Бағдарламасы бойынша шығарылды Елубаев Ескен е 49 Таңдамалы. Алматы: «Ана тiлi» баспасы жшс. 2013 ж



жүктеу 2.6 Kb.

бет1/16
Дата26.05.2017
өлшемі2.6 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
Е 49
Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Елубаев Ескен
Е 49 Таңдамалы. – Алматы: «Ана тiлi» баспасы ЖШС. – 2013 ж.  
Т. 1: өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – 384 б.
ISBN 978-601-251-088-1
Қазақтың  көрнекті  ақыны,  Халықаралық  Алаш  əдеби  сый лы-
ғы ның  лауреаты,  жетпістің  жемісті  белесіне  шыққан  Ескен  Елу-
баев тың бірінші томына балаларға арналған ең таңдаулы шы ғар-
ма ла ры іріктеліп берілді. 
Қазiргi балалар əдебиетi мен өнерiне сiңiрiп жүрген еңбегi зор 
ақынның  шығармалары  қазақ,  орыс  мектептеріне  арналған  оқу-
лық тар ға да енген.
Кiтап көпшілік оқырманға арналады. 
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ISBN 978-601-251-088-1  
© Елубаев Е., 2013
ISBN 978-601-251-087-4              © «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2013

3
ƏРҚАШАН ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЕСКЕН
Балалар  əдебиетiнен,  оның  iшiнде  балалар  поэзиясы-
нан бақытын тапқан ақындардың бiрi – Ескен Елубаев.
Балалар жазушысында кiсiге деген ерекше бiр парасат, 
ме йi рiм болады. Олар балаларды өте жақсы көредi. Ба ла-
ның жанын басқалардан гөрi тереңiрек түсiнедi.
Ескен Елубаев қырықтан астам кiтаптардың авто-
ры.  Сол  кiтаптарының  ең  негiзгiлерi  де  оқырма ны ның 
кө зiн  де,  көңiлiн  де  тарта  беретiн  балаларға  ар нал ған 
кi тап та ры.  Балалар  поэзиясындағы  жұм бақ ты  да,  жа-
ңылт паш тар ды да Ескен есебiн тауып өз жолына, өз жө-
нi не жетелейдi.
Ескеннiң бiр топ балаларға арналған өлеңдерi Моск ва-
ның балаларға арналған журналдарының бə рiн де жа рия-
ланды. 
Жеттiм  деп  таспайтын,  жамандыққа  қадам  бас-
пайтын қадiрлi iнiмнiң өлеңдерiн мен ерекше жақсы кө-
рем. Онымен кездесу, сөйлесу өреңдi өсiредi, санаңа жақ-
сы лық нұрын ұялатады. Сол ұлы мейiрiм Ескеннiң елi-
не, жерiне, балаларына деген сезiмiн көбейте де түс кен. 
Оның  қай  кiтабынан  да  балаға  деген  нұрлы  махаббат, 
шұ ғы ла лы жүректiң сөзiн тыңдайсың.
Болашаққа  аттанып  кеткен  асыл  жырларың  аман 
болсын, Ескен.
Өзiң жақсы көрген сəбилердiң ер жеткенiн, аға бол ға-
нын  көрерге  жазсын  саған.  Баланы  сүйген  жүрек  еш қа-
шан  қартаймайды.  Үлкен  мейiрiңмен  келер  жыл дар-
ға  аяңдай  бер,  бауырым.  Алдыңнан  дəйiм  ақ  күн  шыға 
берсiн. Ол күндер саған көңiл гүлдерiн ұсына берсiн.
 
Тұманбай Молдағалиев,
Қазақстанның халық жазушысы,
Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты

4
Бірінші бөлім
«КӨК ЖЕЙДЕ»
ПИМА
Байқамақшы болдым да,
Сияр, я сыймасын,
Атам үйде жоғында,
Киiп едiм пимасын.
Түбiне аяқ тигенiн,
Тимегенiн айта алман.
Кисем де өзiм киерiн,
Шыға алмай тұрмын қайтадан.
АЛАТАУ
О бастан-ақ жарасып
Тұрған тұлға, реңi.
Алатауды қарашы –
Алматының кiлемi!
Көздiң жауын алғандай,
Шырша,
Шалғын,
Гүлi бар.
Көрсе мейiр қанғандай,
Алуан-алуан түрi бар.
Алатаудай айбынды,
Тау көргем жоқ мен əлi.
Медеудiң мұз айдыны –
Чемпиондық медалi.
БОРЫШ
Тыныштықпен атса егер
Аппақ таңдар,
Саған сыйлап сол таңды
Жатқандар бар.

5
Ол – жауынгер, ол – Отан
Бекем жатқан,
Өз борышын сен үшiн
Өтеп жатқан.
Жақсы оқы, жақсы жүр
Сол үшiн де,
Бұл Отанға өтеген
Борышым де.
ЖЕҢIС КҮНI
Мəңгi шықпас ел есiнен,
Жеңiстiң көрем бейнесiн мен,
Орденге толы, медальға толы
Əкелердiң кеудесiнен,
Желбiреген жалауынан,
Мəңгiлiк оттың алауынан,
Күлкiсiнен балалардың,
Шаттығынан аналардың,
Əр күннiң нұрлы келбетiнен,
Гүл жайнаған жер бетiнен!
ӨЖЕТТЕР ƏНI
Əлиядай апамыз,
Бауыржандай атамыз
Фашистерден Отанды
Қорғап, батыр атанды.
Бiз елiктеп өсетiн,
Батырларың десе кiм,
Əлиядай апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Кешiрiмi жоқ жауға,
Өжетпiз бiз бəрiмiз.
Елiмiздi қорғауға
Əрқашан да дайынбыз!

6
МЕН БАҚТАШЫ
Əкеме ерiп, жиналып,
Қолға қамшы аламын.
Табынды өзiм суарып,
Шалғынға айдап барамын.
Көк майса ғой келiскен
Сиырлардың қорегi.
Табын сиыр өрiстен,
Бiзге сүт ап келедi.
КӨКПАР
Көк дөнендi ерттедi,
Жарап тұрған елеңдеп.
Менi өзiмен ертпедi:
«Көкпар тартып келем», – деп.
Қарап тұрмын телмiрiп,
Шығып үйдiң үстiне.
Əне, əкем тебiнiп,
Кiрдi дода iшiне.
Қамшы сiлтеп, салысып,
Көкпар тартыс қызады.
Көкпаршылар жарысып
Жотаны асып ұзады.
Ауызыма тығылып,
Тыншымайды жүрегiм.
Əкем аттан жығылып,
Қалмаса екен – тiлегiм.
НЕ?
Қанатбек қутыңдап,
Ауызы бұлтыңдап,
Қаужаңдап шайнайды,
Не жұтып қоймайды,
Жеп тұр ма кəмпиттi,
Жеп жүр ме сiңiрдi,

7
Қызығып отырмын,
Сезбедi ол мұнымды.
Таусылып шыдамым,
Өзiнен сұрадым.
Ол ашып ауызын,
Көрсеттi сағызын.
ТҰРАПТЫҢ ҰСЫНЫСЫ
Ет астық бiз, пiсiрдiк,
Табаққа оны түсiрдiк.
– Алыңыз, – деп, – алыңыз, –
Жемек болдық бəрiмiз.
Жайнап кеттi көзiмiз.
Тамсанамыз өзiмiз.
Ыстық екен бiрақ та,
Оған шыдар Тұрап па:
– Киiп алып қолғапты,
Жейiк те, – деп ол жатты.
БАҚЫТЖАННЫҢ АМАЛЫ
Жүргенде ойын деп,
Ашқан ғой қарыны,
Бақытжан жейiн деп,
Алды уыс тарыны.
Асаймын дегенде,
Шашып ап, қысылды.
Апасы келгенде,
Ұрсарын түсiндi.
Термекшi боп өзi,
Байқады, 
Болмады.
Не қылған көп өзi,
Жинала қоймады.
Сонан соң ең қызық
Амалды ол тауыпты.
Қойыпты тергiзiп,
Əкелiп тауықты.

8
ӨЗI
Ертең ерте өзi тұрып,
Асығады ойынға.
Бəтеңкесiн өзi киiп,
Байлайды өзi бауын да.
Шырмап-шырмап ол ешкiмсiз,
Байлауын бiр байлайды.
Бiрақ кешке əкесiнсiз
Бауын шеше алмайды.
АҚҚАЛА
Бойыма шақ қана,
Қаладым аққала.
Қуансын қосыла,
Жүгiрдiм досыма.
 
Жығыла-сүрiне,
Жеткенше үйiне,
Мақтанып айтқанша,
Ертiп-ақ қайтқанша,
Аққалам үлгерiп,
Кетiптi күнге ерiп!..
ҚАМҚОР
Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна, – дей ме, – берiрек»,
Енесi тұр мөңiреп.
Қайырып мен келейiн,
Жарысып бiр көрейiн.
Ал кешқұрым болғанда,
Апам сиыр сауғанда:
«Бұзауға сүт қалсын», – деп,
«Тоя емiп алсын», – деп,

9
Шықпаймын мен жанынан,
«Көп саума», – деп жалынам.
ТЫРМА
Босқа қарап тұрмадым,
Бiраз жұмыс тындырдым.
Əттең, бiрақ тырманың
Екi тiсiн сындырдым.
Болып қалдым ұятты,
Атам мұны ұқпай ма:
Менiң тiсiм сияқты,
Ол да қайта шықпай ма?!
САУМАЛ
Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.
Мен де күбi пiсер ем,
Шашыратып төкпей бiр.
Қара терге түсер ем,
Əттең, бойым жетпей жүр.
КӨК ЖЕЙДЕ
Көктемнiң бiр күнi едi,
Көгалда ойнап жүр едi.
Апасы кеп Сапарды
Дүкенге ертiп апарды.
Жейде сатып əпердi,
Өзiне ол шақ келдi.
Түсi көгал сияқты,
Апасы бек ұнатты.

10
– Мына жейдең көкпеңбек, –
Дедi Сапар өкпелеп, –
Жақында күз болмай ма,
Көгал шөптей оңбай ма?
МЫСЫҚ-ТЫШҚАН
Қол ұстасып тұрыстық,
Дөңгеленiп айналып.
Екiлене қуысып,
«Мысық – тышқан» ойнадық.
«Тышқан» болып Құралай,
«Мысық» болып мен шықтым.
Қуа-қуа қуалай,
Əбден өзiм тершiппiн.
Мұндай тышқын көрмедiм,
Қашты дейсiң ұшып кеп.
Шаңына да ермедiм,
Жарытпадым мысық боп.
– Тышқан құсап тырбыңдап, –
Десем де, – жəй қашсаңшы!
Құралайым жылтыңдап,
Дейдi: «аяқты бассаңшы!»
Шаршап, бiттi төзiмiм,
Ендi қайтiп ұстармын.
Не болса да өзi бiр
Жүйрiгi екен тышқанның!
БIЗДIҢ ҚАРА ТЕКЕМIЗ
Қара теке бiздегi,
Жан тынышын iздедi.
Қартайған соң, əл кетiп,
Балаларды сүзбедi.

11
Күншуақтап жатады,
Тəттi ұйқыға батады.
Қартайса да текемiз,
Ағармапты сақалы.
НЕГЕ ТАР?
Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.
Өтеулi оның себебiн,
Тез түсiне қоймады.
Апам оның етегiн
Кескен ғой деп ойлады.
Дұрыс емес ойы оның
Ешкiм қырқып кеспедi.
Өсiп биыл бойы оның,
Ал, жейдесi өспедi.
«ҚОРТЫҚ» ШЫБЫҚ
Қар кеттi де, жаз шығып,
Ектi Төкен жас шыбық.
Жүрмеген соң суарып,
Қалды ол өспей қуарып,
Ертелi-кеш ойнайтын,
Төкен бе екен ойлайтын,
Қамыс атпен жортып кеп,
Сөгедi оны «қортық» – деп.
КIМ?
Дабырласып далада,
Балалармен бiр жүр ем,
Аула iшi сол арада,
Болып кеттi дүрбелең.

12
Қарагер ат шылбырын
Үзiп кете жаздады.
Баса-көктеп бiр-бiрiн,
Қашты көршi қаздары.
Итiмiздiң сасқаны-ай,
Тығылды үйшiк түбiне.
Көк ешкiнiң қашқаны-ай,
Лағына сүрiне.
Дүрлiктiрiп бүлдiрген,
Десем бəрiн кiм екен?
Iшi пысып ойнақтап,
Қызыл бұзау жүр екен!
ТӨРТ АЯҚТЫ БОЛСА ТАУЫҚ
Дəмi ауыздан кетпейтiн,
Етi қандай тауықтың?!
Ал одан да керемет
Сөзi тəттi Сауықтың.
Тауықтың ол отырып,
Екi аяғын жеп алды.
Басын шайқап опынып,
«Əттең, шiркiн!» – деп алды.
Тоймай қалып етiне,
Өзi сонда ойлады:
– Тауық неге шетiнен
Төрт аяқты болмады?..
ƏЙБАТ БАЛА
– Қандай жақсы бала едi,
Үстiнде жоқ кiр-сатпақ.
Айта қойшы, кəне, ендi
Бiздерге арнап бiр тақпақ, –
Деп қонақтар жиналып,
Ортаға алды Серiктi.

13
Қалталардан сый алып,
Шоколод та берiптi.
Қойыпты олар құр мақтап,
Жаттамапты бiр тақпақ.
Жаттатпаған бiр тақпақ,
Мамасы тұр қипақтап.
САЗАЙЫН ТАРТТЫ
– Бəрi қорқып, ықсын, – деп,
Сүзеген боп шықсын, – деп,
Шыққан жанды үйiне
Қайта қуып тықсын, – деп,
 
Қызыл қасқа торпағын
Жалықпастан үйреттi.
Тыныш жатса ол тағы:
– Сүзiсем, – деп сүйреттi.
Бермедi ғой тыныштық,
Серiк əбден басынды.
Жатпаған соң күйiс қып,
Торпақ қатты ашынды.
Серiк тұрды сөзiнде:
Сүзеген қып шығарды.
Қазiр оның өзiн де,
Үйге қуып тығады.
Сыртта жүрсе торпағы,
Шыға алмайды үйiнен.
Сүзе ме деп қорқады,
Тығылып ап күнiмен.
ОТЫРМЫН
Бар кiшкентай мысығым,
Көздерiнiң қысығын!

14
Жұмсағын-ай жүнiнiң,
Титтəйiн-ай тiсiнiң!
Қазiр менiң алдымда
Ұйықтап жатыр маужырап,
Келгендей-ақ əлгiнде
Тышқан қуып қалжырап.
Балалардың дауысы
Естiледi даладан.
Барар едiм, шiркiн-ай!
Ал, отырмын манадан.
Тəттi ұйқысын қия алмай,
– Мысығым сəл тынықсын, –
Отырмын мен тұра алмай,
– Бұзбайын, – деп, – тынышын.
БҰҒЫ
Бұғы бар
Алтайда,
Алыста.
Аттан да
Озады ол
Жарысса.
Суыққа,
Аязға
Төзiмдi.
Кетедi
Көтерiп
Өзiңдi.
Мүйiзi –
Дəрi оның
Қымбатты,
Сұлу да
Денесi
Сымбатты.
Сұрайды
Ал iнiм

15
Əскербек:
«Ағаш па
Басына
Өскен?!» – деп.
ҚОРҚАҚ
«Тышқан», – деп ек, елеңдеп,
«Қазiр қайтып келем», – деп,
Төкен тұра жөнелдi,
Жұрт күлкiге кенелдi.
ЖЫЛҚЫ НЕГЕ МАҚТАНШАҚ ЕМЕС?
(Мысал)
Есек айтты: – Мен деген асылмын, – деп, 
Сахараның еркесi Қашырмын, – деп.
Қашыр айтты: – Жапанда желқұйын боп,
Ескен желмен жарысар жылқымын, – деп.
* * *
Жылқы тұрып мақтанайын деп едi,
Таба алмады өзiн кiмге теңеудi.
ҰЯ
Наурыз келдi, қыс кеттi,
Күн шуағын құяды.
Топ-тобымен құс кептi,
Жасау керек ұяны.
Қызу еңбек, не керек,
Жоқ тыныштық қыстайғы.
Жыл құстарын
Керемет
Сағынғанға ұқсайды.
Балалардың бiреуi –
Берiкбайдың Асаны.

16
Ол да асығып жүр едi,
Əсем үйшiк жасады.
Үйшiк бiреу – iлуде,
Жасағанын жасады.
Ағашқа оны iлуге:
– Қорқамын, – деп қашады.
МIНЕ, ЖIГIТ!..
Тай əрi де тулады,
Тай берi де тулады.
Көрiп тұрған балалар
Дедi: – Əне, құлады.
Құламады, жарады,
Құйындатып барады.
–Мiне, жiгiт! – деп тұрмыз,
Тай үйреткен баланы.
СЫЛТАУ
Жарысқанда балалар,
Қосылды оған Жарқын да.
Жүгiруге жарамай,
Қалып қойды артында.
Мазақтап ек «шөже» деп,
Жыларманға шақ қалды.
– Көп iшiп ем көже, – деп,
Сылтау айтып ақталды.
БАТЫР
«Қорқақ екен өзге, – деп,
Осыдан да қаша ма?
Жаңбыр деген сөз бе», – деп,
Тығылмады ол тасаға.

17
Су-су қылып киiмiн,
Өте шықты нөсер де.
Мойнына су құйылып,
Бүрсеңдеп жүр көшеде.
Сол күнi бiз кешкiлiк,
Күлiп едiк «батыр!» деп.
Ертесiне естiдiк:
– Суық тиiп жатыр, – деп.
ТОСТАҒАН
Өзгешелеу басқадан
Мынау кетiк тостаған.
Кiм кемiрген жан-жағын,
Кiм кетiк қып тастаған?
Тасып тұр ма күштерi,
Кiм бұлайша iстедi?
Сəкен төмен қарады,
Өткiр екен тiстерi...
БIЛГIШIН-АЙ
Асанды ерттiм жаныма,
Бауға бiрге барғалы.
Бiледi ол айыра,
«ЗИМ» мен «ЧАЙКА»,
«ВОЛГАНЫ».
Көшеде олар асығыс
Өтiп жатыр шұбалып.
– Ал мынауың «МОСКВИЧ», –
Деп қояды қуанып.
...Келе жатты бiр кiсi
Осы кезде жолменен.
Жетегiнде бұзау бар,
Бұрын Асан көрмеген.

18
– Ал мынау не? – дедiм мен,
Асан бiраз кiдiрдi.
Содан сөзiн сенiммен:
– Ол ит қой, – деп бiтiрдi.
ҚАЗ
Судан шықпас жаздайын,
Қаңқылдаған қаздарым.
Мойындарың бiлемiн,
Мойынындай түйенiң.
Суға түссе балықтай,
Жүзе берер жалықпай.
Судан шықса, баладай
Тəй-тəй басып қалады-ай!
АЛА БАС
– Ауыртады! –
Деп жуытпай шашына,
Ұстарамен алдырмай,
Қидырар тек қайшыға.
Содан басы
Ала-ала боп жүредi.
Жолдастары мазақтап,
Оған мырс-мырс күледi.
ЖҰМБАҚ ӨЛЕҢ
Бiрi киген киiмдi
Екiншiсi киедi.
Қайда барса бiр барып,
Жұбын жазбай жүредi.
Тұра алмайды жарыспай,
Ағайынды екеуi.

19
Бiр-бiрiнен қалыспай,
Кезек озып кетедi.
Əлi күнге бұлардың
Бəсекесi бiтпедi.
Не бiреуi қалып қап,
Бiреуi озып кетпедi.
(Екi аяқ)
ЖАТЫСЫ ЖАМАН АХМЕТ
Ұйықтар кезде төсегiн
Салып берсең төр жаққа,
Таң атқанда жатады
Есiк жақта, жер жақта.
IНIМНIҢ ЕТIГI
Етiгi бар əдемi
Өзiне шақ əсем-ақ.
Жылайды ол əдейi:
«Жаман етiк», – десең-ақ.
Бұл қиқардың шатағы:
Күндiз киiп ойынға,
Төсегiне жатады, 
Етiгiн ап қойнына.
БIЗДIҢ КЕҢЕСIМIЗ
Күнде-күнде сабақтан,
Кешiгедi бiр досым.
Көрiп мұны сағаттан
Түзелмей-ақ жүр досым.
Бiрде бiздер жұптасып,
Оған кеңес берiстiк.
Бiр пiкiрдi құптасып,
Бiз мынаған келiстiк:

20
– Кешiккенше күнде сен
Бiр қоразды тап, – дедiк, –
Өзiңе-өзiң сенбесең,
Жаныңа алып жат! – дедiк.
ДЕГБIРСIЗ
Жаңа ғана пiсiрген
Бұл ып-ыстық сүт едi.
Асығып тұр iшуге
Қалай шыдап күтедi?..
Серiк бiраз кiдiрiп,
Суығанын тосты ма?
Iшiп алды сiмiрiп,
Суық суды қосты да.
МАМЫР
Бұл күнде нұрлы аспаны
Көрсең ғой көркем қаланы!
Туған ел тойын бастады,
Басталды мамыр парады!
Желбiреп тулар сан қилы,
Шалқыды көкке от өрiп.
Самсаған шарлар қалқиды,
Кетердей жердi көтерiп.
Көктемнiң күмiс жаңбыры
Тазалап кеткен көшеде,
Шырқалды бақыт əн-жыры,
Төгiлдi күйлер нешеме.
Көшенi кернеп барады,
Еңбек пен теңдiк, туыстық.
Қабылдап тұрды парадты:
Бейбiтшiлiк пен 
Тыныштық!

21
ҚЫСТА ҚҰСТАР ҚАДIРЛI
Жер ақ қарға оранды,
Күн аязды, боранды,
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.
Мұрынымыз қызарып,
Құлақтарды үсiттi.
Қысқа түндер ұзарып,
Кидiк тон мен iшiктi.
Суық торғай – сұр торғай
Кетпей қалды басқадай.
Суықта да жүр торғай,
Туған жерiн тастамай.
Құстар бiзге ұнайды,
Туған жерде жүретiн.
Суығына шыдайтын,
Ыстығына күйетiн.
«Нағыз құстар солар», – деп,
Қадiрлеймiз аса бiз.
«Қарны ашып қалар», – деп,
Күн сайын жем шашамыз...
ҚАРБЫЗ
Теңбiл-теңбiл қарбызды,
Тентек Серiк жарғызды.
Сонан соң оны жедi,
Жедi де, былай дедi:
– Сүйегi болмаса, етi
Неткен тəттi едi...
IНIМНIҢ АҢҚАУЛЫҒЫ
Монтер ағай келдi де,
Бағананың қасына.
Үзiк сымды көрдi де,
Өрмеледi басына.

22
Əлi өрмелеп барады,
«Ту басына жетем», – деп.
Қарап тұрмыз ағаны,
«Құламаса екен», – деп.
Шыбық атпен шапқылап,
Келдi мұнда iнiм де.
Сөйлеп тұрды ол аптыға
Бағананың түбiнде:
– Аға, мынау кiм өзi,
Құламай ма бұл кенет?
Қызық екен мiнезi,
Онда ұя iздеп жүр ме? – деп.
АҚЫЛ ҚАЙДА?
Ақ мамасы сүйiктi
Қойдың басын үйiттi.
Былбыратып пiсiрдi,
Табаққа əкеп түсiрдi.
Тойып алып миына:
Дедi бала ақыры:
– Мына қойдың, шынында,
Тəттi екен ақылы.
ƏҢГIМЕ
Каникулда көргенiн
Бəрi де айтып жатқан-ды.
Сонда Болат ер көңiл
Бəрiмiзге мақтанды.
Келемеждеп ойнап та:
«Болат жалқау», – десек те,
Каникулда ол қой баққан,
Мiнiп алып есекке.

23
Болат жайсаң жайлаумен
Достасып-ақ кетiптi.
Қора қойды айдаумен,
Каникулы өтiптi.
Болат бiздiң бiр күнi
Мылтық алып жатыпты,
Ұстапты қу түлкiнi,
Қасқырды да атыпты.
Бiрде адасып кетiптi,
Атасымен тұманда.
Əзер үйге жетiптi,
Сендiк бiздер бұған да.
Қатты шаршап өздерi,
Болдыртыпты қойларын.
Шүңiрейген көздерi,
Суық алған бойларын.
Үш күн шарлап алапты,
Адасқаны шын анық.
– Сонда қайдан тамақты,
Iштiңдер? – деп сұрдық,
Болат түйiп қабақты
Сасып қалды күйбеңдеп:
– Тамақты ма? Тамақты...
Iшiп тұрдық үйден кеп...
АЙТҚАНЫ ДҰРЫС ПА?
Төрде отырып қасқиып,
Үлкен жиын бiр тойда. 
Əкесiне бас тиiп,
Серiк миға бiр тойған.
Тəттi-ау, шiркiн, ми деген,
Дəмi ауыздан кетпейдi.

24
Бұрын қалай бiлмеген,
Дəмдi ас одан өтпейдi.
Содан берi ол қыңқылдап,
«Ми жеймiн», – деп көнбейдi.
Омыртқаны көрсе де,
«Миын алып бер», – дейдi.
КƏМШАТ
Кəмшат шықты далаға,
Iсi оның шала ма?
Бiр аяқта ақ түстi,
Бiр аяқта көк түстi
Киiп апты сандалын,
Күлдiрдi кеп жан-жағын.
ЗЕРЕК БАЛА
Əкесiнiң есiмiн,
Жазып берер,
«Жаз» десең.
Жазар шеше есiмiн,
Егерде оны аз десең.
Жаза бiлер ол егер,
Қолға берсең қаламсап.
Зуылдата жөнелер,
«Əлiппеңдi» ала сап.
Талай-талай тақпақты,
Шəрiп тұрып жатқа айтты.
Оны бəрi мақтапты,
Оған теңеу таппапты:
– Жақсы оқиды-ау, шамасы,
Қандай естi, қарашы!
Ерте өскен санасы,
Бұл кiмнiң, – деп, – баласы?

25
Бiлгендерден сұраса,
Зеректердiң бiрi екен.
Бiрiншiге жаңадан
Барайын деп жүр екен...
БАЛАБАҚША ЖАҚСЫ МА, 
МЕКТЕП ЖАҚСЫ МА?
– Балабақшада жақсы ма,
Əлде мектеп жақсы ма? –
Дедiк бiздер Сақышқа,
– Айтшы, кəне, айтшы, ə!
Мектеп жақсы, ұнапты
Оқытқаны сабақты.
– Бiрақ бақша сияқты,
Бермейдi ол тамақты...
ЛƏҢГIЛIК ҚЫЛ
Лəңгiлiк қыл iздеп,
Күнiмен сабылды.
Кешке қойлар келгесiн,
Бiр амалы табылды.
Торып жүрiп қойлардың
Қораға кеп жатарын,
«Бақ-бақ» еткен текенiң
Кесiп алды сақалын.
АЯЗДЫ КҮНI
Далада аяз, қашан ғана тыншиды?
Мұрынды бiр,
Құлақты бiр шымшиды.
Үйде Асан ыстық көже iше алмай,
Iшек-қарны шұрылдайды, сыңсиды.

26
Темiр қасық! Қалай аузы күймейдi?
Қасығы да ернiне бiр тимейдi.
Тиiп кетсе, ернiн қасық күйдiрiп,
Асан батыр баж етiп зар илейдi.
Суығанша төзiмi оның жетпедi,
Көженi алып тысқа қарай беттедi.
Қар үстiнде суысын деп тұрғанда,
Қос құлағы аз-ақ үсiп кетпедi.
МƏНIСI
Атасы үнсiз,
Əжесi де үнсiз.
Папасы да үнсiз,
Мамасы да үнсiз.
Отырады меңiреу,
Адамдардай тiлсiз.
Бiр-бiрiне тiл қатса,
Сөйлеседi iшiнен.
Бөлме iшiнде жүредi,
Аяғының ұшымен.
Даладағы итi де,
Арс-арс етiп үрмейдi.
Қызыл қасқа сиыры
Мөңiреудi бiлмейдi.
Радио да самбырлап,
Сөйлемейдi, күлмейдi.
Тоқтап қалған сағат та,
Сырт-сырт етiп жүрмейдi.
Мазаны алып ызыңдап,
Ұшпайды да шыбын...
Бiлмек болсаң, балалар,
Бар мəнiсiн мұның:
Үйдегi ерке Батыр
Сабақ оқып жатыр!..

27
ЖАСЫРЫНБАҚ ОСЫ МА?
Күндердiң бiр күнiнде
Жасырынбақ ойнадық.
– Кетiп қалма үйiңе,
Бекер əуре болмайық, –
Дедi Сапақ:
– Алдымен
Мен тығылам, сен iзде!
Көздi жұмып қалдым мен,
Беттi берiп терiске.
– Ал, iздеймiн, сақтан, – деп,
Iздеп жүрмiн жүгiрiп.
Жуық маңнан тапқам жоқ,
Қайда жатыр тығылып,
Ауылды сан шарладым,
Қарап қора, ақырды.
Мен қай жерге бармадым,
Таба алмадым ақыры.
Жүйкелеген күйiмде
Қарным ашып қабысып,
Соға кетсем үйiне,
Отыр Сапақ шай iшiп.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал