Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет34/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

395

және  сақтау  кеңес  одағы  республикаларының  ортақ  күш 

салуының арқасында ғана мүмкін екендігіне баса назар ау-

дардым. Ғарыш айлағының жаңа, қазақстандық мәртебесі 

туралы  ой  әлі  ешкімнің  басына  қона  алмай,  ауада  қалқып 

жүр еді. Сондықтан осында отырған адамдардың ой-ниетінің 

әрқилы  екенін  айтпай-ақ  көруге  болатын.  байқоңырға 

Қазақстанның Президенті ретінде барған бірінші сапарымда 

біз «Прогресс» жүк тасу кемесінің дайындығын көрдік. Сол 

кезде ғарыш айлағында жылына екі рет, көктемде және күзде, 

пилот басқаратын ұшыру іске асырылатын, қазір де солай. 

мен біздің ғарышкердің ұшуы қажеттігі туралы мәселені күн 

тәртібіне қойдым, әңгіме іс жүзінде 1991 жылдың қыркүйек-

қазаны туралы болды.



«Байқоңыр»  ғарыш  айлағы  Ғалам  жағалауындағы 

бірінші  айлаққа  айналды.  1954  жылы  ғарыш  айлағын 

салатын  жерді  таңдап  алу  үшін  Мемлекеттік  комиссия 

құрылды.  Комиссияның  төрағасы  болып  «Капустин  Яр» 

сынақ  полигонының  бастығы,  артиллерия  генерал-

лейтенанты  В.И.  Вознюк  тағайындалды.  Елдің  бірнеше 

аудандарында болып, жер жағдайын байқағаннан кейін, 

комиссия ғарыш айлағын Арал теңізінен шығысқа қарай 

жатқан Байқоңыр елді мекенінен бірнеше жүз шақырым 

қашықтықтағы Қазақстанның шөлді өңіріне орналастыруды 

ұсынды. Бұл жердің басқалармен салыстырғанда бірнеше 

артықшылықтары  бар  еді.  Атап  айтқанда,  олар:  ғарыш 

айлағының ғана емес, сонымен бірге зымыранды ұшыру 

трассасының  өн  бойындағы  жерлерде  де  халықтың  аз 

қоныстануы; ортаазиялық ірі Сырдария өзенінің болуы; таяу 

маңнан темір жол магистралі мен автомобиль трассасының 

өтуі;  үш  жүз  күн  бойы  күннің  жарқырап  тұруы  және,  ең 

бастысы, Жер айналып тұрғанда, қосымша жылдамдықты 

пайдалануға мүмкіндік беретін, экваторға жақын орналасуы 

болатын.

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

396

осы  жылдардың  бәрінде  байқоңыр  Қазақстан  үшін  

жабық  болды,  енді  қазақ  ғарышкерінің  ғарышқа  ұшатын 

уақыты  келді  –  өмірдің  өзі  тудырған,  менің  дәлелім 

қарапайым да қисынды болды. бақытымызға қарай, одақтық 

басшылықтың көптеген өкілдері мұндай ұшу сапарын жерінен 

отыз  жыл  бойы  ғарышқа  ғарыш  кемелері  самғап  жатқан 

республика  үшін  әділеттіліктің  ишарасы  деп  түсінді.  мен 

Қазақстанның  ғарышқа  қарай  жасайтын  осы  бір  алғашқы 

қадамы уақыттың өзі қойған талабы екенін айқын ұғындым. 

Ғарышкер  болуға  үміткерлерді  іздеу  сияқты  едәуір 

қиын жұмыс басталды. оларды әскери ұшқыштар арасынан 

іздедік. мен кСРо Қорғаныс министрінен Әскери әуе күштері 

қызметкерлерінің  арасынан  ұшқыш  қазақты  іздеулерін 

сұрадым.  Шағын  ұшақтармен  биікке  ұшудан  рекордтар 

жасаған нұсқаушы-ұшқыш – талғат мұсабаевтың кандида-

турасын ұсынды. бірақ оны дайындауға уақыт қажет болды. 

одақтық ғарыш ведомствосы біздің ғарышкерді аса қаламады, 

кезекте  олардың  өздерінікі  тұрды.  бірақ  мен  бұл  мәселені 

жылдам  шешкім  келді.  Өйткені  м.С.  Горбачевпен  және 

Қорғаныс  министрлігімен  жүргізілген  ауыр  келіссөздердің 

барысында бұл мәселе шешілген болатын. бірде мен біздің 

газеттерді  оқып  отырсам,  Шымбұлақта    біздің  жерлесіміз 

– әскери ұшақтардың сынаушы-ұшқышы тоқтар Әубәкіров 

демалып жатыр дегенді жазыпты. мен қолма-қол оны өзіме 

шақырып алдым. Содан кейін-ақ қандай қиындықтар болды 

десеңізші: біресе оның жасы 45-те, жарамайды деді, біресе 

денсаулығынан кінәрат тауып алды. бірақ мен де тұрып ал-

дым, ақыры ол ғарышқа көтерілді. 

бірнеше айдың ішінде Қазақ кСР-і Ғылым Академиясы-

ның  Президенті  Өмірзақ  Сұлтанғазин  және  Виктор  Дроб-

жев  бастаған  республиканың  жетекші  ғалымдары,  менің 

тапсырмам  бойынша,  Қазақстанның  бірінші  ұлттық  ғарыш 

бағдарламасын құрастыруға кірісті. Атап айту керек, бағдар-



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


397

ламаның ғылыми жағы бұрынырақ жасалып қойылған бо-

латын, ол өзінің жұлдызды сәтін күтіп жатқан. бірінші қазақ 

ғарышкерінің  ұшуына  байланысты  бағдарламаға  сәйкес 

түзетулер енгізу қажет болды. 

Ғарыш  бағдарламасын  дайындауға  байланысты  бәрі 

осылай ап-анық болса, ал анау ғарышкерді дайындау жайы 

оңайға түскен жоқ. Ұшу сапары кезектен тыс еді, дайындыққа 

уақыт мүлде аз қалған және сондықтан ғарышкерге үміткер, 

сол  кезде  кеңес  одағының  батыры  атағы  бар,  кСРо-ның 

еңбегі  сіңген  сынаушы-ұшқышы  т.  Әубәкіров  негізгі  эки-

паждың мүшесі ретінде, ал т. мұсабаев оның дублері ретінде 

белгіленді. 

Ресейдің  ғарыш  ведомстволарының  және  Ғарышкер- 

лерді  дайындау  орталығының  жоспарларындағы  үлкен 

өзгерістерге  байланысты,  жетекшілерімен,  мамандар-

мен,  әскери  адамдармен  көптеген  келіссөздер  жүргізіліп, 

ақыл-кеңестер  алынды.  Нәтижесінде  әзірге  саяси  шешім 

қабылданғанға, дейін менің кСРо Қорғаныс министрі Дмит-

рий Язовқа және тіпті кеңес одағының Президенті михаил 

Горбачевке тікелей шығуыма тура келді. 

1991  жылы  ақпанда  біздің  шақыруымыз  бойынша 

Алматыға мәскеуден ғалымдардың үлкен бір тобы – Ресей 

ғарыш агенттігінің бас директоры Юрий коптев, «Энергия» 

ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры Юрий Семенов, 

Ғарышкерлерді дайындау орталығының бастығы Владимир 

Шаталов, кСРо Ғарыштық зерттеу институтының директоры 

және  т.б.  ғарыш  мамандары  келді.  Республиканың  Ғылым 

академиясында кездесу болды, нәтижесінде Қазақстанның 

бірінші ғарыш бағдарламасы бекітілді. 

осы уақыттарда байқоңырда Юрий Гагариннің ғарыш-

қа  ұшуының  30  жылдығын  ұйымдастыру  жөнінде  одақ 

және Ресей ведомстволарының басшыларымен де қатарлас 

келіссөздер  жүріп  жатқан.  бірінші  қазақ  ғарышкерінің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

398

ұшуы  қарсаңында  осы  мерекелік  шараларды  ғарыш  айла-

ғында  Қазақстанның  басшылығымен  өткізу  шешілді.  мен 

республиканың  министрлер  кеңесіне  байқоңырдағы  сал-

танатты  дайындау  мен  өткізуді  өз  қолдарына  алу  жөнінде 

тапсырма  бердім.  Үш  айдың  ішінде  ұлан-ғайыр  жұмыстар 

атқарылды. 

1991 жылы 12 сәуірде байқоңырда менің қатысуыммен 

кереметтей үлкен сауық болып өтті. ол тікелей эфир арқылы 

мәскеуге берілді. ленинскі қаласының көшелерінен мыңдаған 

карнавал шеруі өтті, орталық стадионда жұртшылыққа сирек 

кездесетін жүк тасушы, бортында Ресейлік «Энергия – буран» 

атты  зымырантасушы  бар  «мрия»  ұшағының  үлгілі  ұшуы 

көрсетілді. 

байқоңырдың маңайындағы асығыс жасалынған иппо-

дромда ат жарыстары болды, ал ғарыш айлағының Гагарин 

старт алған алаңында кеңестік эстрада жұлдыздарының гала-

концерті аншлагпен өтті. 

бір  сөзбен  айтқанда,  фестиваль  көлемі  жағынан  да, 

елді баураған жан тебіренісі жағынан да ғарыштық болды. 

көрген жұрттың айтуы бойынша, байқоңыр Жердің бірінші 

перзентінің  ғарышқа  ұшуының  30-жылдығы  құрметіне 

өткізілген  мұндай  орасан  зор  көріністі  –  халықаралық  

«Ғарыш,  спорт,  эстрада  жұлдыздары»  сияқты  фестивальді 

бұрын-соңды  көрген  емес.  бұл  менің  байқоңырға  екінші 

келуім, ал Қазақстанның ғарышқа қарай жасаған алғашқы 

саяси қадамы болатын. 

Сөйтіп, тарихи күн – 1991 жылғы 2 қазан да келді. бұл 

байқоңырға жасалған менің үшінші сапарым болатын. мен 

ғарыш айлағына таңертеңгі сағат 7-де ұшып келдім, 11:59-

да  кеңестік-австриялық  экипаждың  старты  күтілуде  еді. 

бірнеше сағаттың ішінде 251-ші алаңқайдағы «Юбилейный» 

аэропорты бірнеше ондаған ұшақтарды қабылдады. Ғарыш 

айлағына Австрия канцлері Франц Враницкий, кСРо Жоғарғы 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


399

кеңесінің төрағасы Иван Степанович Силаев, барлық одақтас 

республикалардың  басшылары,  Ресейдің,  Қазақстанның, 

Украинаның, Австрияның құрамында көп адамдары бар деле-

гациялары, шетел мемлекеттерінің ғарыш ведомстволарының 

өкілдері келді. Халықаралық экипаждың ұшуына көңіл аудару 

саяси себептерге байланысты да жоғары болды. бір ай шама-

сы бұрын, 1991 жылы 31 тамызда, Қазақстанның территория-

сында орналасқан байқоңыр ғарыш айлағы республиканың 

меншігі деп жарияланды. Сондықтан мені тек болғалы тұрған 

ұшу ғана емес, сонымен қатар байқоңырдың болашағы да 

толғандырды. 

1991  жылғы  2  қазан,  сағат  таңертеңгі  10:00.  «Союз» 

старт  кешені  құрастыру-сынақ  корпусы  алдындағы  алаңға 

ғарышкерлер:  ресейлік  Александр  Волков,  қазақстандық 

тоқтар  Әубәкіров  және  австриялық  Франц  Фибек  шықты. 

бірнеше  килограмдық  салмағы  бар  қондырғылармен 

жабдықталған өздерінің скафандрларында олар ебедейсіз, 

жерде алғашқы қадамдарын жасай бастаған нәресте сияқты 

көрінді. 

командир, полковник Волков мемлекеттік комиссияның 

төрағасына саңқылдатып, экипаждың ұшуға дайын екендігін 

мәлімдеді. осы жерде мемлекеттік комиссиясының төрағасы, 

генерал  Владимир  Иванов,  тегі,  сол  сәттің  маңыздылығын 

түсінген  болуы  керек,  алдымен  маған  қарап,  содан  кейін 

микрофонды Әубәкіровке бұрды, оның сөз айтуына мүмкіндік 

берді. 

тоқтар абыржусыз қазақ тілінде: «Құрметті Президент! 



Ғарышкер  Әубәкіров  Қазақстан  жерінен  ғарышқа  ұшуға 

дайын!» – деп рапорт берді, мен қолдап басымды изедім. 

барлығы  жоспар  бойынша  жүріп  жатты.  біз  қонақтармен 

бірге  стартқа  дайындықтың,  ғарышкерлерді  зымыранның 

өзіне дейін шығарып салған барлық кезеңдеріне қатыстық. 

оларға және ұшуды басқару үшін бункерде қалған «Энер-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

400

гия»  ғылыми-өнеркәсіп  бірлестігінің  бас  директоры  Юрий 

Семенов  пен  «байқоңыр»  ғарыш  айлағының  бастығы, 

генерал-лейтенант  Алексей  Шумилинге  сәттілік  тілеп,  мен 

№18 бақылау пунктіне келдім. 

бұл  шағын  старт  алаңы  жалаулармен  безендіріліпті, 

айналдыра киіз үйлер тігілген, олардың жанына Қазақстан 

ғарышының тірі символы – ақ бота ноқтасынан байланыпты, 

барлық жерде халық музыкасы естіліп тұрды. маңайдағының 

бәрі шағын мерекелік ауылды елестеткендей. 

Стартқа дейін бірнеше минут қалды. маған журналистер-

дің болып жатқан оқиғаға түсінік айтыңыз деп қайта-қайта 

айтқан өтініштеріне құлақ асуға тура келді. баспасөзге берген 

өзімнің сұхбатымда: «болашақта ғарышты игеруді одақтың 

барлық  республикаларының  қатысуымен  іске  асыру  керек 

деп ойлаймын, өйткені ғарыш айлағы – біздің дүниежүзілік 

экономикалық жарыстағы бірден-бір басымдылығымыз», – 

деп ерекше атап көрсеттім. Ал бақылау пунктінде жанымда 

тұрған кСРо Жоғарғы кеңесінің төрағасы Иван Степанович 

Силаев: «Нұрсұлтан Әбішұлы, мен Сізді толық қолдаймын. 

енді  ғана  жаңа  экономикалық  формация  құрылды  (тмД-

ның  құрылғанын  айтып  тұр),  бұл  ғарыш  айлағының  және 

ғарыш кеңістігін игерудің болашағына байланысты жағдайды 

өзгертеді. осы жерде республикалардың барлық басшыла-

ры тұр. Және осы жағдайда, олардың өздері байқоңырдың 

мүмкіндіктерін,  әлеуетін,  орасан  зорлығын  өз  көздерімен 

көргендері маңызды», – деп қосты. 

міне,  сөйтіп  көтеріңкі  дауыспен  байланыс  арқылы 

минуттық дайындық жарияланды. мен сағатыма қарадым, 

тілектестік белгісі ретінде жанымда тұрған тоқтардың туысы-

на: «Жолы болсын!» дедім. Айналада құлаққа ұрған танадай 

тыныштық орнады, тек: «Стартқа кілтті аш, от алдыр, жібер!» 

– деген нақты бұйрықтар естіліп тұрды. 

мыңдаған көздер металл конструкцияға оранған «Союз 

тм-13» ғарыш кемесі тұрған старт позициясына қадалды. кө-


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


401

рініс айдан-анық көрініп тұр. міне, қызмет көрсетіп тұрған фер-

малар баяу қозғалып кейін жылжыды, бұрқ еткен ақ түтіннің 

ортасынан  көрінген,  ғарыш  кемесін  өзімен  бірге  ілестіре, 

айбынды отты шар көтерілді. Жердің тартылу күшін жеңе оты-

рып, зымыран көкке қарай ұмтылды. тек біраз уақыт өткеннен  

кейін ғана барып, бізге жерді сілкіндіріп жіберген қуатты гүріл 

естілді. 

бұл  әрбір  адам  Ғаламның  қуатын  және  адамдардың 

ғарыш алдындағы бірлігін шын мәнінде түйсінген ерекше бір 

сезім еді. Өзінің ұлдарын қауіпті алыс сапарға шығарып сала 

тұрып,  жер  тұрғындарының  біртұтас  жанұясына  айналған 

біздің бәріміз осы бір ғарыш стихиясының алдында өзіміздің 

тең екендігімізді сезіндік. 

мен ғарышқа ұшу сапарларын бұрын да талай көргенмін, 

бірақ бұл жолғы ұшу, әрине, ерекше болатын. тұрғандардың 

біреуі алақанын шапалақтап қалды. мен: «Әлі ерте, қолды 

орбитаға шыққаннан кейін соғу керек», – дедім. 

Зымыран байқоңырдың үстіндегі күздің ашық аспанына 

қарай  самғап  барады.  оны  көзден  таса  қылмай,  жұрттың 

бәрі  кеменің  ұшу  траекториясын  бақылап,  жоғары  қарап 

тұр. Жалпы елдің толқуы маған да берілді, бірақ мен сабыр 

сақтауға  тырыстым.  Иван  Степанович  Силаевтың  бақылау 

пунктінің  күнқағарының  астынан,  зымыранды  көремін  деп 

төмен еңкейгені сондай, таяныш сөреге жатып қалған сияқты 

болды. осы бір «жанды» суреті бар телевизия кадрлары дүние 

жүзін айналып шықты. 

бұл  кезде  артында  тек  ақ  жолақ  ізін  қалдырған  «жұл-

дызшаның» көзден таса болғанына қарамастан, елдің бәрі 

он минуттай, қобалжумен аспанға қарап тұрды. 

трибуналар босап қалды, жақсылап көру үшін елдің бәрі 

алаңқайға жүгірді. 

тек  мәскеу  митрополитті  Питирим  ғана  сол  орнында 

қалып, алысқа ойлана қарап тұрды. «бәлкім, ол осының бәрін 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

402

өз көзімен көріп: Құдайдың және Ғарыштың алдында біз – 

пенделердің қаншалықты бір екенімізге көзі жеткен шығар» 

деген ой келді маған. 

міне, ақырында, радиодағы дауыс, өзінің ресми үнінен 

қайтып: «Ажырасу болды! кеме орбитаға шығарылды!» деп 

айғайлады. 

тыныштықты ду қол шапалақтау бұзып жіберді. маңай-

дағылардың  бәрі  құшақтасып,  бір-бірімен  сүйісіп  жатты. 

көбінің  көзінде  қуаныштың  көз  жасы  тұрды.  көптеген 

құттықтауларды  қарсы  ала  тұрып,  біз  канцлер  Враниц-

кий  екеуміз  өзімізді  бақытты  сезіндік:  біздің  елдерімізден 

жұлдыздарға қарай жол салынды. 

Қазақтың қонақжайлық дәстүріне сәйкес, Гагарин старт 

кешені бір күнге, 1991 жылдың 2 қазанында, Қызылорда об-

лыстық атқару комитеті мен жергілікті атқару орындарының 

тырысуы арқасында, безендірілген киіз үй қалашығына ай-

налды. бұл жерде көл-көсір ас та, сыйлықтар да, базарлықтар 

да,  ұлттық  киімдегі  әртістер  де,  ең  бастысы,  менің  қазақ 

халқымның  орнымен  келген  әділетті  салтанат  рухы  бол-

ды.  байқоңырдағы  күздің  осы  бір  шуақты  күні  Қазақстан 

ғарышкерлігінің жылнамасын ашты. 

біраз  уақыттан  кейін,  осы  жерде,  бақылау  пунктінің 

аума ғында, біз Австрияның канцлері Ф. Враницкий екеуміз 

журналистерге баспасөз конференциясын бердік, онда мен 

тағы да: «байқоңыр – бұл кеңес халқының игілігі, бүкіл елдің 

байлығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  біздің  әлемдегі  ортақ 

басымдылығымыз» деп атап көрсеттім. 

осы  жерде  мен  өзім  жарлығыммен  Қазақстанда 

Ғарыштық зерттеулер бойынша агенттіктің құрылатындығын 

және  оны  республика  академиктерінің  бірі  басқаратынын  

хабарладым.  біздің  алдымызда,  конверсия  шеңберінде, 

ғарыш кешенінің мүмкіндіктерін Қазақстанның экономикалық 

мүддесіне қарай бұру міндеті тұрды. 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


403

ел  бюджетінің  ғарыштық  ведомстволар  талаптарын 

қамтамасыз  ете  алмайтындығы  жұрттың  бәріне  айқын  бо-

латын,  ал  бұл  дегеніміз  ғарыштық  жобалардың  іс  жүзінде 

тоқтауы деген сөз еді. мен ғарыш айлағына келген барлық 

республикалардың басшыларына: «байқоңырда жұмыстың 

тоқтамауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек» – дедім. 

біздің  кеңестік-австриялық  экипажбен  ғарыштық  бай-

ланысы мыздың  бірінші  сеансы  қалай  болғаны  әлі  есімде. 

Ұшу  сапарларын  басқару  орталығының  қызметкерлері, 

менің  «мир»  орбиталық  стансасы  арқылы  Алматыдан 

сөйлесуімді қамтамасыз ете отырып, ел Президентінің өзінің 

ғарышкерлермен  сөйлескісі  келетініне  таң  қалғандарын 

жасыра алмады. менің халықаралық экипажбен сөйлескен 

сөздерім кәдімгі қарапайым адамдық, керек десеңіз – әкелік 

қамқорлық сөздер болатын. 

Иә, қазақ халқының ұлы тұңғыш рет ғарышқа ұшты, мен 

бұған өз мақтанышымды жасырған жоқпын. Өзіміздің ана 

тілімізде сөйлескен кезде, тоқтар ғарыштан қарағанда біздің 

Жердің қандай әдемі екендігін және Қазақстанның аумағын 

зерттеу жөнінде қандай сынақтар жүргізіп жатқанын айтты. 

Жалпы, экипаж өте ынтымақты, көңілді, ұшқыр ойлы болып 

шықты.  кейіннен  Ұшу  сапарларын  басқару  орталығының 

басшысы  Владимир  Соловьев  атап  өткендей,  жігіттер  ор-

битада  бірде-бір  ақаусыз  жұмыс  істеді,  бұл  олардың  тек 

кәсіби  біліктілігін  ғана  көрсетіп  қоймай,  сонымен  бірге 

шағын ұжымның ішіндегі қалыптасқан жағымды ортаны да 

көрсететін еді.



Қ

иын

 

перзент

 – б

АйҚоңыр

байқоңыр – бұл, шындығында, кеңес одағының қолтума 

перзенті. бірақ, Қазақстан ең соңында жүрген «суверенитеттер 

шеруінен» кейін, біздің бұрынғы одақтас республикалардың 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

404

ғарышқа  қарауға  да  уақыттарының  жоқ  екендігі  айқын  

көрінді.  Ғарыш  айлағын  іс  жүзінде  қамтамасыз  ету  негізгі 

ғарыштық  бағдарламалары  байқоңырмен  байланысты 

болған  Ресейдің  және  тарихи  қалыптасқан  жағдайлармен 

оның меншік иесіне айналған Қазақстанның ғана қолынан 

келетін еді. 

Жас  егемен  мемлекеттің  атқару  билігінің  жаңа  түрі  – 

әкімшілік басшылығы ленинскі қаласын да орағытып кеткен 

жоқ. 1992 жылы ақпанда менің Жарлығыммен байқоңырдың 

тарихында бірінші рет ленинскі қаласының әкімшілік басшысы 

болып Виталий брынкин тағайындалды. 

Сол кезде ғарыш айлағының әкімшілік орталығы – ле-

нинскі  қаласы  республикалық  дәрежедегі  қала  мәртебесін 

алды, ал оған іргелес жатқан төретам және Ақай елді мекендері 

қала құрамына енді. Өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына 

қарамай, дәл осы уақытта қаланың коммуналдық қызметінің 

негізі  қаланды,  Қазақстан  Республикасының  жергілікті 

мемлекеттік  органдары  құрылды,  ғарыш  айлағында 

қазақстандық  қоғамдық  ұйымдарды  дамыту  да  белсенді 

түрде  жүріп  жатты. біздің  республиканың  көгілдір  жалауы 

байқоңырдың үстінде сенімді түрде желбіреп тұрды. 

1993 жылы 25 ақпанда Қазақ кСР-нің Ғарыштық зерт-

теулер  агенттігі  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  аэро-

ғарыштық агенттігіне айналдырылды, бас директоры болып 

бірінші  қазақ  ғарышкері тоқтар  Әубәкіров  тағайындалды. 

байқоңырда іле-шала «байқоңыр ғарыш айлағы» деп аталған 

Қазақстанның Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің басқармасы 

құрылды. 

Қазақстанның байқоңырдағы екі жылғы басқаруы кезінде 

біздің  отандастарымыздың  көбіне  ғарыш  айлағын  көруге, 

Қазақстан баспасөзіне жабық болған режимді нысандарды 

көрсетуге мүмкіндік туды. Өйткені сол кездегі идеологиялық 

міндеттердің  бірі  ғарыштық  кешеннің  мүмкіндіктерін 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


405

Қазақстанның мүддесіне қарай бұру болатын. 1993 жылдың 

жазында ғарыш айлағына Қазақстан журналистерінің үлкен 

бір тобы келді, мұнда олар Қазақстан Журналистер одағының 

көшпелі мәжілісін өткізді. 

байқоңырды  қорғау  және  қолдау  қажет  болды,  өтпелі 

кезеңнің,  экономикалық  және  әлеуметтік  төмендеудің 

жалпы  тмД  бойынша  барлық  проблемаларын  мүдделілік 

көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдары жергілікті жердегі 

қазақстандық  атқару  билігінің  қауқарсыздығына  жапты. 

Ресейдің  орталық  телевизиялық  арналары  байқоңырдың 

құлдырауының «жан түршіктірерлік» көріністерін беріп жатты. 

бұған кінәлі ретінде, жанамалап болса да, «кеудемсоқтығы» 

мол Қазақстанды айыптауға тырысты. 

Уақыт және жағдай өз талаптарын қойды. Ресей жағының 

қаржыны  қысқартуына  байланысты  тоза  бастаған  Ғарыш-

керлік  кешенді  сақтауға  шұғыл  шаралар  қабылдау  керек 

болды. ленинскі қаласы бүтіндей Қазақстанның мемлекеттік 

қамтамасыз етуінде болды, бірақ одақтық маңызы бар қаланы 

ұстап  тұруға  бюджет  тапшылығы  қол  байлау  жасады. осы 

кезде байқоңырды кәдімгідей құрып кетуге апарып соқтыруы 

мүмкін «адам факторының» дағдарысы пайда болды. 

Адамдар,  ғарыштық  техниканың  табылмайтын  білікті 

мамандары, ғаламның ғарыш айлағының романтиктері мен 

патриоттары  байқоңырдан  өздерінің  тарихи  отандарына 

қоныс аудара бастады. миграция ұлттық сипатта болған жоқ, 

адамдар жай ғана тәуір тұрмыс пен тыныштықты іздеді. 

Сондықтан республиканың Ұлттық Аэроғарыштық агент-

тігі бүкіл дүние жүзінен бірлесіп ғарыштық қызмет жасауға 

әріптестер  іздеді.  байқоңырдың  негізінде  Халықаралық 

ғарыштық компания құру идеясы оның жұмысындағы басты 

бағытқа айналды. бірақ уақыт өтіп жатты, ғарыштық дамуды 

және байқоңырды игерудегі шын мәніндегі серіктестер тағы 

да Ресей мен Қазақстан болып шықты. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

406

1994 жылы 28 наурызда біз, Ресей Федерациясының Пре-

зиденті борис Николаевич ельцин екеуміз, байқоңыр жөнінде 

теңдесі жоқ жауапты шешім қабылдап, «байқоңыр» ғарыш 

айлағын  пайдаланудың  шарттары  мен  негізгі  принциптері 

туралы» халықаралық келісімге қол қойдық. онда егеменді 

екі  мемлекеттің  тарихында  бірінші  рет  «байқоңыр»  ғарыш 

кешенін жалға беру туралы мәселе қойылған. 

біз  Ресей  Президентімен  екеуміз  осы  шешімді  жария-

лағанда,  кремльдің  Георгий  залында  таң-тамаша  болған 

дауыстар гу ете түсті. 

Ресейліктер риза еді, өйткені жұмысты жалғастыру үшін 

оларға да бұл бірден-бір қолайлы шешім болатын. Ал бір-

талай жылдан бері Халықаралық ғарышкерлік компаниясы 

туралы  идеямен  жүрген  қазақстандықтар  опынып  қалды. 

Сонымен қатар «жалға беру» деген ұғымның өзіне көпшілік 

түсінбей  жатты.  мен  мамандардың  жалға  беру  деген  тек 

ғарыш айлағындағы нысандар мен техникаға ғана қатысы 

бар, әңгіме адам туралы емес деп дәлелдеп жатқандарын 

естідім.  Шын  мәнінде,  барлық  проблемалар  сол  «адам 

факторына» тіреліп жатты. Ғарыш айлағын қаладан бөлуге 

болмайтын.  Ақырында  біз  «ғарышкерлік  кешені»  деген 

атауды  таптық,  бұл  ұғым  ғарыш  айлағының  нысандарын 

және ленинскі қаласын тұрғындарымен бірге қамтыды. тек 

осындай  жағдайда  ғана  ресейліктер  байқоңырдың  одан 

арғы  қызмет  жасауына  баратын  болды,  біздің  жақ  осыны 

қабылдады. мен байқоңырдағы біздің отандастарымыздың 

мораль  тұрғысынан  алғанда  қысым  көру  ықтималдығын 

айқын  түсіндім.  бірақ  ғарышкерлік  кешенінің  ғылыми-

техникалық  және  интеллектуалдық  әлеуетін  сақтаудың 

қажеттігі Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінен де жоғары 

тұрды, ол әлемдік деңгейдегі міндет болатын. Сонымен қатар 

бізге,  қазақстандықтарға,  ғарышкерлік  қызметте  орасан 

зор тәжірибе жинақтаған ресейліктерден әлі де көп нәрсені 

үйрену қажет еді. 


Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН



1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал