Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет8/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

87

«Соттың  қабылдаған  шешімі  бәріміз  үшін  де  күтпеген  

оқиға болды. Мемлекетіміздің тарихында бұрын-соңды мұндай 

болған емес. Мен мемлекеттік биліктің орнықтылығын жақтап 

келдім және әлі де жақтай беремін. 

Өйткені  біздің  жүргізіп  жатқан  реформаларымыздың 

тағдыры осыған байланысты, бұл ретте еліміздің бұдан бір жыл 

бұрын сайланған парламентінің де атқарар қызметі аз емес. Мен 

Жоғарғы Кеңеске үлкен үміт артамын. Әрине, таластар, шамадан 

тыс қызбалық ұшырап қалатыны да рас. Дегенмен біз алғашқы 

кезден бастап жемісті тіл табысуға қол жеткізіп келгенбіз. 

Жуырда биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары 

арасында  келісімді  ықпалдастықты  қамтамасыз  ету  туралы 

келісімге  қол  қойысқанымыз  –  соның  айғағы.  Енді,  міне, 

Конституциялық  соттың  шешімі  төбеден  түскендей  оқиға 

болып  отыр.  Тек  парасаттылық,  ұстамдылық,  заңға  мүлтіксіз 

бағыну ғана біз үшін бірден-бір дұрыс шешім тауып, парламент 

дағдарысына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. 

Сөйте тұрса да, Конституциялық соттың шешімі, кімнің мүд-

десін қозғаса да, оған құрметпен қарауымыз керек. Тек сондай 

жағдайда ғана Қазақстан шынында да құқықтық мемлекетке, 

заңның  салтанат  құруына  қарай  бағыт  алып  бара  жатыр  деп 

айта аламыз».

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы 

Президентінің Мұрағаты

Сол  күні-ақ  заңның  өзіме  берген  құқығын  пайдалана 

отырып,  конституциялық  соттың  қаулысына  қарсылық 

білдірдім. келесі күні, 9 наурызда дәл осындай қарсылықты 

Жоғарғы кеңес төрағасы Әбіш кекілбаев та енгізді. Алайда, 

«егер  консти туциялық  сот,  судьялардың  жалпы  санының 

үштен  екісінің  дауысымен  бұрынғы  қаулысын  жақтап 

шықса, ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді», – де- 

ген  Қазақстан  Республикасы  конституциясының  131-ба-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

88

бына  сәйкес,  біз  енгізген  қарсылықты  конституциялық 

сот  тойтарып  тастады.  Жекелей  алғанда,  1995  жылы  10 

наурызда  қабылдаған  шешімінде  конституциялық  сот: 

«Қазақстан  Республикасы  конституциясының  131-бабын, 

«Қазақстан Республикасындағы конституциялық сот жүргізу 

туралы»  Заңның  14,  25,  26-баптарын  басшылыққа  ала 

отырып, «Президент пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

кеңес  төрағасының  қарсылықтары  қабылданбасын  және 

конституциялық соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысы 

күшінде қалдырылсын. Ұйғарым шағым беруге жатпайды» 

деген анықтама берді. 

осы шешімге қарамастан, Жоғарғы кеңес 11 наурызда 

«конституцияға өзгерістер және қосымшалар енгізу туралы» 

конституциялық Заң және «конституциялық соттың қызметін 

тоқтата тұру туралы» қаулы қабылдады. бірақ бұл құжаттар 

енді заң тұрғысынан да, кәдімгі дұрыс ақыл-ой тұрғысынан 

алғанда да конституциялық соттың шешімін өзгерте алмай-

тын еді. конституциялық сот шығарған шешімге байланысты 

мен конституциялық сотқа жоғарыдағы қаулының құқықтық 

салдары  жөнінде  сұраныс  жасадым.  менің  сұранысымда 

мыналар болды:



«Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының аза-

матша Т.Г. Квятковскаяның талабы бойынша қабылданған 

1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысының күшіне енуіне бай-

ланысты мына мәселелерге түсініктеме беруді сұраймын: 

Конституциялық соттың бұл қаулысы 1994 жылы 7 наурызда 

өткен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сайлауын 

Конституцияға сәй кес емес деп тани ма, сондай-ақ сонда 

сайланған  Жоғарғы  Кеңес  депутаттарының  өкілеттілігін 

Конституцияға  сәйкес  емес  деп  тани  ма;  егер  Қазақстан 

Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутаттарының өкілеттілігі 

Конституцияға сәйкес келмесе, онда заңнамалық сипаты 

1995 жылғы 

к

онституция



89

бар шешімдерді кім қабылдауға құқылы; Конституциялық 

соттың шешімі 1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған 

«Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  жергілікті 

әкімшілік  басшыларына  уақытша  қосымша  өкілеттіліктер 

беру» туралы Қазақстан Республикасының Заңы әлі де күшін 

сақтайды деп тани ма?»

Дерек көзі: Қазақстан Республи-

касы Президентінің Мұрағаты

конституциялық  сот  11  наурыздағы  қосымша  анықта-

масында  мен  қойған  сауалдарға  түсініктеме  берді.  осы 

анықтамаға байланысты ел Парламентінің конституциялық 

еместігі  туралы  факты,  басқаша  айтатын  болсақ,  оның 

қызметінің заңсыздығы мойындалды. 

Сонымен  бірге,  Президентке  заң  сипатындағы  шешім-

дерге  қабылдауға  құқық  беретін  «Қазақстан  Республи-

касы  Президенті  мен  жергілікті  әкімшілік  басшыларына 

уақытша қосымша өкілеттіліктер беру туралы» 1993 жылғы 

10  желтоқсанда  қабыл данған  Заң  қайтадан  күшіне  енді. 

бұл  заңның  күші  жаңа  конституцияны  қабылдағанға  дейін 

сақталатын болды. осы кезеңде заңдық күші бар, ең бастысы, 

экономикалық салада елдегі реформаның қарқынын еселеп 

арттырған  және  даму  бағытымызды  нақтылап  анықтауға 

көмек берген мемлекет өмірінің барлық негізгі жақтары бо-

йынша жалпы алғанда Президенттің 140 жарлығы шықты. 

Дәл осы уақыттарда Президенттің «Жер туралы», «Жер 

қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «мұнай ту-

ралы», «Шетел инвестициялары туралы» және т.б. жарлықтары 

шыққан еді. Өзінің идеологиясы бойынша нарықтық сипатта 

болған  осы  бір  заңдар  топтамасы  экономиканы  реформа-

лауды елеулі түрде жеделдетті. Жекелей алғанда, олар эко-

номиканы  ырықтандыруға,  мемлекеттің  монополиясынан 

шығаруға, еркіндікке және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

90

Уақытында болған сәтті реформалардың нәтижесінде тмД 

елдерінің ішіндегі ең үздік, халықтың үлкен сеніміне ие болған 

қос деңгейлі банк жүйесі қалыптаса бастады. 

бүкіл  елде  ашыла  бастаған  коммерциялық  банктердің  

кең  жүйесі,  өз  орайында,  жеке  кәсіпкерліктің  дамуын-

да  шешуші  рөл  атқарды.  Заңнамалық  түрде  бекітілген 

кепілдіктердің  араласуымен  елге  ірі  шетел  капиталын 

тартудың жағдайы жасалды. Жер қойнауының байлықтарын 

пайдалану жөнінде халықаралық ірі жобаларды іске асыру 

үшін елдің тартымдылығы артты. Ал бұл біздің мыңдаған аза-

маттарымызды жұмысқа тартуға және мемлекет бюджетіне 

қаржы түсіруге мүмкіндік берді. 

конституциялық  соттың  шешімдерін  басшылыққа 

ала  отырып,  мен  сол  күні-ақ,  «Қазақстан  Республикасы 

конституциялық сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулы-

сынан туындайтын шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. 

осы Жарлықтың негізінде депутаттардың қызметке орнала-

суына  көмек  көрсету,  Жоғарғы  кеңес  мүліктерін  сақтауды 

қамтамасыз  ету,  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы кеңесі 

қызметінің тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелерді 

шешу үшін мемлекеттік комиссия құрылды. 

Парламент өкілеттілігінің конституцияға сәйкес болмауы 

сол заңсыз Жоғарғы кеңестің қатысуымен құрылған үкімет 

өкі леттілігінің  де  конституцияға  сәйкес  еместігін  көрсететін 

еді. Сондықтан үкімет 11 наурызда орнынан түсуді сұрады, 

оны  мен  қабыл  еттім.  осымен  қатар  орталық  сайлау 

комиссиясының таратылуы да қабылданды. конституцияға 

және  «Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  жергілікті 

әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттіліктер беру 

туралы» Заңға сәйкес, мен Әкежан Қажыгелдинді Премьер-

министр етіп тағайындап, оған қысқа мерзімде жаңа Үкіметтің 

құрамы туралы ұсыныс беруді тапсырдым. 


1995 жылғы 

к

онституция



91

Сол күндердегі оқиғалар біздің қоғамдағы тұрақтылыққа 

және  шиеленістерді  шешуде  құқықтық  принциптерді 

қалтқысыз  ұстануға  деген  талпынысымызды  тағы  да  бір 

дәлелдеді.  мұны  кейіннен  халықаралық  қауымдастықтың 

өкілдері де талай рет атап көрсеткен болатын.



«Бұл  –  демократияның  салтанат  құруы.  Өкіметтің 

барлық тармақтары өз қызметін атқарғандықтан ешқандай 

дағдарыс  болған  жоқ.  Конституциялық  сот  сайлаудың 

заңсыз өткендігі туралы қорытындыға келу үшін жеткілікті 

мөлшерде сақтық пен пайымдылық танытты... 

Біз  сіздің  Конституциялық  сотыңыздың  шешімін 

құрметтейміз.  Қазақстанда  демократияның  едәуір 

орныққандығын бүгін бүкіл дүние жүзі түсініп отыр. Сіздер 

бұның  бәрінен  өте  байыпты  және  байсалды  өттіңіздер, 

сондықтан  да  дағдарысқа  ұшырамадыңыздар...  Бұл 

ТМД  мемлекеттері  ғана  емес,  тіпті  АҚШ-ты  қоса,  өзін 

демократиялық елміз деп санайтын басқа мемлекеттер үшін 

де жақсы үлгі болып табылады. Қазақстан демократияның 

шәкірті  емес,  ұстазы  ретінде  көріне  алды.  Бұл  үшін 

барлық  қазақстандықтар  мақтануы  керек.  Қазақстанды 

АҚШ-тың  да  мақтаныш  тұтатын  жөні  бар...  Соңғы 

оқиғалар...  Конституцияға  құрмет  көрсете  алған  Сіздің 

басшылығыңыздың да саяси беделін көтеріп тастады».

Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі  

У. Кортнидің сұхбатынан. ҚР Президентінің 

Мұрағаты


осы жерде кейбір депутаттардың конституциялық соттың 

шешіміне қарсы тұруға әрекет жасағандарын айта кетуіміз 

керек. 

бұдан 1993 жылғы қазандағы Ресей оқиғаларын қайта-



лауға ұмтылу анық байқалды. біздің де депутаттар ресейлік 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

92

әріптестері сияқты кабинеттерді басып алып, түнде ғимаратта 

қалып,  пикеттер  ұйымдастырды.  бірақ  халық  бұлардың 

ешқайсысын да қолдамады, сөйтіп шиеленіс сәтті шешілді. 

барлық  айтылған  сындарға  қарамастан,  мен  Жоғарғы 

кеңестің кеңестік дәуірден кейін қызмет жасаған екі шақы-

рылымы да, біздің барлығымыз үшін, сол кезде басталған 

қоғамды  демократияландырудың  мектебі  болды  деп 

есептеймін. бұл – мәмілеге келудің де үлкен бір мектебі еді.

к

онституция

 

жобАсын

 

әзірлеу

 

жөніндегі

 

жұмыс

Жоғарғы кеңес легитимді емес деп танылғаннан кейін, 

жаңа  конституция  әзірлеу  жұмысын  енді  созуға  болмай-

тыны анық болды. елде не Парламент, не Үкімет болмаған 

жағдайда, мен үшін Қазақстан халқының тікелей қолдауын 

алу  аса  маңызды  еді.  осы  кезде  Қазақстан  халықтарының 

Ассамблеясы  Президенттің  өкілеттілігін  ұзарту  туралы 

бүкілхалықтық референдум өткізуге ұсыныс жасады. бұл мә-

селенің дұрыс шешілуі халықтың саяси және экономикалық 

реформаларды тереңдету бағытындағы курсты қолдаумен  

парапар  еді.  оқиғалардың  одан  әрі  өрістеуі  бұның  дұрыс 

шешім  екендігін  көрсетті.  1995  жылы  25  наурызда  «1995 

жылы 29 сәуірде республикалық референдум өткізу туралы» 

№2152 жарлық шықты. онда былай делінген еді:



«Бүкілхалықтық  дауыс  беру  Қазақстан  Республи-

касындағы  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы 

ретіндегі халықтың ең жоғарғы ерік-қалауын білдіруі бо-

лып табылатынына сүйене отырып, Қазақстан халықтары 

Ассамблеясының үндеуін ескере отырып және Қазақстан 

Республикасы  Конституциясының  78-бабын,  сондай-

ақ  «Қазақстан  Республикасының  Президентіне  және 

1995 жылғы 

к

онституция



93

жергілікті әкімшіліктердің басшыларына уақытша қосымша 

өкілеттіліктер  беру  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін: 

1. 1995 жылы 29 сәуірде республикалық референдум 

өткізілсін. 

2. Республикалық референдумға: 

«1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халық болып сайлаған 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 

өкілеттігін  2000  жылғы  1  желтоқсанға  дейін  ұзартуға 

келісесіз бе?» – деген сұрақ қойылсын.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы 

Президентінің Мұрағаты

Қазақстандықтардың елімізді одан әрі қайта құру жолын-

дағы  курсты  қолдайтынын  референдумның  нәтижесі  на-

нымды түрде көрсетіп берді. Президенттің өкілеттігін ұзарту 

туралы референдумның орталық комиссиясы 1995 жылғы  

29 сәуірде дауыс берудің қорытындысын шығарды. ол мы-

надай  болды:  референдумға  қатысу  үшін  тізімге  енгізілген 

9 110 156 азаматтың дауыс беруге қатысқаны – 8 309 637 

адам, немесе 91,21%. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 

7 932 834-і өкілеттікті ұзартуды жақтады, олар – жалпы дауыс 

бергендердің 95,46 пайызы. 

бүкілхалықтық  қолдау  алғаннан  кейін  жаңа  консти-

туцияның жобасын жылдам жасауға болатын еді. Наурыздағы 

оқиғалар  оны  жылдам  қабылдаудың  қажеттігін  тағы  бір 

көрсетіп  берді.  Сол  кезде  аса  күрделі  ахуалдан  шығудың 

құқықтық  негіздері  табылған  еді.  бірақ  мұндай  төтенше 

шараларға үнемі бара беруге болмайды. Сондықтан осындай 

оқиғаларды болдырмаудың нақты кепілдері қажет болды. 

1995  жылдың  көктемінде  мен  б.  мұхамеджанов  пен  

к.  колпаковты  Әділет  министрі  Н.  Шәйкеновтың  басшы-

лығында өзім ұсынған жобамен жұмыс істеуге шақырдым. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

94

екеуі  де  кезінде  1993  жылғы  конституцияның  жобасы-

мен  белсенді  жұмыс  жасаған  еді,  сондықтан  оларға  сол 

конституцияның барлық кемшіліктері де, Жоғарғы кеңестің 

қысымымен біз амалсыз барған ымыра да белгілі болатын. 

біздің  алдымызда  әсері  әлдеқайда  мол,  соның  негізінде 

осы  заманғы,  нағыз  демократиялық  мемлекетті  құруға 

мүмкіндік  беретін  конституцияны  жасау  міндеті  тұрды. 

кейінірек, жоба дайын болғанда, 1995 жылы 22 мамырда 

Президенттің  қаулысымен  оны  талдау  және  сараптау  үшін 

Сараптамалық-консультативтік кеңес құрылды. бұл кеңеске 

12 адам кірді. Шәйкенов жұмыс тобына заңтану саласының 

корифейлері  Юрий  басинді,  Ғайрат  Сапарғалиевті  және 

майдан  Сүлейменовті  тартты.  Сонымен,  жұмыс  тобының 

құрамына мыналар кірді:

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 

Сараптамалық-консультативтік кеңес тобының құрамы 

Басин Ю.Г.

Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік 

заң институтының профессоры, заң 

ғылымдарының докторы;

Ким В.А.

ҚазМҰУ мемлекеттік құқық 

кафедрасының меңгерушісі, заң 

ғылымдарының докторы;

Колпаков К.А.

Қазақстан Республикасы Президентінің 

Жоғарғы Кеңестегі жеке өкілі, заң 

ғылымдарының кандидаты;

Котов А.К.

Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік 

заң институтының Жеке құқық ғылыми-

зерттеу орталығы директорының 

орынбасары, заң ғылымдарының 

докторы;


1995 жылғы 

к

онституция



95

Мұхамеджа- 

нов Б.Ә.

Қазақстан Республикасы Президенті 

аппаратының Заң шығару 

бастамашылығы және құқықтық 

сараптау бөлімінің меңгерушісі;

Нұрпейісов Е.К.

Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік 

заң институтының ректоры, заң 

ғылымдарының кандидаты;

Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық институтының 

директоры, Қазақстан Республикасы 

ҰҒА-ның мүше-корреспонденті;

Сүлейменов М.К. Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік 

заң институтының жеке құқық ғылыми-

зерттеу орталығының директоры, 

Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның 

мүше-корреспонденті (ғылыми 

жетекші);

Шәйкенов Н.А.

Әділет министрі, заң ғылымдарының 

докторы. 

Келісім бойынша мына құрамда шетелдік 

сарапшылар анықталды: 

Алексеев С.С.

Францияның Мемлекеттік Кеңесінің 

кеңесшісі;

Жак Аттали

Францияның Мемлекеттік Кеңесінің 

кеңесшісі;

Роллан Дюма

Францияның Конституциялық Кеңесінің 

төрағасы.

«Қазақстан Республикасы жаңа 

Конституциясының жобасы бойынша 

Қазақстан Республикасы Президенті 

жанындағы Сараптамалық-консультативтік 

кеңес туралы» 1995 жылғы 

22 мамырдағы №2292 қаулыдан

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

96

мен жұмыс тобының алдына өте қысқа мерзімде консти-

туцияның түпкілікті нұсқасына негіз бола алатын келісілген 

жобаны дайындау міндетін қойдым. 

мен ағымдағы міндеттерінен уақытша босатқан жұмыс 

тобының  мүшелері  «Алатау»  санаторийіне  орналасып, 

жұмысқа  кірісіп  кетті.  оларға  мүдделік  қысым  жасалмауы 

үшін мен олардың жоба туралы ешкіммен талқылау жасауына 

тыйым салдым. 1993 жылғы конституцияны жасауда мұндай 

қысымнан қашып құтылу мүмкін болмаған еді. ол кезде, оны 

жасауға  қатысқандардың  әрқайсысы  Негізгі  Заңды  өздері 

атқарып отырған лауазымдарына қарай ыңғайлап жіберуге: 

депутаттар  –  өкілеттілікті  заң  шығару  билігіне,  үкіметтік 

шенеуніктер  –  атқару  билігіне  көбірек  беруге  тырысқан-

ды. бірен-сарандары ғана құжатты өздері үшін емес, елдің 

болашағы үшін жасау керектігін ойлаған. 

Жұмысшы тобы жобаны жасауға кіріспес бұрын, басқа 

елдердің – тмД елдері мен алыс шетелдердің ондаған кон-

ституцияларын зерттеп алды. басты бағдар ретінде тек қана 

батыс  елдері  демократиясының  тәжірибелері  ғана  емес, 

сол сияқты Азия елдерінің тәжірибелері де есепке алынды. 

мұның өзі бұдан бұрынғы Негізгі Заңды жасағанда жіберілген 

қателерді қайталамауға септігін тигізіп, жаңа конституцияның 

сапасына жағымды ықпал етті. 

Сол  кезеңде  мен  екі  апталық  демалысқа  кеттім  де, 

бұрынырақ айтқанымдай, осы уақыттың ішінде 20 елдің кон-

ституциясын оқып шығып, солардың кейбір негізгі ережелерін 

конспектілеп алдым. кейін біз екі жобаны байланыстырдық. 

егер де қазіргі қолданыстағы конституцияны талдайтын 

болсақ,  онда  ол  Француз  Республикасының  конституция-

сына жақын болып көрінер еді. бірақ бұл бір қарағандағы 

ғана әсер болатын.  мен жұмыс тобы мүшелерінің алдына, 

кім болса да ешкімнің конституциясын көшіріп алмау, қайта 

басқа елдердің тәжірибелерін талдау негізінде, өз еліміздің 



1995 жылғы 

к

онституция



97

сұраныстарына  мейлінше  жауап  беретін  Негізгі  Заңның 

жобасын  жасау  міндетін  қойғанмын.  Сондықтан  да  біздің 

конституцияның барлық ережелерінен қазақстандықтардың 

діліне,  біз  бағдарлама  ретінде  ұстанатын  қазақ  халқының 

өткендегі дәстүрлеріне сәйкес келетін, біздің қазақстандық 

қолтаңбамыз,  біздің  өзіміздің  «меніміз»  көрініп  тұратын 

болды. 


Уақыт қыса бастады, жұмысшы тобының әуелі жобаны 

жасап  болып,  содан  кейін  оның  кейінгі  талқылауын  күтуге 

мұрсат  қалмады.  Санаторийге  күнделікті  келіп,  жұмысшы 

тобының мүшелері жасаған жұмысты талдап отыруыма және 

бірден түзетулер енгізуіме тура келді. 

болашақ  Негізгі  Заңның  әрбір  тұжырымы  көптеген 

нұсқаларда жасалып, мұқият талқыланды.  еліміздің бола-

шағын анықтайтын маңызды құжатты дайындау жүріп жат-

қандықтан,  барлық  факторларды,  барлық  көзқарастарды 

есепке алу және олардың ішінен бірден-бір дұрысын таңдау 

қажет  болды.  мен  жұмыс  тобының  әрбір  мүшесінің  өз 

пікірлерін  шешім  қабылдағанға  дейін  бүкпесіз  айтуына, 

ашық таласуына ынталандырдым, ал одан кейін соның бәрін 

жылдам ресімдеп, әрі қарай жылжу қажет болды. 

Айтыс жобаның бірінші баптарынан-ақ басталып кетті. 

мен  барлық  пікірлерді  тыңдап  алатынмын,  сосын  барып 

қана әрбір бап бойынша соңғы шешім қабылданатын. кейде 

кешкі талқылау барысында, ортақ бір пікірге келу мүмкіндігі 

бола  бермейтін  кезде,  мен  шешімге  келуді  таңертеңге 

қалдыратынмын, ал одан кейін бұларға даулы баптың жа-

салып  біткен  нұсқасымен  келетінмін.  Сонымен  бірге  мен 

әрқашанда дайын баптың редакциясы басқаша емес, неге 

дәл осылай болғанын дәлелді түрде түсіндіретінмін, шетел 

конституцияларынан мысалдар келтіретінмін. 

менің  бір  ұсынысым  –  Республика  қызметінің  іргелі 

прин циптерін конституцияның бірінші бабында бекітіп беру 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

98

қажеттілігі  туралы  болды.  бұл  ұсыныс  мені  мемлекеттік 

саясаттың ең негізгі басымдықтары Негізгі Заңда анықталуы 

тиіс  деген  пікірге  әкелген,  өзімнің  көп  жылдық  ой-толға-

ныстарымның  жемісі  еді.  менімен  бірге  жұмыс  істеген 

заңгерлер басында бұған қарсы болды, олар бұл принцип- 

тер  –  заңдық  қағидаларға  жатпайды,  ал  Декларациядан 

өзгеше тікелей іс-қимылдың заңдық құжаты болып табыла-

тын конституцияда ондайлар болмауы керек деп есептеді. 

Соған қарамастан, қызу таластардан кейін мен жобаға 

осы принциптерді қалайда енгіздірттім. оған жататындар: 

қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың 

игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, 

мемлекет  өмірінің  аса  маңызды  мәселелерін  демокра-

тиялық  әдістермен,  оның  ішінде  Республикалық  рефе-

рендумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. 

1993 жылғы конституцияда мұндай принциптер тіптен де 

болмаған  еді,  сондықтан  ол  көп  жағдайда  мемлекеттің 

саясатын кездейсоқтық пен болжаусыздыққа ұрындыратын. 

іргелі принциптер – бұл біз қандай да болмасын реформа-

ларды  іске  асырсақ  та,  ең  басында  таңдап  алған  жолдан 

ауытқыттырмайтын бағдарлар болып табылады. 

олар Негізгі Заңның рухын көрсетеді, оның барлық қалған 

ережелерін соған сәйкес түсініп, талқылау керек. одан кейінгі 

тәжірибелер  аталған  принциптерді  конституцияда  бекітіп 

берген шешімдердің дұрыстығын көрсетіп берді. 

бұрынғы  нұсқадан  көптеген  түбірлі  айырмашылығы 

бар  елдің  жаңа  конституциясының  сұлбасы  бірте-бірте 

көрініс бере бастады. 1993 жылғы конституцияда Қазақстан 

демократиялық  мемлекет  болып  табылады  деп  айтылған. 

Алайда бұның бәрі ниет қана екендігі, ал нағыз демократияның 

ауылы әлі алыс жатқаны кімге болса да белгілі болатын. Со-

нымен қатар Қазақстанның тек демократиялық қана емес, 

сонымен бірге құқықтық және әлеуметтік бағдары бар мем-



1995 жылғы 

к

онституция




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал