Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет5/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЕГIЗДЕР ЖЫРЫ
Бiрiмiзден
Аумаймыз
Бiрiмiз де,
Киiмiмiз,
Бойымыз,
Түрiмiз де.
Тысқа шықсақ,
Егерде 
Бiз екеумiз,
Шатастырып,
Халықты
Мəз етемiз.
Керегi жоқ
Айнаның
Екеумiзге,
Бiр қарасып
Алған да
Жетер бiзге.

110
Қайда жүрсек,
Таңданып
Жұрт күледi,
Жұртқа күлкi
Сыйлауды
Кiм бiледi?
Бiз екеумiз –
Егiзбiз, жандай тату,
Егiз болу, мiнеки,
Қандай бақыт!
ҚУЛЫҚ
Ала сиыр желiндеп,
Туатын күн тақады.
Атам оны ерiнбей,
Көрiп келiп жатады.
Бұзауына сыз өтiп
Қала ма деп қорқады.
Көзiн iлмей күзетiп,
Атады оның əр таңы.
Сиыр сөйтiп бiр күнi
Бұзау тапты балықтай.
Өзi тiптен сүйкiмдi
Қарай бердiк жалықпай.
Киiз таңып тастадық,
Арқасына тоңар деп,
Сүтке тоя бастадық,
Көршiлер де алар кеп.
Апам сиыр сауатын,
Мен «бұзауды салатын».
«Тарт!» дегенде бұзауды
«Əлiм жетпей» қалатын.
«Емсiн» деген сырымды
Апам сезiп қалатын

111
Жақтырмастан мұнымды
Ұрсып-ұрсып алатын
Ыза боп сол iсiме,
Нұқып менi өтетiн.
Сонда ғана күшiме
Күш қосылып кететiн.
Жанашыр сол iсiмнен
Болдым əбден «өлесi».
Осы бұзау үшiн мен
Көрiп жүрдiм «көресi».
ЕПСIЗ
Етiк майын əкелгесiн
Iнiм барып базардан,
Майламақшы бəтеңкесiн
Ақжем болып бозарған.
Қызығын-ай қылығының,
Ендi оған не дейiн.
Майлап алған шұлығының
Қара маймен кей жерiн.
ГҮЛ
(Əнi бар)
Аспанда күнiм
Нұрланып тұрса.
Далада гүлiм
Ырғалып тұрса.
Қайырмасы:
Қызыл, ақ, көк гүл,
Не деген көп гүл,
Достармен келiп жинаймын.
Ең жақсысын
Бiр құшағын.
Мамама əкеп сыйлаймын.

112
Бөленсiн гүлге
Шағала үйлер.
Қызықпен өтсiн
Жағалап күндер.
Қайырмасы.
Қызғалдақ тердiк
Даладан шаршап,
Əр күндi бейбiт
Күтемiз аңсап.
Қайырмасы.
ЖАҚСЫ КӨРСЕҢ АПАҢДЫ
Кейде сұрай қаласың,
Балалардан бiлгiң кеп;
– Жақсы көрер анасын
Қайсы бала,
Ол кiм? – деп.
Тыңдар болсаң өздерi,
«Менмiн ғой» – деп, айтады.
Iсi менен сөздерi
Қиыспай-ақ жатады.
Өзiм айтсам бiлемiн,
Асан деймiн бiреуi,
Өйткенi оны үнемi,
Халық мақтап жүредi.
Жақсы көрген ананы
Бала болар Асандай.
Күнде «бестiк» алады,
Оқуынан бас алмай.
Ұстазынан, қарашы,
Күнде мақтау естiр көп.

113
Жақсы көрген анасын
Бала мiне, өстiр деп.
Жақсы көрсең, айтайын;
Сөгiс естiп тұрмасын.
Сен туралы əрдайым
Анаң мақтау тыңдасын.
ҚАПШАҒАЙДА
Үйренем деп малтуды,
Мен уəде бергенмiн.
Атақ-даңқы айтулы
Қапшағайға келгенмiн.
– Ең оңайы емес пе?
Сүңгу деген, тəйiрi? –
Деп қалыппын мен «еспе»,
Бiлмей анық байыбын.
– Ал қараңдар, əзiрлен,
Сағаттарың болса егер,
Сүңгиiн бiр, қазiр мен
Сүңгiр екем қанша жер?
Мөлдiр суға балықша
Жүзiп кету – арманым.
Жүгiрiп кеп барынша
Сүңгiп келiп қалғаным.
Бiтiп қалды құлақ та,
Сүңгiдiм бе өндiртiп.
Ұзадым деп жыраққа,
Шыға келдiм дем бiтiп.
Мəз болып тұр ел күлiп,
Қимай маған мақтауын:
– Тұрды, – дейдi, – көрiнiп
Су бетiнде арт жағың.
Қатырдым деп санасам,
Болыппын мен келеке.
Жаға жаққа қарасам,
Ұзамаппын мен өте...

114
НЕ БЕЛГIЛI, НЕ БЕЛГIСIЗ?
Сиыр кетсе табынға,
Сүт əкелер –
белгiлi.
Ел кетсе шөп-шабынға,
Шөп əкелер –
белгiлi.
Ара кетсе бауларға,
Бал əкелер –
белгiлi.
Ағаш тiксең аулаға,
Алма берер –
белгiлi.
Бүгiн күннiң қалайда,
Бататыны –
белгiлi.
Ертең таңның алайда,
Ататыны –
белгiлi.
Қайсын тiзiп жатасың,
Талай нəрсе –
белгiлi.
Бiрақ несiн айтасың,
Белгiсiзi ендiгi:
Жұмсай қалған заматта
Тiл алары – белгiсiз.
Сақан кетсе сабаққа,
Не алары –
белгiсiз?
КЕШКI СУРЕТ
Атасы айтты: – Қарғам, – деп.
Жiгiт болып қалған, – деп.
Кем болмайды қайткенде
Əке тiлiн алған, – деп.
Қазiр бəрi – бiлiмде,
Жаман болмас күйiң де, –

115
Баласынан айналып
Сыймай отыр үйiнде.
Апасы айтты: – Күнiм, – деп.
Адам бопты бүгiн, – деп.
Кiтап бетiн ашпайтын,
Түзетiптi мiнiн, – деп.
«Оқып отыр сабағын» –
Дейдi ата-ана «Қарағым».
Емiренген баланың
Сықпытына қарағын:
Бiр кiтапты парақтап,
Əр бетiне қарап қап,
Мақтағанға əспенсiп
Бала отыр алақтап.
Бала отыр тектен-тек,
Мақтау оған жеткен жоқ.
– Бiр сом тығып қойып ем,
Қайда ұшып кеткен? – деп...
ОБАЛ ҒОЙ
Көктемде амал торғайды
Көрсе атқан баланы,
«Мынау, мынау оңбайды» –
Деп мүйiздеп алады.
«Түрiң мынау добалдай,
Сенде қандай ақыл бар.
Торғайды ату обал ғой,
Оған қандай хақың бар...»
Атқа қонсақ жиналып,
Көкпар деген хабар кеп,
«Қаладың, – деп, – қиналып»
Шаппайды атпен «обал» деп.

116
Ешкiмге де көрмедi
Нақақтан қол көтерiп.
Нанды көрсе жердегi,
«Обал» дейдi көтерiп.
Барлығына жүргенi
Жаны ашып, «обал» деп.
Əдiлеттiк – сүйгенi,
Көргендiгi одан көп.
Жамандыққа жаны қас,
Жақсы iстен тайынбас,
Арамызда осындай
Балалардың бары рас.
МЫҚТЫ КIМ?
Қайыржанмен бiлiс пе ең,
Жақын едi арамыз,
Аяғы да жiңiшке,
Денесi де тарамыс.
Бұлшық етiм бiлеудей,
Бойым болса тiреудей.
Iрiлiгiм түйедей,
Жан-ақ едiм бiрегей.
Қорғайтынмын оны мен,
Күштiлерден ептеп те...
Бiр күндерi, сонымен,
Жарыс өтсiн мектепте.
Екi аяқта шаңғымыз,
Қызып алған денемiз,
Артта жоқ қой қалғымыз,
Алға ұмтылып келемiз.
Аяқ тартты ауыршаң,
Қалып жатыр сан белес.
Шаңғышы екен Қайыржан,
Жеткiзетiн жан емес.

117
Қарамай-ақ əлiне,
Ширақ екен жүрiсi.
Бұрын жеттi бəрiнен
Мəреге де бiрiншi.
Титықтаған денем де,
Мен де жете жығылдым.
Қайыржанның менен де
Мықтылығын ұғындым.
Содан берi досымды
Бала бiткен сыйлайды.
... Қара күштiң
Өзiмдi,
Iске аспауы қинайды.
БАРЛАУШЫ – МЕН
Майын алмай,
сықпа қып
Жасаған, еһ,
құрт қандай?
Аузымыздан су ағып,
Жүйкелетiп құртқандай.
Ши сөренiң үстiне
Оны жайып қоятын.
Сездiрместен ешкiмге
Күн туар ма тоятын?!
Үш-төрт бала келiсiп,
Сол құрттарды аңдыр ек.
Сəтi түссе бөлiсiп,
Тамсанар ек «дəмдi», – деп.
Құртты қашан жаярын,
Барлаушымын, бiлемiн,
Қай мезгiлде қоярын –
Бақылап та жүремiн.

118
«Əкел деймiз
көп алып,
Нар тəуекел еткесiн».
«Ал мен кеттiм», –
деп алып,
Терiс киiп кепкесiн,
Тамға Айдар шығады,
Қарауылға мен тұрып.
Дəл мысықша бұғады,
Етпеттеп ол ентiгiп.
Қалған бала бұқпалап,
Тосып тұрар бұрышта.
Құртты алған соң тықпалап,
Бөлiсемiз туыстай.
Қалтамызға толтырар,
Сары құрттың дəмi бал.
Қарауылға мен тұрар,
Өзiнше оның гəбi бар.
Амал,
Айла
Көп ебi,
«Барлаушының» – бiрiмiз.
Бiздiң үй ғой, себебi,
Құрт ұрлайтын үйiмiз.
БАСТАҢҒЫ
Жиынды кiм сағынбас,
Кiл балалар
қағынып,
Əншейiнде бағынбас,
Бiр бастыққа 
бағынып,
«Жасайық», – деп, – бастаңғы»,
Бiреу бiр ой бастайды.

119
Əдетiмiз жастайғы,
Мұны бəрi қоштайды.
Кiм мақтаншақ,
Кiм кеппе,
Құштар болсаң бiлмекке.
Сырын ашып тастайды,
Жаса жиi бастаңғы,
Сүт тартатын машина
Бар Бекеннiң үйiнде.
Шешесi алып қасына
Сүт тартады күнiне.
Қайырған май,
Тартқан май
Сол кiсiнiң қолында.
Бiр кесегiн батпандай
Ұрлау Бекен мойнында.
Бектiң үйi келесi,
Тары егедi
Жаз айы.
Тары тасып ол өзi
Бiр жарылқай жаздайды.
Бiреу үйден женттi,
Бiреу үйден 
Құрт əкеп,
Ал бiреулер өрiктi,
Жарма талқан
Жүр əкеп.
Мақтан сүйгiш Жолданды,
(Мiнезi тым қызық-ты).
Мақтап қойсаң болғаны,
Не қазы,
Не шұжықты.
Сездiрместен үйiне,
Тығып алып
Келедi.

120
Сол бойымен күпiне,
Түнiменен
Кебедi.
Асылып ет жатады,
Ұмытамыз басқаны.
Сан қызыққа бататын
Басталады
Бастаңғы.
Думанымыз жарасып,
Бiр жаңалық
Ашқандай.
Ас iшемiз таласып,
Таласа iшкен 
Ас қандай!
Тəбет қашар
Əсте үйде,
Ал қызық-ау
бастаңғы.
Өз үйiңнен басқа үйде
Көрiнедi-ау
Ас дəмдi.
ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТI
Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.
– Болса көлiк өзiңде,
Ұзармай ма қолың бiр.
Осы ұтыстың кезiнде
Болса екен жолым бiр! –
Өстiп өзi үмiт қып
Шалықтаған күйiнде,
Асып-тасып күпiнiп,
Отырды ол үйiнде.

121
Мамасы айтты:
– Көкесi,
Неге қызды шекең? – деп, –
Болмасты айтып кетесiң,
Кiлем ұтсаң жетер, – деп.
Жiгiт болған баласы
Килiктi осы тұста кеп.
Айтты өз ойын таласып:
– Мотоцикл ұтса, – деп. 
Мына менiң өзiм-ақ
Айдап оны жүретiн...
Келiп тұрған кезiм-ақ
Мотоцикл мiнетiн...
Ұтыс ұтып алардай
Лотерея билетi.
Əркiмнiң-ақ қалардай
Орындалып ниетi.
Кенже ұлы қалмайтын
Қапталдасып ондайда,
Айтты өзiнiң арманын:
– Сағыз ұтса, болмай ма?!
МIНЕЗДЕМЕ
Қай баланың
«Бесi» көп,
Сол баланың есi көп.
Кiмдер алса
«Төрттi» көп,
Сана класс көркi деп.
Ал баланы
«Үш» көп,
Ойла,
Шала iсi деп.
Кiм оқыса
«Екiге» –
Қарама оның бетiне.

122
ОРМАНШЫ
Қалың ағаш iшiнде
Орманшының тұрағы.
Елiктер
Су iшуге,
Үйiне кеп тұрады.
Сайрап, басып күйiне,
Құстар кеңес құрады.
Кейде орманшы үйiне
Аю мойнын бұрады.
Орманшының қолынан
Бұлан жем жеп кетедi.
Желе жортып соңынан
Түлкi-дағы өтедi.
Ормандағы аңдарды
Орманшылар қорғап жүр.
Аң торитын жандарды
Жолатпайтын қорған бұл.
Күзетте жүр сол үшiн,
Қоритыны аңдар ғой.
Ең қауiптi ол үшiн
Аң торитын жандар ғой.
ШОФЕР
Бiз тұрған қалада
Көше кең,
Адам көп.
Бiрақ та, алайда,
Машина одан көп.
Бiреуi бiрiне
Жол берiп,
Жол ашқан.

123
Бiреуi бiрiмен
Жөн сақтап санасқан.
Барлығы аман-сау
Соғыспай жүредi.
Шоферлар қалайша
Ұғыса бiледi?
Шоферлар бiр тiлдi,
Бiлер деп түсiнем.
Көшеде бiр-бiрiн
Ұғысар iшiнен.
Сыйласа бiлген мен
Əдептi, тəртiптi,
Шоферден үйренген
Бəрiңе жөн тiптi.
БОЛАР ЕДIМ ЧЕМПИОН
(Бөспенiң арманы)
Спорттың бар түрiнен
Чемпион да боламын.
Штанга ма,
Мұны мен
Көтере де аламын.
Жарты тонна өзiме
Ауырсынар салмақ па?
Бұйым көрмей, тезiнен
Көтеремiн қаңбақша!
Ұзындықтан он метр
Секiрiп мен өтемiн!
Жүз метрге жүгiрiп
Үш сенундта-ақ жетемiн.
Екi метр аз болып,
Үш метрден қарғимын.
Жиылған жұрт мəз болып,
Мен де бiрге шалқимын...

124
Арманым бұл өзiмнiң,
Чемпион боп жүрер ем.
Ақтығы үшiн сөзiмнiң
Тек мынаны тiлер ем:
Стадион ол үшiн
Жабық болса əрдайым,
Жəне орнатса...
Мен үшiн
Салмақсыздық жағдайын...
ШАТАҚ
Тұра салып төсектен,
Жанжалдасты Есеп кеп.
– Сен алдың, – деп, – ақшамды,
Бiрден маған бас салды.
– Түзу ме есiң, ақылың,
Қайдағы ақша ол, батырым?
– Жасырғанмын жастыққа.
– Жөнiңдi айтшы,
Аптықпа.
– Үш сом берген, жаңа атам,
Жоқ қой қазiр, соны айтам.
– Қашан бердi?
– Түсiмде.
... Не дерсiң бұл iсiне.
– Ол түсiң,
Бұл өңiң ғой!..
Өң мен түстi бiлмейтiн
Мынауың бiр керiм ғой.
АМАЛ
Кiшкентай бөбегiм
Ұйқыға кiрiстi.
Осы едi керегi,
Қолға алдым бiр iстi.

125
Отырмын жұмыс қып,
Тыныштық орнады.
Бiрақ
Бұл тыныштық
Ұзаққа бармады.
Оянып бөбегiм,
Ескi əнiн бастады.
Бiтпедi өлеңiм,
Жыртып ол тастады.
Жəне де келе сап,
Мойныма асылды.
Сынды да қаламсап,
Қағазым шашылды...
Бөпеме қылықты
Таптым мен амалды.
Асырдым қулықты,
Бұл əдiс жарады.
– Кəнеки,
Кел, – дедiм, –
Мұрныңды сүртейiн!
Сол екен,
Бөбегiм
Бұрылды кiлт кейiн.
Қайтып ол бөлмеге
Қойды бас сұққанды,
Мазалап əрнеге,
Басыма шыққанды.
Маған ол келсе ендi,
Жағалап,
Икемдеп,
Қорқытам:
– Мен сенiң
Мұрныңды сүртем! – деп...

126
ЖАУ ДЕГЕН НЕ?
Жұрт бiлетiн қашаннан
Аңқау өмiр сүрiптi.
Бiрде ауылға жасанған
Сұм жау басып кiрiптi.
Жау келедi дегендi
Ол да естiп қалыпты.
Қолына ұстап жүгендi,
Атын ерттеп алыпты.
«Немене жау дегенi,
Қарсы алдынан шабайын.
Дұрыс болды-ау келгенi,
Жүзiн көрiп қалайын…»
Жеке келген аңқауды
Жау қоршауға алады.
Аңқау жайын байқады,
Iс қиындап барады.
Бiрi аңдап аңысын,
Бөркiн шауып түсiрдi.
Жау дегеннiң мəнiсiн
Аңқау жаңа түсiндi.
«Құртады ғой бұлар!» – деп
Жүйрiк атын борбайлап,
«Өзiмдi опат қылар!» – деп,
Аңқау қашты ойбайлап.
Жүйрiк аттың күшiмен
Жаны аман қалыпты.
Алаңғасар iсiнен
Үлкен сабақ алыпты…
Жау келсе егер елiңе,
Керегi жоқ танысып.
Қуып туған жерiңнен,
Құрту керек шабысып.

127
Қару алып сайысып
Өзiң үшiн,
Жер үшiн;
Өту керек алысып
Ұрпақ үшiн,
Ел үшiн…
АҢҚАУ
Күресiп бiз
Жатыр едiк,
«Ал қайсымыз
Күштiмiз!» – деп,
Өттi осы кез
Жақын келiп
Бiр самолет
Үстiмiзден.
Барлығымыз
Қарап көкке,
Қолды сермеп,
Айқайладық.
СССР-деп
Самолетке
Жазылғанын
Байқап қалдық.
Ортамызда
Тұра қалып,
Бiр аңқаудың
Сұрағаны.
Желкесiн ол
Қасып қойды:
– Жазуды кiм
Жазып қойды?
– Кiм жазушы ед,
Не дегенiң,
Жазды өзiңдей
Адам оны!
– Самолетке

128
Төбедегi
Дедi ол: – Жеткен
Қалай қолы?!..
ҰМЫТШАҚ
Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,
Шөп шабуға келедi.
Шабдар аттың үстiнде
Бүкең-бүкең желедi.
Қоржын толы тамағы,
Шалабы бар бiр қарын.
Таңдады тау қабағын
Жерi майса,
Гүл қалың…
Айтар болсақ 
Арғысын,
Тұрды дел-сал күйiнде.
Шөп шабатын шалғысын,
Сөйтсе,
Ұмытқан
Үйiнде…
Тағы бiрде
Түсiнде
Балықшы екен – қараса,
Отыр қайық үстiнде,
Көлде өзi оңаша.
Ескегiн тез еседi,
Терең жерге жетiптi.
Ау тастайтын десе ендi,
Оны
Ұмытып
Кетiптi…

129
Жəне бiрде
Қараса –
Комбайншы – өзi екен.
Шабуға ол жараса,
Егiн пiскен кезi екен.
Кiрiсе бер тек iске,
Шапсаң егiн дап-дайын.
Сөйтсе, өзi кеп егiске,
Ұмыт
Қалған
Комбайн…
Содан шошып оянды-ау,
Қызығы бұл түсiнiң –
Олақтығы болар-ау
Өңiндегi iсiнiң.
Оның барлық себебiн
Анықтаған,
Бiлген –
Мен.
... Сабағына дəптерiн
Күнде 
Ұмытып
Жүргеннен.
ПОЕЗД ЖҮРIП БАРАДЫ
Станция алаңы,
Поезд жүрiп барады,
Жол ашық деп хабарлап,
Светофор жанады.
Поезд жүрiп барады,
Үнi құлақ жарады.
Вокзалдағы кезекшi
Оң жол тiлеп қалады.
Поезд жүрiп барады,
Дүрс-дүрс соғып табаны,

130
Еңбек күйiн шертедi,
Домбыра етiп даланы.
СЕГIЗКӨЗ
Күндегi осы жұмысы,
Сабақтан соң ермегi –
«Екiдегi» iнiсiн
Ермек жатып тергедi.
– Көрсет, – дейдi, –
Басыңды?
Ал шашыңды,
Қасыңды?
Ендi көрсет
Тiлiңдi,
Мойыныңды,
Мұрныңды?..
Көрсетiп, не сұраса,
Шатаспайды iнiсi.
Бiлгiр екен бұл аса,
Мақтар едiм мұнысын.
Ермегiң де қайтпайды,
Күнде сынақ алады.
– Бiр де қате айтпайды, –
Дейдi: – Iнiм саналы...
Көрiп бəрiн қызықтап,
Тамашалап тұрғанмын.
Келiп Ермек бұзықтан
Мен де тергеп сұрадым.
– Қай жерде айтшы,
Бүйрегiң?
– ...?
– Ал қай жерде 
Жүрегiң? 
– ...?
– Ал қай жерде
Бауырың?
– ...?
– Ал қай жерде
Жауырын? –…?

131
– Қай жерде айтшы,
Өт деген?
– …?
– Асқазаның
Өкпе мен?
– …? 
Бұғана мен
Өңеш ше?
– …?
– Жұтқыншақты айт, ендеше?
– …?
Бiраз өзiн тергедiм,
Оған жеңсiк бермедiм.
Сырын қайдан бiлейiн,
Əйтеуiр, бiр ұққаным –
Ермек батыр
Бiреуiн
Бiлмейтiн боп шыққаны.
Көрсете алмай талайын,
Қара тер боп састы өзi;
Қорс-қорс тартып танауын,
Сипай бердi басты өзi.
Iнiсiнiң көзiнше:
«Көп бiледi iнiң», – деп,
Сөктiм оны
Өзiмше:
«Жарамайды мұның», – деп...
Қарап тұрып адамды
Өстiп құдай ұрады.
– Қай жерде? – деп ол менен
«Сегiзкөздi» сұрады.
Кiм бiлiптi
Ондайын,
Састырды ол өзiмдi.
Бiлеушi едiм,
Оңбайын,
Алақтатты көзiмдi.
Қинап кеттi сол сұрақ,
Айттым оған долбармен:
– Сегiзкөз бе,
Ол, сiрə,
Қарт адамда болар, – деп...

132
ЫЗАҚОР
Су басына
Күшiк жеттi.
Жеткен бойда
Жүзiп кеттi.
Су басына
Мысық жеттi.
Келген бетте
Жүзiп өттi.
Бұзауың да,
Құлының да,
Келген жоқ-тын
Бұрын мұнда.
Сонда да олар
Бiрден малтып,
Су бетiнде
Жүрдi қалқып.
Бəрiн көрiп
Жақып отыр,
Ала көзбен
Атып отыр.
Екi көзiн
Сүзедi кеп:
«Малтуды ешкiм
Үйреткен жоқ,
Бұлар қалай
Жүзедi?» – деп.
Малтуды олар
Бiлiп туған,
Соған жаны
Күйiп тұрған.
Сонда деймiз,
Жақып неттi?
Жүзбекшi едi,
Батып кеттi.
Бұл өмiрде
Адам үшiн
Бəрi қиын,
Соған түсiн!

133
ҚОЙ ДЕГЕНГЕ ҚОЙМАҒАН СОҢ...
Шектен шыққан ала бөтен,
Балтай қорқақ бала екен.
Өңi кетер сұп-сұр болып,
Десең:
– Ине салады екен!
Аласұрып класында
Жаңа ғана жүрген едi.
Əлгi хабар расында,
Үрейiн ап, үндемейдi.
Жүрек жоқ-ау түймедей де,
Қорқып отыр инеден де.
Жыламаған бала едi
Жығылғанда түйеден де!
Дiр-дiр етiп дауысы да,
Сөз түспей тұр ауызына.
Сұрайды ұстаз:
– Не болды? – деп, –
Немене, сен ауырдың ба?..
Бұзылыпты түсiң, – дейдi,
Ұнамай тұр iсiң, – дейдi.
Дем заматта не болғанын
Мұғалiмi түсiнбейдi.
Балтайға бұл жаман батқан,
Үрейiн ап алаңдатқан,
Мəз болады парталасы
Əлгi өтiрiк хабарды айтқан.
Асыр-тасыр ойнаған соң,
Қой дегенге, қоймаған соң,
Шiңк-шiңк етiк мазасын ап,
Айтқан сөзге болмаған соң.
Бiр қулыққа барып едi,
Сырына оның қанық едi,

134
Парталасы Балтайды бiр
Өстiп жөнге салып едi.
ЖЕТIК ЕКЕН ЕСЕПКЕ
Əкесi ұзақ сапардан
Қайтып, үйде отырды.
Сұрады ұлы Қапардан:
– Қалай, жайы оқудың?
Тексергем жоқ мен көптен,
Бiлейiн де сырыңды,
«Үшiң» көп пе,
«Төрт» көп пе,
Жасырма, айт шыныңды...
Қапар айтты еркiн кеп,
Есепке алғыр батыр ғой:
– Əрине, «үштен»
«Төрттiң» көп,
Бiр санға артық жатыр ғой.
ЕРКЕ
Ерке Нұрлан бұртиып,
Ашпай отыр қабағын.
Алдында астың түр-түрi,
Қинайды iшпей тамағын.
Бəйек болып мамасы,
Жалбарынып: – Iш, – дедi.
Көнбеген соң баласы,
«Iшсеңшi», – деп күштейдi.
Нұрлан ашу шақырып
Жiбередi бақырып.
Үйдiң жалғыз батыры
Жеңiп шығар ақыры.
Көршi үйдiң баласы
Келiп едi,

135
Қарашы,
Қолындағы нанына
Отыр ендi таласып.
ҚЫҢЫР
Бағып оның қабағын,
Берсе-дағы мадақтап,
Өз үйiнiң тамағын
Iшпейдi ол алақтап.
Ал басқа үйге барды ма,
Өлiп-өшiп iшедi.
Тамақ келсе алдына,
Қара терге түседi.
Асын iшiп алаңсыз,
Ұмытады ұятты.
Ата-анасы амалсыз
Қызартады қулақты.
Жақтырмайтын сонысын,
Өзi сондай қаскүнем.
Басқа үйде ол үшiн
Тəттi болар ас кiлең.
Осы қыңыр күн сайын
Тойсын десең тамаққа,
Қыдырыстап үй сайын,
Жүру керек қонақта.
ЖОЛАТПАЙДЫ ЖАНЫНА
Күрiк болып сұр тауық,
Басып шықты балапан.
Көрiп қалам бiр ауық,
Оларды мен даладан.
Балапандар үлпiлдек,
Бұлтың-бұлтың жүгiрген.

136
Ұстап алып бiртiндеп,
Сипар ма едiм түгiнен.
Қанша екен –
Санаймын,
Санаймын да жаңылам.
Алыс тұрып қараймын,
Жүре алмаймын маңынан.
Сипар едiм мамығын,
Ұстап тұрып қолыма.
Бiрақ күрiк тауығың
Жолатпайды жанына.
ҚЫЗЫҚ
– Мұндай қызық көрмедiм,
Күлкiден сəл өлмедiм.
Келе жатыр көтерiп
Төрт түлiк өз төлдерiн.
Сырын сайтан бiле ме?
Құлын отыр
биеде.
Бұзау отыр
Сиырда.
Ал ботақан –
Түйеде.
Күлкiлi жай, өзi шын,
Қой арқалап
қозысын.
Лақ отыр
Ешкiде,
Бос келмейдi ешкiм де. –
Деген едiм, Демесiн
Бiлмей сенер-сенбесiн,
Аузын ашып таң болды,
Байқап тұрмын, дал болды.

137
Көбейдi оның күңкiлi,
– Айтқандарың күлкiлi,
Иə, саған өтiрiк
Айтасың, – деп бұртиды.
Арқалауды бiле ме,
Құлыншағын 
Биелер.
Бұзауларын 
Сиырлар,
Ботақанын
Түйелер.
– Əйтпесе өзiң, Демесiн,
Биыл «беске» келесiң,
Арқасына əжеңнiң
Неге мiне бересiң?
Сенi көрiп қалған ғой,
Өрiске олар барған ғой.
Өзiң құсап
«көтер» деп,
Жылап жатып алған ғой...

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал