
Ал ашуын сұрама.
Лайық iс күлерге,
Айтсақ сөздiң турасын.
Қожа болды бiр елге,
Иесi мен бурасы...
Ештеңеде ойы жоқ,
Тамашалап алқапты,
Бiрде мұнда жолы боп,
Келе жатты салт атты.
Жүрген шетте жайылып,
Бура сырын бiлмейдi.
Шыбын,
Сона жабылып,
Астында аты билейдi.

190
Бура көрiп аттыны,
Тура жанап келедi.
Жынын шашып,
Шабынып,
Қуып, жөнеп бередi.
Жолаушы да жалма-жан
Атқа басты қамшыны.
Өзiнде үрей қалмаған,
Ғажап емес жаншуы.
Бура артта, ат алда,
Келедi ұшып құйын боп.
Екпiндерiн атама,
Барады жай қиын боп.
Бiр сəт аты кейiнге
Тартынғандай, сезедi.
Қуып жетсе тегiнде,
Екеуiн де езедi.
Үйге жетiп жанаса,
Аттан түстi ақырын.
Мiне, сұмдық, қараса,
Құйрығы жоқ атының.
«Бура жұлып тастаған!»
Деп ойлады iшiнен.
«Болдық, – дедi – масқара,
Ұят көрген кiсiден...»
Атын байлап қазыққа,
Бай үйiне кiредi.
Жайын айтса, мазақ қып,
Бай қарқ-қарқ күледi.
Қорланып ол, қызынып,
Тысқа шықса – аты жоқ.
Шылбыр жатыр үзiлiп,
Қолды деуге қақы жоқ.

191
Сөйтсе аты өшiгiп,
Бураны iздеп кетiптi.
Өрiсiнде кезiгiп,
Бастан теуiп өтiптi.
Оны сөйтiп өлтiрiп,
Бурадан кек алыпты.
Ақылды атты ел бiлiп,
Аңыз-жыр боп қалыпты. 
АТ БАПКЕРIНIҢ АҢЫЗЫ
Ол кезде бiз баламыз,
Той-жиынға барамыз.
Бiр-бiр атқа мiнiп ап,
Бəйгеде де шабамыз.
Кiмде жүйрiк жылқы бар
Бермейтұғын бəйгенi,
Мақтан етер жұрты бар,
Ауылда сол əйгiлi.
Аты аңыз боп тараған
Бiледi ол жайында,
Бес жастағы бала да,
Сексендегi шалың да.
Əбiқай шал бақытты
Сондайлардың бiрi едi.
Тамсандырып халықты,
Риза етiп жүр едi.
Қуантып дос, туғанды,
Бəйгеден кеп жататын,
Жүйрiк аты шығарды
Аулымыздың атағын.
Əбiқай шал жүйрiгiн
Суытады,
Баптайды.

192
Екi етпейтiн бұйрығын,
Қалайды мен шапқанды.
Боларда ат жарысы
Үйге келiп тұрады.
Ата-анамнан
Бар iсi:
Менi қолқа қылады.
Кейде тiптi мектепке
Қолқа салып барады.
Мұғалiмнен ептеп кеп,
Менi сұрап алады.
Қолқалаудың мəнiсi –
Менi ертiп жүредi.
Атқа шабу əдiсiн,
Дейдi:
– Жақсы бiледi.
Шапқанға бiр тоймаймын,
Бəйгеге сан бардық қой.
Талай үлкен тойлардың
Жүлделерiн алдық қой.
Көршi ауданға,
Алысқа
Бiрде iлесе барғанмын.
Кезектi бiр жарыста
Аңыз естiп қалғанмын.
Менi Əбекең қасынан
Тастамайды екi елi!
Əңгiмешiл,
Расынан,
Өткендi айтып кетедi.
Қонақ болған жерiне
Елмен бiрге ертедi.
Жылқы малы жөнiнде
Көп əңгiме шертедi.

193
Осы күнi өзiме
Ұлағатты,
Маңызды
Əбiқайдың есiме
Түседi айтқан аңызы:
– Қазақ деген халықтың
Кең далаға тараған,
Жылқы деген жарықтық
Қанатына жараған.
Қазақ деген халықтың
Жылқысыз еш күнi жоқ.
Қазақ деген халықтың
Жылқысыз еш күйi жоқ.
Iшсе – қымыз,
Жесе – етi,
Мiнсе – жүйрiк көлiгi.
Жылқы малын деседi,
Ер қанаты,
Серiгi.
Сол үшiн де жайылып
Көшiп жүрген заманда,
Көкейлерiн жайылым
Тесiп жүрген заманда.
Өрiс үшiн өшiгiп,
Жауласатын заманда,
Қару сайлап,
Шешiнiп,
Дауласатын заманда
Бəйге алдын бермейтiн,
Бiр жүйрiк ат болыпты.
Сол ат
Ешкiм сенбейтiн,
Бəйге алуын қойыпты.

194
Бұрынғыдай күтiмi,
Бұрынғыша-ақ баптайды.
Бұрынғыша жұтынып
Бəйгелерде ол шаппайды.
Бəйге аттың иесi
Бас қатырып шығады.
Жылқының бiр киесi
Бар екенiн ұғады.
Күлiмдеп күн атпады,
Тыныш түнде жатпады.
Iшкен асы батпады,
Амалын ол таппады.
Жалшылардан сұрады,
Бұған кiм де кiнəлi.
Малшылардан сұрады,
Бұған кiм деп кiнəлi.
Жалшысының есiне
Түскен екен болған жай.
Айтады оны иесiне,
Кiнəлi боп қалғандай.
Бие сауып жатқанда,
Бəйге аты мазаны ап,
Ызасы əбден батқанға,
Жасқап қалған,
Жазалап.
Бəйге атының осыдан
Кiнəраты ашылды.
Иесiнiң шошыған
Көңiлi де басылды.
Тұлпарлардың кiнəмшыл,
Болатыны белгiлi.
Жылқы малы – шын асыл,
Сыры мəлiм ендiгi.

Ат сыншысы атақты
Айтты оған ақылын.
Мiне, осы шатақтың
Шешiп бердi ақырын.
Ортасынан ойды да
Қара құрым киiздi,
Сол жалшының мойнына
Оны апарып кигiздi.
Сүт толы ыдыс алды да,
Жүресiнен отырды.
Бəйге атының алдында
Ол кешiрiм өтiндi.
Бəйге ат асыл сүйегi
Сонда өкпесiн кешiрген.
Тұлпар сырын бiледi,
Жылқы малын өсiрген.
Содан бастап қайтадан
Бəйге аты əйгiлi,
Оза шауып басқадан,
Бермес болған бəйгенi.
Ат – ақылды,
Ат – естi,
Ешбiр адам өйтпесiн,
Жасамаңдар қате iстi,
Бəйге аты өкпешiл...
Айтты осыны бəрiне
Түсiнсiн деп ұға алған.
Дана,
Көсем қария
Атағын ат шығарған...

196

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал