Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет28/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38

к

елер

 

ұрпАҚтАрдың

 

ҚАзАҚстАндыҚ

 

Қоры

Ұлттық қор құру туралы идея алғашында 1997 жылдың 

өзінде-ақ,  «Қазақстан  стратегиясы  –  2030»  дайында- 

лып жатқан кезде пайда болған еді. ол кезде халықаралық 

кеңесшілердің,  отандық  басқарушылардың  және 

экономистердің  көбіне  бұл  идея  сандырақ  сияқты  бо-

лып  көрінді.  Сонымен  қатар,  ақырында  оны  халыққа 

жариялағаннан  кейін,  біраз  уақыт  өткен  соң,  1998  жылы 

тамызда Ресейді дағдарысқа ұшыратқан мұнай бағасының 

опырыла құлауы себеп болды. Сондықтан біз Ұлттық қорды 

құру мәселесіне тек 2000 жылы ғана қайтып келе алдық. 

Сол  кезеңдегі  уақыт  және  дамудың  бет  алысы  бізден 

тәуекелшілік жүйесі жағдайында ахуалды тұрақтандырудың 

мүмкін жолдарын табу арқылы шаралар қабылдауды талап 

етті. бұған мұнай бағасының күрт құлауын, «экономиканың 

тым қызып кетуін» және голландтық ауруды, мұнай ресурс-

тарының күрт азаюын жатқызамыз. 

Қор құру туралы шешімнің қабылдануы қоғамда үлкен 

дүрбелең  туғызды.  Алдымен,  бұл  көпшіліктің  мемлекетті 

дамыту  қорларының  рөлін  ұқпағандығынан  болды.  Қор  



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



323

құрудың  сыншылары,  халықтың  осы  мәселе  жөніндегі 

бейхабарлығын  пайдаланып,  қысылып-қымтырылмастан, 

осыған  қатысты  ұғымдарды  әдейі  шатыстырып,  мұны 

жергілікті басшылардың тағы да бір ақша жинап алу үшін 

қолдан жасап отырған қулығы сияқты қылып көрсетуге ты-

рысты. 

көптеген сұхбаттар кезінде жұрт маған осы сұрақты қай та-



қайта беріп, оны құрудың қанша қажеттігі барын түсіндіруді 

сұрайтын.  осындай  сұрақтарға  жауап  бере  келіп,  мен  бұл 

қорды құрғанда, біз жаңадан ештеңе ойлап тапқан жоқпыз 

дейтінмін. Шикізат ресурстарымен жұмыс істейтін көптеген 

мемлекеттер осындай қорларды құрған. Өйткені әлемде баға 

өзгеріп  тұрады,  ал  қазір  мұнай  сатудан  үстеме  пайда  түсіп 

тұрса, біз оны әртүрлі алмағайып жағдайға арнап қорландыра 

беруіміз керек. мен үнемі: мемлекет алға, болашаққа қарай 

сеніммен жүріп отыруы керек және ол үшін ішкі резервтер 

қажет, – деп айтып отырдым. 

Ұзаққа  созылған  пікірталастардың  нәтижесінде,  сын 

толқы нының көптігіне қарамай, Ұлттық қор бәрібір құрылды. 

елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз 

ету,  болашақ  ұрпақ  үшін  қаржы  жинақтау  және  сыртқы 

қолайсыз факторлардың әсеріне экономиканың тәуелділігін 

шектеу оның басты мақсатына айналды. 

Қор құру туралы шешім қабылдау процесінде біз әлемдегі 

қолданыстағы  барлық  мұнай  қорларының  тәжірибелерін 

зерттеп шықтық. Соңғы 40 жылда осындай тұрақтандырғыш-

жинақтаушы қорлар әлемнің көптеген елдерінде құрылған. 

мұндай қорды бразилия кофеден, Чили – мыс рудасынан 

жинаса, Венесуэла, Сауд Арабиясы, ливия, оман, Иран, ку-

вейт, Америка штаты Аляска, канада провинциясы Альберта 

– мұнай мен газдан түскен табысты жинақтапты. 

осындай  қорлардың  қызметін  зерттеу  барысында  біз 

өзімізге ылғида: «Қордың қызмет жасау тетіктері Қазақстан-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

324

ның ерекшеліктерін ескере ме?» – деген сұрақты қоятынбыз. 

мысал  үшін,  кувейт,  50-ші  жылдарда  ірі  көмір-сутегі 

кеніштерінің ашылуы және мемлекет табысының шығыннан 

үздіксіз асып түсуі арқасында, өзінің Жалпы резервтік қорын 

1960 жылдың өзінде-ақ құруға мүмкіндік алды. кейінгі он бес 

жылдың ішінде барлық мемлекеттік инвестициялар кувейт 

экономикасына  аталмыш  қор  есебінен  жасалынған.  1976 

жылға қарай елдің байығаны сондай, олар өздеріне тағы бір 

қаржыландыру көзі – болашақ ұрпақтар үшін жинақ қорын 

құруға мұрсат берді. 

Америка  штаты  Аляска  да  екі  қордың  иесі:  Алясканың 

тұрақты  қоры  1976  жылдан,  ал  штаттың  конституциялық 

бюджеттік  резерв  қоры  –  1990  жылдан  қызмет  жасайды. 

біріншісі  –  негізінен  келер  ұрпаққа  жасалған  резерв,  ал 

екіншісі бюджеттің ағымдағы тапшылығын жабу үшін пай-

даланылады. олардың қызмет ету принциптері, ережелері, 

нәтижелері  үздіксіз  жарияланып  отырады,  ал  енді  бұл  екі 

қор тек атқару және заң шығару биліктеріне ғана есеп беріп 

қоймайды, олар штаттың тұрғындарына да тікелей есеп беріп 

отырады. 

Чилидің тұрақтандырғыш мыс қоры 1985 жылы ұлттық 

валютаның  айырбас  бағамының  және  салық  түсімдерінің 

құбылуын бәсеңдету үшін құрылған. Сонымен бірге қордың 

жағдайы  Чилидің  мемлекеттік  мыс  компаниясының  ауда-

рымдарына ғана байланысты, ал қорды басқару ісін елдің 

орталық банкі атқарады. 

1998  жылы  мұнайдан  түсетін  табыстың  есебінен 

Венесуэланың макроэкономикалық тұрақтану қоры құрылды. 

оның  бас ты  мақсаты  –  елдің  бюджеті  мен  экономикасын 

көмір-сутегі  шикізатының  бағасы  құбылуынан  туындайтын 

қиындықтардан қорғау. 

Әлемде бар үлгілердің ішінен біз үшін қолайлысы Норве-

гия мұнай қорының үлгісі болып шықты. Әлемдегі осы бір ірі 

қордың іргесі 1990 жылы қаланған. оны құрудың қажеттігі 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



325

ел  тұрғындарының  қартая  бастауы  және  мұнай  өндіру 

көлемінің төмендеуімен тікелей байланысты еді. Сондықтан 

ол әрі жинақтаушы, әрі тұрақтандырушы қор болып табы-

лады.  ол,  ең  алдымен,  ұзақ  мерзімді  болашақта  бюджет 

саласының тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек. олардың 

заңнамасына сәйкес, үкімет қордың қаражатын таяу арадағы 

мақсаттарға  (мысалы,  егер  бюджеттің  табыстары  төмен 

түсіп кетсе) және, айтайық, мұнай өндірудің төмендеуіне не-

месе әлеуметтік шығындардың өсуіне байланысты, бюджет 

табысының көлемін теңестіру үшін – ұзақ мерзімді болашақта 

пайдалануға  парламенттен  рұқсат  сұрайды.  Үкімет  немесе 

қаржы министрлігі осы қордың қаржысын инвестициялаудың 

негізгі бағыттарын анықтайды, сол сияқты «тұрақтандыру» 

құралдарын  пайдаланудың  тиімділігін  бағалайды.  Қор 

активтерін күнделікті басқару елдің орталық банкі арқылы іске 

асырылады. Қазіргі уақытта Норвегия тұрақтандыру қорының 

активі  мемлекеттік  облигациядан,  яғни  компанияның 

мұнаймен байланысты емес бағалы қағаздарынан тұрады. 

оның моделі Қазақстанның мүддесіне әлдеқайда толық 

жауап  беретін,  өйткені  біздің  елдеріміздің  әлеуметтік-

экономикалық  даму  кезеңдерінде  сәйкес  келетін  көптеген 

ұқсас өлшемдері болды. 

біраз алға оза отырып айтпағым, қордың қызмет жасаған 

кезеңінің өн бойында оның қызметін басқарудың мәселеле-

ріне  байланысты  сын  біршама  болған.  мен  сын  қашанда 

сындарлы болуы керек, сонда ғана одан пайда болады деген 

принципті  әрқашанда  ұстанамын.  бірақ,  кейде  сондай  бір 

ескертулер айтылғанда, еріксізден сол адамдардың айтқан 

сөздерінің дұрыстығына күмәндана бастайсың. «бізге оның 

ешқандай да қажеті жоқ, мұнай бізде онсыз да көп» деген-

нен бастап, мұны менің жеке қорым екен дегенге дейінгіні де 

естуге тура келді. осындай негізсіз сындарға бара-бара көңіл 

аудармайтын болдым. Дұрысы сол екен. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

326

Сонымен бірге әділетті сын ескертулер де болды. мысалы, 

қорды құруға қарсы болғандар оның активтерін шетелдерде 

орналастырғанда ғана, ол шетелдің экономикасын инвестиция- 

лау болып шығады, ал Қазақстанның өзі де инвестициялауға 

мұқтаж емес пе деген дәйектерді алға тартты. 

осындай ескертулер қордың қызметін жетілдіру бары-

сында  үнемі  ескеріліп  отырды.  Қазіргі  кездегі  әлеуметтік-

экономикалық дамудың көрнекі түрде көрсетіп отырғанындай, 

егер  біз  қаржыны  сыртқа  шығарып,  инвестицияға  жұмса-

мағанда, елдегі инфляция деңгейі әлдеқайда жоғары болатын 

еді. 


Қазір қордағы жинақ, бір жағынан, біздің экономиканың 

тұрақтылығын  біршама  күшейтуге,  екінші  жағынан,  басқа 

елдердің Қазақстанға деген сенімін көтеруге қызмет істейді. 

Сонымен  бірге,  қазіргі  кезде  басқа  түрдегі  ескертулер 

де  пайда  болды.  бұл  ескертулердің  мәні,  Ұлттық  қордың 

активтерін әлдебір қордың қолына беру керек, сонда оған 

бүкіл  қазақстандықтар  қатысушылар  болады  дегенге  сая-

ды.  Президентті  сайлау  науқаны  кезінде  біздің  оппозиция 

елдің бәріне ортасында 17 мыңдық теңгенің фотосуреті бар 

қағаздарды  үлестірді.  егер  де  олар  жеңіп  шықса,  әркімге 

осынша ақша үлестіруге уәде берді. Сонда осы ақшаларды 

олар  мұнай  қорынан  төлемек  болды.  осының  бәрі  біздің 

істеген ісімізбен салыстыруға келе ме? біз зейнеткерлердің 

зейнетақыларының  көлемін  кәдімгідей  көтеріп  тастадық, 

бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын 30% 

көтердік,  көп  балалы  аналарға,  мүгедектерге  төлемдер 

көлемі артуда, жұмыс орындары жасалуда. бұл дегеніңіз – 

адамдардың қамын нағыз ойлау ғой. 

бірақ біз «әрбір сіңліге – бір сырғадан» дейтін принцип 

бойынша меншікті қайта бөлуге жол бермеуіміз керек. мұндай 

болған. Халыққа ақша таратқан Сауд Арабиясының мысалын 

келтірсек  те  жетеді.  бүгінгі  күндері  олар  мұндай  қадамнан 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



327

бас тартып отыр, өйткені олар бұдан халықты масылдыққа 

ұрындыратын қауіпті көруде. Исламның екі қасиетті орнының 

сақтаушысы,  Сауд  Арабиясының  королі  маған  арабтарды 

өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында қайтадан жұмыс 

істетудің аса қиындығын айтқан еді. 

Сонымен бірге, нарық экономикасында мемлекет адам-

ның өз әлеуетін мүмкіндігінше толық қолдануына және сол 

үшін әділетті сыйақы алуына жағдай туғызуы қажет. Өнімді 

еңбекке ынта барынша мол болуы керек. осындай жағдайлар 

жасалмаса,  тұрғындардың  көп  бөлігі  дивиденд  алуды 

күтетін болса, бұл масылдықты туғызады. тарихи тәжірибе 

көрсеткендей, «бәрін алу керек те, жұртқа бірдей қылып бөліп 

беру керек» дейтін жораны алып қолдана салу орны толмас 

апатты зардаптарға соқтыратыны сөзсіз. 

менің ойымша, кітапта Ұлттық қордың тетіктерін ашу қор 

құрудың пайдалы екенін және жалпы алғанда оның еліміздің 

экономикасына тигізетін маңызын жан-жақты түсінуге мүм-

кіндік береді. іс жүзінде, Ұлттық қор заңды тұлға болып та-

былмайды, шынтуайтында ол Үкіметтің Ұлттық банк есепшот-

тарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып 

табылады. Қор екі бірдей қызмет атқарады: бірі – жинақтау 

(болашақ  ұрпақтар  үшін  жинақтарды  қалыптастыру),  ал 

екіншісі – тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік 

бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту). 

тұрақтандыру  міндетін  атқаруды  қамтамасыз  ету  үшін 

шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық 

және  басқадай  міндетті  төлемдердің,  республикалық 

және  жергілікті  бюджеттерде  бекітілген  сомадан  артығы 

қаржы  қорына  аударылады.  бұл  түсімдерге  жататындар: 

корпоративтік  табыс  салығы,  қосымша  құнға  салынатын 

салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, 

ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің 

жеке  меншікке  сатуынан  түсетін,  өнімдер  мен  қаржыны 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

328

бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі. 

Жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық 

және  жергілікті  бюджеттердің  трансферттері  есебінен, 

жоғарыда  көрсетілген  түсімдер  бойынша  жоспарланған 

соманың10%-ынан құралады. 

басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының 

Президенті,  Сенат  пен  мәжілістің  төрағалары,  Президент 

Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші 

орынбасары,  Ұлттық  банктің  төрағасы,  Қаржы  министрі, 

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты 

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі 

санақ  комитетінің  төрағасы  кіретін  кеңес  шешеді.  көріп 

отырғанымыздай,  кеңеске  мемлекеттік  биліктің  атқарушы 

және заң шығарушы тармақтары қатыстырылған, ал мұның өзі 

мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. кеңестің барлық 

шешімдері алқалы түрде қабылданады. кеңес мүшелерінің 

ешқайсысы  Қордың  активтерін  жеке-дара  пайдалана  ал-

майды. Қорға Парламент бақылау жасайды; демек, ол шын 

мәнінде халық пен елдің резерві болып табылады. 

Қордың  активтерін тікелей басқаруды, инвестициялық 

стратегияға  сәйкес,  сенім  көрсету  арқылы  басқару  тура-

лы  Үкіметпен  арадағы  келісімшарттың  негізінде,  Ұлттық 

банк  жүзеге  асырады.  Инвестициялық  стратегия  қордың 

инвестициялық  операцияларын  жүзеге  асырудың  жалпы 

тәртібін, соның ішінде, валюталар, құралдар кластары, сыртқы 

басқару  және  кастодиан  негізінде  түрі  мен  үлес  салмағы 

бойынша шектеулерді анықтайды. Сонымен қатар ол қорды 

басқару кезінде пайда болатын тәуекелділікті басқарудың, 

эталондық  портфельді  таңдаудың,  Ұлттық  банктің  қорды 

сенім арқылы басқару қызметі бойынша Үкімет алдында есеп 

беруінің мерзімі мен мазмұнының тәртіптерін белгілейді. 

2006 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  қорының  активтері  он  екі  миллиард  АҚШ  долла-



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



329

рынан  асып  түсіп,  12  087,39  млн  АҚШ  долларына  жетті. 

Жинақталған  сома  екі  жарым  жыл  уақытқа,  яғни  мұнай 

бағасының құлдырауы бола қалған жағдайда ақша бір жарым 

– екі жылға жетеді, бұл мемлекеттің өзіне алған әлеуметтік 

міндеттемелерін  толық  атқаруына  мүмкіндіктер  береді. 

Сондай-ақ,  бұл  көрсеткіш  каспий  теңізінің  қазақстандық 

секторын жоспарланған кең көлемде игеруге және мұнай ре-

сурстарын экспортқа шығаруға байланысты өсе бермекші. 

2010 жылға қарай мұнай шығару 100 млн тоннадан ас-

пақшы. осыған байланысты валюта бағамына түсетін үлкен 

салмақты ескере отырып, ақша массасын стерилдеудің қуатты 

құралы ретінде Ұлттық қордың қызметі үнемі өсіп отырмақ. 

Ақша массасын Қордың және Ұлттық банктің күшімен бір 

ғана стерилдеумен шектеп қалуға, сөз жоқ, болмайтын шығар. 

түсіп жатқан ақша ағымын экономиканың шынайы секторы 

игеруі  қажет.  осы  бағыттағы  қозғалыс  қана  бағалы  қағаз 

нарығының  толыққанды  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді, 

банк  құрылымдарын  капиталдың  салааралық  түсімдерінің 

қызметіне  назар  аударуға  итермелейді;  капиталдың  осы 

түрінің  валюта-қаржы  саласындағы  және  экспортқа  бағыт 

ұстанған  салалардағы  біршама  артық  болуы,  бәсекелік 

әлеуеті  жеткілікті,  бірақ  нарықта  үлкен  қолданыс  таппаған 

өңдеуші өнеркәсібіндегі, ауыл шаруашылығындағы капитал 

тапшылығымен қатарласа жүреді. 

бұл  ақшалар  тек  қана  тұрақтандырушы  рөл  атқарып 

қоймайды,  сонымен  бірге  олар  мұнайға  деген  бағаның 

төмендеуі  жағдайында,  өзінше  бір  сақтандырушы  да  бо-

лып  табылады.  оны  дұрыстап  пайдаланғанда  ғана  үстеме 

пайда  біздің  экономиканың  түрлі  салаларын  жаңғырту 

және дамытудың негізгі көзіне айналары анық. Сондықтан 

да,  қорды  толтыруға  бағытталған  қаржының  бір  бөлі-

гін  біз  мемлекеттік  даму  институттарын  капиталданды-

ру  үшін  пайдаландық.  Атап  айтқанда,  Индустриялық-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

330

инновациялық  даму  стратегиясы  шеңберінде  Даму  банкін 

капиталдандыруға 24,3 млрд теңге, Инвестициялық қорға –  

23 млрд теңге, Инновациялық қорға –11,5 млрд теңге, экс-

портты сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпо-

рациясына – 7,7 млрд теңге жіберілді. Сол сияқты 2005 жылға 

арналған бюджеттен Қазақстанның Даму банкіне, Инжиниринг 

және  трансферт  технологиясы  орталығына,  маркетингтік-

аналитикалық зерттеулер орталығына, Инновациялық қорға 

қаржы  бөлу  қарастырылды.  Ұлттық  қордың  қаржысынан 

Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы мен Ипотекалық 

тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолдау алды. Сонымен 

бірге, 550,5 млн теңге ақпараттық технологиялар паркінің 

дамуына бөлінді.  осы кешенді шараларды іске асыру эко-

номиканы диверсификациялаудың өсуіне жағдай туғызады 

деп жоспарланды. 

Жекелей атап айтқым келетіні, Қордың көлемін кеңейте 

отырып, сонымен бірге Қорды басқарудың тиімділігі және 

осы процестің жұрт көретіндей ашықтығы үшін Ұлттық банк 

пен Үкіметтің жауапкершілігін көтеру қажет деп есептеймін. 

мен  бұл  жерде  Қорды  толтырып  отыратын  жаңа  көздерді 

іздестіруді  ғана  айтып  отырғаным  жоқ,  қолда  бар  қыруар 

соманың  жоғарғы  тиімділікте  қызмет  жасағанын  және 

инвестицияланғанын көргім келеді. Өйткені, Қордың көлемін 

ескере отырып, таяу арада Қордың тұрақтандырушы және 

жинақтаушы  бөліктері  арасындағы  арасалмақтары,  соның 

ішінде  ұзақ  мерзімді  жоспар  түрінде  де  анықталады.  біз 

өзіміздің ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиямызды сөз 

жүзінде емес, іс жүзінде де ұстануымыз керек. табыстылықтың 

қысқа мерзімді ауытқулары инвестициялаудың жалпы стра-

тегиясына түбегейлі ықпал етпеуі керек. 

Қордың  көлемі  туралы  мәселе  де  аса  маңызды  болып 

табылады. бұл көлем шикізат ресурстарынан Қорға бөлінетін 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



331

табысқа тәуелді болуы керек. мәселен, таяу он жылдың ішінде 

мұнай  өндіруден  ғана  түсетін  табыс,  сарапшылық  бағалау 

бойынша, 20 млрд АҚШ доллары көлемінде болуы мүмкін, 

осыған байланысты Қор көлемінің жоғарғы шегін белгілеудің 

ешқандай да мәні жоқ. 

Сонымен  қатар  Қор  өз  дамуының  бастапқы  кезеңінде 

тұрғанын мойындауымыз қажет. оның табыстылығы көбіне-

көп оны басқарудың кәсіби шеберлігі қаншалықты дәрежеде 

болуына  байланысты.  мемлекет  біздің  жинаққа  қанша 

бөлетінімізді  және  бюджетке  қанша  қалдыратынымызды 

айқын білуі керек. Қорды толтырудың әртүрлі нұсқаларының 

динамикасын,  дүниежүзілік  нарықтағы  экономикалық 

дамудың  көріністері  мен  ахуалдарына  байланысты  алдын  

ала қарастырып отыру қажет. 

Экономиканың  бәсекеге  түсу  қабілетін  көтеру  және 

«голландық ауруды» болдырмау мақсатында ақша-кредиттік, 

фискалдық саясатты және шикізат секторынан түсетін пайданы 

басқаруды, қазіргіден әлдеқайда тығыз үйлестіруді ойлану 

қажет. осы бағытта белгілі бір қадамдар жасалды да. 

мәселен,  2005  жылдан  бері  қарай  Ұлттық  қор  бюд-

жет  жүйесінің  бөлінбейтін  бөлігі  ретінде  қызмет  жасап 

келеді.  бұл  Ұлттық  қор  мен  бюджет  үшін  нақты  жағдайды 

көрсете алады. Сонымен қатар, орта мерзімді немесе ұзақ 

мерзімді перспективаға арналған, Ұлттық қордан бюджетке 

трансферттеудің кепілді анықтамасының нақты тетігі жаса-

лынуда. 

Жалпы,  Ұлттық  қор,  оның  ішінде  мұнай  экспортынан 

түсетін табыс мәселесі – журналистер мен басқада көпшілік 

үшін ең қызықты тақырып болып қалмақ. бүгіндері біз негізгі 

табысты түсті металдардан, мыс өткізуден, қорғасын, мырыш, 

алтын, аллюминий, ферроқортпа, минералды тыңайтқыштар 

және жыл сайын 5-6 млн тонна астық экспорттаудан табамыз. 

Қазақстан дегеніміз – бұл тек мұнай, газ, көмір ғана емес. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

332

Сірә, осылардың бәрін дүниежүзіне дәлелдеуге тырысқаннан  

гөрі, алдымен өзіміз ұғынып алуымыз керек сияқты. 

осы ақшаның барлығына Қазақстанның Қазынашылық 

мекемесі  мен  Қаржы  министрлігі  қатаң  бақылау  жасап 

отырады. осы ақшалардың барлығы, оның ішінде мұнайдан 

түсетіндері  де,  бюджетке  құйылады.  бюджетке  мұнайдан 

түсетін штаттық түсімдер бүгіндері жалпы көлемнің 26 пайы-

зын ғана құрайды. Қазір бұл сомалар басы ғана болса, ал 

болашақ көлемі – әлі алда. 

Сонда,  осы  ақшалар  қайда  кетеді?  біріншіден,  олар 

бюджетке түсіріледі. мысалы, ол биылғы жылы 14,5 млрд 

АҚШ  долларына  тең,  яғни  1,5  триллион  теңгені  құрады. 

байқайсыздар  ма,  біз  триллион  деген  тылсым  саннан  ат-

тап өттік! екіншіден, болашақ ұрпақтардың Ұлттық қорына, 

яғни олардың тұрақтандыру қорына 10 млрд АҚШ доллары 

жинақталады. 

көріп  отырсыздар,  әрбір  тиын  есепте.  біз  жыл  сайын 

баспасөзге ненің қайда кететінін үнемі жариялап тұрамыз. Яғни 

осы істің барлығы транспарентті және ашық. мұнай туралы 

айтатын болсақ, біздің ресурстарымызды игеруші шетелдіктер 

төлейтін  салықты,  әлеуметтік  салықты,  жер  қойнауы,  эко-

логия,  еңбек  үшін  төленетін  корпоративтік  салықты  қосып 

санағанда, осы мұнай компаниялары табыстарының 70 пайы-

зынан  астамы  Қазақстанның  қазынасына  түседі  екен.  мен 

ішкі жалпы өнімнің өсімін 3,5 есеге жеткіземіз деп айтқанда, 

ішкі жалпы өнімді жан басына шаққанда 5800, ал одан әрі 

9000 долларға жеткіземіз деп айтқанда, экономикадағы осы 

салалардың дамуына сүйеніп айтамын. 

біз  қазір  Қорға  жекешелендіруден  түскен  ақшаны  да 

салудамыз.  бірақ  соның  ауыл  шаруашылығын  дамытуға 

(1150  млн  теңге),  тұрғын  үй  құрылысына,  индустриялдық 

бағдарламаға  кететін  бөліктері  бар.  біз  өзіміздің  даму  ин-

ституттарымызды, даму банкін және даму қорын және т.б., 

капиталдандырдық. 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



333

мұнай  ақшасын  бізге  үнемі  құбыжық  етіп  көрсететін 

«голландық  ауруды»,  экономиканың  «қызып  кетуін»  және 

т.б. проблемаларды тауып ала отырып та, жұмсауға болады, 

немесе, оларды осы болжамдарға қарамастан, экономиканы 

нығайтуға, елімізге қажетті басымдықтарды қолдауға және 

дамытуға жұмылдыруға да болады. мұнай бағасы жоғары 

болған  осы  кезең,  бәлкім,  Қазақстан  үшін  дүниежүзілік 

экономикада және жалпы дүние жүзінде «күн астында күн 

көру үшін» қатаң күреске түсудің қарсаңындағы бой жинау 

мен күш жинаудың мүмкіншілігі болар. бұл – қазіргі біздің 

артықшылығымыз, бірақ біз мұнай долларларына сеніп отыра 

бермеуіміз керек. бұл уақытты старт алдындағы кезең деп, 

мүмкін,  тарихтың бізге тыныс алу үшін берген уақыты деп 

түсінген дұрыс болар. біз не нәрсеге дайындалуымыз керек? 

Әрине,  өзіміздің  болашағымызға.  Қатаң  бәсекелестікке. 

Сыртқы дүниенің күш сынасуына. Қазақстан жолын осы 15 

жылдан бастап қана басталғанына сенемін. ең қиыны мен 

қызығы – алда. 

біз барлығын бастағанда мемлекеттің қазынасы бос еді, 

бүгіндері өзіміздің резервтеріміз туралы айтуға жеттік. Аллаға 

шүкір! 


мен жоғарыда айтқандай, теңгені енгізер алдында бізде 

тіпті соған керекті 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі алтын 

валютаның резерві де жоқ болатын. Қазір біз 25 млрд АҚШ 

долларына тең валюта қорының иесіміз.




1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал