Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет5/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

52

ал  мұның  өзі  –  дамудың  жаңа  кезеңіне  қадам  басқандық. 

Соның тамаша мысалы – Индия бағдарламалық қамтамасыз 

ету  өндірісінде  әлемдік  көшбасшылыққа  бірден  екпіндеп 

шықты. мен бұл ерекше құбылыспен танысу үшін «Азияның 

силикон алқабы» орналасқан  бангалорға арнайы бардым. 

2004 жылы Индия осы ақпараттық өнімді 17 млрд доллар-

дан  астам  сомаға  экспорттады.  бүгінде  үнділік  мамандар 

әлемнің  ең  үздік  IT-компанияларының  сұранысына  ие  бо-

лып, «майкрософт» қызметкерлерінің 34%-ын, «Ай-би-Эм» 

қызметкерлерінің 28%-ын, «Интел» компаниясының 17 %-ын 

құрап отыр. 

біз  стратегиялық  құжаттарымызды  ойдағыдай  жүзеге 

асырған жағдайда мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі 

көзі – жалпы мөлшердің шамамен 85%-ы шикізаттық емес 

сектордың  кәсіпорындарынан  түсетін  кірістер  болатынына 

жетеміз. осымен бірге экономиканы монеттендіру 30%-дан, 

ал инфляция 4-5%-дан аспайтын болады.

онан  әрі,  2008  жылдан  бастап  екінші  онжылдық  – 

Қазақстан–2020  стратегиясы  бойынша  жұмысты  қолға 

аламыз. 2010 жылға дейінгі бірінші стратегиялық жоспарда 

екі мақсат қойылды: бірінші 2005 жылмен салыстырғанда 

ішкі  жалпы  өнімді  екі  есе  ұлғайту,  екінші  –  бәсекеге 

қабілетті экономиканың негізін құру. егер де бірінші кезең – 

Қазақстан–2010 – дағдарыстан кейінгі жылдары басталып, 

«жылжымалы»  үшжылдық  мемлекеттік  бағдарламалардан 

тұрса, ал екінші кезеңде, экономикалық ахуалды анығырақ 

болжау  кезінде,  бізде  Жапония  мен  оңтүстік-Шығыс  Азия 

елдеріндегі  секілді  дамудың  бесжылдық  жоспарларын 

қабылдау мүмкіндігі туады. оның үстіне, біздің экономика-

да  көрсеткіштер  деңгейін  көтеру  және  жаңа  нысаналарды 

таңдау  керек  болды. мысалы,  еліміздің  ішкі  жалпы  өнімін 

2000  жылмен  салыстырғанда  2015  жылы  3,5  есе  ұлғайту 

жоспарланады. Немесе 2015 жылы жан басына шаққанда ішкі 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



53

жалпы өнімді 8-10 мың АҚШ долларына жеткізу керек, бұл 

Сауд Арабиясы мен Португалия және Испания секілді бірқатар 

еуропалық елдердің деңгейімен біршама қатарлас келеді. 

Қазір  Қазақстан,  «Қазақстан–2030»  Стратегиясын 

негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде әлемдегі 

бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде 

өршіл мақсат қойып отыр. Өткен жылдардағы стратегиялық 

жоспарлаудың оңды тәжірибесін пайдаланып, біз «әлемдегі 

бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіру  Стра-

тегиясын»  жасадық.  онда  дамудың  жеті  басым  бағыты 

айқындалды, олардың жүзеге асуы алға қойған міндеттерді 

шешуге жағдай туғызатын болады.

«Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пай-

далана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық 

экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға 

тиіс  те,  өйткені  олар  біздің  жаһандық  экономикаға 

кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы 

экономикалық-географиялық  жағдайымызға  және 

қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. 

Мемлекет  өз  тарапынан  іскерлік  бастамашылықтың 

жолын дағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық 

кедергілерді  ысырып  тастауға,  жеке  меншік  капиталдың 

келешегі  үлкен  кемел  бастамаларына  тікелей  қолдау 

көрсетуге міндетті».

«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша 

қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы» 

атты Қазақстан халқына Жолдауынан, Астана, 

1 наурыз 2006 жыл

Алдағы  онжылдықта  жаңа  технологиялық  сипатты 

дамудың шешуші бағыттары био- және нанотехнологиялар

жасанды интеллект жүйелері, жаһандық ақпарат тораптары 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

54

және жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері, қуат үнемдеуші 

технологиялар  болып  табылады.  Өндірісті  автоматтан-

дыру,  космостық  технологиялар,  күні  бұрын  белгіленген 

қасиеттерімен  ерекшеленетін  құрастырмалы  материалдар 

өндірісі, ядролық энергетика әрі қарай дамытылады. Өндірісті 

одан әрі интеллектендіру, үзіліссіз инновациялық үрдіске көшу 

жүзеге асырылады. білімге негізделген жаңа үлгідегі қоғамға 

біртіндеп көшу аяқталады. 

бұл  бағыттарды  біз  бәсекеге  қабілеттілікті  арттырудың 

қа зақстандық  Стратегиясын  жүзеге  асыру  кезінде  назарда 

ұстауымыз керек. 

биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет жә-

не  ақпараттық-байланыс  технологиялары  секілді  ғылыми-

техникалық бағыттарда нақты нәтижелерге жетуге біздің мүм-

кіншілігіміз бар. Нақ осы бағыттар бойынша таяу болашақта 

бізге  мыңдаған  жоғары  білікті  мамандар  мен  дипломды 

ғалымдар қажет болады. 

Жоспарларымызды жүзеге асыру жөніндегі алғашқы та-

бысты қадамдарымыз қазірдің өзінде жасалды. 

2006  жылдың  маусымында  тұңғыш  қазақстандық 

«кazSat» спутнигі ұшырылды. космостық қызметті дамытудың 

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобалармен мыңнан 

астам қазақстандық ғалымдар жұмыс істеуде. Сол жылдың 

15  қыркүйегінде  тұңғыш  қазақстандық  «Алатау-Сити» 

ақпараттық технологиялар паркі (АтП) ашылды.  оны құру 

туралы ой 2002 жылы Индияға барған сапарымда, ондағы ірі 

машина жасау, тамақ және тігін өнеркәсібі, халық қолөнері, 

сондай-ақ  космостық  зерттеулер  орталығы  –  бангалор 

қаласында болған уақытымда туындаған еді. 2003 жылдың 

тамызында  «Ақпараттық  технологиялар  паркі»  арнайы 

экономикалық аймақтарын құру туралы» Жарлық шықты, ал 

2004 жылы бұл кешенді салу құрылысы басталды. «Алатау-

Сити»  ақпараттық  технологиялар  паркі  жұмыс  істеу  үшін 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



55

өтініш берген 25 компанияның 11-і іріктеліп алынды. мен IT-

индустриясы саласындағы әлемдік алдыңғы қатарлы барлық 

компанияларды  осында  келіп  жұмыс  істеуге  шақырамын, 

сіздердің бизнестеріңіз өздеріңізге де, Қазақстанға да тиімді 

болуы үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз. 

«Алатау-Сити»  –  хай-тэк-индустриясының  тұңғыш 

объектісі, ол орталық Азияның жаңа интеллектуалдық орта-

лығы  болады,  ақпараттық  технологиялар  паркі  жұмысына 

ақпараттық  технологиялар  мен  байланыстар  саласындағы 

әлемдік көшбасшылар тартылуда. «майкрософт», «Хьюлетт-

Паккард», «Сименс», «ЦискоСистем», «талес», «Эл Джи», «Сан 

макросистем», «Самсунг» компанияларымен ынтымақтастық 

туралы меморандумдарға қол қойылды. 

біз  Ұлттық  нанозертханасын  құру  жөнінде  алғашқы 

қадамдар жасаудамыз, онда Қазақстанның барлық ғалым-

дары үшін жұмыс істеуге мүмкіндік туғызылады. 2008 жылы 

Астанада  әлемдік  деңгейдегі  Ұлттық  биотехнологиялық 

орталықтың жаңа кешені салынатын болады. Қазірдің өзінде 

шет  елдерде  жұмыс  істейтін  қазақстандық  ғалымдар  осы 

орталықта  қызмет  етуге  ынта  білдіруде  және  бүгінде  олар 

бірлескен ғылыми жобаларға қатысуда. 

Әлемдік  нарықта  біздің  экономикалық  мүдделерімізді 

ілгері  жылжыту  негізгі  міндеті  болып  табылатын  ірі  ұлттық 

компанияларды  біріктірген  «Самұрық»  мемлекеттік  хол-

дингі  құрылды.  Даму  институттары  қызметін  үйлестіріп, 

индустриялық  жобаларды  қаржыландыруға  және  эконо-

миканы  диверсификациялауға  көмектесуге  тиіс  «Қазына» 

орнықты  даму  қоры  ашылды.  2005  жылдан  бастап  520 

инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Даму институттарының 

қамқорлығымен құны 2,2 млрд АҚШ доллары тұратын 90 

жоба қаржыландырыла бастады. 

мұның  бәрі  бізді  қанаттандырады,  бірақ  мемлекет 

даму үрдісіндегі барлық рөлді өзіне ала алмайды. Ғылыми 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

56

зерттеулерді  ойдағыдай  енгізіп,  коммерцияландыру  үшін 

белсенді  кәсіпкерлік  орта  қажет.  егер  де  мемлекет  ғылы-

ми  саланың  дамуын,  мысалы,  мақсатты  және  кепілді 

қаржыландыру  арқылы  әлде  қалай  реттеп  отыратын  бол-

са,  ғылым  мен  өндірісті  интеграциялау  бойынша  бастама 

жекешелік жолмен неғұрлым пәрменді жүргізілген болар еді. 

ол біздің азаматтардың тарапынан қолдау табуы керек. 

Ғылым  мәселелерін  қарастырумен  ертерек  айналыс-

қандықтан мен бизнестің рөлі басқаша болуы керек деген 

ойға  жиі  келемін.  Дағдарыс  жылдары  елімізде  бизнестің 

«делдалдық» кезеңі болды. Қазіргі кезде қызмет көрсету сала-

сы шапшаң дамуда. Алайда бізге бұдан да биікке ұмтылудың 

кезі келді. бізге жоғары технологиялық тауарлар өндірісі мен 

қызмет көрсетуге бағытталған бизнес қажет. Ғылымды көп 

қажет ететін өндіріс экономика дамуының келешектегі басым 

жағы болуы керек.

е

ртеңгі

 Қ

АзАҚстАн



серпілістер

 

мен

 

бАсымдыҚтАр

Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алып,  дербес 

саяси және экономикалық даму жолына түскенінен бері де 

он бес жыл өтті. Әрине, тарих өлшемімен алып қарағанда, 

он  бес  жыл  айтарлықтай  көп  уақыт  емес.  Сонымен  бірге, 

осы кезеңде Қазақ стан үлесіне, барлық басқа посткеңестік 

республикалардағы  се кілді,  қатаң  экономикалық  және 

әлеуметтік сынақтар тап болды. 

оң нәтижелер туралы айту әрдайым жақсы. бірақ сол ке-

зеңде, біздің жолымыздың әу басында-ақ, ешкімде де дайын 

теория және әсіресе жоспарлы экономикадан нарыққа көшу-

дің толығырақ стратегиясы болған жоқ. Посттоталитарлық 

қоғамды, әсіресе кеңестік адамдардың бірнеше буыны бас-

тан  өткерген  империялық  коммунизмді  өзгертудің  тиімді 

тәжірибесінің мысалдары болмады. бізде қажетті білім мен 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



57

дайындықтан өткен кадр лар жоқ болды.  біз шет елдерден 

шақырылған  кеңесшілер  мен  өз  басқарушыларымыздың 

жинақталған орасан зор тәжірибесіне арқа сүйедік. Дегенмен 

кадр саясатында ескі тәжірибемен, ең бас тысы, ескіше ойлау 

дағдысымен бойкүйез болмаған жас кәсіби экономистер мен 

қаржыгерлерді тірек ету керек болды. барлық осы жылдары 

мен жаңа басқарушылардың, олардың арасында әрқилысы 

болса  да,  бірнеше  буынын  өсіріп  шығарумен,  соларды 

тәрбиелеумен, іздестірумен тікелей айналыстым. 

Қазақстан бірінші болып посткеңестік кеңістікте нарықтық 

экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік 

басқару және реттеу секілді әлемдік тәжірибеде мойындалған 

стратегиялық жоспарлауды таңдап алды. Аталмыш құжаттар 

тек дамудың негізгі кезеңдері мен басымдықтарын айқындап 

қана  қоймады,  олар  дағдарыстар  мен  бейберекеттіктің 

аумалы-төкпелі уақытында біздің жолымызды сызып берді 

және зәру де болса жеңіл-желпі мәселелерге бой алдырып, 

адасып кетуге мүмкіндік бермеді. 

Қол  босай  қалғанда,  мен  осы  тарауда  айтылған  үш 

стра тегиялық  құжаттың  әрқайсысын  жиі  қайталап  оқып 

шыға мын. олардың қай-қайсысы да біздің қоғамда болып 

өткен  оқиғалардың  айнасы  тәрізді.  оларда  сол  уақыттың 

жиынтық рухы бар – қайсысын ашып қалсаң да, Қазақстанда 

нендей  оқиғалар,  қандай  проблемалар  болғаны  бірден 

түсінікті болады. «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі 

қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  мен  «Президент 

меморандумы» сол кезеңде елімізде болған дағдарыстың 

мән-мағынасын  және  барлық  өткір  жақтарын  көрсетеді. 

Ал «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы» 

Қазақстан табысындағы се нім мен оптимизмнің сәулесі бол-

ды. ол халықтың өзіне деген сеніміне, мемлекеттен қайыр 

күтпей, өз тағдырын өзі шешуіне көмектесті. 

Сол  уақытта  «стратегия»  деген  сөз  жұрттың  көбінің 

құлағына түрпідей тиді. мен 1997 жылы «Қазақстан–2030»-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

58

ды жария еткенімде, еліміз өзінің дағдарыс жүйесінен енді-

енді шыға бастаған, ал оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейде 

қаржы дағдарысы әлдеқашан белең алған кез еді. осымен бір 

мезгілде біз әлемдік экономиканың бүкіл тарихында мұнай 

бағасының болып көрмеген рекордтық төмендеуі салдары-

нан кейін ысырып тасталдық. Алайда бұл біз үшін торығудың 

себебі бола алмады. 

Стратегияның осы тарауында айтылғандардың әрқайсысы 

тәуелсіз Қазақстан құрылысында ерекше рөл атқарды және 

дамудың  үздіксіз  жаңа  сапалық  кезеңдерін  белгіледі.  біз 

бірінші  кезеңде  барлығын  нөлден  бастадық  –  жоспарлы 

экономикадан толықтай оған қарама-қарсы нарық жүйесіне 

көшуді жүзеге асырдық. Қазір, стратегиялық жоспарлаудың 

екінші кезеңінде біздің алдымызда енді макроэкономикалық 

тұрақтандыруды  қамтамасыз  ету,  еліміздің  заңдық  база-

сын, қаржы жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік сектор-

ды  жетілдіру  секілді  мүлде  басқаша  міндеттер  тұр.  Үшінші 

кезеңнің міндеттері агроиндустриялықтан индустриялық және 

постиндустриялық мемлекетке көшу, дамушы елден дамыған 

елге айналу болып табылады.

«Кеңес  Одағы  ыдырап,  коммунизм  құлаған  соң, 

Қазақстан  небәрі  он  бес  жылда  тәуелсіз  мемлекет  бо-

лып  құрылды.  Бұған  дейінгі  қазіргі  заман  тарихында  ол 

ешқашан  тәуелсіз  болып  көрмеген  еді.  Демократияны, 

саяси саналылық пен еркін нарықтық экономиканы құруды 

нөлден бастауға тура келді. Осыны есепке ала келгенде, 

Қазақстанға бұл салаларда өсуге қол жеткізуі аса үздік және 

оң табыс болды».

Мартин Стифф, «United Press 

International», 6 желтоқсан 2005 ж.

Әрине,  ең  қиын  алғашқы  жылдары  нарықтық  рефор-

малар қайшылықтармен жүргізілді, кей-кейде «тайғанақтап 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



59

та» қалды. Экономиканы тұрақтандыруға жасалған көптеген 

бағдарламалар  уақытша  және  жалқылық  сипат  алды.  бір 

міндетті шешу, көбінесе, орындалуы оңайға соқпайтын басқа 

проблемалардың  пайда  болуына  әкеліп  соқты.  бірақ  нақ 

сол жылдар біздің кейінгі табыстарға жетуімізге ғана емес, 

тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымызға да көмектесті. 

Қол жеткен табыстарға Қазақстан кезең-кезеңімен кел-

ді,  өзінің  мемлекеттік  экономикалық  саясатын  «таңдаудан 

таңдауға» дейтін принциппен емес, экономикалық дамудың 

инвестициялық  цикл  деп  аталатын  объективтік  қисынына 

сәйкестеп  жүргізді,  ол  сараптау  бағасы  бойынша  ондай 

циклдардың ұзақтығы кемінде 10-15 жылға созылатын еді. 

біз  өте  маңызды,  сонымен  бірге  тамаша  уақытта  өмір 

сүру деміз.  бүгінгі  күні  біздің  әрқайсымыз  не  істейміз  және 

не  тындырамыз,  міне,  қазақстандықтардың  келесі  буыны 

қандай  елде  тұратыны  соған  байланысты  деген  ойға  жиі 

берілемін.  Өйткені  мемлекеттің  міндеті  өз  азаматтарының 

жынысына, жасына, ұлтына және қандай этникалық топқа 

жататынына, олардың қандай аймақтарда тұратынына және 

басқа  да  ерекшеліктеріне  қарамастан,  өмірден  өз  орнын 

тауып, қалыптасуы үшін, соларға баламалы тең мүмкіндіктер 

туғызатын болуы керек. 

Сонымен қатар даму мен жоғары әлеуметтік шығындардан 

туындайтын масылдық пиғылдар бір-бірімен қабыспайтынын 

айқын түсінуіміз қажет. күні бүгінге дейін барлық әлеуметтік 

бағдарламаларды  қаржыландыруды  қолда  бар  мұнай  

кірістері есебінен он еселеп арттыру қажет деген пікірлер орын  

алуда.  естеріңізде  болсын,  мұнай  сатудан  түсетін  қомақты 

кірістер әрдайым мемлекет үшін молшылық көзі болып табыл- 

майды. бұл арада Венесуэла, Нигерия және Сауд Арабиясы  

секілді елдердің өкінішті тәжірибесін еске алсақ та жеткілікті. 

біз бұл қателіктерді қайталамауымыз керек. біз өз эко-

номикамыз  бен  азаматтарымыздың  бәсекеге  қабілеттілігін  

мұнай  долларларына  «тұншықтырмауымыз»  қажет. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

60

«Қазақстан–2030»  стратегиясында  бізде  бейне  бір  мұнай 

жоқ секілді жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеуіміз керек екені 

айтылады. бұл ойда терең мағына жатыр. 

біздің стратегия қолдағы бар қаржыны ақылмен тұтынып, 

ақылмен жұмсау принциптеріне негізделуі, яғни кәдімгі от-

басы  секілді  мемлекетте  «қиын  күнге»  деп  сақтап  қоятын 

арнайы қоры болуы керек. мұнай сатудан түскен қаржының 

бір бөлігі ғана еліміздің ішкі денсаулық сақтау, білім беру, 

ауызсу мен жол құрылысы сияқты осы заманғы әлеуметтік-

инженерлік инфрақұрылымын жасауға бағытталатын болады. 

бұл – негізінен «нарықтың құлдырауы» дейтін, шын мәнінде 

мемлекеттің араласуы қажет болып табылатын салалар. мы-

салы, ұлттың денсаулығы мен оның білім деңгейі – қандай 

жағдайда да құлдырауға жол берілмейтін дүниелер. 

Әлемнің бірде-бір елі өзінің алдына дәл осындай қысқа 

мерзімде мұндай өршіл міндет қойған емес. Алайда күндердің 

күнінде дәл осының біздің жол деп атайтынына мен сенемін. 

тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  Қазақстан  қарсыдан 

соққан жел мен жауған жаңбырға, өзінің шаршап-шалдыққаны 

мен қорқынышына, айналасындағы әртүрлі қиын жайларға 

қарамастан, тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан 

жолаушының жағдайын көзге елестететін. 

Алғашқы қадам – өте күрделі. Жаңа мемлекетімізді құру-

ға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты іргетасы, 

негіздердің негізі – жаңа конституция керек екенін түсіндік. 

біз  сонау  1995  жылы  қабылданып,  қазіргі  қолданыста 

жүрген конституцияға бірден келген жоқпыз. Иә, оның ал-

дында  1993  жылы  тұңғыш  конституциямыз  қабылданды, 

Президенттің  140-тан  астам  заң  күші  бар  Жарлықтарына 

қолы  қойылды,  сондай-ақ  өмірдегі  болып  жатқан  сол 

өзгерістердің қажеттігін түсінбеген және оны қабылдағысы 

келмеген адамдармен арада ұзақ жылғы табанды күрестер 

өтті. Сол жағдайлардың қалай болғаны туралы келесі тарауда 

айтамын.


1995 жылғы

конституция



2-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

62

ХVііі ғасырдағы француз заңгері, биліктің бөлінуі тура-

лы ілімнің авторы Шарль де  монтескье былай деген екен: 

«Демократияның принциптері тепе-теңдік рухын жоғалтып 

алғанда ғана емес, сонымен бірге, тепе-теңдік рухын шегіне 

дейін жеткізіп, әркім өзінің билікке сайлаған адамдарымен 

тең болуға ұмтылғанда іриді». 

кСРо-ның өмір сүруінің соңғы жылдарында республика-

лардағы әртүрлі деңгейдегі депутаттар әкімшілік-әміршілік 

жүйенің  сыншысына  айналып  кетті.  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  Жоғарғы  кеңестер  мен  съездердегі  халық 

депутаттарының  пікірталастарын  тікелей  эфирде  тара-

тып,  оларға  биліктің  әртүрлі  тармақтарының  арасындағы 

қақтығыстар  сипатын  берді.  ерсілігі  сол,  кеңес  өкіметінің 

түпқазығы  болып  табылатын  кеңестердің  өздері  біраздан 

кейін осы өкіметті көпшіліктің алдында тұра латудың арена-

сына айналды. 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  өзінің  негізгі  міндеті  – 

адамға  шындық  ақпаратты  жеткізудің,  жаңа  өзгерістердің 

өскіндерін  айтып,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 

сақтаудың орнына қызбалықтың отына май құйды. 

ондаған  жылдар  бойғы  цензура  мен  тыйым  салу-

лардан  кейін,  қоғам  басқа  бір  ұшқарылыққа  ұрынып,  сөз 

еркіндігі  мен  жариялылық  принциптері  адам  танымастай 

болып  өзгерді.  Жариялылық  тамаша,  егер  ол  тексерілген 

ақпаратты беретін болса. Жалған ақпарат – ол еркіндік емес, 

еркіндікке қиянат жасағандық. мұны өркениетті қоғамдар 

ерте түсінген, сондықтан оларда жала жапқаны үшін заңның 

барлық қатаңдығымен жауап сұралады. осынау аса күрделі 

жағдайларда түрлі саясаткерсымақтар адам сезімін саудаға 

салып,  билікке  ұмтылды,  мемлекеттіліктің  түпқазығын 

шайқалтты, сөйтіп мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірді. 

Нәтижесінде біз нақты не таптық? тапқанымыз – ұзаққа 

созылған  көпжақты  саяси  дау-жанжалдар  болды,  ал  оған 



1995 жылғы 

к

онституция



63

орталықтағы және одақтық республикалардағы әртүрлі саяси 

топтар қатынасты. 

тоқсаныншы жылдардың басындағы саяси теке тірестер 

сол кездегі аса қатал экономикалық дағдарыспен қатарлас 

келді. елде кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық етек алды, 

бірінші кезектегі сұранысқа қажетті тауарларға деген төтенше 

тапшылық  туды,  ал  одақтық  «бюджет»,  дәлірек  айтсақ, 

«тігісінен қақырап, сөгіліп» жатты. 

біз  тәуелсіздігімізді  жариялаған  1991  жылғы  шынайы 

жағдай осындай еді. 

Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік 

республикалар  арасында  ең  соңынан,  1991  жылдың  16 

жел тоқсанында  жариялаған  ел  болды.  Сол  кезде  көптеген 

«жанашырлар»  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  тағдырдың  бір 

сыйы  ретінде  күтпеген  жерден  алды  дегенді  айтты.  тіпті 

кейбіреулер тәуелсіз Қазақстанның ғұмыры ұзаққа бармайды 

деп те сәуегейсіді. 

бірақ  қалай  болғанда  да,  бір  қызығы  сол  –  біздің 

тәуелсіздігіміз  үшін  күрестің  ең  күрделі  де  жауапты  кезеңі 

1991  жылы  дер бестігімізді  алғаннан  кейін  барып  қана 

басталды.  біреудің  өз  тәуелсіздігін  әлдекімнің  жай  ғана 

мойындағанынан гөрі, саяси және экономикалық жағынан 

шын  мәнінде  тәуелсіз  болу  әлдеқайда  қиын.  күрес  әлі 

де  жалғасуда  –  бірақ  бүгін  бұл  бәрінен  бұрын  тәуелсіз 

мемлекетті  құрудың  жоспарлы  үрдісі  түрінде  болып  отыр. 

бұл  тарауда  әңгіме  тәуелсіз  мемлекетіміздің  алғашқы 

іргетасы қалай қаланғандығы жайында айтылатын болады.  

ол – конституция туралы болмақ. 

тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шын-

дығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен 

ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді 

жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. тәуелсіз Қазақстанның 

конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың 

негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал