Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет6/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

64

конституциялық  құрылыстың  бастапқы  кезеңдеріндегі 

біздің  алдымызда  тұрған  міндеттер  аса  күрделі,  сан  алуан 

және  жауапты  еді.  біріншіден,  жаңа  құрылған  мемлекетті, 

мемлекеттік  билік  пен  басқарудың  бүкіл  жүйесін  барын-

ша  нығайту  қажет  еді. екіншіден,  экономикалық  түбегейлі 

реформалардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешіп, оны 

терең дағдарыстан шығару керек. Үшіншіден, сыртқы саясатты 

қалыптастыру қажет. төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты 

қамтамасыз  ету  керек.  Сонымен  қатар,  азаматтардың 

жалпы  өркениетті  дүниеде  қабылданған  құқықтары  мен 

бостандықтарын  бекітуге,  демократиялық  институттарды 

дамытуға байланысты міндеттердің жиынтығын шешу керек 

болды. 


бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы конституция бойын-

ша өмір сүреді. ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің 

одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. бүкілхалықтық 

референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мәнінде, 

қоғамдық келісімге айналды, сол бойынша өкімет Қазақстанды 

демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мем-

лекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал аза-

маттар конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай 

орындауға  жауапкершілікті  өз  мойындарына  қабыл  етті. 

осындай  өзара  міндеткерлік  қоғам  мемлекеттің  одан  әрі 

нәтижелі дамуына тиянақты негіз қалыптастырады және біздің 

болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді. 

конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу 

жұмыстар атқарылды. көптеген конституциялар, әсіресе ХХ 

ға сырдың екінші жартысында қабылданғандары мұқият са-

раптаудан өткізілді. біз үшін дамудың әртүрлі сатыларында 

тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да 

ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйесі бар елдердің  кон-

ституциясы  басты  мәселені  –  тұрақтылықты  нығайтудағы, 

халықтың  әл-ауқатын  жақсартудағы  және  демократияны 



1995 жылғы 

к

онституция



65

дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну маңызды болды. 

ізденіс географиясы да ауқымды болатын – ол  еуропаны, 

Азияны, Солтүстік және латын Америкасын қамтыды. мен 

өз  басым  тікелей  әлемдегі  жиырма  елдің  конституциясын 

талдап, олардан конспекті жасап алдым. 

Нәтижесінде,  жаңа  конституцияның  қажеттігі  туралы 

шешім қабылдамас бұрын біздер бес жылдық жинақталған 

тәжірибе болды. біз содан негізгі басымдықтарды, мақсат-

тарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. 

конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар 

бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған 

стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі 

реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті 

және субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға 

созылған  табанды  жұмыстар  атқаруға  тура  келді.  Иә,  кей-

де  біздің  шешімдеріміз  жартыкеш,  ымырашыл  сипатта  да 

болды.  кез  келген  жаңа  істе  болатыны  сияқты,  қателіктер 

де  жіберілетін.  осының  бәрі  сол  кездерде  анық  өтпелі  си-

патта  болған  мемлекеттік  институттар  мен  заңнамалық 

қызметтерден көрініс тауып отырды. 

бірақ,  сол  бір  қиын-қыстау  жылдарды  еске  алғанда, 

елімізді күрделі әлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман 

сақтап, әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретіндегі 

осы заманғы мемлекетін құру үшін не керектің бәрін істегеніме, 

мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін. 

1995  жылғы  конституция  тақыр  жерде  пайда  болған 

жоқ. ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орна-

ту  үшін  бұрыннан  жинақталған  тәжірибелерді,  сондай-ақ 

біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік 

тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан 

да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын 

терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тари-

хын жақсы білуі керек.



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

66

1990 

жылдың

 25 

ҚАзАнындАғы

 Қ

АзАҚ

 кср-

інің

 

мемлекеттік

 

егемендігі

 

турАлы

 д

еклАрАция

Қазақстанның  өзіндік  конституциялық  заңнамасын 

қалып тастырудың басы уақыт жағынан кеңестер одағының 

ыдырауына сәйкес келді. тәуелсіздікке қарай барар жолдағы 

алғашқы  қадам  1990  жылғы  25  қазанда  Қазақ  кСР-і 

Жоғарғы  кеңесі  қабылдаған  Қазақ  кеңестік  Социалистік 

Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Деклара-

циясы болды. 

онда  егемен  Қазақстанның  соңғы  екі  конституция-

сында  одан  әрі  дамытылған  –  гуманистік,  демократиялық 

және құ қықтық мемлекет құру ниеті, халықтың мемлекеттік 

биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде айқындалуы, еліміз- 

дің  аумағының  бөлінбейтіндігі  және  оған  қол  сұғылмай-

тындығы сияқты және т.б. іргелі ережелер көрініс тапты. 

Әрине, мемлекеттің егемендігі туралы Декларация заңдық 

құжаттан  гөрі  көбінесе  саяси  құжатқа  ұқсайтын.  Дәлірек 

айтсақ, оның ережелері құқықтық нормалар емес еді, яғни 

оның  ешқандай  да  заңдық  күші  болған  жоқ.  егемендікті 

заңдық негізде бекіту үшін соған сәйкес конституциялық акт 

қабылдау талабы туындады. 

1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақ-

стан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы» 

конституциялық осындай акт Заңы болды. Дәл сол күн – қазір 

Қазақстанның тәуелсіздік күні болып атап өтіледі. 

мен  осы  арада  мынадай  бір  ойды  айтқым  келеді. 

тәуелсіздік күні ресми түрде бекітілген мереке күні ғана бол-

мауы керек. бұл күннің мағынасы өте үлкен. ол, бір жағынан, 

біздің  тәуелсіздік  жолындағы  күресімізге  қойылған  нүкте 

және,  екінші  жағынан,  жаңа  өмір  белесінің  басы  болды. 

бүгіндері бұл күнді әрбір қазақстандық өзінің жеке өмірінің 

тәуелсіздігі мен табыстарының бастауы ретінде тойлауына 

болады. 


1995 жылғы 

к

онституция



67

«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі 

туралы»  конституциялық  Заң  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялап,  біртұтас,  бөлінбейтін, 

қолсұғылмайтын аумақтарға ие болатын, барлық мемлекет-

термен өз қарым-қатынасын халықаралық құқық принциптері 

негізінде жүргізетін егемен мемлекет ретіндегі мемлекеттік 

тәуелсіздігін  заң  жүзінде  бекітті.  Республика  халқының 

атынан сөйлеу құқығы тек Жоғарғы кеңеске ғана емес, сол 

сияқты мемлекеттің басшысы – Қазақстанның Президентіне 

де берілді. 

Сонымен бірге заңда Қазақстанның өзіндік экономикалық 

жүйесі  де  болатыны  қарастырылды.  бұл  жүйе  меншіктің 

сан алуандығына және олардың заң алдында тең болуына, 

өзіндік қаржы-несие және ақша жүйесін құру мүмкіндіктеріне, 

өзіміздің алтын, платина және валюта қорларымызды қалып-

тастыруға негізделді. Өзіндік қарулы күштерді құру да сонда 

мәлімделді. 

Заңда  мемлекеттің  егемендігі  туралы  Декларациямен 

бірге, оның Республиканың жаңа конституциясын жасауға 

да негіз болатыны жарияланды. Сонымен бірге конституция 

ережелерінің  және  Қазақстан  Республикасының  басқа  да 

заңдары  қолданыста  болатындығы  көрсетілді,  себебі  олар 

осы қабылданған заңға қайшы келмейтін еді. 

Сөйтіп, егемен Қазақстанның ең тұңғыш осы заңнамалық 

актісінде Қазақ кСР-інің 1978 жылы қабылданып, сол кезде 

қолданыста болған конституциясына қарағанда заңдық күш 

көбірек берілді. бұл қажетті қадам болды, өйткені одақтық 

мемлекет  құрамындағы  кеңестік  социалистік  республи-

каның конституциясын қанша «жамсап-жасқаса» да, жаңа 

қоғамдық-экономикалық  формацияға  өтуді  қолға  алған 

және мүлде басқаша қоғамдық, оның ішінде халықаралық 

қатынастарға түскен, жылдам өзгеріп отырған елдің өмірлік 

талабын қамтамасыз ете алмайтын еді. енді ғана алғашқы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

68

қадамдарын жасап, егеменді, демократиялық және құқықтық 

ел  болуға  бағыт  ұстанған  мемлекет  мүлде  жаңа  принцип-

терде  құрылды  және  басқаша  конституциялық  негіздерге 

мұқтаж  болды.  мұндай  негіздер  «Қазақстан  Республика-

сының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  конституциялық 

Заңға кіргізілген болатын. міне, осы кезде, дербес мемлекетті 

түпкілікті  қалыптастыру  үшін  жаңа  конституция  қабылдау 

талабы туындады.

«Қ

ызыл

» ж

оғАрғы

 к

еңес

егемен Қазақстанның бірінші конституциясының жоба-

сын жасау жөніндегі жұмыс мемлекеттің егемендігі туралы 

Декларацияны қабылдағаннан кейін бірден басталып кетті. 

1990 жылдың 15 желтоқсанында Қазақ  кСР-інің Жоғарғы 

кеңесінің қаулысымен Қазақ кСР-інің конституциялық ко-

миссиясы құрылып, әуелде оны сол кездегі Республиканың 

Жоғарғы  кеңесінің  төрағасы  қызметіндегі  ерік  Асанбаев 

басқарды. 

конституциялық  комиссияның  құрамына  Жоғарғы 

кеңестің  бүкіл  басшылығы,  Премьер-министр,  Әділет 

министрі, бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы, көрнекті 

ғалым-заңгерлер, белгілі тәжірибелі заңгерлер, Қазақстан 

компартиясы орталық комитетінің бір хатшысы, Қазақстан 

лкЖо  орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы  –  барлығы 

35 адам кірді. комиссия одақ кездеріндегідей өте өкілетті 

болып  шықты.  Өкінішке  қарай,  ол  белгілі  объективтік 

себептердің салдарынан тиімді жұмыс істей алмады. ондай 

себептердің ішінде қатысушылар санының көптігіне байла-

нысты туындаған пікірлер алалығы, оларды келістіруге көп 

уақыт кететіндігі және елдегі саяси жағдайдың тез өзгеріп 

отырғандығы да бар еді. 

мәселен,  комиссия  құрылғаннан  кейінгі  бір  жылдың 

ішінде,  басқа  да  заңнамаларды  айтпағанның  өзінде, 



1995 жылғы 

к

онституция



69

қолданыстағы Қазақ кСР-інің конституциясына 7 рет (1990 

жылы 20 қарашада, 1991 жылы 15 ақпанда, 20 маусымда, 

25 маусымда, 25 тамызда, 10 желтоқсанда, 24 желтоқсанда) 

өзгертулер мен толықтырулар ен гізілді. байқағанымыздай, 

конституциялық  комиссия  мүшелерінің  өздерінде  де  бір 

нәрсені тірек етіп, серпіліп кететіндей тұрақты негіз болған 

жоқ. елдің одан арғы даму жолы да айқын болмады. 

1991 жылғы кеңестер одағының ыдырауымен аяқталған, 

Қазақ кСР-інің атын Қазақстан Республикасы деп өзгерткен

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» 

конституциялық  Заңының  қабылданған  зор  оқиғалардан 

кейін,  жағдай  біршама  айқындала  бастады. тоталитарлық 

дәуірден  бүтіндей  құтылғанымыз,  күн  тәртібінде  егемен, 

демократиялық мемлекетті құру мәселесі тұрғаны баршаға 

ұғынықты болды. Қазақстанның одан арғы тағдыры біздің 

өз  қолымызда  тұрды.  елдің  жаңа  конституциясын  жасау-

мен  байсалды  түрде  айналысудың  уақыты  жеткені  білінді. 

Қазақстан  Президенті  ретінде  мен  үшін  бұл  –  ең  бірінші 

міндетке айналды. 

Жоғарғы кеңестің 1991 жылғы 15 желтоқсандағы қаулы-

сы мен мен конституциялық комиссияның төрағасы болып 

та ғайындалдым,  ал  менің  комиссиядағы  орынбасарым, 

Жоғарғы кеңестің жаңа төрағасы С. Әбділдин (бұған дейін осы 

қызметте болған е. Асанбаев бұл кезде Республиканың Вице-

президенті  болып  сайланған  еді)  болды.  конституциялық 

комиссия берген өкілеттілікті пайдалана отырып, мен белгілі 

ғалым-заңгер  Ғайрат  Сапарғалиев  жетекшілік  еткен,  саны 

жағынан  шағын  жұмыс  тобын  құрдым.  бұған  сол  сияқты  

Ю. ким, Ә. кәженов және ол кезде әлі жас, бірақ келешегінен 

көп үміт күттірген заңгерлер – б. мұхамеджанов, к. колпаков, 

Ю. мальцев, т. Донаков кірді. біраздан кейін бұл жұмыс тобы-

на, сол кезде менің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшім 

болған Н. Шайкенов келіп қосылды. Жалпы басшылық сол 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

70

кездегі Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Зинаида 

Федотоваға жүктелді. 

Жұмыс тобының алдына конституциялық комиссияның 

талқылауына түсетін Қазақстан Республикасы конституциясы 

жобасын дайындаудың нақты міндеті қойылды. 

көп  ұзамай  конституцияның  бірінші  нұсқасы  дайын 

болды  және  ол  біршама  өткір  шиеленіспен  өтіп  жүрген 

конституциялық  комиссияның  мәжілістерінде  талқылана 

бастады.  конституциялық  комиссияның  құрамында 

Жоғарғы  кеңес  Президиумының  бүкіл  мүшелері  және 

оның комитеттерінің барлық төрағалары болды.  олардың 

көпшілігі басында Жоғарғы кеңес тұратын кеңестердің билік 

вертикалын жаңа конституцияда сақтап қалуды өздерінің 

басты міндеті деп білді. олар ашық әңгімеге және баламалы 

ұсыныстарға дайын емес еді. Алға қарай одан әрі жылжудың 

қиындай беретіндігі түсінікті болды. 

Қазақ кСР-інің сол кездегі қолданыстағы конституциясы 

жаңа конституцияны қабылдауды тек парламенттік жолмен 

іске  асыруды  қарастырған.  Сондықтан  да  Жоғарғы  кеңес 

өзінің шешуші билік өкілеттілігінің көбін сақтап қалды, ал бұл 

кезде президенттік билік енді ғана қалыптасу сатысында бола-

тын. осы жағдайларда, қоғамды және мемлекетті ыдыратуға 

жол бермеу, енді ғана туып келе жатқан мемлекетте және 

полиэтникалық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау 

үшін мәмілеге баруға тура келді. түпкі нәтижесінде ішкі саяси 

тұрақтылықты сақтау қажеттілігі ел үшін маңызды проблема-

ларды шешетін принципті және бұлтартпайтын міндеттерден 

жоғары қойылды. 

бұл арада мәмілеге баруға сыртқы саяси факторлардың 

белгілі рөл атқарғанын айтуымыз қажет. осы кезде біз тмД-

ның жекелеген елдерінде конституциялық құрылысқа байла-

нысты мәселелер бойынша келіспеушілік болғанының және 

жаңа  конституцияларды  қабылдау  ұзаққа  созылғанының, 

соның нәтижесінде қақтығыстарға апарып ұрындырғанының 


1995 жылғы 

к

онституция



71

куәсі болдық. Қазақстанның жаңа конституциялық моделіне 

қатысты екіұштылық жүйелі әлеуметтік-экономикалық және 

саяси-құқықтық  реформалардың  басталуына  бөгет  жасап, 

билік тармақтары құзырларының конституциялық деңгейде 

нақты көрсетілмегендігінен, олардың арасында қажет емес 

шиеленіс  туғызды.  конституциялық  құрылыстың  барлық 

қатысушылары мәмілеге келудің қажеттігін түсінді. 

Пікір  алалықтарының  болуына  қарамастан,  мүмкін  

болса,  конституцияны  тезірек  қабылдау  керек  еді.  Себебі, 

тәуелсіздік мәртебесі бар ел, екінші жыл, сол бұрынғы, қоғам 

талаптарына жауап беруден қалған кеңестік дәуірдің консти-

туциясы бойынша өмір сүріп жатты. 

осы қалыптасқан жағдайларды толық түсінгендіктен және 

кеңестік кезеңде сайланған Жоғарғы кеңестегі консервативті 

көпшіліктің  көңіл-күйін  білгендіктен,  менің  жаңа  құжатты 

қа былдату үшін мәмілеге баруыма тура келді. Амалсыздан 

көптеген мәселелер бойынша шегініске барудың нәтижесінде, 

бірінші  конституция  қоғамдық  және  мемлекеттік  дамудың 

өмірлік мәселелеріне жауап бере алмады. 

Қос палаталы Парламент идеясын қорғап қалу әрекеті, 

меншіктің барлық түрлерінің, әсіресе жеке меншіктің тепе-тең 

дамуы, Негізгі Заңға демократиялық құқықтық мемлекеттің 

қарапайым ережелерін – Парламентті тарату мен Президентке 

импичмент жасау құқығын енгізу – нәтижесін берген жоқ. осы 

ұсыныстарға Президиумның көпшілігі және Жоғарғы кеңестің 

басшылығы үзілді-кесілді қарсы болды. 

Қазақстан заң ғылымының кейбір корифейлерінің өздері 

кертартпа  позиция  ұстанды.  мәселен,  конституциялық 

комиссия  мәжілістерінің  бірінде  Ғылым  академиясының 

корреспондент-мүшесі С. Сартаев қос палаталы Парламентті 

енгізу қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін жоққа шығарады 

деп, Жоғарғы кеңеске «кез келген уақытта атқарушы биліктен 

кез келген мәселені шығарып алып, сессияда шешетіндей» 

құқық беруді қажет деді. мұндай ұсыныс, биліктің бөлінісі 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

72

сияқты,  кезінде  мемлекеттік  егемендік  туралы  Деклара-

цияда  жарияланған  принципке  сөзсіз  қайшы  келетін  еді. 

конституциялық комиссияның басқа бір мәжілісінде беделі 

бұдан кем емес заңгер С. Зиманов жаңа конституцияны мүлде 

қабылдамайық,  ескісіне  өзгерістер  енгізумен  шектелейік 

деген ұсыныс жасады. мен осы екі адамға, еліміздің белгілі 

заңгерлеріне үлкен құрметпен қараймын. оның үстіне, олар 

маған үнемі көмектесіп отырды, бірақ сол кездегі буырқанған 

дүбәрә кезеңде көптеген адамдар қателескен еді. 

Аса өткір пікірталастар «ұлттық» мәселе дегеннің маңа-

йында өрістеді. конституциялық комиссияның өздерін қазақ 

халқының мүддесін қорғаушыларымыз деп көрсеткен кейбір 

мүшелері,  әртүрлі  ұлттар  азаматтарының  мүдделері  мен 

құқықтарын есепке алмай, қазақ мемлекетін құру бағытын 

жариялауды  ұсынды.  естеріңізге  салайын,  ол  уақытта 

қазақтар  еліміздегі  халықтың  50  пайызына  да  жетпейтін. 

осыған орай, Президент және Жоғарғы кеңестің төрағасы 

міндетті түрде қазақтан сайлансын, яғни ұлттық ерекшелігі 

ескерілсін деген ұсыныстар да түсті. бұл сияқты ұсыныстар 

қазақстандықтардың бірлігіне шындап қауіп төндірді. менің 

осындай жалған патриоттарға қатаң тойтарыс беруіме тура 

келді. біз жасап жатқан конституция халықты ұлттық белгісі 

бойынша бөлуге емес, қайта біріктіруге тиіс екендігін мен 

қатысушылардың  барлығына  қайта-қайта  ескертіп  отыр-

дым. Республикадағы ұлттар мен халықтардың мүдделеріне 

қатысы  бар  қауіпті  бұра  тартуларды  болдырмас  үшін 

Қазақстан  конституциясының  әрбір  бабын  шын  мәнінде 

қорғап қалуымызға тура келді. 

тағы  бір  өткір  мәселе  Қазақстан  Республикасындағы 

тілдер мәртебесі туралы болды. бір жағынан алғанда, ұзақ 

уақыттардан  бері  қиын  жағдайда  болған  мемлекеттік  тіл 

– қазақ тілін қайта түлету мен дамыту үшін нақты шаралар 

қабылдау  қажеттігі  тұрды.  екінші  жағынан  алғанда,  қазақ 

тілін дамытуды Қазақстандағы орыс және басқа халықтардың 


1995 жылғы 

к

онституция



73

тілдеріне қысым жасау есебінен жүргізуге үзілді-кесілді бол-

майтын еді. 

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану өздігінен алғанда 

ешкімді де кемсітпейтін. бұл қисынды және заңды шешім бо-

латын. Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді енгізуді дүмбілез 

бюрократтардың тәлкегіне берген жерде, әсіресе жергілікті 

жерлерде, асығыс шешімдер, әрине, өзінің жағымсыз рөлін 

көрсетуі әбден мүмкін еді. бұл кейбір жерлерде қабылданып 

қойған тілдер туралы заңды жою керек деген әңгімелердің 

тууына түрткі болды. 

осы  бір  көкейтесті  мәселе  сол  кездерде  жан-жақты 

консти туциялық  комиссияның  мәжілістерінде  ғана  емес, 

көптеген басқа да жиналыстарда талқыланды. 1992 жылғы 

11–12 қарашада өткен әкімшілік басшылары мен жергілікті 

кеңес  төрағаларының  Республикалық  кеңесінде  мен 

қатысушылардың назарын мынаған аудардым:

«Тіл мәселесі ешқашанда арзан популизмнің, көпірме 

сөзді сәудегерліктің өзегіне айналмауы керек. Қабылданған 

заңды тоқтатып қоюмен Қазақстанда тыныштық орнатуға 

болады деп шынымен біреулер ойлай ма екен? Қасақана 

айтпайтын  адамға,  қазақ  тілінің  мүшкіл  жағдайда 

екені,  әңгіме  осы  тілді  құтқару  туралы  болып  отырғаны 

ниеті  дұрыс  адамға  қалай  түсініксіз  болады?  Біздің  ата-

бабаларымыздың  көптеген  ұрпақтарының  тілі  жойылып  

кетуге  тиіс  емес.  Кім  өз  еркімен  мылқау  болғысы  келеді 

екен? Біздің тіл саясатымыз заңда да және шынайы өмірде 

де  қазақ  және  орыс  тілдерінің,  сондай-ақ  аз  ұлттар 

тілдерінің дамуына жағдайды қамтамасыз етуі тиіс».

Әкімшілік басшылары мен жергілікті 

кеңестер төрағаларының республикалық 

кеңесінде сөйленген сөзден, 

11–12 қараша 1992 жыл


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

74

Ақыр аяғында депутаттардың көпшілігі мынадай конститу-

циялық қағиданы қабылдады: «Қазақстан Республикасында 

қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. орыс тілі ұлтаралық 

қатынастар тілі болып табылады. мемлекет ұлтаралық тілдің 

және тағы да басқа тілдердің қолдану аясының сақталуына 

кепілдік  береді,  олардың  еркін  дамуына  жағдай  жасайды. 

мемлекеттік тілді және ұлтаралық қатынастар тілін меңгермеді 

деген сылтаумен азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне 

шектеу қоюға тыйым салынады». 

тұтастай алғанда, орыс тілінің ұлтаралық қатынастар тілі 

ретіндегі мәртебесі, әлі де болса заң жүзінде толық айқындал-

мағанына  қарамастан,  осындай  тұжырым  Қазақстанның 

көпұлтты халқының өмірлік қажеттіктеріне жауап беретін еді. 

кейінірек бұл мәселе 1995 жылғы конституцияда басқаша 

шешілді. 

Депутаттар Парламентті таратудың құқығына да ерекше 

қауіппен қарады. бұл түсінікті де еді – өйткені, аумалы-төкпелі 

кезеңнің  жағдайын  пайдаланып,  олар  өздеріне  көптеген 

жеңіл діктер жасап алды, кез келген министрге «қысым» жа-

сай алатын және өздерінің депутаттық кезеңдегі өкілеттігінің 

ешкім  қол  сұқпайтын  кепілдігін  онан  кейінгі  екі  жыл  бойы 

сақтайтын болды. Жалпы алғанда, олар «жеке бизнестері» 

саласындағы өздерінің «шығармашылығы» үшін кереметтей 

жағдай  жасап  ала  білді.  Өздерінің  сайлаушылары  туралы 

олардың кейбіреулері ғана ойланатын. 

Заң  шығару  органы  болып  табылатын  Жоғарғы  кеңес 

үнемі жұмыс істемейтін жағдайда, депутаттар өз өкілеттіктерін 

жергілікті жерлердегі басшылық қызметтерімен қатар атқарып 

отырды. Жоғарғы кеңестің мәжілістері жылына бірнеше рет 

қана өткізілді, ал тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы байсалды 

заң  шығарушылық  жұмысты  іске  асыра  отырып,  жүздеген 

жаңа  заңдарды  қабылдауды  талап  етті.  Аймақтардағы 

партиялық номенклатураның өкілдері болып келетін депутат-



1995 жылғы 

к

онституция




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал