Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет3/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

30

екен. Алайда мен оны бір шетке ысырып қойдым да, үнемі мо-

ниторинг жүргізу арқылы проблеманы зерттеудің қажеттігін, 

бірақ қазір қоғамды дүрліктірудің, әсіресе осыған байланысты 

қоғамдық пікірталастарды тудырудың керегі жоқтығын айт-

тым. Уақыт менің айтқанымның дұрыстығын көрсетті. 

либералдық  идея  жөніндегі  жағдай  қиындау  еді. 

1990  жылдардың  бас  кезінде  либералдық  идея  элита 

өкілдерінің көпшілігіне барлық аурудан айығудың еміндей 

болып  көрінген.  мемлекет  қайраткері  ретінде  маған  сон-

шама тез сенгіштіктің қажеті жоқ еді. Иә, либералдық идея 

батыстың  әлемдік  саясат  теориясы  мен  тәжірибесіндегі 

ең  әйгілі  әрі  көрнекі  үлестерінің  бірі  және  планетаның 

тұтастай  аймақтарында  үстем  саяси  идеология  болатын. 

Дегенмен, сол кезде-ақ батыстық либералдық идеологияны 

Қазақстанға қарапайым тәсілмен ауыстыру кезінде оны іске 

асырушылар – кең мағынада, соның ішінде саяси мағына- 

да – мәдениет сынды құбылыспен қақтығысатыны түсінікті 

болды. оның сипаты мен мұраттарын лезде өзгертуге болмай-

тын еді. Саяси мәдениеттің тұрпатын біртіндеп, өркениеттілік 

әдіспен нақты реформалар негізінде түбегейлі жаңарту қажет 

еді. 


бұл айтылғандардың бәрі сонау 1993 жылы болғанын 

еске сала кетейін. бүгінде бұл сипаттаулардың бірде-бір сөзін 

өзгертуге болмас еді. біздің бағыттардың жүйесі соншалықты 

айқын болып ұсынылды. бұл өте ықшамдалған бағдарлама 

еді. Саяси және экономикалық салаларда төрт бағыт және 

идеялық біріктіру саласында да төрт бағыт болды. мен сол 

кезде  жария  етілген  бағыттарды  өзгерткенім  жоқ.  Ал  енді 

осының төрелігін өздеріңіз айтып көріңіздер. 

бірінші.  Формалды-құқықтық  тәуелсіздіктен  нақты 

тәуел сіздікке  ауысу  міндеті  қойылды.  екінші.  бұл  кезеңде 

мемлекеттілікті нығайту стратегиялық бағыт болып таңдалды. 

бізде  мемлекеттілік  атрибуттары  енді  ғана  пайда  болған 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



31

еді.  Үшінші.  Жүйелі  және  кең  көлемді  экономикалық  ре-

формалар  бағыты  таңдап  алынды.  төртінші.  Сыртқы 

экономикалық  әріптестерді  таңдаудағы  прагматизм  және 

тұтастай прагматикалық сыртқы саясат. 

Идеологиялық  жаңарудың  мән-мағынасы  мынадай 

төрт бөліктен тұрды. біріншіден, ұлтаралық келісім. біз бұл 

идеяны кейінгі жылдары тамаша жүзеге асырдық. екіншіден, 

ішкі  ұлттық  бірлік.  біз  ру  мен  жүз,  аймақтар  және  басқа 

да  аумақтық  бірліктер  бойынша  қазақтардың  өздерінің 

жікке  бөлінушілігін  болдырмауға  қол  жеткіздік.  көптеген 

елдер  үшін,  бүгін  біз  көріп  отырғандай,  бұл  тек  актуальды 

ғана  емес,  қайта  қатаң  саяси  проблема  түрінде  сақталып 

келеді.  Үшіншіден,  қазақстандық  қоғамды  жаңғырту  иде-

ологиясы  жария  етілді.  Азаматтық  қоғам  институттарын, 

көппартиялылықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік 

емес ұйымдарды құру – осының бәрі жаңартылған идеология 

жүйесіне кірді. Ақыр соңында біз діни қозғалыстар әлеуетін 

де дұрыс бағаладық және діни төзімділік пен дін ұстанушы- 

лар бостандығы қажеттігін қағида етіп алдық. 

бұл ережелердің бәрі де уақыт сынынан сүрінбей өтті.

п

резидент

 м

еморАндумы

, 1994 

жыл

Алғашқы  табыстарға  қарамастан,  әлі  де  шешімін 

таппаған  көптеген  проблемалар  жинақталып  қалған  еді. 

мені  ерекше  алаңдатқан  соның  бірі  –  адамдардың  болып 

жатқан  өзгерістерді  қабылдамауы  болды.  Экономиканың 

қатаң құлдырауы мен дағдарысы жағдайында мен Жоғарғы 

кеңестің  отырысында  «Президенттік  меморандум»  де-

ген  атпен  мәлім  болған  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

кеңесіне Жолдаумен шығып сөйледім. ондағы басты мақсат 

мемлекеттік  биліктің  жоғарғы  эшелоны,  сондай-ақ  саяси 

партиялар мен бірлестіктер Қазақстанда қалыптасқан ахуалға 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

32

нақтылықпен қарап, дұрыс қорытынды шығарса және ақыр 

соңында келісіп әрі сындарлы жұмыс істесе деген ой болды. 

бұл  тәуелсіздіктің  үшінші  жылы  еді,  халыққа  енді  өткенге 

қайтып оралуға болмайтынын ашық айту керек болды. 

1994 жыл көптеген аспектілерде бетбұрыс жылы болды. 

меморандум  ақша-несие  және  банк  жүйелерін  түбегейлі 

реформалауды көздеді. елімізде жарты жылдан бері ұлттық  

валюта қолданылып жатқан. келесі батыл қадам теңге баға-

мын тұрақтандыру мен жойқын инфляцияны ауыздықтауға 

бағытталды. мемлекет қалыптасқан дағдарыс жағдайынан 

шығудың жалғыз ғана жолы ретінде қаржыны тұрақтандыруға 

жетуді негізгі міндет етіп қойды. 

біз  азаматтарымызға  мемлекет  өзінің  барлық  шығын-

дарын,  бұған  қоса  түрлі  тікелей  және  жасырын  дотация-

ларын,  субсидияларын,  сондай-ақ  мемлекеттік  органдар-

ды  ұстаудың  шығындарын  қысқартатынын  тура  айттық. 

Үкіметтен  бюджеттік  кірістер  мен  шығыстарды  қатаң 

бақылау  талап  етілді.  Экономиканың  жекелеген  салалары 

мен тармақтарының пайдасын көздеп немесе оларға қысым 

жасап ықпал етушілік атаулының жолы кесілді. мемлекеттік 

бюджет мемлекеттің саяси құралы болып табылатыны, оның 

корпоративтік, аймақтық және басқа да мүдделер үшін талан-

таражға  салынбайтыны  мемлекеттік  деңгейде  мәлімделді. 

Үкімет  үшін  екінші  бір  маңызды  мақсат  –  көлік,  энергети-

ка  және  минералдық  ресурстар  секілді  түйінді  салаларға 

шетелдік ірі инвестицияларды барынша көбірек тарту болды. 

бұл кезеңдегі тағы бір елеулі оқиға Ұлттық банктің Жоғарғы 

кеңес пен Үкіметке тәуелсіздігі болды. 

Дәл осы уақытта мемлекеттік аппаратты қысқарту жөнінде 

бұрын-соңды  болып  көрмеген  шаралар  жүргізілді.  кеңес 

өкіметі кезінде облыстар мен аудандар санын көбейту үшін 

орталықтан ақша қағу сәнге айналған еді. бұл мемлекеттік 

шенеуніктер  санын  тым  ұлғайтып  жіберді.  Республиканың 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



33

бірінші басшысы Саяси бюроның мүшелігінен үміткер болу 

үшін, Украинадағы секілді, облыстардың санын кемінде 20-ға 

жеткізу қажет болатын. бізде олардың саны 19-ға жеткізілген. 

кезекте 20-шы облыс тұр еді бірақ оған үлгермеді. 

осының бәрі дотациядағы облыстар мен аудандар санын 

ұлғайтты. бірақ та олар экономикалық әлеуеті жағынан да, 

адам  саны  жағынан  да  қойылған  талаптарға  сай  келмеді. 

есесіне әр облыста, әр ауданда биліктің барлық құрылымы 

болды:  обком,  облатком,  облыстық  сот,  облыстық  ііб, 

облыстық халыққа білім беру бөлімі, облыстық денсаулық 

сақтау бөлімі және солардың аудандық бөлімшелері. мұндай 

бюрократтық жеті басты айдаһар кез келген жаңалықты не-

месе  бастаманы  оң  көрмеді.  Дәл  сол  себепті  әкімшілік  ре-

форма біз жария етіп, қолға алған реформалар шеңберіндегі 

алғашқы қадамдардың бірі болды. 

1994  жылы  оңтайландыруды  жүргізудің  есебінен  біз 

19-дың орнына 14 облыс және 230-дың орнына 169 аудан 

құрдық.  25  мың  қызметкер  қысқартылып,  миллиондаған 

теңгенің  қаржысы  үнемделді,  мұның  бәрі  зейнетақы  мен 

еңбекақыны төлеуге жұмсалды. Сол бір Ресейдің өзінде біздің 

реформадан  кейін,  тек  он  жылдан  соң  ғана,  осыған  ұқсас 

әкімшілік  реформалауды  жүргізуге  алғашқы  талпыныстар 

жасалды. 

біз еңбек адамына өз салықтарының есебінен соншама 

бастықты асыраудың қажеті қанша деген қарапайым қисынды 

басшылыққа алдық. Жарайды, егер де оларды ұстауға облыстың 

кірісі жетіп жатса бір сәрі. Жоқ, бізде оған керісінше, өзін-өзі 

қамтамасыз ететін облыстар есебінен ақша аударуға тура келіп  

отырды. Өздерінің жылы орнынан айырылған шенеуніктер, 

әрине, менің бұл шешіміме қарсы болды. осыны пайдаланған 

кейбір саясатшылар мұны әдейі өз мақсатына жарату үшін, 

облыстар  мен  аудандарды  қайта  құруға  шақырды.  бұл 

мәселелердің барлығын тек өзі отырған креслосы мен жылы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

34

орнынан айырылғандар ғана көтеріп жүргенін жұрттың ұғы-

нуы керек. тұрмыстың бүгінгі жақсара түсуі бізді босаңсытпауы 

тиіс. мемлекеттік аппарат пен оның шығындарын ұлғайтуға 

жан  сала  азғырушылық  дәл  осындай  үлкен  кірістердің 

уақытында  пайда  болады. менің  ойымша,  мемлекет  одан 

әрмен қарай да бұл шығындарды өз бақылауында ұстауға 

ұмтылуы керек. біз әкімшілік реформаларды әлі аяқтағанымыз 

жоқ. олар бізді әлі де алда күтіп тұр. 

төленбеген  өтемдер  дағдарысын  еңсеру  кәсіпорын-

дарды  «ауру»  және  «сау»  деп  бөлу  тетіктерін  іске  қоспай 

мүмкін болмады. Әлсіз кәсіпорындардан оларды қайта құру 

немесе банкротқа ұшырату жолымен ғана құтылу көзделді. 

мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үрдісі әлеуетті 

меншік иелерінің тобын құруды, сондай-ақ бағалы қағаздар 

нарығы мен оның ішкі құрылымын қалыптастыруды талап етті. 

Құқық реформаларын жүргізу міндеті жеке ірі блок болып 

тұрды. оған реформаның экономикалық блогының «тіреуіші» 

және  олардың  пәрменді  жүргізілуі  үшін  өзінше  локомотив 

болу рөлі берілді. 

бірақ еліміз үшін аса қиын сол кезеңде қоғамдағы пси-

хологиялық ахуалдың тепе-теңдігін сақтау ең басты мәселе 

болды. Өкінішке қарай, кейбір популистер жуық арада тама-

ша жақсылықтар жасаймыз деп дәмелендірді, ал кейбіреулер 

алдымызда апат күтіп тұр деп сәуегейсіді. Алайда тек шыншыл 

ұстаным ғана әділ болуы мүмкін еді. мен депутаттарға осыны 

жеткізуге тырыстым.

«Егер біз өз отанымыздың нағыз патриоттарымыз де-

сек, егер шынында дағдарыстан шыққымыз және халыққа 

жақсы  өмір  бергіміз  келсе,  біз  қиындықтарға  баруымыз 

және  оларға  шы дауымыз  керек.  Осыдан  50  жыл  бұрын, 

нацистік Германияға қарсы соғыс кезінде, Ұлыбританияның 

Премьер-министрі Уинстон Черчилль өз халқына жолдаған 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



35

үндеуінде: «Бұл барлығымыздан құрбандықты талап ететін 

ауыр  да  қиын  соғыс  болады,  бірақ  бізде  басқа  таңдау 

жоқ»  деп  турасын  айтты.  Ол  жеңіс  үшін  соғыста  ауыр 

қайғы мен азап шегу қажет болатынын халықтан жасыр-

мады.  Қазақстан  саяси  тәуелсіздігін  алды.  Бірақ  біз  енді 

экономикалық дербестігіміз үшін күресудеміз. Сондықтан 

да  мен  Сіздерге  ақтарыла  ашық  айтамын,  Қазақстан 

азаматтарының тікелей әрқайсынан, бірінші кезекте Сіздер 

мен бізден анағұрлым артық күш салу талап етіледі».

Жоғарғы Кеңесте сөйлеген сөзінен

9 маусым 1994 жыл

осы  дағдарыс  жылдары  экономикалық  реформалар- 

дан  басқа,  елімізде  халықтың  көңіл  күйі  мен  әлеуметтік 

теңдіктің, ұлтаралық тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуына 

күнделікті  назар  аударып  отыру  талап  етілді.  Сол  кезде, 

посткеңестік кеңістікте ұлтаралық кикілжіңдердің ошағы үсті-

үстіне пайда болып жатқанда, Қазақстан көптеген ұлттардың 

ортақ  үйі  болып  қала  берді.  Қазақстан,  шын  мәнінде,  сан 

миллиондаған адамдар үшін нағыз өз отаны болды. 

Сонымен қатар бізді елімізден орыс тілді тұрғындардың 

кетуі  ерекше  алаңдатты.  біз  аса  құнды  адам  капиталын 

жоғалту – республика үшін үлкен шығын екенін мойындадық. 

Дәл  сол  себепті  мен  «қарапайым  азаматтарға  қарай 

қарапайым  10  қадам  жасау»  бастамасымен  шықтым, 

осы  арқылы  көтеріле  көшу  қарқынын  бәсеңдетуге  және 

азаматтық  алу  тәртібін  жеңілдетуге  тырыстық.  Сол  жылы 

менің бастамаммен бо лашақтағы экономикалық ықпалдасу 

үшін идеологиялық іргетас ретінде еуразиялық одақ идеясы 

көтерілді.  1996  жылдың  басына  қарай  реформалау  үрдісі 

толық қарқынмен жүрді. бұл кезеңде макроэкономикалық 

тұрақтылықты қамтамасыз ету, заң шығару базасын, қаржы 

жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік секторды жетілдіру, 

бұған  қоса  кәсіпорындарды  монополиялық  үстемдіктен 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

36

арылту, жекешелендіру, біреулерді банкротқа ұшырату енді 

біреулерді банкрот болудан құтқару мәселелері – реформаның 

басты  бағыты  болды.  біз  жүргізілген  реформалардың 

қорытындысын шығардық.

«Біріншіден, мынаны атап айту қажет: Қазақстан тәуелсіз 

егемен  мемлекет  ретінде  орнықты,  бейнелеп  айтқанда, 

дүние жүзінің саяси картасынан өз орнын алды

Екіншіден. 1995 жылы тамызда жаңа Конституцияның 

қабылдануымен  еліміздің  мемлекеттік  құрылымының 

іргетасы қаланды. Сонымен бірге мемлекеттік құрылыстың 

бірінші кезеңі аяқталды

Үшіншіден. Мемлекеттілікті нығайту мен күшейту мә-

селелерін  шеше  отырып,  біз  ұлтаралық  келісімге,  саяси 

тұрақтылыққа, демократиялық үрдістердің дамуына, жаңа 

саяси институттардың қалыптасуына ерекше маңыз бердік 

және береміз. Елімізде әу бастан-ақ азаматтық құқықтар 

мен адам бостандығына басымдылық берілген

Төртіншіден. Реформаларды жүзеге асыруға және эко-

номикалық дербестікке жетуге байланысты экономикадағы 

қаулаған  бейберекет  және  көбіне  дағдарысты  үрдістің 

кезеңі  аяқталды.  Ол  анағұрлым  ақылға  қонымды  және 

басқарылатын  арнаға  түсті,  дайындалған  нақты  бағдар-

ламалар  мен  жоспарлар  бойынша  әрекет  етуге  жағдай 

туғызады, яғни оқиғалардан кейін қалмауға, қайта олардың 

дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. 

Ақыр соңында, бесіншіден. Біз әлеуметтік проблема-

ларды шешуге тікелей кірісе алдық. Зейнетақы мөлшерін 

көтере бастадық, зейнеткерлер алдындағы борышымызды 

өтедік, бюджеттік салада жалақы өсіріле бастады. Ауылға 

нақты қол ғабыс жасала бастады».

«Реформаның табысты болуы оған 

аймақтардың белсене қатысуына байланысты» 

атты сөйлеген сөзінен, 1996 жыл



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



37

біз жүзеге асырған нарықтық экономикаға көшу кәсіп-

орындардың шаруашылық қызметінің еркіндігі мен коммер- 

циялануы,  еркін  баға  құрылымы,  кәсіпорындар  қызметіне 

мемлекеттің араласуының азайтылуы, әлемдік шаруашылық 

байланыстар  жүйесіне  дәйектілікпен  тартылуы,  неғұрлым 

жоғары  тиімділік  көрсететін  салаларға  нарықтық  қатынас-

тардың таралуы секілді экономика қызметінің түйінді шарт-

тарын жасауды қарастырды. 

Жұрттың  көбі  аталған  міндеттер  орындалмайды  деп 

санағаны құпия емес. Қарама-қарсы пікірлер де аз болмады, 

бірақ таңдап алған бағытпен жүру және реформаны аяғына 

дейін жеткізу керек болды. менің терең сенімім бойынша, 

жұмыс  істейтін  нарыққа  көшуде  бұл  көшу  қандай  нұсқада 

жүзеге асырылатынын, қандай нақты және өзара байланысты 

шаралар  қолданылатынын,  қандай  мерзімге  және  қандай 

дәйектілікпен  орындалатынын  анықтап  алу  өте  маңызды 

болды.


«Реформа барысында біз белгілеген барлық шаралар-

ды жүзеге асырдық деген ойдан мен аулақпын. Қателіктер 

де, жаңсақтықтар да болды. Қазір де ондай қиындықтар 

бар,  сірә,  алдағы  уақытта  да  олардан  құтыла  алмаспыз. 

Бірақ ең бастысы жасалды. Мемлекеттігіміз құрылды. Саяси 

жүйенің, демократия мен азаматтық бостандықтың негізі 

қаланды. Экономика өз табиғаты бойынша нарықтың жаңа 

заңдық негізінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге өмір 

бір орнында тұрған жоқ. Реформалау сөзсіз тереңдетуді, 

жаңа көлемді әрекеттерді талап етеді.

«Реформаның табысты болуы оған 

аймақтардың белсене қатысуына байланысты» 

атты сөйлеген сөзінен, 1996 жыл

Қазақстан экономикасының қолайлы дамуы одан терең 

әлеуметтік бағыттарды және сапалы құрылымдық қайта құ-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

38

руларды талап етті. іс жүзінде әңгіме егеменді мемлекет ретін-

дегі  республиканың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 

жаңа нарықтық моделіне көшу туралы болды. Сонымен бірге 

экономикалық дағдарыстан шығудың жан-жақты негізделген 

жолдарын белгілеп, оның себептерін сараптан өткізу маңызды 

болды. 

біз Сингапур өнегесіне қайта оралдық. Жер ресурстары, 



табиғат байлығы, тіпті өзіндік азық-түлік тағамдары мен суы 

болмаса да, бұл ел біршама қысқа кезеңде оңтүстік-Шығыс 

Азияның  көшбасшысына  айналды.  Сингапур  тәжірибесін 

тыңғылықты зерттеу бұл елдің табысты болуының маңызды 

факторларының  бірі  ретінде  ұзақ  мерзімді  стратегиясы 

мен айқын мақсаттары және оларға жету жөнінде жоғары 

дәрежелі саясаты болғанын көрсетті. көбінесе дәл осы факт 

біздің ұзақ мерзімді стратегияның жасалуы үшін бастау алар 

нүктесі санатында қызмет етті.

2030 

жылғА

 

дейінгі

 

Қ

АзАҚстАнның

 

дАму

 

стрАтегиясы

 



АзАҚстАн

–2030) 

мен ұзақ мерзімді стратегия жасау туралы шешімді 1995 

жылдың  аяғында  қабылдадым.  Қазақстан  тәуелсіздігінің 

бесінші  жылы  басталған.  Сол  уақытта  біз  жүзеге  асырған 

реформалар  экономиканы  тұрақтандыруға  үміт  ұялатты. 

тұңғыш  рет  тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  1996  жылдың 

басына қарай экономика айтарлықтай болмаса да, ақиқатқа 

негізделген ішкі жалпы өнім 0,5 пайыз өскенін көрсетті. келесі 

30-40 жыл ішінде өндіруге мүмкіндік беретін мұнай қорының 

көлемі, сондай-ақ каспий теңізінің қазақстандық бассейнінде 

шетелдік инвесторлар белсенділігі мұнайдан түсетін кірістің 

жылдан-жылға елеулі түрде өсетінін білдірді. «Өртті сөндіру» 

кезеңі аяқталды, енді бізде сәл кідіріп, еліміздің он, жиырма 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



39

және отыз жылдан кейін қандай болатынын көз алдымызға 

елестетерлік уақыт пайда болды. 

1996 жылы сәуірде менің төрағалық етуіммен Жоғары 

экономикалық  кеңес  құрылды.  Жоғары  экономикалық 

кеңестің негізгі мақсаты стратегиялық сипаттағы әлеуметтік-

экономикалық  проблемаларды  шешу  жөнінде  ұсыныстар 

әзірлеу,  реформалардың  барысын  сараптау  және  оларды 

жүзеге  асыру  бойынша  түбе гейлі  жаңа  ұсыныстар  енгізу  

болды.  кеңесті  құру  нарықтық  экономиканың  институция-

лық  негізін  қалаудағы  принципті  қадам  болды.  Жоғары 

экономикалық кеңестің құрамына көрнекті ғалымдар, жоғары 

өкілетті мемлекеттік қызметшілер мен түрлі саладағы сарап-

тамашылар кірді. 

Жоғары  экономикалық  кеңестің  негізгі  құрамына  ескі 

қасаң  пайымдаулар  жүгінен  аулақ  жас  кадрлар  енгізілді. 

оларды жұмысқа қабылдаудағы басты шарт шетел тілдерін 

емін-еркін игеруі, ғылыми жетістіктерді және шаруашылықты 

басқару саласындағы жұмыс тәжірибелерін меңгеруі болып 

табылды. олардың әрқайсысына экономиканың жекелеген 

салалары бекітілді. кадрларды тарту еліміздің одан әрі дамуы 

жөніндегі  жаңа  идеялардың  жаңа  ағысын  енгізуге  жағдай 

туғызды.  Жігерлі  жастар  кертартпа  аппараттың  ортасынан 

көзге  бірден  ерекше  көрініп  тұрды.  бүгінде  олардың  бәрі 

түрлі ведомстволарда жұмыс істеп, стратегияны нақты жүзеге 

асыруда. 

1996 жылдың өн бойында бұл топтың алдында негізгі екі 

міндет тұрды. біріншіден, құрылымдық реформаны жүргізу 

мен  стратегиялық  жоспарлау  саласындағы  халықаралық 

тәжірибені барынша зерттей отырып, елдерді неғұрлым көп 

аралау талап етілді.  екіншіден, әрбір салада нұсқаулардың 

жасалуы мен жүйеленуіне міндеттелген ұлттық және шетелдік 

сарапшылар  топтарын  құру  қарастырылды.  міндеттерді 

осылайша  жинақтап  зерттеу  әдісі  бүкіл  жыл  бойына  жас 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

40

басқарушылардың әрқайсынан ақпараттарды барынша көп 

игеруді талап етті. 

Ақпараттардың сыннан өткен көлемі жинақталғаннан ке-

йін ұзақ мерзімді стратегияны жасау үшін әдістемелік базаны 

құру  қажет  болды.  бұл  арада  біз  халықаралық  тәжірибеге 

ден  қойдық.  біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Қазақстандағы 

Даму  бағдарламасының  белсенді  қолдауы  арқасында  біз 

Гарвард  университетімен  байланысты  қалыптастыруға 

және стратегиялық жоспарлау бойынша семинар жүргізуге 

мүмкіндік алдық. 

1997 жылы сәуірде қазақстандық топ Гарвард универси-

те тінен жоғары лауазымды адамдар үшін онкүндік семинар 

ұйымдастырған бостон қаласына жүріп кетті. Семинар ба-

рысында қазақстандық сарапшылар корея, Сингапур және 

малайзия  секілді  елдердің  жалпыға  белгілі  стратегиялық 

жоспарлау  тәжірибесімен  ғана  емес,  бұған  қоса  «боинг», 

«Дженерал  Электрик»  және  «бритиш  Петролеум»  сынды 

әлем алыптарының ұзақ мерзімді бизнес-стратегияларымен 

де танысты. бұл лекциялар басқа ел дермен және трансұлттық 

корпорациялармен  жері,  тұрғыны,  ішкі  жалпы  өнімнің 

көлемі  мен  көмір-сутегі  қоры  секілді  белгілер  бойынша 

салыстырғандағы Қазақстанның орнын анықтауға жағдай 

туғызды. Семинар материалдары және жекелеген әлемдік 

деңгейдегі  сарапшылармен  арадағы  келесі  байланыстар 

болашақ стратегияның әдістемелік негізін қалады. 

отыз жылға жоспарлау көкжиегін таңдау басты екі фак-

тормен белгіленді. біріншіден, отыз жыл бір буынның белсенді 

өмір кезеңін көрсетеді. екіншіден, Қазақстанда мұнай қорын 

бағалау мен балама энергия көздерін енгізу мүмкіндігі бойын-

ша, сондай-ақ ұзақтығы 30-40 жылдық дайын бөлік болды. 

мәселен,  басқа  мұнай  компаниялары  үшін  бағдар  болған 

«Шевронмен» де 40 жыл мерзімге келісімге қол қойылды. 

«Қазақстан  стратегиясы–2030»  төрт  кезеңге  бөлінді: 

1997–2000 жылдар – дайындық кезеңі, 2000–2010 жыл-


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал