Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет30/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

347

бізде  іс  жүзінде  ешқашан  жерге  жеке  меншік  деген  толық 

мағынасындағы түсінік болған жоқ. біздің жеріміз әрдайым 

не рудың, не патшалық Ресей, не кеңес одағы, ақыр соңы 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттерінің  меншігі  болып 

келді. 


осындай  тарихи  көрініспен  қатар,  Қазақстанда  жер 

реформасының  бірқатар  мықты  ерекшеліктері  болды.  ең 

алдымен,  жерге  жеке  меншікті  енгізу  туралы  мәселенің 

күрделілігі  және  ол  жөнінде  бірыңғай  қоғамдық  пікірдің 

болмауы себепті, ауыл шаруашылығын реформалау, тегінде, 

барлық өткен жылдардан қазіргі кезге шейін созылып келді. 

Адамдар жерді жеке қолдарға беруге дайын болмады, ал 

онсыз бүкіл ауыл шаруашылығын қандай да бір мағынада 

және  түпкілікті  реформалау  туралы  сөз  қозғаудың  өзі 

мүмкін емес еді. Сондықтан барлық басқадай салалардан 

оның  айырмашылығы  –  бір  жерде  уақыт  бізді  тықсырып 

асықтырып, енді бір жерлерде біздің алдымызға түсіп алып 

озық  жүрсе,  ал  ауыл  шаруашылығында  біз  реформаны 

мұндай «жанып-күйіп бара жатқан уақытпен» шектемедік. 

Ауыл шаруашылығы мемлекеттің қолдауынсыз күн көре 

алмайтынын  мойындай  отырып,  біз,  сол  жылдарда  жария 

етілген  нарықтық  экономиканы  құру  мен  жекешелендіру 

бағытына қарамастан, жерге жеке меншік туралы мәселені 

кейінге қалдырып, жартылай шаралармен және өтпелі кезең 

моделдерімен ғана шектелдік. Десек те, біздің алдымыздан 

бой  көрсетіп  шыққан,  мысалы,  өнеркәсіптегі  проблема-

лар,  ауыл  шаруашылығында  да  зәру  күйінде  қала  берді. 

мемлекеттік мүліктің жаппай тонау мен талан-таражға са-

лынуы,  бұған  қоса  азық-түлік  тағамдары  бағасының  күрт 

төмендеп кетуі бүкіл елімізде аграрлық және азық-түлік сек-

торын аянышты халге жеткізді. Қаңыраған дүкен сөрелері, 

азық-түлік  тағамдарының  тапшылығы  және  т.б.  аға  ұрпақ 

есінде ұмытылмастай болып сақталып қалды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

348

Әйтсе де, біздің асығыстық жасауымызға болмады. Ауыл 

шаруашылығы реформасының табысты болуы оның орын-

далу мерзімінен маңыздырақ болды. Халқының 40%-ынан 

астамы ауыл тұрғындары саналатын біздің республикамыз 

үшін аграрлық секторды реформалаудың тек экономикалық 

қана емес, сонымен бірге әлеуметтік бағыттылығы да бол-

ды.  Өйткені  барлық  гектарлар,  сүт  өндірулер  мен  малдың 

күйлілігін  арттыру  деген  ұғымдар  атаулының  ар  жағында 

тек  кеңшарлар  мен  ұжымшарлар  ғана  емес,  ең  алдымен, 

ауылдық жерлердің тұрғындары бар еді, ал олар нарықтық 

реформаларға әлі әзір емес еді, демек, әлеуметтік тұрғыдан 

өте әлсіз еді. 

біздің алдымызда екі түрлі мәселе тұрды: біріншіден, ауыл 

мемлекеттің қолдауына өте мұқтаж, екіншіден, мемлекеттік 

қаржыға  арқа  сүйеген  ауыл  шаруашылығымыз  ешқашан 

бәсекеге қабілетті бола алмайды. осындай пайымдауларды 

негізге ала отырып, жаңағы екі мәселені бірдей ескеретін даму 

жолын таңдап алу қажет болды. 

Ал әзірге ауыл тұрғындары нарықтық қайта құрулардан 

тыс қалып келді. Сонымен бірге ауылда түбегейлі нарықтық 

қайта құрулардың қажеттілігі барған сайын айқындала түсті. 

Дегенмен,  шет  елдердің  тарихи  тәжірибесі  көрсеткендей, 

көптеген  елдердің  табысты  экономикалық  дамуы  жер  ре-

формаларын  жүргізу  мен  аграрлық  секторды  дамытудан 

басталған. батыс еуропа, Солтүстік Америка және Австралия 

елдері осы жолмен жүріп өтті. Ал енді бізге даму үлгісі жағынан 

өте жақын Шығыс еуропа елдеріне келсек, Венгрияда жердің 

негізгі  бөлігі  жеке  меншік  иелігіне  1989  жылдан  бастап 

берілді. Сол жылы жерге жеке меншік құқығы Польшада заң 

жүзінде бекіді. 1990 жылы Румынияда қабылданған аграрлық 

реформалау  бағдарламасы  еркін  шаруашылық  жүргізу 

түрін таңдауға, жерді пайдалану мен билік етуге құқығы бар 

тиімді жер иеленушілердің кең жүйелі тобын қалыптастыруға 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



349

бағытталды.  Жерді  сату-сатып  алу  заң  жүзінде  бекітілді. 

Сондай-ақ Чех республикасында да 1989 жылдан кейін жерге 

жеке меншік институты енгізілді. 

осы жер реформаларының барлығы да табысты болды 

және аталмыш елдер экономикасының дамуына түрткі болды. 

Алайда, әділдік үшін айтуымыз керек, барлық Шығыс еуропа 

елдерінде іс жүзінде жерге жеке меншік шектеулі мөлшерде 

болса да социалистік басқару уақытында да болған. Ал олар-

да жерге жеке меншік институты кеңес одағы құрылғаннан 

көп  бұрын  пайда  болған-ды.  одақтас  республикалардың 

бірі ретінде Қазақстанда жер толықтай мемлекеттің иелігінде 

болды. оның үстіне, біздің ауыл шаруашылығымыз өзінің таза 

кеңестік  құлаш  сермеуімен  және  тепе-теңдігі  жоқтығымен 

ерекшеленген.  Яғни,  жоғарыда  аталған  елдердің  моделі, 

жалпы ахуалы жақын болғанына қарамастан, бізде қолдануға 

келмейтін еді. Иә, тұтастай алғанда, Қазақстан – ол Эстония 

да,  Чехия  да  емес,  олар  хуторлық  жер  шаруашылығы  деп 

аталатын тарихи дамуды бастан өткерген. Қазақстан өзінің 

табиғи-климат  жағдайы  бойынша  егін  шаруашылығына 

онша  қолайлы  емес,  тәуекелді  аймаққа  жатады.  мұнда 

құрғақшылық, көктемгі бозқырау жиі болып тұрады, мұның 

өзі  агротехникалық  дақылдардың  өнімділігіне  кері  әсерін 

тигізеді.  көптеген  сарапшылар  мен  ғалымдардың  айтуын-

ша,  осы  себептерге  байланысты  Қазақстанда  жерді  өңдеу 

мен еңбектің тек ұжымдық түрлері ғана мүмкін делінді. олай 

болса, жерге жеке меншік иесін анықтау да өзінің алғашқы 

мағынасын  жоғалтады-мыс.  мен  мұндай  көзқараспен 

толықтай  келісемін  немесе  толықтай  келіспеймін  деп  айта 

алмаймын.  бір ғана айтарым, тіпті ұжымдық еңбек түрі де 

– кім не істейді және кімге не тиесілі деген нақты түсінікке 

құрылуы  керек.  Ұжымшылдықтың  негізгі  кемшілігі,  яғни 

күні бүгінге дейін бұрынғы көптеген кеңшарлар мен ұжым-

шарлардың  күнәға  батып  келе  жатқанының  себебі:  жеке 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

350

бастың  жауапкершілігінің  жоқтығы,  бізден  басқаның  бәрі 

кінәлі деушілікте. кім шешім қабылдауы керек? кім жауапты 

болуы тиіс? Әрине, жер меншігінің иесі, өйткені жер – бар 

байлықтың түп негізі. тіпті, қашан да бір белсенді фермер пай-

да болып, бір нәрсеге сол ұмтылса және барлық жұмысты сол 

ұйымдастырса, халық ескі түсінігі бойынша барлық шаруаны, 

бүкіл жауапкершілікті соған артатын және барлық нәтижені 

содан күтетін. егер де ол сізді алдаса, сол алдауға жол берген 

өзіңіз кінәлісіз. осыны түсінетін уақыт жетті ғой. 

Сонда бізге қандай ауыл шаруашылығы қажет? мемле-

кеттік бюджеттен бөлінетін қаражатпен ғана өмір сүріп, тек 

әлеуметтік қызмет қана атқаратын ауыл шаруашылығы ма? 

Әлде,  нарықтық  экономиканың  қатал  заңы  бойынша  өмір 

сүріп, кейде тек ең бәсекеге қабілеттісі ғана аман қалатын 

ауыл шаруашылығы ма? 

осы сұрақтарды алдымызға қоя келіп, біз бұл екеуінің 

бірде-біреуі де таза жеке күйінде біздің қолдануымызға жа-

рамайды деген қорытындыға келдік. 

Сол кезеңде өзіміздегі бар тарихи тәжірибеге, сондай-ақ 

шет елдер тәжірибесіне сүйене отырып, біз өзіміздікі деген бір 

аралас түр жасау қажет болды. мұндай септесудің нәтиже-

сінде ауылдық аймақтардың, бір жағынан, әлеуметтік сала-

лары мен экономикалық реформаларды мемлекет қолдап 

отыратын, екінші жағынан, тыңғылықты дамытылған, сыртқы 

нарықта бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы болуы керек. 

былайша айтқанда, біз ауылды мемлекеттік қолдаудан 

бас тартпаймыз. Шынында, ол ауылдың әлеуметтік саласы-

на: білім беруге, денсаулық сақтауға, ауыл тұрғындарының 

мәдени  демалысына,  сондай-ақ  ауылды  көріктендіру  мен 

олардың инфрақұрылымына қатысты инвестицияға топтас-

тыру  керек  болды.  Қандай  да  бір  табысы  мол  фермердің 

өздігінен ауызсу проблемасын шешуге немесе бір өзі жаңа 

трассалар мен жолдар салуға шамасы жетпейтініне, әрине, 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



351

келісесіздер. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер 

өз проблемасын өздері шешетін, өз пайдасын және басқасын 

таба  алатын  дербес  экономикалық  агенттер  дәрежесіне 

көтерілуі керек. Ауыл шаруашылығы да – өнеркәсіп, тасы-

мал  және  энергетика  секілді  экономиканың  саласы.  оның 

өз тауары, өз ерекшелігі және өз артықшылығы бар, демек, 

бәсекеге  қабілетті  және  табысты  болуына  мүмкіндігі  бар. 

Экономиканың  аграрлық  секторын  реформалаудың  бар- 

лық кезеңі аталған мақсатқа жетуге бағытталған еді. Эконо-

миканы жүйелі реформалаудың тәжірибесі болмағандықтан, 

біз  бұл  істе  бірте-бірте,  көбінесе  сынақтар  пен  қателіктер 

арқылы жүрдік.

ж

ер

 

реформАсының

 

бірінші

 

кезеңі



1991–1994 

жылдАр

Жерге жеке меншік – бұл нарықтық экономиканың жұмыс 

істеуінің міндетті бір шарты. мен бұл пікірді өзімнің сансыз 

көп сөздерімде талай айттым, әлі де айта беремін. меншіктің 

принциптік маңызы бар, өйткені ол тұрақтылық пен сенімділік 

әкеледі. кімге не тиесілі деген сұрақтың жауабына келгенде 

күмәнданатын қоғам ұзақ уақыт табысты түрде дамуға үміт 

арта алмайды. оның үстіне, жеке меншік адамның өзін-өзі 

қожайын ретінде сезінуін қалыптастырады және жекелеген 

бизнесті инвестициялау үшін кепілдік береді. 

екінші жағынан, 1991–1994 жылдары ауыл шаруашы-

лығы  мақсатындағы  жерге  жеке  меншікті  енгізу  көпшілік 

ауыл тұр ғындарының өз жерлеріне билік етуге дайын бол-

мауы жағдайында келеңсіз зардаптарға ұшырауы мүмкін еді. 

Өйткені өз мүлкіне ебін тауып билік ету үшін оның шынайы 

құндылығын  білу  қажет  және  оны  біліктілікпен  пайдалану 

керек. 

біз жерге жеке меншікті енгізуге тікелей көшуді бірден жа-



сай алмадық. Жер реформасының бастапқы кезеңінде ауыл 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

352

шаруашылығында  тұрақты  экономикалық  қарым-қатынас 

болмады, ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығы күрт 

төмендеп  кетті,  сондай-ақ  жердің  нақты  бағасы  болмады. 

мұның бәрі ауыл тұрғындарын өздерінің жер телімдерін сатып 

жіберу  туралы  ойластырылмаған  шешімдер  қабылдауына 

итермелеп, кейіннен олардың көбі осы ісіне өкінген болар еді. 

Нәтижесінде мұндай реформа тағы да үлкен дағдарысқа, ең 

алдымен, әлеуметтік дағдарысқа әкелген болар еді. 

Реформаны  дайындай  отырып,  біз,  әрине,  кеңестік 

Жер  кодексі  жер  қатынастарындағы  қоғамдық  қажеттерді 

қанағаттандыра алмайды деген қорытындыға келдік. 1991 

жылдың  маусымында  қабылданған  «Жер  реформасы  ту-

ралы»  Заң  жерде  әртүрлі  шаруашылық  нысандарының 

тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  экономикалық  және  құқықтық 

жағдайларды жасауға тиіс еді. Сонымен қатар бұл заң жеке 

меншік институтын енгізген жоқ.  ол, ең дұрысы, аграрлық 

сектордағы дағдарысты ахуалды жою үшін жағдай жасады. 

Аталмыш заңның өтпелі сипаты бар екенін бәріміз де түсіндік. 

Ауыл  шаруашылығында  жер  қатынастары  бұрынғысынша 

мемлекеттің жерді жалға беруіне негіздей құрылды. 

Аталмыш заңның негізгі бағыттары жерді неғұрлым тиімді 

пайдалану  үшін  оны  кейініректе  қайта  бөлу  мақсатында 

арнайы жер қорын құру, ауылдық елді мекендердің шека-

расын белгілеу, жер телімдерін пайдалану құқығын беретін 

құжаттарды хаттау және қайта хаттау болды. 

егер  ауыл  шаруашылығы  өндірісінде  меншік  түрінің 

өзгеруі мемлекеттіктен ұжымдыққа, сонан соң – дербестенді-

рілген, жеке меншікке қарай жүрсе, ал ауыл шаруашылығы 

өндірісінің  басқа  салаларында  (қызмет  көрсету,  өңдеуші, 

жабдықтаушы және т.б.) бұл үрдіс ірі мемлекеттік акционерлік 

қоғамдар (мАҚ) құру арқылы жүрді, кейін олар жеке иелікке 

көшті. Сөйтіп, меншік түрінің өзгеруі аз тиімділіктен жоғары 

тиімділікке қарай кезең-кезеңімен жүрді. 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



353

Жер реформасының динамикасында да осындай саты-

лар бар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін ол 

ауыл  тұрғындарына  шартты  түрдегі  жер  үлестерін  таратып 

беруден басталып, 2003 жылғы Жер кодексінде жазылған 

жеке меншікті енгізумен аяқталды. 

90-шы жылдардың басында қабылданған базалық заң-

намалық және нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашы-

лығында жерді мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру 

жөнінде кең көлемді жұмыстарды бастауға мүмкіндік туғызды. 

Сөйтіп,  агроөнеркәсіп  секторындағы  реформамен  қатар 

мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру жөніндегі Ұлттық 

бағдарлама қабылданды. мемлекеттік ауыл шаруашылығы 

кәсіпорындарын  жекешелендірудің  бірінші  кезеңінде 

оларды  ұжымдық  кәсіпорындар  етіп  қайта  құру  жүзеге 

асырылды.  осындай  тәсілмен  республика  бойынша  472 

кеңшар жекешелендірілді. мемлекеттік ауыл шаруашылығы 

кәсіпорындарының мүлкін еңбек ұжымдарының мүшелеріне 

мүліктік  жарналар  арқылы  бөліп  беру  іске  асты  да,  ол 

жекешелендіру куәліктермен расталды. Айта кету керек, тұрақты 

жұмыс істейтін ірі кеңшарлардың тұтастығын қамтамасыз ету 

мақсатында, 20 жыл басшылық жұмыс стажы бар бірінші бас-

шыларына аталмыш шаруашылықтың мүліктік жарнасының 

10%-ы  біржола  меншігіне  және  басқаруға  10%-ы  тағы  5 

жылға берілді. Шаруашылық қызметінде тиімді нәтижелерге 

жеткен жағдайда бес жылдан кейін мүліктік жарнаның бұл 

бөлігі олардың меншігінде қалдырылды. мемлекеттік ауыл 

шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік базасын сақтау 

мәселесі  қаншалықты  маңызды  болғанымен,  оның  негізі 

бәрібір жер болды. бірақ та кеңшарлар мен ұжымшарлардың 

жекешелендірілген  жерлері  кімге  қалатын  болады,  жердің 

сапасын, оның құнарлылығын сақтау туралы қамқорлықты 

шынында кім жасай алады, жерді беру қандай түрде жүргізілуі 

тиіс? міне, осындай маңызды сұрақтар маған маза бермеді, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

354

мен әрдайым соларға оралып соғып отырдым. Жердің нағыз, 

ыждағатты, жаны ауырып сүйетін, іскер иесін табу керектігі 

түсінікті болды. 

Әрбір  ауыл  тұрғынына  шартты  жер  үлесін  бөліп  беру-

ге  шешім  қабылданды.  Ұсынылған  шартты  жер  үлесінің 

мөлшері орташа жер үлесімен айқындалып, оны әрбір нақты 

шаруашылықтың  еңбек  ұжымы  тағайындайтын,  сонсоң, 

ауданның атқарушы органы бекітетін болады. орташа жер 

үлестерін айқындағанда, елді мекендердің аумағына және 

аудандық  атқарушы  органның  жер  қорына  жатқызылған 

алқаптарды  алып  тастағандағы  шаруашылықтың  ауыл  

шаруашылығында пайдаланылатын барлық жерлері ескерілді. 

Республика бойынша жекешелендірудің екінші кезеңін- 

де (1993–1995 жылдар), тұтастай алғанда, 1490 мемлекеттік 

ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жекешелендірілді. Шарт-

ты жер үлестері мен мүліктік жарналар иелерінің ерікті түрде 

бірігуі арқылы заңды тұлға құқығымен мүлікке жеке меншікке 

негізделген  шағын  кәсіпорындарды,  ауыл  шаруашылығы 

өндірістік кооперативтерін, шаруа қожалықтары мен олардың 

бірлестіктерін құруына құқығы болды. 

бұл шаралар ауыл шаруашылығы ұйымдары мүшелерінің 

жерде шаруашылық жүргізу түрін ерікті түрде еркін таңдай 

алуына  жағдай  туғызды.  барлық  ауыл  шаруашылығы 

кәсіпорындары  қызметкерлерінің  шартты  жер  үлестерінің 

мөлшерін анықтау жөніндегі жұмыстар 1993–1994 жылдары 

жүргізілді. 1995 жылдан бастап реформаланған және қайта 

құрылған  шаруашылықтар  қызметкерлерінің  шартты  жер 

үлесіне  құқығы  туралы  куәліктерді  толтыру  және  үлестіріп 

беру іске асырылды. 

Сонымен  қатар  тағы  бір  келісімсіз  жағдай  пайда 

болды.  Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарының  мүлкін 

жекешелендіргеннен кейін ортадағы жердің иесі де өзгеруі 

керек  еді  ғой.  Алайда  сонымен  бірге  1993  жылғы  кон-

ституция  бойынша  жерге  мемлекеттік  меншіктің  ерекше 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



355

құқығы  болғандықтан  бұл  телімдерді  жекешелендірілген 

нысандардың иелеріне үлестіруге мүмкіндік бермеді. 

Яғни, бір жағынан алғанда, былайша болды: біз ауылды 

реформалауды бастап, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру 

жөнінде белгілі бір нәтижелерге жеттік. бірақ бұл мүлікті одан 

әрі қарайғы тиімді пайдалану, оны жаңғырту үшін инвестиция-

лауды жүзеге асыруға келгенде, жер мәселесінің шешілмеуіне 

байланысты  инвесторлар  күмәнданатын  болды.  егер  егін 

егіп, дән себетін жер болмаса, трактор мен тұқым сепкіштер 

сатып алудың қандай мағынасы бар? осының бәріне қоса, 

бұл шаралар бәрібір біздің кең-байтақ және бір кезде жақсы 

дамытылған  ауыл  шаруашылығымызды  құтқара  алмайтын 

еді. ол біздің көз алдымызда қиратылмай, әлі күнге осыдан 

ақырына дейін оңала алмай келе жатқан. 

Қорыта  келгенде  мынаны  айту  керек:  1992  жылы 

еуропалық  қоғамдастық  комиссияның  тапсыруы  бойынша 

біріккен  Ұлттардың  Азық-түлік  және  ауыл  шаруашылығы 

ұйымдары  бұрынғы  кеңес  одағы  елдерінде  азық-түлік 

жағдайына  зерттеулер  жүргізді.  комиссия  алынған  нәти-

желерді сараптай келіп, бұл елдердегі азық-түлік жағдайын 

бағалау  үшін  жауап  беретін  ұйымдардың  жұмысындағы 

жалпы  кемшіліктерді  атап  көрсетті.  бұл  кемшіліктер  нақты 

өнім  тепе-теңдігінің  болмауынан  туған.  ол  тепе-теңдік 

бүкіл әлемдегі сияқты бір орақтан екінші ораққа дейін емес, 

күнтізбелік  негізде  –  қаңтардан  қаңтарға  дейін  жасалған. 

мұндай  сәйкессіздік,  бұрынғы  одақтың  басқа  республи-

калары секілді, Қазақстанда да: қаншалықты және қандай 

азық-түлікті шетке сатуға және оның қандай бөлігін сырттан 

әкелуге болатынын білмеушілікке әкеліп соққан. 

комиссия аймақтағы азық-түлік жағдайына талдау жасай 

келіп, Қазақстан орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда 

тұрғындарды тағамдық өнімдермен қамтамасыз ету жөнінде 

айтарлықтай орнықты жағдаймен ерекшеленетінін атап өтті. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

356

тексеру кезінде Қазақстан тмД елдерінің ішінде азық-түліктің 

және, бірінші кезекте, астықтың молшылығы бар бірден-бір 

республика болып шықты. 

Жинақталған  барлық  келеңсіздіктерге  қарамастан,  біз 

табанымыз тайғақ болса да, ауыл шаруашылығының одан әрі 

қарайғы құрылуы мен реформалануы үшін нақты айқындалған 

жолды  сезіндік.  1991  жылғы  «Жер  реформасы  туралы» 

«өтпелі» Заң ауылда меншікке қатысты проблеманы уақытша 

шешуге мүмкіндік берді. мемлекеттік мүлікті жекешелендіру 

алғашқы фермерлік және шаруа қожалықтарын қалыптастыру 

үрдісін  жүргізуге  жағдай  туғызды.  Алайда  бұл  нәтижелер 

тұтастай  ауыл  шаруашылығының  кері  кетуін  тоқтатпады 

және  ауылдың  ұзақ  мерзімді  дамуының  кепілі  бола  алма-

ды. оқиғаның уақыты мен қисыны одан ары қарайғы қайта 

жаңаруларды талап етті.

 

ж

ер

 

реформАсының

 

екінші

 

кезеңі

 

және

 

бАнкротҚА

 

ұшырАғАн

 

мезгілі



1994–2001 

жылдАр

Жер  реформасының  екінші  кезеңі  жер  қатынастарын 

жетілдіру  мәселелері  жөнінде  1994  жылы  Президенттің 

екі  бірдей  заң  күші  бар  Жарлықтарына  (24.01.94  ж.  және 

05.04.94 ж.) қол қоюымен басталғанын айтуға болады. осы 

жарлықтарға сәйкес жер пайдалану құқығы енді азаматтық-

құқықтық  ымыраның  мәселесіне  айналды.  Аталмыш 

Жарлықтар сондай-ақ өзінше өтпелі кезеңнің актілері болды 

және жерге мемлекеттік меншіктің ерекше құқығын сақтады. 

Алайда бұл Жарлықтардың негізінде жер телімдеріне иелік 

ету  құқығын  сату-сатып  алу,  жерді  пайдалану  және  жалға 

беру тәртібі бекітілді. біз әлі жерге жеке меншікті енгізумен 

тұрғындарды  таң  қалдыра  алмадық,  сондықтан  да  жерге 

меншік  оған  иелік  ету  құқығына  ие  болумен  алмастырыл-

ды. іс жүзінде осы кезеңнен жерге жеке иелік ету және жер 


Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



357

нарығының  алғашқы  белгілерінің  қалыптасуы  басталды. 

Жерге иелік ету құқығын ақы төлеу негізінде алу мүмкіндігі 

пайда болды, оның, іс жүзінде, жерге жеке меншік құқығынан 

айырмашылығы аз болды. 

Жекешелендірілген  нысандардың  меншік  иелері  жер 

құқығын ала бастады және мемлекет тарапынан ешқандай 

рұқсатсыз оған еркін билік жүргізді. тмД елдерінің арасында 

жер  заңнамалары  тарихында  тұңғыш  рет  жаңа  институт  – 

жер құқығына билік ету институты пайда болды. Азаматтық 

айналымға жер учаскелерінің өздері емес, соған өмір бойы 

мұрагерлік  жолмен  иелік  ету  құқығы,  жерді  пайдалану 

құқығы мен жерді жалға беру құқығы енгізілді. ол кезде осы 

заңнамалық  жаңалықтардың  барлығына  қоғамдық  пікір 

пәлендей ілтипат білдіре қойған жоқ, қайта мұның өзі жерді 

саудаға салғандық, конституциялық ережелерді бұзғандық 

деген пікірлер айтылып жатты. 

Өткенге  қарайлай  отырып,  біз  бұл  құқықтық  актілер 

өте маңызды болғанын көреміз. Өйткені дәл сол кезде жер 

заңнамаларының нарықтық экономикаға бет бұруы басталды, 

атап айтқанда, олар қабылданғаннан кейін жер нарығының 

алғашқы белгілері пайда болды, жердің нарықтық құнының 

қалыптасуы басталды. 

мен  мынадай  ойды  әлденеше  рет  айтып  ескерттім: 

жерге  меншік  мәртебесін  айқындау  тек  экономикалық 

тиімділігімен ғана емес, Қазақстан халықтары мүдделерінің, 

салт-дәстүрлерінің, адамдар тағдырлары мен келешек ұрпақ 

алдындағы  жоғары  жауапкершіліктерінің  сақталуын  талап 

етеді. Сондықтан түпкілікті шешімді қабылдау үшін қоғамның 

барлық қалауы мен пікірінің жиынтығын тыңдау қажет болды. 

Қазақстанда жерге жеке меншікті енгізу туралы идеялар, 

іс жүзінде, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап айтылу-

мен болды. бірақ реформалаудың алғашқы жылдары жерге 

жеке меншік құқығын заңды түрде бекіту бірқатар себептер-

ден мүмкін болмады. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал