Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет4/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

41

дар – бірінші кезең, 2010–2020 жылдар – екінші кезең және 

2020–2030  жылдар  –  үшінші  кезең.  Сол  аяқталған  кезде 

Қазақстан  дамыған  елдер  санатына  енуі  керек.  Стратегия 

энергия  қуаттарының  қорлары  мен  бағасына  қарай  біздің 

ел  дамуының  оптимистік,  базалық  және  пессимистік  үш 

сценарийін  болжады.  Айта  кетер  болсақ,  кейінгі  жылдары 

мұнай  бағасының  деңгейі,  тіпті  бір  баррелі  үшін  18  АҚШ 

долларына  жуық  деңгейге  бағыт  ұстаған  Стратегияның 

оптимистік сценарийі көрсеткіштерінен асып түсті. Салыстыру 

үшін айтсақ, 2000 жылы мұнай бағасы 28,2 АҚШ долларын 

құраса, ал 2006 жылы мұнайдың бір баррелінің орташа құны 

60 АҚШ доллары деңгейінде тұрды. 

Құжаттың құрылымын талқылау барысында басымдық-

тар мен олардың дәйектілігін айқындау басты мәселе болды. 

көптеген сағаттарға созылған қызу айтыстар кезінде әр сарап-

шы өз саласына жеке басымдықтар берілуіне күш салды. тек 

қана, мысалы, денсаулық сақтау мен білім беруді жекелеген 

басымдықтарға бөлу ұсынылды. басымдықтардың қолданылу 

тәртібі туралы тартыстар да шиеленісті болды. Ақыр соңында 

жұмыс тобы бес басымдыққа тоқтады. Алайда жұмыстардың 

орындалу мүмкіндігіне қарай инфрақұрылымдар мен энер-

гетика мәселелері жеке қарауды талап ететіні түсінікті бол-

ды. Сайып келгенде, біз экономиканың бұл қабаттарының 

маңыздылығы  Қазақстанның  келешегі  үшін  соншалықты 

маңызды  болады,  басымдықтар  секілді,  олар  да  жеке 

қарауды талап етеді деген қорытындыға келдік. осыдан кейін 

барып Стратегияда жеті басымдық айқындалды. 

басымдықтар  санын  айқындауда  мемлекеттік  менед-

жмент  пен  психология  саласында  елеулі  жұмыстардың 

жеткілікті атқарылғанын айта аламын. Стратегияның негізін 

дайындау, соның ішінде басымдықтардың қолданылу тәртібі 

мен маңыздылығын айқындау кезінде халықаралық тәжірибе, 

отандық  және  шетелдік  ғалымдар  мен  сарапшылардың 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

42

нұсқаулары  байытыла  түсті.  біртіндеп,  ерекше  баса  назар 

аударатын жайларды орналасты ру үрдісінде, жаһандықтан 

жекеге, кезеңдіктен әлеуеттік мүм кіндіктерге бару қажеттігін 

түсінушілікке  келдік.  бұның  бәрі  тұрғындардың  жақсы 

тұрмысы  мен  экономиканың,  қоғамның  тұрақтылығын, 

ұлттық  қауіпсіздікті  біздің  негізгі  басымдықтарымыз  етіп 

айқындады.  басқаша айтқанда, Стратегия басымдықтарын 

айқындау «сақина көзінің біртіндеп тарылуы» деген принцип  

бойынша,  яғни  ерекше  маңыздыларын  іріктеп  алып, 

қалғандарын шығарып тастап отыру жолымен жүргізілді. 

Стратегия ең идеялық негізінен бастап тікелей оның же-

келеген аспектілеріне дейін көп рет пысықталып, тестіленді. 

ба сым дықтардың тұжырымын халықтың жақсы қабылдауы, 

яғни  оның  мәтіні  қысқа  да  түсінікті,  бірақ  мағынасы  кең 

ауқымды  болуы  үшін  сарапшылар  оны  сан  мәрте  өзгертті. 

Сондай-ақ біз басымдықтар санының өзін (әуелі бес, сонан 

соң жеті қылып) шектеуді ұйғардық, өйткені басымдықтар 

санының көптігі айтар лықтай ықылас тудырмауы немесе әлсіз 

қабылдануы мүмкін еді. Сонымен бірге жеті санының қазақтар 

үшін ерекше қасиеті болатын. 

1997  жылдың  жазы  бойына  құжатты  әбден  жөндеу 

бағытында  жұмыстар  жүргізілді.  Стратегиялық  жоспарлау 

жөніндегі  агенттік  маған  Стратегияның  жөнделген  және 

түзетілген нұсқаларын екі аптада бір рет әкеліп тұрды. Ара-

сында  сарапшылар  әрбір  параграфты  қайта  өңдеді  және 

менің енгізген өзгерістерімді ескере отырып, әрбір идеяны 

ұштай түсті. 

Стратегияны  жасау  жұмысы  әлемдік  экономиканың 

теориясы  мен  тәжірибесін,  тақырыптық,  салалық  және 

индикативтік жоспарларды, көптеген елдерге барған сансыз 

сапарлардың материалдарын, әйгілі сарапшылармен болған 

пікірсайыстарды, ақыр соңы, құжат пен жұмыс істеген бүкіл 

команданың ішкі түйсігін тыңғылықты пайдаланған күрделі 

де көп деңгейлі міндет болды. 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



43

Стратегияны жасауда бізге халықаралық ұйымдар мен 

донорлардың, ең алдымен біріккен Ұлттар Ұйымының Даму 

бағдарламасының үлкен көмек көрсеткенін атап өтуіміз ке-

рек.  бізбен  бірге  ақыл-кеңес  берушілер  ретінде  қырықтан 

аса әйгілі халықаралық сарапшылар жұмыс істегенін айтсақ 

та жеткілікті. Солардың қатарында Х. берсток, к. Грей, В. Худ-

жонг, Г. Аллисон, Р. блэквилл сынды және басқа адамдар 

болды. 

біз бұл жұмысқа Үкімет мүшелерін кірістірмегеніміз бір ден 



көзге түсуі мүмкін. маған сол кездегі қызмет істеген Премьер-

министрдің  бұл  мәселеге  бас  ауыртқысы  келмейтіні  және 

материалдарды  жинақтауды  тежейтіні  туралы  баян  етілді. 

Стратегияны жүзеге асыру жұмысын мұндай Үкіметке қалай 

сеніп  тапсыруға  болатын  еді?!  Сондықтан  1997  жылдың 

күзінде мен Қажыгелдинді қызметтен босаттым да, Үкіметті 

тараттым. 

1997 жылғы тамызда біз Стратегияның жасалып біткен 

мәтінімен  тура  мәреге  шықтық.  бұл  кезеңде  төмендегідей 

базалық басымдықтар жүйесі түбегейлі айқындалды:



«1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтың тұтастығын толық 

сақтай  отырып,  Қазақстанның  тәуелсіз  егемен  мемлекет 

ретінде дамуын қамтамасыз ету. 

2.  ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТА-

СУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде 

ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі 

саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта 

беру. 

3.   ШЕТЕЛ  ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ  МЕН  ЖИНАҚТАЛҒАН 

ІШКІ ҚОРЛАРДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ПАЙДАЛАНА ОТЫ-

РЫП,  АШЫҚ  НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКАҒА  НЕГІЗДЕЛГЕН 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, 

тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол 

жеткізу. 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

44

4.   ҚАЗАҚСТАН  АЗАМАТТАРЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҒЫ, 

БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардың өмір 

сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін 

ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту. 

5.  ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Қалыпты экономикалық 

өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін 

табыс  алу  мақсатында  мұнай  мен  газ  өндіруді  және 

экспорттауды  жедел  арттыру  жолымен  Қазақстанның 

энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. 

6.   ИНФРАҚҰРЫЛЫМ,  ӘСІРЕСЕ  КӨЛІК  ЖӘНЕ  БАЙ-

ЛАНЫС.  Осы  шешуші  секторларды  ұлттық  қауіпсіздікті 

нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге 

септігін тигізетіндей етіп дамыту. 

7.   КЕМЕЛДІ  МЕМЛЕКЕТ.  Ісіне  адал  әрі  біздің  басты 

мақсатта рымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға 

қабілетті  Қазақстанның  мемлекеттік  қызметшілерінің 

ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау».

2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму 

стратегиясынан, 1997 жыл

енді алдымызда Стратегияны саяси тұрғыдан жария ету, 

сон дай-ақ оны ары қарай жүзеге асыру туралы мәселе тұрды. 

Стратегияны саяси тұрғыдан жария ету мәселесі мені екі түрлі 

себеппен қатты толғандырды. біріншіден, Стратегияны адам-

дар қалай қабылдайды және жалпы қабылдай ма, жоқ па, 

оны ары қарай жүзеге асырудың табысы осыған байланыс- 

ты болды. ешкім сенбеген Стратегия өз мақсатын орындап 

шыға алмайтын еді. Және, екіншіден, қаншама еңбек сіңірілді, 

күш-жігер мен идеялар жұмсалды, жұмыс топтарының әрбір 

мүшесі, мені қоса алғанда, осы құжатқа байланысты барлық 

істерге тікелей терең араластық. Сірә, осының өзі-ақ Страте-

гияны жария ету туралы тамаша шешімдер табуымызға кө-

мектескен болуы керек. 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



45

2030  жылға  дейінгі  Қазақстанның  даму  Стратегиясы 

мен оны жүзеге асырудың бірінші кезектегі шаралары 1997 

жылы 10 қазанда еліміздің Парламентінде ресми түрде жа-

рияланды. Сол күні мен еліміздің Парламентінде Қазақстан 

халқына арнаған ең алғашқы Жолдауыммен шығып сөйледім. 

маған  халыққа  Жолдау  деген  идеяның  өзі  ұнады,  оның 

ел  құлағына  сіңісті  болып  кеткеніне  қуанамын.  Қазір  жыл 

сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге 

айналды. онда бұл нағыз керектің өзі болды – Республиканың 

барша халқына, барлық азаматтарына үн тастай отырып, біз 

Стратегияның ерекше рөлі мен мәртебесін атап көрсеттік. 

Стратегия  ұлттық  мақсат  пен  оған  жету  жолындағы 

ба сым дықтар  жүйесін  айқындады.  барша  тұрғындардың 

экономикалық жақсы тұрмысы, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық 

бірлік  өзіне  тән  тәуелсіз,  өркендеген  және  саяси  тұрақты 

Қазақстанды  құру  еліміздің  миссиясы  болып  жарияланды. 

менің сөзімде барша қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын 

жақсарту мен олардың қауіпсіздігі, өркендеуі – біздің бар-

лығымыз құрғымыз келетін Қазақстанды бейнелейтін түйінді 

сөздер екені айтылды. 

Стратегияны жүзеге асыру тетіктеріне келсек, бұл ұзақ 

мерзімді басымдықтардың әрқайсысы жылдық, үшжылдық 

және  бесжылдық  жоспарларда  белгіленетін  болды,  со-

лар  бойынша  барлық  мемлекеттік  органдар  көрсетілген 

мерзімде  есеп  беріп  тұратын  болды.  бұл  ұзақ  мерзімді 

басымдықтар  мемлекет  пен  барлық  азаматтардың  күш-

жігері тоғысқан нүктеге айналуы керек болды. олар еліміздің 

келесі  жылдардағы  бюджетін  құру  және  кадр  саясатын 

жасақтау кезінде қолданылатын тәсілдер мен критерийлерді 

айқындады. 

Стратегияны  тез  арада  жүзеге  асыру  мақсатында,  тіпті 

1998  жылы  шешуіміз  керек  болған  бірсыпыра  мәселелер 

айқындалды  және  Үкіметке  сол  жылға  арнап  сегіз  нақты 

тапсырма берілді.


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

46

«1. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды және бюджеттік 

ұйымдарда  жалақыны  толық  және  уақтылы  төлеуді 

қамтамасыз ету. 

2.  Бір жыл ішінде аз қамсыздандырылған кемінде 30 

мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде, жұмыс 

орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына 

парапар сомада шағын кредиттер беру. 

3.  Үстіміздегі жылдан бастап шағын және орта бизнесті, 

фермер  қожалықтарын  дамытуға,  жұмыс  орындарын 

құруға кемінде 100 млн АҚШ доллары сомасында кредит-

тер берілуін қамтамасыз ету. 

4.  Мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мек-

тептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарлама-

сын іске асыруға кірісу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзінде 

кемінде 22 млн АҚШ долларын бөлу. 

5.   Шаруа  және  фермер  қожалықтарына  арналған 

кре диттердің  кемінде  2,5  млрд  теңгеге  арзандатылуын 

қамтамасыз ету. 

6.   Салауатты  өмір  салты  жолындағы  қоғамдық 

науқанды бастау. 

7.  Осы мақсатқа кемінде 40 млн АҚШ долларын бөле 

отырып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға 

кірісу. 1998 жылғы сәуірде осы бағдарламаны жүзеге асы-

рудың принциптері мен одан күтілетін нәтижелер жайында 

жұртшылыққа баян ету. 

8. Балалардың мектепке түгелдей баруын қамтамасыз 

ету».

2030 жылға дейінгі Қазақстанның 

Даму стратегиясынан, 1997 жыл

«Қазақстан–2030» Даму стратегиясына негіз етіп алынған 

постулаттар біздің кез келген жоспарларды жасаудағы тұрақты 

бағдарымыз  болып  табылады  және  өзінің  өміршеңдігін 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



47

жоғалтпайды.  Әңгіме  алғашқы  кезеңде  саясаттан  басым 

тұратын  қуаты  мол  экономикалық  реформалар  туралы, 

мемлекеттің  ашық  реттеушілік  қызметін  сақтай  отырып, 

нарықты құру, тікелей билікті әлсіретпейтін әкімшілік жүйесін 

демократияландыру  туралы  болып  отырғандықтан,  онда 

саяси және экономикалық радикализмге орын жоқ.  менің 

білуімше, бұл сирек кездесетін өте бірегей тәжірибе. 

Қазақстан  1991  жылы  тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап 

өз  мемлекетінің  дамуына  «синергетикалық  принциптерді» 

қолданған  алғашқы  мемлекеттердің  бірі  болған  фактіні 

атап  өтпеске  болмайды.  бұл  стратегияны  пайдалану  таза 

бәсекелестіктің  элементтері  марапатталып,  мемлекеттік 

реттеушіліктің ашық желісін құрайтын мемлекеттік саясаттың 

жасалуы үшін түрлі құрылымдар жиынтығын талап етеді. 

«Саяси  тұрақтылық  бәрінен  де  жоғары.  Азиялық  қо-

ғамдағы  тәртіп  пен  реттілік  демократиядан  маңыздырақ, 

сондықтан соңғысы біртіндеп дамытылуы керек». бұл ли куан 

Юдың саяси кредосы. мен мұндай әдістің жаныма жақын 

екенін ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі экономика, ал со-

нан соң саясат» деген сөзді әрдайым айтамын. мені сол үшін 

де сынағандар болды. Алайда саясатты адамдардың жақсы 

тұрмысы мен тыныштығынан бұрын, бірінші кезекке қойған 

кСРо-ның құлауы ылғи да менің көз алдымда тұрады.



ж

оспАрлы

 

экономикАдАн

 

бәсекелестікке

 

ҚАрАй

бір  кезде  біз  мінсіз  мемлекет  құрып  жатырмыз  деп 

ойладық. мүлде әртүрлі халықтар мекендеген «құрлықтың 

алтыншы  бөлігі»  бір  идеямен  өмір  сүрді.  бәлкім,  біздің 

бәрімізді біріктірген тұғырнаманың дәл осы идеяшылдығы 

кеңестік мемлекеттің басқадай барлық құрамдас бөліктері 

үстінен саясаттың үстемдік етуіне себепші болған шығар. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

48

одақтас  республикалардың  «тіндерін»  бір  орталыққа 

түйіндеп, «бір ұлы отан» идеясын қолдау үшін нақ осы ақылға 

қонбайтын экономикалық заңдар бойынша өндірістік және 

шаруашылық  байланыстар  құрылған-ды.  Алайда,  табиғат 

заңдары секілді, экономика заңдарында да объективті сипат 

болады, ол адамдардың қалауы бойынша қайта жазылмайды 

немесе жойылмайды. «Жарқын болашаққа» жету жолындағы 

саяси бағыт сабын көпіршігі секілді жарылып кетті. Әрине, 

оған көптеген жайлар, бірақ негізінен – тиісті экономикалық 

негіздің жоқтығы себепші болды. Қашан Идея жоққа шыға- 

рылғанда, ал мемлекет өз өмірінің соңғы жылдарын әупі-

рімдеп өткеріп жатқанда, жаппай етек алған дағдарыстан 

шегіне жетіп созылған бұл жасанды экономикалық «тіндер» 

бырт етіп үзіліп кетті. осы қиын жағдайдан шығудың жолын 

іздеген  кеңестік  басшылық  жаңалыққа  көшуге  тырысты, 

бірақ ол ескі «кеңестік» тәсіл бойынша саясаттан басталды. 

бұл көшу тығырыққа әкеп тіреді. 

Экономика – саяси тәуелсіздіктің негізі.  егер ел эконо-

микасын  реформалау  жөнінде  жасалған  біздің  алғашқы 

қадамдар,  дұрысында,  тек  сол  кезеңдегі  «посткеңестік» 

бейберекеттіктен аман қалу жөніндегі кезек күттірмейтін ша-

ралар болса, ал қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар страте-

гия мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және 

болашақтағы нақты нәтижеге бағытталған. бұл нәтиже – біздің 

елімізге әлемдік деңгейде ойдағыдай бәсекелестікке түсуге 

жағдай туғызуға бейімі бар күшті, диверсификацияланған 

экономикалық жүйені құру. Сонымен бірге, бұл тек нарыққа 

және басқа да экономикалық түсініктерге жол ашу үшін ғана 

емес, жалпы бейнелеп айтқанда, «күн астындағы өз орны-

мызды» табу үшін бәсекеге түсу еді. 

Президенттің  Қазақстан  халқына  жыл  сайын  Жолдау 

арнау дәстүрі «Қазақстан стратегиясы – 2030»-дан бастал-

ды. Әрбір мұндай Жолдау – біздің жалпы Стратегиямыздың 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



49

құрамдас бөлігі және біздің жолымыздың құрамдас бөлігі. Ал 

кейінгі жылдарғы Жолдау «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің» 

белгісі болды. 

менің пікірімше, елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әрбір 

азаматының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  мүмкіндік 

туғызатын қолайлы жағдайлардың жиынтығымен айқында-

лады.  Адамдар  туралы  айтқанда,  австриялық  экономист 

Йозеф Шумпетердің кәсіпкерге берген, менің өзіме де өте 

ұнайтын анықтамасын мысал ретінде келтірсем бе деймін. 

Шумпетердің айтуынша, кәсіпкер тек басқарып қана қоймайды, 

ол  басқару  жөнінде  тың,  ерекше  шешімдер  қабылдайды. 

кәсіпкер жаңартулар енгізеді және экономикалық тәуекелге 

бару үшін өзіне жауапкершілік алады. мен қазақстандықтар-

дың – жаңалыққа, сынақтарға, жасампаздыққа жаны құштар 

және де ең бастысы әрдайым тәуекелге әзір тұратын, өзіне 

жауапкершілік алатын сондай кәсіпкер болуын қалар едім. 

«Дүниені  өзгерткің  келсе  –  өзіңнен  баста»  деген 

қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсымыз 

бәсекеге  түсуге  және  жеңіп  шығуға  үйренуіміз  керек. 

Ал  біздің  жалпы  бәсекеге  қабілеттігіміз,  түпкі  нәтижеде, 

халықтың  жақсы  тұрмысына  жеткізуі  тиіс.  мен  бұл  арада 

жаңағы  айтылғандардың  мағынасына  неғұрлым  тереңірек 

тоқталғым келеді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі ұлттың 

тек материалдық қана емес, рухани баюына да әкелуі тиіс. 

Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет 

пен  өнердің,  қазақ  тілінің,  халқымыздың  дәстүрлері  мен 

өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс. 

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның әрбір өкілінің 

бәсекеге қабілеттілігі, оның әзірлік деңгейі, білімі мен жеке 

басының дамуы. Ал елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл халықтың 

жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму 

деңгейі. бұл арада динамикалық бағдарлама жасау принципі 

жұмыс істеуі керек: мақсатқа жету үшін қаржыны айқындау 

қажет. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

50

Жаңа  экономиканы  құру  –  қиын  да  тәуекелді  міндет. 

оны  шешу  кезінде  біз  «2003–2015  жылдарға  арналған 

Қазақстанның  индустриялық-инновациялық  даму  стра-

тегиясына»  арқа  сүйейміз.  оның  бірінші  кезеңін  жүзеге 

асыру  отандық  экономиканың  құрылымы  мен  оның  өсу 

динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стратегия 

мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың 

әлемдік бағасының конъюнктурасына тәуелді болу пробле-

масын шешеді, диверсификациялау арқылы экономиканың 

шикізат бағытынан бас тартуына жағдай туғызатын болады, 

сервистік-технологиялық  экономикаға  көшу  үшін  негіздер 

қаланатын болады.  біздің сарапшылардың есептеулері бо-

йынша,  индустриялық-инновациялық  саясаттың  жүргізілуі 

экономикалық өсу қарқынын кемінде жылына 8,8-9,2 пайыз 

көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. 

Сонымен  қатар,  индустриялық-инновациялық  даму 

Стратегиясы  –  бұл  бар  болғаны  дайындық  кезеңі  ғана. 

Әлемде постиндустриялық қоғамның орнауы әлі аяқталып 

біткен жоқ. Қазақстанда әлі де секіріс жасап, индустриялы-

дамыған елдердің қатарына кіру мүмкіншілігі бар. Аталмыш 

Стратегияны жүзеге асыру оқиға барысын күрт өзгертуі және 

елімізді осы секіріске дайындауы керек болды. осы арада біз 

бұл секірісті қайда бағыттауымыз керек деген негізгі мәселе 

бой көрсетеді. 

бір жағынан, қолда бар әлеуетті пайдалану қажет, себебі 

тірі  қалу  түйсігінің  талап  етуі  бойынша  Қазақстан  «секіріс» 

жасау  үшін  тау-кен  металлургиясы,  ауыр  өнеркәсіп,  ауыл 

шаруашылығы секілді біршама дәстүрлі салаларға, сондай-ақ 

ядролық энергия мен космостық технологияларды дамытуға 

табан тіреуі керек. екінші жағынан, инновациялар мен жоғары 

технологиялар есебінен экономиканың өнімділігін арттыруға 

қарай жылжуымыз қажет. мұның өзі экономиканың қабілет-

тілігі мен тұрақты экономикалық өсуге жетудің шешуші фак-

торы болып табылады. 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



51

біз  үшін  Финляндия  өнеге  бола  алады.  бұдан  бұрын 

не  күшті  ғылыми  базасы,  не  алдыңғы  қатарлы  өнеркәсібі 

болмаған, бес миллиондық халқы бар, солтүстіктегі кішкентай 

ғана  ел,  жоғары  технологиялық  дамуды  тірек  ете  отырып, 

бүгінде  әлемдегі  айрықша  бәсекеге  қабілетті  экономика 

ретінде мойындалып отыр. Финдік ұлттық өндірістік модель 

немесе  «финдік  инновациялық  керемет»  бүгінде  әлемдегі 

ерекше тиімділердің бірі болып танылды. оған негіз болған 

білім берудің жоғары деңгейі, ғылымға қаржының конкурстық 

принциппен бөлінуі, мемлекетті, ғылым мен бизнесті біртұтас 

етіп біріктірген өркенді инновациялық инфрақұрылым еді. 

Финляндия  бірнеше  жылдар  бойына  бәсекеге  қабі-

леттіліктің  Давостық индексінде өз  көрсеткіштері  бойынша 

көш  басында  тұр.  одан  кейінгі  қатарда  АҚШ,  Швеция, 

тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, канада, 

Швейцария, Жапония,Ұлыбритания, Германия және Израиль 

келеді.  2005–2006  жылдардың  қорытындысы  бойынша 

Қазақстан 117 елдің ішінде 56 орынды иеленді. бұл көрсеткіш 

бойынша біз тмД-ның барлық мемлекеттерінен алда озық 

келе жатқанымызды ескерте кетейін. 

Қазіргі  әлемде  елдердің  ресурстарын  өздері  ғылым 

мен  технологияның  ерекше  дамыған  әлеуетіне  ие  болған 

бағыттарына топтастыруға мүмкіндік беретін халықаралық 

еңбек  бөлінісінің  схемасы  қалыптасқан.  мәселен,  есептеу 

және  офистік  техникаларды  өндіру  көлемі  бойынша  АҚШ 

көш басында келе жатса, Жапония электрондық өнеркәсіпте 

үстемдік ету жағдайына ие болған, Швейцария – фармацев-

тика өнеркәсібінде біден-бір көшбасшы. 

Алайда мұның барлығы аталмыш схема өзгермейді деген 

сөз емес. Жазмыштың маңдайға жазуына байланысты ахуал 

аяқ астынан өзгеруі мүмкін: ол  – ол  ма, мәселен, кез кел-

ген, тіпті әлемдік экономикада жаңа ойыншылардың, жаңа 

өндірушілердің  және  рыноктардың  пайда  болуы  ықтимал; 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал