Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет2/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЕРТЕҢ ЕРТЕ
Таң атқанда арайлап,
Оянады бар аймақ.
Бiр кiрiп те, бiр шығып,
Басталады тiршiлiк.
Жап-жарық боп төңiрек,
Сиыр шығар мөңiреп.
Ит үредi арсылдап,
Шошқа жүрер қорсылдап.
Кiсiнескен жылқылар,
Жайылымға ұмтылар. 
Қозылары жамырап,
Қой жүредi маңырап.

28
Қораз-тауық шақырып,
Есек тұрар ақырып.
... Кей жылауық балалар
Оянады бақырып....
ҚОЛҒАБЫС
Əдетiмiз солай,
Жатамыз бiз қалай?
Колхозға да барып,
Көмектестiк талай.
Қырықтық та қойды,
Тазаладық жолды.
Шөмеле де салдық,
Қырманға да бардық.
Ниет қылып iзгi,
Ағай бастап бiздi,
Көмектестiк тағы,
Қызу еңбек қызды.
Мұрат, Тұрап, Асан,
Бөкен, Төкен, Хасан –
Бiз көп бала едiк,
Жинатты алма сенiп.
Тапа-тал түс күндiз,
Алма терiп жүрмiз.
Үйiп-үйiп мол ғып,
Бəрiн жинап болдық.
Сол алманың, бiрақ та,
Көбiн бiз жеп қойдық.
ТЕПЛОВОЗ
Вагон-вагон
темiрдi,
вагон-вагон
көмiрдi,

29
вагон-вагон
бидайды
тiркеп алып,
зулайды!
Солқылдатқан даланы
Үнi жетер алыстан.
Iлесе алмай қалады,
Оныменен жарысқан.
Арынды да екпiндi,
Зулап қастан өтедi.
Басыңдағы бөркiңдi
Ұшырып та кетедi.
Əр вагоның – бiр дəу үй.
Əрбiр үйде – жүз адам.
Əр поезың – бiр ауыл,
Жүрген сайын ұзаған.
Зулайды жер төсiнде,
Мейлiң
жазың, қысың бар,
Бiр тепловоз өзiнде
Жүз мың аттың күшi бар.
АЛШЫ
Ақ кимешек басында,
Ақ ниеттi сөзi де.
Аппақ едi шашы да,
Ақ қағаздай өзi де.
Əжем бiзге жекiрiп,
Көрмептi ғой əлiге.
Пияздай боп отырып,
Шертетұғын əңгiме.
Ыңғай маған жақтасып,
Арашаға түседi.

30
Ұрысса жұртпен даттасып,
Жаны күйiп-пiседi,
Əжем күллi адамды 
Мүсiркейтiн жаны ашып.
Кейде сұрап сақамды
Отырады бал ашып.
– Менiң күнiм, жарқыным,
Сүре ме өмiр бақытты?
Өстiп өзi əр күнi
Өткiзедi уақытты. 
– Болар ма екен қарағым
Шалқып жатқан дəулеттi.
Алды болып баланың
Абыройлы, əулеттi.
Алшы тұрсаң, асылым
Бақытты өмiр сүредi...
Алшы тұрса асығым,
Нұрланады, күледi.
Шаттанады нұр шашып,
Сəуле ойнайды көзiнде,
«Ыңғай алшы тұрсашы», –
Деп тiлеймiн өзiм де.
Тұрсың ылғи дедiм де
Алшыға əуес болғасын,
Тəйке жағын тестiм де,
Құйып қойдым қорғасын.
МЕНIҢ АРМАНЫМ
Асық атып,
Доп қуған.
Қалды менен ойындар.
Нағыз батыр боп туған,
Ер атанбақ ойым бар.

31
«Пайда жоқ қой, одан», – деп,
Тастап қысыр ойынды,
«Батыр бала болам», – деп,
Түйдiм өзiм ойымды.
Қойдым лəңгi тебудi, 
Қойдым асық атуды,
Доп та ойнай берудi,
Жайбарақат жатуды.
«Жүрсiн елдер таң қалып,
Жүрем елден ерек боп» –
Деп бекiндiм, қамданып,
«Ерлiк жасау керек», – деп.
Мың отырып,
Мың тұрып,
Алдым əбден шынығып.
Ертелi-кеш жүгiрiп,
Суға жүздiм құнығып.
«Ендi, мiне, жеттi», –деп,
Ерлiк жасар кезең де.
Таң ата сап кеттiм де,
Бардым үлкен өзенге.
«Суға батқан бiреудi-ақ
Аңдып, бағып тұрайын.
«Құтқар», – десе дереу-ақ,
Жүзiп алып, шығайын».
Кездiм бойын өзеннiң,
Ешкiм:
«Құтқар» демедi.
Ерлiк жасар кезеңнiң
Бiр ретi келмедi.
Күнде ертемен барамын,
Бойын кезiп жағаның.
Батқан жоқ па?
Қарадым,
Ерлiк жасар баламын.

32
Құтқарғам жоқ, алайда,
Күте-күте шаршадым.
Қайткен күнде,
Қалайда,
Ерлiк жасау аңсарым.
Аңдып өзен бойында
Əлi күнге жүрмiн мен.
Ерлiк жасау ойымда –
Қиын бiрақ, бiлдiм мен.
ТƏРТIП КЕРЕК БАРШАҒА
«Бұзба көше тəртiбiн,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсiн əр күнiң,
Жақын болма шатаққа», –
Саған, маған, оған да,
Айтар осы ақылы.
Полицей бұл ағайлар –
Барша адамның жақыны.
«Ел аман-сау болсын», – деп,
Тыныштықты ол сүйедi.
Сол үшiн де дүрсiлдеп,
Соғатындай жүрегi.
КIМ ҚОРҚАҚ, КIМ АЙБАТТЫ?
Шығып алып iнiнен,
Ұйқы бермес түнiмен,
Тышқан түнде жортады,
Ол мысықтан қорқады.
Ең күштi де қайратты,
Тарғыл мысық айбатты.
Күншуақтап жататын,
Тəттi ұйқыға бататын.
Мысық

33
Иттен тайсақтап,
Шеттеп жүрер жан сақтап.
Ең күштi де қайратты,
Қабаған ит айбатты.
Кемiрiп боп сүйегiн,
«Əуп», «əуп» етiп үредi.
Арлан ит те,
Қасқырдан
Айбынып-ақ жүредi.
Ең күштi де қайратты,
Көкжал қасқыр айбатты.
Қасқыр түнде қаңғиды,
Қой, қозыны аңдиды,
Азық iздер жапаннан,
Қасқыр қорқар папамнан.
Ең қайратты, бiлектi
Папам менiң жүректi.
Папама үй iшiнде,
Жөн-жосықсыз iсiне.
Мамам ұрсып тастайды,
Папам аузын ашпайды.
Ең жүректi, қайратты,
Мамам менiң айбатты.
Мамамды өзiм ақыры,
Санап тұр ем «батыр» деп.
Қоя бердi ол бақырып,
«Тышқан келе жатыр», – деп.
Қолындағы кесе де
Ұшып түстi быт-шыт боп.
Бiр-ақ қарғып төсекке
Шығып кеттi ыршып кеп.
Сонда батыр кiм десең,
Мен айтайын бiлмесең:

34
Батыр емес мамам да,
Батыр емес папам да.
Ең батыр да қайратты,
Тышқан екен айбатты!
ШАҢҒЫ ЖОЛ
Екi аяқта – шаңғымыз,
Сайрап жатыр жолымыз.
Мидай дала – алдымыз,
Шиырлаймыз оны бiз.
Тырнадай боп тiзiлiп,
Жазыққа енiп кетемiз.
Аппақ қарда қызынып,
Көршi ауылға жетемiз.
Бұрқ-бұрқ етiп буымыз,
Ыстықтаймыз жарыста.
Даурығысқан шуымыз,
Естiледi алысқа.
Құлай-құлай
Ақ қарға
Толып қойын, қалтамыз,
Күле-күле ақпанда,
Шаңғы теуiп қайтамыз.
ЗЕБР
Таңаш көрiп зебрдi,
Таңырқады, ұнатты:
– Матростың жейдесiн
Киiп алған сияқты...

35
ƏСКЕР БОЛЫП АТЫСТЫҚ
Ауылдағы баланың
Түгелдейi қатысып,
«Соғыс ойынын» ойнадық,
Əскер болып атысып.
Бiр-бiр «мылтық» əркiмде,
Бар «пулемет, гранат».
Атып жатыр бəрi де
Жата қап та,
Тұра қап.
Шегiнбей-ақ жатырмыз,
Алға ұмтылып
Өңмеңдеп.
Бəрiмiз де батырмыз,
Жеңiлген жоқ,
Жеңген жоқ.
– Шақырып жүр соғысты,
Мынау кiлең қыршындар.
Бастапты ойда жоқ iстi,
Қуыңдар да
Ұрсыңдар! –
Деп қария таяқты,
Қуды, қатты айқайы,
Ойын қалды аяқсыз,
Шатақпенен тарқады.
Быт-шыт болып бəрiмiз,
Зытып қашып келемiз,
Үй-iшiнен əлi бiз
Көресiнi көремiз.
«Үлкен адам ұрысты,
Ойыны құрсын», – дедiк бiз.
Үй iшiнен дұрыстап,
Жəне таяқ жедiк бiз.

36
МЕНIҢ ҚҰЛЫНШАҒЫМ
Мен алтыға келгенде,
Құлын тапты биемiз.
Қорада оны көргенде,
Мəз-мейрам боп жүремiз.
Өзi сондай сүйкiмдi,
Ойыншықтай мендегi.
Келтiредi күлкiңдi,
Мамасын кеп емгенi.
Кеше көрсем қорада
Ойнақтап жүр, қызық-ай!
Мұндай құлын бола ма,
Сирағының ұзыны-ай!
Дедi атам: – Бұл құлын
Саған атар бəсiрем.
Сен өскенше жылқының
Тұлпары етiп өсiрем!..
Мен шыққалы жетiге,
Тура, мiне, ай болды.
Құлын шығып «екiге»
Асыр салған тай болды.
Бұрынғыдай емес те,
Жанынан жай өтесiң.
Қарап тұрсаң көресiң,
Ойнақтаудың «көкесiн».
Атам əлгi қасқаны
Қорада ұстап алды да,
Күзеп-күзеп тастады
Құйрығын да, жалын да.
Ертiп келiп көршiнi,
«Ұры тiсiн» қақтырды.
Ауырсынып қалды ма,
Орынынан шақ тұрды...

37
Сегiздемiн, мiне, мен,
Тай есейдi құнан боп.
Үйреттi өзiн күнiмен
Ерттедi де, жүгендеп.
Атам əлгi қасқаны,
Ұстап алып жуықта,
Жалын күзеп тастады,
Тимедi ендi құйрыққа.
Ер салғанға үйрендi,
Кəдiмгiдей жуасып.
Той боларын бiлгенде,
Суытамыз түн асып.
Құнан жарыс болғанда,
Ағам мiнiп шабады.
Кейде бəйге алады,
Кейде артында қалады...
Бiлiмге сермеп құлашты,
Тоғызға да жеттiм ғой.
Бiтiрiп бiр класты,
«Үшiншiге» өттiм ғой.
Құнанымыз дөнен боп,
О да бiздей есейдi.
Бойшаң, биiк менен көп,
Құнан емес кешегi.
Сауырынан келемiн,
Тұрсам оның жанында.
Күземедi дөненнiң
Биыл құйрық, жалын да.
Атам мiнiп көкпарға,
«Ұшқыр-ақ», – деп мақтайды.
Үстiн жуып тарарда,
Бойынан мiн таппайды.
Атам рұқсат бергенде,
Кейде атқа мiнемiн.

38
Ауыл шарлап келгенде,
Желдiрем де жүремiн...
Бiр жыл өттi. «Ондамын».
Қалдың дейдi естi боп.
Толып дене бой жағы,
Дөнен өстi бестi боп.
Шаң iлеспес артына,
Жүйрiк болды əйгiлi.
Сан шабысқа барды да,
Алды талай бəйгенi.
Дейдi атам:
– Бұл «бестi»
Алдына ат салмайды.
Сен де оқуда бол естi,
Басып оз да талайды.
ШЕКАРАШЫ
Шығыс жақта таң атса,
Батыс жақта күн батқан.
Солтүстiкте қар жатса,
Оңтүстiктi гүл жапқан.
Мiне, осындай ғаламға
Көсiлген кең жерiмдi,
Қорғайтұғын ағам бар –
Шекарашы ол сенiмдi.
НӨСЕР
Бұлттар төнiп келедi,
Нөрсе жауар жиылса.
Бұлттар төнiп келедi,
Сауыны келген сиырша.
Бұлт –
«Енесi» асыққан,

39
Құйды нөсер қоймастан.
Жер –
«Бұзау» боп ашыққан,
Емiп жатыр тоймастан...
ОРАШОЛАҚ
Мынау бiздiң Доңқабақ
Шеберлiгi ұстады.
Дəу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.
Əдемiлеп,
Сүйiрлеп,
Шығармақшы ұшын ол.
Терлеп-тепшiп, күбiрлеп
Берiлiптi iсiне ол.
Ендi ұштала бергенде,
Ұшы бырт-бырт сынады.
Ызақорын көрдiң бе:
– Өтпейдi, – деп жылады.
Əй, шебер боп жарытпас,
Қолын кесiп алыпты.
Сына-сына қарындаш,
Бiр тұтам боп қалыпты.
ҰШҚЫШ
Төбеден
Шаншылып,
Бəрiңе
Əн салып бередi бозторғай.
Одан да
Жоғары
Əрiде,
Ұшады тырналар жезтаңдай.

40
Əрменде
Бұлттар тұр
Түнерiп,
Қабағы түксиген қап-қара.
Сол маңды 
Мекендеп
Жүредi 
Жаңбыр да, бұршақ та, ақ қар да.
Одан да
Жоғары
Биiкте,
Ақ шаңқан ұшағың ұшып жүр.
Iшiнде
Ұшқыш бар,
Бiлiктi,
Ол да бiр, самғаған құсың бiр.
Көгiлдiр
Кеңiстiк
Айнала,
Сүйедi ол қашан да биiктi.
Өмiрiн
Қатерге
Байлаған,
Ұшқышқа кең аспан сүйiктi.
ƏКЕМ ЖƏНЕ МЕН
Бiздiң үйдiң iшiнде
Хат танитын өзiммiн.
Хисса оқимын кешiнде,
Майын тауысып көзiмнiң.
Содан ба екен, мен едiм,
Əке менен шешенiң
Алып-қосып беретiн
Алым-саттық есебiн.
Дəн риза болады,
Қария əкем iсiме.

41
«Не жетсiн, – деп қояды, –
Хат бiлетiн кiсiге».
Өткен кездер жайынан
Сыр шертер сол арада:
– Онда жұрт қай жарыған,
Аңқау кезi баладай. 
Күн емес-тi күндерi,
Еңсе басқан надандық.
Мал өсiру – бiлерi,
Жан аз тəлiм аларлық.
Итшiлеген тiршiлiк,
Тағылыққа жақын да, –
Деп қоятын күрсiнiп,
Өткен өмiр хақында. 
Бiр атамыз болыпты,
Жауыр аты тақымда.
Бiр қап тары алыпты,
Бермек туыс-жақынға.
Тең болсын деп артуға,
Екi қапты алыпты.
Бiр жағына тары да,
Бiрiне құм салыпты.
Соған жетiп ақылы,
Өңгермек боп тұрғанда.
Бiр бала оны – жақыны,
Көрдi жүрген сол маңда.
«Дұрыс па, ата, оныңыз,
Құмыңызды төгiңiз,
Бөлiп тары салыңыз, –
Дептi, – Сөйтiп, барыңыз».
Бала сөзi жөн едi,
Жетпептi ақыл осыған.
Атаң байғұс жөнедi,
Сол баладан қысылған.

42
Қуанамын мен де ендi,
Қазiр ашық көздерiң.
Ес қыламыз сендердi,
Миятымыз – өздерiң.
Билiк тидi адамға,
Баққа жеттi қолдарың, –
Дейтiн:
– Осы заманға
Лайықты бол, жаным...
ҚУАНДЫ ЕГIН
«Бидай қурап қалар ма екен,
Ыстық күнге күйген танап...»
Мен жүремiн жаным ашып,
Өзiм сусап жүргендей-ақ.
Жауын жауды бiр күндерде,
Сол жайымды бiлгендей-ақ.
Бiр жолғы осы тiлегiмдi
Құлағына iлгендей-ақ,
Мен қуандым,
Қуанды егiн,
Бұлт-анасы келгендей-ақ.
Базаршылап ұзақ жүрiп,
Жаңбыр əкеп бергендей-ақ.
АРҚАН БОЛАР ТЫРНАЛАР
Нiл бояулы көктем кеп,
Аспан мөлдiр көкпеңбек.
Желбiреткен самалын
Жер одан да өткен көк.
Шық моншағы үзiлiп,
Құлпырады қырқалар.
Келедi ұшып тiзiлiп,
Тырналар, көп тырналар.

43
«Тыраулайды» тырналар,
Таныс бiзге сол ырғақ.
Дауыстайды балалар:
«Арқан бол!» – деп,
қол бұлғап.
Естiгендей олар да,
Қанат қағып, жайланып.
Бейне арқан болар да,
Ауылды бiр айналып.
Қос қанаты – құшағы
Көктiң жүзiн аймалап.
Алыс жаққа ұшады,
«Айдын көлдер қайдалап».
КЕМПIРҚОСАҚ
Жауын жауып өткенде,
Көрсең, шiркiн, жерiмдi.
Қызыл,
Жасыл,
Көкпеңбек
Кемпiрқосақ өрiлдi.
Түсiнбей-ақ əуремiн,
Неге осылай болды екен?
Өзi əсем нəрсенiң
Атын солай қойды екен?
АПОРТ
Апорт дейтiн алма бар,
Жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар,
Алматы – оның Отаны.
Əр ағаштың түбiнде
Жатыр алма қамбасы.

44
Баптап күтсең күнiне,
Берер саған алмасын.
КҮН НЕГЕ ҚЫСҚАРАДЫ?
«Жазда неге түн қысқа,
Керiсiнше күн ұзақ?
Қыста неге күн қысқа,
Керiсiнше түн ұзақ?..»
Сұрақ қойдың сен маған
Шым-шытырық осындай.
Жауап бердiм мен саған,
Сол заматта тосылмай.
Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңiлi талапты
Қалсын дедiм жұбанып:
– Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы,
Айналаңа зер салғын.
Қызған ойын базары,
Күн де жылы,
Жер – шалғын.
Келдi, мiне, каникул
«Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ».
Жаз жақсы емей,
Кəнiки –
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.
Келетiн қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түндi əдейi ұзартып,
Күндi ерте батырды.
«Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, – деп, – сабақты».

45
Ызғар шашып бойынан,
Түйедi ол қабақты...
АЛМА БАҚ
Ерте көктемде
Ерлеген – бiз.
Алма ағаш егiп,
Терлегенбiз.
Суарып,
Баптап,
Бағайық деп,
Шырын алмасын
Қағайық деп,
Жеген адамның
Қаны толсын деп,
Туған өлкенiң
Сəнi келсiн деп...
Ағаштар өсiп,
Алма бақ болды.
Өздерi де бiр
Əмбебап болды.
Жаз бенен қыста,
Көктемде,
Күзде,
Əр алма ағаш
Айдала, түзде,
Бораған қарда,
Желдiң өтiнде,
Бiз алма жесiн деп,
Еңбек етуде.
Көзге қуаныш –
Алма бақ сəндi.
Оның алмасындай
Алма жоқ дəмдi.
– Алма табатын
Жұмысшы бiз, – деп,
Күнi-түнi жатыр
Жұмысын iстеп...

46
ЕКI ҚОЛ
Ағайынды екеу екен:
Бiреуi оқымаған,
Бiреуi сауатты екен.
Сауатты елгезек те,
Көп iске жауапты екен.
Ататын асықты да,
Ұстайтын қасықты да,
Хаттарды жазатын да,
Есiктi ашатын да,
Өзi екен.
Сонда да ол бауырын
Жанындай ұнатады.
Дейдi: – Онсыз қалай ғана
Таң атып, күн батады.
Ағашты жара алам ба,
Шалғынды шаба алам ба,
Қайықты есер ме едiм,
Жалғыз ет кесер ме едiм?..
ЖАҢА ЖЫЛ
Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрлы да кең байтақ Отаным.
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,
Сыйлығы көп Аяз Атаның.
Бəрiмiз бiр жасқа үлкейiп,
Бүгiнгi Жаңа жыл тойында,
Бiр жүрiп,
Қызыққа бiр келiп,
Билеймiз,
Ойнаймыз ойын да!
Жұлдыздар секiлдi нұрланған,
Елкалар шамдарын жағады.

47
Ақ боран қызықтан құр қалған
Долданып есiктi қағады.
Хош келдiң, 
Қарсы алдық, Жаңа жыл,
Өзiңдi сағына, сағына!
Жасампаз жылдардың жаңа бiр
Күндерi басталды тағы да!
СЕБЕП
Алдым бүгiн «екiлiк»,
Ойламап ем сұрар деп.
Қорықпаймын,
Жекiрiп,
Сонда да апам ұрар деп.
Жазатайым тағы да,
Жыртып алдым жейдемдi.
Апам бүгiн бағыма
Ештеңе де демейдi.
Клубқа да барамын,
Киноны да көремiн.
Əбден ойным қанады,
Сосын үйге келемiн.
Бүгiн еркiн жүремiн,
Сайрандаймын, күлемiн.
Бiздiң үйге, 
Себебi,
Қонақ келген, бiлемiн.
КҮНШIЛ
Бiздiң Есет есiрiк,
Жақтырмайды Қанатты.
«Күндiз-түнi тесiлiп,
Оқиды, – деп, – сабақты».

48
Бар баққаны бiр солдай,
Өшiн алар Қанаттан, –
«Бала болып бұл қалай,
Қашпайды, – деп, – сабақтан?»
Ту сыртынан даттайды,
Кiжiнедi тұрып ап:
«Ең құрыса шықпайды,
Ойнауға да бiр уақ», –
Дейдi тағы өшiгiп:
«Пысық қылып жаратқан,
Бiз құсап та кешiгiп,
Қалмайды екен сабақтан?»
Миғұла ма, бiлмен мен,
Көз ашпайды ол таяқтан.
Күнi өткенше күндеумен
Үлгi алсашы Қанаттан.
ЕКI МIНЕЗ
«Бес» алса сабағынан,
Күн шығып қабағынан,
Асығып, жайраң қағып,
Əндетiп, сайран салып,
Сүрiне-мүрiне,
Жетедi үйiне.
Тiленiп апасынан,
Тiленiп атасынан,
«Киноға ақша бер», – дейдi,
«Бес» алдым ғой мен», – дейдi.
Жұмсаса, тiл алмайды,
Малдарды суармайды,
Сол күпiнген түрiменен,
Ойнайды ол күнiменен.
«Бес» алғанын мiндет етiп,
Қайтады үйге түнделетiп.

49
«Екi» алса сабағынан,
Қар жауып қабағынан,
«Апам шымшып алады-ау» деп,
«Атам нұқып қалады-ау» – деп.
Айтқызбай-ақ, қақсатпай-ақ,
Үй iшiне жақсаттанып,
Қораны тазалайды,
Деп: «менi жазалайды».
Құлаштап ағаш жарып,
Мал суарып, суға барып,
Үйден ұзап аспайды,
Жазатайым баспайды.
Қарайды апасының,
Қарайды атасының,
Жаутаңдай қабағына,
Тесiлер сабағына.
...Одан жақсы бала жоқ,
Өйтпесiне шара жоқ...
БIРIНШI ҚАР
Керiлiп барып таң атты,
Ерiнiп барып таң атты.
Бiр-ақ түннiң iшiнде
Қар жауып қапты алапты.
Далаға шыққан апам да,
Аптыға келдi атама:
«Тұрсаңшы, – дейдi, –
Қар жауды,
Жайғастыр ана мал-жайды».
Қуанып жатыр барлығы,
Қар болғандай байлығы,
«Қалың боп түскен, – деседi,
Басып қапты көшенi».
«Тазарып ауа қалды», – деп,
«Қолға ұстау керек малды», – деп,

50
Ырду-да-дырду – үй iшi
Даурығысады бəрi кеп.
Аңға шықпақ бiреуi,
Алаша қақпақ бiреуi.
Əрi-сəрi барлығы
Аспаннан түсiп тiлеуi.
Ал, менiң жатқан бүгiлiп,
Қабағым қалды түйiлiп.
Жатырмын iштей күйiнiп,
Булығып, ашу тығылып.
«Қар жауғаны, əрине,
Сендердiң жақсы бəрiңе», –
Деп қоямын iшiмнен,
Көрпемдi серпiп əрiге.
Орнымнан тұрып жатырмын,
«Құрсын, – деп, қардың бүйткенi».
... Есiктiң алдын,
Қора үстiн,
Күрейтiн менмiн, үйткенi.
АҒАЙЫНДЫ ҮШЕУ 
МЕН «ИРИСТIҢ» ХИКАЯСЫ
Үлкенi деп баланың,
Есi бар деп,
Барып келсе дүкенге
Несi бар деп,
Жұмсап едi шешесi
Серiкбектi
Бiр кило шайға салар
«Ирис» ал деп.
Адам болып қалған ғой
Серiкбегi,
Көк беттенiп қасарып
Кергiмедi.
«Ирис» атын естiп-ақ,
Дүкен жаққа:

51
Құланша жортып,
Бөкенше желiп едi.
Бiр килосын конфеттiң
Оратып ап,
(Күнi бойы ауызда
Соратын-ақ)
Қос уысын қалтаға
Тығып тастап,
Тартты дейсiң үйiне
боратып ап.
Бiр уысын конфеттiң
жеп те болды.
Орта жолға сөйткенше
кеп те қалды.
«Екi уыс конфеттiң
орны жоғын
Апам бiлер деймiсiң», –
деп те алды.
Осылайша Серiкбек
Желiккен бiр,
Келе жатса ойнақтап
Елiктей бiр,
Жарты жолда iнiсi
Асық ойнап,
Өзiменен тетелес
Берiкбек жүр.
Ойынды тастап кету
қиын мына...
– Мынаны апар, – деп оған
Бұйырды да,
Өзi iнi орнына
Ойнап кеттi.
Сақаны мың құбылтып
Шиырды да.
Нағыз өштер кəдiмгi
Бұл тете нақ,
Əншейiнде қалушы ед
Шырт ете қап,

52
«Иристi» көрдi-дағы,
үйге тартты,
Берiкбектiң бүйрегi
бүлк ете қап.
 
Берiкбек келе жатып
Ой ойлады:
«Мен ақжүрек болмайын,
қой, болмайды».
Екi уысын қалтаға
Ол да тықты,
«Дəл осыдан, оңбайын,
Ортаймайды...»
Үйге жете бергенде
Берiкбек те,
Сыртта жүрген iнiсi
Ерiкбекке,
Шақырып ап: «Апама
Бер», – дедi де,
Достары қалған жаққа
Желiп кеттi.
Ерiкбек мұндай iске
Ыңғайлы да,
Құдайы берiп тұрса
Қыңбайды да,
Таяқ жесе, жеген жөн
Конфеттi жеп,
Жаңбақыша бiразын
Жымдайды да.
Ерiкбек ең кенже ұл
Қастанды едi,
Ол да бiр қызықты iстi
Бастайды ендi.
Бiр уысын азсынып,
Қос уысын
Қора жаққа тығып ол
Тастап келдi.

53
Бiр-ақ кило «иристiң»
Несi қалды,
Үшеуi уыс-уысын
Көсiп алды,
Ерiкбек əкеп бердi,
«Мə, конфет», – деп,
Апасы да жүр екен
Есiк алды.
Апасы: «Аз ғой бұл», – деп,
Таңырқап тұр,
Көңiлi толар-толмас
Жабырқап тұр.
Ал, үш ұлы тəттiге
Қарқ болып,
Өздерiн де, достарын
Жарылқап жүр...
МЕН НЕГЕ МIНБЕДIМ?
Отыр Өкен есептеп,
Бөлiп жүйе-жүйеге:
«Мiнiп көрдiм есекке,
Мiнiп көрдiм түйеге.
Атты қойшы, ол оңай,
Оған кiмдер мiнбеген?
Автобус та дəл солай,
Онымен кiм жүрмеген?»
Поезд мiндi, құштары
Тарап қала барғанда.
«Ұшақпенен» ұшпадым
Əлi бiр», – деп арманда.
Көкке жетiп қиялы,
Ол армандап жүргенде,
Жұрт алдында ұялып,
Қалатынын бiлген бе?

54
«Екiсiн» жою қажет, – деп,
Суретiн сап бiр қызық,
Қойыпты оны газетте
Тасбақаға мiнгiзiп.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал