Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет32/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

370

жасалды,  онда  аталмыш  саланы  дамытудың  стратегиялық 

бағыттары айқын берілді. бағдарлама сондай-ақ ең жоғарғы 

бәсекеге  қабілеттілікке  жету  мақсатында  мемлекеттік 

қолдау  басымдық  болып  саналатын  салаларды,  ақыр 

соңында мемлекеттік қолдаудың нақты көлемі мен тетіктерін 

айқындауға  тиіс  болды.  2003  жылғы  Қазақстан  халқына 

Жолдауымда,  менің  айтуыммен,  ауылды  жаңарту  Үкімет 

жұмысындағы  негізгі  басымдықтардың  бірі  болып  айқын-

далды,  ал  2003–2005  жылдар  ауылды  жаңарту  жылдары 

болып жарияланды.

«Біз есте ұстауымыз керек: нақ осы ауыл тұрғындары кез кел-

ген ұлттың түпкі шыққан негізі болып табылады. Атап айтқанда, 

ол  бәрінен  бұрын  тұрақтылыққа  және  мықты  эволюциялық 

дамуға  ұмтылады.  Ол  біздің  ата-бабамыздың  арман-тілегі 

мен үмітін мәңгі-бақи санасында берік ұстап сақтағандықтан, 

тәуелсіздік пен күшті мемлекеттілікті анағұрлым өткір және нәзік 

қабылдайды».

2003 жылға арналған Қазақстан халқына 

Жолдаудан, 2002 жылдың сәуірі

Ауыл тұрғындары туралы айтқанда, мен жер реформасы 

біз үшін Иранның көрнекті мысал болатынын әрдайым еске 

аламын. Қазақстан ауыл шаруашылығы секілді қиын саланы 

түбегейлі реформалау үшін қолайлы уақытты таңдап алды. 

Экономика,  тұтастай  алғанда,  өсудің  ұзақ  кезеңін  өткеріп 

жатыр және оның келешегі толық үміт күттіретіндей болып 

бой  көрсетуде.  Иран  шахы  кезінде  осыған  ұқсас  әрекетке 

барған. кезекті араб-израиль соғысынан кейін оларға әлемдік 

энергетика дағдарысы тап болған кезде елдің мұнайды экс-

порттаудан түскен кірістері бірнеше есе ұлғайған. тегеранда-

ғы үкіметке еш нәрсе алаңдатпайтындай болып көрініп еді. 

Алайда ауыл шаруашылығы реформаларының нәтижесінде  


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



371

жерсіз  қалып,  дәстүрлі  кәсібінен  айрылған  миллиондаған  

шаруалар  қалаға  ағылып  келе  бастады.  Содан  соң  онда,  

әсіресе  тегеранда  дау-жанжал  іздеп,  қарсылық  білдірген-

дердің саны өсе түсті. мұның бәрі қалай біткені баршаңызға 

мәлім. Ал 70-ші жылдардың соңы шах билеген кезеңіндегі 

Иран  экономикасы  үшін  ең  бір  жақсы  уақыт  болған.  Аяғы 

қайғылы болып бітетіндей ештеңе сезілмеген-ді. ол жылда-

ры Қазақстанның өзінде де бәрі тыныш секілді болғанмен, 

одақтың  құлауы  мен  өмір  сүру  жағдайының  нашарлауы  

біздің адамдарды есеңгіретіп жіберді. 

Жер реформасын жүргізе отырып, біз әрдайым ирандық 

тәжірибені  қайталамасақ  екен  деп  алаңдадық.  бір  кез-

дерде  астық  та  мұнай  секілді  «сары  алтын»  аталып  еді, 

ал  қазір  ауыл  тұрғындары  өз  күнін  әрең  көріп  отыр.  олар 

үкімет  тара пынан  көрсетілген  көмектің  азаюын  да  дұрыс 

қабылдай  бермеді.  бұл  жағдайда  ауылды  және  ауыл 

тұрғындарының  бұрыннан  қалыптасқан  тұрмысын  рефор-

малау  секілді  әлеуметтік  ауыртпалық  әкелетін  өзгерістерді 

жүргізу күтпеген оқыс нәтижелерге апарып соқтыруы мүмкін. 

Экономикалық көрсеткіштер жақсарып, қала тұрғындарының 

тұрмыс деңгейі көтерілген сайын біз кеңестік экономиканың 

жетілмегендігінен ауыл шаруашылығы, атап айтқанда, нақ 

соның еңбеккерлері нарыққа өту кезеңінің зобалаңын көбірек 

тартып, барлық қиындығын солар көріп отырғанын біз жақсы 

түсіндік.  Сонымен  қатар,  біз  ауыл  шаруашылығын  жаппай 

қаржыландырудың  кеңестік  жүйесіне  қайтып  оралудың 

мүмкін еместігі туралы анық та ұғынықты етіп мәлімдедік.



«Жұрттың барлығына нақтылап айқын ұғындыратын нәрсе: 

ауылды  қолдау  дүниенің  бәрі-бәрісін  түгелдей  мемлекеттің 

демеуші  қаражаты  мен  қайтарымсыз  қаржыландыруында 

болмауы керек және олай болмайды да. Біз бұрынғы болған 

масылдық  пен  мемлекеттік  қамқорлықтың  тәжірибесін  қайта 

қалпына келтіре алмаймыз және олай істемейміз. 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

372

Адамға,  оның  өзі  үшін  және  отбасы  үшін  табыс  тауып, 

күн  көре  алатындай  жағдай  туғызуға  алдағы  уақытта  да 

мақсатты жұмыс істеу керек, кім жұмыс істей біледі және кім 

өзінің  еңбексүйгіштігін  көрсетеді,  соларды  қолдауға  тиіспіз. 

Міне,  халық  пен  оның  болашағы  алдындағы  мемлекеттік 

жауапкершілік осыдан тұрады. 

Мемлекеттің барлық қаржы-экономикалық, соның ішінде 

әлеуметтік және ауыл шаруашылықтық саясаты, тек адамдардың 

өмір  тіршілігі  мен  нарықтың  жұмыс  істеуі  тұрғысынан  тиімді 

аумақтарға ғана сұрыпталып бағытталуы керек».

2003 жылға арналған Қазақстан халқына 

Жолдауынан, 2002 жылдың сәуірі

Экономиканың басқа да салалары жоғары қарқынмен 

өскен  жағдайда  еліміздің  аграрлық  секторы  әлі  де  ауыр 

жағдайда болды. мысалы, 2000–2003 жылдардың кезеңінде 

жалпы  ішкі  өнімдегі  ауыл  шаруашылығының  үлесі  орташа 

есеппен  алғанда  небәрі  8,2%  болса,  ал  республиканың 

барлық тұрғындарына (маусымға байланысты) шаққандағы 

ауылдық  аймақтар  тұрғындарының  үлесі  –  35%-40%-ға  

жуық болды. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жаңа техно- 

логиялардың  баяу  енгізілуі,  қаржы  ресурстарының  жеткі-

ліксіздігі,  сондай-ақ  басшы  кадрлардың  басқарушылық 

деңгейінің төмендігі себебінен ауыл еңбеккерлері жұмысының 

өнімсіздігі көзге ұрып тұрды. 

елімізде мықты ауыл шаруашылығының секторы болуы 

онымен  байланысты  минералдық  тыңайтқыштар  өндірісі, 

ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, жеңіл және тамақ 

өнеркәсібі, сондай-ақ технологиялық тізбек бойынша тағы 

басқа  да  салаларды  аяғынан  тік  тұрғызуға  көмектескен 

болар  еді.  Демек,  мұндай  экономикалық  көрсеткіштердің 

әсері  еліміздің  экономикасы  үшін  орасан  зор  болар  еді. 

біздің ауылға деген ерекше көзқарасымызға себеп болған 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



373

демографиялық,  көші-қон  және  әлеуметтік  факторларды  

да айтпай кетпеске болмайды. 

менің  айтуыммен  болашақта  ауылдық  аумақтардың 

тұрғындарын қалай қоныстандыру моделін жасау тапсырылды. 

бірқатар уақыт тоқырап қалған шағын қалалардың тағдырын 

шешуді  де  батыл  түрде  айқындау  қажет  болды.  елімізге 

келешегі бұлыңғыр аумақтардан дамыған аумақтарға, аудан 

орталықтары мен шағын қалаларға қарай қоныс аудартатын 

ішкі  көші-қонды  ынталандыру  жөнінде  мемлекеттік  саясат 

керек  еді.  ол  көші-қон  тасқынын  басқару  мен  жоспарлау, 

орналастыру, тұрғын үй және жермен қамту, оралмандарға 

жаңа мамандық беру мәселелерін ескеруі қажет болатын. 

Қазақстанда ауылдық жерлерге адамдардың қоныс ау-

даруы, тарихи тұрғыдан алғанда, әсіресе кеңестік әміршілдік-

әкімшілдік  экономика  дәуірінде  өте  сәтсіз  болды,  мысалы, 

бұл қазіргі нарықтық экономика тұрғысынан алып қарасақ та, 

сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық түсініктер бойынша 

да тым жайсыз еді. Нәтижесінде көптеген ауылдық жерлерде 

экономикалық тоқырау үйреншікті жағдай болды.



«<...> дағдарыс ауыл шаруашылығы өндірісінде тұрғын-

дардың жаппай қоныс аударып көшуіне және ауылдық елді 

мекендердегі өмірді қамтамасыз ету жүйесінің құлауына 

әкелді. Бұл үрдіс қазір де жалғасуда. Тек 2000–2002 жыл-

дары  300-ге  жуық  елді  мекендер  өз-өзінен  құрып  кетті. 

Әкімдіктердің мәліметі бойынша, бүгінде тұрғыны жоқ 136 

қысқартылмаған ауылдық елді мекен есепте тұр. 

Облыстық әкімдіктер берген ресми мәліметтердегі 7660 

ауылдық  елді  мекендердің  500-інен  астамында  тұратын 

адам саны 50-ге жетпейді, сондай-ақ қалалардың (317) 

шекаралық аумақтарына сансыз станциялар мен разъездер 

(257), ауылдар біріктірілген, олардағы тұрғындар іс жүзінде 

ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысады. Олардағы 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

374

тұратын тұрғындар саны 579540 адамды құрайды, бұлар 

өздерін ауылдықтармыз деп есептейді және ауыл пробле-

масына мемлекеттің назар аударуына үміттенеді. <...>».

Қазақстан Республикасы ауылдық 

аумақтарының 2004–2010 жылдарға 

арналған Мемлекеттік бағдарламасынан

Дегенмен,  шынында  аграрлық  секторды  терең  рефор-

малау, жер қатынастарына байланысты ең негізгі мәселені 

шешу  жердің  түгелдей  мемлекеттік  меншікте  болуынан 

бас  тартпайынша  мүмкін  болмады.  Жерге  үстемдік  етуші 

мемлекеттік  меншік  түрінің  басты  кемшілігі,  оған  деген 

шалағай  көзқарас,  оны  ұқыпсыз,  тіпті  астыртын  пайдала-

ну  болып  келді.  мысалы,  2001  жылы  Қазақстан  Респу-

бликасы  Президенті  Әкімшілігінің  жүргізген  зерттеулері  

3 мың гектар жерге астыртын егін егілгенін анықтады. 

Жерді тек уақытша пайдалануды қарастырған заңнама 

ауыл шаруашылығында тұрақты жер қатынастарының дамуы-

на ықпал етпеді және жер пайдаланушылардың ертеңгі күнге 

деген сенімін арттырмады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы 

мақсатындағы жерлерге жеке меншіктің жоқтығы аграрлық 

секторда  инвестицияның  өсуіне  кедергі  келтірді.  Жеке 

меншік  капитал  тәуекелдікті  барынша  азайту  мақсатымен 

өзінің қаражат салымдарын алғашқы жылы-ақ пайда беретін 

ең  жақсы  жерлерге  салуға  ұмтылды.  Жер  реформасының 

үшінші кезеңінің басына таман ауыл шаруашылығы үлесіне 

инвестицияның жалпы көлемінен небәрі 1,5% тиді. 

оның  үстіне,  қолданыстағы  заңнама  кепілдік  қатынас-

тардың  дамуына  ықпал  етпеді.  топырақ  бонитеті  және 

бағалаудың  осы  заманғы  әдістері  туралы  ақпараттың 

жеткіліксіздігі  жер  салығы  мөлшерін  нақты  айқындау  мен 

саралап жіктеуге мүмкіндік бермеді. топырақ құнарлылығын 

арттыруға  ынталандыратын  экономикалық  тетіктің  бол-



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



375

мауы  шаруашылықтардың  жерді  пайдалану  жауапкер- 

шілігін төмендетті. Нәтижесінде қолданыстағы жер құқығы 

ауылдағы нарықтық қатынастардың дамуын тежеп келді. 

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мен 2003 жылға 

арналып, 2002 жылдың сәуірінде жария болған Қазақстан 

халқына Жолдауымда Үкіметке «Жерге жеке меншік туралы» 

заң жобасын жасап, Парламентке ұсынуды тапсырдым. Заң 

жобасын  талқылау  бойынша  өріс  алған  пікірталастардың 

нәтижесі жыл өткеннен кейін Үкімет пен Парламент арасында 

текетірес туғызды да, оның ақыр соңы Үкіметтің отставкаға 

кетуімен аяқталды. 

бұл текетірестің бірнеше негізгі себептері болды. бірін-

шіден,  жобаны  жасаушылар  депутаттардың  жер  телімдері 

шартты  жер  үлестерін  иемденушілерге  тегін  таратылып 

берілсін деген ұсынысымен келісе алмады, өйткені бұл мұндай 

үлесі жоқ азаматтардың конституциялық құқығын бұзу бо-

лып  табылатын  еді.  Жердің  өзі  базалық  және  кадастрлық 

құны  бар  өндіріс  құралы  болғандықтан  да  жағдай  өте 

күрделілене түсті. Үкімет қорғап шыққан екінші пункт жеке 

меншікке  сату  үшін  арналған  телімдердің  мөлшері  тура-

лы  болды.  оның  алғашқы  нұсқасында  бұл  ауданның  ауыл 

шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерінің  жалпы  көлемінің 

10%-ынан аспауын қарастырды, оған қоса түпкілікті шешім 

қабылдау жергілікті биліктің еншісінде қалды. мәжіліс Жер 

кодексінің жобасында екі есе кем көлемді бекітуді ұсынды. 

Алайда  мамандар  бұл  нұсқа  барлық  ауыл  шаруашылығы 

құрылымдарының  60%-ын  бөлшектеп  жібереді  деп  са-

нады.  Яғни  ірі  жер  иеленушілердің  ауыл  шаруашылығы  

телімдерінің  қандай  да  бір  бөлшегі  мемлекеттің  иелігінде, 

ал басқасы – жекелеген адамдардың қолында қалатын бол-

ды. бұл инвесторларды үркітіп, қолданыстағы шаруашылық 

субъектілерінің әрі қарай ұсақтап кетуін тудыратын еді. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

376

Үкіметтің  келесі  қарсылық  білдіруі  заңды  және  жеке 

тұлғалар  үшін  жеке  меншікті  енгізудің  түрлі  мерзімдерінің 

тағайындалуы жөнінде болды. Депутаттар ұсынған нұсқада 

ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлерді  Жер кодексі 

күшіне енісімен бірден жеке тұлғалардың меншігіне, ал заңды 

тұлғаларға тек 3,5 жылдан соң беру мәселесі айтылды. бұл 

шаруашылық субъектілері теңдігінің принципін бұзатын бол-

ды. Яғни жеке тұлға ретіндегі шаруа қожалығы жер телімдерін 

жеке меншікке бірден сатып алса, ал заңды тұлға ретіндегі 

өндірістік  кооперативтер,  шаруашылық  серіктестіктерге 

мұндай құқық тек 3,5 жылдан соң ғана берілмек. Ал егер де 

бұл заңды тұлғалардың жерлері олардың мүшелерінің, яғни 

жеке тұлғалардың шартты жер үлестері есебінен құралатынын 

ескеретін болсақ, онда заңды тұлғалар 3,5 жыл бойына өз 

мүшелерінен  жерді  жалға  алуы  керек,  басқаша  айтқанда, 

еңбек ұжымы өз-өзінен жерді жалға алуы тиіс. бұл таңданыс 

туғызды. 

мәжіліс депутаттары ұсынған қосалқы жалгерлікті 2007 

жылға дейін ұзарту мәселесіне қатысты тағы бір келіспеушілік 

болды.  Үкіметтің  пікірі  бойынша,  бұл  нұсқа,  бір  жағынан, 

жалға  берушілердің  масылдық  мерзімін  ұзартуға,  екінші 

жағынан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнының 

негізсіз өсуіне апарып соқтырған болар еді. 

Принципті маңызы бар соңғы пункт – ауыл шаруашылығы 

мақсатындағы  жерлерді  сатудан  түскен  қаржыны  дайын 

тұрған  Ұлттық  қорда  емес,  жаңадан  құрылатын  институт-

тарда жинақтау туралы еді, мұның өзі қосымша бюджеттік 

шығыстарды  туындататын  болды.  Әрі  концепциялы,  әрі 

принципті  алауыздықтар  көрер  көзге  айқын  болып  тұрды. 

Үкіметтің ұстанымы: «егер де Жер кодексі осы нұсқасында 

өтетін  болса,  онда  ол  біздің  ауыл  шаруашылығымызды 

қиратуы мүмкін» дегенге келіп тірелді. 

бұл  Заңның  қабылдануы  мүмкін  екендігін  түсінген 

Үкіметтің кейбір шегіністерге баруын депутаттар өздерінше 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



377

бопсалай бастады. Депутаттардың ұстанымы мынадай болды: 

«егер де біздің өзгертулерімізді енгізбесеңдер – бүтіндей Заң 

үшін дауыс бермейміз». 

Сонымен, бір шегіністен кейін, бір баптан кейін бір бап; 

ақырында, сен маған, мен саған деген сияқты, бап соңынан 

бап талқыға түсті, ақырында, кабинет мүшелері мәжілістен 

Сенатқа мүлде өзгеріп кеткен нұсқа берілді дегенді айтысты. 

іс жүзінде, басқа заңнамалық акт берілді, ал Үкімет ұсынған 

нұсқа кері қайтарылған болып шықты. 

Парламент  депутаттарының  барлық  дәлелдері  мен 

қарсылық  уәждері,  олар  сайлаушыларының  пікірін  көрсе-

тетіндіктен,  маңызды  саналды,  бірақ  олардың  бәрі  бірдей 

іске жарамды емес еді. Сөйтіп, екі жақтың да әрбір дәлелі, 

әрбір қарсылығы ескеріліп, сарапталды, бағаланды, назарға 

алынды. Әйтсе де, заң жобасының бірқатар баптарына Үкімет 

енгізген өзгертулерге қарамастан, депутаттардың бұл мәселе 

бойынша Үкімет ұстанымымен сай келмейтін ұстанымдары 

айтылды. бірден-бір құқықтық жол қалды, ол Парламенттің 

Үкіметке  сенім  білдіруі  туралы  мәселе  еді.  егер  де  Парла-

мент үштен екі дауыспен сенімсіздік білдіру туралы шешім 

қабылдаса, онда Президент Парламентті немесе Үкіметті та-

ратуды шешуі керек. егер Парламент сенімсіздік білдіру үшін 

дауыс санын жинап ала алмаса, онда Үкіметтің заң жобасы 

өтеді. Дауысқа салу кезінде дауыс былай бөлінді: мәжілістің 

жетпіс  жеті  депутатынан  елу  бес  депутат  және  Парламент 

Сенатының  отыз  жеті  депутатынан  үш  депутат  Үкіметке 

сенімсіздік білдірді, бірақ та сенімсіздік білдіруге Сенаттың 

үштен екісі дауыс беруі керек еді. 

Сонымен, іс жүзінде бүкіл Парламент қажетті дауыс са-

нын жинай алмады. Алайда Иманғали тасмағамбетов егер 

де мәжілістің елу бес депутаты (басым көпшілігі) оған қарсы 

болса, онда ол Премьер-министр болып қала алмайтынын 

айтты да, өз еркімен қызметтен кетемін деп шешті. оны мен 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

378

мәжіліс спикері арасындағы жақсы қалыптаспаған қатынас 

та бұл жерде аз рөл атқарған жоқ. 

Экономиканың жақсы өсу қарқынымен бірге бізде аза-

маттардың әлеуметтік жағдайын оңалту, мәдениетке, білім 

беруге, денсаулық сақтауға баса көңіл бөліп, адам ресурста-

рын дамыту мүмкіндігі пайда болды. бұл жұмысқа әлеуметтік 

салада жұмыс тәжірибесі бар адам сай келетін еді. Сондай 

адам Иманғали тасмағамбетов болды. ол менің көптен бергі 

сенімді әріптесім болатын. Әкім болып та үлгерген еді және 

Үкіметке  де  тосыннан  келген  адам  емес  еді.  Парламентке 

ұсынылған  заңдардың  баяу  қарастырылуы  оның  белсенді 

болмысын бұзды. осы жағдайды айқындай айтқанда, жас 

ұрпаққа сабақ боларлық ақыл берсем деймін: мемлекеттің 

жоғарғы  басшылары  ел  мүддесі  туралы  әңгіме  жүріп  жат-

қанда, өздерінің сезімін ұстай білуі керек. 

Үкімет отставкаға кеткен соң, мен Сенаттың да, мәжілістің 

де депутаттарымен кездестім. Үкімет ұсынған заң жобасының 

нұсқасын сан рет түсіндіріп, қорғауыма тура келді. Жер мәсе-

лесінің  шешілуі  қарағайдың  жас  өскінін  еске  түсіреді.  ол 

құрғақшылыққа, кейде дауылдатып соққан желдің екпініне 

қарамастан,  қасарысып  биікке  бой  көтереді.  бірақ  оның 

жолында кездескен кедергілер осынау қуатты да сымбатты 

ағашты бір бұратылған сиықсыз кейіпке түсіретіндей қатер 

төндіртеді. Жеке меншікті енгізу керек пе, әлде керек емес пе 

деген мәселелер ауыл шаруашылығының дамуы мен одан 

әрі өсуі үшін кедергі болды, сондықтан оның шешімін ұзаққа  

созу бізді мүлде «күдіктің құй батпағына» батырып жіберетін 

еді. 

мен конституциялық кеңеске жүгіндім: егер ол сол кезде 



Жер  кодексінің  барлық  ережелерін конституцияға  сәйкес 

деп таныса, мен оған қол қойған болар едім де, ал жоба іске 

асып кетер еді. Алауыздықты депутаттармен тағы да талқылай 

келіп, біз ортақ тіл таптық. осылайша бұл кодекс үшін күрес 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



379

қызу  шиеленіспен  өтіп,  еліміздің  ауыл  шаруашылығын  ре-

формалау жөніндегі ең соңғы ірі қадам жүзеге асырылды, 

сондықтан жаңа Жер кодексі ауыл тұрғындарының игілігі мен 

Қазақстан ауылдарының қалыптасуына жұмыс істеуі керек. 

2003  жылдың  20  маусымында  мен  Жер  кодексіне 

қол  қой дым,  оның  ең  басты  және  маңызды  өзгерісі  ауыл 

шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік инсти-

тутының енгізілуі болды. 

Республиканың  ерекшелігі  мен  өткендегі  тәжірибесін 

ескере келіп, кодекс жер пайдаланудың үш түрін – тұрақты 

пайдалану,  уақытша  пайдалану  (жалға  беру)  және  жеке 

меншік түрлерін қарастырды. кодекске сәйкес, мемлекеттік 

кәсіпорындар  тұрақты  жер  пайдаланушылар  болды,  ал 

шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалардың кемінде 10 жыл 

мерзімге тек жалға алуға ғана құқығы болды, бірақ олардың 

жер телімдерін кепілдікке беруден басқа ешқандай келісім 

жасауға құқығы болмады. енді Қазақстан Республикасының 

жеке тұлғалары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары мем-

лекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 

телімдерін иеленуге жеке меншік құқығын алды. Сонымен 

қатар аталмыш жер телімдеріне иелік ету құқығын кадастрлық 

құны  (бағаланған)  бойынша  және  Үкімет  тағайындаған 

кадастрлықтың 75%-ы мөлшерінде, жеңілдетілген баға бо-

йынша сатып алуға болады. осы екі жағдайда да жердің құнын 

10  жыл  мерзімге  дейін  бөліп-бөліп  төлеу  қарастырылған. 

Жеке меншік институтымен қатар 49 жылға дейін жалға беру 

институты сақталды, бірақ оны кепілге беруден басқа қандай 

да бір келісім жасауға болмайды. басқаша айтқанда, жерді 

мемлекеттен міндетті түрде сатып алу шарт емес, оны жалға 

алу мерзімін жалғастыра беруге болады. Ауыл шаруашылығы 

мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатудан түскен қаржы 

Ұлттық қорға аударылады. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

380

Жер  мәселесі  шынында  да  даулы  мәселе  болды,  ол 

қазақ стандық қоғамның әртүрлі топтары арасында сан алуан 

пікірта ластар, қайшылықтар туғызды. Сын түрінде айтылған 

пікірлерді  талдай  келіп,  біз  жеке  меншікке  қарсылардың 

келтірген уәждерінің көбі жеткілікті түрде дәлелді емес екенін 

және  қазақстандық  жер  пайдалану  тәжірибесіне  сәйкес 

келмейтінін байқадық. 

мысалы, ең үлкен қауіп жерді «латифундистер» дейтіндер 

сатып  алады  дегеннен  шықты.  олар,  шынында  да,  ауыл 

шаруашылығында  қосалқы  жалгерлік  жағдайында  жұмыс 

істейтін инвесторлар болып табылады. Сондықтан жер ша-

руалар үшін қол жетпестей болып қалуы мүмкін деген сөздер 

айтылды. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ пен 

Ресейде,  мұндай  компаниялар  өндірісті  интеграциялаушы  

деп  аталады,  олардың  иелігінде  жер  мүлде  болмайды. 

Жаңағыдай жағдайға жол бермеу үшін кодексте белгілі бір 

шаралар  қарастырылды.  Жердің  бір  қолға  шоғырлануын 

болдырмау мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың 

жеке меншігіне мемлекет ұсынған жер телімдерінің ақырғы 

мөлшеріне  шектеу  енгізілді.  Ауыл  шаруашылығы  жерлерін 

ең алғашқы кезекте сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында 

ауылшаруашылық білімі, аграрлық секторда жұмыс істеген 

тәжірибесі бар және аталмыш ауылда тұратын азаматтарға ша-

руа (фермерлік) қожалықтарын жүргізу үшін жер телімдерін 

алуға артықша құқық беру қарастырылды. 

Жер нарығын толықтай ырықтандыруды жақтаушылар 

оны сатудағы, соның ішінде шетелдік азаматтарға қойылатын 

барлық шектеулерді алып тастауды ұсынды. бұл тұста ауыл 

шаруашылығына  шетелдік  инвестицияны  тарту  қажеттігі 

басты дәлел болды. бұл уәж жеткілікті түрде дәлелді болма-

ды, өйткені, ауыл шаруашылығының ерекшелігін ескерсек, 

әлемдегі  барлық  елдерде  ауыл  шаруашылығы  секторына 

демеу қаражаты көрсетіледі және онда тек ұлттық капитал 

ғана жұмыс істейді. 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ




1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал