Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет38/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

443

бұзады деп сақтандырған пікірлері де естіліп қалып жатты. 

Сондай-ақ, егер бұл көшу ауылдан келетін қазақ мигрант-

тарын адастыратын, олардың көңілдерін Алматыдан басқа 

жаққа аударуға және оңтүстіктің кедей халқының тасқынын 

солтүстікке қарай бұратын аса зор алдаусырату болмаса, бұл 

әрекет  қазіргі  саяси  режимнің  жойылуының  басы  болады 

деген болжамдар да айтылды. 

мысалы,  кейбіреулер,  инженерлік  жүйелері  мен  жол-

дары жоқ, қу медиен далаға барудың керегі қанша, орасан 

зор қаржыны әлсіз жер қыртысын бекітуге, каналдар салуға 

және мүлде жаңа қаланы тұрғызуға не үшін шашу керек, ескі 

қаланың өзінде де ескісін бұзып, орнына жаңа құрылыстар 

салуға  болатын,  шикі  кірпіштен  салынған,  жер  үйлері  бар 

аудандар да бар емес пе? дегенді айтып жүрді. 

тағы  біреулері  оларға  өзінше  дау  айтты:  Назарбаев 

мырза Қазақстанның мұнай долларына есеп қыла отырып, 

жедел капитал салуды іске асырғысы келеді, онысын «елдің 

географиялық орталығына астананы бұлтартпай ауыстыру» 

деп атап жүр деп соқты. 

Үшінші біреулер астананы Алматыдан Ақмолаға ауыс- 

тыруды менің жеке шешімім деп санады. мұны олар жалпы-

халықтық  референдум  өткізілмеді,  демек,  шешім  заңсыз 

болды дегенмен дәлелдегісі келді. осылай дей отыра, олар 

Жоғарғы  кеңестің  сессиясын,  онда  қабылданған  шешімді 

назардан тыс қалдырды. 

мұның  бәрі,  әрине,  менің  жанұямның  мүшелеріне  де 

жетіп  жатты. олар  мені  бұл  қадамнан  бас  тартуға  үгіттеді. 

бірде,  жексенбі  күнгі  әдеттегідей  отбасындағы  түскі  ас 

үстінде,  олар  өз  күдіктерін  айтты.  мен  «Сара,  біз  сенің 

туған  жеріңе  көшіп  барамыз,  Ақмола  Нұра  өзенінің  бо-

йында тұр» – деп қалжыңдап құтылдым. бұл қалжың қалай 

тарағанын  білмеймін,  көп  ұзамай-ақ  «Назарбаев  әйелінің 

айтқанына көніп, астананы оның туған жеріне ауыстырады 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

444

екен»  деген  қаңқу  сөздердің  жаңа  нұсқасы  пайда  болды. 

менің  жанұямның  мүшелері  –  зайыбым  Сара,  қыздарым 

Дариға,  Динара,  Әлия  әрдайым  менің  үйдегі  мықты 

қорғаным болды және олар мені шамасы келгенше қолдап  

отырды. осы үшін мен оларға өмір-бақи ризамын. 

мұндай қиын жағдайда, астананы ауыстырудың шынайы 

себептері  туралы  түсінікті  тарылтқан  жел  сөздерге  назар 

аудармастан,  Ақмоланы  астана  етіп  қайта  құру  жөніндегі 

идеяны іске асыруға тура келді. ол жақтан да, бұл жақтан да 

кеңесшілер аз болмады. бірақ шешімді қабылдайтын да және 

оған жауап беретін де мен едім. 

кез  келген  саясаткер  әйтеуір  бір  өзгерту  жасағанды 

армандайды,  алға  қойған  мақсатына  өзін  арнайды,  өзінің 

беделін,  тіпті  болашағын  бәске  тігеді. егер  де  ірі  міндетті 

шешерліктей мұндай арман болмаса, онда оған саясатпен 

айналысудың  керегі  қанша?  егер  де  сен  алдыңа  қойған 

міндетіңді  шешкен  болсаң,  айтылған  сын  жайына  қалады. 

егер де сен міндетіңді шеше алмасаң, онда жөніңе кете бер. 

мәселе осылай қойылған болатын.



А

стАнАны

 

Ауыстыру

 – 

жҮзеге

 

АсҚАн

 

фАкт

1997 жылдың 7 қазанында министрліктердің, ведомство-

лардың,  сондай-ақ  құрылысшылардың  басшыларымен 

болған  кеңесте,  мен  тағы  да  Ақмоланы  электрмен,  сумен 

және  т.б.  қамтамасыз  етуде  ешқандай  іркілістің  болмауы 

керектігін баса айттым. біз осындай қысқа мерзімде Ақмоланы 

мемлекеттік органдардың көшіп келуіне әзірлеп үлгіретінімізге 

ешкім де сенбеді, бірақ біз оны жасадық. 

1997  жылдың  20  қазанында  менің  «Ақмола  қаласын 

Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» 

Жарлығым шықты. онда 1997 жылдың 10 желтоқсанынан 

бастап  Ақмола  Қазақстан  Республикасының  астанасы  



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



445

болатыны,  ал  астананың  ресми  тұсаукесері  1998  жылдың  

10 маусымында өткізілетіні айтылды. 

мен  сондағы  Парламентте  шығып  сөйлеген  сөзімде 

барлық  құрылыс  жұмыстарының  өте  қысқа  мерзімде 

аяқталғанын атап айттым. ойлап қараңыздаршы: Ақмоланы 

қайта  жаңғырту  туралы  шешім  1996  жылдың  қазанында 

қабылданып, ақпанында жұмыстар басталып кетті, ал 1997 

жылдың қазанында тек коммуникация мен электрлендіруді 

жүргізу ғана қалды. 

менің  ойымша,  бізді  қате  шешім  қабылдады  деп  жас 

ұрпақтың  кінәлауына  ешқандай  негіз  жоқ.  Алматы  бұрын-

ғысынша еліміздің ең ірі қаласы болып қалды. Ал күшті екі 

орталықтың болуы республиканың экономикалық қуатын тек 

арттыра түседі. Әлемде екі астананың өмір сүруіне қатысты 

мысалдар өте көп. олар – Анкара мен Стамбұл, мәскеу мен 

Санкт-Петербург, карачи мен Исламабад, Рио-де-Жанейро 

мен бразилиа, мельбурн мен камберра, оттава мен торонто, 

Вашингтон мен Нью-Йорк. бұл қатарда, менің ойымша, біз 

алдыңғысы да, артқысы да бола қоймаспыз. 

1997 жылдың 8 қарашасында Ақмолаға Қазақстанның 

мемлекеттік  рәміздерінің  эталондары  келіп  жетті.  Ақмола 

мемлекеттік  ту  мен  елтаңбаны,  сондай-ақ  президенттік 

штандарттарды сақтаушы атанып, ерекше жағдайға ие бол-

ды. есімде, бұл оқиға мені ерекше тебірентті. Өйткені біз таза 

экономикалық және геосаяси түсіндірулер мен есептеулерге 

көңіл  бөлсек  те,  астана  деген  сөздің  өзінде  адамдар  үшін 

ерекше бір киелі, үлкен мәнді мағыналы ұғым болды. 

біздің ұрпақтарымыз да мұны осылайша сезінеді. бәлкім, 

ескіні  ойлап,  өткенді  көксемейтін  олар  жаңа  астананы 

әлдеқайда терең қабылдайтын болар. тек жаңарудың рәмізі 

ретінде  ғана  емес.  тек  жаңа  дәуірдің  басталған  шекарасы 

ретінде  ғана  емес.  Астана  –  нысанды  қала,  біздің  арман-

тілегіміздің нақты жүзеге асуының белгісіндей болған қала. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

446

бұл даланың үстінде талай ондаған жылдар бойы бостандық 

пен тәуелсіздік идеясы қалықтап жүрген, ол өз жеріне шексіз 

берілген адамдардан күш-қуат алған. міне, енді ол жүзеге 

асты. Сан мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа салып, 

уақыт  керуенімен  бірге  тыныстаған  Қазақстанның  ұлан-

ғайыр даласында, енді мемлекеттік шешімдер қабылданатын 

болады. біз астананы мүлде жаңадан салдық. оны көшіруге 

байланысты  болған  барлық  проблемаларды  жүрегімізден 

өткіздік. бұл арман еді. енді ол – тамаша қала, Қазақстанның 

мақтанышы және жүрегі. 

біз жаңа астананы бекітумен бұл мәселеге нүкте қойға-

нымыз  жоқ,  көп  нүкте  қойдық.  Астананың  көшіп  келуімен 

бірге аймақтардағы өмірдің жандануын ғана күткен жоқпыз, 

сонымен  бірге  бұл  факт  нарықтық  өзгерістерге  серпінділік 

береді, еліміздің инфрақұрылымын дамытуға қызмет етеді, 

қосымша  жұмыс  орындарын  ашуға  жағдай  туғызады  деп 

күттік.  осы  өзгерістердің  қауырт  кезінде  біз  сепкен  дәннің 

өнімі мен жемісін бүгінгі ұрпақ та, болашақ ұрпақтар да бірдей 

көретін болады. 

Астана  мәртебесін  алғаннан  кейін  Ақмоланың  өмір-

баянына алтын әріптермен жаңа бір сөздер жазыла бастады. 

Жоғарыда айтқанымдай, Ақмола республика үшін, әсіресе 

оның  бетбұрыс  жылдарында  талай  рет  қоғамдық  маңызы 

зор оқиғалардың бел ортасында болған. тың жерлерді иге-

ру  жылдары  да  солай  болды,  Ақмола  жері  сан  мыңдаған 

адамдардың отанына айналып, сіңірген еңбегіне қарай атақ 

пен даңққа бөледі. мұнда, сондай-ақ, Ақмола кең-байтақ 

астықты өлкенің орталығына айналған кезінде, басқарудың 

бай тәжірибесі жинақталды. 

Қазір  де,  мемлекетіміз  үшін  осынау  түбірлі  өзгерістер 

уақытында,  біз  тағы  да  Ақмолаға  қарап  көз  тіксек,  ол 

кездейсоқтық  емес.  елімізге  патриоттық  құлшыныс  тыңды 

игерумен  тамырлас  ерлік  керек  болды.  тек  бұл  енді  жаңа 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



447

ақиқаттармен  –  тәуелсіздікті  нығайтып,  мемлекеттігімізді 

құру, әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңартулармен 

байланысты еді. Астананы Ақмолаға ауыстыру, көбіне, осы 

мақсаттарға жетуге ықпал ететініне,біз сенімді болдық. 

Астананың  өсуі  мен  дамуы  туралы  армандай  жүріп, 

мен уақыттың қалай тез өткенін байқамаппын. Құрылыстың 

алғашқы айларын еске алғанда, өзіммен пікірлес болған адам-

дар жайлы жиі ойлаймын. Өте көп адамдар еді. Сол бір күндері 

менімен қатар жүріп, менің шешімімді қолдаған, сондай-ақ 

мен  секілді  жаңа  астана  үшін  жаны  ауырған  адамдардың 

барлығына  орасан  зор  ризашылығымды  білдіремін.  олар: 

кисё курокава, Владимир Ни, Аманжол бөлекбаев, Әділбек 

Жақсыбеков, Николай макиевский, Ахметжан есімов, Фарид 

Галимов, Жәнібек кәрібжанов және т.б. 

осы орайда астананы ауыстыру жөніндегі мемлекеттік 

комиссияның алғашқы төрағасы Николай макиевский мен 

сол кездегі іс басқарушы Владимир Нидің сіңірген еңбектерін 

ерекше  атап  өткім  келеді.  олар  алғашында  сағаттар  бойы 

су берілмейтін, үйлердегі жылу 10 градустан аспайтын, еш 

жерден дұрыс тамақтана алмайтын қалаға келді. Қала түнге 

қарай электр жарығынсыз, қараңғылық құшағында болды. 

келген соң істі неден бастау керектігін ойладық. мен ешқашан 

олардан күмәнді сөз естімедім. олар маған сенді. бірақ мен өз 

көзіме өзім сенбедім. Сондықтан оларға ризамын. Сондай-ақ 

жаңа астананың алғашқы әкімі Әділбек Жақсыбековтың де 

еңбегін жоғары бағалаймын. ол осы жауапты лауазымдық 

қызметте бұрқ-сарқ қайнаған алғашқы ең ауыр, алты жыл 

бойына еңбек етті. ол Ақмолада туып-өскен, туған қаласын 

жақсы  көреді  және  біледі.  Алайда  Алматыға  жаңа  ғана 

барғанда, ол оған көбірек ұнай бастаған еді. Сөйткен ол бүгінгі 

Астана бейнесінің қалыптасуына бастамашылдық танытып, 

үлкен  үлес  қосты.  маған  оның  сенімділігі,  жұмысы  ұнады. 

Сондықтан да ол менің табанды жақтасым болып алды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

448

Әлі  де  «кеңестік»  кезеңнен  келе  жатқан  шет  аймақты 

осы  заманғы  астанаға  айналдыру  –  оңай  міндет  емес  еді. 

ескі  посткеңестік  мұрадан  тез  арада  арыла  қалу  қиын-ақ. 

ебедейсіз  үлгідегі  тозығы  жеткен  үйлер,  дамытылмаған 

инфрақұрылымдар,  моральдық  жағынан  тозып  ескірген 

өнеркәсіп және тағы сол сияқтылар. Жаңа қаланың құрылысы 

ұлттық  болмысымызды  ескеріп,  халықаралық  тәжірибеге 

негізделген,  ақылға  қонымды,  жоспарлы  түрде  жүргізілуі 

керек болды. 

оның үстіне, жаңа идея мен инновациялық технологияны 

енгізу  үшін  кадр  мәселесін  шешу  –  қызметкерлерді  үйрету 

және  қайта  үйрету  қажет  етілді.  Ақмолалықтарды,  егер  де 

әсірелеп айтсақ, еліміздің бет-бейнесін көрсете алатындай 

етіп жауапкершілікке үйрету қажеттігі туындады. мемлекеттік 

басқару органдарын қабылдау үшін олардың жасаған орасан 

зор көлемді де қарқынды дайындық жұмыстарына алғысымды 

айта отырып, сонымен бірге олардан тек қонақжайлық пен 

кеңпейілдікті ғана емес, ерекше өндірістік, интеллектуалдық, 

шығармашылық мәдениетті де талап етуге тура келді. биліктің 

барлық тармақтарының органдары алғашқы күннен бастап-

ақ өздерінің жоғарғы мемлекеттік мақсатына сай қызметін 

барынша ширата түсуі керек болды. 

бұдан былай кең-байтақ еліміздің орталығында халқы-

мыз үшін тағдырлық маңызы бар шешімдер қабылданады. 

мұнда  енді  дүрс-дүрс  етіп  біздің  отанымыздың  жүрегі  

соғып  тұр.  осы  арадан  Қазақстан  үшінші  мыңжылдықтың 

басындағы  өзінің  тарихи  тағдырын  айқындамақ.  таңдау 

жасағанда тағы бір көзделгені – уақыт өте келе Астана еуразия 

құрлығындағы ең күшті коммуникациялық орталықтардың 

бірі  болмақ.  XXI  ғасырда еуразия  кеңістігінде  дамытылған 

экономикалық, технологиялық, ақпараттық тасқындар біздің 

жаңа астанамыз арқылы да ағылып өтетін болады. 

XX  ғасырдың  аумалы-төкпелі  тарихында  біз  өз  мем-

лекетіміздің астанасы туралы тұңғыш рет ерікті түрде шешім 


Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



449

қабылдадық.  біздің  қайда,  қалай  өмір  сүру  керектігімізді 

басқалар  айқындаған  уақыт  келмеске  кетті.  бәлкім,  біз 

өзіміздің ұлттық тарихымызда алғаш рет өз балаларымыздың 

болашағы  үшін  ешқандай  қорқынышсыз  бостандықтың 

ауасымен  дем  алған  болармыз.  Және  де  XXI  ғасырдың 

табалдырығында өз таңдауымызды – көне даланың қасиетті 

аспаны  астындағы  жаңа  астанамызды  жария  еттік.  бұл 

таңдаудың  артында  тек  еліміздің  қазіргі  басшылығының 

ғана  ұстанымы  тұрған  жоқ  еді.  бұл  таңдаудың  артында 

тәуке ханның көрегендігі мен Абылай ханның ұлылығы да, 

әйгілі билердің даналығы да және сонау 1986 жылы ұлттық 

намыстың қандай болатынын бүкіл әлемге танытқан сол бір 

жас жүректердің өжеттігі де бар еді. бұл таңдаудың артында 

өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған біздің 

миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері де болатын. 

егер де астананы ауыстыру туралы алғашқыда пікір ала 

болса,  кейін  бір  мәселеде  барлығы  бір  ауызды  болды. ол 

–  Ақмола  атауын  өзгерту  қажеттігі  еді.  Әртүрлі  ұсыныстар 

болды – Қараөткел, есіл, Сарыарқа. тіпті, көп атаудың ішінде 

еліміздің атауымен Қазақстан деп, соның ішінде – Нұрсұлтан 

деп те атасақ деген де тілектер айтылды. Содан бір күні түнде 

бейне біреу аян бергендей маған: «Астана!» деген ой сап ете 

қалды. Астана сөзінің мағынасының өзі де – астана. барлық 

тілде осылай айтылып, осылай түсіндіріледі. 

егер ауқымдырақ қылып айтар болсам, астананы көшіру 

шараларын біз өндірістік күштердің біржақты орналастыры-

луын  еңсеру,  еліміздің  оңтүстігіндегі  тұрғындардың  тығыз 

қоныстануынан  болған  жасырын  жұмыссыздықты  жою 

жөніндегі кең көлемді жұмыстардан бастадық. бұл аймақта 

инновациялық, ғылыми сыйымды, жоғары технологиялық 

өндірістің  дамытылуы,  ауыл  шаруашылығы  машиналарын 

жасаудың  одан  әрі  кеңейтілуі  өздерінің  табиғи  жолымен 

өтеді:  солардың  ішіндегі  әсіресе  маңыздысы  –  ауылдық 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

450

индустрияның  ұқсатушы  тораптары  еді.  Ал  бұл  дегеніңіз  – 

тағы да жаңа жұмыс орындары, еңбек ресурстарын тиімді 

пайдалану, бүкіл еліміздің экономикалық белсенділігін арт-

тыру болып шығады. 

Жұрттың бәріне бірдей түсінікті осы дәлелдерден басқа 

стра тегиялық жорадағы факторларды да назарда ұстау керек 

еді. 


орталық Азияның көлемінде, Ауғанстаннан батыс Сібір-

дің ең қиыр солтүстік шегіне дейін, каспийден моңғолияға 

дейін кең аумақта құлаш жая орналасқан жаңа астана осы 

аймақтағы орасан зор инвестиция легі ағылған орталыққа 

айналады.  тынық  мұхит  жағалауынан  еуропаға  дейін 

созылған  коммуникациялық  сонарлардың  қиылысында 

орналасқандықтан,  ол  болашақта  ірі  транзиттік  тораптың 

өткізгіш  түйініне  үмітті  болады  және  келешек  жүзжылдық- 

тың  көлік-коммуникациялық  дабылына  айқын  үндестік 

білдіретін болады. 

Сонымен,  бұдан  бұрынғы  «революциялық»  немесе 

«таптық»  тұрғыдан  күштеп  жүзеге  асырылған  астана-

сын  ауыспақтарында  Қазақстанның  ешқандай  мүддесі 

ескерілмеген.  біздің  тұңғыш  рет  өз  тарихымызда  ұлттық 

мүддемізден келіп туындаған астананың бұл жолғы ауысты-

рылуы және оның құрылысы туралы шешім қабылдауымызда 

үлкен саяси және салт-саналық мән бар еді. 

Астана  құрылысының  бас  жоспарын  жүзеге  асы-

ру  жаңа  орталық  құрылысынан  басталды.  Астананың 

жаңа  орталығында  «бәйтерек»  монументі  тұрғызылды. 

композицияның  негізгі  ұстап  тұратын  бөлігі  алып  ағаштың 

діңін  бейнелейді,  ал  композицияның  жоғарғы  бөлігіндегі 

үлкен  шар  –  аспан.  «Астана  –  бәйтерек»  өзінің  жалпы 

мағынасында негізгі үш философиялық ұғымды: жер, өмір 

және аспан ұғымдарын білдіреді. Қазақстан мен оның аста-

насы  үшін  «бәйтерек»,  мәселен,  мәскеудегі  Қызыл  Алаң 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



451

немесе  Нью-Йорктегі  бостандық  статуясы  секілді  нысан.  

бұл монументтік құрылыс бір өзінде философиялық, саяси 

және тарихи ойды тұтас біріктіріп жинақтаған. 

ежелгі поэзиялық аңыз былай дейді: көктөбенің басында, 

алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы – бәйтерек өседі 

екен.  Жыл  сайын  бәйтеректің  бұтағындағы  ұясына  келіп, 

киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. 

бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнді жеп қояды екен. 

осы  оқиға  жылма-жыл  қайталап  тұрады  екен.  бұл  көрініс 

күн мен түннің, қыс пен жаздың ауысуын, қайырымдылық 

пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы 

түрде  бейнелейтін  болса  керек.  Аңыз  бойынша  ер  төстік 

жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман 

алып  қалады,  ал  осыған  разы  болған  құс  оның  жер  асты 

патшалығынан шығуына көмектеседі. киелі ағаш туралы аңыз 

– бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған 

Қазақстан мақсатының көрінісі. 

2003  жылдың  қыркүйегіндегі  әлемдік  және  дәстүрлі 

діндер  басшыларының  бірінші  Съезінің  соңғы  кезеңінде 

биіктігі 97 метрлік «бәйтерек» монументінің көру алаңында 

діндер мен конфессиялар басшыларының ағаштан жасалған 

тарихи полотноға қол қою салтанаты болды, онда қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерінде: «Әрдайым Қазақстан бейбітшілік 

пен  келісім  жері  болсын»  деген  сөздер  ойып  жазылған. 

Әлем  діндерінің  басшылары  жер  жүзінің  барлық  адамда-

рына бейбітшілік, қайырымдылық және келісім мұраттарын 

таратушы мемлекеттің астанасы ретінде Қазақстанның жаңа 

астанасына осындай бата берді. 

2006 жылдың қыркүйегінде екінші съезд өткізілді.  бұл 

да  өте  маңызды,  қазіргідей  әлемдегі  соғыстар,  апаттар 

мен сілкіністер аясында Астанадағы бейбітшілік пен келісім 

сарайы  діндер  кездесетін  жерге  айналды.  Ал  Астанадағы 

мұндай  діни  ғимарат  –  бейбітшілік  пен  келісім  сарайы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

452

әлемнің басқа жерінде жоқ. Әрине, өз шатырының астына 

түрлі  діни  дәстүрлерді  жинаушы  ғимараттар  бар,  бірақ  та 

қазақстандық  ғимараттың  олардан  айырмашылығы  сол,  

оның түбегейлі мәміле үшін үлкен бір алаңға айналуы болды. 

Жалпы түрлі әлемдік дәстүрлі діндердің өкілдері қайда бас  

қосып,  әңгімеге  жиналатын  болса,  сонда  мәдениет  мұра-

жайы,  кітапхана,  концерттік  залдың  ашылатыны  әбден 

қисынды. біздің пирамида – Қазақстанның діни кеңпейілдігі 

мен жеңіске жігерленген еркінің архитектуралық болмысы. 

Жаңа астана өзіне өткеннің бай мұрасы мен осы заман-

ғы  ең  үздік  жетістіктерді  үйлестіре  білді.  оның  көптеген 

нысандары  қазірдің  өзінде  бүкіл  елімізге  және  одан  тыс 

жерлерге  мәлім  болып  отыр.  билеп  тұрған  фонтандар, 

бейбітшілік  пен  келісім  пирамидасы,  Астана  океанариу-

мы – өз «ғажайыптарымен» өнердің небір кәнігі білгіштері 

мен  тәжірибелі  саяхатшыларды  да  таң  қалдыруда.  біздің 

астана бүкіл еліміздің рухын бейнелейді – бұл оның әрбір 

бұрышында,  көшесінде  көрініс  береді.  XIX  ғасырдағы 

қазақтың  қолөнер  бұйымдарының  орасан  зор  макеттері, 

яғни «хайтек» стилімен және түркілердің мезгілді анықтауы 

жөніндегі  ежелгі  принциптерімен  үйлесім  тауып,  әртүрлі 

дәуір монеталары сусып төгілген құман, күн сағаттарының 

мұнарасы – мұның бәрі қазақстандық мәдениеттің тек өзіне 

ғана тән түрлі үлгілері болды. Жас астанамызды көз жетерлік 

болашақта жер бетіндегі өте әсем қаланың атақ-даңқы күтіп 

тұр деп мен үміттенемін және соған сенемін. 

Астана  құрылысының  алғашқы  басталған  уақытын  ой 

елегінен  өткізе  келіп,  мен  әрдайым  адам  ретінде,  Астана 

үшін өте көп нәрсені істеген және маған қолдау көрсеткен өз 

серіктестерімнің бірі ретінде – есілдің жайын ерекше жылы 

сезіммен еске аламын. кеңес одағы кезінде есіл шағын ғана 

өзен еді, оған өз арнасындағы суын сақтаса болды дегеннен 

басқа көңіл бөлінбеді. екі жақ жағалауына жыпырлаған сая-



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



453

жайлар салынды. Ал қаланың шетінен бастап орталыққа келер 

жеріне дейін жағалауды көріктендіру деген жоқтың қасы еді. 

Қаланың нақ ортасында өзенді қамыс басып тұратын. 

Астананың ауысуымен мұндағы жағдай мүлде өзгерді. 

Өзеннің  арнасы  мен  екі  жағалауы  танымастай  болып 

өзгертілді, ал оның жағалаулары қалалықтардың ең сүйікті 

орнына айналды. Қазір есілдің жағасына қарап тұрып, таяз-

дап  қалған  өзеннің  суын  толтыруға,  сондай-ақ  су  табаны 

астына  бүкіл  қаланың  тіршілігін  қамтамасыз  етуші  жүйені 

өткізуге және табиғи апаттың алдын алуға қандай ғаламат 

еңбек  сіңірілгенін  ойламасқа  болмайды.  бүгінде  есілдегі 

судың деңгейі бірқалыпты қажетті тереңдікше қолдан рет-

теліп отырады. егер де қазір алдында тосқауыл тоғандары 

болмаса, өзенді жаяу кешіп-ақ өте беруге болар еді. есілдің 

арнасымен ағатын суды бір ғана арықтың өзі-ақ жұтып қояр 

еді. Ал қазір есіл өзені ертіс каналымен және Нұра өзенімен 

жалғастырылды.  Қажеттілікке  қарай  мұнда  су  жеткілікті 

мөлшерде толтырылып тұрады. 

Астанада есілден басқа тағы екі су көзі – Ақбұлақ және 

Сарыбұлақ өзендері бар. Ақбұлақ өзінің мөлшері жағынан 

біршама шағын, алайда атағы баршаға әйгілі: онда еуразия 

Ұлттық  университетінің  бас  оқу  ғимараты  алдында  еспелі 

қайықтар  каналы,  гүл  сағаттар,  көпірлер  мен  жағалаулар, 

жаңа  кең,  мол  жағажай  орналасқан.  Сарыбұлақ  өзені 

теміржолдан әрегірек, қала магистральдарынан шалғайлау 

жерден өтеді. Дегенмен қала өсе келе оның суы да астананың 

жалпы архитектуралық ансамблінде өз қызметін атқаратын 

болады. 

Қысқасы,  Астананың  архитектуралық  бейнесі  туралы 

өте  көп  айтуға  болады.  Ал  енді  ғана  жоспарланып  жатқан 

жұмыстарға  келсек,  одан  да  көбірек  сөз  етуге  болар  еді. 

біздің астанамыз – қайталанбас астана. біздің қиялымыздың 

ұшқырлығы,  ойымыздың  өткірлігі  мен  шеберлеріміздің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

454

іскерлігі  қаншаға  жетеді,  оның  бірегейлігі  де  соншалықты 

болады. 

Қазір енді осы керемет жобаны жүзеге асырудың алдын 

ала жасалған кейбір қорытындыларын ғана шығаруға бола-

ды. осы жылдар ішінде Астананың дамуын барлық қаржы 

көздерінен инвестициялау көлемі 5 млрд АҚШ долларынан 

астам болды. 

егер де есептей бастасақ, құрылысшылардың таза пай-

дасы  орта  есеппен  өзіндік  құнның  10%-ынан  асқан  жоқ, 

ал  қалған  қаржылар  құрылыс  материалдары  өндірісіне, 

еңбекақы  төлеуге  және  салық  пен  бюджетке  жұмсалды. 

мұнда жүздеген құрылыс, монтаждау компаниялары, құры- 

лыс  индустриясының  ондаған  зауыттары  еліміздің  түкпір-

түкпірінен келіп жұмыс істеді. біздің ондаған мың азаматта-

рымыз жұмыспен қамтылды. 

Астана қазірдің өзінде әлемдік көлемде танылды. 1999 

жылдың  шілдесінде  қала  ЮНеСко-ның  «Әлем  қаласы» 

сыйлығымен  марапатталды,  ал  2003  жылы  дүниежүзілік 

жетекші рейтингісі бар «Moodys Investors Service» агенттігінің 

қолдауымен қаланың несиелік рейтингі бірден екі деңгейге – 

Ва 3-тен (тұрақты) Ва 1-ге (тиімді) дейін өсірілді. 

менің тікелей өтінішім бойынша жаңа астананың қорына 

гранттар бөлген достас елдердің үкіметтеріне, шетелдік және 

отандық  компаниялардың  басшыларына  аса  разымын. 

мұндай қаржыдан мен 400 миллион дерлік АҚШ долларын 

тарттым.  біз  осындай  баға  жеткісіз  көмегі  үшін  «Аджип» 

(Италия) компаниясына, Сауд Арабиясы мемлекетіне, кувейт 

қорына, Абу-Даби қорына, оман мемлекетіне, «тенгизШевр-

ойл», «Қазмұнайгаз», еуразия тобы, «ССС» компаниялары-

на,  «Испаткармет»,  «Қазақмыс»,  «Қазцинк»  акционерлік 

қоғамдарына және басқаларға алғыс айтамын. 

мен бір тарауда біздің жаңа астананы жасаудың барлық 

жайын толықтай ашып айта алмаймын, оның үстіне, жоғарыда 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



455

ескерткенімдей, осыдан бір жыл бұрын менің Астана туралы 

«еуразия жүрегінде» атты кітабым жарық көрген. Әрине, деп 

ойлаймын мен, мен жазбасам да, біздің замандастарымыз 

жазбаса да, Қазақстанның жаңа астанасы туралы кітаптың 

бір замандарда жазылып шығары сөзсіз. ол кітапта Астана 

құрылысшыларының ерлікке толы еңбек жылдары, онда ұлан-

ғайыр еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келгендер туралы 

әңгіме болары да хақ.  мен бұл кітапта тек сол бір тамаша 

кезең туралы және оның әрбір қазақстандық үшін мән-маңызы 

туралы сәттерді ғана бейнелеп айттым.

б

олАшАҚтың

 

ҚАлАсы

Әр жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. бұл 

алтыншы  шілде.  1994  жылы  Парламент  астананы  ауысты-

ру  туралы  менің  ұсынысымды  қабылдаған  –  дәл  сол  күн. 

мұндай шешімді қалалық мәслихат та қабылдады. Қалада 

Астана  күні  мерекесіне  арналған  түрлі  мерекелік  шаралар 

өтеді. Қазақстандықтардың әкімшілік орталықты ауыстыруға 

қатысты  көзқарасы  өзгергеніне  біраз  уақыт  өтті.  көптеген 

қоныс  аударушылар,  қазіргі  астаналықтар  Астананы  шын 

жүректен өз туған қаласы санайды. Қазақтар: «Сөз қуған – 

пәлеге, жол қуған – қазынаға жолығады» деп текке айтпайды. 

Қазақстанның  жаңа  нысаны  ретіндегі  жаңа  астанасын 

құру – бұл орасан зор еңбек. Құрылысшыларға, соның ішінде 

шетелдік компанияларға мен Президент әкімшілігінің Үкімет 

пен  министрліктердің  жұмысын  ұйымдастыруда  барлық 

ауыртпалықты көтеріскен мемлекеттік қызметшілердің орта 

буынына  үлкен  алғысымды  білдіремін.  Сондай-ақ  осыған 

қатысты  болғандардың  бәріне  де  ризамын.  кереметтей 

ауқымды жұмыстар жасалды, біз үлкен іс атқардық. келесі 

жылдан мұнда, Ақмолада, жаңа қаланың құрылысын бастай-

мыз, – деп мен сол кезде-ақ айтқанмын. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

456

Астананы  ауыстырудың  басты  себебі  –  мемлекеттік 

дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыру болып 

табылды.  Астананың  тарихи  жағынан  Азия  мен  еуропаны 

жалғастырған орталық болуы, оның республикалық басты 

көлік, темір жол және әуе жолдарын байланыстырып жатуы 

да айтарлықтай үлкен рөл атқарды. 

Жаңа астананың болашағы Шығыс пен батыс мәдениеті-

нің  жиынтығында  болып  көрінеді.  еуразия  идеясы  секілді, 

идеалдың өзі де өте қайшылықты болып көрінеді. бірақ бұл 

бөгет емес. Астана еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал 

Шығыстан – рухани дәлдікті мұра етіп алады. 

Астананы  ауыстыру  мемлекеттік  идеологияны  жасау-

дағы  бетбұрыс  кезеңі  болды.  Өткен  уақыттағыдай  әрбір 

кеңес  адамы  үшін  мәскеу  идеал  болса,  қазір  Астана  да 

мемлекеттігіміздің  қалыптасу  нысанына  айналды.  Және 

де  патриоттық  пен  азаматтық  идеялары  дәл  осы  астана 

құрылысының өнегесі арқылы толықтырылуы мүмкін. Жаңа 

астанаға келешегін іздеген мыңдаған жас қыз-жігіттер келуде. 

Жас қала солармен бірге көркейіп өсуде. 

маған  бірде:  «Нағыз  көшбасшыны  адамдар  міндетті  

түр де  ұнатуы  керек  пе  және  оған  қалай  қол  жеткізуге  

болады?  егер  де  әрбір  шешім  біреулерге  тиімді  болып, 

басқалардың  мүддесіне  нұқсан  келтірсе,  ондай  қалай  бо-

лады?»  –  деген  сұрақ  берілді.  осы  орайда  менің  айтарым 

мынау, біздің мемлекетіміздің өміріндегі ең маңыздысы – өте 

қиын  және  өте  қолайсыз  шешімдер  болды.  Алайда  нағыз 

көшбасшыға адамдардың мейірімі міндетті түрде керек. Әр 

көшбасшыда өзі игере алатын белгілі бір биіктік болуы керек, 

ал айтарлықтай бірдеңе жасау – арман. егер де ондай ар-

ман болмаса, саясатқа барудың, ел басшылығын өз қолына 

алудың  керегі  жоқ.  мұндай  арманды  жүзеге  асыру  үшін 

бойдағы  барыңды  беруің,  тіпті  өз  болашағыңды,  абырой-

беделіңді бәске тігуің қажет. Жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



457

және  оның  жаңа  астанасының  құрылысы  жөніндегі  идея,  

дәл осындай болды. 

бүгінде  бұл  мақсат  жүзеге  асты  деп  сенімді  түрде  айта 

аламын. Ал адамдардың қолдауына келсек, мен оған талай 

рет көз жеткіздім: біздің халықтың басым бөлігінде алғырлық 

пен сезімталдық бар, егер де сенің мақсатың жасампаздыққа, 

жақсартуға бағытталса, онда халық әрқашан сені қолдайды. 

Соңғы  жылдар  ішінде,  елорданы  Астанаға  ауыстырғаннан 

кейін,  елімізде  өзінің  маңызы  жағынан  тереңдетілген 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  реформалар  жүзеге 

асырылды.  олар  адамдардың  психологиясын  өзгертті. 

Қоғамда орын алған масылдық пен бойкүйездік көңіл-күй 

кеңес одағы құлағаннан кейін біртіндеп жойыла бастады. 

Азаматтарда өзі мен балаларының болашағын өз қолымен 

тұрғызуға деген нық сенім пайда болды. 

таяу  болашақта  Астана  Қазақстан  Республикасының 

ірі  саяси,  ғылыми,  мәдени  және  іскерлік  орталығы,  осы 

заманның  әсем  қаласы  болады.  барлық  осы  жоспарларға 

көз  салғанда,  мен  әрдайым  олардың  әр  жағында  тұрған 

адамдарды  елестетемін.  Себебі,  бұл  жоспарлардың  бәрі, 

оларды іске асыратын адамдар болмаса, түкке де тұрмас еді. 

біз жаңа астананың негізін салдық. Арман қала ақыр соңына 

дейін  біздің  ұрпақтарымызбен,  жас  қазақстандықтармен 

жүзеге  асырылады.  Қазір  енді  ғана  Астана  парктері  мен 

өзен жағалауында серуендеп, оның фонтандарын қызықтап 

және болашақ туралы армандап жүрген кімдер болса, бұл – 

солардың қаласы. бұл – киплингтің айтқанына қарамастан, 

Шығыс пен батыс болып бірге тұтасқан қала. бұл – бостандық 

туралы  ежелден  далалық  арман  мекен  еткен  қала.  бұл  –  

біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы 

жол енді ғана басталатын қала. бұл – біздің жол, Қазақстан 

жолы.


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

458

с

өз

 

соңындА

менің  кітабым  Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының 

және менің ел Президенті ретіндегі қызметімнің ең қиын да, 

ең  жарқын  да  сәттерінің  негізінде  құрылған. менің  ойым-

ша, бұл жас ұрпақтың қолдан түсірмейтін кітабына айнала 

алады.  кітаптың  тоғыз  тарауының  әрқайсысында  тәуелсіз 

Қазақстанның қалыптасуының біз үшін аса маңызды болған 

және  әлі  де  солай  бола  беретін  кезеңдері  қарастырылған. 

кітапта  елімізге  дамудың  айқын  бағыттарын  көрсету 

керек  болған  кезде,  біздің  стратегия  бойынша  қалай 

жұмыс  істегеніміз;  біздің  заңдық  іргетасымызды  қалаған 

конституциясының  қалай  қабылданғаны;  еліміздің  басты 

қазынасы  –  біздің  мұнай-газ  ресурстарымыздың  қалай 

игеріле  бастағаны;  Қазақстан  экономикасының  күре  та-

мырлары  ретіндегі  ұлттық  валютаның  қалай  енгізілгені 

және  банк  жүйесінің  қалай  дамытылғаны;  жүргізілген 

экономикалық  реформаларды  кері  қайтпайтындай  етіп 

бекіткен жекешелендіру мен жер реформасының қалай іске 

асырылғаны;  біздің  жас  мемлекеттігіміздің  бейнесі  сияқты 

Астананың  қалай  салынғандығы  туралы  әңгімеленеді.  

Сонымен қатар онда қазақстандықтың ғарышқа бірінші рет 

ұшуы және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның басынан 

өткен көптеген жағдаяттар сөз болады. 

мемлекеттік құрылыстың біз тақыр жерден бастадық деп 

айтарлықтай  бірсыпыра  маңызды  мәселелері  бұл  кітаптан 

тыс  қалып  қойды.  Өзіміздің  әскерімізді,  шекара  қызметін, 

кеденді, арнайы қызметтерді құру жайын осыған жатқызамыз. 

Қазақстанды дүние жүзіне танымал жасау үшін, орасан зор 

сыртқы саяси қызмет қажет. мен қызмет барысында өзімнің 

жанымда болған, маған көмектерін көрсеткен әріптестерім ту-

ралы ештеңе айта алмадым. менің дүниежүзі мемлекеттерінің 

басшыларымен, планетаның небір тартымды адамдарымен 



С

өз соңында



459

кездесулерім  –  жеке  бір  тақырып.  бұл  –  болашақтың  ісі. 

Өйткені бұл кітап мемуарға жатпайды. мұнда негізінен біздің 

тәуелсіздігіміздің  іргетасы  –  экономика  сөз  болады.  осы 

жылдары біздің компаниялардың акцияларының лондон қор 

биржасына  (IPO)  шығу  процесі  басталды.  бұл  мүлде  жаңа 

деңгей, біз жаһандық экономиканың бөлшегіне айналуда-

мыз.  бізде  қандай  да  болсын  ақпарат  жария  бола  түсуде. 

бұл сенімді арттырады және елімізге жаңа технологияларды 

алып келеді. «Қазақмыс», «Қазақмұнайгаз» – IPO пионерлері, 

бұлардың ізімен өкшелеп басқа компаниялар да келе жатыр. 

бұл – өзінше бір жеке әңгіме. 

Сонымен бірге елдегі іске асырылған жігерлі экономикалық 

реформаларды  ғана  сипаттап,  білім  беру  жүйесінің  даму 

үрдісіне  бірер  ауыз  сөз  арналмаса,  айтқанымыз  толық 

болмас еді. бүгінде, біз дамудың жаңа кезеңіне шыққанда, 

экономиканың өсуі тек қаржы инвестицияларын ғана талап 

етіп  қоймайды,  сонымен  бірге  елімізді  толыққанды  адам 

капиталымен қамтамасыз етуді қажет санайды. оқу үрдісі ба-

рысында адам өзіне тек қажетті білімді ғана алып қоймайды, 

сонымен  бірге  ол  осы  жинақтағанын  қолдануға  болатын 

мүмкіндіктерді де іздейді. Дәл сондықтан да жоғарғы білім 

деңгейі – бұл оның иесінің жоғарғы қабілеті деп ойлаймын. 

Өмір көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілетті білім беру 

жүйесі  елдің  өмірінде  шешуші  рөл  атқарады.  Сондықтан 

оның дамуындағы кейбір негізгі кезеңдерді көрсеткім келді. 

Сонымен бірге, ең басты нәрсе сол – мемлекет өз дамуының 

бүкіл өн бойында өзінің ең маңызды міндеті – жеке тұлғаның, 

қоғам мен мемлекеттің көкейтесті және кең өрісті талаптарына 

сәйкес  келетін,  әрбір  азаматтың  толыққанды  сапалы  білім 

алуына тең мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. 

«Қазақстан–2030»  стратегиясы  қабылданып  жатқан 

кезде, біз елді 2030 жылға қарай әлемнің дамыған елдерінің 

қатарына  алып  шығуды  өзімізге  мақсат  етіп  қойдық.  бұл 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

460

біздің алдымызға қоғам дамуының жаңа жауапты міндеттерін 

қойды. Яғни мемлекеттің бірінші кезекте шешуі тиіс міндеттері 

қойылды. 

Сондықтан  да  мен,  өзімнің  «Қазақстанның  әлемдегі 

бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру страте-

гиясы» деген тақырыпта ел халқына арнаған Жолдауымда, 

негізінен білім беру жүйесіне, ғылым мен білімді интеграция-

лау жолымен оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге 

ерекше көңіл аудардым. 

осылардың ішінен тең маңызды екі міндетті бөліп қарауға 

болады. біріншіден, білім беру ісі отанның игілігі үшін саналы 

түрде  таңдау  жасауға  және  өз  бетімен  шешім  қабылдауға 

қабілетті патриотты тәрбиелеуге қолдау көрсетуі керек. екін-

шіден, білім беру ісі кез келген жағдайға бейімделгіш және 

жаңа идеяларды қабылдауға қабілетті, өзіне де, жақындарына 

да қамқорлық жасай алатын, бәсекеге қабілетті және үнемі 

жетіліп отыратын адамды тәрбиелеуге септігін тигізуі қажет. 

Жаһандану жағдайында осы екі зор міндетке үшіншісі – ұлттық 

сәйкестікті сақтап қалу міндеті келіп қосылады.



б

ілім

 

беру



мемлекет

 

және

 

ҚоғАм

Қазақстандағы білім беру жүйесі жастарға жанұясының 

материалдық  мүмкіншіліктеріне,  тұрған  жеріне,  ұлтына 

және денсаулығының жағдайына қарамастан, толыққанды 

білім  алып  шығуларына  бірдей  тең  мүмкіндік  береді.  бұл 

ата-анасының  қамқорлығынан  айырылған  балалар  мен 

жасөспірімдерді әлеуметтік жағынан қорғауды іске асыруға, 

олардың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай туғызады. ол 

мектеп баласының ой-өрісін дамытуда үлкен рөл атқарады, 

білім  беруде,  ынталандыруда  және  өнегелі  тәрбие  беруде  

аса қуатты реттеуші болып табылады. Сонымен бірге, мем-

лекет  балалар  мен  жастардың  арасынан  қабілеттілерін, 



С

өз соңында



461

дарындыларын іздеп тауып, оларды үнемі қолдап отырады.  

мемлекет  олардың,  оның  ішінде  батыстың  жетекші  оқу 

орындарында оқитындардың да оқу ақыларын төлеулеріне 

көмектеседі. 

2008  жылдан  бастап  Қазақстан  мектебі  12  жылдық 

білім алуға көшеді. отандық мектептің дәстүрлерімен есеп-

тесе  келе  және  халықаралық  тәжірибені  ойға  ала  отыра, 

жаңа жүйеде орта білім берудің 5+5+2 принципі бойынша 

құрылымы  ұсынылады.  біріншіден,  бұл  бастауыш  мектеп 

(1–5-сыныптар):  мұнда  бірінші  класқа  қабылдау  6  жастан 

іске  асырылады.  екіншіден,  бұл  негізгі  орта  мектеп (6–10-

сыныптар).  осы  тұста,  жас  түлек  10-сыныпты  бітіргеннен 

кейін, оқуын бағдарлы сыныптарда, кәсіби мектептерде және 

лицейлерде, колледждерде, жоғары техникалық мектептер-

де жалғастыруға кең көлемді таңдау мүмкіндігі бар екендігін 

атап  айтқан  маңызды.  Үшіншіден,  11–12-сыныптар  –  бұл 

жоғарғы сынып оқушыларын бағдарлы түрде оқыту. бағдарлы 

оқытуға көшу оқушылардың саналы түрде, жауапкершілікпен 

өздерінің  болашақ  кәсіби  қызметтерін,  жеке  бастарының 

қалыптасуын,  өзіндік  өмір  жолдарын  анықтап  алуларына 

жағдай туғызады. 

бұл  жерде  мен  әлеуметтік  әріптестіктің  мәселелеріне 

тоқталғым келеді. Қазір, біз еліміздің экономикалық дамуының 

нәтижелерін  анық  байқаған  кезде,  бизнес,  мамандардың 

жетіспеушілігін күнделікті көре отырып, білім беру саласының 

алдындағы  өзінің  әлеуметтік  жауапкершілігін  сезінуі  тиіс 

әңгімені  ауыл  жастарының  жұмыссыздығын  азайтудан 

бастауға  болады.  Соңғы  жылдары  бизнесмендердің  ара-

сында  өздерінің  немесе  ата-бабаларының  туған  жерінде 

мешіттер  мен  медреселер  ашу  әдетке  айналды.  осылай 

жасай отырып, олар көп жағдайда онда жастарды кім және 

неменеге оқытатынын қаперлеріне алмайды. Сонымен бірге, 

неге екені белгісіз, осы бизнесмендердің өздерінің немесе ата-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

462

аналарының оқыған мектептеріне көмектесу деген жоқтың 

қасы, ілуде біреу ғана. елімізде 8 мыңға жуық мектептер бар, 

осылардың әрбір төртіншісі күрделі жөндеуді қажет етеді. біз  

12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  өтуді,  бағдарлы  мектеп-

тер, ресурстық орталықтар құруды, кәсіптік мектептер мен 

лицейлердің желісін кеңейтуді жоспарлауға кіріскен кезде 

бұл мәселе ерекше өзекті бола түседі. 

бизнес  бір  немесе  екі  мектепті  өз  қамқорлығына  неге 

алмайды?  бизнес кітапханаларды, оқу-өндірістік цехтарды 

жөндеуден өткізуге немесе спорт жабдықтарын сатып алуға 

неге  көмектеспейді?  батыста  жаңа  ғимаратты  салуға  ақша 

бөлген  меценаттың  аты  дәрісханаларға,  залдарға,  кейде 

тіпті  сол  ғимараттардың  өзіне  беріледі.  осындай  өнегелі 

тәжірибені енгізсе, бізге кім бөгет болады? Сонымен бірге, осы 

сияқты оқу орындарына байланысты меценаттықтың әлемдік 

тәжірибеде жоғарғы оқу орындарына да қатысы бар. 

осы  үрдістің  негізінде  біздің  жоғарғы  оқу  орындары 

таяу арадағы болашақта дүниежүзілік стандарт деңгейінде, 

өздерінің  дипломдары  дүниежүзінің  барлық  елдерінде 

танылатындай  білім  берудің  керек  екендігін  ұмытпаулары 

керек. мен 10-15 жылдан кейін Қазақстан университеттерін 

бітірушілердің  де  әлемдегі  жетекші  университеттерді  біті-

рушілер сияқты бағаланатынына сенгім келеді. Иә, бүгінде 

осындай объективті мүмкіндік біз үшін әлі арман. Сондықтан, 

осыған жету үшін, бүгіннен бастап дүниежүзілік деңгейдегі 

ұлттық таңдаулы университеттер құруды бастау керек. 

білім  беру  жүйесі  еліміздің  адамдық,  ақпараттық, 

материал дық, қаржылық ресурстарының барлығын тиімді 

пайдалануды  қамтамасыз  етуі,  ал  мемлекет  –  халықтың 

барлық  әлеуметтік  топтарына  білім  беру  жолының  ашық 

болуына кепілдік беруі және білім беруді басымдылықпен 

қолдауы тиіс.


С

өз соңында



463

б

ілім

 

беру

 

және

 

жеке

 

тұлғА

Қазір, біз құқықтық, демократиялық қоғам және тиімді 

нарықтық  экономика  құруға  талаптанып  жатқан  кезде, 

проблемалар  пайда  болады.  бұл  проблемалардың  тууы, 

адамдардың  өмірлік  құндылықтарға  қатынастарының 

өзгеруіне, күнделікті кездесіп отырған және осы өзгерістер 

үрдісінде алда да кездесуі мүмкін экономикалық және саяси 

қиындықтарға  байланысты.  мұндай  жағдайда  білім  беру 

жүйесіне бірінші кезектегі әлеуметтік талаптармен бірге жаңа 

рухани-өнегелі талаптар да қойылады. 

Азаматтық және экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде 

қазақстандықтар қоғам мен экономикадағы болып жатқан 

өзгерістерге  жылдам  бейімделуге  мүмкіндік  беретін,  жан-

жақты  білім  алулары;  білімдерін  әрі  қарай  жалғастыруға 

мүмкіндік  беретін  тыңғылықты  базалық  білімдер  мен 

дағдыларды  алулары;  ақпараттарды  сараптап  соның 

негізінде таңдау жасап, шешім қабылдауға қабілетті болу-

лары; азаматтық тәртіптің жалпы қабылданған нормаларын 

құрметтейтін, әртүрлі проблемалар мен ахуалдарға байла-

нысты  басқаша  көзқарастарды  бірдей  қабылдайтын  болу-

лары тиіс. 

білім алу үрдісі барысында біздің жас ұрпақ проблема-

ларды  өз  беттерімен  дербес  шешуге  үйренулері;  жаңа 

ақпараттар мен жаңаша білім алу машықтарын меңгерулері; 

сын көзімен кең өрісті ойлаулары: ынталылық пен тапқырлық 

көрсетулері керек. Қай елдің халқы оқу мен білімнің арқасында 

алған ақпараттарды, білімді және технологияларды өмірде 

тиімді қолдана білсе, толыққанды болашақ сол елге тиісті. 

мектеп  –  жеке  тұлғаның  қалыптасатын  жері.  ол  жет-

кіншектің тек қана одан арғы оқуына негіз болатын базалық 

білім мен машықтарды ғана беріп қоймайды, сонымен бірге 

өмірлік тәжірибенің де алғашқы тәжірибесін береді. Дәл осы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

464

жерде жеке тұлғаның қоғаммен арадағы қатынастарының, 

үлкендер  мен  құрдастарына  деген  құрметтің,  заңды  және 

құқықтық  тәртіпті  сыйлаудың  негіздері  қаланады. оқушы 

мемлекеттің  міндетін  түсінуге,  оның  әлеуметтік  институт-

тар арқылы өзінің жеке басына қатысты жоспарларын іске 

асыруға қолдау жасайтынын ұғынуға үйренеді. 

мектеп  өмірдің  алғашқы  сабақтарын  береді.  Қоғамда 

өмір сүруге, оның тәртіптеріне бағынуға үйрете отырып, мек-

теп сонымен бірге әрбір баланың жеке ерекшеліктерін басып 

тастамауы керек. Өзінің жеке пікірі жоқ оқушы өзінің пози-

циясын дәлелді түрде қорғай алмайды, оның ойлау қабілеті 

болмайды және ол жаңа идеяларды туғыза алмайды. ондай 

адам  дұрыс  шешімдер  қабылдауға,  жаңа  инновациялар 

жасауға  қабілетсіз.  мектептің  осындай  түлегі,  ақиқатты  өз 

бетімен түсінудің орнына, қашанда басқа біреудің ой-пікіріне 

сүйенуге  дайын  тұрады.  осыдан  құтылу  үшін,  мұғалімнің 

оқушыға деген қамқорлық қатынасын өзгерту қажет. бұған 

қатысты: «мұғалім жауаптарын бермейді, ол сұрақтар қояды. 

мұғалім білімнің жолымен жетектеп жүрмейді. ол тек оны 

көрсетеді» деген бір тамаша айтылған сөз бар.

б

ілім

 

беру

 

және

 

бәсекеге

 

ҚАбілетті

 

экономикА

Интеллектуалдық  әлеуетті  біздің  ел  қаншалықты  пай-

далана  алады  –  халықтың  өмір  деңгейінің  жағдайы  және 

Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі соған байланысты 

болмақ. 

Ақпаратты  қоғам  дәуірінде  білімге  және  сауаттылыққа 

байланысты ұғымдар терең өзгерістерге ұшырады. Ақпарат-

ты  берудің,  қабылдап  алудың,  өңдеуден  өткізудің  және 

сақтаудың  жаңа  әдістері  мен  құралдары  толассыз  пайда 

болуда. осындай жағдайда өткен ХХ ғасырдың білім беру 

жүйесі тиімсіз және нәтижелі қызмет жасап, біздің қоғамның 

талаптарына жауап беруге қабілетсіз. 



С

өз соңында



465

бүгінде Қазақстан жаңа бір секірістің, өзінің дамуындағы 

жаңа кезеңнің табалдырығында тұр. біз үшін жаңа уақыт – бұл 

ең  бастысы  Қазақстанға  өз  дамуының  қарқынын  сақтауға 

мүмкіндік  беретін,  осындай  жаңа  адамдардың  және  жаңа 

міндеттердің  уақыты.  Қазақстанның  еуразия  аймағында 

көшбасшылығын сақтауы үшін, алдымызға асқақ міндеттер 

қоя  алатындай  және  өзгелерге  қарағанда  әлдеқайда  көп 

істер атқаруға тиіс батылдық керек. Қазақстанның әлемдегі 

бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі үшін дәл осындай 

міндеттер қойылады. 

бірінші  тарауда  мен бәсекеге  қабілетті ұлт  туралы айт-

қанмын. Ал бәсекеге жеке тұлғаның қабілетті болуы деген  

нені  білдіреді?  Жеке  тұлғаның  бәсекеге  қабілеттілігі  –  бұл 

үнемі құбылып отыратын бүгінгі мен белгісіз ертеңгіге дайын 

болуға  көмектесетін,  өмірлік  машықтардың  шоғырлануы. 

бұл  –  белгісіз  ертеңгінің  емеурінін  өз  пайдаңа  қолдана 

білу  қабілеті.  басқаша  айтқанда,  жас  қазақстандықтар 

бүгін,  жаһанданған  әлемде,  тек  қана  лайықты  өмір  сүруге 

көмектесетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  бүгінгі  күннің  өмір 

шындықтарына  белсенді  ықпал  ете  алатындай,оларды 

жақсы жағына қарай өзгертетін машықтар мен біліктілікке ие  

болулары  керек.  бізге  бағдарламаның  шеңберінде  қалып 

қойғандар емес, еркін жол таба білетіндер керек. 

Уақыт жылдам, ол өзінің жаңа тәртіптерін ұсынады және 

ешкімді де күтіп тұрмайды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы 

елдерден  қалып  қоюына  мүлде  хақысы  жоқ.  Қазақстанға 

жаңа түрдегі таңдаулы оқу орындары күні бүгін қажет. бұлар 

индустриямен тығыз байланыстағы, қуатты білім беру, зерт-

теу  және  ғылыми-өндірістік  кешендер  болуы  керек.  менің 

тікелей араласуыммен ҚмЭбИ (кИмЭП), Гумилев атындағы 

еуразия университеті және Қазақстан-британ университеттері 

құрылды. бұл университеттер – білім берудің қазақстандық 

жүйесін  әлемдік  деңгейге  шығарудың  сіз  бен  біз  жасаған 

алғашқы талпынысы. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

466

білім шекараны білмейді. Сондықтан да біздің универ-

ситеттер жаһандық бәсекенің тынысын айқын сезінулері ке-

рек. мектептің дарынды жастарына, мысалы, Халықаралық 

олимпиадалардың  жеңімпаздарына,  дүние  жүзінің  ең  бір 

беделді университеттерінің есіктері ашық. біздің жас физик-

тер, математиктер, химиктер массачусетс технология инсти-

тутында, Гарвардта, оксфордта тегін оқиды. Университеттер 

стипендиялар мен гранттар ұсынып, перспективасы жоғары 

ғалымдар үшін күреседі. 

осы мақсатпен 1993 жылы, ең бір қиын кезеңде, Қазақ-

станның  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарында,  бюджет 

саласының қызметкерлеріне жалақыға төлеуге қаржы болмай 

жатқан  кезде,  мемлекет  сондай-ақ  мамандарды  дайын-

дау бойынша бағытты саясатты ойластырды, халықаралық 

«болашақ» стипендиясын тағайындады. бұндай стипендиялар 

Жапонияда, Сингапурда және оңтүстік кореяда қолданылды. 

бірақ  кейін  келе,  бұл  елдер  өздерінің  бәсекеге  қабілетті 

жоғарғы білім жүйесін құрды. 

Жоғарғы білім берудің осы тәрізді қазақстандық моделін, 

ерекше  өзіндік  академиялық  ортасын  қалыптастыру  үшін 

Астана қаласында халықаралық деңгейдегі беделді универ-

ситет құру қажет. 

бүгінгі  күні  Астана  қаласында  халықаралық  деңгейдегі 

жаңа университетті құру тұжырымдамасы бекітілді. бұл сапасы 

бөлек жаңа институттары және орталықтары бар, ең бір осы 

заманғы әлемдік талаптарға жауап беретін жоғарғы оқу орны 

болмақ. Университетте білім беру, инновациялар, зерттеулер 

кәсіпкерлік үйлесімділікпен сыйысулары керек. 

Университет Қазақстанның интеллектуальдық, ғылыми-

техникалық  элитасының  қалыптасуына;  экономиканың 

кластерлі саласының талаптарына қарай көзделген білімді, 

талдамаларды  және  технологияларды  қалыптастыруға, 

оларды  трансферттеуге  жағдай  жасауы  керек.  Студенттері 



С

өз соңында



467

«білім алу баға үшін емес, білімді болу үшін» деген принципті 

ұстанатын,  ерекше  корпоративті  рухы  бар  және  білімге 

табынушылық  қалыптасқан  орта  университеттің  бөлінбес 

бөлшегі болуы керек. 

Сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды, осы қабыл-

данып жатқан шаралармен қатар, оқытушылардың өздерінің 

біліктіліктеріне және дайындық деңгейлеріне талаптың ерек-

ше жоғары болуы керектігіне аударғым келеді. білім берудің 

сапасы көп жағдайда оқытушыға – оның біліміне, қабілетіне, 

машықтарына,  педагогикалық  шеберлігіне  және  рухани 

ізгілік  позициясына  байланысты.  біз  әңгіме  етіп  отырған 

мамандардың  жаңа  буындарын  қалыптастыруға,  оларды, 

былайша  айтқанда,  «қолдан  баптап»  өсіруге  кім  тікелей 

жауапкершілікті сезінсе, оқытушы – сол.

б

ілім

 

беру

 

және

 

ұлттыҚ

 

сәйкестік

бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын  

бір тиіс нәрсе – бәсекеге қабілеттілік; бұл – ең алдымен өзің-

нің барлық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз, 

бірақ  оларды  өзіміздің  кім  екендігімізді  ұғынғаннан  кейін 

барып ғана анықтауға болады. 

біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан 

жерінде  өмір  сүрген  әулеттердің  ұрпақтарымыз.  Ұлы  Дала 

қашан  да  әртүрлі  мәдениеттер,  тілдер,  әскерлер,  діндер, 

тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды. мыңдаған 

жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды. Ал ХХI 

ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа 

идеялардың генераторына айналуы тиіс. біздің табиғатымызға 

біткен  далалық  ойлау  машықтары,  ғаламдық  трендттер  – 

икемділік пен жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді. 

көшпелілер қашанда икемделгіш болған және, бір қарағанда, 

ешбір  ақылға  сыймайтын  бір  қасиеттері,  олардың  барлық 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

468

іс-әрекеттері қашанда табиғаттың белгілі бір қайталанбалы 

кезеңіне  және  қоғамдық  өзара  қатынастың  принциптеріне 

сәйкес келетін. 

Қазіргі ахуалда бұл машықтар бізге қалай көмектесе алар 

еді? мысалға жылжымалы байланыс пен сымсыз Интернетті 

алып қарайық. бұл технологиялар адамды белгілі бір жерге 

байлап  қоймайды,  қайта  қозғалуына  кең  еркіндік  береді. 

Ұлтаралық корпорациялар көптеген бағыттар бойынша 10-

нан  100-ге  дейін  адамнан  тұратын  жылжымалы  топтарға 

сүйенеді. олар әртүрлі континенттерге орналасқан және нақты 

бір іс пайда болғанда ғана сол іске жұмылдырылады. бүкіл 

дүние жүзінде, білім беру саласына «бүкіл өмір бойы білім 

алу» тұжырымдамасы енгізілуде. бұл үздіксіз білім алуға және 

жеке қабілетті үнемі жаңартып тұруға негізделген. 

Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен, 

өз халқының мәдениеті мен тілін білуі керек. білім беру жүйесі 

арқылы сіңірілетін, туған тілдің мәдени бастаулары мен руха-

ни дәстүрлерін сақтау, жас ұрпақтың бойында жаһанданудың 

барлығын  жұтатын,  бірыңғайлайтын  және  кіріктендіретін 

үрдістеріне қарсы тұра алатындай иммунитеттің қалыптасуына 

көмектеседі. 

Сонымен бірге, «ұлттық багаж» жас қазақстандықтардың 

дүниежүзілік  жалпы  білім  беру  кеңістігіне  қосылуына 

кедергі  болмауы  және  олардың  бәсекеге  қабілеттіліктерін 

төмендетпеуге тиіс. 

Әрбір  қазақстандықта  өзінің  қадір-қасиетін  білу  сезімі 

болуға тиіс, өзінің жасаған істеріне және өзінің өміріне өзі 

жауапты болуы керек. 

Қалыптасқан ахуалды талдауға, сын көзімен бағалауға, 

жауапкершілікті  шешім  қабылдауға  және  ақпараттармен, 

оның  ішінде  қазіргі  компьютерлік  құралдарды  пайдалана 

отырып, өнерпаздық негізде жұмыс істеуге үйрену қажет. 

бүгіндері күн тәртібіне, елімізде іске асырылып отырған 

жаңарулардың  мазмұнына  сәйкес,  қазақстандық  жаңа 


С

өз соңында



469

қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттігі шықты. бұған жалпы 

адамзаттық мәдениеттің, қазіргі заманғы білімнің және ұлттық 

дәстүрдің  элементтерінің  кіру  қажеттігі  күмәнсіз.  Демек, 

үнемі өзгеріп отырған әлемге және білім беру саласындағы 

жаңа әлеуметтік талаптарға қарамастан, білім беру жүйесінің 

міндеті  сол  күйінде  –  толыққанды  және  бәсекеге  белсенді 

азаматты тәрбиелеу, білім берудің рөлін экономикалық пайда 

табудың тұрғысынан емес, сонымен бірге – ойлайтын, қоғам 

алдындағы жауапкершілігін сезінетін және еліне жаны ашитын 

азаматтарды қалыптастыру түрінде қалып отыр. бұл қасиеттер 

әрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияқты 

әлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс. 

Өз  мүмкіндіктеріне  сенбейтін  және  орынды  тәуекелге 

бармайтын  шығармашылық  ізденістері  жоқ  адамдардың 

болуы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құру 

жолындағы  ең  үлкен  кедергі  болуы  мүмкін.  2003  жылы 

қабылданған Индустриялық-инновациялық дамудың стра-

тегиясы  бізге  бұл  мәселені  шешуге  көмектеседі.  Аталмыш 

стратегияны іске асыру барысында экономиканың кадрлық 

және  технологиялық  деңгейін  анықтайтын  негізгі  фактор 

ретіндегі жоғарғы мектеп жетілдіріледі. оны іске асырудың 

іс  жүзіндегі  нәтижесі,  ғылыми-технологиялық  прогрестің 

болашағы  бар  тенденцияларына  жауап  беретін  ғылыми 

зерттеулерді  қамтамасыз  етуі  және  оның  алға  оза  отырып 

дамуы болып табылады. міне, сондықтан да біз білім беру 

мәселесіне ерекше қараймыз. 

мен қоғам дамуының білімге негізделген дұрыс бағытын 

таңдай  алғанымызға  сенімдімін,  елдердің  салыстырма-

лы  артықшылықтарын  табиғатының  байлығымен  және 

арзан  жұмыс  күшімен  анықтау  бірте-бірте  азайып,  оның 

орнына  техникалық  инновациялармен  және  білімді  нақты 

пайдаланудың  мысалдарымен  анықтау  бірінші  орынға 

шығуда. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

470

Аяқтай келе тағы да атап айтқым келетіні, елімізге өзде-

ріне жауапкершілік ала алатын жас адамдардың жаңа буыны 

қажет. бұл жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай 

болулары және өзгерген экономикалық және технологиялық 

жағдайларға  бейімделе  білулері  тиіс;  сондай-ақ  олар-

дан  ғаламдық  трендтерді  екі  қадам  бұрын  сезіне  отырып, 

қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу талап 

етіледі. 

менің  Қазақстан  жастарына  айтар  тілегім  мынадай: 

Сіздерге міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге 

сенімді  іргетас  болады,  олсыз  сіздер  өзіңіздің  болашағы-

ңызды,  өз  балаларыңыздың  болашағын,  бүкіл  еліміздің 

болашағын жасай алмайсыздар. Сіздерге жұмыс істеу керек 

және тағы да жұмыс істеу керек, ең бірінші – өзіңізді жетілдіру 

бағытында. білімге де жетілуге шек жоқ. «Адамның өміріне 

шек  бар,  білімге  ондай  жоқ»  дейді  қытайдың  даналық 

мақалы.  бұнымен  келіспеуге  болмайды.  Сондай-ақ  біздің 

өзіміздің қазақтың да мақалдары бар, олар: «Жеті тілді білуге 

ұмтыл және жеті ғылымды меңгер» деп үйретеді, астарына 

үңілсек, одан да оқу мен білімнің күш екенін, байлық екенін 

түсінеміз. 

Ұлы Абай да кезінде: «бай болғың келсе – өнерге үйрен» 

деген.  оның  сөздері,  менің  пікірімше,  қазіргі  білім  беру 

стратегиясының идеологиясын дәл көрсетеді. 

күшті және гүлденген мемлекет болу және тұрақты дамуға 

қол  жеткізу  үшін,  біз  интеллектуалдық  элитаға,  жоғарғы 

технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет. 

тек  өзінің  интеллектуалдық  әлеуетінің  арқасында  ғана 

ел  әлемдегі  өзінің  лайықты  орнын  ала  алады.  Сондықтан 

Сіздердің – біздің жастардың алдында үлкен жауапкершілік 

жатыр. 


Адамның  өмірі  тағдырдың  кездейсоқ  бұрылыстарына 

және оның беріктігін тексеретін сынақтарға толы. Адамдар-



С

өз соңында



471

дың Жаратушыдан өздерін қауіп-қатерден, сәтсіздіктерден 

сақтауын тілеп, жалбарынулары тегін емес. 

Адам  қашанда  жақсылық  пен  жамандықтың,  жарық 

пен  қараңғының,  махаббат  пен  өшпенділіктің,  білімділік 

пен  надандықтың  арасындағы  мәңгілік  таңдаудың  алдына 

қойылған сияқты. 

Адамның  алдынан  кездесетін  проблемалардың  бар-

лығын қиындықтарды жеңу үшін және өзінің алдына қойған 

мақ саттарына жетудің тиімді жолдарын табу үшін пайда бо-

латын сияқты көрінеді. Әрбір қас-қағымда адам дұрыс таңдау 

жасаса  және  сол  арқылы  өзімен-өзі  үйлесімділікке  жетсе, 

нағыз бақыт деген сол болар. 

егер  де  жастар  гуманизмді,  білімді,  жауапкершілікті, 

әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен 

бірге табыс та ілесіп жүреді. 

мен  әрбір  кеш  сайын  өзіме  өзім  «бүгінгі  күнді  дұрыс 

өткіздім  бе?»  деген  сұрақ  қоямын  да,  соған  жауап  беруге 

тырысамын.  мен үшін, Президент үшін, бұл сұрақ: «менің 

отандастарымның өмірін жақсарту үшін барлығын істей алып 

отырмын ба?» дегенді  білдіреді.  бұл  менің ұстанымымның 

негізі. 


мен сіздерге отанды сүюді және оған қамқорлық жасау-

ды тілеймін. елімізді сақтасақ, бір-бірімізге қол ұшын берсек, 

бәріміз бірге болсақ, міне, сонда ғана біз кез келген сынақтар 

мен кедергілерден сүрінбей өтеміз және оларды абыроймен 

жеңіп шығамыз.


МазМҰНы

алғы сөз ............................................................................................................... 5

1-тарау

тӘУелсізДіК стратегиясы ........................................................................... 11

2-тарау

1995 жылғы КоНститУция ......................................................................... 61

3-тарау

Каспий үшіН Күрес жӘНе МҰНай ДүМпУі ............................................. 129

4-тарау

теңге – БізДің тӘУелсізДіК НышаНыМыз .................................................181

5-тарау

МеМлеКеттіК МеНшіКтеН – жеКе МеНшіККе ........................................... 229

6-тарау

ҰлттыҚ Қаржы жүйесі .............................................................................. 271

7-тарау

жер МӘселесіНің эволюциясы ............................................................... 341

8-тарау

жҰлДызДарға жол салғаН ҚазаҚстаН ............................................... 391

9-тарау

жаңа ДӘУірДің жаңа астаНасы ............................................................ 425

сөз соңыНДа ............................................................................................... 458

Нұрсұлтан Әбішұлы НазарБаев

ҚазаҚстаН жолы

Жауапты шығарушы  Б.Ғ. Мұхамеджанов

компьютерлік бет қаттаушы И. Селиванова

басуға 25.05.2012 қол қойылды. 

Пішімі 60х90

1

/



16

. офсеттік басылым. 

«DSFreeSet» қаріп түрі.

 

29,5 шартты баспа табақ. 



таралымы 2000 дана.

«Жібек жолы» баспа үйі 

050000, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 50

тел. 8 (727) 261 11 09, факс 8 (727) 272 65 01



Document Outline

  • путь
    • Страница 1


1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал