Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет6/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ТУАДЫ, ШЫҒАДЫ, ТҮСЕДI, КЕЛЕДI
– Мазалаған көптен бiр
Сұрағым бар,
Дөп келдiң,
Халық неге айтады,
Туады деп
Көктемдi?
– Неге десең,
Көктемде,
Наурыз келiп жеткенде,
Құлын,
Бұзау,
Қозы,
Лақ

138
Толып өрiс беткейге,
У-шу болып жатпай ма,
Мал төлдерiн таппай ма?
Көктем туды деп халық
Сондықтан да айтпай ма?
– Ендеше айт
Мынаны,
Жаз неге онда шығады?
– Егiн шығып болады,
Қауыздары толады.
Орақ кезi басталып,
Диқан бидай орады.
Қырман тау боп жатады,
Ел ырысқа батады.
Жаз шығады деп халық,
Сол себептi айтады.
– Ойландырған кешелi
Бiр бiлмегiм осы едi.
Ал халқымыз нелiктен
Күз түседi деседi?
– Келген кезде ақырап,
Сарғаяды атырап.
Ағаштардан түседi
Əрi кеткен жапырақ.
Шопан жүгiн артады,
Таудан түсiп қайтады.
Сол үшiн де халқымыз
Күз түстi деп айтады.
– Жауабыңды бер ендi,
Ал
Қыс неге келедi?
– Тау,
Жотаны,
Даланы
Қырау тегiс жабады.

139
Қыстың алғаш белгiсi –
Сулар қатып қалады.
Қыс хабарын бередi.
Қамданады ел ендi.
Содан жолын күткен соң,
Дейдi
Қысты «келедi...»
ДЕМАЛЫС КҮНI
Жексенбi де кеп жеттi,
Əр демалыс сайын бiз
Өзiмiзге мiндеттi
Iстi iстеуге дайынбыз.
Таңертеңнен базарлап,
Мен ғой –
Азық iздейтiн.
Қызым –
Үйде тазалап,
Мамасы –
Ас iстейтiн.
Ұлдың –
айтсам жұмысын,
Əдетiнше талайғы,
Отырып ап күн ұзын
Телевизор қарайды...
БҮГIНГI БАЛА
Баланың ол зерегi,
Бiлгiрлiгi жетерлiк.
Бiледi бар дерегiн
Көп артистiң шетелдiк.
Танып алған бұл бастан,
Футболистi түгелдей.

140
Бiзге айтады тынбастан,
Анау пəлен, түген деп.
Телевизор алдында,
Бiлгiрi оның
Бiлгiр-ақ.
Ал, ауылға барды ма,
Ажыратпас бұл бiрақ:
Изен менен
Жусанды,
Қамыс пенен
Қурайды.
Асқабақ пен
Қауынды,
Шатастырып тұрады.
ШIКIМАЙ
Көңiлi Аманның
Нелiктен қапалы?
Бəрiнен жаманы –
Бойының тапалы.
Жəудiреп жанары
Жанға сол батады.
Серейiп барады,
Өзiнiң қатары.
Мазақтап кей досы,
«Шiкiмай» деседi.
«Бой деген 
Сенде осы, –
Деп, – Қашан өседi?»
«Спортшы болам», – деп,
Қай жерге ол бармады.
Мiн тағып оған көп,
Еш бапкер алмады.

141
«Сүйегiң майда екен,
Бiр тұтам – бой жағы...
Болма əуре жай бекер
Кемшiнi сол жағы...»
Сол бойы
Кей-кейде
Iске асып жатады.
Атшабыс өткенде,
Атқа өзi шабады!
«Келтiрмес нұқсан көп,
Атқа күш салмайды...
«Жеңiл», – деп,
«Ықшам», – деп,
Ел соны таңдайды.
Ал,
Бiздiң жиналған
Тұрады iш удай боп.
«Серейiп туғаннан
Қортық боп тумай?!» – деп.
ТУҒАН КҮН
Туған күндер мынадай
Көктемде көп неткен де.
Бестi,
Дөнен,
Құнан,
Тай...
Туған бəрi көктемде.
Тоқты,
Тана,
Тайлақ жүр...
Шыбын, балық, құс та, аң...
Туған күнiн тойлап жүр,
Құшақтап гүл ұстаған...
Қандай жақсы бұлар кiл
Туғандары көктемде.

142
Əйтпесе ғой, сыйлар гүл
Бас-басына жеткен бе?
ƏКЕНIҢ САБАҒЫ
Əкеге келiп баласы,
Көрсеттi қолы iскенiн.
– Папа, сен, мiне, қарашы,
Масалар менi тiстедi.
Əкесi күлiп түзеттi:
– Тiстедi деме –
Шақты де.
Шақпайды иттер –
Қапты де,
Қаппайды мысық –
Тырнайды...
Қайтедi жүйрiк атты де:
Атты жүгендейдi.
Атты ауыздықтайды.
Атты байлайды.
Атты кiсендейдi.
Атты шылбырлайды.
Атты қаңтарады.
Атты қамшылайды.
Атты қосақтайды.
Атты ойнақтатады.
Атты аунатады.
Атты күзейдi.
Атты жаратады.
Атты жетектейдi.
Атты жарыстырады.
Атты сүрiндiредi.
Атты ақсатады.
Атты жығады.
Атты мертiктiредi.
Атты қағады.
Атты ерттейдi.
Атты сатады.

143
Атты жемдейдi.
Атты қамайды.
Атты тасиды.
Атты мiнедi.
Атты ырғытады.
Атты шаптырады.
Атты тұсайды.
Атты аяңдатады.
Атты қарғытады.
Атты шомылдырады.
Атты суытады.
Атты қосады.
Атты жаяды.
Атты жегедi.
Атты сояды.
Атты жабулайды.
Атты арқандайды.
Атты желдiредi.
Атты шоқырақтатады.
Атты бағады.
Атты тағалайды.
Атты суғарады.
Атты айдайды.
Атты қуады.
Атты қайырады.
Атты ұстайды.
Атты семiртедi.
Атты арықтатады...
Тағысын-тағы, тағы бар.
Айтсақ көп-ақ əлi де,
Бiлуiң керек бəрiн де.
ШЫНДЫҚ ЖАУАП
Əке көңiлi қалып бiр,
Тергеуге ұлын алып тұр.
– Ел не үшiн мектепке
Түсiндiршi, барып жүр?
– Бiлiм үшiн барады...
Бiлу үшiн барады...

144
– Дым бiлмес сен, өзiң ше?..
Ұлы жерге қарады.
Қиын сұрақ мұнысы,
Үндемеген дұрысы,
– «Екi» алуға барады, –
Дедi ол үшiн iнiсi...
СУ ЖАҢА БƏТЕҢКЕ
Бəтеңкем жыртылды...
Əпердi жаңаны...
Сықырлақ бiр түрлi
Кигенде табаны.
Мектепке барарда,
Бəтеңкем сықырлап...
Бар бала... қарар ма,
Мен жаққа жыпырлап.
Зер салды талайы,
Таныс та,
Басқа да.
Тер басып барады
Өзiмдi,
Масқара!
Көз тiгер мəз емес,
Оңған да түрiм жоқ.
Жейде де таза емес...
Шалбардың қыры жоқ.
Шаш түскен көзiме
Шығып ем тарамай.
Ал, бəрi өзiме
Өтпейдi қарамай.
Ұры ұстап тұрғандай
Бəтеңкем оңбайды-ау...
Қасақана қылғандай
Сықырлап қоймайды-ау...

145
ТIЛ ХИКАЯСЫ
Жаз шығады.
Каникул кеп жетедi.
Қойлы ауылға ұлым менiң кетедi.
Қазақшаны үйрен деймiз тапсырып,
Қазақша тiл бiлмегенi өтедi.
Күз болады.
Ұлым үйге қайтады,
Тiл бiлмейтiн жылдағыдай жай тағы.
Есесiне ол балаларын ауылдың
Кеттi үйретiп орысша деп айтады...
БIТКЕН ДАУ
Балам айналыспаған
Спорттың түрi жоқ.
Менiң байланыспаған
Тренердiң бiрi жоқ.
Футбол барды, қуылды,
«Жарамайды, əлсiз», – деп.
Бокс барды. Қиын-ды...
Қашты өзi жайсыз деп...
Бiр жыл даудың бiткенi,
«Ушу-дан» сабақ алып жүр.
Қумас одан...
Өйткенi,
Ақы төлеп барып жүр.
БАЛАЛЫҚ
Машинадан шықпай отыр Сарамыз,
Үш жасар қыз қылығына қараңыз.
Сиыр сүзiп алады деп қорқып тұр...
Ол сиырмен жүз метр жер арамыз.

146
ТӨРТ ТҮЛIК
Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.
Ұстағанды бұйданы
Сиыршы деп бiл-дағы,
Ұстағанды ноқтаны
Түйешi ғой деп таны...
Жылқышыға келесiң,
Ұзын құрық көресiң.
Түйешiге келесiң.
Түйе жүн шекпен көресiң.
Сиыршыға келесiң,
Таспа тiлiп көресiң.
Қойшы үйiне келесiң,
Тулақ, көндi көресiң...
Жылқышының қымызын
Iш сусын қып күн ұзын.
Түйешiден шұбатты
Сiмiр, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын
Жұт, кiлегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты – төрт түлiк мал,
Баққандарды бiлiп ал,
«ҚОЙМА»
Үстел үстi толып тұр,
Не бiр затқа кенелiп.
Класс түгел көрiп тұр.

147
Оған бiздер не делiк.
Рогатка,
Гайка,
Құрт,
Бəкi,
Тарақ,
Айна,
Кiлт,
Мейiз,
Нанның қиқымы,
Темекiнiң тұқылы,
Гильза,
Лəңгi,
Сақа,
Тор.
Қалам,
Түйме,
Карта,
Бор...
Ие дешi бұған кiм?
Ол – Омардың Балташы.
Заттар шықты, мұғалiм
Ақтартқанда қалтасын...
БАС МҮЖУ
Қой сойып, ет асты,
Алға тартты басты.
Оны Қайсар бөлдi,
Жолы үлкен сол-ды.
– Үлкендердi тыңдап,
Жүр, – деп, – тiл ап, сыйлап...
Балаларға құлақ
Бердi ол бөлiп турап.
 – Айт, – деп, – əндi талмай...
Бердi əншiге таңдай.
– Мергенсiң, – деп – өзiң...
Бердi аңшыға көзiн.
Қиын сауал туды:

148
«Кiм жемекшi миды?»
Дедi досы: – Миы аз,
Жей ғой өзiң бiраз...
ОРМАНДАҒЫ ИЛЕУ
Ойла, тапшы,
Кəне, жерде
Кiмге жақсы
Бəрiнен де?
Жақсы дер ем
Дүниеде,
Құмырсқаға
Бiр илеуде.
Өйткенi олар
Мұның сыры,
Күнде көрер
Бiрiн-бiрi.
Сан мыңы бiр
Тұрып тату,
Қандай рахат
Жүрiп жату!
НАЛЫҒАН БАЛА
Бiр iс бiтсе, бiрiсi
Дайын кезек күтетiн,
Бұл адамның жұмысы
Бар ма, сəрi бiтетiн.
Қидырмаса болмыс-ты
Шашы өскен, күлкiлi.
Алдырам деп сол шашты
Кезекте өттi бiр күнi.
Бiтпейдi iсi қасқаңның,
Бiр iс күтiп тұр тағы:
Саусағы мен
Башпайдың
Өсiп кеткен тырнағы...

149
Əке ескерттi өзiне,
«Тырнақты ал», – деп он рет.
Шеше салды есiне,
Он реттен көбiрек.
Тырнақты алып сонша бiр
Жайбарақат жайда едi.
Алда күтiп... монша тұр,
Кiрлеп кетсе қайтедi?
Тiршiлiктiң күйбеңi
Өзiн əбден налытты.
Көрсе айнадан
Түр, реңiн,
Шаш тағы өсiп қалыпты...
ҚАҚ СУЫ
Жаңбыр жауды...
Қақ тұрды...
«Iшпе оны, лай су», – деп,
Сиырға тас лақтырды,
Бiр қыз: «Таза бар су», – деп...
Қызды қостап, бұйырдым:
«Айдап əкет, дұрыс», – деп.
Лай су iшкен сиырдың
Сүтiн сауып
Кiм iшпек?!
БАЛАЛАР МЕН АЛМАЛАР
Күл, күлме, сен мұныма,
Есептегiм келедi,
Бiр ағашта
Жылына
Қанша алма өнедi?
Бiлетiндер деседi:
Ойда жоқты табасың.

150
Айту қиын есебiн,
Кiм жалықпай санасын.
Болғанменен –
Бiр түбi
Бiрi ерте пiседi.
Пiспес бiрақ –
Бiр күнi,
Бiрiн күзде үзедi.
Қатар өскен тұрғылас
Олар да дəл балалар...
Бiр ағаш – ол бiр класс,
Оқушысы – алмалар.
Ерте пiсер –
Үздiгi,
Оқуда алда басары.
Пiсетiнi –
Күз күнi,
Күзге қалған нашары.
БIЗДIҢ ҚОЖАНАСЫР
– Солдаттағы балама
Хат жазып, ал сауабын, –
Деп өтiнген анаға,
Нұрлан бердi жауабын:
– Айдақ-сайдақ жазуым,
Апа, – дедi ол, – болмайды.
Хат жазуға əзiрмiн,
Тек оны оқи алмайды.
Қашқақтаймын сол үшiн,
Шындығы осы, бар мiнiм.
Хатты оқуға ол үшiн
Керек өзiм баруым...

151
КIМНЕН КIМ ҚОРЫҚТЫ?
Көршi үйде, бала мысықты
Үш жасар Нұрлан көрдi де,
Зəресi əбден ұшыпты,
Жүгiрiп маған келдi де;
– Көтер, – деп, – менi тезiнен, –
Жармасты қолға ол тағы:
– Ана бiр мысық өзiмнен
Қарашы, қатты қорқады...
ҚАУЕСЕТ
– Өзi асылып өлдi шошқа...
– Мұнысы ендi болды босқа...
– Əттеген де, обал-дағы
Көп-ақ едi торайлары...
– Қашан екен жаназасы?..
Қауесеттiң тамашасы
Сендi бəрi босқа қалай,
Асылмақшы шошқа қалай?
Мойнына жiп байланбайды,
Неге мұны ойланбайды?
Кiм не айтса, сенер болдық,
Осыдан-ақ өлер болдық...
«РОМАНИСТ»
– Жатқа айтшы бiр өлеңдi, –
Деп көпшiлiк сұраған.
– Ересекпiн мен ендi,
Оқимын тек роман, –
Дедi Нұрлан, кiлең «үш»
Мектебiнде баға алар:
– Өлеңдi оқыр, бiлемiз,
Майда-шүйде балалар...

152
НАРЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Сатушымен тiлдестiк:
– Нарқы қанша алманың?
– Сатып жүрмiн күнде өстiп,
Қайсы алманы таңдадың?
Үш сом мына жатқандар.
Ал мыналар «екiден».
Разы дəмiн татқандар,
Рұқсат, таңда шетiнен.
– Бұл неге үш сом, себебi,
Түрi бiрдей бəрiнiң?
– Екi сомдық алмалар
Өзi үзiлiп түскендер.
Ал, үш сомдық алмалар
Қолмен терiп үзгендер...
Дық аласың көңiлге
Неге бұлай өмiрде?
Қолдаушысыз, сүйеусiз
Жүрмекке сен бекiнсең,
Көмек күтпей, бiреусiз
Өзiң пiсiп жетiлсең,
Бұл шындықты бiл дер ем,
Ойлантардай əркiмдi:
Ондай болсаң,
Ел төмен
Бағалайды нарқыңды...
НЕДЕН ҚОРЫҚПАЙДЫ?
Бауыр басқан қалаға,
Не дерсiң бұл балаға?
Келiп едi ауылға
Шықпай отыр далаға.
– Қызық екен мiнезi, –
Дейдi үйдiң иесi.

153
– Жабайы боп кеткен бе,
Қалада өсiп,
Бұл несi?
Айтты бала тосыннан:
– Қорқамын, – деп, – қозыдан,
Ауладағы бұзаудан,
Шықпай тұрмын осыдан.
Үй иесi күлiмдеп,
Жөн сұрады:
– Ұлым, – деп, –
– Неден сонда қорықпайсың?
Айтшы, кəне, шынын, – деп.
Көштi бала шынына,
Қаймықпай ел сынынан:
– Ұшып жүрген үйдегi
Қорықпаймын шыбыннан!..
ƏДЕП
...Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
Қолымда пышақ,
Берсең рұқсат,
Өзiңдi сойсам,
Армансыз тойсам.
– Тым ерте келдiң,
Болмайды деймiн...
Айтқанға көндi.
...Тағы да келдi.
Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.

154
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
Қолымда пышақ,
Берсең рұқсат,
Өзiңдi сойсам,
Армансыз тойсам,
– Тағы ерте келдiң,
Болмайды деймiн...
Қарбыз айтты,
Бағбан қайтты.
...Тағы да келдi,
Хабарын бердi.
Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
– Жесең жешi,
Тəттi екен дешi.
Жолыңды тосып,
Жатырмын өсiп.
Бақтың-қақтың,
Маған жақтың.
Болады ендi, –
Деп қарбыз көндi.
– Мiнеки, пiстiм,
Аузына түстiм...
Бағбан бiлдi,
Қарбызды тiлдi.
ТƏРБИЕ ҚҰРАЛДАРЫ
Балалардан сұрадық:
– Нелер, нелер, нелер? – деп, –

155
Тəрбиенiң құралы,
Өнеге-ықпал берер көп?
Бiреуi айтты:
– Кино, – деп,
Кино түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Кiтап: – деп
Кiтап түстi ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Музей, – деп,
Музей түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Театр, – деп,
Театр түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Телевизор...
Телевизор түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Спорт, – деп,
Спорт түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Белдiк... – деп...
Əкесi түсiп ойына...
Құптаймыз ба, оны да?!
ҚАР
Қардан жоқ деп жеңiл,
Жүрген сенiп көңiл.
Бiр күнi қар жауды,
Басып қалды бауды.
Жеңiл десем қарды,
Сындырды көп талды.
Бала асылса сынбай,

156
Дауылыңа қыңбай,
Тұрған талдар тiп-тiк,
Сынып түстi бырт-бырт.
Қарда жоқ деп қауқар,
Ендi кiмдер айтар?
Жеңiл болсын, тiптi
Бiрiксе – күш!
Мықты!
ЛАҚАП АТ КIМДЕ БАР?
Мына көзiм көрдi,
Бес оқушы болды;
«Бiрге» оқитын –
Бiр,
«Екiге» оқыр –
Екi,
«Үшке» оқыр –
Үш,
«Төртке» оқыр –
Төрт,
«Беске» оқыр –
Бес...
«Маңыз шықпас еш» –
Деп Екi мен Бiрдi
Оқуынан қуды.
Жаман болды бұл,
Екi мен Бiр
Бұзық болып жүр.
Түнде болсын,
Күндiз,
Жасағаны қылмыс.
Бұзықтарды тыңдап,
Болу үшiн жұмбақ.
Өздерiне лақап
Қойып алды атақ.

157
Бiлмеу үшiн басқа
Сот та,
Дос та,
Қас та,
«Компаниясы» Бiрдi
Мына атынан бiлдi:
«Жалқы»,
«Жалғыз»,
«Дара»,
«Жеке»,
«Сыңар»,
«Саяқ...» – дедi...
Қалмады одан Екi.
Оған да сай лақап
Тақты былай атақ:
«Қос»,
«Жұп»,
«Пар»,
«Дуэт»,
«Егiз...»
Ендi оны солай деңiз...
Қонбаған соң ақыл,
Екi менен Бiр
Өстiп жүрiп жатыр.
Ал, 
Үш пен Төрт, Бесiң
Бұзылады несiн?
Болған соң мол ақыл,
Үлгерiмi жақсы,
Оқу оқып жатыр.
Содан-дағы болар,
Лақап атсыз олар.
ҚИЯЛ ҚҰСЫ
Ас iшерде «қолыңды
Жу» дегенге орынды,

158
Ерiншек шын ерiндi,
Қиял ойға берiлдi:
«Таңертең жу қолыңды,
Түскi аста жу қолыңды,
Кешкi аста жу қолыңды...
Ұнатпаймын соныңды.
Күнде тiстi тазалау
Барып тұрған азап-ау...
Құстардiкi – рақат,
Жуар қол жоқ тұра қап,
Қатырмастан бастарын,
Шоқи берер астарын...»
ЖАҢАЛЫҚ
Жақып жақын арада,
Түнеп шығып далаға,
Жаңалықты өзi ашқан
Жайды барлық балаға.
– Байқадың ба, түнде сен,
Мен айтайын бiлмесең,
Қараңғыда адаспай
Қалай ұшып жүр десем?
Алды менен соңына,
Жарық берген жолына.
Болады екен шамдары
Ұшақтардың қолында...
ҚОЛ ТУРАЛЫ ЖЫР
Бiр жасында қос қолын
Емiзiкше сорды ол.
Екiсiнде еңбектеп,
Аяқ еттi қолды ол.
Қасық қылып ас iштi,
Үш жасында қолымен.

159
Төрт жасында күрек қып
Жер қызып жүр онымен.
Бес жасында қолдары
Қалды мүлде жұмыссыз.
Бүлдiргеннен басқаны
Бiлмес қолы тынышсыз.
Жетi жасқа келгенде
Қолын нағыз қол еттi.
Қағаз, қалам ұстады,
Мектебiне келедi.
Қолы iске жарады,
Бiрiншiге ол барады.
ДЕМАЛЫС
– Көрмедiң бе, бiлесiң бе? –
Деп iнiмнен сұрадым. –
Радионы кiм өшiрген,
Кiм бұраған құлағын?
Радионы ашпа ендi...
Өтiндi iнiм күлiмдеп:
– Мен өшiрiп тастап едiм,
Демалыс қой бүгiн деп...
ƏЗIЛ
Заман дамып келедi,
Дамымаса сəнi жоқ.
Жүзiм жемiс бередi,
Iшiнде еш дəнi жоқ.
Көрiп жүрмiз көлемi
Қызылшадай сəбiздi.
Помидорлар өнедi
Тура əңгелек тəрiздi.

160
Кей қарбыз бұл күндерi
Соп-сопақ, дəл қауындай
Кей қауынның түрлерi
Асқабақтай,
Дəуiн-ай.
Алмұрт сортын тауыпты,
Дөп-дөңгелек алмадай.
Ажырату қауiптi
Шатастырып алмағай.
Бар, бармақтай шие де,
Алша екен деп қаласың.
Ал картопты бүйендей,
Көрсең,
Естен танасың.
Болсын мейлi дəмi жоқ,
Келсаптай зор, қиярың.
Бəрiнiң де мəнi жоқ,
Арты немен тынарын.
Дейтiнiмiз содан да,
Заман дамып барады.
Ойлап тапса,
Одан да
«Екi» алмайтын баланы.
ӨМIР ЗАҢЫ
Алматыда, шеткейде,
Барша аң-құс баласы,
Зоопаркте, көктемде,
Тату-тəттi арасы.
Бiр-бiрiмен жау ескi,
Мысық, күшiк қатар жүр.
Ал қонжығың тауешкi
Лағымен жатар бiр.

161
Көжек əлi бiлмейдi
Бөлтiрiктен қорыққанды.
Бала арыстан тимейдi,
Қодық қатар оттайды.
Жайбарақат алаңсыз,
Жүредi олар шарбақта.
Күз келгенде амалсыз,
Ажырайды жан-жаққа.
Тату-тəттi жасында,
Өссе кетер жау болып.
Бiр-бiрiнiң қасында,
Жүру қиын сау болып.
Балалық шақ – тəттi шақ,
Себебi еш жауың жоқ.
Бiр-бiрiне жат құсап,
Кiжiнетiн жайың жоқ.
Заңы солай өмiрдiң
Қалай бəрiн теңесiн.
Əлсiз болсаң –
Жеңiлдiң,
Əлдi болсаң –
Жеңесiң.
КIМГЕ КҮЛУ КЕРЕК?
Достар қатар жүргенде,
Жақсы өзара күлген де.
Бiрақ та, күл
Жөнiмен
Себебiн тек бiлгенде.
Жазда қарап жатпадық,
Шомылуға аттандық.
– Жүземiз, – деп балықтай, –
Жүр кейбiреу мақтанып.

162
Келе сүңги жөнелдiк,
Болсын қанша тереңдiк.
Жағасында өзеннiң
Рақатқа кенелдiк.
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын,
Күлдiк сонда,
Асқарға,
Арамыздан қалмайтын.
– Несiн, – дедi ол, – күлесiң,
Тау мен таста жүресiң.
Таулы жерде туғанмын,
Қалай жүзе бiлесiң?
– Неге керек ерегес,
Бұған күлу жөн емес, –
Деп күлгендi доғардық,
– Кiнəлi оған сен емес...
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын
Күлдiк сонда,
Айдарға,
Арамыздан қалмайтын.
– Несiн, – дедi ол, – күлесiң,
Құм шөлейтте жүресiң.
Шөлдi жерде туғанмын,
Қалай жүзе бiлесiң?!
– Неге керек ерегес,
Бұған күлу жөн емес, – 
Деп күлгендi доғардық,
– Кiнəлi оған сен емес.
Суға жүзе алмайтын,
Терең жерге бармайтын,
Күлдiк сонда,
Ақанға,
Арамыздан қалмайтын.

163
Ақан болды шын күлкi:
– Жарасымды бұл күлкi.
Суға жүзе бiлмеуiң
Айналайын, тым түрпi!..
Бұған құлақ түремiз,
Күлсек,
Саған күлемiз.
Сен туған жер – 
Өзеннiң
Жалғасы ғой, бiлемiз.
Тұрды ол сылтау айта алмай,
Ақталып та, жалтармай.
Күлдiк оған,
Күлдiк бiз,
Жаз бойына алты айдай...
ТАҢЫРҚАУ
Дөңнiң арғы жағында,
Енесiнен айырған,
Шөбi бiтiк шалғында,
Қозылар жүр жайылған.
Арасына келер де,
Жалғыз құлын қосылар.
Кiсiнесе ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Арасына келер де,
Жалғыз бұзау қосылар.
Мөңiресе ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Арасына келер де,
Жалғыз бота қосылар.
Боздаса ол егерде,
Маңырайды қозылар.

164
Арасына келер де,
Жалғыз торай қосылар.
Қорсылдаса ол егерде,
Маңырайды қозылар.
Ешқандай дау-дамайсыз,
Күндер жылжып өтедi.
Жайылады алаңсыз,
Бəрiне шөп жетедi.
Күнде өрiсте қосылар,
Жұбын жазбай оларың.
Маңыраса қозылар,
Қорсылдайды торайың.
Елең етсе төңiрек,
Боздар бота үнi ол.
Қояр бұзау мөңiреп,
Кiсiнесе – құлын ол.
Мұндай шалғын табылмас,
Жайылса олар күнiмен.
Ешқашанда жаңылмас
Бар төлдер өз үнiнен.
Маңыраса қозылар,
Көп деп мұнда осылар,
Болса бəрi қосылар,
Болар едiң тосылар.
Құлын,
Бұзау,
Торай да,
Бота тұрса маңырап,
Шын масқара болар да,
Таңырқар ек аңырап.
Барлық төлдер өз үнiн
Ұмытқанды сүймейдi.
Ал кей бала өз тiлiн,
Көрiп жүрмiз, бiлмейдi.

165

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал