Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет7/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

75

тар жергілікті жерлердегі толып жатқан проблемалар туралы 

баяндап  жатты.  осынау  халық  өкілдері  жалпымемлекеттік 

мүддені сезіну,«жергілікті жерлер» мүддесін қорғаудың күні 

өткенін түсіну сияқты деңгейге көтеріле алмады. Нәтижесінде 

сессиялар «арқан тартысу» ойынына ұқсап, әркім өз өңірі үшін 

мемлекеттік бюджеттен қаржыны көбірек жұлмалауға тырыс-

ты. Сөйтіп, көріп отырғанымыздай, бұл жерде мемлекетке 

және бүкіл халыққа қызмет етудің иісі де жоқ болатын. 

Депутаттардың  көпшілігі  мемлекеттің  қалыптасу  және  

жаңа  экономикалық  формацияға  өту  кезеңіндегі  жаңа 

жағдайда  Парламенттің  мүлде  басқа  қызметтер  атқара-

тынын  түсінбеді.  Депутаттардың  көпшілігі  өздерін  кеңес 

заманындағыдай аманатты мандаттың иелеріміз деп сезінді, 

ол  кездегі  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  депутаттықты 

жергілікті жердегі қажеттіктер үшін қосымша қаржы аударту 

көзі ретінде пайдаланып отырды. 

барлығын өз қолдарынан бөліп отыруға, реформаның 

жүру барысына жауапкершілікті атқарушы биліктің мойыны-

на артып қоюға тырысу – бұл сол кездегі қалыптасқан жалпы 

тенденция еді. Өкінішке қарай, осы тенденция басқа да тәуелсіз 

елдерде  сақталынып  қалды,  парламенттің  негізгі  міндеті 

бөліп беруде емес, керісінше, өркениетті заң шығарушылық 

базаны  және  жаңа  экономикалық  қатынастарды  дамытуға 

заңнамалық  жағдай  жасау  екенін  алғашқы  посткеңестік 

парламенттердің депутаттарының көпшілігі сол күйі түсінбеді. 

Сонымен бірге ахуалдың ерекшелігінің өзі – қандай да бір 

дамыған  нарықтық  экономика  мен  азаматтық  қоғамның 

белгісі де болмаған, өкілеттіліктің, экономикалық және саяси 

мүдделерінің қорғалуының қазіргі жүйесі құрылмаған, сол 

мүдделер мен соларға өкілдік етушілердің өздері де нақты 

қалыптаспаған жағдайда парламенттің жеміссіз қызмет жаса-

уында болды. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

76

міне, осы жағдайда парламенттер кірісті өз мүдделеріне 

қайта  бөлу  үшін  күресіп  жатқан  тұтынушылар  клубтарына 

айналды. 

олар жалақыны көтеру, қаржыландырумен қамтамасыз 

етілмеген  әлеуметтік  бағдарламалар  туралы  популистік 

шешімдер  қабылдап  жатты,  ал  негізінде  олардың  өзі, 

атқарушы  биліктің  органы  ретінде  аса  қатаң  бюджеттік 

тапшылық пен терең дағдарыс жағдайында, солардың іске 

асуына жауапты болатын. 

Нәтижесінде атқарушы билік баспасөздің, депутаттардың, 

қоғамның жан-жақтап жасаған сынына тап болды. тіпті, шын 

мәнінде ауыр жағдайда отырған өңірлердің атынан сөйлеген 

кейбір депутаттардың өздері, қалыптасқан жағдайды түсінбей, 

өз  әрекеттерімен  сол  өңірлерге  зияндарын  ғана  тигізді. 

Популистік толқуда қабылданған экономикалық шешімдер 

шаруашылық жүргізудің, экономиканы мемлекеттік реттеудің 

бүкіл  жүйесін  тозғындатып,  ақыр  аяғында  экономикалық 

ситуацияны одан әрмен ушықтыруға әкелді. 

Өтпелі  дәуірдің  «бірінші  толқынындағы»  (1990–1994 

жылдар) Заңдар өз маңыздылығына қарамастан, мемлекеттің 

қаржы мүмкіндіктерімен бекітілмеген популистік мәнге толы 

еді, сондықтан да олардан көп нәтиже шықпауының өзі де 

осында  жатты.  Жоғарғы  кеңес  «біз  заңдарды  шығарамыз 

және ақшаны үлестіреміз, ал Үкімет оларды қалай болса да 

орындасын» деген принциппен жұмыс істеді. 

Дәл осы кездерде сауыншылар мен тракторшыларды 45 

жастан зейнеткерлікке шығару және экологиялық аймақтар 

тұрғындарына  төлемақы  төлеу  туралы  қаржы  тұрғысынан 

ешқандай  да  негізделмеген  заңдар  қабылданған  еді.  Эко-

номика  жұмыс  істемей,  қазына  бос  қалған  сол  кездерде 

қабылданған осындай заңдар әлеуметтік төлемдерді төлеу 

бойынша  көп  жылғы  қарыздар  қалыптасуының  бірден-

бір  себепшісі  болды.  кейіннен  келе  бұл  заңдардың  тиісті 

баптарының әрекеті тоқтатылды. 


1995 жылғы 

к

онституция



77

оның  нәтижесі  өздерін  алданып  қалдық  деп  сезінген 

адам дардың ызасы мен түңілуін ғана тудырды, сонымен бірге, 

осы тектес Заңдарды іске асыру үшін қолданылған шаралар 

тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы, онсыз да дағдарыста 

тұрған біздің экономиканы толық күйреуге апарып соқтыра 

жаздады. 

Сол  кездегі  көптеген  заңдарда  нарықтық  экономика 

мен демократиялық қоғам құру барысында пайда болатын 

құқықтық  қатынастарды  реттеудің  тетіктері  мүлде  жоқ  бо-

латын. 

кейде мен бүкіл жұмыс күнімді Жоғарғы кеңесте өткізіп, 



елдің кезек күттірмейтін шешімдерді талап ететін ағымдағы 

маңызды істерімен айналысуға тек түнде ғана келемін деп, 

ащы шындықты қалжыңға айналдырып айтатынмын. 

Парламенттегілер  ескірген  идеологиялық  әдістер  мен 

стереотиптерді бұрынғы екпінмен қолдай отыра, біздің мем-

лекет пен қоғамды реформаландыру бағытындағы барлық 

әрекеттерімізге тұсау салды. Сөйтіп, экономиканың ескірген 

құрылымы сақталып қалды да, жаңа қоғамдық қатынастарды 

қалыптастыру жөніндегі бастамалардың барлығы тоқтатылды. 

Ал демократиялық құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес 

келетін  өкілетті  органдардың  жаңа  жүйесін  құру  болмай 

қалмайтын уақыт талабы екендігі көпшілігімізге түсінікті бо-

латын. 

Алдын ала айтпағым, түптеп келгенде, барлығын түсінген 



сол депутаттардың бастамаларымен 1993 жылдың соңына 

қарай  Қазақстанда  барлық  деңгейдегі  кеңестер  өздерін-

өздері тарата бастады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы 

кеңесі  өзін-өзі  таратқанға  дейін  егеменді  Қазақстанның 

бірінші конституциясын қабылдап, өзінің тарихи миссиясын 

орындап үлгергенін мойындауымыз керек. 

конституциялық комиссия дайындаған конституцияның 

алғашқы жобасы Жоғарғы кеңес, Жоғарғы кеңес депутат-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

78

тарының  көп  күнге  созылған  талқылауынан  (бүкіл  елге 

берілген телеви зиялық көрсетім арқылы) кейін, 1992 жылы 

2  маусымда  бірінші  оқылымында  қабылданды.  бір  апта-

дан  кейін  жоба  республикалық  және  облыстық  газеттерде 

бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланды, ол 1992 жылдың 

желтоқсанына  дейін  созылды.  Ақырында,  1993  жылы  28 

қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі жа-

риялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен 

(қалыс қалған – 1, қарсы – 2) Қазақстан Рес публикасының 

тұңғыш  конституциясын  қабылдады.  Жоғарғы  кеңестің 

мәжіліс  залының  электронды  таблосында  дауыс  берудің 

нәтижесі  көрінгенде,  зал  ду  қолшапалақтап  дүр  сілкінді. 

Залда «Қазақстан жасасын!» «конституция жасасын!» деген 

дауыстар жан-жақтан естіліп жатты. 

бұл  шын  мәнінде  дербес  дамудың  жолына  түскен 

Қазақстан  халқының  өміріндегі  тарихи  оқиға  еді.  1993 

жылдың жағдайында қабылданған конституция, қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге 

қарсы болған бір бөлігі мен Қазақ кСР-інің демократиялық 

өркениетті мемлекетке айналуы қажеттігін және оның болмай 

қоймайтындығын  түсінген  екінші  бір  бөлігінің  арасындағы 

ымыраның көрінісі болды. конституция реформаны іске асыру 

жолындағы алғашқы және аса қажетті қадамдарды жасауға 

мүмкіндік берді. 

бірақ, көп ұзамай, Қазақстанның бірінші  конституция-

сының  күшіне  және  қолданысқа  енуіне  байланысты,  оның 

кемшіліктері  де  анық  байқалды.  ең  бастысы,  оның  шын 

мәніндегі  әлеуметтік экономикалық  және  саяси  процестер- 

ден алшақ тұрғаны көрінді. 

Негізгі Заңда әртүрлі мемлекеттік институттар арасында-

ғы туып қалатын келіспеушіліктерді шешетін тетіктердің бол-

мауы  атқару  және  заң  шығару  органдарының  арасындағы 


1995 жылғы 

к

онституция



79

қайшылықтардың объективті түрде өрістеу себептерінің бірі 

болды.  басқаша  айтқанда,  1993  жылғы  үлгідегі  конститу-

ция  мемлекеттік  құры лымды  жетілдіріп  отыру,  әлеуметтік-

экономикалық және саяси реформаларды одан әрі тереңдете 

дамыту  жолындағы  құқықтық  кедергіге  айналды.  «кімнен 

кім басымырақ?» деген принцип бойынша үнемі дау-дамай 

жүріп жатты. 

«тарихтың  ымырасы»  болған  Негізгі  Заң  қоғам  күткен 

барлық үміттерді ақтамады. Себебі, онда ең басты мәселе – 

біздің  қоғамдық  дамудағы  мақсаттарымыз  бен  басым-

дылықтарымыз айқындалмады. 

Сонымен  бірге,  елдің  Негізгі  Заңын  қабылдау  тәсілінің  

өзі де келіспеушілікті туғызды. Сонда конституцияны қабыл-

даған  халық  емес,  қайта  кеңестік  Заң  бойынша  құрылған 

Жоғарғы кеңес пен шенеуніктер әуелі өздеріне және содан 

соң  халыққа  сыйға  тартқан  болып  шықты. конституцияда: 

Президент – ел ішіндегі және халықаралық қатынастардағы 

Республиканың  өкілі  деп  жазылған  ережеге  қарамастан, 

Негізгі  Заңды  қабылдаған  және  соған  сәйкес  президенттік 

басқару  түрін  бекіткен  Жоғарғы  кеңес  бүкіл  Қазақстан 

халқының  атынан  сөйлеу  құқығын  өзінде  қалдырғанын 

айтсақ та жеткілікті. осының өзінен-ақ әлі де болса табиғаты 

жағынан  «кеңестік»  сипаттағы  Жоғарғы  кеңестің  билікке 

деген гегемонияны өзінде сақтап қалуға ұмтылысы көрінді. 

осындайларға ағылшын ағартушысы томас Пейннің «кон-

ституция  дегеніміз  мемлекеттің  алдында  жүретін  үрдіс,  ал 

мемлекет конституцияның жемісі ғана» – деген сөздері дәл 

келеді. 

осы  сияқты  заңнамадағы  көптеген  «ақтаңдақтарды» 

күнделікті  кездестіре  отырып,  біз  1993  жылғы  үлгідегі 

конституцияның  егеменді  Қазақстанды  құрудың  құқықтық 

негізі болуға жарамайтынын түсіндік. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

80

Уақыт  өтіп  жатты,  сонымен  бірге  енді  статус-квоны 

сақтаудың өзіне мүмкіндік қалмады. Президент пен Үкіметтің 

реформаларды, әсіресе оның экономикалық сипаттағыларын 

жүргізуіне кедергі жасап отырған кеңестердің шексіз билігі 

туралы мәселені дереу шешу керек болды. мен бұл мәселені 

референдумға шығаруға дайын едім және ол туралы ойым-

ды ашық айттым. Жоғарғы кеңестің реформаны жүргізуде 

тежеуішке  айналғаны  туралы  үнемі  айтып,  өз  позициямды 

түсіндіріп отырдым. осы негізде менің барлық мәселені ше-

шуде өзінің жоғары тұруына бағыт ұстанған Жоғарғы кеңестің 

төрағасы  С.  Әбділдинмен  қарым-қатынасым  шиеленісті. 

оның  көзқарастары  туралы  айтқым  келмейді.  олар  қазір 

елдің бәріне де аян, өйткені ол азамат қазір компартияны 

басқарып отыр. 

Ал  ол  кезде  біз  өзгеше  бір  тығырыққа  тап  болдық:  не 

Үкімет, не Жоғарғы кеңес өзара тайталастан шығудың жолын 

таппады.  мен  кейбір  депутаттардың  әрекеттерінің  зиянды 

екендіктерін халыққа әлденеше рет туралап айттым. 

Дәл  осы  сәтте,  1993  жылы  16  қарашада,  Алматы 

қаласындағы Алатау аудандық халық депутаттарының кеңесі 

депутаттарды  жаңа  заң  бойынша  сайлауға  мүмкіндік  беру 

мақсатында, өзін-өзі тарату жөнінде мемлекеттің қоғамдық-

саяси  өмірінде  теңдессіз  шешім  қабылдады.  Сол  кезде 

республиканың және жергілікті кеңестердің халық депутат-

тарына үндеу жарияланды.



«Кеңестер  көбіне-көп  бұрынғы  үрдіс  пен  ескі  иде-

ологияның  бейнесі  болып  қалып  отыр.  Өкілетті  жүйенің 

қызметін реттейтін Заңдардың әрі әбден ескіргендігі, әрі 

тар  ауқымы,  депутаттық  корпустың  өз  жұмысына  деген 

ынтасының азаюы, Кеңестердің нақты өмірден аулақ қалуын 

күшейтті. Сайлаушылардың еркін жүзеге асыруға олардың 

қабілетсіз  екендігі  күннен-күнге  айқындала  түсуде.  Бұл 

1995 жылғы 

к

онституция



81

депутаттық  корпустың  кінәсынан  емес.  Себеп  басқада  – 

Кеңестердің толық билігі үрдісінің бүгінгі күннің шындығына 

толығымен сәйкес келе алмайтын қауқарсыздығында».

Алматы қаласының Алатау аудандық 

кеңесі халық депутаттарының Республика 

мен жергілікті кеңестердің халық депутат-

тарына үндеуінен, 16 қараша 1993 жыл

Сол сияқты 17 қарашада астананың ленин және октябрь 

аудандық  кеңестерінің  депутаттары  өз  өкілеттіктерін 

мерзімінен  бұрын  тоқтату  туралы  шешім  қабылдады.  іле- 

шала  осындай  шешімге  Әуезов  және  Фрунзе  аудандық 

кеңестерінің  депутаттары  да  келді.  Сөйтіп,  бұл  бастама  аз 

уақытта бүкіл республикаға тарады. 

Артынша маған Жоғарғы кеңес депутаттарының бір тобы 

өздерін отставкаға жіберу және депутаттық өкілеттіктерінен 

босату туралы ұжымдық өтініш жасады. конституция бойын-

ша мен бұлай жасай алмайтын едім, сондықтан мен оларға 

бұл  мәселені  Жоғарғы  кеңестің  кезекті  сессиясына  қоюды 

ұсындым.  тура айтатын болсам, мен елімізге аса маңызды 

осы бір кезеңде үлкен жауапкершілік көрсеткен сол депутат-

тарға ризамын. 

Парасат жеңіске жетті және Жоғарғы кеңестің өкілеттігін 

мерзімінен бұрын тоқтатуға қатардағы депутаттар бастамашы 

болды. 360 депутаттың 200-і өз өкілеттіктерінен бас тарта-

тындары жайында өтініш берді. кеңестік жүйенің опырылып 

күйреуі,  Жоғарғы  кеңесті  өзін-өзі  тарату  жөнінде  шешім 

қабылдауына мәжбүр етті. 

Жоғарғы кеңестің өзін-өзі таратуы тәуелсіз Қазақстанның 

тарихындағы аса бір драмалы оқиға болды. тарихшылар осы 

бір ел үшін тағдырлық маңызы бар шешімді қабылдауға депу-

таттарды итермелеген себептерді әлі де талай талқылайтыны 

аян.  менің  пайымдауымша,  Жоғарғы  кеңес,  ерте  ме,  кеш 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

82

пе, әйтеуір бір тарайтыны айқын болатын. кең масштабтағы 

экономикалық реформаларды жүргізу кеңестік жүйе тудырған 

қайшылықтарды шешуді де талап етті. бұл қайшылықтың мәні 

көптеген  депутаттардың  бір  мезгілде  биліктің  заң  шығару 

және атқару тармақтарының бірден өкілдері болуында еді. 

осындай ахуалда депутаттарды жергілікті жерлердегі саты-

лы  биліктің  жұмысын  бірден  қозғалтпай  қоя  алатын  және 

Жоғарғы  кеңесті  реформаны  орталықтан  тежеп  отыратын 

құрал ретінде пайдалана алатын еді. 

XVI  ғасырдағы  француз  философы  мишель  монтень 

айтқандай: «кез келген халық үшін ең тамаша мемлекеттік 

құрылым – сол халықты біртұтас күйінде сақтап қалатыны». 

Қазақстан атқарушы және заң шығарушы биліктің бір-біріне 

қарсы тұруын шеше білді, сілкіністерді күш қолданусыз бейбіт 

жолмен  орағытып  кете  алды.  біз  сатылап  және  біртіндеп 

тұрақтылықты бекітуге және қауырт экономикалық өрлеуге 

ықпал жасайтын тиімді және демократиялық басқару жүйесіне 

өте алдық. бұл мәселеде тмД-ның кейбір елдерінің жолдары 

сондайлық бола қойған жоқ. 

1992  жылы  тәжікстанда  осындай  қарсы  тұрудың  ұры-

ғы  аймақтар  арасындағы  қайшылықтардың  «құнарлы» 

то пырағына  түсті.  Душанбедегі  әртүрлі  екі  алаңда  көп  кісі 

жи налған минтингілерден басталған тайталас ақыр аяғында 

ағайындылардың  бірін-бірі  қырған  азамат  соғысына  алып 

келді.  бұл  соғыс  бес  жылдан  астам  уақытқа  созылып,  жүз 

мыңға жуық адамның өмірін қиды. 

Қантөгіс жағынан тәжікстандағыдан кем түспеген қақты-

ғыс тар  Грузия  мен  Әзербайжанда  да  орын  алды. бұларда 

билікке популистік толқында Жоғарғы кеңестердің көмегінсіз 

емес Гамсахурдиа мен Элчибей сияқты демагог-диссиденттер 

келді.  билік  басында  көп  тұрмаса  да,  олар  жүргізген,  көп 

жағдайларда  тозғындатуға  әкелген  дилетанттық  ішкі  және 

сыртқы саясаттың сызы Грузияда да, Әзербайжанда да әлі 



1995 жылғы 

к

онституция



83

күнге  дейін  сезілуде.  бұл  елдер,  ондаған  жылдар  өтсе  де, 

аса ауыр экономикалық дағдарыстан енді шығып келеді, ал 

территориялық  тұтастықтарын  әлі  қалпына  келтіре  алмай 

отыр. 

1993  жылғы  қазанда  Ресейде  орын  алған  оқиғалар 



өздерінің мәні жағынан қайғылы және ауқымдылары бол-

ды. Сол кезде дүние жүзінің бүкіл телеарналары Президент 

ельцинге  адал  кантемир  дивизиясы  танкілерінің  түтіннен 

қап-қара  болған  Ресей  Федерациясы  Жоғарғы  кеңесінің 

ғимаратын  зеңбіректен  атқылағандарын  көрсеткен  бола-

тын.  Ресейдегі  тоқсаныншы  жылдардағы  саяси  ахуалдың 

болжаусыздығы Қазақстандағы саяси ландшафтқа да терең 

іздерін  қалдырды.  мәскеудегі  оқиғаларды  жіті  қадағалай  

отыра  және  сол  кездегі  Ресейде  бүтіндей  орын  алған 

былық пен заңсыздықтарға ұрындырған атқару билігі мен 

заң  шығару  билігі  арасындағы  текетіресті  сараптай  келе, 

Қазақстан  экономиканы  белсене  ырықтандыруды  тек 

бірорталықтандырылған  күшті  президент  билігі  болғанда 

ғана жүзеге асыра алатынына менің бүтіндей көзім жетті. 

Сол кездерде заң шығару деңгейінде қарқынды жұмыс 

жасай отырумен қатар, барлық жерде «өрт сөндіріп» отыруға 

тура келді. 1993–1994 жылдардағы жылу беру маусымының 

қалай басталғаны әлі есімде, сол кезде көптеген қалалар мен 

поселкелер қысқа дайын емес еді. Солтүстік және орталық 

Қазақстанның мыңдаған пәтерлерінде бөлменің температу-

расы 10-15 градустан жоғары көтерілмеді. 

1993  жылдың  желтоқсанында  біз  бұдан  да  қиын 

жағдайға тап болдық. Жедел түрде «мінсіз» деген бағамен 

теңгені енгізгенімізбен, елдегі ахуал инфляцияның жоғары 

қарқынымен шиеленіске түсті. Қалыптасқан жағдай жедел 

және  жауапты  шешімдер  қабылдауды  талап  етті.  Эконо-

микалық  саладағы  заң  актілерін  қабылдаудағы  бір  күнгі 

бөгесіннің өзі бір жылдың ішінде орнын толтыра алмайтын 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

84

шығындарға  ұрындырары  анық  еді.  бірақ  та  министрлер 

кабинетінің оралымдылығына Жоғарғы кеңес құрсау болды. 

тағы да экономиканың тұрақсыздануының нақты бір қаупі 

туды. 

Жоғарғы кеңес елдің қаржы-экономикалық саясатының 



бүтіндей дербестігі жағдайында қандай да болмасын заңдар 

қабылдауға дәрменсіздігін көрсетті. Жоғарғы кеңестің сессия-

ларында  ұзаққа  созылған  нәтижесіз  пікірсайыстар  жүріп 

жатты.  Сессиялардың  арасындағы  үзілістердің  өзі  де  ұзақ 

болды. біз үнемі парламенттің шешімдерін күтетінбіз, бірақ 

та бізге ол экономикалық реформалардың заңнамалық база-

сын қалыптастыруды әдейі тежеуге алатын сияқты көрінетін. 

1994 жылдың басындағы теңге бағамының жаппай құлдырау 

себептерінің  бірі  дәл  осында  жатты.  Сол  кезеңдерде  ми-

нистрлер  кабинетінің  басшылары  депутаттар  корпусының 

және  жергілікті  органдардың  мүдделік  қолдауының  қатты 

тегеуірініне  шыдай  алмады,  нәтижесінде  кәсіпорындар 

арасындағы ойластырылмаған өзара төлемдік есептесулер 

басталды.



ж

АңА

 к

онституция



демокрАтиялыҚ

 

бАстАу

1994  жылы  наурызда  Жоғарғы  кеңестің  жаңа  құрамы 

сайланды да, мен оған үлкен үміт арттым. Ұзаққа созылған 

ырғалып-жырғалудан кейін, бұл парламент ынтымақтасудың 

жемісті жолына түскенін ашып айтуымыз керек, бұған мен 

кәдімгідей қуандым. Сөз жоқ, бұл Жоғарғы кеңес бұрынғымен 

салыстырғанда әлдеқайда іскер еді, бірақ бұл да біздің үміті-

мізді ақтамады. Депутаттар көп ұзамай-ақ өздерінің не үшін 

сайланғандарын  ұмытып  кетті.  бұл  кеңестің  жұмыс  істеген 

кезе ңінде небары 7 ғана заң қабылданды, ал оның есесіне 

177  депутатты  асырап-сақтау  үшін  бюджеттік  қаржыдан 

миллиардтан астам теңге жұмсалды. 



1995 жылғы 

к

онституция



85

мен  жаңа  парламентшілердің  іскерлігіне  қандайлық 

үміт артсам, олардан көңілімнің қалғаны да одан кем болған 

жоқ. Парламентте аса маңызды өмірлік заңдарды талқылау 

сол баяғыдай қызу жүріп жатты, бірақ одан пайда шамалы 

болды.  бұл  жерде  1994  жылға  арналған  бюджет  туралы 

заңның қабылдануын айтсақ та жеткілікті. Үкімет парламентке 

бюджеттің жобасын ұсынғаннан кейін, оны депутаттар 1994 

жылы үш ай бойы талқылады. Ұзаққа созылған дау-дамайдан 

кейін,  үкіметті  отставкаға  жіберу  қаупі  туғанда  ғана  1994 

жылдың бюджеті әрең қабылданған еді. 

Сөйте тұрса да, 1994 жылдың желтоқсанында Жоғарғы 

кеңес  тілдердің  мәртебесі,  мемлекеттіліктің  сипаты  және 

жерге  жеке  меншік  туралы  рейтингілік  дауыс  беруден  бас 

тартқанына қарамастан, мен депутаттық корпуспен жұмыс 

істеуді  тоқтатпадым.  биліктің  мейлінше  сара  әрі  табанды 

құрылымын  қалыптастыру,  түбегейлі  экономикалық  си-

паты  және  қоғамдық-саяси  зор  маңызы  бар  мәселелерді 

конституциялық  деңгейде  шешу  қажеттігі  күннен-күнге 

айқындала берді. 

1994 жылы желтоқсанның аяғында мен Әділет министрі 

Нағашыбай Шәйкеновті шақырдым. мен оны реформаның 

дәйекті жақтасы және жоғарғы білікті заңгер ретінде жақсы 

білетінмін. екеуміз екі сағаттан артық уақыт әңгімелестік. мен 

оған конституциялық реформаның негізгі бағыттарын сипат-

тап бердім және құжаттармен одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа 

конституцияның үлгі жобасын бердім.  табыс еттім. Әрине, 

жоба аса құпия жағдайда жасалды. 

Алғашында жаңа конституцияның жобасын жаңа құрамда  

13-ші  шақырылған  Жоғарғы  кеңестің  қарауына  ұсыну 

жоспарланған  болатын.  ол  бұл  кезде  конституциялық  ре-

форманы жүргізуге дайын еді. Парламенттің экономикалық 

мәселелерді  талқылаудағы  оң  қадамдары  және  кейбір 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

86

ықпалды  фракциялармен  байланыстары  осыған  куә  бола-

тын. бұл кезең менің есімде жақсы сақталған. мен ымыраға 

баратын  жол  табылады,  конституциялық  реформаны  іске 

асырамыз деген сенімде едім. 

бірақ осы тұста бір күтпеген жағдай болды. 

кішкентай ғана нәрсе басқа бір оқиғалардың түбегейлі 

сипатта өрістеуіне себеп болып, қоғамды мүлде ойламаған 

нәтижелерге ұрындыратыны тарихта талай рет болған ғой. 

Қазақстан  Республикасы  конституциялық  сотының  1995 

жылғы 6 наурыздағы қаулысы бүкіл Қазақстан үшін дәл сон-

дай оқиға болды. 

бүгіндері  елдің  барлығына  мәлім,  ал  ол  кездер  жай 

қатардағы  журналист  татьяна  квятковская  «казахстанская 

правда» газетінің бетінде Абылай хан сайлау округында сай-

лау туралы кодекстің бұзылғандығы туралы орталық сайлау 

комиссиясына айып тақты. 

Дау ұзаққа созылды. Ақыры конституциялық сот шешім 

қабылдады. Қазақстан Республикасы конституциялық соты-

ның  қаулысы:  «орталық  сайлау  комиссиясының  дауысты 

санауға байланысты енгізген әдісі «бір сайлаушы – бір да-

уыс» дейтін конституциялық қағиданың жаппай бұзылуына 

жол беріп қана қоймай, сонымен бірге сайлау нәтижесінің 

бұрмалануына ұрындырды және сайлау жөніндегі кодексте 

көрсетілген сайлау жүйесін өзгертіп жіберді. Сөйтіп, орталық 

сайлау  комиссиясы  өзінің  өкілеттілігін  асыра  пайдаланып, 

конституцияның 60-бабын бұзды», – деген тұжырымға келді. 

Сонымен,  өткен  сайлау  қорытындылары  мен  Жоғарғы 

кеңес  депутаттары  өкілеттігінің  заңдылығы  күмәнді  болып 

шықты. 


Жағдайдың күрделі екендігін ескеріп, және оның дағда-

рысқа  ұласып  кетпеуін  көздеп,  мен  8  наурызда  мынадай 

мәлімдеме жасадым:


1995 жылғы 

к

онституция




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал