Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет29/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

м

АҚтАудың

 

ең

 

жАҚсысы

 – 

мойындАу

Қазақстанның экономикалық дамуының жоғарғы баға-

сы халықаралық қауымдастық тарапынан тартымды инвес-

тициялау  рейтингін  алу  болып  табылады.  Қазақстан  тмД 

елдерінің  ішінде  бірінші  болып  инвестициялау  деңгейінің 

рейтингін дүние жүзіне белгілі үш бірдей агенттіктерден алды. 

олар: «Moody‘s», «Standart & Poor‘s» және «Fitch Rating‘s Ltd». 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

334

Үлкен жетістігіміз, таяудағы рейтингтер бойынша болжауда, 

ең беделді агенттік «Standart & Poor‘s» көрсеткендей, 1996 

жылдан бері келе жатқан «тұрақты» рейтингінен «оң» деген 

рейтингке өтуіміз болды. мысалы:

Рейтингті беру тарихы: 

2006  ж.  маусым:  рейтингтер  бойынша  болжам 

«Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертілді. 

2004  ж.  мамыр:  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы 

міндеткерліктер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер «ВВВ» 

және «ВВВ»ге дейін сәйкес көтерілді; қысқа мерзімді рей-

тинг шетелдік валютадағы міндеткерліктер бойынша «А-3» 

көтерілген; болжам – «Тұрақты». 

2003  ж.  мамыр:  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы 

міндеткерліктер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер «ВВВ-» 

және «ВВ+»ге дейін сәйкес көтерілді; қысқа мерзімді рей-

тинг ұлттық валютадағы міндеткерліктер бойынша «А-3» 

көтерілген; болжам «Тұрақты». 

2001  ж.  мамыр:  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы 

міндеткерліктер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер «ВВ+» 

және «ВВ» дейін сәйкес көтерілді. 

2000  ж.  шілде:  ұлттық  және  шетелдік  валютадағы 

міндеткерліктер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер «ВВ» 

және «ВВ-» дейін сәйкес көтерілді. 

1998 ж. қыркүйек: ұлттық және шетелдік валютадағы 

міндеткерліктер бойынша ұзақ мерзімді рейтингтер «ВВ-» 

және «В+» дейін сәйкес төмендеді. 

1996 ж. қараша: ұлттық валютадағы міндеткерліктер 

бойынша «ВВ+/В» және шетелдік валюта бойынша «ВВ-/В» 

рейтингтері берілді; болжам – «Тұрақты».

«Standart & Poor‘s»: «Қазақстан Республикасы – 

несие рейтингі», жарияланған уақыты:  

11-07-2006 МSК



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



335

Қазақстан экономикасына қатысты көптеген жағымды ба-

ғалаулардың ішінде, 2002 жылы желтоқсанда Халықаралық 

валюта  қоры  миссиясының  кеңесшілері  берген  бағаны 

келтіруге  болады.  олардың  бағалауында,  «соңғы  жылда-

ры  Қазақстан  экономиканы  тұрақтандыруда  айтарлықтай 

табыстарға  жетті.  орта  және  ұзақ  мерзімдегі  кезеңдерге 

төтенше қолайлы келешегі бар. Халықаралық валюта қорының 

ресурстарына мұқтаж емес» деп атап көрсетілді.

«2002 жылы желтоқсанда айтылғандай, Халықаралық 

валюта  қорының  Қазақстандағы  өкілдігі  2003  жылы  та-

мызда жабылады. Бұл шешім Қазақстанның экономиканы 

тұрақтандырудағы  әсер  қалдыратындай  табыстарының, 

экономиканың  орта  және  ұзақ  мерзімдегі  болашағының 

елдегі  Қордың  ресурстарын  болашақта  пайдалануға 

мұқтаждықтың  тууына  қажеттіліктің  барынша  аздығы 

нәтижесі ретінде қабылданды».

Халықаралық валюта қорының 

Қазақстан Республикасы үшін 

IV Бапқа сәйкес Консультациясы бойынша 

қорытынды мәлімдемесінен, 10 наурыз 2003 ж.

отандық қаржы жүйесі өткен қалыптасу жолын еске түсіре 

отыра, біздің дұрыс шешім жасағанымызға, өзіміздің, даму-

дың қазақстандық жолын таңдап алуымыздың дұрыстығына 

менің  көзім  тағы  да  жете  түседі.  осы  туралы  көп  адамдар 

айтуда. бұл және қаржы жүйесінің халықаралық стандартқа 

сәйкес келуі, ол дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. бұл 

және  дүниежүзілік  аты  бар  жетекші  қаржы  мекемелерінің 

біздің  банктермен  және  компаниялармен  бірігіп  істеген 

жұмыстары.  бұл  және  Қазақстан  компанияларының  тмД 

кеңістігіне жасай бастаған «экспансиясы». Дәлірек айтқанда, 

мемлекеттің қаржы секторымен әріптестігінің арқасында, біз 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

336

дер кезінде проблемаларды көре білдік және олардың тез 

шешілуіне қолайлы жағдайлар туғыздық. 

Қазір  қазақстандық  жаңа  форматтағы  жас  менеджер-

лер  дүниежүзілік  қаржы  жүйесінде  танымал  болуда.  осы 

жетекшілердің көбін мен жеке білемін, бұлардың көпшілігіне 

аяқтарынан  тік  тұрып  кетуге  жағдай  жасадық,  басқаша 

айтқанда, «өмірлеріне жолдама бердік».  екінші деңгейдегі 

банктердің қалыптасуының жүруі оңай болған жоқ. бұрынғы 

ескілер бір жағынан жұмысын жалғастыра берді, шаруашылық 

жүргізуші  субъектілер,  жеке  меншіктегі  және  мемлекеттік 

кәсіпорындар да, сол сияқты жергілікті жердегі бюджеттер де 

несиелер алды және заңның әлсіздігін пайдаланып, банктер-

ге ақшаларын қайтармады. бұл кейде банктер үшін күрделі 

проблемаларға айналып отырды. мысалы, менің өзім тікелей 

«Қазкоммерцбанкке», «Халық банкіне», «тұранӘлем» банкіне 

осындай несиелерді қайтаруына көмектестім. Уақыт солай 

болды. олар менің тікелей көмегімді қажет етті. 

бір жағынан, банктер жүйесінің батыстық стандарттарға 

сәйкес  дамуына  90-жылдардың  басында  менің  шетелдік 

сапарларымда үнемі бірге еріп барған адамдардың бәрі де 

ықпал етті. осы ресми сапарлар барысында олар «әлемдік 

бизнестің  алыптарымен»  танысып,  дүние  жүзінің  жетекші 

банктері  мен  компанияларында  тәжірибе  жинақтады, 

батыстың  алдыңғы  қатарлы  атқарылған  жұмыстарын  өз 

қызметтеріне  енгізіп,  қаржы  қызметінің  принциптерін 

қабылдады. Қазір қазақстандық банктер тмД аумағында ең 

жоғары рейтингке ие болып отыр. 

ең бастысы, банк жүйесінің қалыптасуы бұрынғы одақ 

аумағындағы  өте  жоғары  дамыған  жүйенің  бірі  болып  та-

былады. 

Халық  банкі  жүргізген  дербес  ақша-несие  саясаты  сол 

жылдардың экономикалық шындығын ескерді және соны-

мен  бірдей  болды.  бұл  саясаттағы  ең  тиімді  жетістіктердің  



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



337

бірі – ел экономикасының кезеңді өсуі үшін жағдай жасау 

және гиперинфляцияны жеңу еді. 

мемлекеттің қолдауы мен реформалардың арқасында 

біздің қазақстандық бизнесмендер мен азаматтар, үйден ұзап 

шықпай-ақ, банктер мен қаржы қызметтерінің барлық түрін 

пайдалануға мүмкіндік алды. 

Қазірдің  өзінде  Қазақстанда  аттары  әлемге  әйгілі 

қаржы мекемелерінің өкілдіктері жұмыс істейді. біздің отан-

дық  коммерциялық  банктер  әлемдік  қаржы  секторында 

жинақталған ең қымбат құндылықтарды іс жүзінде меңгеріп, 

олармен  тепе-тең  жағдайда  бәсекелестікке  түсуде.  бұған 

қоса, отандық капитал өз филиалдарын ашып және сыртқы 

нарықты  игере  отырып,  шет  елдерге  шығуда.  Сонымен 

бірге біздің нарықты жаңа қаржы құралдарымен байытып, 

толтыру  қажет.  Әңгіме,  ең  алдымен,  жобалық  облигация-

лар туралы болып отыр. оларды басып шығаруға еліміздің 

экономикасы  үшін  маңызды  бірнеше  инвестициялық  жо-

балар іріктеліп алынды. ол үшін темір жол және автокөлік 

жолдары,  вокзалдар  мен  теңіз  айлақтары  құрылысы 

жөніндегі инфрақұрылымдық жобалар сай келетін еді. Жаңа 

инвестициялық жобаларды мемлекеттік даму институттары-

мен бірлесе отырып, халықаралық қорларға шығару қайта 

құрылған  өндірісті  қаржыландыруға  мүмкіндік  туғызып, 

дамудың Индустриялық-инновациялық стратегиясын жүзеге 

асыруға түрткі болатын еді. 

мұның бәрі әлемдік еңбек бөлінісінде лайықты орын алу 

мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ посткеңестік 

кеңістікте интеграциялық үрдістерді одан әрі дамыту мақса-

тында  экономиканы  құрылымдық  диверсификациялауға 

көшуге мүмкіндік береді. 

бұл бағытта біз қабылдаған шаралар басқа мемлекеттер-

дің орынды қызығушылығын тудыруда. біздің іс-тәжірибе- 

мізге  ерекше  ынта  білдірген  көптеген  елдерден  қонақтар 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

338

келуде.  менің  сапарларым  барысында  да  бұл  елдердің 

өкілдері осы туралы жиі сұрайды. есте қаларлығы сол, басқа 

елдердің  іскер  топтарының  өкілдерімен,  саясаткерлермен, 

әлемнің жетекші оқу орындарында білім алып жүрген жастар-

мен кездесулерімде олар біздің қаржы жүйемізге таңданыс 

білдіреді. олардың  көз  жанарында  бір  ғана  сұрақ  тұрады: 

«таяуда ғана әлемнің шеткі аймағы болған бұл ел, мұндай 

табыстарға  қалай  жете  алды?  Қазақстандық  компаниялар 

біздікілермен енді қалайша тығыз қызмет жасайды, қалайша 

олардың стратегиялық әріптесі болып табылады?» 

мен ойлаймын, мұның бәріне біз жүргізген, соның ішін- 

де  қаржы  секторындағы  реформалардың  арқасында 

қол  жетті,  сондай-ақ  бұрын  да  айтқанымдай,  тағы  адам 

факторының маңызын ерекше атап айтамын. Әрине, бұл ту-

ралы тараудың басында айтқанымдай, біздің қаржы жүйесінің 

барлық ерекшеліктерін бір тарауда ашып көрсету мүмкін емес, 

бұл – тек оның қалыптасуының небәрі қысқаша тарихы. 

енді  біз  осы  күш-жігеріміздің  жемісін  көріп  отырмыз. 

Қа зақстанда,  негізінен,  нарықтық  экономиканы  құруға 

бағытталған институционалдық қайта жаңарулар аяқталды. 

Соңғы жылдары біздің еліміз экономикалық өсудің жоғарғы 

қарқынын  тұрақты  ұстап  келеді.  көбіне  экономикалық 

дамудың табыстары Қазақстан қаржы жүйесінің дамуымен 

ерекшеленеді.  елімізде  зейнетақы  жүйесі  мен  дамыған 

инфрақұрылымы  бар  қаржы  нарығы  жұмыс  істейді.  мен 

соны мақтан етемін.  бірақ бізге қол жеткен жетістіктермен 

тоқмейілсуге болмайды. бізде алдағы келешегіміз үлкен, мен 

оған сенемін. 

мен банк секторын әрқашан қорғадым және жан-жақ-

ты қолдадым. кезінде біз осы жүйені дамытуға бар күшімізді 

бағыттадық,  бұл  Қазақстан  экономикасының  сенімді  қар-

жыландыру  көзін  алуына  жағдай  туғызды.  түбірлі  қайта 

құрулар жүргізілді және қажетті заңдар жедел қабылданды. 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



339

біз  оның  қалыптасуын  қолайлы  жағдаймен,  соның  ішінде 

тікелей ынталандыру, әсіресе салық салуда жеңілдіктер беру 

шараларын енгізу арқылы қамтамасыз еттік. енді, банк сек-

торы аяғынан нық тұрған кезде, ел экономикасының дамуын  

әрі  қарай  қамтамасыз  етуде  одан  осындай  көмекті  талап 

ету  әділ  болады  деп  ойлаймын. мен  бұл  арада  бизнестегі 

«әлеуметтік жауапкершілік» деген ұғымды айтып тұрмын. бұл 

ұғым ұйым өзі ресурстарын пайдаланып отырған қоғамның 

мүддесі үшін әрекет етуі керек дегенді білдіреді. 

менің ойымша, бұл принципті біздің компаниялардың 

қызметтеріне енгізу қажет. бизнестің жауапкершілік ауқымын 

кеңейту – сол бизнестің ықпал ету аясын кеңейту сияқты, сөзсіз 

болатын үрдіс. бірінші кезекте, біздің еліміздің азаматы болып 

табылатын әрбір бизнесмен жалпы еліміздің экономикалық 

гүлденуіне ықпал жасауы керек. 

бүгінде Алматыда қаржы орталығын жасау үрдісі жүріп 

жатыр. бұл маңызды және күрделі жоба. ол дүние жүзінің ірі 

банк институттарын өзіне тартуы керек. Заңдар қабылданды, 

преференциялар қаралды, ендігі мәселе – біздің мамандар 

қаржы орталықтарын құруды шешуге тиіс. олар тырысатын 

болады және табыстарға жетеді деп сенемін.



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

340

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ 

ЭВОЛЮЦИЯСЫ



7-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

342

1994 жылдың 27 ақпанында Ақмола қаласы тың және 

тыңайған  жерлерді  игерудің  40  жылдығына  арналған 

рес публикалық  аграрлық  кеңеске  келген  республиканың 

бүкіл  аграрлық  басшылығы  мен  Қазақстанның  барлық 

ұжымшарлары  төрағаларын  қабылдады.  мерекелік  кеңес 

бірте-бірте ұлғайып, Қазақстанның апатты жағдайда тұрған 

ауыл шаруашылығының болашағы туралы салмақты әңгімеге 

ауысты.

 біздің тәуелсіздігіміздің үшінші жылы аяқталып қалды. 



Қоғам «талма дерттен есеңгіреген» халден жайлап шығып, 

өз өмірін жаңа экономикалық жағдайға бейімдей бастады. 

Алайда қалаларда азаматтардың жеке бастамасы шағын және 

орта бизнестің қарқынды дамуына демеу болса, ал ауылдық 

жерлерде  жағдай  мүлде  басқаша  қалыптасты.  Аграрлық 

секторда  экономикалық  реформалар  белуардан  батпаққа 

батып жатты. 

біздің  ауыл  тұрғындарының  ескі  түсінік  бойынша  мә-

селенің  шешімін  жоғарыдан  күткен  көңіл  күйі  мені  қатты 

алаңдатты.  ескі  дәстүр  бойынша,  біздің  елімізде  ауыл 

шаруашылығына  қашанда  баса  назар  аударылып  келген. 

бұл  көп  жағдайдан  көрініс  тауып  еді:  тың  жерлерді  игеру 

жөніндегі бүкілодақтық науқанның қанат жаюынан бастап, 

Қазақстанның  кеңес  елінің  «ырысты  өлкесі»  деп  аталуына 

дейін, демек, бүкіл кеңестік кезең бойында мемлекет тара-

пынан әрдайым ауыл шаруашылығын қолдау мен дамытуға 

айтарлықтай қаржы салу жүзеге асырылып келген. Алайда 

орталықтандырылған  жоспарлы  экономиканың  күйреуі 

салдарынан  ауыл  шаруашылығына  капиталдың  құйылуы 

тоқтатылды.  Соның  нәтижесіндей  болып,  өндіріс  көлемі 

қысқарды, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі төмендеді, 

ауылдық жерлерде әлеуметтік шиеленіс күшейді. 

Дегенмен де, тұралатқан дағдарысқа және ауыл жағда- 

йының  нашарлауына  қарамастан,  сол  кезеңдері,  90-шы 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



343

жылдары,  аймақтарда  ауыл  шаруашылығының  өндіруші-

лері  бұрынғыша  мемлекет  тарапынан  көрсетілер  көмектің 

қайта  қалпына  келтірілуін  күтті  және  өздерінің  барлық 

экономикалық  проблемаларын  сырттан  шешіледі  деп 

үміттенді. бірақ, ең қызығы, бір жақсылық болар деп осы-

лай  күтушілік  тәуелсіздіктің  бүкіл  он  бес  жылына  созылды 

және сол үміт біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерінде әлі 

күнге дейін сақталып келеді. Соның ең бір тұрақты мысалы – 

егін егу мен астық жинау науқандары тұсында жанар-жағар 

май бағасы төмендетілсін деп мемлекетке қойылатын жыл 

сайынғы талаптар. Жанар-жағар май өндірушілер де табыс 

табуға ұмтылған жеке меншік компаниялары бола тұра, дәл 

осы талаптар мемлекетке қойылады да жатады. 

Нақ осы жағдай бізді мемлекеттің ауыл шаруашылығына 

қатынасын нақтылап айқындауға мәжбүр етті. осы орайда 

маған көптеген жағымсыз жайттарды айтуға тура келетінін 

сезіне отырып, мен бәрібір ахуалды түсіндіре бастадым. Сол 

кезде айтылғандардың мәнісі мынаған келіп саятын еді. 

кеңес  одағының  құлауымен  бірге  Қазақстанда  саяси 

және  экономикалық  ахуал  өзгерді.  мемлекет  енді  ауыл 

шаруашылығын  бұрынғы  көлемде  қаржыландыра  алмай-

тын халде болды, оның үстіне, жаңа нарықтық қатынастар 

агроөнеркәсіп  кешенін  түбегейлі  қайта  құруды  талап  етті. 

бірінші  кезекте  мұндай  экономикалық  тетікті  құру,  бір 

жағынан,  ауыл  шаруашылығы  құрылымдарының  тиімді 

жұмыс істеуін ынталандырса, екінші жағынан, ескі өндірістік 

қатынастардан бас тартуға мәжбүр ететін еді. мен мемлекет 

өзінің  ауыл  шаруашылығына  қатынасуын  қысқартатынын, 

ауыл  тұрғындарының  ынта-ықыласына  сене  отырып,  фер-

мерлік  шаруашылықтарды  қарқынды  түрде  дамытатынын, 

мұның бәрі ерте ме, кеш пе – ұжымшарлар мен кеңшарларды 

таратуға  және  жеке  меншікті  енгізетінін  сездірдім.  Сондай 

кездесулерге  қатысушыларға:  көп  кешікпей  ұжымшар- 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

344

лар  мен  кеңшарлар  болмайды  деп  айтқанымда,  олардың  

99%-ы  мұны  әдемі  қалжың  ретінде  қабылдайтын  еді.  Сол 

есімде қалыпты. 

біздің  тарихымыздың  өзіне  тән  қайшылығы  сол,  мен 

осы  идеяларды  тың  және  тыңайған  жерлерді  игерудің  40 

жылдығына арналған кеңесте жария еттім. Қазақстанның ауыл 

шаруашылығын дамытуда, тұтастай алғанда, бүкіл еліміздің 

дамуында тың жерлердің қандайлық орасан зор маңызды 

болғанын  біздің  барлығымыз  түсінеміз. бұл  деректі  жоққа 

шығару ақылсыздық болар еді, бірақ та кеңестік басшылық 

ойлағандай, бәрі де теп-тегіс, тамаша бола қойған жоқ.



«Егер де бүгінгі нарықтық көзқараспен тың экономи-

касының оң мен теріс жақтарына талдау жасап байқасақ, 

онда сондайлық көріксіз бейне көрініс береді, бірақ маған 

ол туралы айтпасқа болмайды. Осы 40 жылдық тарихтың 

10 жылы мүлде құрғақшылық жыл болды. Қазақстанның өзі 

астық пен мал жемін жиі сырттан сатып алуға мәжбүр бол-

ды. Кейбір жылдары мұндай сатып алулар 2 млн тоннадан 

астам көлемге жетті. Ауылдық жерлердің қарыздарын осы 

40 жыл бойына жыл сайын мемлекет жауып келді. Соңғы 

бесжылдықта шамамен 350 шаруашылық үнемі шығынға 

ұшырап келді, яғни әрбір бесінші шаруашылық осындай 

күйде болды. Жалғыз ғана принцип үстем болды – қайткен 

күнде де, қандай сапада болса да астық. Тек 1992 жылы ғана 

астықтың орташа шығымдылығы ең жоғарғы деңгейде бол- 

ды – гектарына 14,8 центнерден келеді. Осы 40 жылдың тек 

13 жылында ғана көрсеткіш 10 центнерден асты. Әлемдегі 

бірде-бір ел өз ауыл шаруашылығында мұндай деңгейдегі 

шығынды көрген емес. Ол баяғыда-ақ банкротқа ұшыраған 

болар еді. <...> 

Біздің агроөнеркәсіп кешеніміз қазір ең қиын уақытты 

бастан  өткеріп  жатқанын  да  өзіміз  айқын  сезінеміз. 

Бұл  тың  стратегиясы  мен  тактикасындағы  және  эконо-

Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



345

микадағы  өзгерістер  үрдісінің  объективті  дамуындағы 

жаңсақтықтардың  нәтижесі  еді.  Әрине,  біз  дағдарыстар 

ахуалынан шығу жолдарын үнемі іздейміз және табамыз 

да: бірақ ауылдық тауар өндірушілердің тек тиімді жұмыс 

істейтіндеріне  мемлекеттің  берген  қаржысын  қайтара 

алатындарға ғана барынша көмектесетін боламыз. Үнемі 

шығынға  батқан  кәсіпорындарды  өз  мойнында  ұстауға 

мемлекеттің мүмкіндігі де, ықыласы да жоқ».

Республиканың агроөнеркәсіп кешені 

қызметкерлері мен қоғамдық өкілдердің салтанат-

ты жиынында сөйлеген сөзінен, 1994 жыл

1994–1996  жылдар  ауыл  шаруашылығындағы  ең 

дағдарысты кезең болды, оған бағаның теңсіздігі деп аталатын 

жағдай негізгі себеп болды. мемлекет энергия қуаттарына, 

өнеркәсіп тауарлары мен басқа да қызмет түрлеріне бағаны 

«босатып» жіберді (ырықтандырды). Негізгі тағамдық азық-

түліктерге бағаның күрт өсуін болдырмау үшін мемлекет ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің бағасын әлі де іркіп ұстап тұрды. Өз 

өнімдерін әлі белгіленген мемлекеттік баға бойынша өткізіп 

келген  шаруашылықтар  бұл  жағдайда  өндірістің  айналым 

қаражатын енді нарықтық баға бойынша алуға мәжбүр бол-

ды. баспа-бас айырбас жаппай етек алды. Өз өнімін сыртқы 

нарықта  өткеру  мүмкіндігі  тек  аздаған  өндірушілерде  ғана 

болды, сонымен қатар көп жағдайда бұлай өткеру ұшырады, 

бір немесе бірнеше делдал жүруі қажет болды. 

барлық  қиындықтарға  қарамастан  нарық  ережесі  бо-

йынша  жұмыс  істеуге  тырысқан  белсенді  фермерлермен 

арада  болған  көптеген  кездесулер,  жаңа  экономикалық 

жағдайға сәйкес аграрлық реформалар жүргізу қажеттігіне 

менің  көзімді  жеткізді.  Экономиканың  аграрлық  секто-

рында  жаңа  қатынастардың  қалыптасуы,  сондай-ақ  жерді 

тиімді пайдаланбау тенденциясының күшеюі жерге меншік 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

346

иесінің мәртебесін айқындау және жаңа жер қатынастарын 

қалыптастыру қажеттігі туралы мәселені алға тартты. басқаша 

айтқанда,  нақты  меншік  иесі  –  өзіне  жауапкершілік  алып 

шешім қабылдайтын негізгі экономикалық агент кім болуы 

керек, соны айқындап алмайынша пәрменді нарықтық тетікті 

жасауға болмайтын еді. Және, ең алдымен, мұның өзі ауыл 

шаруашылығындағы  негізгі  құрал  ретінде  жерге  қатысты 

болды. 

Алайда  реформаның  алғашқы  жылдары  жерге  жеке 



меншік  құқығын  енгізу  қажеттігі  туралы  бір  ауызды  пікір 

болмады. ол былай тұрсын, тұрғындардың басым көпшілігі 

жерге  мемлекеттік  иелікті  жекелеген  адамдардың  қолына 

берудің заңдылығын принципті түрде теріске шығарды. Ре-

спубликада жерге жеке меншік институтының қалыптасуына 

қазақстандықтардың  көпшілігінің  мұндай  көзқараста  бо-

луы,  ең  алдымен,  ауыл  тұрғындарының  жаңа  нарықтық 

қатынастарға бейімделу деңгейінің төмендігінен еді. Адамдар 

тек әлі нарықтық жағдайда өмір сүруді, ең бастысы, жаңаша 

ойлауды бастамаған еді. 

Сондай-ақ тарихи фактор да айтарлықтай маңызды рөл 

ойнады. Қазақстан тарихында жерге жеке меншікті іс жүзінде 

толықтай жоққа шығарған қауымдық (рулық) жер пайдала-

ну белең алған кез болған. Әрбір ру өз жерінің аумағында 

көшіп-қонған, ал оның шекарасын тікелей ешкім де өзгерте 

алмаған. кейінде, патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген 

1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалары жер мем-

лекет  меншігінде  болады  деген  ережені  бекітті,  онда  бұл 

жерлердің ауыл-ауылдың пайдалануына берілетіндігі айтыл-

ды. Ақырында, дәл осы заңдық актілердің негізінде патша 

үкіметі Қазақстандағы барлық жерлерге өз билігін жүргізді. 

мысалы,  бөкей  ордасына  еділ  мен  Жайық  өзендерінің 

аралығындағы жер бөлінді де, оның ең шұрайлы өңірлері 

казактардың  қауымдастығына  бекітіліп  берілді.  Демек, 



Ж

ЕР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ




1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал