Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет35/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

407

«байқоңыр»  кешені  бойынша  қазақстандық-ресейлік 

келісімшарт негізінің өзіндік ерекшелігі бар. Қол қойылып, жа-

салынып жатқан жаңа келісімдер тек бірлескен ғарышкерлік 

қызметті ғана қамтып қоймайды, ең бастысы – Ресей Феде-

рациясы  жалға  алу  жағдайындағы  «байқоңыр»  кешенінің 

жан-жақты  тіршілік  әрекетін  де  қамтиды.  Сонымен  бірге 

«байқоңыр» кешені дегенде, «байқоңыр» ғарыш айлағындағы 

сынақтық, технологиялық, ғылыми, өндірістік-техникалық, 

әлеуметтік және қамсыздандыру нысандары және әлеуметтік 

құқықтары  тиісті  екіжақты  келісімдердің  араласуымен 

реттелетін, тек Ресей азаматтары ғана емес, Қазақстан Респуб-

ликасының  азаматтары  да  тұратын  байқоңыр  қаласы  деп 

түсінуіміз керек-ті. 

байқоңыр жөнінде негізгі әріптесімізбен арадағы қаты-

настарды орнықтырған келесі нақты қадам Қазақстан Рес-

публикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 

арасындағы келісім болды, соның негізінде 1994 жылы 10 

желтоқсанда «байқоңыр» ғарыш кешенін одан әрі он жылға 

ұзартуға  болатын,  жиырма  жыл  мерзімге  жалдау  туралы 

келісімшартқа қол қойылды. бұл құжаттың кіріспесінде екі жақ 

екі мемлекетті мүддесі үшін ғарыштық зерттеулердің одан әрі 

жалғастырылуын қамтамасыз етуге екі жақтың да ниеті бар 

екендігін айта отырып, осы қадамның Ресей мен Қазақстан 

үшін тарихи маңызы бар екенін атап көрсетті. 

Ғарыш  айлағын  пайдалану  үшін  төленетін  жалақысы 

115 млн АҚШ долларына тең болды. екі жақтың жұмысын 

реттеп  отыратын  орган  болып,  Қазақстан  Республикасы 

және Ресей Федерациясы арасындағы Өзара ынтымақтастық 

жөніндегі  үкіметаралық  комиссияның  қарамағында  бола- 

тын «байқоңыр» кешені жөніндегі комиссия көрсетілді. 

мен байқоңырдың күрделі тағдыры туралы жиі ойлана-

мын. мұнда ғарыштық биіктіктер мен жер үстінің проблема-

лары ұштасып жататын, ол ешқашан екі жақтың ешқайсысына 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

408

ешбір  жаққа  басымдылық  бергізбей,  мемлекетаралық 

мақсаттардың тең ортасында тұрды. Ұлы  одақтың осы бір 

қолтума жұрағаты Қазақстан мен Ресейдің ортақ, бірақ шөре-

шөре емес, сүйікті перзентіне айналды, ол өзіне кім ыстық, кім 

жақын деп еш уақытта ойламайды. 

бұған тек уақыттың өзі ғана бас төреші бола алады. біздің 

бірінші қазақ ғарышкері ұшқан сәттен бергі өткен он бес жыл 

және жалға беру туралы келісімшартқа қол қойылғаннан бергі 

он екі жыл бұл шешімнің дұрыс екендігін тағы да дәлелдеп 

отыр. 

осы жылдары Ресей өзінің негізгі ғарыш бағдарламасын 



орындау үшін басты старт алаңын сақтап, қайта жарақтан-

дырды. 


Қазақстан, ресейліктермен тығыз ынтымақтастықтың ар-

қасында, екі ғарышкердің – ғарышта бірінші ұлттық ғылыми 

бағдарламаны  орындаған  тоқтар  Әубәкіровтың  және 

Қазақстан Республикасының мүддесінде ғарыштық сапарда 

үш  рет  болып,  орбитаға  шығудың  ардагері  атанған  талғат 

мұсабаевтың ұшуын қамтамасыз етті. 

Қазақстанның  ғарыштағы  жетістіктері  туралы  айтатын 

болсақ, Ресейдің батыры және Қазақстанның Халық батыры, 

екі елдің ұшқыш-ғарышкері талғат мұсабаевтың рөлін ерекше 

атап өткім келеді. оның ғарышкер болып қалыптасу тарихы 

байқоңырдың тарихын таң қаларлықтай етіп қайталайды. Өзі 

қазақ – ол ғарыштағы жұмыстарды жалғастыру үшін, Ресей 

азаматтығын алды. 1994 жылғы бірінші ұшуынан кейін, ор-

битада бортинженер ретінде жарты жылдық вахтада болған 

талғат  мұсабаевқа  Юрий  маленченкомен  бірге  Ресейдің 

жоғары наградасы тапсырылды. екінші рет ұшуға дайында-

лу  қарсаңында  ол  менімен  ақылдасты.  талғат  экипаждың 

командирі болып ұшқысы келді, бірақ ол үшін «Ғарыш тура-

лы» Ресей Федерациясының Заңына сәйкес, оған Ресейдің 

азаматтығын алу керек болды. 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


409

оның  бірінші  ұшу  сапары  кезінде  жүргізген  ғылыми 

экспериментті әрі қарай жалғастыруды қажет етті. 

Дәлел аз емес еді, бірақ азаматтықтың этикалық жағы 

қатты ойландырды. мен оның күдігін сейілттім: «Сен бұрын да 

қазақ болатынсың, қазір де қазақсың, Қазақстанның ғарыш 

бағдарламасын орындау үшін саған бұл шартқа баруың ке-

рек» дедім. бір емес, үш рет ұшу сапарларының барысында  

т. мұсабаев өзінің батылдығы мен ерлігін көрсетті. т. мұса-

баев 1998 жылғы екінші ұшу сапарында төтенше жағдайда 

«мир» орбиталық стансасын шын мәнінде құтқарып қалды 

дегенді  естігенде,  мен  таң  қалған  жоқпын.  2001  жылы 

орбитаға ғарыштық бірінші турист, американдық миллионер 

Деннис  титоны  «апарып  келу»  тікелей  соған  тапсырылған 

болатын.  екі  елдің  ғарыш  бағдарламаларын  орындаудан 

басқа, талғат мүмкіндігі бола қалған жағдайда Қазақстанға 

көңіл  бөлуге  үлгіретін.  оның  халықаралық  «Азия  дауысы» 

фестивалін құттықтауы, ұлы Абайдың өлеңін ғарышта жүріп 

айтуы,  Қазақстанның  жаңа  астанасы  –  Астананың  тұсау-

кесеріне қатысуы – соның көрінісі. 

Қазақ тілінде ғарыштан лебіз есту адамның жан дүние-

сін  қалай  тебіренткенін  қаланың  халқы  әлі  де  ұмытпаған 

шығар,  сірә.  орбитадағы  бірінші  жалау,  мұсылмандардың 

ғарыш нұрымен қасиеттелген Құраны, қазақ жерінің бір уыс 

топырағы – осының бәрі талғаттың атымен байланысты еді. 

Ғарышқа ұшу барысында да және орбитадағы жұмыстары 

аяқталғаннан кейін де, ол қашанда өзінің орнын қажетті жер-

ден тауып отырды. 

міне қазір де, белсенді ұшу қызметін аяқтағаннан кейін, 

ол бірлескен Ресей-Қазақстан «бәйтерек» кәсіпорнының бас-

шысы қызметінде жүріп, жаңа зымырандық ғарыш кешенін 

құру  жөнінде  жауапты  міндеттерді  атқаруда.  Жауапкерлігі 

үлкен осы қызметке тағайындағанда тағы да мұсабаевтың 

ресейлік-қазақстандық болмысы ескерілді. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

410

ізбасарлар туралы ойланудың керектігін жұрттың бәріне 

жариялап айтқан да сол болатын. 1997 жылы мұсабаев маған 

Қазақстан  Республикасының  ғарышкерлігіне  үміткерлерді 

дайындау  мәселесінің  созылып  бара  жатқандығы  туралы 

баяндамамен келді. 

осыдан кейін сұрыптаумен айналысатын жұмысшы тобы 

құрылды. 800 адамның ішінен медициналық комиссиядан 

тек  төртеуі  ғана  өтті,  ал  мәскеудегі  негізгі  медициналық 

комиссияның  талаптарына  мұхтар  Аймаханов  пен  Айдын 

Айымбетов қана сәйкес келді, олар осыдан кейін Жұлдызды 

қалашыққа дайындықтан өтуге жіберілді.



Т.  Мұсабаев  «Союз  ТМ-19»  Ғарыш  кешеніне  бірінші 

ғарыштық ұшу сапарын 1994 жылы 1 шілдеде жүзеге асыр-

ды, бортинженер ретінде Ю. Маленченкомен және В. По-

ляковпен бірге орбитада 126 сағат жұмыс жасады. Жалпы 

ұзақтығы 11 сағат 07 минутқа созылған уақыт бойы екі рет 

ашық ғарышқа шығуды іске асырды. 

29 қаңтар – 25 тамыз 1998 жыл – Н. Бударинмен және  

Л. Эйартицпен (Франция, 1998 ж. 19 ақпанға дейін), сол 

сияқты  Э.  Томаспен  (АҚШ,  1998  ж.  8  маусымға  дейін) 

«Союз ТМ-27» Ғарыш кешені және «Мир» орбиталық кешені 

командирі ретінде екінші рет ғарышқа ұшты. Ұшу барысын-

да жалпы ұзақтығы 30 сағат 08 минутқа созылған уақытта  

5 рет ашық ғарышқа шығуды іске асырды. Ұшудың ұзақтығы 

207,5 тәулік болды. 

2001  жылғы  28  сәуірден  6  мамырға  дейін  –  «Союз 

ТМ-32» Ғарыш кешені командирі ретінде Ю. Батуринмен 

(бортинженері) және бірінші ғарыш турисі, АҚШ азаматы 

Деннис Титомен бірге үшінші рет ұшуды іске асырды.

Әңгіменің  хронологиясына  қайтып  орала  отырып, 

1995 жылды еске түсіремін. мемлекетаралық келісімдерге 


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


411

сәйкес,  ленинскі  қаласының  мәртебесі  өзгерген.  Қазір  ол, 

бұрынғыша, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық 

бөлшегі болып табылады, бірақ жалға беру уақытына сәйкес, 

Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қалалары 

қатарлы мәртебеге ие. бұл қаланың Ресей Федерациясының 

құзырына  жататынын,  қаржыландыру  көздері  де  Ресейдікі 

екендігін көрсетеді. ленинскі қаласында тұратын Қазақстан 

азаматтарының конституциялық құқықтарын Қазақстан Рес-

публикасы Президентінің «байқоңыр» ғарыш айлағындағы ар-

найы өкілі қорғайды. менің шешіміммен 1995 жылы қаңтарда 

осы  қызметке  байқоңырдың  ардагері,  ғарыш  айлағының 

құрылысшысы ерғазы Нұрғалиев тағайындалды. 

біртіндеп  қала  мен  ғарыш  айлағының  тіршілік  тынысы 

қалпына келе бастады. 1995 жылы  байқоңыр тұрғындары 

маған ленинскі қаласын байқоңыр деп атау туралы ұсыныспен 

шықты және жылдың соңына қарай бұл шешім қабылданды, 

қала өзінің қазақша байқоңыр деген байырғы атын алды.



Ғарыш айлағымен бірге, 1955 жылы 5 мамырда сы-

наушылар поселкесінің құрылысы басталды, ол бас кезінде 

«Заря» поселкесі деп аталды да, кейіннен, саяси ахуалға 

байланысты, атын талай рет өзгертіп, Ташкент-90, Төретам 

поселкесі, Ленинск, Звездоград поселкесі, Ленинскі қаласы 

(21  маусым  1966  жыл)  және,  ақырында,  1995  жылы  

20 желтоқсанда бүгінгі, дүние жүзіне белгілі – Байқоңыр де-

ген атқа ие болды. Бүгінгі Байқоңыр – заңды түрде шөлдегі 

жазира деп атауға тұратын, осы заманғы әлеуметтік-мәдени 

және  әкімшілік  орталық.  Қаланың  инфрақұрылымында 

1200-дей  нысандар  мен  ғимараттар  бар,  тұрғын  қоры 

жалпы  көлемі  миллион  шаршы  метрден  артық  көп 

қабатты  367  үйден  тұрады.  Қалада  жалпы  білім  беретін  

13  мектеп,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған  

9  мекеме,  Мәскеу  авиация  институтының  филиалы, 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

412

электрорадиотехника  техникумы,  медицина  училищесі, 

кәсіптік-техникалық  училище  бар.  Байқоңыр  қаласының 

халқы – 80 мыңға жуық. Байқоңырлықтар жылына Ресей 

мен Қазақстанның 16 мерекесін атап өтеді.

бүгінде  байқоңыр  қаласында  Ресей  құрылымдарымен 

қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заң құзыретін 

және  байқоңыр  тұрғындарының  тең  жартысынан  аста-

мын  құрайтын  Қазақстан  азаматтарының  конституциялық 

құқықтарын қамтамасыз ететін қазақстандық басқару орган-

дары қызмет жасайды. 

Қаладағы  ресейлік  кәсіпорындар  мен  мекемелерде 

Қазақстан  Республикасының  жеті  мыңнан  астам  азаматта-

ры жұмыс істейді. Өткен он екі жылда байқоңырдағы қазақ 

тілінде  сабақ  жүргізетін  мектептердің  саны  бірден  алтыға  

дейін  көбейді,  яғни  қаладағы  мектеп  үлгісіндегі  оқу 

орындарының тең жартысын құрайды. 

Жалға берудің тағы бір шарты ғарыш саласында жұмыс 

істеу  үшін  қазақстандық  мамандарды  дайындау  бола-

тын,  бұл  мәселеге  қазір  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Соңғы  бес 

жылдың  ішінде  мәскеу  авиация  институтының  байқоңыр 

қаласындағы  филиалын  Қазақстан  Республикасы  білім 

министрлігінің  квотасына  сәйкес  ғарыш  мамандықтары 

бойынша жүзден астам адам ойдағыдай бітіріп шықты. 2006 

жылы,  министрліктің  күш  салуымен,  мемлекеттің  есебінен 

оқитын  студенттердің  саны  100  адамға  дейін  көбейтілді. 

байқоңыр  электрорадиотехника-байланыс  техникумының 

қырық  жылдық  тарихында  Қазақстан  Республикасының 

жүздеген азаматтары байқоңырда өз білімдеріне қолданыс 

тапты.


Бүгінгі  күні  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағы  –  техникаға 

қа ныққан ғылыми-техникалық кешен. Ғарыш айлағының 

жердегі  инфрақұрылымында,  ғарыш  аппараттарын,  зы-

Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


413

мыран жеткізгіштерді және жылдамдықты үдету блоктарын 

жинауға және сынауға арналған 11 монтаждаушы-сынақ 

корпустары, 9 старттық кешен (14 ұшырғыш қондырғы),  

8  шахталық  ұшырғыш  қондырғы,  ғарыш  аппараттарына  

және жылдамдықты үдету блоктарына отын компоненттерін 

және  сығымдалған  газды  құятын  4  құйғышбейтарап-

тандырғыш стансалар, 2 аэродром, есептеу орталығы құра-

мындағы өлшеу кешені және 5 өлшеу пункті бар. 

Сонымен  бірге,  Байқоңырдың  инфрақұрылымына  

360 км жылу тораптары жүйесі, 470 км темір жол, 1200 

км астам автомобиль жолдары және 2500 км байланыс 

жүйесі кіреді. 

Байқоңырда  13  ракета-ғарыш  техникасын  пайдала-

ну  мен  сынақ  орталықтары  құрылып,  қызмет  жасауда. 

Ғарыш айлағын құрған жылдардан бері 2500 ғарыштық 

және  әскери  мақсаттағы  зымырандар,  3000-нан  астам 

ғарыш  аппараттары  мен  жер  серіктері  ұшырылды, 

ғарыштық орбитаға 150-ден астам ресейлік және шетелдік 

ғарышкерлер көтерілді. 

Қазіргі «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы айтқанда, 

оның бес түрлі зымыран-жеткізгіштерді ұшыруға мүмкіндігі 

бар екендігін атаған жөн. Қазіргі кезде жеңіл («Циклон-2»), 

орташа  («Протон-К»)  және  аса  ауыр  («Энергия») 

кластарындағы 15 ұшырғыш қондырғысы бар зымыран-

жеткізгіштерден тұратын 9 старттық кешені, зымырандар 

мен ғарыш аппараттарын дайын дау 34 техникалық кешен 

пайдаланылуда.

Қазақстандағы ғарыш қызметінің даму барысын жалпы 

сараптай отыра, оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. 

бірінші кезең 1991–1994 жылдарды қамтиды, ол ашық 

ұлттық  сипатта  болды:  екі  қазақ  ғарышкері  ұшты,  Қазақ-

станның бірінші ғарыш бағдарламасын іске асыру басталды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

414

екінші кезең, ғарыш кешенінің экономикалық және саяси 

жағдайымен  тығыз  байланыстағы,  1994–2004  жылдарды 

қамтитын соңғы он жылдағы нормативтік-базалық кезең. бұл 

кезеңде  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы 

арасында  «байқоңыр»  кешенін  жалға  беру  жағдайындағы 

ғарыштық және әлеуметтік-құқықтық қызметтерді реттейтін, 

30-дан астам халықаралық келісімшарттар мен келісімдер 

жасалынды. 

Үшінші кезең 2005 жылдан басталды. бұл кезеңді мен 

Қазақстанның іс жүзіндегі ғарыш қызметінің белсенді даму 

кезеңі деп атар едім. ол туралы мен тереңірек айтқым келеді, 

себебі ол осы саладағы біздің болашағымызды қамтиды.

«б

әйтерек

» – Қ

АзАҚстАнның

 

ғАрыштыҚ

 

діңгегі

2004 жылы қаңтарда Астанада, Ресей Президенті Вла-

димир Путиннің Қазақстанға келген ресми сапары кезінде, 

байқоңыр  ғарыш  айлағын  пайдаланудың  мерзімін  2050 

жылға  дейін  ұзарту  туралы  келісімге  қол  қойдық,  бұл  екі 

жақтың ұзақ мерзімді ғарыш бағдарламасын білдіреді. Ал 

дәл бір жылдан кейін, 2005 жылы 25 қаңтарда, мен өзімнің 

Жарлығыммен  Қазақстан  Республикасының  ғарыштық 

қызметінің  2005–2007  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

даму бағдарламасын бекіттім. осыған сәйкес, экологиялық 

қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөнінде жоғары 

талап  қоятын  зымырандық-ғарыштық  кешеннің  құрылысы 

бойынша біріккен «бәйтерек» Ресей-Қазақстан жобасын іске 

асыру басталды. 

Қазіргі кезге дейін техникалық және старттық кешендерді 

құрудың  жұмыс  кестелерінің,  сол  сияқты  «бәйтерек» 

зымырандық-ғарыштық кешенінің құрылыстарын, техникалық 

жүйесін  және  технологиялық  құрал-жабдықтарын  жасау 

кестесінің жобалары жасалынды. 


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


415

«байқоңыр»  ракеталық-ғарыштық  кешені  салынатын 

«бай қоңыр» ғарыш айлағының 200-ші алаңында инженерлік-

іздестіру жұмыстары, сол сияқты жалға беруден шығарылатын 

және біріккен кәсіпорынға берілетін ПУ №40 құрылысының 

тізімін  анықтау  жөніндегі  жұмыстар  аяқталды.  Жобаны 

іске  асыруға  қатысып  отырған  Ресейдің  бас  ұйымдарымен 

келісімшарттарды істелетін жұмыстар көлемінің тізіміне сәйкес 

келісу жұмыстары одан әрі жалғастырылуда.

Біріккен  «Бәйтерек»  Қазақстан-Ресей  кәсіпорны 

«Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылымы 

нысандарының  базасы  негізінде  экологиялық  жағынан 

қауіпсіз жаңа «Бәйтерек» зымырандық-ғарыштық кешенін 

жасау  және  одан  әрі  ғарыштық  кешенін  коммерциялық 

ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды орындау, сол 

сияқты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 

ұлттық ғарыштық бағдарламаларын іске асыру, мақсатында 

құрылған. 

Осы инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде, 

Қазақстан  Республикасы  өзінің  ұлттық  аэроғарыштық 

өнеркәсібін және ғарыштық бағдарламаларын дамытуға, 

барлық халықаралық стандартқа және жаңа жұмыс орын-

дарын  жасауға  жауап  беретін,  перспективасы  жоғары, 

экологиялық жағынан таза зымырандық-ғарыштық техни-

каны пайдалануға қолайлы мүмкіндіктер алады. 

«Бәйтерек»  зымырандық-ғарыштық  кешені  Ре-

сей  мен  Қа зақстанның  ғарыштық  бағдарламаларын 

орындау  мүддесін  көздеп,  әртүрлі  қолданымдарға 

арналған ғарыш аппараттарын, сол сияқты коммерциялық 

бағдарламаларды  орындау  үшін  төменгі,  орташа  және 

жоғары  шеңбердегі  және  эллипстік  орбиталарға  (соның 

ішінде күн-синхронды, геостационарлы, полярмаңындық, 

жарты тәуліктік), сондай-ақ Күн жүйесінің ғаламшарларына 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

416

ұшып бару траекториясына шығару мақсаттарына арналған. 

Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш бағдарламасы 

бойынша  ең  үлкен  мүдделілікті  туғызатын  нәрсе  –  жан-

жақты міндеттерді орындау үшін ұшырылатын ғарыштық 

байланыстың жасанды жер серіктері еді.

2005  жылы  наурызда  құрылған  «Қазкосмос»  ұлттық 

компа ниясы белсенді қызмет жасайды. оның арсеналында 

тоғыз ға рыштық жоба бар, соның бірі – ғарыш айлағында 

іске  асырылатын  Ресейдің  «Энергия»  ғарыштық  корпора-

циясымен  бірлесе  отырып,  ғарыш  техникасының  арнайы 

конструкторлық бюросын құру. 

компания  Қазақстан  Республикасының  «Сарышаған» 

полигонында  командалық-өлшеу  кешенін,  Жерді  алыстан 

бақылайтын  ұлттық  ғарыштық  жүйені,  ғылыми  бағыттағы 

ғарыш  аппаратын,  көп  қызметті  жеке  жасанды  жер  серігі 

байланысының жүйесін құру жөнінде жұмыстар жүргізуде, 

сол  сияқты  авиациялық  зымырандық-ғарышкерлік  «есіл» 

кешенінің нобайлық жобасын және техника-экономикалық 

негіздеуін жасау жөнінде жұмыстар атқарылды. 

2006  жылдың  басында  Қазақстан  Республикасындағы 

ғарышкерлік  қызметті  дамытудың  2005–2007  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасының тағы бір объектісі 

пайдалануға қабылданды. бұл Астанада орналасқан, «байқо-

ңыр»  ғарыш  айлағынан  старт  алатын  ұшырғыш-ракеталар 

туралы ұшу ақпаратын беріп тұратын орталық. 

Ғарыш  саласындағы  ғылыми-зерттеулерді  іске  асыруы 

барысында Астрофизикалық зерттеулер орталығында белгілі 

нәтижелер алынды. бұл – ғарыш кеңістігінде радиациялық 

мониторингінің  халықаралық  жүйесін  құру,  халықаралық 

ғарыш стансасының бортында Қазақстан Республикасының 

зерттеулері  мен  тәжірибе  жұмыстарын  жүргізуге  арналған 

кешенді бағдарлама жобасын жасау, жоғарғы атмосферадағы 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


417

оптикалық  құбылыстарды  зерттеу  негізінде,  кешенді  зерт-

теулерді  іске  асыру  жөніндегі  және  басқа  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына тікелей қатысты мәселелер. 

біз бүгін байқоңырда Ғарыш индустриясының орталығын 

құру үшін осы жерде ғарыштық қызметтің отандық әлеуетін 

шоғырландыруымыз қажет. 

осы мақсатпен байқоңыр қаласында қазірдің өзінде «Қаз-

космос» және «бәйтерек» бірлескен жобасының филиалда-

ры құрылып, қызмет жасауда, Астрофизикалық зерттеулер 

орталығының құрылымдық бөлімшелерін қайта орналастыру 

жүргізілуде.



Қазақстанда  ғарыштық  зерттеулердің  бұрыннан 

келе  жатқан  дәстүрі  бар.  1950  жылы  астрофизикалық 

бақылаулар  галактикалық  және  галактикадан  тыс  ны-

сандарды  –  Күн  жүйесіндегі  жұлдыздар  мен  планета-

ларды  теориялық  тұрғыдан  зерттеулер  үшін  В.Г.  Фе-

сенков  атындағы  Астрофизика  институты  құрылған 

болатын. 1983 жылдан бастап, Күн-Жер бай ланыстарының 

тетіктерін, динамикалық процестерді зерттеумен, әртүрлі 

орталардың  (атмосфера-ионосфера-магнитосфера) 

өзара  іс-әрекеттерін  анықтайтын,  сол  сияқты  Қазақстан 

аймағындағы  мониторингпен  және  ғарыштық  ауа  райы 

болжамымен айналысатын Ионосфера институты қызмет 

жасауда. 

1991 жылы 12 тамызда академик Ө. Сұлтанғазиннің 

бастамасымен  республикада  ғарыштық  мониторингтің 

және экологиялық болжаудың әдістері мен технологиясын 

жасауға бағыттандырылған Ғарыштық зерттеулер институ-

ты құрылды.

Қазақстанның әлемдегі ғарыш державаларының клубы-

на  кіруінің  келесі  нақты  қадамы  қазақстандық  бірінші  

«казСат» жасанды жер серігін ұшыруы болды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал