Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет36/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

418

осы бір айтулы оқиғаға қатысу үшін 2006 жылы 18 мау- 

сымда  мен  Ресей  Президенті  Владимир  Путинмен  бірге 

байқоңырға келдім. 

Дәл  кесте  бойынша,  18  маусым,  4  сағат  44  минутта, 

ғарыш айлағының 200-ші алаңынан, бортында Қазақстанның 

бірінші  ғарыштық  жасанды  жер  серігі  бар,  «Протон-к» 

зымыран-ұшырғышы старт берді. Владимир Владимирович 

байқоңырдан ұшатын зымыранның стартын бірінші рет қарап 

тұрды. мұның бір жағынан рәміздік мәні бар еді, себебі – бұл 

бірлескен  ынтымақтастықтың  нәтижесінде  мүмкін  болған, 

«казСаттың» ұшуы болатын. 

баспасөздің күткеніне қарамай, біз сәтті стартқа түсінік-

теме бермедік, өйткені Жердің жасанды серігінің орбитадағы 

негізгі қызметі белгілі бір уақыттардан кейін басталатын еді. 

Сол күнгі сағат 20-да Ақкөлдегі жерден басқару кешеніне 

Жердің жасанды серігінен борттағы ретрансляциялық кешен 

антенналарының  ашылғандығы  туралы  сигнал  келді.  бұл 

ғарыш аппараты жұмысқа дайын деген сөз болатын. Жердің 

жасанды серігін екі ай бойы Ресей мамандары Ақкөлдегі жер-

ден басқару кешенінің біздің қазақстандық қызметкерлерімен 

бірлесіп орбитада сынағаннан кейін барып қана Қазақстан 

«казСатты» пайдалануға алды. 

«казСаттың» 12 белсенді транспондерлері бар, олардың 

төр теуі  тоқтаусыз  телехабарларды  қамтамасыз  етеді  және 

сегіз оқпаны бРтк кu және бРтк 72 мГц. диапазоны жиілі-

гіндегі  тіркелген  байланыстарға  арналған.  Сигналдың 

берілуін жердегі басқару кешені мен Қазақстан аумағында 

Ақкөлде, Астанадан 100 км қа шықтықта орналасқан, бай-

ланыс мониторингі жүйесі және Ресейде оқып келген білікті 

қызметкерлер құрамы қамтамасыз етеді. 

Жердің жасанды серігі өзінің орбитасында Қазақстанның 

бүкіл аумағын, сол сияқты Сібір, еділ бойы аймақтарының 

аумағын спутниктік байланыспен және телеарналар хабар-

ларын таратумен қамтамасыз етеді.


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


419

«КазСат» 92 градус шығыс бойлығының орбитасында 

ұшу конструкторлық сынаудан өтті, содан соң 103 градус 

шығыс  бойлығындағы  орбитаға  ауыстырылды  да,  сол 

жерде жұмыс істеуге кірісті. Бұл орбиталық орын Ресейдің 

резервінде  сақталып  келген  еді.  Кейін  келісім  бойынша, 

2021 жылға дейін Қазақстанның пайдалануына берілді.

байқоңыр  ғарыш  кешені  қызмет  жасаған  жылдардың 

ішінде Қазақстан бірінші рет жалға беру жағдайында қала мен  

ғарыш  айлағының  инфрақұрылымын  дамытуға  қатысады. 

Қазақстан  Республикасының  Премьер-министрі  Даниал 

Ахметов байқоңырға жұмыс сапарымен барып қайтқаннан 

кейін,  байқоңыр  қаласында  ұлттық  білім  беру  орталығын 

салу, Қазақстанның ғарыш ведомствосына арналған біртұтас 

ғимаратты қайта құру, сол сияқты қазақстандық мамандарға  

арнап бірнеше тұрғын үйлер салу туралы шешім қабылданды. 

Қазақстанды индустрияландыру, тұрғын үй құрылысын 

жасау  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жөніндегі  Премьер-

министр  Даниал  Ахметовтың  жасампаз  еңбегін  атап  өткім 

келеді. ол қашанда жұмысқа белсенділігімен және табысқа 

ұмтылуымен  көзге  түседі.  Ғарыш  қызметін  дамытудың 

бағдарламасын іске асыруда, біздің бірінші байланыс жасан-

ды жер серігімізді ұшыруда, «бәйтерек» кешенін салуда ол аз 

күш жұмсаған жоқ. 

Қазақстан  Республикасындағы  Ғарыштық  қызметтерді  

дамыту мемлекеттік бағдарламасында мамандарды дайын-

дауға  және  олардың  біліктігін  көтеруге  басымды  маңыз  

беріледі. Қазірдің өзінде Президенттің «болашақ» бағдарла-

масы  шеңберінде  Ресейдің,  АҚШ-тың,  Ұлыбританияның, 

Францияның, Германияның, Нидерландының және Қытай-

дың  жоғары  оқу  орындарында  ғарыштық  мамандықтар 

бойынша оқыту ұйымдастырылған. Қазіргі кезде ғарыштық 

қызмет көрсету саласында жүзге жуық адам стипендияға ие 

болып отыр. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

420

егер ғарышкерлерді дайындау туралы айтатын болсақ, 

онда ғарышкерлікке үміткер екі қазақстандық ғарышкерлер 

дайындайтын  Ю.А.  Гагарин  атындағы  Ресей  мемлекеттік 

ғылыми-зерттеу  сынақ  орталығында  жалпы  ғарыштық 

дайындықтан өтуді аяқтады, енді ұшу бағдарламасы бойынша 

шешім күтуде. 

Жаһандық  жасанды  жер  серігі  навигациялық  жүйесін 

пайдалану және қолдану мәселесіне байланысты біздің Ресей 

Президентімен  бірлескен  тапсырмамыз  бойынша  біріккен 

Қазақстан-Ресей сарапшылар тобы тыңғылықты жұмыс істеді, 

оның қорытынды материалдары Қазақстан Республикасының 

Үкіметіне тапсырылды. 

бір  сөзбен  айтқанда,  бүгінде  елімізде  ғарыш  қызметін 

дамыту  бойынша  тыңғылықты  және  бағытты  жұмыстар 

жүргізілуде.  Соңғы  екі  жылда  біз  Владимир  Путинмен 

байқоңырда екі рет болып үлгердік. 2005 жылы біз байқоңыр 

ғарыш  кешенінің  50  жылдығына  арналған  салтанатқа 

қатыстық.  байқоңырлықтардың,  Ресей  мен  Қазақстанның 

ғарыш  салаларындағы  құрметті  адамдарының  алдында 

сөйлеген  сөзімде,  мен  байқоңыр  кешенін  жалға  беруді 

2044 жылға дейін ұзарту туралы құжатқа қол қойылғанын, 

ғарыштық  бағдарламаларды  бірлесіп  іске  асыруға,  қазақ-

стандық ғарышкерлерді және ғарыш саласының мамандарын 

дайындауға шешім қабылданғанын еске салдым. Сол жерде 

мен: «Сөйтіп, біз Владимир Владимировичпен бірге байқоңыр 

ғарыш  айлағындағы  біздің  ұрпақтың  өмірін,  бірлескен 

қызметін шештік. мен бұған, принцип ретінде, біздің мәңгілік 

достығымыздың  шын  мәніндегі  орнаған  жері  және  дәлелі 

ретінде қараймын», – дедім. 

менің сөздерім жұртты дүр сілкіндірген қол шапалақтаумен 

қарсы  алынды.  мен  олардың  осыны  түсінгеніне  риза-

мын.  байқоңырлықтар  –  ерекше  халық,  олар  ғарыш 

айлағы Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді халықаралық 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


421

ынтымақтастығының сенімді қолдарында, ал оның болашағы 

екі ел басшыларының тікелей бақылауында екендігіне шын 

жүректен қуанды. 

Жалпы,  кешенді  жалға  бергеннен  кейінгі, байқоңырға 

сол  жолғы  бірінші  баруым  маған  рух  берді.  мен  ғарыш 

айлағында он бір жыл бойы болған жоқ едім, оның әлі де 

сол рухымен күшті екенін көрдім. бейнелеп айтқанда, баяғы 

Алланың нұры түскен сол киелі перзент – байқоңыр – күшті, 

ақылды да, білімді, алдына өмірлік батыл жоспарлар қойған 

бозбалаға айналыпты. 

мейлі, ол ең бір қиын да ауыр сынақтардан өтсе де, со-

лары оған тек қана шыдамдылық, күш пен сенім қосыпты. 

оның ата-анасының бірі ретінде Қазақстан заңды түрде ол 

үшін мақтана алады. 

Өткен жылдардың ішінде, жалпы алғанда айтарлықтай 

жағымды  өзгерістер  Қазақстан  Республикасында  да,  сол 

сияқты  «байқоңыр»  ғарыш  кешенінде  де  болды.  бүгінгі 

Қазақстанның дамыған нарықтық экономикасы бар, қысқа 

мерзімнің ішінде біз табысты реформаны іске асырдық, қазір 

ол еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуде. 

Қазақстан бүгін – әлемдегі ең серпінді дамып отырған 

мемлекеттердің  бірі.  Экономиканы  басқарудың  принципті 

түрде өзгеше жүйесін құру басталды, экономиканы әртарап-

тандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық страте-

гия іске асырылуда, посткеңестік кеңістіктегі ең бір прогресті 

қаржы  жүйесі  жасалды.  бәсекеге  қабілетті  экономикалық 

әлеуеті бар, басыңқы салалары даму үстіндегі экономиканың 

моделіне бағыт ұсталынып отыр. күн тәртібінде Қазақстанды 

одан әрі қарай жаңғырту, демократияландыру, интеграциялау 

және бәсекеге барынша қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына 

өткізу мәселелері тұр. 

Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметін дамыту-

дың міндеттері осы стратегиялық мақсатпен үндесіп жатыр. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

422

еліміздің  экономикалық  өрлеуі  ғарыштық  бағдарламалар-

ды жасауға және оны іске асыруға негіз болды. Қазақстан 

Республикасындағы ғарыштық қызметті дамытудың 2005–

2007 жылдарға арналған бірінші бағдарламасы қабылданып 

іске асырылуда. менің тапсырмам бойынша Қазақстандағы 

ғарыштық  қызметті  дамытудың  2020  жылға  дейінгі  ұзақ 

мерзімді бағдарламасы да жасалып жатыр.



Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта халықаралық 

ғарыш құқығының субъектісі болып табылады. 

1995  жылы  Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  

Ғарыш  кеңістігін  бейбіт  мақсаттарға  пайдалану  тура-

лы  комитетінің  мүшесі  болып  қабылданды.  1997  жылы 

Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғарыш 

бойынша бес негізгі халықаралық келісімшартына қосылды. 

Олар: 

– Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін, Айды және басқа  

да  аспан  денелерін  зерттеу  және  пайдалану  жөніндегі 

қызметтері туралы 1967 жылғы 27 қаңтардағы келісімшарт

–  Ғарышкерлерді  құтқару,  ғарышкерлерді  қайтару 

және  ғарыш  кеңістігіне  жіберілген  нысандарды  қайтару 

туралы 1968 жылғы 22 сәуірдегі келісімшарт

– Ғарыштық нысандардың келтірген нұқсанына халық-

аралық жауапкершілік туралы 1972 жылғы 29 наурыздағы 

конвенция; 

– Ғарыш кеңістігіне жіберілген нысандарды тіркеу ту-

ралы 1975 жылғы 14 қаңтардағы конвенция

– Мемлекеттердің Айдағы және басқадай аспан дене-

леріндегі қызметі туралы 1979 жылғы 18 желтоқсандағы 

келісім.

бүгінде біздің республика дүние жүзінің ғарыштық дер-

жавалары қатарынан өзінің орнын алуға тырысуда. Қазіргі 


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


423

уақытта Қазақстан Республикасының зымыран технологиясын 

бақылау режиміне қосылуы жөнінде рәсімдер іске асырылу-

да. бұл Қазақстан Республикасының халықаралық ғарыштық 

қызметтің толық қатысушысы болуына мүмкіндік береді. 

Соңғы  уақыттарда  дүниежүзілік  ғарыш  индустриясын-

да,  ғарыш  кеңістігін  игеру  және  пайдалану  саласында 

халықаралық  ынтымақтастық  көлемінің  кеңеюімен  және 

ғарыш  кеңістігін  пайдаланумен,  ғарыштық  қызметтердің 

жаһандануымен  және  коммерциялануымен  байланысты 

үлкен өзгерістер болды. 

көптеген  мемлекеттер,  оның  ішінде  Қазақстан  да,  ға-

рыштағы  геосаяси  мүдделердің  маңыздылығын  түсінуге 

жетті, соның себебінен ғарыш кеңістігін игеру және пайдалану 

бүгінде ұлттық саясаттың басым жақтарының біріне айналып 

отыр. 


Ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану рөлі біздің 

мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеу-

меттік дамуында үнемі арта түсуде. 

2006 жылы қазанның басында біз республикада бірінші 

қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуының 15 жылдығын кеңінен 

атап өттік. білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 

Астанада  өткен  «Қазақстан  Республикасындағы  ғарыштық 

қызмет  дамуының  қорытындылары  мен  болашағы»  деген 

тақырыптағы  халықаралық  форум  осы  оқиғаға  арналды. 

Форумға  Ресей  Федералдық  ғарыш  агенттігінің,  Ресей 

ғарышкерлерді  дайындау  орталығының,  Ресей  «Энергия» 

ғарыш корпорациясының, Ресейдегі ұшақ жасайтын «миГ» 

корпорациясының,  Жуковский  атындағы  Ресей  жоғарғы 

әскери-инженерлік  академиясының,  «байқоңыр»  ғарыш 

кешенінің  делегациялары,  Австриядан  келген  қонақтар, 

Қазақстан  ғалымдары,  республиканың  ғарыштық  ведом-

стволары мен ұйымдарының өкілдері, бір сөзбен айтқанда, 

Қазақстанның  бірінші  ұлттық  ғарыштық  бағдарламасын 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

424

жасауға  және  іске  асыруға  кімнің  қатысы  болса,  солар 

түгелдей қатысты. 

бұл кездесу, шын мәнінде, Қазақстанның ғарышқа қарай 

жолын салғандарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың 

белгісі болды. 

біздің  бәрімізге,  Жер  планетасының  тұрғындарына,  

1961  жылғы  12  сәуір  адамзаттың  ғарышқа  бұзып-жарып 

шыққан күні ретінде есте қалады, сондықтан да оны авиация 

мен  ғарышкерліктің  Дүниежүзілік  күні  деп  тегін  атамаған. 

егеменді Қазақстанның күн тізбесінде, ғарыштық ұшуларға 

қатысушы, көптеген басқа елдердікі сияқты, ғарышкерліктің 

ұлттық күні жоқ. бірақ жоғарыда аталған күн, мемлекет өзінің 

азаматын бірінші рет ғарышқа аттандырған тарихи күн елдің 

ғарыштық жылнамасының бастамасына айналады. 

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы Қазақстан ғарышкерлігі-

нің тарихынан басталады, бұл – айшықты белгі. 

Қазақстанның ғарышты игерудегі 15 жылда жүріп өткен 

қадамдары,  Жерді  айналдыра  тартқан  ғарыш  орамдары 

сияқты. біздің еліміздің алдында Жердің бетінен әрі де жатқан 

жаңа  биіктер  тұр,  оның  тең  ортасында  –  тамыры  тереңге 

жайылған бәйтерек – Қазақстанның ғарыштық діңгегі тұр.



ЖАҢА ДӘУІРДІҢ 

ЖАҢА АСТАНАСЫ



9-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

426

мойындауым керек, поэзияға аса мықты емеспін, бірақ, 

елорданы  Алматыдан  Астанаға  көшіру  үрдісі  барысын-

да,  менің  ойымнан  үнемі  олжас  Сүлейменов  өлеңдерінің: 

«Даланың даңқын асқақтат, таулардың сағын сындырмай», – 

деген бір жолдары ойымнан шықпай-ақ қойды. мен үшін осы 

сөздердің мағынасы мүлде өзгеріп кеткен сияқты көрінді. Атап 

айтқанда, Алатаудың бауырындағы тамаша қаланы сақтай 

отырып (көбіне және осы үшін), сонымен бірге, Сарыарқаның 

төсінде жаңа астананы салу сияқты өзіміздің алдымызға өте 

күрделі міндет қойдық. 

Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ер-

теректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол 

кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның 

экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді. 

Ал қазір мен, Астананың көшелерінен өтіп бара жатып, 

оған сүйсіне қараймын. көптеген астаналықтар сияқты, мені 

де  бұл  жерде,  ештеңемен  шатастырып  алмайтындай,  өз 

үйімді  тапқандай  айтып  жеткізуге  болмайтын  сезім  баура-

ды. кісі оны басқа еш нәрсемен шатастырып алмайды ғой. 

бұл қуаныш пен тылсым тыныштықты қатар сезіну болатын. 

тіпті көше шамдарының өзі саған нұр шашқандай, ал ағаш 

жапырақтары сенің басыңнан сипағандай сезімге оранасың. 

білсеңіздер, маған осы ғимараттардың тұрғызылу қарқыны 

бір  түрлі  баяу  сияқты  көрінеді  де  тұрады.  Ал  құрылыстың 

мерзімі шындығында кімді болса да таң қалдырғандай. кеше 

ғана осы жер желі азынаған қу дала сияқты еді ғой! ол кезде 

қала әлі Ақмола атанатын. 

1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық 

болып  сайлағаннан  кейін,  мен  Ақмолаға  келдім.  есілден 

көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге 

қарадым. маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, 

қашанда сол ұнайтын. 

Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. 

мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның  


Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



427

бойында Қызылорда, тобылдың бойында Қостанай, ертістің 

бойында Семей мен кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама 

астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург 

– Невада, мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, лон-

дон – темзада тұр. оның үстіне, Ақмола Қазақстан мен бүкіл 

еуразияның орталығына орналасқан. 

Әрине, жаңа астананы армандау бар да, оны іске асыру 

бар ғой, екеуі – екі түрлі нәрсе. Ал іске асыру жағы мүлде 

болмайтындай  көрінетін,  ол  үшін  тек  қана  өзіңе  және  бір 

кереметке ғана сену керек сияқты. 

біздің жас елорданың негізінің қалануы мен қалыптасуы-

ның егжей-тегжейлі менің «еуразия жүрегінде» атты кітабым-

да жазылған, ал мұнда сол көшіру тарихының өзін, тәуелсіз 

Қазақстанның қалыптасуында жаңа астананың қаншалықты 

рөл атқаратынын мән-мағынасын ашып бергім келді. 

ел дамуының жаңа кезеңінде жаңа астана, Қазақстан ұлтын 

біріктіретін еліміздің бас қаласы ғана болып қалмауы керек. Аста-

на қарқыны қауырт экономикалық белсенділікті қамтамасыз 

ете  отырып,  болашақта  бүкіл  еуразияның  экономикалық 

мегаполистерінің біріне айналуы тиіс. осы факторларға сүйене  

отырып,  барлық  жол  тораптарының  тоғысатын  жеріндегі 

астананың орнын анықтауымыз керек болды. Сонымен бірге 

соған  таяу  маңға  өнеркәсіп  орындарын  орналастыру  және 

оларға қажетті білікті мамандардың болуы да естен шыққан 

жоқ.  елордасы  болуы  үшін  осы  айтылған  өлшемдер  мен 

белгілерге осы белдіктегі қалалардың ішінде бірден-бір сай 

келетіні Ақмола болып шықты. 

Иен далаға осы заманғы қаланы салу мүмкін емес, бұл 

өлкені көтеру, тек кеңестік кезеңде, тың көтерумен ғана бай-

ланысты болды деген сөздерді мен талай рет естідім. 

бірақ та қазіргі Астана тұрған жер – ықылым заманнан 

адам қоныс қылған өңір. ежелгі және қазіргі зерттеушілердің 

еңбектерін мұқият оқып қарасақ, Ақмола жерінің қашанда 

әртүрлі  тайпалар  мен  мәдениеттердің  бір-біріне  өзара  


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

428

ықпал  жасағанын,  ауыс-түйісі  мол  болғанын  көреміз.  Со-

нау, біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың 

ортасында, осы сайын даланың төсін басып, әйгілі қырдың 

жолы өткен. Соның жайы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың 

еңбектерінде айтылады. 

1998 жылы археологтар қазіргі Астанадан бес шақырым 

жерден  ортағасырлық  қала  –  бозоқтың  орнын  тапты.  Дәл 

қазіргі Астана тұрған аумақ арқылы XVI ғасырда Сібір – орта 

Азия керуен жолы өткен. бозоқ Қыпшақ хандығының астанасы 

болған. 

Ақмола  тарихындағы  екінші  көтерілу  дәуірі  кеңестік 

кезеңмен байланысты. Өзінің қолайлы географиялық жағда-

йының  арқасында,  кеңес  өкіметі  жылдарында,  Ақмола 

жерінде, қаланы одақтың темір жол жүйесіне қосқан және 

көлік ағынына ілестіріп әкеткен темір жол магистральдары са-

лынды. бұл, өз тарапынан, өнеркәсіптің әртүрлі салаларының 

кең дамуына және Ақмоланың ірі көлік торабына айналуына 

алып келді. 

Ұлы отан соғысы жылдарында Ақмола одақтың тек қана 

экономикалық қана емес, сондай-ақ әскери-көлік торабы да 

болды. бұл жерде бір атты әскер және үш атқыштар дивизиясы 

жасақталды. мұнда елдің майдан шебіндегі аумақтарынан 

өнеркәсіп орындары мен тұрғындары көшіріп әкелінді. осы 

жерге мыңдаған жаралыларды емдеген көшпелі госпитальдар 

орналастырылды. 

Экономиканың  барлық  салаларының  дамуына  жаңа 

тынысты «тың дастаны» дарытты. 1950–1960 жылдары қа-

лада машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібінің, 

энергетиканың,  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібінің,  көлік 

қатынасының,  байланыстың  және  телекоммуникацияның 

кәсіпорындары  жұмыс  істей  бастады.  Ауыл  шаруашылық, 

педагогикалық, медициналық және инженерлік-құрылыс ин-

ституттары, бірқатар техникумдар мен училищелер ашылды. 



Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ



429

1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып 

өзгертілді  және  ол  республиканың  бірнеше  ірі  облыстары 

кірген тың өлкесінің орталығына айналды. Сол уақыттарда-ақ 

Никита Хрущев басқарған одақтың басшылығы Қазақстанның 

астанасын  Целиноградқа  көшіру  туралы  кәдімгідей  әңгіме 

көтере бастаған. 

одақ ыдырағаннан кейін, республикалар өз мемлекеттігін, 

өз тарихын өздері жасауға құқық алды. Қазақстан орталығын, 

қазір  Астанаға  айналған  Целиноградқа  көшіру,  Қазақстан 

мемлекеттілігі  дамуының  өзінше  бір  жаңа  кезеңі  болды. 

Астанаға айналғаннан кейін, қала өз тарихының үшінші дәуірін 

бастады. мен осы тарауда осы дәуірдің қалай басталғанын 

айтпақпын.



Қ

АзАҚстАнның

 

АстАнАсын

 

Ауыстыру

 

турАлы

 

шешімнің

 

ҚАбылдАнуы

орталықты  ауыстыру  туралы  ойды  жұртқа  жарияла-

мас  бұрын,  мен  Парламентпен  келіссөз  жүргіздім,  оларға 

сөйлейтін  өз  сөзімнің  жобасын  бердім.  Ал  бұған  жауап 

ретінде:  «оған  Алматының  несі  ұнамай  қалыпты? одан  да 

жалақы мен зейнетақыны уақытында берсін де!» деген шым-

шыма сөздерді жиі естідім. 

1994 жылы 6 шілдеде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы 

кеңесі сессиясының пленарлық мәжілісінде сөйлеген сөзімде 

парламент  мүшелерінің  талқысына  астананы  ауыстыру 

идеясын  ұсындым.  Қазақстан  астанасын  ауыстыруды  мен 

Алматының не экономикалық, не геосаяси жағынан тәуелсіз 

мемлекеттің астанасы ретіндегі талаптарға қазірдің өзінде-ақ 

жауап бермейтіндігімен дәлелдедім. тұрғын саны біржарым 

миллиондық көрсеткішке жақындап қалған оның аумақтық 

тепе-теңдікпен  орналасу  кеңістігі  жағынан  келешегі  тым 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

430

шектеулі еді. Алматының аумағын кеңейту қажет еді, бірақ 

құрылыстардың тығыз орналасуынан және бос жерлердің аз 

болуынан қаланы кеңейтуге мүмкіндік жоқ еді. 

Сонымен  қатар,  жоғары  сейсмикалыққа  байланыс-

ты  Алматыдағы  жаңа  құрылыстар,  Қазақстанның  басқа 

қалаларындағы құрылыстармен салыстырғанда, әлдеқайда 

қымбатқа  түсер  еді.  бізге,  бұрын  қажеттігі  болмаған,  еге-

мен мемлекет ретінде енді қажет болатын, жаңа: Қазақстан 

Республикасының Парламенті үшін ғимараттар кешені, Сыртқы 

істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, банктерге және 

басқадай  ұйымдарға,  оның  ішінде  шетел  мемлекеттерінің 

елшіліктеріне ғимараттар салу керек еді. 

Сөз  жоқ,  Алматы  –  еліміздің  сұлу  қаласы.  оған  ерек- 

ше  сұлулықты  Алатаудың  жоталары  мен  шыңдары-ақ 

беріп тұрады. менің өзім Алматыға таяу жерде туып-өстім, 

сондықтан  бұл  қаланы  мен  жақсы  көремін.  бірақ  елдің 

мүддесі  мен  объективті  факторлар  жеке  басқа  қатысты 

жағдайлардан әлдеқайда жоғары тұрды. Алматының аста-

на ретінде, шынында да, өзіндік кемшіліктері бар еді және 

оларды жою мүмкін емес болатын. мысалы, жылдан-жылға 

қаланың экологиялық жағдайы асқына берді. Атмосфераның, 

әсіресе  қыс  айларындағы  былғанышы  жағынан,  бұрынғы 

астана  Қазақстан  қалаларының  арасында  бірінші  орында 

тұрады.  оның  көшелері  және  ауасы  жүз  елу  мыңға  жуық 

көлік құралдарының сапырылысына әрең дегенде төтеп беріп  

тұрды. Қаланың сыртында, жиі түсетін тұманның аумағында 

орналасқан әуежай әуе байланысына жиі-жиі кідіріс туғызды. 

Халықтың  тығыздығы  бойынша  солтүстік  облыстар, 

оңтүстік  облыстармен  салыстырғанда,  әлдеқайда  кең  ты-

нысты.  миграциялық  қозғалыстарды  Қазақстанның  басқа 

аймақтарына  қарай  бұру  экономикалық  және  әлеуметтік 

жағынан тиімді болатын. Жаңа астананың үлкен перспекти-

валары бар өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасуы және 

оған толып жатқан шектеулер болмауы керек болды. 


Ж

АҢА ДӘУІРДІҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ




1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал