Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет3/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

СОМПАЙ ДЕГЕН НЕМЕНЕ?
Қайсыларың бiлетiн,
Сомпай деген немене?
Келеке ғып күлетiн
Мағынаға келе ме?
Бiлмесеңдер ондайды,
Мен айтайын сомпайды:
Бiздiң жақта «Сомпай» деп
Мыналарды айтады:
Iске аспай жататын
Көшедегi сондай көп,
Iрi малдың айтады
Асықтарын «Сомпай» деп.
Тағы бiлем сомпайды,
Сол асықпен еншiлес,
Əр класта екi жыл
Оқымай көңiлi көншiмес,
Орынбайдың Тұрашы
Жүретұғын жын құсап,
Ол оқитын кластың
Балалары тым ұсақ.
Ал, ол болса, бiп-биiк,
Сорайған зор тұрқы бар.
Тұратұғын үрпиiп
Ата-сақал мұрты бар.
Сомпай асық сияқты
Икемсiз-ау сондай деп.
Мазақ қып ел Тұрашты,
Атап кеттi «Сомпай» деп...
ЖАНАШЫР
«Аяз болса, ызғарлы, –
Деп, – Күшiгiм мұздайды», –

55
Бүгiн Есен кiшкентай
Күшiгiне жүз барды.
«Жылы болса төсегi –
Тез жетiлiп өседi».
Кəшек шөптi
Қалың қып,
Астына əкеп төседi.
Еш нəрседен ұтылмас,
Қолға түсiп тұтылмас.
Бұл мүттəйiм Есеннен
Амал қашып құтылмас.
«Басым сынып күйiп тұр,
Iшiм қатты бүрiп тұр...» –
Демiл-демiл далаға
Есен шығып-кiрiп жүр.
«Iше алмады-ау тамағын,
Айналайын, қарағым...» –
Деп анасы салдырлақ
Шытып отыр қабағын.
– Əй, апасы, шошыма,
«Ауырғаны» осы ма?
Қулық жасап,
Нан тасып,
Жүр ол күшiк досына.
ЕРЛIКТI КIМ ЖАСАҒАН?
Бiз қашаннан тек жүр ек:
«Қайсысымыз батырмыз,
Қайсысымыз ер жүрек?» –
Деп дауласып жатырмыз.
Мұндайда кiм тартынбақ,
Айтылатын жер бүгiн.
Айтып жатыр əркiм-ақ
Бастан өткен ерлiгiн.

56
Мараттың бiр жасаған
Ерлiгi бар анада.
Каникулға тараған,
Жаз шығатын шамада.
Атасына болысып,
Жүретiн-дi қой бағып.
Итiменен алысып,
Қалған екен алданып.
Қойға қасқыр шауыпты,
Шыға келiп бүйiрден.
Жыртқыш қой ол қауiптi
Бiр қапталдан шүйiлген.
Марат атқа мiне сап,
Тура шапқан қасқырға.
Тұра қашқан бiле қап,
Ол албасты басқыр да.
Бiрге iлесiп қалмаған,
Ит те қуған «айт» десе.
Əттең, жете алмаған,
Əйтпесе ғой, əйтпесе!..
«Қора қойды қасқырға
Алдырмауы батырлық.
Жыртқышты бiр састырған,
Ерлiкке бұл татырлық».
Кезектегi ендiгi
Бойы биiк бөлекше,
Батырханның ерлiгi
Бұдан гөрi ерекше.
Атасы мен анасы 
Барарында қонаққа,
Үйде жалғыз қалады,
Дайындалып сабаққа.
Түннiң орта кезiнде
Олар үйге қайтады.

57
Ал ол соның өзiнде
Қорықпастан жатады.
«Үйде жалғыз қалғаны,
Атына сай батырлық.
Жүрек жұтқан болғаны
Ерлiкке бұл татырлық...»
Ал Асхат ше, қасапшы
Əкесiне болысқан,
Қолғабыс та жасапты,
Қаншама қой сойысқан.
Тiреуге асып, байлап ап,
Еппен iрей бастапты.
Мүшелеп боп, жаймалап,
Тұз да сеуiп тастапты.
«Қорықпай қой сойғаны, –
Дедiк, – Нағыз батырлық».
Жүректiлiк сол-дағы,
Ерлiкке бұл татырлық.
«Кiм, кiм ерлiк жасады?» –
Деп отырмыз əлi бiз.
Тыңдағанда Асанды
«Ер ғой», – дедiк бəрiмiз.
Жаз бойы үй салғалы
Бес мың кiрпiш құйыпты.
Тез кепсiн деп бəр-бəрi,
Сатылып ол үйiптi.
«Жаз жұмыспен алысқан,
Iсiн адам сүйерлiк.
Үй iшiне болысқан,
Бұл да ерлiк, шын ерлiк».
Ал Бақыттан балалар
Үлкен ерлiк күткен бе?
Ол төбеттен қабаған
Қаймықпапты тiптен де.

58
Оны көрсе ит деген
Шықпас үйшiк түбiнен.
Қорқады екен «тит» деген
Сүрепетi, түрiнен.
Ал Жақанның айтқаны,
Ерлiк емес, есерлiк.
Ешкiмге де ол жақпады,
Қылығы оғаш десерлiк.
Көршiсiнiң бақшасын
Күнiменен бағыпты.
Қарайып күн батқасын,
Жемiстерiн қағыпты.
Тыңдаушылар саспадық,
Жүректi деп қарамай.
Батыл айтып тастадық,
Батырлыққа санамай...
Жүрексiнiп аса тым
Есен айтта ақырын:
«Операция жасаттым,
Iсi ме ол батырдың?»
Соқырiшек болғанда,
Дəрiгерге ол барыпты.
Iшiп жарып сойған да,
Iшегiн кесiп алыпты.
Бұл ерлiк пе, емес пе,
Бiлмей қалдық бəрiмiз.
Алған сайын соны еске,
Дал боп жүрмiз əлi бiз...
БАЛА ОЙЫ
Мезгiл келiп жеткенде
Сыбызғылы, сырнайлы,
Күн мейiрiн төккенде,
Бозторғайлар жырлайды.

59
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердiң алабы,
Қызғалдаққа көмiлiп,
Көздiң жауын алады.
Жайнап тұрған түз жаққа,
Көзiм тоймай қараймын.
Əсемдiктiң ұзаққа
Созылуын қалаймын.
Көкейдегi тiлегiм:
Шөбiн шаппай тұрғанда,
Жайып дала кiлемiн,
Салтанатын құрғанда,
Шартараптан келiмдi
Көп кiсiлер келсейшi.
Менiң туған жерiмдi
Осы кезде көрсейшi.
БОЛУ ҮШIН КОСМОНАВТ
«Болам десең космонавт,
Қиын өнер ол», – дедi.
Əкем: «Осы бастан-ақ
Есепке алғыр бол», – дедi.
«Болу қиын космонавт, –
Деп, ағам да толғады, –
Шынық осы бастан-ақ,
Спортсмен бол-дағы».
Айтты жəне апам да:
«Жiгерлi бол, оқы көп.
Космонавт шықпас адамнан
Жүрегiнiң оты жоқ».
Айтылғаннан осынша
Мынау менiң түйгенiм:
Болу үшiн космонавт 
Жөн екен көп бiлгенiм.

60
ҚАРАП ТҰРСАМ ӨЗIМ
Ауламыздың iшi
Қызыққандай кiсi:
Былтырғыдай биыл
Бұзаулады сиыр,
Құлындады бие,
Боталады түйе,
Жұмыртқалап тауық,
Қойлар қозы тауып,
Лақтап тұр ешкi...
Ауламызда қарасаң,
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Алша ағашта – алша,
Құжынап тұр қанша.
Алма ағашта – алма;
Көк жапырақ – талда;
Қауын салып түйнек,
Бақшамыз тұр гүлдеп.
Шөп шауып жүр атам,
Үй сылап жүр апам...
Қарап тұрса
Көзiм:
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Ең ақыры,
Өзiм
Бiр класқа көштiм.
ЖАУ, ЖАҢБЫР
Аяқ асты түнерiп
Туған жердiң аспаны,
Көптен күтiп жүр едiк,
Жауын жауа бастады.
Өтсе екен деп селдетiп,
Нөсер төпеп ауылды.

61
Барлығымыз əндетiп
Шақырдық-ау жауынды.
«Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Кең далаға көлбеген.
Жау-жау жабыр,
Жау жаңбыр,
Қуанышты ел деген.
Жау-жау жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн-жайға шөлдеген.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Егiн өссе береке.
Жау-жау, жаңбыр,
Жау жаңбыр,
Елге əкелер мереке...»
«Жау-жау» десе жауын да,
Көп жауар деп естимiз.
Жаңбыр жауса ауылда,
Əндетемiз, өстимiз.
ҚАЗАН
Қауын-қарбыз
қазан болып,
Бау-бақшаның түстi ажары.
Қырман басы
Тазаланып,
Тарқап кеттi құс базары.
Бүрсең қағып
жапырақтар,
Көше кезiп көшiп жатыр.
Тыныш қалған
атыраптар.
Аппақ қарды тосып жатыр.

62
Жер бетiне
суық орнап,
Жиналды бұлт жан-жақтағы.
Балалар жүр
қуып ойнап,
Қарабарақ, қаңбақтарды...
ӨЗЕН
Тау басынан,
Құзардан,
Тасты соғып
Бұза алмай,
Тау өзенi
Келедi,
Ойнақтаған
Бұзаудай.
Ал еңiсте ағады
Жайбарақат жұлынбай,
Маң-маң басқан,
Жай басқан
Сүттi сауын сиырдай.
ТАЛАП ПЕН АТАСЫ
Шiлде келдi,
Алапта
Пiсiп қалды шүйгiн шөп.
Атасы айтты Талапқа:
– Шөп шабуға жүргiн, – деп.
Бармасқа жоқ амалы,
Талап бiрге кетедi.
Қарындағы шалабы
Екеуiне жетедi.
Құлаштай сап бар күшiн,
Атасы шөп шабады.

63
Сыр-сыр етсе шалғысы
Жал-жал десте қалады.
Қарт шалғысын тартқанда,
Ол шөмеле жасады.
Арбаға шөп артқанда,
Ол үстiнен басады.
Шөлiркейдi күн ыстық,
Əдетi осы Талаптың.
Азын iстеп жұмыстың,
Iшер көбiн шалаптың.
ҚАЙЫРЫ ШАЙЫР БОЛДЫ
Жапақтың бiр елпеңдеп
Мейiрiмi ұстады.
Қойды айдап келем деп,
Құрақ болып ұшқаны.
Жалқаулығын бетiне
Басатын ел мiн етiп.
Содан ба екен,
өзiне
Кетсе керек сын өтiп.
Қолына ұстап барады
Атасының таяғын.
Жылдам-жылдам алады
Күс-күс болған аяғын.
Шынымен-ақ ұқыпты
Адам бола қалыпты.
Мал алдынан шығыпты,
Салмақты өзi, байыпты.
Бүгiн көңiлi түсiп бiр,
Қолдың ұшын бергенге,
Мал соңынан ұшып жүр,
Быт-шыт қылып бөлгенде.

64
Көзге түсiп қайтам деп,
Бiрақ Жапақ бүлдiрдi.
Бөтен қойды айдап кеп,
Үйдiң iшiн күлдiрдi.
КҮЗДЕ
Қайтқан құсты көрдiң бе,
Қаптай ұшқан əуелеп.
Күткен күзiм, келдiң бе,
Сыңсып бағың мəуелеп.
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бiр уыс дəн шаштық та,
Қап-қап қауын алдық бiз.
ЖҰМАН БIЗДIҢ ЖАСАСЫН!
Күн жайдары жаз едi,
Қайғымыз жоқ басқадай.
Ауыл маңы саз едi,
Ортасында тоспа бар.
Сонда өтедi күнiмiз,
Күнесiмес шашымыз.
Жаман емес күйiмiз,
Көңiлдi əрбiр жазымыз.
Болса-дағы күлкiлi,
Айта алмаймыз жалған бiз.
Бəрiмiз де бұл күнi,
Моншашыл боп алғанбыз.
Апамызға барамыз
Ұрысса да соншама.
Жылап тұрып аламыз,
«Тиын бер» – деп моншаға.

65
Қайткен күнде тиынды
Алатынын аламыз.
Моншаға емес, жиылып
Тоспа жаққа барамыз.
Ол тиынды моншаға
Жұмсар кiмбiз сонша бiз?
Шомыламыз тоспаға,
Тоспа – бiздiң моншамыз.
Тиыныңа өз еркiң.
Тəттi кəмпит алсаң да,
Ешкiм де жоқ сезетiн,
Кино жаққа барсаң да.
Бiлiп қойып бiр күнi
Бергенше үйi жазасын,
Ойлап тапқан осыны
Жұман бiздiң жасасын!
ҚЫЗҒАНЫШ
«Айналайын бала», – деп,
Мақтайды анам Асанды.
«Өзiңдей ғой, қара, – деп, –
Не тiршiлiк жасайды.
Əркiмдер-ақ малына
Асан құсап қарасын.
Күрек ұстап қолына,
Тазалаған қорасын.
Тек ойнамас алысып,
Шаруа жайы бiлгенi.
Апасына болысып,
Суын тасып жүргенi.
Жағымды осы жүрiсi,
Бiр де тыным таппайды»...
Күнде маған үй-iшi

66
Оны
Кеп-кеп мақтайды!
Оның жасап жүргенi –
Менiң де iстеп жүргенiм.
Сонда, шiркiн,
Бұл менi
Кiм мақтайды, бiлмедiм?!
ШАТЫР
Темiржол бойы бағана,
Сымында көктем құстары.
Жып-жылы қазiр далада,
Дала да үйдей қыстағы.
Шырақ боп мың-сан гүл жанып,
Лапылдай түсiп жон жатыр.
Жапырақ жайған бүр жарып,
Емендер – жасыл қол шатыр.
Көктемнiң бала жаңбыры
Көшеге шықса жүгiрiп.
Астына емен шатырдың
Қаламыз бiздер тығылып.
ТАБЫҢДАР
Асан-Үсен екеуi
Тату-тəттi дос едi.
Көңiлдерi қош едi,
Екi қолы бос едi.
Отырған соң зерiгiп,
Бiр ермектi тауыпты.
Бiр-бiрiне керiгiп,
Ерегiсiп қалыпты.
Асан айтты:
Алманың пiскенi маған,
Көгi саған.

67
Үсен айтты:
Қиярдың пiскенi саған,
Көгi маған,
Асан айтты:
Қарбыздың iшi маған.
Сырты саған.
Үсен айтты:
Дүмбiлдiң iшi саған,
Сырты маған.
Асан айтты:
Капустаның көгi маған.
Пiскенi саған.
Үсен айтты:
Жүзiмнiң көгi саған,
Пiскенi маған.
Асан айтты:
Жуаның көгi маған,
Қурағаны саған.
Үсен айтты:
Күнбағыстың көгi саған,
Қурағаны маған.
Асан айтты:
Жаңғақтың дəнi маған,
Сырты саған.
Үсен айтты:
Алшаның дəнi саған,
Сырты маған...
Егес бiттi осымен,
Доғарды олар сөздерiн.
Неге бұлай айтысты,
Табыңдаршы өздерiң?
ПАРА
Ұшыраттым Есендi көшеде мен,
Ұйқылы-ояу аяғын санап басқан.
– Қайда кетiп барасың таң атпастан?

68
–Деген едiм, күңк еттi жаратпастан.
Апам жұмсап жiбердi көршiлерге,
Бiр қайнатым шəй сұрап келшi дей ме.
– Оның жөн-ақ 
Ал мына нан кiм үшiн,
Көрер көзге оғаштау, ерсiлеу де.
Қарап қойды ол нанына қолындағы:
– Алып келе жатқам жоқ күлкi үшiн.
Нан бермесең, жүргiзбес жолымдағы,
Бұл көршi үйдiң қабаған итi үшiн.
«МЫҢ СӨЗ»
Кiм қойды екен жазалап,
Жалғанда тiлi ұзын-ды.
Бiз бiлетiн Азамат,
Бiр-ақ күнде бұзылды.
Басынан тəуiр сабағы,
Жүретiн едi жайраңдап.
Байқасақ, тұнжыр қабағы,
Отырмыз бiздер қайран қап.
Тапсырманы сұраса,
Қысқартып қана айтады.
Көп сөйлемей тым аса,
Үйiне жалғыз қайтады.
 
Шешiлмей жанға шеттейдi,
Жүретiн болды оңаша.
Мылжыңдап та кетпейдi,
Қылығы бөтен, жаңаша.
Даурығысқан керiстi,
Жандырып өзi бастайтын,
Ешкiмменен келiспей,
Аяқсыз оны тастайтын.

69
Бiр айтысса Азамат,
Ой, қырсық-ақ болатын.
Төбелеске аз-аз-ақ,
Жетпей ғана қалатын.
Ендi содан қарасақ,
Қашатын бопты қалайда.
Керiстi бiздер қаласақ,
Жуымайды маңайға.
Бiлсек кейiн себебiн,
Бiр ағасы кептi ғой.
Тəңiрдей өзi сенетiн,
Сол ағасы дептi ғой:
– Əгəр адам бiр күнде,
Мың сөзден көп сөйлесе,
Өледi ол, бiлдiң бе,
Дəл маған кел, өлмесе.
Көп сөйлеуге тырыспа,
Өлесiң бiрден сол замат...
Өтiрiк пе бұл,
Дұрыс па?
Ойланды қатты Азамат.
Көп сөйлейтiн Азамат,
Зейiн қойып тыңдапты.
Бұл қылығы ғажап-ақ,
Көңiлiне дiк апты.
Еш нəрсеге сенбейтiн,
Соған сене қалыпты.
Санап қана сөйлейтiн,
Бала болып алыпты.
Күлмесең де, күлсең де,
Мойымайды ол жалпы,
Құйт сен,
Мейлiң құйт сенбе,
Əлi күнге сол қалпы...

70
ТЫМАҚ ҚАЙДА?
«Сабақ оқып болған соң,
Түсiнгенге, бiлгенге
Тысқа шығып бой жазып,
Не жетсiн бiр жүргенге».
Деп, сасқалақ бiр бала,
Асығыс тез киiндi.
Əр жерге бiр тастаған,
Бiрлеп тауып киiмдi.
Жатыр екен қолғабы,
Текпiшектiң астында.
Iлулi тұр бөкебай
Ыдыс-аяқ қасында.
Тауып кидi пальтосын,
Ауызғы үйден етiгiн.
Iздедi ендi тұмағын
Баса алмай ентiгiн.
Шығып жатыр дал-далы,
Үйдiң iшi, жан-жағы.
Қайда қойған? Бiлмедi.
Қайда едi iлгенi?
Шашып тастау киiмiн
Бiр басының мiнi екен,
Сөйтiп жүрсе, тымағы
Өз басында жүр екен.
АСҚАР МЕН КИМЕШЕК
Бұл қылығын бiлмесек,
Асқарға бiз күлмес ек.
Ол ұнатпас киiмдер –
Күндiк пенен кимешек.
Жақтырмайды жалтылдақ
Əшекейлi зерiн де.

71
Тұратұғын жарқылдап,
Моншақ таққан жерiн де.
Қарт анасы той болса,
Кимешегiн киедi.
Өз-өзiнен ол болса,
Шыж-быж етiп күйедi.
Ұзамас үй маңынан
Деп балалар күледi.
Шешесiнiң жанынан
Аулақ қашып жүредi.
Қуыстанып, қорланып,
Қарс жабады қабағын.
Тап сол күнi зорланып,
Iше де алмас тамағын.
Жалбарынып өтiнiп,
Қанша айтса да киме деп.
Апасы ұрсар зекiрiп,
«Жын, перi ұрып жүр ме», – деп.
«Неге тидi жынына,
Күндiк пенен кимешек.
Ел жиналған жиында
Бола ма екен кимесек...»
Асқар үшiн алайда
Бəрiнен де қиыны:
Мейрамда өтер қалайда,
Ата-аналар жиыны.
Жиналысқа апасы
Бармаса деп тiлейдi.
Барса барсын атасы,
Шеше сырын бiледi.
Осы Асқар батырың
Күндердiң бiр күнiнде
Жиналысқа шақырып,
Келсе апасын үйiне,

72
 Өтiнедi зар қылып,
Жыларманға аз-ақ қап,
«Күндiк кисең барлығы
Күледi деп мазақтап».
Апасына үйiнен
Ұзағанша алыстап:
«Күндiк киiп келме» – деп,
Кетедi ол табыстап...
АЙЛАКЕР ТҰРАР
Бiрде келiп,
Нақақтан
Тұрар маған тиiстi,
Тiлiн безеп
Қақақтап,
Бастады ол бiр iстi.
Шаңқ-шаңқ етiп
шаңқылдап,
Шағып алар тiлi бар.
Келе жатыр
алқымдап,
Төбелесер түрi бар.
«Мен туралы кеше сен,
Айтшы,
Жұртқа не дедiң?
Сол сөзiңнiң есесiн
Қазiр, мiне, беремiн.
Өсегiңдi қоймасаң,
Қайтарамын қарымын.
Жолдас болма
Болмасаң,
Бар алдымда айыбың...»
Кəдiмгiдей шынымен
Дедiм өзiм сасайын.
Қалай ғана
Мұның мен
Ыза,
Ашуын басайын.

73
Бiреулердi даттайтын
Еш əдетiм жоқ едi,
Сырттан өсек айтпайтын
Адам едiм,
Ақ едiм.
Жандай-ақ мен айыпты.
Ауызымды ашпадым.
Лəм-мим демей қалыппын,
Соншалықты сасқаным.
Тұрып қалдық осылай,
Қабағымыз түнердi.
Əй,
Бүлдiргiш досым-ай,
Тұрар күлiп жiбердi.
«Шығардым ба есiңдi,
Жеттi осымен, болсын», – деп.
«Алдап едiм өзiңдi,
Ықылығы қойсын», – деп.
Ықылықты қойдырар
Бұл бiр əдiс пайдалы.
Бiлетiн ем,
Ал Тұрар
Кеттi асырып айланы.
АҚЫЛДЫСЫ КIМ БОЛДЫ, 
АҚЫЛСЫЗЫ КIМ БОЛДЫ?
Бiр бала бар, көрсеңдер,
Мақтанғанды жаратыр.
Мақтанғысы келсе егер,
Былай деп ой таратар:
– Сиырлардың iшiнде
Ақылдысы болады.
Қайтса өрiстен кешiнде,
Табады өзi қораны.
Бiздiң сиыр осындай,
Оны кешке көр ендi.
Басқаларға қосылмай,
Үйдi тауып келедi.
Бiз бiреулер тəрiздi

74
Барлығымыз жабылып
Сиырларын зар iздеп,
Жүргемiз жоқ сабылып...
Ол мұныменен қоймайды,
Шырт түкiрiп тастайды.
Үйiндегi қойларды
Жəне мақтай бастайды.
Күлiп тұрам мен iштен,
Ол бiрақ түк сезбейдi:
«Кешке адаспай өрiстен
Келедi үйге өздерi».
Ендi
Ненi мақтар деп,
Тосып тұрдық тағы да.
Ақылды екен
Байқасақ,
Ит, 
Қозысы,
Лағы да.
Сол мақтанған күйiмен
Ешкiмге дес бермейтiн,
Бұл сабазды,
Шынымен,
Үйдiң бетiн көрмейтiн:
«Сабағын ғой ұмытты», –
Деп шешесi күйiне
Қолына алып шыбықты,
Қайтады айдап үйiне.
Мынау қиын сын болды,
Жиылған жұрт 
Жым болды.
Сонда, 
Ақылды кiм болды,
Ақылсызы кiм болды?..
«ШТАНГАШЫ»
Жүр көршiнiң баласы:
«Штангашы болам!» – деп,
Ешкiм жоқ-ау, шамасы,

75
Жаттығатын одан көп.
Жүрген күнде шынығып
Оның құрал-сайманы –
Рельстердiң сынығы,
Доңғалағы арбаның.
Атасының төстiгiн
«Бұл мен үшiн жеңiл!» – деп,
Көтередi бəс тiгiп,
Қатарынан он рет.
«Бұлшық еттi қара!» – деп,
Мытып-мытып көредi.
«Темiрдей ме, қалай?» – деп,
Кеудесiн ол кередi.
Мытып-мытып байқайды,
Барлық бала,
Көршiлер.
Құр бастарын шайқайды,
Iсiн көрiп ерсiлеу.
Өйткенi, əне, бiлегi
Анасының талса да,
Көмiр тасып жүредi,
Қора жақтан қаншама...
Өйткенi, əне, бiлегi
Қарындастың майысып,
Суды тасып жүредi
Қос шелекпен алысып...
НЕДЕН БҰЛ?
Сəске кезi болмастан
Тауық тауып жұмыртқа
«Қыт-қыт» етiп қоймастан
Хабар берiп жүр жұртқа.
Сұрады iнiм бiлмек боп:

76
– Ана тауық жүр не деп?
– Күнде табам,
Күнде жоқ? –
Жүр ғой тауық:
– Бұл не? – деп...
 
НЕНI ҰҚТЫМ?
Ертемен-ерте
Тұрдым-дағы,
Жақсылап беттi
Жудым-дағы,
Азаңғы асты
Iшiп алып,
Қолтыққа допты
Қысып алып,
Көшеге шығып,
Қарайладым.
Ойнайтын бала
Таба алмадым.
Асанға бардым
«Ойнайық» деп,
Ол айтты: «Қазiр
Қояйық», – деп,
«Атаммен бiрге 
Шөп шабамын.
Кетуге содан
Жоқ амалым...»
Үсенге бардым,
Үй сыртына
Шақырып алдым
Ысқырдым да.
«Кез боп тұр, – дедi ол, –
Қырсық мына,
Үй iшi маған
Қыш құйдырмақ...»
Есенге барсам,
Шапқан олар

77
Қораға жатыр
Шөбiн жинап.
Сенделiп жүрмiн
Серiк болар,
Баланың бiр де
Жоғы қинап.
Үйiне барсам
Тұрсынқұлдың,
Əкесi менi
Ұрсып қуды:
«Көшеде құр бос
Сенделгенше,
Үйiңе болыс
Сен де елше!..»
Ойнайтын бала
Табылмаса,
Дедiм мен: «бекер
Сабылғанша,
Үйiме барып
Iс iстейiн.
Бiр жұмыс тауып
Кiрiсейiн...
Сол күнi менiң
Аңғарғаным;
Бiр өзiң, жеке
Көшенi кезген,
Жараспайды екен,
Таңғалғаным!..
АНТ БЕРЕ АЛМАДЫ
Не қызықтың өзiн бiр
Балалықта кешпедiк.
Айтатыным осы бiр
Ойда қалған естелiк...
Барлығымыз «қу» дейтiн.
Ағып тұрған «су» дейтiн.

78
Жəудiр бiзге əлгiде
Айтқан едi əңгiме.
– Алматыда, – деген ол
Алма деген молшылық.
Кетiп жатыр келген ел,
Етектерiн толтырып.
Алма деген көшеге,
Топ-топ етiп түседi.
Əр күн сайын нешеме
Ел шекесi iседi...
Естiп тұрған бəрiн де,
Түсi Бектiң түксидi:
– Жəудiр айтқан əңгiме,
Өтiрiк, – деп, – шiп-шикi.
– Өтiрiкшi, сен, – дедi
Бiздi алдауың не? – дедi,
Айтқаның кiл өтiрiк, –
Деп қол сiлтеп сенбедi.
– Оңбайын! – дедi.
Сенбедi.
– Оллаһи! – дедi,
Сенбедi.
– Нан жейiн! – дедi,
Сенбедi.
– Ит болайын! – дедi,
Сенбедi.
– Ал сынайын өзiңдi
Шын ба екен көрейiн.
Адамшылық сөзiңдi
Бересiң бе?
– Берейiн.
– Ендеше айтшы,
Сенелiк,
Болсын десең сенiмдi,
Өтiрiк айтты демелiк
Пионерлiк айтшы сөзiңдi!..

79
– Сендер қалай десең де,
Оған ендi бармаймын.
Пионердiң атынан
Ант бере алмаймын!
Бек деген де қу, мықты,
Тап бастырмай ұзаққа,
Сөйтiп əлгi суқитты
Түсiрдi бiр тұзаққа.
БƏС
Болса да əман iсi –
шала-шарпы,
Жүрмейдi айтыспаса
бала халқы.
Далада бiр топ бала –
қызыл танау,
Бастаған бiр егестi
жаңа қалпы.
Шығарып бiр газеттi
қалтасынан,
Ашып ап қос қолымен
ортасынан,
«Шығам, – деп соны оқып», –
Батай айтты,
Жатып ап тырп етпей
шалқасынан.
Батайдың құлақ салып
жарлығына,
Кеттi ғой екiленiп,
Барлығы да.
«Болып па сол да өнер».
Десiп жатыр,
Бұлары iштерiнiң
Тарлығы да.
«Ол деген қиын емес
аса тiптi,
Мен де оны оқимын», – деп
қасарысты;

80
Ашқарақ қой, əуелi,
Тамақ iшiп,
Соңынан жуынатын
Сасан мықты...
«Несi бар соған сонша
таласатын», –
Деп қалды бiреу тұрып –
Жарас аты;
Шыққанда кемпiрқосақ
ұстаймын деп,
Бiр күндей тауда өзi едi
адасатын...
Егеске екiленiп
қызып алған,
Айтыстан алабұртып
Жүзi жанған
Бiр шетте:
«Ол оңай», – деп,
Тоқан да тұр;
Қауын деп асқабақты
үзiп алған...
Сасан да қияңқы ғой,
Шатақ анық,
Қалардай дəл осыдан
атақ алып.
Дедi ме көзi жетсiн
тұрған топтың,
Газеттi ол оқып жатыр
жата қалып.
Батайың iшiн басып
күлсiн келiп,
Оның бiз мұнысына
түсiнбедiк,
Бəрiн де көл басына
ертiп келдi,
Дедi ме мықты екенiн
бiлсiн көрiп.
Газеттi алып шығып
қалтасынан,
Ашты да қос қолымен
ортасынан,

81
Дауыстап оқып шықты
көл бетiнде
Балықша жүзiп жүрiп
шалқасынан.
Бiлместен сенбесiн де,
Сенерiн де,
Бар бала көлдiң тұрып
кемерiнде,
Егестен ұтып шыққан
разы боп,
Қол соқты Батайдың бұл
өнерiне...
Бұл күнi барлық бала
көл жанында,
Бəрiнiң бiр-бiр газет
қолдарында.
Жатып ап су бетiнде
газет оқу,
Үйрену осы өнердi
ойларында.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал