Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет27/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

311

жүйесі  –қызметкер  табысының  он  пайызы  көлеміндегі 

зейнетақы жарналарының міндетті түрдегі аударымдарынан 

және, сонымен бірге, ерікті түрдегі зейнетақылық аударым-

дардан құралатын болды. 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту кезеңінде мемлекет 

зейнеткерлікке  іліккендердің  зейнетақы  алу  құқықтарына 

және сол сияқты зейнетақы реформасының қарсаңында еңбек 

өтілі бар азаматтардың алдында кепілдік беруге міндеттенді. 

Қатардағы  зейнеткерлерге  зейнетақыны  төлеу  бойынша 

мемлекеттік  орталықтан  берілетін  зейнетақының  көлемін 

сақтауға, сол сияқты тұтыну бағасының өсуіне сәйкес шеккен 

зиянды өтеуге кепілдік берілді. 

Өткен он жылдың ішінде қабылданған және оның эконо-

микалық жағдайына толық сәйкес келетін ең аз мөлшердегі 

үнемі өсіріп отыру және зейнетақыны инфляцияның деңгейіне 

қарай зейнетақының зиянын өтеу еңбек зейнетақысын сара-

лауды тарылтуға және зейнеткердің еңбек өтілі мен бұрынғы 

еңбек ақысына тәуелсіз, оларды теңестіруге алып келді. 

еңбек  зейнетақысының  жеткіліксіз  түрдегі  саралануы, 

берілетін зейнетақы мен табыстың орнын толтыратын коэффи-

центтің  төменгі  деңгейі,  елдің  экономикалық  жағдайының 

тұрақты  жақсаруы  жағдайында  халықтың  осы  бөлігінің 

төлем  қабілеттілігінің  сұранысына  тежеу  болатын  фактор 

ретінде ерекше маңыздылыққа ие болды. бұл проблеманы 

шешу үшін зейнетақыны өсірудің саралық тетігі жасалынды. 

ол зейнетақы көлемін еңбек стажына, зейнетақы мөлшерін 

тағайындау үшін ұсынылған еңбек ақыға және зейнетақыға 

шығу кезінде жұмыс істеген, экономика саласындағы орташа 

айлық еңбекақыға қарай тағайындауды көздейді. 

мемлекет жинақтаушы зейнетақы жүйесі субъектілерінің 

қызметін  реттеудің  құқығын  өзінде  сақтап  қалды.  оларға 

жинақтау зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестицияға 

жіберуді  іске  асыратын  банк-кастодиандар  мен  ұйымдар 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

312

жатады.  барлық  субъектілердің  қызметтері  лицензиялана 

бастады, активтерге билік жүргізу өкілеттілігіне заңмен шек-

теулер қою, жүйе субъектілерінің қаржы жағдайы жөніндегі 

мәліметтердің жариялылығы мен шынайылығына қойылатын 

талаптар  анықталды.  Зейнетақылық  салымдарды  инвести-

циялау тиімділігін, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 

зейнетақылық  жинақтаулардың  құнсыздануын  болдырмау 

мақсатында, инвестициялау үшін заң жүзінде тағайындалған 

активтердің тізімі жасалынды. Сонымен қатар жеке қаржы 

көздерінен ерікті зейнетақы жарналарының болуы да мүмкін 

еді.  еліміздегі  соңғы  кездердегі  қайта  жаңарулардың  ая-

сында,  зейнетақы  қорларының  активтерін  инвестициялау-

мен айналысып жүрген компаниялармен қатар, зейнетақы 

қорлары  өздерінің  портфельдерін  тікелей  инвестициялай 

алады. Аталған өзгерістер зейнетақы активтерін басқарудағы 

монополияны жоюға және әкімшілік шығындарды азайтуға 

бағытталған. 

Зейнетақы реформасын іске асыру қаржы ұйымдарының 

қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. 

Зейнетақы активтері, экономиканың нақты секторларына 

отандық ұйымдардың мемлекеттік емес бағалы қағаздары 

арқылы, ал екінші деңгейдегі банктердегі жинақтарға (де-

позиттерге) инвестиция жасау жолымен тартылған, олар өз 

тараптарынан бұл ресурстарды Қазақстанның экономикасын 

несиелеуге  пайдаланады.  тек  2006  жылдың  1  қаңтарына 

таман  отандық  ұйымдардың  мемлекеттік  емес  бағалы 

қағаздары арқылы зейнетақы активтерін инвестициялау мен 

екінші деңгейдегі банктердегі салымдар көлемі 218,6 млрд 

теңгеге тең болды. 

Зейнетақы реформасын жүргізу, бәріміз білетіндей, бір 

мезгілдік  қадам  болып  табылмайды.  мысалы,  жаңа  зей-

нетақы жүйесін енгізу қарсаңында жастары зейнеткерлікке 

жақындаған  азаматтар  көп  ештеңе  жинақтап  үлгермейді. 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



313

осыған  байланысты,  Қазақстанда  жинақтау  зейнетақы 

жүйесіне толық өту 2038–2040 жылдарға дейін жүргізіледі. 

Қазір, мен жүргізілген реформа туралы ойлағанда, кей-

де өзіме: «осыны іске асырғанымыз қандай жақсы болды!» 

деймін.  біздің  адамдарымыз  өздері  ақша  жинақтап,  сол 

арқылы,  лайықты  қарттықты  қамтамасыз  ете  алады.  енді 

зейнетақы үш құрамдас бөліктен тұрады: мемлекет + жұмыс 

беруші + азаматтың өзі. мемлекет біртіндеп осы құрамдас 

бөліктерден алыстай бермек. Сондықтан әрбір қазақстандық 

өзіне лайықты қарттықты қамтамасыз еткісі келсе, жинақтау 

зейнетақы  қорының  қатысушысы  болуы  керек.  осылайша 

зейнетақы қорларында жинақталып жатқан ақша экономикаға 

жұмыс істей алады. 

бірақ мен осы маңызды кезеңге тағы да қайтып орал-

дым.  ең  бастысы  мынада,  мемлекет  бұл  ақшалардың  қол 

сұғылмайтынына  және  олардың  қауіпсіздігіне  кепілдік 

береді. олар ешқашанда қауіпті жағдайда болмаулары ке-

рек. Сондықтан да бұл ақшаларды инвестициялық мақсатта 

қолданғанда, көптеген нәрсені алдын-ала ойластыру қажет: 

бұл қандай кәсіпорын, бұл қандай компания деген сияқты. 

Секьюрлендіру туралы заңның жобасы дайындалды. мұнда 

осы  мәселені  қарастыра  отырып,  зейнетақы  қорларына 

ақшаны  сенімді  кәсіпорындарға  салуға  мүмкіндік  беру 

мәселесі  қарастырылған.  бұл  борыштық  бағалы  қағаздар 

нарығының  дамуына  қолдау  жасап,  несиенің  құнын 

төмендетеді. 

мысалы,  алғашқы  қарлығаш  –  Шар-Өскемен  темір 

жолының салынуы, біз оны осыған саламыз. мұнай жобала-

рына да, мемлекеттің кепілдігіндегі инфрақұрылымдарға да 

салуға болатын шығар, индустрияландыру бағдарламасын 

іске  асыру  барысындағы  нысандарды  да  көруге  болады. 

Сол сияқты, тұрғын үй құрылысына да салынуы мүмкін. біз 

үлкен байсалдылықпен зейнетақы қорлары біздің болашақ 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

314

зейнеткерлерімізге жап-жақсы пайыздар әкеп тұруына және 

осы  ақшалардың  экономика  үшін  қалыпты  жұмыс  істеуіне 

байланысты мәселелермен шұғылданудамыз. Дүние жүзінде 

де тура осылай болып жатады. 

Зейнетақы  жинақтарын  инвестициялау  және  ішкі  ин-

вестициялау  мәселелеріне  қайта  орала  отырып,  мынаны 

айтқым келеді. Қаржы жүйесін реформалап және халықтың 

ақшасын экономиканың жұмыстарына тарта отырып, біз «сұр 

ақша»  проблемасына  кездестік.  бұл  ақшалар,  зейнетақы 

қорларының  активтері  сияқты,  еліміздің  экономикасын 

инвестициялаудың тағы бір қаржы көзіне айнала алар еді. 

Қазіргі  іске  асырылып  отырған,  табыстарды  заңдастыру 

қадамдары,  «көлегейлі»  экономиканың  пайда  болуының 

себептерін шешуге және капиталдың сыртқа кетуіне тосқауыл 

қоюға жасалынған талпыныс болды.

 

Қ

Аржы

 

Амнистиясы

 

және

 

мҮліктерді

 

зАңдАстыру

тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  біздің  нарық 

институттарымыздың әлсіздігінен, пәрменді заңнамалық акті-

лердің болмауынан, Қазақстаннан сырт жерлерге, 1,2-ден  

2  миллиардқа  дейін  АҚШ  долларының  астыртын  кетуіне 

мүмкіндік туғызды. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейде бұл 

сома 40-50 млрд АҚШ долларына жететін еді. 1999 жылы 

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 

көлегейлі сектордың көлемін жалпы ішкі өнімнің 20-25%-ына 

тең деп бағаласа, ал тәуелсіз сарапшылар бұдан да көп цифр-

ды атап, жалпы ішкі өнімнің 45-50%-ына дейін апаратын. 

көлегейлі  айналымда  осындай  үлкен  соманың  болуы 

бізден  еліміздің  экономикасын  дамытуға  қажетті  осы  ка-

питалды  елге  қайтару  үшін  жағдай  туғызуды  талап  етті. 

Экономикалық амнистия жүргізудің қажеттігі туып келе жатты. 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



315

Экономикалық  амнистия  Қазақстан  Республикасы 

азамат тарының  бұдан  бұрын  декларацияда  көрсетілмеген 

және  ашық  экономикалық  айналымнан  шығарып  жетілген 

ақшаларына  тек  бір  рет  қана  болатын  заңдастыру  деп 

ойластырылды.  осы  аталған  акцияның  мәні  тұлғалардың 

өздері заңды түрде тапқан, бірақ үлкен салықтарға байла-

нысты  заңдастырылмаған  капиталдарын  заңдастыратын 

болса,салықтан  және  жауапкершіліктен  босатылатынды-

ғында еді. біз сәтті өткен осы акцияны кейінірек тағы қайталау 

қажет деп есептедік. 

Заңдастыру үрдісіне дайындық кезінде мен бүкіл дүние 

жүзінің,  осы  саладағы  бар  тәжірибелерін  (жағымдысын 

да,  жағымсызын  да)  зерттеуге  тапсырма  бердім.  осы 

тәжірибелерден  алынған  негізгі  қорытынды  сол  –  көбіне 

азаматтардың  жасырын  капиталдарын  заңдастыру  үшін 

қалай жағдай туғызылса, мұндай акциялар сәтті өтеді екен. 

Реформаның  тиімділігін  қалыптастыруға  қажетті  жағымды 

жағдайды  жасауға  Қазақстан  Үкіметі  тарапынан  зор  көңіл 

бөлінді. 

мысалы, Швейцарияда жүргізілген бірінші амнистияның 

тәжірибесі  зерттелді.  бұл  акция  Швейцарияның  банк 

жүйесіне жағымды әсер етіп, инвестициялық климаттың күрт 

жақсаруына, өндіріс деңгейі мен елдің макроэкономикалық 

көрсеткіштерінің өсуіне жалпы қолайлы жағдай туғызыпты. 

Сонымен бірге, амнистия Франция (1982, 1986), Аргентина 

(1987), Индия (1997), Қытай сияқты және бірқатар елдерде 

де  жүргізілген,  бұл  да  олар  үшін  нәтижелі  болып  шыққан. 

мысалы, Қытайда азаматтар капиталдарын ресми деклара-

циялап, салықтарын төлегеннен кейін, салық органдарының 

тіркелген  тетіктерді  іске  қосуынан  қорықпай-ақ,  өздерінің 

мүліктерін өз қалауларынша ұстауларына мүмкіндік алған.  

Сонымен  бірге  мемлекеттік  бюджетке  бірнеше  миллиард 

АҚШ доллары түскен көрінеді. Ирландияда салық амнистия-

сынан түскен сома бюджеттің көлемінен асып түсіп, жалпы 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

316

ішкі өнімнің 2,5%ына тең болған. мексика осындай акциядан  

2 миллиардтан астам АҚШ долларын тапқан. 

2001 жылы сәуірдің басында Қазақстан Республикасы-

ның  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  ақшала-

рын заңдастыруға байланысты амнистия жасау туралы» Заң 

қабыл данды.  Заң  тетігі  мынада  еді.  Қазақстан  азаматтары 

ақшаларын салымдардың ұжымдық кепілдігі жүйесіне кіретін, 

екінші деңгейдегі банктердің арнайы есепшоттарына салу-

лары немесе аударулары тиіс болды (заңдастыру кезеңінде 

оларды пайдалануға құқық берілмеді). Ұлттық немесе шетел 

валютасы түріндегі жинақ ақшаларын салғаннан кейін немесе 

шетел  банкілеріндегі  жеке  есепшоттарындағы  ақшаларын 

соларға  аударғаннан  кейін,  банк  салымшыға  салынған 

соманың  көлемі,  салу  мерзімі  көрсетілген  ресми  құжат 

(ақшаны заңдастыру бойынша арнайы есепшотқа салынған 

ақша туралы куәлік) берді. Арнайы есепшоттарға енгізілген 

сома салық салынатын табысқа кіргізілмеді. 

Ақшаларын салған азаматтар заңдастыруға дейінгі жа-

салған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершіліктен боса-

тылды. Сонымен бірге қылмыстық жауапкершіліктен босату 

лицензиясыз, заңсыз кәсіпкерлік қызметке ғана байланысты 

емес,  сол  сияқты  кәсіпкерлік  қызметтің  тыйым  салынған 

түрлерімен, өтірік кәсіпкерлікпен және т.б. айналысқандарға 

да жататын болды. 

Заңның  күші  заңдастыру  кезеңі  басталғанға  дейін 

қылмыстық және әкімшілік іс қозғалған, сол сияқты сотталған 

және  әкімшілік  жаза  алған  тұлғаларға  тарамайтын  болды. 

Сонымен қатар оның күші, коррупциялық құқық бұзушылық 

негізінде  алынған  ақшаларды  заңдастыруға,  сондай-ақ 

тұлғалардың  жеке  басына,  адамзаттың  бейбітшілігі  мен 

қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыстың негізіне, қоғамдық 

қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығы мен 

ізгілігіне  қарсы  жасалған  қылмыстарға,  сол  сияқты  басқа 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



317

біреулерге тиісті немесе несие түрінде алынған ақшаларға 

таратылмады. 

Заңдастыру үрдісінің ерекше шарты оның құпиялылығы 

болды.  Арнайы  есепшоттарды  және  олардағы  ақшаның 

мөлшерін  жариялауға  болмайды,  ал  арнайы  есепшоттың 

болуы қандай да тергеу-тексеру және оның ішінде қылмыстық 

қудалаулар  әрекеттерін  жүргізуге  немесе  әкімшілік  жаза 

қолдануды  іске  асыруға  негіз  бола  алмайды  деп  атап 

көрсетілді. Заңдастыруға ұсынылған ақша мемлекет меншігіне 

тек осы заңға сәйкес амнистияға жатқызылған азаматтардың 

мүліктерін  тәркілеу  жөнінде  сот  шешімі  (үкімі)  болса,  сол 

шешім  заң  күшіне  енген  жағдайда  ғана  алынады.  Ұлттық 

немесе  шетел  валютасы  түрінде  арнайы  есепшотқа  түскен 

ақшаға салымшы заңдастырудың мерзімі аяқталған күннің 

ертеңінде-ақ иелік ете алады. 

осы  шараның  нәтижесінде  тек  2  айда  (2001  жылдың 

маусым-шілде айларында) тұрғындардың банк жүйесіндегі 

салымдары  46%дан  астам  (51,7  млрд  теңгеге)  өсті. 

Заңдастырылған  қаржының  жалпы  көлемі  480  млн  АҚШ 

долларына немесе жалпы ішкі өнімнің 2%-ына тең болды. 

Шамамен осы қаржының 55%-ы банк жүйесінде депозиттер 

түрінде қалды, бұл банктердің ресурстық базасының едәуір 

өсуіне ықпалын тигізді. 

Рақымшылық жасалған қаржыны тиімді пайдалану ая-

сында 2001 жылдың мамыр айынан бастап маусым айының 

аяғына  дейін  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  эмиссия 

көлемін  жоспар  бойынша  2001  жылдың  шілдесіне  дейін 

көбейтіледі  деп  шамаланған  деңгейден  едәуір  төмендетті. 

осыған  орай,  бағалы  қағаздарды  заңдастыру  кезеңінің 

аяқталуына таман орналастыру үшін, ірі кәсіпорындардың, 

оның  ішінде  ұлттық  компаниялардың  бағалы  қағаздар  

шығару жөніндегі шараларының мерзімі ұзартылды. Сонымен 

қатар  Қазақстанда  салықтарды  төмендету  іске  асырылды, 

2001  жылғы  1  шілдеден  бастап  қосымша  құн  салығына 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

318

салынатын салықтың мөлшері 4%, ал әлеуметтік салықтікі –  

5% төмендетілді. 

Қорытындысында  айтқым  келетіні  –  Қазақстандағы 

эконо микалық  амнистия  посткеңестік  кеңістіктегі  ерекше 

бір құбылыс болды. Акцияның мақсаты бұрынырақта заңды 

айналымнан шығып қалған қосымша қаржыларды Қазақстан 

экономикасына тарту болды. Нәтижесінде жарты миллиардқа 

жуық АҚШ доллары заңдастырылды. Заңдастырылған ақша 

жекенікі болып табылғанымен және мемлекет салық төлемі 

ретінде бір теңге алмаса да, одан келетін түпкі экономикалық 

пайда айқын еді. банк секторына орналастырылған капитал 

қазіргі уақытта мемлекетпен қоғамның игілігіне жұмыс істейді, 

ал шетел валютасының ақшадай құйылуы Қазақстанның ұлттық 

валютасының позициясын нығайтты. 

көлегейлі бизнес капиталдарын заңдастырудың мемле-

кеттік қазынаға тигізген жағымды әсеріне салық салынатын 

базаның  және  салық  төлеушілер  санының  өсуі  де  жатады, 

өйткені ол сөзсіз өз тарапынан бюджетке түсетін түсімдерді 

молайтатын еді. 

Қазақстандағы бірінші заңдастыруды жүргізудің жағым-

ды тәжірибесін есепке ала отырып, осы қаржыны заңдастыру-

дың қисынды жалғасы ретінде біз қазір мүлікті заңдастыру 

мәселесімен  айналысудамыз.  оны  нәтижелі  іске  асыру 

«көлегейлі  меншікті»  жоюға  мүмкіндік  береді,  сол  сияқты 

оны заңды есепке алу арқылы экономикалық қатынастардың 

жүйесіне енгізеді. 

бүгінгі күні, Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, елі-

мізде жылжымайтын мүліктер орталығына иелену құқықтары 

тіркелмеген 4,7 млн нысан бар екен. бүгінге дейін тіркелмеген 

жылжымайтын мүліктің үлесі нысандардың жалпы санының  

30%-ға жуығын құрайды. Алдын ала жасалған бағалау бой-

ынша, осы нысандарды заңды айналымға енгізгенде, еліміздің 

экономикасына 4 млрд теңгеге жуық пайға келмек. 

біз осы науқанды жүргізуді неліктен қолға алдық? 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



319

біріншіден,  алдында  айтқанымдай,  мүлікті  заңдастыру 

одан  бұрын  жүргізілген  қаржы  амнистиясының  логикалық 

жалғасы болып табылады. «көлегейлі экономиканың», соған 

сәйкес, «сұрқай ақша» мен мүліктің проблемалары заңның 

жетілмегендігінен  әрі  өткен  жылдардағы  экономикалық 

ахуалдың  тұрақсыздығынан  туындаған  болатын.  Қазір, 

аталған  көрсеткіштер  біршама  жақсарған  кезде,  біз  тығып 

тасталған  заттарды  сыртқа  шығарып,  заңды  айналымға 

енгізуге мүмкіндік беруіміз керек. осы жерде де менің Заңға 

сәйкес заңдастыру жөніндегі шаралар ақшалары қылмыстық 

жолмен  табылған  кейбір  адамдарға  тарамайтынын  атап 

көрсетуім керек шығар. 

бұл шараның сыншылары жеткілікті, бірақ біз кез келген 

сарыуайымшыл сыншының айтқандарын тыңдай бермеуіміз 

керек. менің білуімше, мұндай адамдар қашан да болған, 

олар біздің қай реформамыз жөнінде де қоғамда дау-дамай 

туғызуға  әрекет  жасайды.  Нәтижесінде  солар  не  ұтты?  біз 

бүгіндері  түбегейлі  өзгерістердің  жағымды  нәтижелерін  іс 

жүзінде көзбен көріп, әрбір азамат олардың пайдасын өзінің 

күнделікті өмірінде сезініп отырғанда, сол сыншылар қайда 

жүр? 


мен  әрқашанда:  «Сынайды  екенсің  –  ұсыныс  жасай 

біл» деген принципті басшылыққа аламын. Сонымен бірге, 

сын жағымды мағынада болуы керек, ал бізде оны көбіне 

басқа  сынмен  шатастырады. мен  өзім  алғашқы  принципті 

ұстанамын. егер менің көңіліме бір нәрсе жақпаса, ең алды-

мен, мен өзіме: «Жарайды, бұл ұнамайды екен, сонда мен 

оған не ұсына аламын?» деген сұрақты үнемі алдыма тарта-

мын. Ал бірақ көлегейлі меншікпен күресудің дүние жүзіне 

белгілі әдістерінен басқа, жолдарын ешкім де ұсынған жоқ. 

біз диалогқа дайынбыз және ақылға сыйымды ұсыныстардың 

бәрін құптап қарсы аламыз. бірақ тағы да айтамын: кез кел-

ген  нәрсеге  бола  орынсыз  наразылыққа  толы  бос  сөздер 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

320

емес, нақты ұсыныстар қажет. біздің сын маған көбіне «кім 

кінәлі» деген мәңгілік тақырыпқа құрылған кеңестік «ас үйдегі 

әңгімені» еске түсіреді. Сонда біз 4,7 млн жылжымайтын ны-

сан иелерін, тіпті олардың мүліктері құқықтық сауатсыздықтан 

немесе  салақтықтан  заңдастырылмаған  болса  да,  түрмеге 

отырғызуымыз керек пе? керегі жоқ деп ойлаймын. 

мысалы, мүлікті заңдастыру туралы Заңды әзірлеу бары-

сында құпияны сақтау шаралары есепке алынбады, ол туралы 

айтылған. Қазір осы кемшілікті жою жөнінде жұмыс істелуде. 

Сонымен  бірге  азаматтардың  жылжымайтын  меншікке 

құқықтарын мойындайтын мемлекеттің осы шарасы туралы 

кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. тағы да бір 

рет айтайын – бұл шара мүлкін жасырған кінәлілерді іздеу 

үшін емес, сол мүліктерді заңды айналымға кіргізу үшін іске 

асырылды,  яғни  олардың  меншігі  тиісті  түрде  ресімделіп, 

өздері меншік иелеріне қатысты тиісті құқықтардың сақталу 

кепілдігіне ие болды. 

егер  азаматтың  меншігі  заңдастырылса,  тіркелсе  ғана, 

оны сатуға немесе біреуге сыйлауға болады. ең бастысы – бұл 

меншік өзінің бизнесін жүргізуге банкіден несие алу үшін кепіл 

бола алады. Сөйтіп, шетелдіктерден алынатын инвестицияға 

қарағанда, оны біздің экономикаға өзіміз әлдеқайда көп сала-

мыз. тағы бір айтатын жайт – мүлкін заңдастырып алып, адам 

меншік иесіне айналады және тыныш ұйықтай алады. 

екіншіден, кеңестік құрылыс жылдарында біздің халықтың 

негізгі бөлігі меншік қатынастарын құрметтеуді және олар-

ды  тиісті  құқықтық  жолмен  ресімдеуді  ұмытты.  Өздеріңіз 

ойлаңыздаршы, заңтану бойынша бірде-бір кеңестік оқулық-

та,  бірде-бір  заңда  «жылжымайтын  дүние-мүлік»,  «заттық 

құқық» деген атаулар болған емес. Адамдардың көпшілігі, 

көбіне  өздерінің  іс-әрекеттерінің  заңға  қайшы  келетіні  ту-

ралы  ойланбайды,  олар  мүлкін  әдейілеп  жасырмайды. 

мүлікті екінші бір адамға ресімдеудің себептері көбінесе өте 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



321

бейкүнәлік іс болып шығады. мысалы, кСРо паспорттарын 

жеке  куәліктерге  айырбастау  кезеңінде  азаматтардың  көбі 

салақтық білдіреді, мезгілімен ауыстырмайды немесе оларды 

жоғалтып алады. егер сондай кезеңде бір қолайлы келісім 

ұсыныла қалса, оны босқа жіберіп алмау үшін, басқа біреудің 

атына жаздырады. осындай амалсыздық салық төлеушінің 

тіркеу нөмірі жоқ кезде де болды. Қалай болғанда да, мүлікті 

заңдастыру,  қаржыны  бірінші  амнистиялаған  кездегідей, 

азаматтарымызға да, елімізге де пайдалы болатыны сөзсіз. 

біздің  азаматтарымыз  капиталының  10%-ын  мемлекетке 

салық ретінде төлеп, өзінің қаржысын заңдастыруға тағы да 

бір үлкен мүмкіндік алып отыр, біз мұны елдегі атқарылып 

отырған осы маңызды шараның ерекшелігі дейміз. мұның 

шетелдердегі  ақшаға  да  қатысы  бар.  оларды  Қазақстанға 

аудару міндетті емес. Сонымен бірге біз бұл мемлекеттің ам-

нистия бойынша жүргізіп отырған соңғы акциясы екендігін 

азаматтарымызға ескерткенбіз. 

капиталды  заңдастырудың  тәжірибесін  еске  алғанда 

айта кететін нәрсе – оны жүзеге асыру экономиканың өсуі-

не  және  мұнайға  қойылған  жоғарғы  бағаға  сәйкес  келді. 

Республиканың  мұнайдан  түсетін  табыстары  осы  кезеңде 

күрт көтеріле бастады. мысалы, тек қана 2000 жылы біз 35 

млн тонна шикі мұнай өндірдік. Сол жылғы экспорт көлемі 

4,2 млрд АҚШ долларына тең болды. Салыстырмалы түрде 

айтсақ,  1995  жылы  бұл  көрсеткіштер  23  млн  тонна  және 

0,7 млрд АҚШ долларына тең келді. Сонымен қатар, бізді 

қорқытқан мұнайды сатудан түсетін табыстың көлемі емес, 

оның тұрақты өсу динамикасы болды. Өсудің осындай үрдісі 

барысында біз «экономиканың қызып кетуі» сияқты пробле-

маны және нарықтық экономиканың бұдан басқа да «тама-

шаларын» өзімізге сынақ ретінде қабылдадық. Сондықтан, 

осындай  проблемалардан  құтылу  үшін  біз  Ұлттық  мұнай 

қорын құруға бардық. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

322

бұл кезең дүние жүзінің тәжірибесін қажетінше зерттеу-

мен  және  бұл  жұмыстарға  шет  елдердегі  біздің  елшілерді 

қатыстырумен  сипатталады.  біздің  алдымызда,  басқа 

елдердің тәжірибелеріндегідей, өзіміздің мұнай қорымызды 

құру  міндеті  тұрды.  Үкімет  трансұлттық  компаниялардың 

басшылығымен сыртқы қарым-қатынасты көп жасауға тиіс 

болды. осыны ескере отырып, 1999 жылы Премьер-министр 

болып  кәнігі  дипломат,  өзінде  Сыртқы  істер  министрінің 

мол  тәжірибесі  бар  Қасым-Жомарт  тоқаев  тағайындалды. 

Өкінішке қарай, бұл кітапта мен ол екеуміз бірге атқарған ора-

сан зор сыртқы саяси қызметіміз туралы айта алмаймын.




1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал