Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет37/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

431

менің тапсырмам бойынша, жаңа астананы орналастыруға 

қолайлы  жерді  табу  мақсатында,  республиканың  бүкіл 

аумағына жан-жақты зерттеу жүргізілді. Астана 32 өлшемге 

сәйкес  болуы  керек  еді.  осы  өлшемдердің  ішіндегі  аса 

маңыздыларына:  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштер, 

климат,  ландшафт,  сейсмикалық  жағдай,  қоршаған  орта, 

инженерлік және көліктік инфрақұрылымының болуы, оның 

болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек 

ресурстары жатады. 

бастапқыда бізге жаңа астананы еліміздің нақ ортасы- 

нан салу идеясы тартымды болып көрінді. Қазақстанның нақ 

ортасы – бұл ертеректе хандардың ордасы тұрған Жезқазған 

мен Ұлытау. бұл жерде, кең даланың төсінде, Ұлытау жоталары 

орналасқан. Өткен ғасырларда қазақ рулары Қазақстанның 

жан-жағынан  –  батысы  мен  шығысынан,  оңтүстігі  мен 

солтүстігінен  ағылып  келіп  Ұлытауда  түйісетін  болған.  осы 

өңірде қазақ ұлтының түп-тамыры бекіген. 

бірақ бүгінгі күні Ұлытауда тапшылық көп: жеткілікті су да, 

темір жолдар да, автокөлік магистральдары да, әуежайлар да 

жоқ. Ал астананы Ұлытау өңіріне ауыстыру қыруар қаржыны 

қажет етер еді. ондай жерде жаңа қаланы салу тіпті қиынға 

түседі. 

мен  Қарағанды  туралы  да  ойладым.  бұл  қаланы  мен 

жақсы  білетінмін.  Қарағанды  теміртауда  жұмыс  істеген 

біз-дер үшін өркениеттің орталығы болатын. бірақ қаланың  

асты толған шахталар, осыдан барып жер жиі-жиі ойысады, 

бұған сумен қамтамасыз етуді және экологияны қосыңыз. 

Үшінші  астаналық  нұсқа  Ақтөбе  болып  еді.  Ақтөбені 

таңдасақ, онда біз еліміздің шығыс аймағынан тым алшақ- 

тап  кетер  едік.  біздің  Алматыдан  кету  себебіміздің  өзінде, 

оның  оңтүстік-шығыстағы  тығырық  болуы  жатты  ғой,  ал 

Ақтөбе  басқа  аймақтар  үшін  солтүстік-батыстағы  тығырық 

болар еді. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

432

Қалай  болғанда  да,  жүргізілген  зерттеулер,  барлық 

нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола екендігін көрсетті. 

Қаланың жағдайы, оның аумағы кез келген сәулеттік қадам-

дарды іске асыруға мүмкіндік беретін. Ақмола Қазақстанның 

географиялық  орталығына  жақын  жатты  және  маңызды 

шаруашылық  аймақтарына  таяу,  ірі  көлік  магистральдары 

түйіскен жерде орналасты. ол кезде онда шамамен 200 мыңға 

жуық адам тұратын және сол уақыттағы қаланың бас сәулет 

жоспары  бойынша  қала  халқын  400  мыңға  дейін  өсіруге 

болады деп есептелінді. Қазір, ресми мәліметтердің өзі бо-

йынша, Астанада жарты миллионнан астам адам тұрып жат-

қан көрінеді, ал шындығы одан әлдеқайда көп. 

Ақмола тың өлкесінің орталығы болды, бұның өзі қалаға 

астана  мәртебесін  беру  мүмкіндігін  айтып  тұрды.  Соны-

мен қатар, дәл осындай шешім, мен жоғарыда айтқандай, 

кезінде Н. Хрущев басқарған одақ басшылығы тарапынан 

да кәдімгідей қарастырылған болатын. Сондықтан сол кездің 

өзінде-ақ  бұл  жерде  қазірдің  өзінде  қызмет  жасап  тұрған, 

бірталай мықты әкімшілік ғимараттары, мәдениет сарайы, 

Жастар сарайы және басқалар салынған. 

Қаланың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі 

жүйелердің жағдайы да онша көп мәселе туғызбады. бұнда 

жылумен, газбен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған, су-

мен жабдықтауға байланысты барлық мәселелерді ұзындығы 

жағынан  шағын  «ертіс-Қарағанды»  каналы  шешіп  тұрды. 

осы ларға қосымша Ақмолада көлік инфрақұрылымы жақсы 

дамыды және күні бүгінге дейін экологиялық жағдайы қолайлы 

қалыптасқан. Астананы көшіру бір сәтте бола салатын жұмыс 

емес, оның аяқталуы, жоспарланғандай 2000 жылға қарай 

іске асырылды. Қажетті дайындық жұмыстары жасалғаннан 

кейін, Ақмолаға бірінші кезекте, негізгі мемлекеттік органдар, 

сонымен қатар бірқатар маңызды министрліктер мен ведом-

стволар көшіп келді. 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



433

Сәулетшілердің бастапқы бағалаулары бойынша, аста-

налық әкімшілік орталығын мақсатты түрде жеке, қаланың 

оңтүстік шетінде, 300-400 гектар аумақта салу көзделді. бірақ 

кейіннен, қаланы салу жөніндегі конкурста жапон сәулетшісі 

кисё  курокаваның  жеңіп  шығуына  байланысты,  жоспар 

өзгертілді, қала енді есіл өзенінің сол жағалауында бой көтере 

бастады.  бас  сәулетші  кисё  курокаваның  сол  кезде:  «таза 

қағазға сызғанда ғана иероглиф әдемі болып шығады» деп 

айтқан сөзі еске түседі. есіл өзенінің сол жағалауы өзінің көлемі 

жағынан  да,  әдемілігі  жағынан  да  жаңа  астананы  салуға 

көбірек келуші еді. Дипломатиялық корпус та қала шеңберінің 

ішінде, сол жағалауға орналасты. 

Алғашқы уақытта, бұрыннан ойластырылғандай, кейбір 

министрліктер жаңа астананың маңайындағы қалаларға да 

орналастырылды. Астананы ауыстыру солтүстік аймақтардағы 

инновациялық  және  ғылыми-ауқымды  өндірісті,  ілгерішіл 

ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды және кең түрдегі 

ұқсатушы  ауыл  индустриясын  интенсивті  түрде  дамытуға 

септігін тигізеді деп есептелінді. біз Ақмола бейнесінен тек 

жаңа  қоғамдық-саяси  ортаны  ғана  емес,  Қазақстанның 

Алматыдан кейінгі, маңызы жағынан екінші экономикалық, 

іскерлік, ғылыми және мәдени орталықты көргіміз келді. 

көп адамдар сол кезде жаңа астанаға жұмсалған қаржы-

ның  қайтпайтынын  айтып,  кейде  ашық  түрде  мемлекеттің 

ақшасын босқа шашу дейтін. бірақ қайтпай қалған шығын – ол 

астананы көшіруге кеткен шығын ғана болды. Қалғанының 

барлығы  –  бұл  күрделі  салымдар,  бұл  болашаққа  деген 

инвестициялар.  Жаңадан  тұрғызылғандардың  баршасы 

мемлекеттің ұлттық байлығын көбейтуі тиіс болатын. 

Алматы бейнесінен біз бәрібір қашанда мемлекеттің қо-

ғамдықсаяси өміріне үлкен ықпалы бар, іскерлік, қаржылық, 

ғылыми және мәдени орталықты көрер едік. Сонымен қатар 

қазір,  Алматы  орталық  Азия  және  тмД  көлемінде  қаржы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

434

орталығы  деген  атаққа  ұмтылып  отырғанда,  біз  шынында 

оңтүстік  астананың  орасан  зор  әлеуетін  оны  халықаралық 

деңгейге  шығару  үшін  пайдалана  аламыз.  ең  алдымен 

инфрақұрылым, байланыс, көлік қатынасы және т.б. қажетті 

өлшемдер жақсартылуы керек. 

Ашық айтайын, мен астананы ауыстыру идеясына бай-

ланысты бірталай қатал сынға тап болдым. Парламентшілер 

менің идеямды тыныш қана қабылдады десем, жалған айтқан 

болар едім. Дауыстар екіге бөлінді: егер де депутаттардың 

бірі мені сөзсіз қолдайық деп ұсынса, екінші біреулері үнемі 

қиындай түскен әлеуметтік-экономикалық жағдайда астананы 

ауыстыру үшін орасан зор қаржыны шашу қисынсыздық деп, 

мүлде  дес  бермейтін  қорғаныста  тұрды.  Айтыс  қызу  жүріп 

жатты,  бірақ  депутаттар  негізінен  мені  қолдамауға  қарай 

ойысқан. 

Сөйлейтін  бір  сөзімді  мен  өзімнің  туған  күніме  орай-

ластырып  тағайындағаным  есімде.  бірақ  менің  бұл  кіш- 

кентай қулығым іске аспады, айтыстың қызуымен бұны тіпті 

ешкім  де  есіне  алмады.  бірақ  кейіннен,  жаңа  астана  таяу 

арада бола салатын іс емес, қалай болғанда да 20-30 жылды 

керек қылады деп ойлаған депутаттар, астананы ауыстыру-

ды қолдап дауыс берді. Қолдаушылардың дауысы сәл ғана 

артықшылықпен басым түсті. 

Дәл осы жерде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы ке- 

ңесінің  сессиясында,  «Қазақстан  Республикасының  аста-

насын  ауыстыру  туралы»  қаулы  қабылданды,  онда  менің 

мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі 

ұсынысыммен  келісетіндері  туралы  айтылды  және  минис-

трлер  кабинетіне  1994  жылдың  соңына  дейін  астананы 

ауыстырудың техника-экономикалық негіздеулерін жасауға 

және оның мерзімін белгілеуге нұсқау берілді. 

Сол жылы 2 қыркүйекте «казахстанская правда» газетіне 

берген сұхбатымда маған астананы ауыстыруға байланысты 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



435

қосымша түсіндірулер беруге тура келді. Өздерін ештеңемен 

көрсете алмағаннан кейін, осы арқылы ұпай жинауға тырысқан 

адамдар да болды. Сонда мен жаңа астана ретінде, Ақмола 

төңірегіндегі  шудың  бәрі  таза  әсіре  саясатшылдық  дедім. 

мен жұрттан Жоғарғы кеңестегі сөйлеген сөзімді және онда 

қабылданған қаулыны мұқият қайта оқып шығуды сұрадым. 

Қаулыда  көшудің  мерзімі  көрсетілмеген,  тек  онда  Үкімет 

осыған қатысты құжаттарды жасауы керек деген сөздер бол-

ды. бұдан мәселенің бүгінгі күндікі емес, тіпті ертеңгі күндікі 

де емес, арғы күннен кейінгі күндердікі екені айқын көрінді. 

оны  толық  орындау,  қазақтардың  және  бүкіл  Қазақстан 

халқының түпкілікті мүдделеріне жауап беретін, ХХI ғасырмен 

байланыстырылды. 

Әсіресе саясатшы нағыз саясатшыдан және мемлекеттік 

қайраткерден несімен өзгешеленді деген сұраққа нақты жау-

ап бар. егер де біріншісі келесі сайлаулар туралы ойлайтын 

болса, екіншілері халықтың игілігі және елдің болашағы ту-

ралы ойлайды. Астананы көшіруге байланысты мәселені өз 

пайдасына жаратқысы келгендер істің мәнін түсінгісі келмейтін 

еді.  Шалағай  шешімдер  туралы  айғай-шу  туғызу  және 

өздерін  «халықтың  үні»  қылып  көрсету  –  оңайдың  оңайы. 

бұндай  «әсіре  қызыл  саясаткерлер»  бізде  жеткілікті.  бірақ 

әлдеқайда күрделісі, жалпы наразылық пен түсінбеушіліктің 

болуына қарамастан, қабылдаған шешімнің қажеттігіне және 

болашағының барлығына халықтың көзін жеткізу. Өйткені, 

астананы ауыстыру жөніндегі жоспар, қандай да болмасын 

әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту есебінен емес, бюд-

жеттен тыс қаржы есебінен іске асырылуы керек болды және 

оның көздері ізделіне бастады. 

Иә,  көп  шығын  қажет  пе?  деп  өзіме  сұрақ  қойдым. 

Әрбір  билік  құрылымына  орналасатын  орын  ол  кезде 

табылды  –  кел  де  қызмет  жасай  бер.  Дегенмен,  әрине, 

Қорғаныс министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

436

Парламенттің ғимараттарын салу керек болатын. бірақ осы 

ведомстволардың талаптарына сәйкес ғимараттарды Алма-

тыда да салар едік қой. Ал егер де оларды Алматыда, осы 

өңірдің  сейсмикалық  жақтарын  ескере  отырып  салғанда, 

бізге екі есе қымбатқа түсер еді. Және тұрғын үйлерді қалай 

болғанда да салу керек болды. мамандардың есептеуінше, бір 

шаршы метр тұрғын үй құрылысы және қызмет ғимараттары 

Ақмолада, Алматымен салыстырғанда, арзанға түсетін кө-

рінеді. 


мысал ретінде, қарапайым есептеулер жасауға болады. 

мәселен, егер біз астананы ауыстыруға шартты түрде он мил-

лиард теңге жұмсайтын болсақ, онда оның сегізі мемлекетке 

өнеркәсіп орындарынан және құрылыс ұйымдарынан, тиісті 

орындаған тапсырыстары есебінен салық түрінде қайтады. 

осының есебінен, көптеген адамдар жұмыс ала алатын жаңа 

өнеркәсіп  орындарын  ашу  көзделді.  Сонымен  бірге,  әрбір 

салынған құрылыс мемлекеттің игілігі және байлығы екендігін 

ұмытпау керек. 

1995 жылы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының 

астанасы туралы» заң күші бар Жарлығым шықты. Жарлықта 

жоғарғы және орталық органдарды Ақмола қаласына орна-

ластыру жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік 

комиссия  құру  туралы  нұсқау  берілді.  Республиканың 

Үкіметіне  Ақмола  қаласын  жайластыру  бойынша  бюджет-

тен  тыс  қаржыны  жинақтау  мақсатында  бюджеттен  тыс 

«Жаңа астана» қорын құру міндеті жүктелді. Үкімет Ақмола 

қаласының  құрылысын  салуға  және  инфрақұрылымын 

дамытуға қатысып жүрген инвесторларға салық, кеден және 

тағы басқадай жеңілдіктерін беру туралы ұсыныстарды да-

йындауы, содан соң менің қарауыма берулері тиіс болды. 

мемлекетті құру оңай емес, жаңа астананы салу одан да 

күрделі. біздің халық ешқашан өзінің астанасын салған емес. 

Ұлытаудағы хан ордасында да сондай ештеңе болмаған. онда 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



437

хан ордасын қоршаған топырақ қабырғалардың үйінділері 

ғана жатыр. ол астанаға жұрт түйемен, атпен кіретін болған. 

Қазақстан аумағын Ресей жаулап алғаннан кейін де еш-

қандай астана болмаған, губерниялардың орталықтарының 

бірі омбыда, бірі орынборда болған. Астананы орынбордан 

Ақмешітке (Қызылорда) көшіру кеңес үкіметінің шешімі бо-

латын. 1929 жылы, түрксібті салып жатқан кезде, астананы 

Алматыға ауыстырған. Алматы дәл жетпіс жыл республиканың 

бас қаласы қызметін үлкен абыроймен орындап шықты. Дәл 

осында  мемлекеттік  тәуелсіздік  туралы  Декларацияға  қол 

қойылды және бірінші егемендік конституция қабылданды. 

тәуелсіздік  алғаннан  кейін  астана  Алматы  деп  өз  атына 

өзгертілді. 

кезінде Алматы тамаша табиғатымен және апортымен 

даңқы шыққан, одақтас республикалардың астаналарының 

ішіндегі ең әдемілерінің бірі болды. 19 жасымда мен Алматы 

облысынан  теміртауға  ауыстым.  Сол  жерде  менің  жастық 

шағым өтті. Соның өзінде-ақ Ақмола болашағы бар жас қала 

деп есептелді. мұндағы Жастар сарайындай ғимарат ол кезде 

еш жерде болмаған. Қаланы Хрущевоград деп атап, кейіннен 

республиканың  астанасын  осында  ауыстыру  үшін  арнайы 

дайындаған. Ақмола ол кезде тың өлкесінің орталығы бола-

тын. осы жерде айта кету керек, Хрущевтен кейін, орталықтан 

басқа жердің бәрінде, негізгі құрылыс ескі жатаған үйлер мен 

барақтардан құралатын. 

осындай шешім қабылдамас бұрын, мен ұзақ ойландым, 

барлық қадамдарымды есептедім, тарихшылармен, саясат-

танушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдастым, басқа 

елдердегі астаналарын көшіру тарихтарымен таныстым. 

Сонымен,  астананы  ауыстырудың  негізгі  себептерін 

түйіндеуге рұқсат етіңіздер. 

біріншіден,  астананы  ауыстыру  Қазақстанды  геосаяси 

жағынан  күшейтудің  қажеттігінен  туындайды.  Сондықтан 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

438

елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. 

Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп 

отырған  еуразия  құрлығының  орталығы  болып  табылады. 

Қала төрт тарапқа: оңтүстікке, Солтүстікке, батысқа, Шығысқа 

бірдей ашық. 

екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәсе- 

лесі  де  еске  алынды. тәуелсіз  мемлекеттің  астанасы,  мүм-

кіндігінше,  сыртқы  шекараларынан  жырақта  және  елдің 

ортасында орналасуы тиіс. 

Үшіншіден,  астананың  орнын  ауыстыру  Қазақстанның 

экономикасын  сауықтыру  қажеттігінен  де  туындады.  ол 

елдің  экономикасы  үшін  тиімділікті  қамтамасыз  етті.  Шы-

нында, облыстық орталықтар дами бастады, экономиканың, 

құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика 

және машина жасау сияқты салалары аяғынан нық тұрды. 

бұрын-соңды болып көрмеген қарқында тұрғын үй құрылысы 

дамуда. 


төртіншіден,  астананы  аймаққа  қарай  көшіре  отырып, 

құрамы  жағынан  көп  ұлтты  біз,  тұрақты  полиэтникалық 

мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың 

арасындағы достықты сақтау және көбейту бағытын тағы да 

дәлелдедік. 

Әрине,  астананы  әсем  Алматыдан  Ақмолаға  ауыстыру 

шешіміне бару қиын болды. елорданы ауыстыру туралы менің 

идеямды психологиялық жағынан қолдағандар көп болған 

жоқ. тіпті менің жанұямның өзінде де мұны барлықтары «иә» 

дей қойған жоқ. Сөйтіп, барлығын іс жүзінде, таза ақ парақтың 

беттерінен бастауға тиіс болдық.

ж

АңА

 

АстАнА

: «

болА

 

мА



жоҚ

 

пА

Астананы ауыстыруға дайындықтың алдында өткен, 1994 

жылдан басталған төрт жылдың өн бойында, менің астананы 

ауыстыруға байланысты өзімнің көзқарасымда соншалықты 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



439

тіресіп  тұрып  алуымның  себебіне  байланысты,  неше  түрлі 

ғайбат  сөздер  айтылды.  Астананы  ауыстыру  төңірегіндегі 

қызбалық қаулы шыққаннан кейін тіпті өршіді. 

Астананы ауыстыру туралы идеяны «виртуальды саясат», 

немесе бізше айтқанда, «әрі-сәрі саясат» деп атады. ондағы 

айт қысы келгендері, билік елдің әлеуметтік-экономикалық 

шынайы проблемаларын шеше алмай, өздерінің қолдарынан 

ештеңе келмейтіндіктерінің орнын сөз жүзіндегі шешімдермен 

толтыруға әрекеттері дегенге саятын. олар бұл идеяны, билік 

өзінің  халық  алдындағы  күнделікті  міндеттерін  орындауға 

дәрменсіздігінен,  өздеріне  бұрынғыдан  да  қарапайым 

қызметтерді  ойлап  тапқан,  халық  алдындағы  міндеттерін 

«тарих  алдындағы  міндеттерге»  ауыстырған,  «кішкентай 

жеңімпаз соғыс» түрінде көрсеткілері келді.

Астананы  ауыстырудың  уәжі  екі  негізгі  топқа  бөлінді: 

ресми (ашық әрі байқалмаған) және жасырын, бұл туралы 

шенеуніктер айтпаса да, ол баспасөзде талқыланған. 

Ресми  түрдегі  көрсетілген  себептерге,  бірінші  кезекте, 

Алматының  болашағы  жоқтығы,  қаланың  тау  етегіндегі 

қазаншұңқырда  орналасқаны  жатқызылды.  осыған  бай-

ланысты,  ескі  астананың  экологиялық  проблемалары, 

белсенді сейсмикалық аймақтың қауіптілігі, Қытай шекара-

сына жақындығы, оның республиканың басқа аймақтарымен 

қатынасын  қиындататын,  географиялық  тығырыққа  ор-

наласуы  еске  түсірілді.  Сонымен  бірге,  Қазақстанның  сол-

түстік  аймақтарын  дамытудың  қажеттігімен  және  1986 

жылдың, қала алаңында болған студенттер толқуының ауыр 

оқиғаларын еске түсіруден құтылу ниетімен байланысты се-

бептер де айтылды. 

еуразия  мен  Қазақстанның  орталығына,  көлік  маги-

стральдары  қиылысқан  жерге  орналасуына  байланысты 

Ақмоланың пайдасына географиялық және геосаяси түрдегі 

дәлелдер әлдеқайда жиі айтылғанын атап кету қажет. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

440

ішкі  саяси  және  экономикалық  уәж  –  республиканың 

еңбек  күші  артық  шоғырланған  оңтүстік  аудандарының  

ауылдарынан қоныс аударушыларды солтүстікке бағыттап, 

сол арқылы, біріншіден, солтүстік облыстардағы қазақтар-

дың санын көбейту; екіншіден, жұмыссыздықтың мәселесін 

шешу жиі айтылды. 

Астананы  ауыстыру  себептерінің  бірі  ретінде,  мен 

қолдаған, тіл саясатының тұжырымдамасы да біршама ұзақ 

уақыт  тілге  тиек  болды.  мемлекеттік  қызметтің  лауазым-

дарына  байланысты  тізім  жасалған  екен,  ол  бойынша  осы 

қызметтерге  қазақ  тілінен  емтихан  тапсыра  алғандар  ғана 

тағайындалады екен деген алыпқашты сөздер көп болды, бұл 

өз тарапынан қазақ тілін білмейтіндердің уайымын туғызды. 

осыдан келіп, көп ұзамай елдегі басшылық қызметтерін кәсіби 

деңгейлеріне қарамай-ақ, негізінен этникалық қазақтар алады 

екен деген қорытынды жасалынды. Сіздер көріп отырғандай, 

бұл  болжам  ақталмады,  оны  мынадан  көруге  болады. 

мемлекеттік  қызметте  64  ұлттың  өкілдері  жұмыс  істейді. 

олардың  ішінде  орыс  ұлтының  өкілдері  жалпы  мемлекет 

қызметкерлерінің 20%-ын, ал басқа ұлттардың өкілдері жалпы 

мемлекет қызметкерлерінің 10%-ын құрайды. бұл көрсеткіш 

Қазақстанның этникалық құрамына жақын келеді. 

Астананы ауыстырудың себептерін тиімді қылып түсін-

дірудің  және  құрылысқа  ондаған  миллиард  долларды 

жұмсаудың  қажеті  жоқ  дегендер  де  болды.  мұның  бәрі  – 

Назарбаевтың  өзінің  атын  мәңгілікке  қалдырғысы  келген 

өзімшілдігі, «астанадан артық қандай мәңгілік және қандай 

мәнділік болушы еді?» деп сұрады олар өздерінен өздері. 

Алматыда жүргізілген қоғамдық пікірлердің нәтижелері 

де алға тартылды, онда тұрғындардың 62 пайызы Ақмолаға 

көшу дегенді тіпті естігілері де келмеді. бұл идея Алматыдағы 

мемлекеттік  шенеуніктердің  арасында  да  үлкен  құлшыныс 

туғызған жоқ. осыдан келіп кейбіреулер: Ақмолада үкіметтік 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



441

органдардың кәсіби басқарушылық біліктілігінің деңгейі Ал-

матымен салыстырғанда сөзсіз төмендейді деген қорытынды 

жасады. ескі және жаңа астаналардың интеллектуалдық өзара 

жарысында Ақмоланың сөзсіз ұтылатындығы да көрсетілді 

және мұны күнделікті істе пайда болатын мәселелерге жа-

уап  беруге  дәрменсіз,  мемлекеттік  аппараттың  ұтылуымен 

де  байланыстырды.  кішігірім  шенеуніктер  үшін  астананың 

ауыстырылуы олардың өмірлік баламаларының кәдімгідей 

шектелуі және жеке тәуелділіктерінің артуы болып табылады 

деп  сәуегейлік  айтты. мемлекеттік  қызметтің  беделі  түседі 

және өз бетімен еркін ойлайтын адамдар азаяды, бұл өз та-

рапынан қабылданатын мемлекеттік шешімдердің барынша 

тұрпайылануына  алып  келеді,  себебі  мемлекеттік  аппарат 

оларды  жасаушылардың  қосалқы  авторлары  болмайды, 

тек атқарушылары ғана болады деген болжаулар айтылды. 

мемлекеттік  аппарат,  еріксіз,  басшының  саяси  еркін  іске 

асырушыға  дейін  түсіп  кетеді,  мүмкін  тіпті  ол  өз  бетімен 

қандай  болмасын  шешім  қабылдауды  айтпағанның  өзінде 

оның ойлағандарына түсінік беруге шамасы жетпеуі де мүмкін 

деп айтып жүрді. бұл пайымдаулардың аясында, осылардың 

барлығының нәтижесінде бюрократияны әлсірететін жағымды 

факторлар қалыптасады деген болжамдар да болды. 

кең насихаттың болғанына қарамастан, елдің көбіне аста-

наны ауыстырудың себебі жұмбақ күйінде қалды. көптеген 

басылымдарда  ресми  себептер  қабылданған  шешімді 

кәдімгідей түсіндіруге жеткіліксіз деп танылды. Сол күндерде 

«коммерсантъ» газетінде «Персональная столица Президента 

Назарбаева» деген мақала жарияланды, онда «демократия 

болмаған  жағдайда,  ешкімге  түсініксіз,  дәуірлік  жобалар 

пайда  болуы  мүмкін.  ешқандай  да  стратегиялық  ойлау, 

орасан зор қаржыны еңбекақы мен зейнетақыны төлеуден, 

еліміздің азаматтарының басқа да проблемаларын шешуден 

бұрып әкетуді ақтай алмайды» делінген. (Салопов Д. Персо-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

442

нальная  столица  Президента  Назарбаева.  «коммерсантъ». 

28.10.1997 год). 

мемлекеттік  биліктің  әрекетін  толықтай  түсінбеу  оның 

шындығына күмән туғызды. көңілге қонбайтын мақсаттарды 

жасырып  тұрған,  қайдағы  бір  құпия  себептер  бар  шығар 

деген  ой  өзінен-өзі  туды.  Астананы  ауыстырудың  ашық, 

жасырын  себептеріне  қатысты  осы  әуре-сарсаң  ақырында 

1997  жылдың  қарашасының  соңында  «ескі  астанада»  ке-

реметтей жер сілкінісі болады екен деген жорамалға келіп 

ұласты. барлық байқаушылардың пікірінше, осы нұсқа ғана, 

жылы  және  жайлы  Алматыны  тастап  кеткісі  келген  менің 

ниетімді түсіндіруде ең дұрысы және ең қисындысы болып-

ты. осы бастаманы түсіндіруге тырысқан басқа да нұсқалар 

әлгілердің жанында жеңіл-желпі болып шықты. кейін келе біз 

де бұған көндік, себебі ресми айтқандарды қабылдамаған 

жұрт өздерінің көңілдеріне қонатынды ойлап тауып, өздерін 

өздері сендірді. 

Астананы  ауыстырудың  себептері  «неғайбыл  күйінде» 

қалғандай  болды.  Жаңа  астана  туралы  пікірсайыстарда 

ауыстырудың  ресми  себептері  ешқандай  да  дәлелденген 

көзқарастармен бекітілмеді. Қоғамдық санада Ақмоланың 

мүмкін болатын жағымды сапасы «астаналық» белгі ретінде 

қабылданбады, ал Алматының қордаланған мәселелері оның 

астаналық мәртебесін жоққа шығармады. 

Халықтың арасында: қалай болғанда да астананы Ақмо-

лаға – табиғи-климаттық жағдайы күрделі, жаздың күнінің 

өзінде  жан-жағынан  аңызақ  соғып  тұратын,  қыста  қарлы 

борандарымен  басып  қалатын,  өзі  батпақта  тұрған,  сапа-

лы ауызсумен жабдықтайтын көздері жоқ қалаға ауыстыру 

қатерлі деген сөздер айтып жүрді. Экологтардың алдын ала: 

каналдар  салу  онсыз  да  суға  бай  емес  есілді  сарқылтады, 

ал оның су басатын, төмен жатқан сол жағалауында үлкен 

құрылыстарды  жүргізу  бүкіл  аймақтың  нәзік  тепе-теңдігін 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ




1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал