Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет33/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

381

кодекс  қабылданғаннан  кейін  де  ай  бойы  түйінді 

мәселелер бойынша пікірталастар тоқталған жоқ, ал кезекті 

астық жинау науқаны ауыл тұрғындарын жаңа Жер кодексі 

жағдайында  өздерінің  үйреншікті  істерімен  айналысуына 

мәжбүр етті.



ж

ер

 к

одексін

 

ҚАбылдАғАннАн

 

кейін

мен осы тарауды жазған кезде, Жер кодексінің қабылдан-

ғанына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 

жеке меншіктің енгізілгеніне екі жылдан астам уақыт болып 

еді. мен қабылданған шешімнің және таңдап алған саясаттың 

дұрыстығына  көзімді  тағы  да  жеткізе  түстім.  Жеке  меншік 

қоғамдағы  саяси  тұрақтылықтың  іргетасы  болды  және  әлі 

де бола бермек. Жер реформасы нарықтық институттардың  

дамуы  мен  нығаюына  бағытталған.  Ауыл  шаруашылығы 

мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізуге қарсы бол-

ғандардың  болжамдары,  жерді  «латифундистер»  жаппай 

сатып алып қояды деген сәуегейліктері ақталмады. 

2004 жылғы 20 тамыздағы дерек бойынша, жеке мен-

шікке  30  мың  гектар  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы 

жерлер алыныпты. Сарапшылардың пікірінше, таяу арадағы 

он  жылда  жердің  10-15%-дан  аспайтын  ғана  көлемі  са-

тып  алынбақ.  Жерге  қойылған  бағаның  жоғары  болуына 

байланысты, фермерлер үшін ең қолайлысы – оны мемле-

кеттен  жалға  алу.  бұл  біз  сияқты  жоспарлы  экономикадан 

нарықтыққа  өткен  Шығыс  Германияның  тәжірибесімен 

дәлелденеді. 1991 жылдан 2003 жылдың өн бойында Шығыс 

Германияда,  мемлекеттің  меншігінде  болған  жерлердің 

бар-жоғы  6%-ы  ғана  сатып  алынған. бірақ  ол  тәжірибеге 

қарамай-ақ, талқылау барысында депутаттар енгізген кейбір 

шектеулер  Жер  кодексінде  орнын  тапты.  менің  ойымша, 

жекелей алғанда, сатып алынғаннан бергі он жылдың ішінде 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

382

қайта сатуға тыйым салатын бұл шектеулер артық және тиімсіз 

болып табылады. бірақ ең басты нәрсе бұл емес. 

Жер  реформасының  табысты  болуы  ұзақ  мерзімді 

кешенді шараларды іске асыруға тікелей байланысты. Ауыл-

шаруашылық  мақсатындағы  жерлердің  жеке  меншігіне 

рұқсат еткен Жер кодексінің қабылдануы Қазақстандағы жер 

қатынастарын жетілдірудің және жер нарығын дамытудың 

жолындағы тек алғашқы қадамдар ғана. Айта кету керек, осы 

қадамның өзі-ақ экономиканың аграрлық саласын серпілтіп 

тастады. Жеке капитал ауылдағы мемлекеттік саясатқа сенді 

және енді қаржыны кәдімгідей агроөнеркәсіптік кешенге сала 

бастады. 

2002–2005  жылдарда  ауылды  қолдауға  арналған 

бағдар ламаның  уақытында  қабылдануы  өзінің  нәтижесін  

беруде. мемлекет ауыл тұтынушысын қолдауға бір жарым 

миллиард  АҚШ  долларын  жұмсады.  бұдан  басқа  ерекше 

салық жеңілдіктері берілді. Жанұялар тек жер салығын ғана 

төлейді,  ол  барлық  басқа  салалар  төлейтін  салықтардың 

20%-ы  ғана.  мемлекет  малды  асылдандыруға,  тұқымды 

жақсартуға,  суармалы  жер  шаруашылығына,  минералды 

тыңайтқыштарға демеу қаржы беріп отыр. Инфрақұрылымды, 

ауызсумен  қамтамасыз  етуді,  мектептер  мен  ауруханалар 

құрылысын  жақсартуды  қарастыратын  ауылдық  жерлерді 

дамыту бағдарламасы өз алдына іске асырылды. Өндірілген 

өнімнің шынайы иесіне айнала отырып, ауылдықтар лизинг-

ке  қазіргі  заманның  техникасын  сатып  алуға  қол  жеткізді. 

Аграрлық секторды жүйелі түрде дамытуға қажетті заңдар 

қабылданды. бұл жерде ауылдың мәселелерін жүйелі түрде 

шешу жөнінде жұмыстар жүргізіп отырған ауыл шаруашылығы 

министрі  Ахметжан  есімовтің  еңбегін  атап  кеткен  жөн. 

тәжірибелі  маман,  басқарушы,  өз  ісіне  берілген  адам, 

тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардың ішіндегі ең үздік ауыл 

шаруашылығы министрі. 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



383

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2006 жылдың 

бірінші жарты жылдығында жалпы республика бойынша 77,5 

млрд теңге болды, бұл 2005 жылдың осы кезеңіне қарағанда 

3,8% артық. 

Сонымен қатар, жер реформасын одан әрі тереңдетуге 

байланысты және Қазақстандағы жер нарығының өркениетті 

түрде қызмет істей бастауына серпін беру үшін үлкен жұмыстар 

атқарудың қажеттігін мен түсінемін. 

мемлекет үнемі іске асырылып жатқан жер реформасы-

ның негізгі жағдайларымен және оны іске асырудың тетік-

терімен  ауыл  халқын  үздіксіз  хабардар  етіп  тұруы  тиіс. 

Фермерлерді қолдайтын тұрақты консультациялық-құқықтық 

жүйені қалыптастыру, жерді тиімді пайдалануға және топырақ 

құнарлығын  арттыруға  жұртты  ынталандырып  отыратын 

тетіктер жасалуы керек. 

Қазіргі кезде бекітілген жер салығы мөлшерінің көлемі 

жер қыртысы бонитетінің балдары бойынша есептеледі, ол 

жердің кадастрлық (бағалаулық) құнына байланысты емес. 

Жер тиімді пайдаланылмаған, оны өңдеудің тәртібі бұзылған, 

оның пайдалану бағыты өзгерген жағдайда, Жер кодексінде 

жазалау шаралары ғана қарастырылған (жерге меншік құқығы 

және оны пайдалану құқығы жойылады). Нарықтық экономи-

ка жағдайында топырақ құнарлығын сақтауға, жерді үнемді 

және  тиімді  пайдалануға  ынталандыру  үшін  бұл  шаралар 

жеткіліксіз. Қарапайым тілмен айтқанда, үнемсіз пайдаланған 

жағдайда тек қана жазалап қана қоймай, сондай-ақ жерге 

ұқыптылықпен қарауды ынталандырып отыруымыз да қажет. 

Өйткені топырақ құнарын қалпына келтіруге байланысты ша-

ралар қолданғаннан гөрі тиісті талаптарды бұзбау әлдеқайда 

оңай. 

Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесін дамыту қажет. 



кепілдік  базасының  жетіспеушілігінен  және  банк  пайыз-

дарының қымбаттығынан ауыл шаруашылығы тауарларын 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

384

өндірушілерге несие алу әлі де қиын. Жер нарығының дамуы-

на байланысты бұл проблемалар біртіндеп жоғалады. 

осымен қатар істің бюрократтығын одан әрі азайту шара-

лары қабылдануы керек. тек қазірдің өзінде барлық жерлерде 

мемлекеттік органдардың қызметінде «бір терезе принципі» 

енгізілді  және  нәтижелі  қызмет  атқарып  тұр. лицензиялау 

түрлерінің саны азаюда. Жер бөліктеріне құқық алу тәртібі 

біраздан  кейін  мүлде  жеңілдейтін  болады.  бұл  проблема 

мемлекеттік  органдардың  әртүрлі  қозғалмайтын  мүлікке 

құқықты  тіркеу  жүйесінің  жетілмегендігіне  және  бірін-бірі 

қайталайтындығына байланысты болып отыр. Қазақстанда 

электронды үкіметтің дамуымен, қарапайым шаруаларға жер 

құқығын бекітетін құжаттарды алудың тәртібін жеңілдететін, 

электронды кадастр жасалады. 

Сонымен қатар реформаны жүргізу барысында жалпы 

салаға баса назар аудару қажет, себебі ауыл шаруашылығы – 

бұл экономиканың бір саласы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік 

мәселелердің үлкен жиынтығы. бұл сала мемлекеттің өмірінде 

ерекше рөл атқарады. бұған қоса, ауыл шаруашылығын қолдай 

отырып, мемлекет масылдық менталитеттің қалыптасуына өзі 

жағдай туғызып алмауы керек. 

мемлекет қолайлы жағдайды тек болашағы бар жерлерге 

ғана туғызады. бұл қолдау инфрақұрылымға және әлеуметтік 

салаға инвестиция салу түрінде болады. Дәлірек айтқанда, 

ол салынатын мектептер, ауруханалар, жолдар және ауыз-

сумен  қамтамасыз  ету  жүйесі  түрінде  болмақ.  тиімді  ауыл 

шаруашылығын  қалыптастыру,  бірінші  кезекте,  фермерлік 

шаруашылықтардың өздеріне, адамдардың жаңа нарықтық 

принциптер бойынша жұмыс істеу және оған сәйкес қайтадан 

оқып-үйрену ниеттеріне байланысты. тиімді шаруашылықты 

қалыптастырудың үлгісі ретінде мынадай мысалды келтіруге 

болады.  АҚШ-та  1  фермер  жылына  38  мың  доллар  өнім 

өндіреді  екен.  бұл  көрсеткіш  Австралияда  –  22  мың  АҚШ 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



385

долларына, канадада – 17 мың  АҚШ долларына тең көрінеді. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығының бір қызметкеріне әзірге 

жылына 900 АҚШ доллары келеді. 

Сондықтан мемлекеттің таяу арадағы негізгі мақсаты – 

мемлекеттің ешқандай тікелей араласуынсыз, еңбек өнімділігі 

жоғары және бәсекеге қабілетті жеке меншік агроөнеркәсібінің 

қызмет істеуі үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру. таяу 

уақыттарда Қазақстанның ауыл шаруашылығында инвести-

циялық  тартымдылықты  және  осы  саланың  экономикалық 

тиімділігін ынталандыратын, өркениеттендірілген жер қаты-

настарының орнайтынына менің сенімім мол. 

осындай оптимистік болжаулар жасауға, менің пікірімше, 

мүмкіндік беретін не нәрсе? бұл – біріншіден, жер қатынаста-

рын реформалау саласындағы жетістіктер: ауылшаруашылық 

мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығының енгізілуі, 

қосалқы  жалгерлік  институтын  жою,  жер  заңнамасын 

жүйелеу. екіншіден, ауылдағы жағдайдың жақсарғандығын 

дәлелдейтін  аграрлық  сектордың  соңғы  жылдардағы 

экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуі. Үшіншіден, Жер 

кодексінің  қабылдануы  жер  қатынастарындағы  реформа- 

ның аяқталғандығын көрсетпейді. 

Эволюциялық үрдіс шексіз, яғни біз бірлесіп келешек тура-

лы ойлауымыз керек. мысалы, «Қазақстан Республикасының 

Жер кодексіне қосымшалар енгізу туралы» Заң қабылданды, 

осыған сәйкес 9-ыншы және 13-інші баптарға қосымшалар 

енгізілді.  бұлар  бойынша  жер  телімдерін  халықаралық 

ұйымдар қатынасатын ғылыми орталықтарға тегін беру, сол 

сияқты  және  жеке  тұрғын  үй  құрылысына  жер  телімдерін 

берудің  ережелерін  бекіту  жөніндегі  Үкіметтің  құзыретін 

кеңейту қарастырылған. 

енді жерге жеке меншік енгізілгеннен кейін, айтып жүрген, 

ауыл  шаруашылығының  өзіміз  таңдап  алған  моделін  іске 

асыру жөнінде бұдан да батыл шараларға кірісе аламыз. мен 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

386

мұны бұрынырақта айтқанмын, бұл жерде бірінші және негізгі 

бағытқа  ауылшаруашылық  өнім  өндірушілердің  бәсекеге 

қабілеттілігі  жатады.  мен  бұл  туралы  жиі  айтамын,  соған 

қарамастан,  кейде  маған,  осы  сөздерді  ауыл  тұрғындары 

әлі күнге дейін көкейлеріне түймеген болып көрінеді. олар 

көбіне алдағы болғалы тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына 

кіру  және  импорттық  өнімдердің  қаптап  кететіні  туралы 

ғана  ойлайды.  менің  ойымша,  бұл  қисынсыз.  Өздеріңіз 

ойлаңыздаршы,  біздің  өндірушілерге  өз  тауарларын  тасы-

малдау және орналастыру туралы алаңдаудың қажеті жоқ, ал 

мұның өзі көп жағдайда шығынды азайтады. Сонымен қатар, 

енді олар тұтынушылар мен рынокты жақсы білетін болды. 

Және ең бастысы – бұларды тұтынушы жақсы білетін бол-

ды. кез келген батыс компаниясы үшін осы артықшылықтар 

–  бірден-бір  қажеттісі.  Шығынды  азайтыңдар,  сапаны 

көтеріңдер, тұтынушымен жұмыс істеңдер – сонда ешқандай 

да еуропалық тауық немесе ұн сендердің рыноктарыңды еш 

уақытта жаулап ала алмайды. Ал қандай да болмасын мем-

лекет тарапынан болатын қорғау шараларын немесе қатаң 

қамқоршылдық саясатты ұмытуға болады. біз енді еш уақытта 

бұған  қайтып  оралмаймыз.  Қазақстан  нарығына  келгісі 

келгендерді  шектемей-ақ,  біз  өзіміздің  ауылшаруашылық 

өнім  өндірушілерін  қолдаймыз  және  олардың  бизнесінің 

дамуына қолайлы жағдай жасаймыз. 

бәрінен  бұрын,  біз  ауылшаруашылық  өнімдерін  ұқсату 

саласын дамытуымыз керек. Қазақстан – астықты экспортқа 

шығаратын ірі ел. Алайда оны ұқсататын саланы дамытатын 

болсақ, біз ақырғы өнімді экспорттаушыға айналамыз, бұлай 

жасау әлдеқайда тиімді. біздің ауылшаруашылық өнімдеріміз 

халықаралық  стандарттарға  көшірілуі  тиіс.  Қазірдің  өзінде 

астықты,  сүтті,  бағбаншылық  пен  көкөніс  өнімдерін  және 

мақтаны  ұқсату  жөнінде  кластерді  қалыптастыруда  көп 

жұмыс  істелді.  біз  аграрлық  ғылымды  дамытуға  зор  көңіл 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



387

бөлмекпіз. Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы ерек-

ше. біздің артықшылығымыз да, осал жеріміз де – осында. 

біздің ауылшаруашылық ғалымдарымыз күндердің күнінде 

жеріміз бен ауа-райымызға барынша сәйкес келетін дақылдар 

шығаратынына менің сенімім мол. 

Ауыл  шаруашылығының  қазақстандық  моделін  жа-

сау  шеңберіндегі  екінші  бағыт  –  бұл  ауыл  шаруашылығы 

аумақтарын  дамыту.  Ауылдың  айтарлықтай  көтерілуі 

шаруаның  тұрмыс  жағдайын,  оның  сапасын  және  тұрмыс 

салтын  батыл  өзгертпей  болмайды.  Сондықтан  біршама 

күшті ауылдық аумақтарды абаттандыруға бағыттау керек. 

ең  бастысы,  шаруалар  өз  қарекетін,  және  өз  ауылдарын 

өздері жайластыруға мүмкіндіктері болуына жағдай туғызу. 

Сонымен қатар, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша 

қабілетті елу елдің қатарына кіру жоспарына сәйкес, «Қазына» 

орнықты  даму  қорымен  және  «Самұрық»  холдингімен 

қатар,  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациялары,  ал  ауыл 

шаруашылығы  секторын  дамыту  үшін  –  ұлттық  «ҚазАгро» 

холдингі құрылмақ. 

Жер реформасының негізгі жетістіктерін айта отыра, ең 

бастысын  ұмытып  кетпеу  керек. ертеден  келе  жатқан:  «біз 

табиғатты өз ата-бабаларымыздан мұраға алмаймыз, біз оны 

өзіміздің  ұрпақтарымыздан  қарызға  аламыз»  деген  мәтел 

бар.  Жер  қатынастарының  мәселелерін  шешу  жөнінде  дәл 

осындай қадамдар керек. менің бұлай батыл айтуым жердің 

нағыз қожасы ғана оған аялап қарайды және ұрпақтарға сол 

күйде беріп кетеді деген сенімге негізделген. 

егер де сол уақытта менің бойымды билеген сезімдер 

туралы  айтатын  болсақ,  оларды  тек  сол  кездерде  осын-

дай шешім қабылдаған адам ғана түсінеді деп ойлаймын. 

мен  мойнында  халық  алдындағы  жауапкершілік  жатқан 

мемлекеттің  жоғарғы  басшысының  жапа-жалғыздығы  ту-

ралы  айтқан  көптеген  аса  көрнекті  тарихи  тұлғалардың, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

388

мемлекет  басшыларының  пікірлерімен  келісемін.  бүкіл 

ел  үшін,  оны  сайлаған  халық  үшін,  мемлекет  басшысына 

ерекше жауапкершілік жүктеледі. ол өзінің елі тұтқиылдан 

қиындықтарға тап болмауы үшін барлығын жасауы керек, 

ахуалдың шынайы дамуын сезінуі тиіс. 

Дүниенің  барлығын  «иә»  немесе  «жоқ»  деп  түгендеп 

шығу деген шын мәнінде болмайды, болашаққа үңілу қиын, 

өткенді өзгерту мүмкін емес. бұндай жағдайда тек қана күдік 

пен күптілікті ғана сезінесің. Әрине, кеңесшілер бар, арасында 

шетелдіктері де жоқ емес, көмекшілер де бар, кеңес бере ала-

тын Үкімет бар. барлық, кейде қарама-қарсы бірін-бірі жоққа 

шығаратын ұсыныстар мен пікірлерді түгел тыңдағаннан кейін, 

ең маңызды әрі тағдырлық шешімдерді қалай болғанда да 

өзің қабылдауға тура келеді. мұнан да мемлекеттің бірінші 

басшысының орасан зор жауапкершілігі мен қиындықтарын 

көруге болады. 

бұрынғы елде жұмыс істеуге үйренген бұрынғы басқа-

рушы  элитаның  өкілдері  жаңа  жағдайда  жұмыс  істегілері 

келмеді  және  жұмыс  істей  де  алмады.  олардың  көпшілігі 

ұжымшарсыз  және  кеңшарсыз  Қазақстанда  аштық  бола-

ды,  ауыл  шаруашылығының  экономикасы  күйрейді  деген 

қауіп айтты. бірақ өмір басқаны көрсетті. көп жылдар бірге 

істеген ескі достармен айрылысуға да тура келді. мен оларды 

түсінетінмін, бірақ оларды қызметтерінде қалдыра алмадым, 

өйткені іске кедергі болды. олардың біреулері мұны түсінді, 

екінші біреулері ашық оппозицияға кетті, менің біріншілеріне 

де,  екіншілеріне  де  араздығым  да,  өкпем  де  жоқ.  бізге 

төрелікті тарихтың өзі берсін. 

осыған  қарамастан  жүргізілген  реформалардың  тиім-

ділігінің арқасында, еліміздің орнықты дамуын, экономиканың 

одан әрі өсуін, халықтың әл-ауқатының көтерілуін қамтамасыз 

ететін бекініс жасадық деп, біздің толық негізде айтуымызға 

болады. 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



389

іс жүзінде, жерге жеке меншік институты біздің еліміздің 

бүкіл  тарихында  бірінші  рет  енгізілді.  бұл  Қазақстан  үшін 

көзге көрінетіндей айшықты болды.  мен әлде бір идеялар 

мен жобалар ешкімнің ойына кірмеген екен деп, олардан бас 

тартуға болмайтынын бұрында ойлайтынмын. барлығы да 

әйтеуір қашанда болмасын бірінші рет іске асады. Сонымен, 

1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері біздің 

ғарыштағы ерліктеріміздің жаңа дәуіріне жол салып, ғарышқа 

ұшуды жүзеге асырды.



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

390

ЖҰЛДЫЗДАРҒА 

ЖОЛ САЛҒАН 

ҚАЗАҚСТАН

8-тарау


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

392

ж

ер

 

кіндігі

осыдан  он  бес  жыл  бұрынғы  оқиғаларды  еске  ала 

отырып,  мен,  бір  үлкен  рәміздік  мәні  болған  тарихи  жағ-

дайдың  түйісуіне  таң  қалдым.  Қазақстан  егемендігінің 

орнауы  ғарыштың  өзінен  басталды.  кеңес  одағының 

ыдырауы  қарсаңында,1991  жылы  тамызда  «байқоңыр» 

ғарыш  айлағы  республиканың  меншігі  деп  жарияланды, 

осы  жылдың  қазанында  ғарышқа  бірінші  қазақ  ғарышкері 

ұшты, ал Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны біз 

желтоқсанда қабылдадық. Яғни ұлттық мемлекет болғымыз 

келген  ниетімізді,  біз,  жерден  гөрі,  ғарышта  бұрынырақ 

мәлімдеген сияқтымыз! мен бұл жөнінде қазір, көп жылдар 

өткеннен кейін, жоғарыдан берілген ишараны көремін. 

менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі 

сияқты,  ерекше  болды  және  бүгін  де  солай  қала  береді. 

бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің керемет-

тей  құпияларын  бойына  жинаған,  ата-бабалар  рухымен 

байланыстырып  тұрған  тылсым  дүние.  ол  мені  қашанда 

қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын. 

бір қызығы, байқоңыр жерінің ғарыштық болашағы ту-

ралы, өз заманында Қорқыт ата көріпкелдікпен айтып кеткен. 

Сақталып қалған аңыздарда, бірен-саран жазбаларда Қорқыт 

атаның қасиетті жерді және мәңгілік өмірді іздегені айтыла-

ды.  Жер-дүниені  кезген  ізденістері  кезінде,  оның  соңынан 

ылғи да, өзі қатты қорқатын өлім еріп жүреді. Ақырында ол 

ғайыптан: «егер жердің кіндігін тапсаң, онда аман қаласың» 

деген сөзді естиді. Қорқыт ата Шығыстың көптеген елдерінде 

болады. ол еш уақытта соғыс, табиғат апаттары болмайтын 

және өлім дегенді білмейтін жерді іздеген. ол Жер бетінде 

сондай жердің бар екеніне сенген және оны жырлап өткен. 

Ақырында,  Қорқыт  ата  туған  жеріне,  Сырдарияның 

жағасына қайтып оралады. ойлана келе, ол мәңгілік өмір – 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН


393

өнерде деген тоқтамға келеді. Сөйтіп, жан дүниенің тебіре-

нісін  сыртқа  шығара  алатын  аспапты  –  қобызды  ойлап 

табады.  Аңыз  бойынша,  Қорқыт  ата  дарияның  ортасына, 

судың бетіне кілемін төсеп, қобызын тартатын көрінеді. Сонда 

күйдің  құдіреті  оны  судың  бетінде  қалқытып,  батып  кетуге 

жібермепті. Қорқыт ата қобызын тартып отырғанда өлімнің өзі 

де ол жерден қашып, бақытты өмір ғана қалады екен. бірде 

ол ұйықтап кетсе керек, сол кезде судан бір кішкентай жылан 

шығып шағып алыпты, абыз содан көз жұмыпты. 

Данышпанды  кең  даланың  төріне  жерлеген.  Өлерінің 

алдында ол өзінің қасиетті жерді тапқанын айтады. бұл жер 

– Сырдарияның бойы екен. ол өзі көз жұмған жерін «жер 

кіндігі» деп атаған көрінеді. Қорқыт ата дәл осы жерде өзі-

нің  аспанмен  және  Жаратушымен  байланысты  сезінгенін 

айтыпты. 

талай  ғасырлар  өткеннен  кейін  Сергей  королев  бас-

таған  кеңес  ғалымдары  ғарыш  айлағын  салу  үшін  қазіргі 

байқоңырды таңдап алды. бұл Қорқыт ата жерленген өңірге 

таяу  тұрған  жер.  Қателеспепті.  бірнеше  ондаған  ғарыш 

айлақтарының ішінде, байқоңыр өзінің орналасуы бойынша 

ең қолайлысы деп табылды. ол экваторға әжептәуір жақын 

орналасқан.  механиканың заңы бойынша ғарышқа ұшыру 

үшін отын аз жұмсалатын көрінеді. Сонымен бірге экватордың 

өзінде  орналасқан  ғарыш  айлақтарынан  ерекшелігі  сол, 

мұнда жауын-шашын жоқтың қасы. күн жылдың 300 күнін-

де жарқырап тұрады. 

Шынында, байқоңыр дүние жүзі ғарышкерлігінің бесігіне, 

ғарыш  орталығына,  адамдар  ғарышқа  аттанатын  Жердің 

айлағына  айналды.  Дәл  осы  жерде,  қазақ  жерінде,  олар 

ғарышкерлер атанды. 

Ал біздің қазақтан шыққан ғарышкеріміз қайда? осын-

дай қисынды, нақ және анық сұрақ менің, яғни Қазақ кСР-і 

Президенті  ретіндегі  менің  алдымнан  1990  жылы  шықты. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

394

оның  көкейтестілігі  кСРо-ның  өміріндегі  болғалы  тұрған 

үлкен өзгерістердің қарсаңында тіпті айқындала түсті. Жал-

пы  бұл  идеяны  қолдаған  Ресейдің  ғарыштық  және  әскери 

ведомстволарының басшыларымен алдын ала келіскеннен 

кейін, біз кСРо Жалпы машина жасау министрі олег Нико-

лаевич Шишкин екеуміз арнайы ұшақпен ғарыш айлағына 

ұшып келдік. 

1991  жылы  12  қаңтарда  байқоңыр  бізді  қоңырқай 

күн райымен қарсы алды.  ленинскі қаласының «крайний» 

әуежайына  ұшып  келген  ұшақтың  басқышынан  түсіп  келе 

жатқан  мен,  бізді  қарсы  алған  әскери  басшылардың  сұр 

шинельдерінің арғы жағынан жабырқау табиғаттың көрінісін 

байқағанмын. кенет қыстың ызғарлы аязы мен өңменіңнен 

өтетін желіне қарамай, от-жалындай шалқып, қолдарында 

гүл шоқтары бар балалар маған қарай жүгіріп келе жатты. 

бес-алты жастағы қазақтың ұлы маған қан-қызыл қалампыр 

гүлін ұсына берген. мен сол кезде еріксіз ойланып қалдым. 

байқоңырға  байланысты  жоспарлардың,  қандай  да  бол-

масын  кедергілерге  қарамай,  іске  асуы  керек  деген  берік 

ойға келдім. мен үшін табан жолда Қазақстанның болашақ 

ғарышкерлігінің  рәмізіне  ұқсап  кеткен  жеткіншек  баланы 

бауырыма басып, үлкен ризалық сезіммен қолын қыстым, 

сонсоң жанында тұрған қыз баланың басынан сипадым. 

екі тәулік біз байқоңырда жұмыс істедік. Жұмыс кестесі 

өте  тығыз  болды.  маған  ғарыш  айлағындағы,  ленинскі 

қаласындағы жағдайды бүге-шігесіне дейін білу, байқоңыр-

дың  іргесіндегі  төретам  және  Ақай  елді  мекендерінің 

тұрғындарымен  кездесу,  республикалық  ғарыш  мектебіне 

бару және ең бастысы – Қазақстанның атынан байқоңырға 

байланысты саяси мәлімдеме жасау керек болды. орталық 

және  Қазақстан  тележурналистері  қатысқан  баспасөз  кон-

ференциясында мен Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеруге 

қатысу  ниеті  туралы  айта  келіп,  ғарыш  кешенін  ұстап  тұру 



Ж

ҰЛДЫЗДАРҒА ЖОЛ САЛҒАН 

Қ

АЗАҚСТАН



1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал