Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет9/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

99

лекет  болуы  туралы  мәселе  тұрды. бұған  жетудің  өзі  алда 

тұрған міндет еді. 

Сондықтан да жаңа конституцияға «Қазақстан Республи-

касы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеумет-

тік  мемлекет  ретінде  орнықтырады»  деп  жазу  ұйғарылды.  

бұл дегеніміз Қазақстанның осындай мемлекетті құру жолы-

мен жүріп бара жатқанын көрсетуші еді. 

Жаңа  конституцияда  басқарудың  түрі  туралы  мәселені 

түпкілікті  шешудің  төтенше  маңызы  болды.  1993  жылғы 

конституцияда бұл мәселеге нақты жауап болмаған еді. ол 

конституция Қазақстанды республика деп жариялағанымен, 

оның нақ қандай екенін анықтап көрсетпеді. ол кезде Қазақ-

станда  президенттік  және  парламенттік  республиканың 

екеуінің де белгілері бар еді. бір жағынан, Президент мемлекет 

басшысы болып табылды. екінші жағынан, конституцияның 

құрылымында Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент тура- 

лы тараудың алдында тұрды, мұның өзі мемлекеттік иерар-

хияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін 

көрсетті. бұл конституцияның кейбір басқа да ережелерінде 

де  көрініс  берді:  мысалы,  конституциялық  құрылыстың 

негіздері  туралы  төртінші  ережеде  Қазақстанның  бүкіл 

халқының атынан сөйлеу құқығы тек қана Жоғарғы кеңес пен  

Президентке тән деп көрсетілген (яғни Жоғарғы кеңес бірінші 

орында көрсетілген). Сол сияқты, Жоғарғы кеңес Президент  

пен Вице-президенттің орындарынан түсуін қабыл алу үшін  

депутаттардың жалпы санының 2/3 дауысы жеткілікті деді, ал  

бұл жерде оларды бүкіл халық болып сайлағаны ескерілмеді. 

Сөйтіп,  Қазақстанда  мемлекеттік  мәселелерді  шешу 

үшін құқықтар мен жауапкершілікті конституциялық жолмен 

бөлісудің ешқандай да айқын ережесі болмады. 

Парламенттік  республика,  анықтама  бойынша,  –  бұл 

мем лекеттік билікті жүзеге асырудың саяси партиялар бас-

ты  рөл  атқаратын  түрі,  ал  олардың  әрқайсысы  өз  мақсат- 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

100

тарын  көздейді.  Өзінің  әлеуметтік  базасына  сүйенген 

ірі  саяси  бірлестіктердің  болмауы,  олардың  әлі  пісіп-

жетілмеуі жағдайында парламенттік республика туралы сөз 

қозғаудың өзі мүмкін емес еді. Қазақстан үшін бұл модельдің 

жарамайтындығын  дамыған  демократиясы  бар  елдердің 

тәжірибесі  де  көрсетті.  Парламенттік  республикаға  тән 

белгілер – жиі-жиі болатын саяси дағдарыстар, заң шығару 

органдарының жиі-жиі сайлауы және үкіметтің қайта-қайта  

ауысуы. бұл өзінің тәуелсіздігін аса қатаң экономикалық дағ- 

дарыс  жағдайында  құрып  жатқан  жас  мемлекетті  сөзсіз 

берекетсіздік пен тоқырауға апарып соқтырар еді. Ал реформа-

ны іске асыру үшін тұрақты мемлекеттен маңызды ештеңе жоқ. 

Жаңа конституция Қазақстанды президенттік Республика 

деп жариялады. менің жоғарыда айтқанымдай, президенттік 

басқару  түрін  таңдап  алу  кездейсоқ  емес  еді.  Қазақстан 

жағдайында ең ықтималды болатын және қоғамның саяси 

және  экономикалық  жүйесін  реформалауға  ең  қолайлы 

алғышарттарды жасайтын басқарудың дәл осы түрі еді. 

Сонымен  бірге  Қазақстан  Президентінің  өкілеттілігі 

шексіз емес. Сол сияқты, өкімет билігін асыра пайдалануға 

мүмкіндік бермейтін шектеулер мен кедергілер жүйесі оған да 

қолданылатын еді. конституцияның 3-ші бабында көрсетілген 

мемлекеттік  биліктің  біртұтастығы  және  оның  тармақтарға 

бөлінуі  туралы  принцип  те  ұзаққа  созылған  пікірталастың 

нысанына айналды. бұрынғы конс титуцияда, кейбір батыс 

елдерінің тәжірибесіне орай, сол биліктің өзін бөлу туралы 

әңгіме көтерілген-ді. бірақ тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан 

жағдайында  бұл  шешім  әртүрлі  мемлекеттік  институттар 

арасындағы қақтығыстардың тууына, әрбір «билік» өздерін бір- 

бірінен тәуелсізбіз деп есептейтін қателерге ұрындыратын еді. 

Жаңа  конституцияда  біртұтас  мемлекеттік  биліктің  үш 

тармаққа бөлінуінің тетіктері қарастырылған; ал мұның өзі, 

бір жағынан, олардың тығыз ынтымақтасып қызмет жасау 



1995 жылғы 

к

онституция



101

мүмкіндіктеріне,  ал  екінші  жағынан,  өзара  бірін-бірі  шек-

теп  отыруына,  конститу цияда  және  заңдарда  көрсетілген 

құзіреттеріне араласпауына бағдарланған. 

Сонымен бірге, конституцияның 4-ші бабында «қолда-

нылатын  құқық»  деген  ұғым  берілген,  ол  бұрынғы  кон-

ституцияда  болмаған  еді.  мұнда  ратификацияланған 

халықаралық  шарттардың  Рес публика  заңдарынан  (бірақ 

конституциядан  емес)  басымдығы  болады  деп  көрсетілді. 

бұл ереженің болуына халықаралық құқықтың басымдығын 

жақтайтын  кейбіреулер  риза  болмады.  Дегенмен,  түптеп 

келгенде,  баптың  осындай  редакциясы  қабылданды.  бұл 

ереже кейіннен конституция ережелерінің жоғары тұруына 

негізделген бірыңғай қолданбалы құқықтың тәжірибесін қа-

лыптастыруға қатты көмектесті. 

конституцияның  5-ші  бабында  демократияның  басты 

белгісі  –  идеологиялық  және  саяси  көптүрлілік  бірінші  рет 

жарияланды.  бұл  ереже,  басқаларын  былай  қойғанда, 

саяси  партиялар  мен  түрлі  қоғамдық  бірлестіктердің  еркін 

қызмет  жасауын  да  қарастырған. мұның  өзі:  осы  кезеңде 

идеологиялық  мәселеде  осыншама  еркіндіктердің  болуы 

қажет пе, бұл оның тұрақтылығына зиянын тигізбей ме? – 

деген сұрақтар туғызды. Соған қарамай, біз демократияның 

пайдасына осындай шешім қабылдадық. 

бұл  тұста  мен:  саяси  саналуандықтың  болуын  бетімен 

ке тушілікке айналдырмау керек деп атап көрсеттім. осыған 

байланысты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, 

республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті 

бүлдіруге,  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық,  діни,  тектік  және 

рулық  алауыздықтарды  өршітуге  бағытталған  қоғамдық 

ұйымдардың құрылуына да, олардың мұндай іс-әрекетіне де 

тыйым салынды. бұл әсіресе орталық Азияда халықаралық 

лаңкестіктің  таралуына  және  экстремистік  топтардың 

құрылуына байланысты өзін-өзі ақтаған шешім болып шықты. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

102

конституцияның 6-шы бабында бекітілген мемлекеттік 

меншік  пен  жеке  меншікті  бірдей  қорғау  принципінің  іс 

жүзінде  зор  маңызы  бар.  бұл  жерде  осымен-ақ  тоқтауға 

болушы  еді,  бірақ  кейбір  сарапшылардың  қарсылығына 

қарамастан, конституцияға: «меншік қандай түрде болса да, 

ол қоғамның игілігіне де қызмет етуге тиіс» деген толықтыру 

енгізілді. 

біздің  Негізгі  Заңның  тағы  бір  жағымды  жағы  –  онда 

жер мәселесінің шешілуі болды. конституциялық тұжырым:  

«Жер,  сондай-ақ,  заңда  белгіленген  негіздерде,  шарттар 

мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария-

лады. 1993 жылғы  конституция мұндай мүмкіндікті жоққа 

шығарған еді. 

осылай бола тұра, жер және оның қойнауы, су көздері, 

өсім діктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурс-

тар  бүтіндей  мемлекет  меншігінде  қалды.  бұл  көзқарасты 

конституцияның  жобасын  жасауға  қатысқандардың 

барлығы бірдей қолдаған жоқ. Жеке меншіктің барып тұрған 

жақтаушылары  барлық  затқа  жеке  меншік  болсын  деген 

пікірде болды. Сондай-ақ, жұмыс тобы мүшелерінің көпшілігі 

адам қолымен жасалынбаған заттардың жеке меншікте болуы 

негізсіз деп есептеді. біздің жеріміздің байлығы бізге Алла-

дан берілген, сондықтан оны ата-бабаларымыз көздерінің 

қарашығындай  сақтай  білген,  ол  бізден  бұрын  да  болған, 

бізден кейін де болады, сондықтан ол тек біздерге ғана емес, 

келер ұрпаққа да тиісті. осындай көптеген ескертулер жобаны 

бүкіл халық болып талқылаған кезде де түсіп жатты. 

Жаңа конституцияның сөзсіз үлкен жетістігі тіл мәселесін 

шешудегі  ұлттық  мүдделердің  айшықты  көптүрлілігін 

мүлтіксіз  қанағаттандыруында  болып  табылады.  Негізгі 

Заңда:  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  тіл  – 

қазақ тілі. мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі 

басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен 



1995 жылғы 

к

онституция



103

тең қолданылады.  мемлекет Қазақстан халқының тілдерін 

үйрену  мен  дамыту  үшін  жағдай  туғызуға  қамқорлық  жа-

сайды»  деп  атап  көрсетілді.  Негізгі  Заңның  осы  ережелері 

ел  халқының  бір  бөлігінің  өздерінің  де,  ұрпақтарының  да 

болашағы үшін алаңдауын қойғызды. Сонымен бірге, шын 

мәнінде кең тараған орыс тілі заңды түрде ешқандай мағына 

бермейтін «ұлтаралық қатынастар тілі» деген терминмен ата-

луын тоқтатып, мемлекеттік тілмен бірдей қызмет атқаратын 

конституциялық кепілдіктерді алды. 

мемлекеттің  сыртқы  саясатының  принциптерін  тұжы-

рымдау барысында  конституцияның 8-ші бабында әртүрлі 

ұсыныстар,  соның  ішінде  бейтараптықты  жариялау  тура-

лы  да  қарастырылды.  түптеп  келгенде,  өтпелі  кезеңнің 

қиындықтарын жеңу үшін басқа мемлекеттермен белсенді ин- 

теграция саясатын жүргізудің орынды екендігі мойындалды. 

конституцияда белгіленген жеке бастың мәртебесі жал-

пы  мойындалған  халықаралық  стандартқа  жауап  береді, 

өйткені  онда  адам  құқықтары  мен  бостандықтары  туралы 

негізгі халықаралық құжаттардың маңызды принциптері және 

нормалары қамтылған еді. конституция арқылы реттелетін 

кеңістіктің жалпы және мемлекеттік ерекшеліктің негізгі сипат-

тары Негізгі Заңда, қоғамның ең жоғарғы құндылығы болып 

табылатын  адамның  тумысынан  жазылған,  олардан  ешкім 

жоя алмайтын құқықтары тұрғысынан берілген-ді. 

Жаңа конституцияның төтенше маңызды жетістігі – сөз 

жоқ, онда өмірлік тәжірибемен бекітілмеген құрғақ құқықтар 

мен бостандықтарды босқа жариялаудан бас тартудың айқын 

жазылғандығы болды. Құқықтардың ең үлкен көлемі кеңестік 

конституцияларда жазылғаны мәлім.  бірақ олар бар-жоғы 

саяси ұрандар ғана еді. Өмірлік шындыққа жанаспайтын және 

еш уақытта аяғына дейін іске асырылмайтын. іс-тәжірибеде 

конституцияның  нормаларын  ешкім  де  қолданған  жоқ. 

Негізінен,  істің  барлығы  коммунистік  партияның  орталық 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

104

комитеті  мен  министрлер  кеңесінің  актілері  арқылы  рет- 

теліп отыратын. 

мен  ақиқатты  конституцияда  бояп  көрсетудің  керегі  

жоқ,  ол  Негізгі  Заңның  маңызын  құнсыздандыруға  апа-

рып  соғады,  оны  бар-жоғы  қайтадан  жылтырақ  бос  сөзге 

айналдырады  деп  есептедім  және  осы  ойымды  жұмыс 

тобының мүшелеріне ашық айттым. барлық конституциялық 

құқықтардың шынайы болуы, конституциялық нормалардың 

тікелей  қолданылуы  үшін  қажетті  нәрселерді  жасау  керек 

болды. Қазіргі жағдайда ешкім де еңбек ету, тегін денсаулық 

сақтау  және  білім  алу  құқықтарын  қамтамасыз  ете  алмай-

тын еді. Пайдасыз, құр босқа мәлімдеуден бас тарту қажет 

болды.  олардың  орнына  жаңа  конституцияда:  еңбек  ету 

бостандығының,  қызмет  пен  кәсіп  түрін  еркін  таңдаудың, 

заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін 

алудың, тегін орта білім алудың құқықтары жарияланды. 

конституцияны шынайы ететін тағы бір маңызды тетік 

– оның тікелей әсерінде, былайша айтқанда, заңға сәйкес 

келетін  басқа  актілердің  болу-болмауына  қарамастан  ту-

ралай  қолданыс  күшінің  болуында  еді.  бұл  дүние  жүзінде 

кең  тараған  және  елдердің  бәрі  мойындаған  тәжірибеге 

айналған.  конституцияның  барлық  ережелері  бүгіндері 

жұмыс істеп тұр және Қазақстан азаматтарының құқықтарын 

шынайы қорғауда. 

Сонымен  бірге,  конституция  енді  конституциялық 

құқықтардың  қатаң  кепілдіктерін  де  қарастырған.  егер  де 

бұрын  азаматтардың  құқықтарын  мемлекет  тарапынан 

уәкілдік  берілген  органдар  кез  келген  сылтаумен  шек-

тей  алатын  болса,  енді  конституцияның  39-шы  бабында: 

«Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары 

конституциялық  құрылысты  қорғау,  қоғамдық  тәртіпті, 

адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын,  халықтың  ден-

саулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада 

ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін» деп көрсетілген. 


1995 жылғы 

к

онституция



105

конституция  екі  палаталы  Парламентті  құрды.  оның 

қажеттігі туралы пікірталас біздің қоғамда көптен бері келе 

жатқан,  бірақ  1993  жылғы  конституцияда  бәрібір  іске 

аспап  еді.  біртұтас  мемлекеттік  билікті  бөлудің  жүйесінде 

Парламенттің заң шығару әрекетіне негізделген қызметтері 

айқын  анықталды.  Әлбетте,  бұл  құқықтық  кеңістік  белгілі 

бір  конституциялық  шеңбермен  шектелген,  бірақ  солай 

болғанмен  де,  ол  жеткілікті  түрде  кең  және  қоғамдық 

қатынастарды заңмен реттеп отыруға әбден қабілетті. 

Халықаралық  тәжірибедегі  Жоғарғы  өкілетті  органға 

қатысты  қабылданған  құзіреттер  (мемлекеттік  бюджетті 

бекіту,  Үкімет  қызметінің  бағдарламасына  келісу  немесе 

келіспеу,  Премьер-министрді  тағайындауға  келісім  беру, 

Үкіметке сенімсіздік білдіру, палаталардың Үкімет мүшелерін 

тыңдауы  және  оларды  босату  туралы  Президентке  ұсыныс 

енгізуі)  біздің  конституцияда  Қазақстан  Парламентіне  де 

бекітіп берілген. Сонымен бірге биліктің басқа да тармақтары 

сияқты, Парламент те өзінің мүмкіндіктерін және заң шығару 

процесінің негізін реттейтін конституцияның рухы мен маз-

мұнына бағынған. 

Жаңа конституция Үкіметтің мәртебесін және өкілетті-

лігін  анықтауда  жаңа  қадамдарды  орнықтырды.  Атқару 

органдарының  жүйесін  басқара,  олардың  қызметтеріне 

жетекшілік  жасай  және  өз  алдына  басқару  шешімдерін 

қабылдай  отырып,  Үкімет  экономика  мен  әлеуметтік 

саладағы  істің  жағдайына  жауапкершілікпен  бүтіндей 

жауап  береді.  Сонымен  бірге,  жалпыхалықтық  талқылау 

кезінде  Үкімет  мүшелерінің  иммунитеттерін  қарастырған 

ереже алынып тасталды.  бұған дәлел болған – қандай да 

болмасын  мемлекеттік  қызметкерлердің,  әсіресе  атқару 

билігі өкілдерінің сыннан тысқары қалмауы еді. Құқықтық 

мемлекеттің қалыптасу процесі 1995 жылғы конституция-

ны қабылдағанға дейін енді ғана күшіне еніп келе жатқан 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

106

болатын, сондықтан да соттық-құқықтық жүйенің тиімділігін 

қамтамасыз  ету  экономикалық  проблемаларды  шешуден 

бірде-бір кем соқпайтын міндет еді. бізге мұра боп қалған ескі 

сот жүйесі соттардың құқық қорғаушылық міндеттерінің толық 

іске асуын қамтамасыз етпеді. онсыз меншік қатынастарын 

дамыту  тіпті  мүмкін  емес  еді.  ол  кәсіпкерлік  бастамаларға 

құрсау болды. Ал әділетті сот жүргізудің өркениетті жүйесінің 

және нағыз тәуелсіз соттардың болмауы заңның орындалмау 

жағдайларын көбейтіп жіберді. 

осының барлығы сот жүйесін шешімді түрде реформалауға 

алып келді, соның барысында жалпы соттар мен төрелік соттар 

жүйесі біріктірілді. төрелік соттар таратылды. Себебі олар шын 

мәнінде арнайы соттар еді, қатарлас соттар жүйесі тек заңдық 

тұлғалардың арасындағы шаруашылық дауларын қарау үшін 

ғана қызмет жасайтын. енді соттар мен сот қызметшілерінің 

мәртебесі заңнамалық түрде анықталды да, бұл әділетті сот 

жүргізудің құқықтық кепілдіктерін күшейтті. 

Сот әділдігін шын мәнінде әділетті және риясыз жүргізуге 

сот корпусын қалыптастырудың конституцияда көрсетілген 

тетіктері септігін тигізеді. осы бір жаңартылған механизмде 

Жоғарғы  сот  кеңесіне  және  Әділеттің  біліктілік  алқасына 

маңызды рөл берілді. 

Жергілікті  жердегі  соттардың  сайланып  қойылуының 

орнына енді оларды ел Президенті тағайындайтын болды, 

ал  мұның  өзі  олардың  тәуелсіздігін  жергілікті  жерлердегі 

ықпалдан  қорғайтын  болды.  Жоғарғы  соттың  судьялары 

енді  Президенттің  ұсынысымен  Парламенттің  Сенатында 

сайланады. 

тағы бір есте қаларлық жағдай, еліміздің конституция-

сы, тұңғыш рет, бұрынғы конституциялық Соттың орнына, 

консти туциялық кеңес сияқты мемлекеттік органды құрды. 

бұл  шешім  оңайға  түскен  жоқ.  оның  астарында  жатқан 

объективті  негізі  бар  еді.  оны  қабылдамас  бұрын,  мен 



1995 жылғы 

к

онституция



107

конституциялық Соттың бүкіл құрамымен, Жоғарғы соттың 

мүшелерімен,  ғалым-заңгерлермен  кездестім.  олар  осы 

бір  мемлекеттік  органның  біздегі  үш  жылдық  қызметінің 

тәжірибесіне және әлемдік қолданыстағы тәжірибеге сүйене 

отырып, сонымен бірге конституциялық Соттың қызметіндегі 

болған кемшіліктерді ескере келіп, конституциялық сот ісін 

жүргізуді реформалауды ұсынды. 

Сонымен  бірге  осы  реформаның  үш  түрлі  нұсқасы 

ұсынылды. біреулері бұл органның ескі атын сақтай отыра, 

оған  конституциялық  кеңестің  функцияларын  беруді 

ұсынды.  Алайда  бұлай  жасау  ешбір  логикаға  сыймайтын. 

тағы  бір  нұсқада  барлық  сот  функцияларын  (сол  сияқты 

конституциялық  бақылаудың  функцияларын  да)  Жоғарғы 

Сотқа  біріктіру  ойластырылды.  мәселені  осылай  шеш-

кен  кезде  конституциялық  бақылау  маңызының  белгілі 

дәрежедегі  құнсыздануы  айқын  болатын,  өйткені  бұл 

қызметін Жоғарғы Сот басқа да істерді қарай отырып қатар 

атқарар еді. Президенттік басқару формасы жағдайындағы 

конституциялық  кеңес  консти туциялық  заңдылықтарды 

қорғау үшін құрылатын органның бірден-бір қолайлы моделі 

болып  табылады. ол  конституцияға  сәйкес  қабылданатын 

заңдарға тек конституциялық бақылау жасап қана қоймай, 

сонымен бірге елімізде қабылданатын заңнамалық актілердің 

сапасына кепіл болатын, өзінше бір қосымша сүзгі қызметін 

атқаратын. Сонымен бірге ол саяси тартыстардан шет тұратын. 

Содан  бергі  өткен  жылдар  конституциялық  кеңестің  өзіне 

қойылған  конституциялық  құқықтар  мен  бостандықтарды 

қорғау міндетін ойдағыдай орындайтынын көрсетті. 

конституциялық кеңес заң шығару және қалыптылықты 

ұғыну саласындағы істерді қарай отырып, мемлекеттік орган-

дар  арасындағы  келіспеушіліктерге  төреші  болып  отыр-

ды.  оның  қаулылары  көптеген  күрделі  саяси  шешімдерді 

қабылдау жағдайында байсалды қолдаушы болды. бұл жерде 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

108

әңгіме  «Қа зақстан  Республикасының  дін  ұстану  және  діни 

ұйымдардың  қызметі  туралы  кейбір  заңнамалық  актілерге 

өзгерістер  мен  қосымшалар  енгізу  туралы»,  «бұқаралық 

ақпарат  тарату  құралдары  туралы»,  «Қазақстан  Республи-

касында  халықаралық  және  шетелдік  коммерциялық  емес 

ұйымдардың қызметі туралы» және т.б. заң актілеріне қол 

қою барысында қалыптасқан ахуал жөнінде болды.  менің 

ұсынысым  бойынша конституциялық кеңес  бұл  заңдарды 

қарап, конституцияға сәйкес емес деп тапты. конституциялық 

ке ңестің  қаулыларына  менің  қарсылық  білдіруге  қақым 

бар еді, бірақ оның шешімдерімен келісе отырып, мен олай 

істемедім. 

Халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерін өз бетімен 

шешуді  қамтамасыз  етуге  тиісті  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

институтын мойындау Жаңа конституцияның елеулі жетістігі 

болды. Адамның шынайы өмірі негізінен қалада, ауданда, 

ауылда,  селода  өтетінін  ескерсек,  осынау  конституциялық 

ереженің маңызын айқын көреміз. Атап айтқанда, олар сонда 

өмір сүреді, сонда еңбек етеді, өздерінің өмірлік проблемала-

рын сонда шешіп отырады. осыған байланысты, заң шығару 

арқылы материалдық-заттық мазмұнмен толықтырылуға тиісті 

жергілікті өзін-өзі басқару шеңберінде, әрбір азаматтың өзіне 

тән өмірлік жоспарлары мен ойларын іске асыруға, азаматтық 

белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндігі болуы керек. 

Жобаны енді бұқаралық ақпарат құралдарында жария-

лайық  деп  тұрған  соңғы  күндерде  тағы  бір  дау  туып  кетті. 

біздің жұмы сымызға көмектесіп отырған француз мамандары 

кез келген уақытта Президент Парламентті тарата алады деген 

бапты  енгі зуді  ұсынды.  осы  идеяны  бірталай  адамдардың 

қолдағанына  қарамастан,  жобаға  менің  талап  етуіммен, 

Парламент өкілдігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын нақты 

заңдық негізде қарастыратын жұмсағырақ тұжырым енгізілді. 

бұл  тұжырым,  Президентке  импичмент  жасау  туралы  ере-



1995 жылғы 

к

онституция



109

жемен қатар, мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылыққа кепіл 

болатын  шек  қоюлар  мен  кедергілер  жүйесінің  маңызды 

элементі болып табылатын еді. Өйткені басты мақсат билік 

тармақтарының  бірігіп  жемісті  қызмет  жасауының  ақылға 

сыйымды жүйесін құру болатын.



к

онституцияның

 

ҚАбылдАнуы

, 1995 

жыл

Жаңа конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылау 

үшін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланғанынан 

кейін-ақ,  шын  мәнісінде  оның  жұмысына  бүкіл  ел  кірісті 

деп айтуға болады. Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен 

жобаға қатысты күнделікті түсіп отырған ұсыныстар бойын-

ша  мәліметтер  топтамасы  жасалынды.  күніне  осындай 

ұсыныстардың бірнеше папкасы түсетін. Сонымен бірге баспа- 

сөзде жарияланып жатқандарды да естен шығармау қажет 

болды. 


талқылаудың  бірыңғай  пікірде  болмағанын  айтуымыз 

қажет.  конституцияның  дайындалған  жобасын  жұрттың 

барлығы бірдей қолдаған жоқ. баспасөзде оны сынға алған 

жарияланымдар аз болмады. тіпті заңтану мамандарының 

өздері  де  жаңа  тұрпатты  конс титуцияны,  оның  жасампаз 

жақтарын бірден қабылдаған жоқ. 

конституцияның жобасы жарияланған бірнеше күндер-

ден кейін, сол кезде қызмет жасап тұрған конституциялық 

Соттың  алты  судьясы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында, 

оның ішінде көптеген шетелдік құралдарда да: «ұсынылған 

конституциялық  модель  Республиканы  демократиялық, 

құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  деп  тануға  негіз 

бермейді», ал билікті бөлудің прин циптерін бұрмалау «тек 

қана президенттік емес, сонымен бірге бүтіндей басқарудың 

республикалық түрін де күмәнді жасайды» деген мәлімдеме 

жасады. Сонымен бірге конституциялық Сот судьяларының 

басқа  бөлігі  өз  әріптестерінің  бұл  пікірлерімен  үзілді-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал