Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет31/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

358

Жоғарыда  айтып  ескерткенімдей,  жердің  жаңа  иесін 

таңдаудың  түйінді  мақсаты  жер  пайдалану  тиімділігін  арт-

тыру  болып  табылды.  Жаңа  нарықтық  қатынастарға  көшу 

жағдайында жерді меншіктенушілердің мойнына салмақты 

проблемалар жүктелді.  олар өндірісті дербес жүргізуге, ал 

оның табыстылығы тек меншік иесінің тек иелік етуіне ғана 

емес, оның іскерлігіне, жерді меңгере білуіне байланысты еді. 

мемлекет, өз кезегінде, жерге жеке меншікті енгізу үшін 

тиісті институттарды (жерді меншіктенушілерді тіркеу қызметі, 

жер  телімдерінің  бағасын  анықтау  және  т.б.)  құруы  керек 

болды. Жерге жеке меншікті енгізу туралы түпкілікті шешімді 

қабылдау  қалыптасқан  ахуалды,  әсіресе  мемлекеттік  ауыл 

шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру мен олардың 

мүлкін  таратудың  ерекшелігін  ескере  отырып,  оны  жеке 

адамдардың қолына берудің мұқият жасалған тетігі болуын 

талап еттім. Сірә, бұл арада «жеті рет өлшеп, бір рет кес» де-

ген ескі мәтел өзін толық мағынасында көрсете білді. 1995 

жылға дейін жердің тек қана мемлекет иелігінде болып келуі 

әбден заңды еді. 1995 жылы бүкілхалықтық референдуммен 

қабылданған еліміздің конституциясы, біздің тарихымызда 

тұңғыш рет, Қазақстанда жер мемлекет меншігінде де, жеке 

меншікте де болатынын айқындады.

«1-бөлім «Жалпы ережелер», 6-бап. 

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен 

жануарлар  әлемі,  басқа  да  табиғи  ресурстар  мемлекет 

меншігінде  болады.  Жер,  сондай-ақ  заңда  белгіленген 

негіздерде, шарттар мен шектерде, жеке меншікте де болуы 

мүмкін».

Қазақстан Республикасының Конституциясы. 

1995 жылдың 30 тамызында 

жалпыреспубликалық референдумда 

қабылданған


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



359

бұл ережелер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-

ге жеке меншік құқығын тағайындаушы заңнамалық актілердің  

туындауына  мүмкіндік  жасады.  бұл  мәселе  бойынша  Пар-

ламентке ұсынылған бастапқы Заң жобасы өтпеді.  ол ұзақ 

талқыланды.  бірауыздылық  болмады.  тіпті,  құнарлы  жер-

лерге қандай ұлттың адамдары иелік ете алады, ал қайсысы 

иелік ете алмайды дегенге дейін бардық. бұл жерде талас, 

негізінен, басқа республикалардың адамдары келіп жұмыс 

істеген  тың  жерлер  туралы  болды.  мен  ол  кезде  кесімді 

пікір айтқан жоқпын. бірақ жердің жеке меншікке берілуін 

нығарлап айттым. 

1995 жылдың желтоқсанында «Жер туралы» Жарлықты 

жарияладым, сөйтіп жаңа жер қатынастары заң жүзінде айқын-

далды. Республиканың мемлекеттік емес заңды тұлғалары мен 

азаматтарына жеке қосалқы шаруашылығын, бау-бақшасы 

мен саяжай құрылысын, сондай-ақ өндірістік және өндірістік 

емес құрылыстарын, соның ішінде тұрғын үй ғимаратын, тағы 

басқа  ғимараттары  мен  олардың  кешенді  құрылыстарын, 

бұларға қоса оларға қызмет көрсету үшін арналған жерлердің 

жұмыстарын жүргізуге қажетті жер телімдерін жеке меншік 

иелікке беру мүмкіндігі мойындалды. Сонымен бірге атал-

мыш Жарлыққа сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы 

жерлер,  сондай-ақ  қорғаныс  мақсатындағы,  орман  және 

су  қорларындағы,  ерекше  күзетілетін  аумақтардағы,  ар-

найы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, демалыс және 

емдеу-сауықтыру  мақсаттарындағы,  елді  мекендердегі 

жалпы пайдаланымдағы жер телімдері жеке меншік иелігіне 

берілмейтін болды. 

Жарлық тағы да ымырашылдық сипатта болды, себебі 

оның ережелері ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік 

құқығын  енгізуге  шектеулерді  бекітті.  1995  жылы,  ауыл 

шаруашылығы  экономиканың  ең  пайдасыз  саласы  болған 

(ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  де  өткізу  шығындарының 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

360

деңгейі  17,9%,  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерінде  – 

2,9%,  мал  шаруашылығында  –  30,7%  болды)  және  ауыл 

тұрғындарының төлем қабілеті төмендеген кездерде, жеке 

меншікті енгізу республикада азық-түлікпен қамтамасыз етуге 

байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін еді. 

Қазақстан халықтары Ассамблеясында мен бүгінде ауыл 

шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жұмыс істейтін біздің 

азаматтарда қаржының жоқтығы кезінде, оны жаппай сатып 

алу мен қайта сатуды беталды қоя беру – осы адамдарды 

тақыр-таза тонау, оларды жалшылық жұмысқа мәжбүр ету 

болатынын  атап  ескерттім.  Әлі  меншік  иесі  екенін  сезініп, 

меншік  құқығының  құндылығын  терең  түсіне  қоймаған 

адамдар  тез  пайда  таба  қоюға  асығып,  өз  жерлерін  сатып 

жіберуі  мүмкін  еді.  Немесе  сырттан  тартылған  капиталмен 

бәсекелесе алмайтын еді. Ал сонан кейін өз жерлерін сатып 

алғандарға жалданып барып жұмыс істеуге мәжбүр болар 

еді. біздің қоғам әлі де жерге жеке меншікті жаппай енгізуге 

дайын емес еді. 

Жекешелендірудің үшінші кезеңінде (1996–1997 жыл-

дар)  республикада  162  мемлекеттік  ауыл  шаруашылығы 

кәсіпорындары  жекешелендірілді.  мүліктік  жарналар  мен 

шартты жер үлестері иелерінің оларды сатуға немесе жалға 

беруге құқығы болды. Алайда ауыл шаруашылығы мемлекеттік 

қолдаудың  күрт  қысқаруы  жағдайында  да  жоспарлы  эко-

номика  жылдарындағы  ескі  жоба  бойынша  жұмыс  істей 

берді.  бұрынғы ұжымшарлар мен кеңшарлардың көптеген 

қызметкерлері шартты жер үлесі құқығын иеленіп, мүліктік 

жарнаны  тегін  алғанымен,  ақпараттың  жетімсіздігі  мен 

дәстүрлі кертартпалықтан болып жатқан өзге рістердің мәнін 

жете түсінбеді және бұл меншікке барынша тиімді билік ете 

алмады.  Жергілікті  биліктің  қолғабыс  тигізуімен  бұрынғы 

ұжымшарлар  мен  кеңшарлардың  директорлары  («қызыл 

директорлар» аталатын) құрған өндірістік кооперативтердің 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



361

басым бөлігі өздерінің негізгі және айналымдағы қаражатынан 

тез арада айырылып қалды. олар өздеріне тиесілі ұқсатушы, 

қызмет көрсетуші ұйымдардың акцияларын тіпті арзан бағаға 

сатып жіберді: бұл жағдай ауыл шаруашылығы өндірушілерін 

оны басқаруға қатыстыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік 

бермеді. олар жерге және өндірген өнімдеріне әрдайым тиімді 

билік  ете  алмады.  тіпті  мұндай  шаруашылық  басшылары 

астықтың тоннасын 20-30 АҚШ долларына сатқан келеңсіз 

жағдайлар да болды. 

бұдан басқа, бағаның құнсыздануы, «жабайы баспа-бас 

айырбастың» кең қанат жаюы, ауыл шаруашылығы өнімдерін 

өткізу нарығының тарылуы жағдайында шаруашылықтардың 

қарызы көбейіп кетті. 1998 жылдың басына қарай аталмыш 

саланың қарызы 120 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы 

инвесторлар үшін өте тартымсыз болды. 

90-шы  жылдардың  соңында  ел  экономикасының 

ауыл  шаруашылығы  өндірісіндегі  инвестицияның  үлесі 

0,4  %  төмендеді.  Өнімді  өткізу  мен  ауыл  шаруашылығы 

тауар өндірушілерін жабдықтаудың қалыптасқан жүйесінің 

бұзылуы, өз кезегінде, астық, ет, көкөніс және басқадай ауыл 

шаруашылығы өнімдерін өткізудің ең ірі арналарын жоғалтуға 

апарып соқты. 

ішкі рынокты қорғау жүйесінің жоқтығы отандық тауар-

ларды ығыстырып, шетелдік өнімдердің ағылуына жол ашты, 

мұның  өзі  өндірістің  құлдырауына  қосымша  себеп  болды. 

Қалыптасқан  ахуал  реформаланған  шаруашылықтарды 

жекешелендіруден  кейінгі  кезеңде  қолдауды,  нарық 

жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің қалыпта-

суына  ықпал  ететін  мемлекеттік  қолдау  жүйесін  жасауды 

қамтамасыз  етудің  кезек  күттірмейтін  шаралар  кешенін 

қабылдауды талап етті. 

Сонымен қатар, егер 1998 жылы мемлекеттің көптеген 

ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  банкроттау  үрдісін 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

362

тиімді өткізгеніне тоқталып өтпесек, жер мәселесінің тари-

хы толық болмас еді. Сол кезеңде бұл ең бір дұрыс шешім 

болды. Жүргізілген жұмыстардың мәні мен мағынасы ауыл 

шаруашылығы  құрылымдарын  қордаланған  қарыздардан 

құтқаруға  келіп  тірелді.  бұл  бізге  банкроттау  шараларын 

жүргізу  арқылы  ауыл  шаруашылығын  қайыры  жоқ  қарыз 

иелерінен «тазалауға», соған сәйкес олардың орнына жаңа 

меншік иелерін әкелуге мүмкіндік берді. 

Соған  қоса,  ауыл  шаруашылығы  саласының  қаржы 

жағдайын  нығайту  мақсатында,  1998  жылдан  респу-

бликада  қарызын  өтеуге  дәрменсіз  ауыл  шаруашылығы 

құрылымдарын, оларға банкроттау шарасын қолдану арқылы 

қаржылай  оңалту  мен  сауықтыру  үрдісі  басталды.  осыған 

орай  арнайы  республикалық  ведомствоаралық  жұмыс 

тобы  құрылды:  ол  жасалған  ұсыныс  нұсқауларға  сәйкес 

әр  он  күн  сайын  Қазақстан  Республикасы  Үкіметіне  ауыл 

шаруашылығын қаржылай оңалту мен сауықтыру үрдісінің 

өткізілуі туралы ақпараттар беріп отырды. 

Республиканың  барлық  шаруашылықтары  үш  топқа 

бөлінді. бірінші топ – тұрақты экономикалық және қаржы көр-

сеткіштері бар рентабельді жұмыс істейтін шаруашылықтар. 

екінші топ – қаржылай сауықтыру шараларын жүзеге асыру 

арқылы қаржылық қауқарға ие болатын шаруашылықтар. 

Ақыры, үшінші топқа банкроттау алдындағы шараларды 

жүргізгеннен  кейін,  банкроттауға  ұшыратуды  қажет  ететін 

шаруашылықтар жататын болды. 

банкроттауды классикалық үлгісінде қолдану шаруашы-

лықтардың  өз  активтерінен  түгел  айырылуына  және  ауыл 

тұрғындарының  мүлде  құр  қол  қалуына  алып  келетіні 

түсінікті  еді.  Сондықтан  жергілікті  жерлерде  банкроттауды 

жүргізгенге дейін банкроттау алдындағы шаралар жүргізілді. 

мысалы,  іс  жүзіндегі  заңдылықтар  шеңберінде  дәрменсіз 

шаруашылықтардың  өндірістік  және  технологиялық 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



363

үрдістерінің негізін құрайтын өндірістің негізгі қорлары еңбек 

ұжымдары мүшелерінің жалақысын төлеу бойынша, сондай-

ақ ауыл шаруашылығы өндірісін енгізуге мүдделі негізгі несие 

алушылардың қарыздарын жабу есебінде таратып жіберілді. 

Өндірістің  негізгі  қорларын  алған  еңбек  ұжымдарының 

мүшелері  өздерінің  шартты  жер  үлестерімен  дәрменсіз 

шаруашылықтардан  шығып,  жоғарыда  аталған  негізгі  не-

сие алушылармен бірге ешқандай қарызбенен былықпаған 

жаңа шаруашылық субъектілерін құрды, сөйтіп таза орында 

жаңадан жұмыс істеуді бастады. Ал өтімсіз активтермен және 

орасан зор қарыздармен қалған дәрменсіз шаруашылықтар 

банкротқа ұшырады. 

Дәрменсіз  шаруашылық  субъектілеріне  банкрот-

тауды  жүргізу  кезінде  несие  алушылардың  үлкен  бөлігі 

қанағаттанғысыз болып қалды, әрине, қарыздары алынып 

тасталды. 

1998 жылдан 2001 жылға шейін аграрлық секторда ре-

форманы жүргізу уақытында 2284 шаруашылық банкрот деп 

жарияланды, ал 2001 жылдың басына қарай солардан 1981 

шаруашылық (87%), соның ішінде 1574-і – сот тәртібімен,  

407-і – сот тәртібінсіз жойылды. 

Ауыл  шаруашылығы  құрылымдарына  банкроттауды 

жүргізу бізге не берді? бірінші кезекте, бағаның құнсыздануы 

мен  дағдарысты  кезеңдерде  қордаланған  қарыздардан 

шаруашылық  субъектілерді  құтқарып  қалуға  мүмкіндік 

туғызды.  Сөйтіп,  банкротқа  ұшырап  жойылғандардың 

негізінде  жаңадан  құрылған  кәсіпорындарды  айтпағанда, 

көптеген  шаруашылықтар  өз  қызметін  жаңадан  қарызсыз 

бастауға  мүмкіндік  алды.  мысалы,  банкроттауды  жүргізу 

кезеңінде  (1998–2001  жж.)  бұрынғы  жекешелендірілген 

ұжымшарлар  мен  кеңшарлардың  негізінде  35  мың  шаруа 

қожалықтары құрылды. олардың негізгі бөлігі екі облыстың: 

оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары еңбеккерлерінің 

үлесіне тиді. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

364

Аграрлық  секторда  нарықтық  қатынастарға  қарай  бет 

бұру  баяу  жүрді.  бұл  негізінен  саланың  өз  ерекшелігіне 

және  еліміздің  ауыл  шаруашылығында  жинақталған  үлкен 

проблемалардың  жүгіне  байланысты  болды.  Ауыл  шаруа-

шылығында  айналым  капиталының  болмауы  саланың  да-

муын тежеді; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қарыз 

ауыртпалығынан босату қаржының барлық проблемаларын 

шеше алмады. Негізгі қорлар мен активтерге мұқтаждық ауыл 

тұрғындарын  несиелер  алу  үшін  коммерциялық  банктерге 

баруға мәжбүр етті, алайда жерге деген құқықты ипотекалық 

несие  алу  үшін  кепілге  салудың  нормативтік-құқықтық 

базасының реттелмеуі, сондай-ақ кепілдік мүліктің өтімсіздігі 

несие бермеуге негіз болды. Жерге жеке меншік кезінде эко-

номика ипотекалық несиелеудің бұрыннан жетіспей келген 

тетігіне  ие  болатын  еді  де,  сонда  белгілі  бір  нақты  меншік 

құқығы қажетті қаржыны алу үшін жарамды кепіл бола ала-

тын еді. 

Ауыл шаруашылығы сол уақытта ұзақ мерзімді инвести-

цияларға  өте  мұқтаж  болды,  ал  шаруашылық  жүргізуші 

субъектілер заңмен қорғалатын жер шекаралары болмаған 

жағдайда,  олардың  жерді  уақытша  пайдалануы  ауыл 

шаруашылығы секторына капиталдың ағылуын қамтамасыз 

ете  алмады.  Сонымен  бірге,  жалға  беру  мерзімдерін 

айқындаудағы, келісімшарттарды бекіту, олардың мерзімін 

ұзарту  мен  бұзудағы  басты  рөл  жергілікті  деңгейдегі 

шенеуніктердің қолында болды. 

мұндай  жағдай  жерді  бөліп  беру,  оны  астыртын  пай-

далану  және  тапқан  кірістерді  жасырып  қалу  жөніндегі 

әкімшілік шешімдерді көлегейлі сауданың құралына айнал-

дырды. Жекелеген сарапшылардың бағалауы бойынша, ауыл 

шаруашылығы  мақсатындағы  бір  гектар  жерді  жалға  алу 

жөніндегі әкімшілік шешімінің бағасы жиналған астық өнімі 

құнының 6-дан 10 пайызына дейін жетті. 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



365

бұл келеңсіз сәттердің барлығы жер реформасына қарсы 

шығушылар сөздеріне желеу болды. Сондай-ақ олардың бұл 

жорамалдары  жерді  жекелеген  қолдарға  бергеннен  кейін 

жерді  пайдаланудың  тиімділігі  артқан  жоқ  деген  сылтау-

мен ушықтырылды. Алайда жерге жеке меншік құқығының 

енгізілуі, әсіресе, қазақстандық экономиканың, соның ішінде 

ауыл шаруашылығы секторының даму жағдайында, өте қысқа 

мерзімде жерді пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге және 

ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға кепілдік 

береді деп сендірсек, онда бұл қате болар еді. 

бұған  қоса,  жер  телімдерімен  алаяқтық  операциялар 

көбеймей қоймайды деген пікірлер де келтірілді, оған дәлел 

ретінде  таяу  болашақта  бағасы  айтарлықтай  өсуі  мүмкін 

шектеулі активтерге қаржы алаяқтарының қол салуына жер-

ге меншік құқығының заң жүзінде мойындалуы ықпал етеді 

деген долбар да болды. 

Өткенді  көксеген  көзқарастар  да  айтылды.  Жерге 

мемлекеттік  меншікті  жақтаушылар  жер  қатынастары  екі 

экономикалық  нәтижені  –  кәсіпкерлік  кіріс  пен  рентаны 

туғызады деп сендірмек болды. егер де жер иелері иемденсе 

кәсіпкерлік кіріс әбден дәлелді болуы мүмкін, ал ренталық 

кіріс жер иесінің еңбегі болып табылмайтындықтан рентаны 

қоғам иемденуі керек қой. 

осылармен  қатар  жерге  жеке  меншікті  сынаушылар 

мәселеге жөнсіз саяси реңк берді, Қазақстанда жерге жеке 

меншікті  енгізу  қазақ  халқының  тарихи  орнықтылығы  мен 

салт-дәстүріне  қайшы  келіп,  әлеуметтік  толқуларға  әкелуі 

мүмкін деп соқты. олардың пікірінше, меншікті қайта бөлісу 

болмай қалмайды, мұның өзі жерге байланысты кикілжің-

дерді тудырады-мыс. 

Өткенге көз жібере отырып, жерді жеке меншікке беруге 

қарсы шығушылардың сөздерінде кейбір дәлелді қисындар 

бар екенін және онымен келіспеске болмайтынын атап өткім 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

366

келеді.  Атап  айтқанда,  біз  мемлекет  үшін  жерге  иелік  ету 

мен оны жалға беру құқығын өзіне қалдыруының тиімділігі 

туралы  пікірмен  келістік.  Жерге  мемлекеттік  иелікті  сақтай 

отырып, жерді сату-сатып алусыз жалға беру ауылдық жер-

лерде  нарықтық  тетіктердің  шектеулі  әрекетін  қамтамасыз 

ете алатын еді. 

Нарықтық экономиканың одан әрі дамуы мен жер қаты-

настарындағы  жаңа  өзгешеліктердің  пайда  болуы  «Жер  

туралы»  жаңа  Заңның  қабылдануын  талап  етті.  Аталмыш 

заң қалыптасқан жағдайды ескере отырып және нарықтық 

экономиканың толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін 

қалыптасатын болашаққа арналып, қайта пысықталып жасалды. 

Парламент мүшелерімен болған бір кездесуде ауыл шаруашы-

лық мақ сатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу жөніндегі 

пікірімді тағы да айттым. бұл негіздей айтылған пікір болатын, 

себебі дүниежүзілік тәжірибенің де, біздің практикамыздың 

да көрсетіп отырғанындай, ауыл шаруашылығындағы жағдай 

көбіне-көп  жер  факторының  нарықтық  қатынастарда  қай 

мөлшерде қызмет ететініне байланысты болады. оның үстіне, 

қазіргі қолданылмай жүрген заңнамалық актілер бұған қажетті 

құқықтық базаларды жасады. 

бұдан  кейінгі  оқиғалар  экономиканың  аграрлық  сек-

торы  мен  біздің  халықтың  мұндай  күрт  өзгерісті  шешімге 

әзір  еместігін  көрсетті.  1999  жылы  шілдеде  Республика 

Парламентіне қайта пысықталып ұсынылған «Жер туралы» 

Заң жобасын Үкімет жерге, соның ішінде ауыл шаруашылық 

жерлеріне де жеке меншік енгізуді регламенттеу жайында сөз 

болған ережелердің сыналуына байланысты кері қайтарып 

алды. Заң жобасын жасаушылар бірқатар елеулі қателіктер 

жіберген,  себебі  жобаны  жасау  жұмысына  ғалымдар, 

аграрлық  сектордың  қызметкерлері  тартылмаған  және,  ең  

бастысы,  ауыл  тұрғындарының  мүддесі  толықтай  ескеріл-

меген. 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



367

екі жылға созылған айтыстан кейін барып, 2001 жылдың 

қаңтарында бұл мәселені шешудің ымыраға келушілік нұсқасы 

ретінде «Жер туралы» Заң қабылданды. Алайда оны түпкілікті 

деп  бағалаудың  жөні  жоқ  еді.  Солай  болғанымен  де,  заң 

Қазақстан  азаматтарына  жерді  жеке  меншіктеу  және  оны 

жалға беру құқығын берді, ал мұның өзі ауылдық жерлерде 

экономикалық қатынастарды капиталдандыруды көздеген-ді. 

менің ойлауымша, бұл заңмен жерді меншіктенушілер табын 

қалыптастыруға маңызды қадам жасалды. бұл меншік иелері 

ойдағыдай дами отырып, кейіннен жер реформасын толықтай 

аяқтаудың басты күші болды. 

2001 жылдың қаңтарында қабылданған Заңға сәйкес, 

республикада  жерге  жеке  меншік  пен  мемлекеттік  меншік  

тең  жағдайда  мойындалып,  қорғалады.  мысалы,  жеке 

меншікке тікелей өз шаруасын, үй шаруасын (қосалқы), бау-

бақшасын және саяжай құрылысын жүргізу үшін ұсынылған 

жер телімдерінен басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы 

жерлер берілмеді. Ауыл шаруашылығы жерлеріне мемлекеттік 

меншіктің қатынасына байланысты 2001 жылдың қаңтарында 

қабылданған Заңның мәні бұдан бұрынғы заңдық актілермен 

салыстырғанда өзгерген жоқ. Жер шетелдіктер мен азаматтық 

алмаған  тұлғалардың  жеке  меншігіне  берілмеді,  олардың 

жерді тұрақты пайдалану құқығы мүмкін болмады. 

Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерлер  тек  тауар-

лы  ауыл  шаруашылығы  өндірісін,  қорғаныштық  орман 

ағаштарын өсіру жұмысын, ғылыми-зерттеу, тәжірибе және 

оқу  мекемелері  жұмысын,  қосалқы  ауыл  шаруашылығын, 

бақшашылық  пен  мал  шаруашылығын  жүргізу  үшін 

республиканың заңды және жеке тұлғаларына беріледі. 

Әрбір ауыл тұрғынына өзінің шартты жер үлесіне қалай 

билік  етуін  өзі  айқындау  мүмкіндігі  жер  реформасының 

екінші кезеңінің нәтижесі болып табылады. Ауыл тұрғындары 

алдарынан  ашылған  жаңа  мүмкіндіктерді  барынша  жақсы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

368

пайдалануды міндеттейтін жерді меншіктену рөліне үйрене 

бастады. Ауыл тұрғындарының санасындағы нақ осы өзгеріс 

біздің  жерге  жеке  меншікті  енгізуге  қарай  батыл  қадам 

жасауымызға  –  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Жер 

кодексін қабылдауымызға мүмкіндік берген шешуші фактор.

 

ж

ер

 к

одексінің

 

жАсАлуы

 

мен

 

ҚАбылдАнуы



2002–2003 

жылдАр

Жер кодексін қабылдау және сонымен бірге ауыл шаруа-

шылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу мәсе-

лесіне еліміз бірден келе қалған жоқ, бұл өтпелі кезең мен 

экономикадағы нарықтық қателіктерді дамыту жағдайында 

жер заңнамасын жетілдірудің ұзақ эволюциялық жолы болды. 

Жер реформасының бірінші және екінші кезеңдері, дұры-

сында,  ауыл  шаруашылығында  сол  кезде  кенеттен  болған 

дағдарысты еңсеру жөніндегі өтпелі кезеңнің уақытша ша-

ралары  еді.  Реформаның  бірінші  кезеңінің  негізгі  мақсаты 

жерге  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  мәртебесін 

айқындау,  олардың  мемлекетпен  өзара  қатынасын  ретке 

келтіру болды. ол кезде және сондай жағдайда жерге жеке 

меншік  деген  ұғым,  қалай  десек  те,  қабылдарлық  болма-

ды.  Жер  реформасының  бірінші  кезеңі  социалистік  жер 

заңнамаларынан бас тартуды көздеді. Жермен жұмыс істеген 

адамдардың барлығына олардың мемлекетпен арадағы жер 

қатынастарына байланысты анық түсіністік беру қажет бол-

ды,  ал  мемлекет  ол  кезде  жерге  меншіктің  ерекше  дербес 

құқығына ие болатын. 

Жер  реформасының  екінші  кезеңінің  негізгі  міндеті 

аграрлық  секторды  нарықтық  қатынастарға  кеңінен  тарту 

болып  табылды,  өйткені  жердің  жекелеген  категория-

ларына  жалға  беру  институты  мен  жеке  меншік  құқығы 

енгізілгендіктен, сондай қатысуға мүмкіндік туған. Өздеріңізге 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



369

мәлім, жерге жеке меншіктің енгізілуін көздеген 1999 жылғы 

«Жер  туралы»  заң  жобасын  Үкімет  Парламенттен  кері 

қайырып алды. бұл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер-

лерге жеке меншік институтын енгізу қажеттігіне Парламент 

мүшелерінің көзін жеткізу жөніндегі сәтсіз талпыныс еді. 2001 

жылдың қаңтарында «Жер туралы» Заңның ымырашылдық 

нұсқасының қабылдануы Парламент пен Үкімет арасындағы 

пікірталастың  нәтижесі  болды.  Алайда  бұл  заңда  ауыл 

шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын 

енгізуді қарастырмады. 

Жер реформасының бірінші және екінші кезеңдері де, со-

нымен қатар сол уақыттың ағымдағы міндеттерінің орындалуы 

еліміздегі жер реформасындағы ең маңызды оқиға – ауыл 

шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті енгізу 

алдындағы  өзінше  бір  дайындық  сатысы  болып  табылды. 

осы  уақыт  ішінде  республикада  150  мыңнан  астам  шаруа 

қожалықтары жұмыс істеді. 

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 40 пайызы 

олардың пайдалануында болды, мұның өзі жердің азғантай 

ғана топтың қолында шоғырлануына жол бермеді. 

2003 жылға қарай еліміздің экономикасы 90-шы жыл-

дардағы  дағдарыстан  толықтай  айығып  қана  қоймады, 

дамудың  жоғары  қарқынын  көрсетті.  Соңғы  жылдардың 

ішінде жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі байқалады. мысалы, 

тек 2003 жылы ғана еліміздің жалпы ішкі өнімі 109,3% болды. 

Республика экономикасындағы жалпы қолайлы ахуал аграрлық 

секторды қолдау мен тереңдетілген реформаларды жүргізу 

үшін қосымша едәуір қаржы бөлуге мүмкіндік берді. Деген-

мен, қолдау орталықтандырылған экономика кезеңіндегідей, 

жаппай баршаны қамтитындай болмауы керек еді. Аграрлық 

секторды қолдау ішінара сұрыпталған болуы қажет еді. 

менің  тапсыруым  бойынша  «2003–2005  жылдарға 

арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы» 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал