Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет26/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

299

дамытуға ынталандырды, тиімділігі жоғары технологиялар-

ды дамытуға және ұзақ мерзімді капитал салуға, шетел ин-

весторларын тартуға жағдай туғызды. 

Заңның  негізгі  принципі  –  әділеттілік  принципі  еді,  ол 

«жоғарыдан төмен» қарай да, «оңнан солға» қарай да теңдік 

болуын  қарастырған.  бұл  жүйеде  салық,  төлеушілердің 

барлық  табыстарына,  олардың  көлеміне,  сонымен  бірге 

оны  қалай  табатындарына  және  жұмсауларына  қарамай, 

бірдей  тең  жағдайда  салынады.  Реформаланған  салық 

жүйесінің артықшылықтарына оңтайлылығы, салық салудағы 

экономикалық  бейтараптығы,  салық  мөлшерлемесінің 

шектеулілігі  және  салыстырмалылығы  жатады.  мысалы, 

Қазақстан  Республикасында  қолданыста  болған  салықтың 

және  ақша  түсімдерінің  45  түрінің,  сондай-ақ  мақсаттық 

қорға деп бөлінген соманың 6 түрінің орнына салық пен ақша 

түсімдерінің 19 түрі ғана қалды. 

Инвестициялық ынталандыруларға, негізгі қаржы паркінің 

жаңаруына  және  өндірісті  жетілдіруге  мүдделілікті  арттыру 

мақсатында  пайдалану  мерзімін  ұзарту  мен  шығындарды 

азайтудың, оларды есептеудің қарапайым түрі қарастырылды. 

Сонымен бірге, бұл заң жаңару кезінде туындайтын про-

блемаларды толықтай шеше алмайтын еді. Салық жүйесінің 

жетілмегендігі және оның одан әрі реформаландыруды талап 

ететіні анық байқалды. 

Сол  кезге  таман  қалыптасқан  салық  жүйесі  «іріктемелі 

жеңілдіктер жасау» принципі бойынша қызмет жасады. мыса-

лы, түскен пайдаға салынатын салық бойынша тоғызға дейін 

мөлшерлеме көлемі әртүрлі – 0-ден 70% дейінгі көрсеткіштер 

(меншіктің түріне, саласына, қызмет көрсету түріне байла-

нысты)  және  салық  төлеуден  босатудың  немесе  салықтың 

мөлшерлемесін кемітудің (пайданы жұмсау бағытына, оның 

түсу көздеріне байланысты) 40-тан астам түрі қолданылды. 

Салықтың басқа да түрлеріне жасалынатын жеңілдіктердің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

300

саны арта түсті. Жүйенің тиімсіздігіне тағы бір мысал: түскен 

пайдаға салынатын салықтың мөлшері салалық принцип пен 

меншіктің түріне қарай саралап жіктелінді. 

Сонымен бірге, сол жылы салық органдарына тәуелсіз 

мәртебе  бере  отырып,  біз  салық  жүйесін  құрудың  жалпы 

принциптерін,  салықты  салудың  тәртібін,  салықтың  жаңа 

түрлерін енгізудің тетіктерін тәртіпке келтірудің, ставкалардың 

мөлшерін  анықтай  алдық.  Сөйтіп,  салықтық  әкімшіліктің 

ағымдағы жүйесінің негізі қаланды. 

Салық салу тәжірибесіндегі аса қомақты және принципті 

өзгеріске 1992 жылы енгізілген, және біз үшін жаңалық болған, 

қосымша құннан алынатын салықты (ҚкС) жатқызамыз. оны 

енгізу республиканың бюджетін сенімді және тиімді пайда 

көзімен қамтамасыз етті, тұтыну сұранысын реттеу жөнінде 

маневр жасауға біршама еркіндік берді. ол сол кезеңде бюд-

жет қаржысының инфляциялық құнсыздануының алдын алу 

құралы болды, себебі ол салық түсімдерін бағаның өсуімен 

тікелей байланыстырды. 

одан  әрі,  экономикалық  ахуал  да  1995  жылдан  бергі 

кезеңде қалыптасқан өзгерістерді ескере келе, 2001 жылы 

жаңа Салық кодексі жасалды да, ол 2002 жылдың басынан 

қолданысқа  енгізілді.  Жаңа  Салық  кодексінің  ережелері 

салықтардың  фискалдық  және  ынталандырушылық  қыз-

меттерін  қоса  атқаруды  барынша  оңтайландырды  әрі 

жеткілікті  дәрежеде  жүргізіліп  отырған  салық  саясатының 

негізгі мақсаты – мемлекет пен салық төлеушінің мүдделерін 

үйлестіретін  салық  жүйесін  құруды  іске  асыруға  жеткілікті 

мөлшерде мүмкіндік берді. 

Жаңа  Салық  кодексін  қабылдау  Қазақстанның  салық 

заңнамасының  дамуындағы  бір  жаңа  кезең  болды.  Салық 

кодексі,  алдыңғы  жылдарда  қалыптасқан  салық  жүйесінің 

концепциялық  негіздерін  нығайтып,  салық  саласындағы 

құқықтық тетіктердің тиімділігін бір мезгілде арттырды. ко-



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



301

декс салық заңнамасының тұрақтылығы, салыққа жеңілдіктер 

беру жүйесінің бірлігі принциптерін бекітті, нақты бір салық 

төлеушіге жеке тұрғыдан жеңілдіктер беруді алып тастады. 

Соңғы жылдары салықтың мөлшерлемесі: жеке зейнетақы 

салығы  –  10%-ға,  қосымша  құннан  алынатын  салық  – 

14%-ға  дейін  айтарлықтай  төмендетілді,  оларды  одан  әрі 

оңтайландырып,  төмендету  көзделіп  отыр.  Қазақстанның 

қаржы жүйесінің осы бір бөлігін реформалау оның қалыптасуы 

мен нәтижелі дамуында маңызды рөл атқарды. біздің қаржы 

жүйеміздің  тмД елдері ішіндегі ең үздігі деп халықаралық 

деңгейде танылуы оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Ресейді 

дүр  сілкіндірген,  1998  жылғы  экономикалық  дағдарыстан 

біздің ойдағыдай өтуімізден кейін болған еді.

 

1998 

жылғы

 

экономикАлыҚ

 

дАғдАрыс

1998  жылғы  экономикалық  дағдарыс  біздің  жас  елі-

міздің  және  оның  қаржы  жүйесінің  беріктігіне  өзінше  бір 

сынақ  болды.  Дүниежүзілік  қаржы  нарығындағы  болған 

ғаламдық  өзгерістердің  нәтижесінде,  бірқатар  елдердің 

–  Қазақстанның  сауда  әріптестерінің  ұлттық  валютала-

ры  біршама  құнсыздануға  ұшырады.  бұл  жағдай  қазақ 

теңгесінің  нақтылы  түрде  қымбаттауына  және  Қазақстан 

экспортының  бәсекелік  мүмкіншіліктерінің  төмендеуіне  

әсер  етті.  Дүниежүзілік  дағдарыстың  Қазақстан  эконо-

микасына  жағымсыз  салдарының  әсері  Ресей  рублінің 

құнсыздануынан  кейін  тіпті  күшейіп  кетті.  бұл  ішкі  тауар 

өндірушілерді  Қазақстан  нарығында  шетел  тауарларының 

экспансиясынан қорғаумен және теңгенің тұрақты айырбас 

бағамын қолдаумен байланысты проблемаларды туғызды. 

Сол кезде Ресейдегі қалыптасқан ахуал қалай бағаланса, 

соны сол күйінде Қазақстанға жай көшіре салу әдеті ішкі валю-

та нарығында шетел валютасына өрепкіген сұраныс туғызды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

302

Валюта  нарығындағы  ахуалды  реттеп,  теңгенің  сол  кездегі 

тіркелген бағамын қолдау үшін Ұлттық банк үлкен валюталық 

интервенциялар  жасады  да,  өз  алтын  валюта  қорының 

біршама жалпы төмендеуіне алып келді. мысалы, осы кезеңде 

тұрақты курсты қолдауға 600 млн АҚШ доллары жұмсалды. 

бұл теңге үшін аса қиын кезең еді. Алтын валютаның одан әрі 

азаюының алдын алып, экономиканың бәсекеге түсу қабілетін 

қалпына келтіру үшін теңгені құнсыздандыру қажет болды. 

Сіздер оған кімнің қарсы болғанын жақсы білесіздер. біз тағы 

да бір дақпыртты тас-талқан қылдық деуімізге болады. 

Қазіргі  уақытта  теңгені  құнсыздандыруды,  ертерек, 

Ресей  рублінің  құлауынан  кейін  іле  жасау  керек  еді  деген 

пайымдауларды  естиміз.  бірақ  мен  кәміл  сенімдімін,  егер 

тмД елдеріндегі қаржы нарығының тұрақсыздық жағдайы 

аясында, сол сияқты ел ішіндегі біршама құнсыздануды күту 

жағдайында  бірден  құнсыздандыру  шараларын  жүргізсек, 

ол  күткендей  нәтиже  бермейтін  еді.  осындай  жағдайдағы 

құнсыздандыру  нәтижесінде  орнықтырылған  валюта 

курсының  қандай  да  тепе-теңдігі  өзінің  ара  салмағын  тез 

арада жоғалтып алар еді. Сол кезеңдегі негізгі міндет валюта 

нарығының құлауын болдырмау және халық экономикалық 

субъектілердің банк жүйесіне деген сенімдерін жоғалтып ал- 

мау керек болды, бұлай ету оның күйреуіне апарып соғар еді. 

Сол  уақытта  Г.  марченко  басқарған  Ұлттық  банк  дәл 

дағдарыс  кезеңінде  теңгені  құнсыздандырудың  қажеті 

жоқ  деген  позицияны  ұстанды.  бізде  жеткілікті  түрде  қор 

бар  еді,  біз  дағдарысты  ауыздықтау  үшін  оның  бір  бөлігін 

жұмсауға дайын едік. Солай бо лып шықты да. Ұлттық банк 

осы кезеңде валюталық қордың едәуір бөлігін жоғалтқанына 

қарамастан,  банк  жүйесінің  валютамен  және  мемлекеттік 

бағалы қағаздармен алып-сатарлық жолмен жоғары табыс 

табуына шын мәнінде ықпал жасады, біз дағдарысты қалай 

болғанда да елеулі шығынсыз-ақ жеңіп шықтық. 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



303

Ұлттық  банктің  жаңа  төрағасы  к.  Дамитов  құнсыздан-

дыруды  жүргізу  жағында  сияқты  көрінген.  бірақ  қатты 

толқу үстінде болды, өйткені жауапкершілік күшті еді. мен 

оны  өзіме  шақырып  алдым;  «иә»  мен  «жоқты»  таразының 

екі  басына  салып,  ұзақ  талқыладық,  тек  Ресейдегі  қаржы 

ахуалы тұрақтанғаннан және ел ішіндегі күтілген құнсыздану 

төмендегеннен кейін ғана барып, 1999 жылы сәуірде теңгенің  

өзгермелі еркін айырбас курсының режимін енгізуге бардық. 

теңгені  құнсыздандыруға  байланысты  жұмыстар  1998 

жылы  қыркүйекте-ақ  іске  асырыла  бастаған-ды.  Соның 

арқасында,  теңгенің  өзгермелі  еркін  айырбас  курсының 

режиміне өтуі ойдағыдай іске асырылды. бұл жерде негізгі 

принциптер мен реттемелік мәселелерді мұқият қарастырудың 

да  маңызы  зор  болды.  мәселен,  айырбас  курсының  жаңа 

режимін  таңдап  алу  үшін  сыртқы  экономикалық  ахуалдың 

дүние  жүзінде,  әсіресе  Ресейде  одан  арғы  дамуының 

ықтимал сценарийлері сараптаудан өткізілді. Әрбір нұсқаның 

артықшылықтары мен кемшіліктері: күтілген теңге курсының 

тепе-тең  салмақтағы  деңгейі,  төлем  балансы,  алтын  ва-

люта  қоры,  бюджет  тапшылығы,  қаржы  нарығының  әрбір 

бөлігі және әлеуметтік көрсеткіштер тұрғысынан бағаланды. 

тәжірибелерді жан-жақты зерттей келіп, осы режимді жыл-

дам енгізудің арқасында валюта нарығы мен банк жүйесінің 

құлауын болдырмауға мүмкіндік туды. 

біз валюта нарығын қолдау үшін сәуірде уақытша экспорт-

тан түскен табыстың 50%-ын сату сияқты шараны енгіздік те, 

оны сол жылғы қарашаның ортасында тоқтаттық. Сонымен 

қатар  халықтың  теңге  түріндегі  салымдарын  және  заңды 

тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге салған депозиттерін, 

сол сияқты зейнетақы қорларының теңге түріндегі активтерін 

қорғауға  барынша  күш  салдық.  бірқатар  компенсациялық 

шаралар іске асырылды. мысалы, өздерінің теңге түріндегі 

депозиттерін  теңгенің  өзгермелі  еркін  айырбас  курсы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

304

енгізілгеннен кейін 9 ай бойы алмаған банк салымшыларына, 

оларды құнсыздануға дейінгі қолданымдағы бағам бойынша 

АҚШ долларына толық көлемінде конверсиялауға мүмкіндік 

берілді.  Жинақтаушы  зейнетақы  қорларындағы  зейнетақы 

активтерін қорғау мақсатында Қаржы министрлігі, айналым 

мерзімі бес жыл болатын және арнайы номиналдық құны 100 

АҚШ долларына тең валюталық облигациялар (АВмекАм) 

шығарды. 

Қабылданған  шаралардың  нәтижесінде,  жаңа  валюта 

саясатына көшу тыныш жағдайда өтті, банк жүйесі тұрақты 

қызмет жасап тұрды. Айырбас пункттеріндегі теңгенің курсы 

бірнеше күннің ішінде тұрақтанып үлгерді. Өзгермелі еркін 

айырбас курсының режимін енгізу Қазақстан экспортының 

бәсекеге  белсенділік  позициясын  қалпына  келтіруге  және 

өндірістің өсуін қайта жандандыруға ықпал етті. мысалы, экс-

порт 1998 жылы 6,012 млрд астам АҚШ долларын құрады. 

Өзгермелі еркін айырбас курсын енгізу тек экономикалық 

қана емес, сонымен бірге ол, бәрінен бұрын, халықтың көз 

алдында  тұрақты  экономикалық  саясатты  қамтамасыз  ет-

кен саяси тұрғыдағы да қадам болды. Халықаралық қаржы 

ұйымдарының  кейбір  ұсыныстарына  қарамастан,  біз  жеке 

және  заңды  тұлғалардың  салымдарын  қорғау  бойынша 

барынша  ықтимал  шараларды  жасадық.  біз  банктердің 

клиенттеріне олардың салымдарын ақшаның құнсыздануына 

дейін болған бағам бойынша конверсиялауға құқық бердік. 

бұл шаралар теңгенің айырбас бағамының шынайы мағы- 

насынан асыра бағалануын жоюға мүмкіндік берді. Құнсыз-

дандыру жылының қорытындысы бойынша төлем балансы 

біршама жақсарып, мемлекеттің алтын валюта активі өсіп, 

ең  бастысы,  экономикадағы  өндірістің  өсуі  қалпына  келді. 

Саудадағы, негізгі әріптес елдердің валюталарымен салыстыра 

алынған өзгермелі еркін айырбас курсы енгізілгеннен кейінгі  

3  жылда  жеткен  теңгенің  айырбас  бағамының  шынайы 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



305

тиімділік  деңгейі  1999  жылдың  аяғында  тіркелген  мәнге 

сәйкес келді. мен, өзгермелі еркін айырбас курсы режимінің 

енгізілуі  өзін-өзі  ақтады  және  өмірлік  қажетті  болды  деп 

есептеймін. осы пікірге шетел сарапшылары да қосылады.

1998  жылы  ресейлік  қаржы  дағдарысы  басталған 

уақытқа таман Қазақстанның дайындығы көбірек болды: 

теңге  бір  жылдың  ішінде  бар-жоғы  өз  құнының  жарты- 

сын ғана жоғалтты. Ұлттық банк өзінің орнықты жүргізген 

саясаты  арқасында  Парламенттің,  кәсіпкерлердің  және 

үкіметтің көз алдында беделге ие болды.

«EuroMoney» жорналы (Ұлыбритания), 

«Қазақстан кереметі», 1 сәуір 2004 жыл

Қарастырылған  шаралардың  нәтижесінде,  біз  дүние-

жүзілік  қаржы  дағдарысының  жағымсыз  әсерін  ең  төмен 

мөлшерге дейін түсірдік те, макроэкономикалық тұрақтануды 

ұстап тұра алдық, ол жұмысымыз шетелдік банк кредитор-

лары  мен  ірі  инвесторларының  сенімдерін  ақтай  отырып, 

халықаралық қаржы институттарының жоғары бағасына ие 

болды. 


бірақ Қазақстан экономикасының кемшіндігі әлі де болса 

елеулі проблема болып қала берді. Ақшаның құнсыздануынан 

кейін, біз мәселенің екінші жағымен – бүгіндері көкейтесті 

болған ревальвациямен бетпе-бет кездескенімізді айтсақ та 

жеткілікті. теңгенің нығайып келе жатқаны байқалғанымен, 

экономиканың доллардан арылуы байқалмады, бұлай болуы 

мұнайды сату арқылы ағылып келіп жатқан шетел валютасына 

байланысты болды. 

Сонымен қатар, банктердің көлемді сыртқы қарыздары 

мен  экономикаға  шеттен  тартылған  инвестициялар  да 

өздерінің  әсерін  тигізіп  отыр.  былай  алғанда  бұл  жаман 

да  емес.  бірақ  мемлекет  бұрын  инвестицияны  тартуға 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

306

ғана әрекет еткен болса, менің ойымша, енді біз бүгін ин-

вестиция  салудың  «сапасына»,  яғни  бұл  ақшаның  қайда 

кететініне, қандайлық шынайы тиімділік әкелетініне, қандай 

мерзімге салынатындығына және т.б. көңіл аударуға тиіспіз. 

Инвестициялаудың «сапасы» туралы айтқанда, ең алдымен 

«шұбалаң» – ұзақ мерзімге салынған инвестицияны (15 жыл-

дан, одан да көп уақытқа) ауызға алсақ та жеткілікті. мұндай 

«шұбалаң ақшалар» ірі инвестициялық жобаларды іске асы-

ру  үшін  қашан  да  қажет-ақ.  олардың  қайтымдылық  және 

қайтарылу мерзімі капиталды инвестициялау нарығындағы 

орташа көрсеткіштен асып түседі. турасын айтсақ, бұлар сол 

– ғылыми талдамалар жасау және оны енгізу, жаңа техно-

логиялар мен өндірістік желілерді – біздің экономикамызға 

қажеттілердің барлығын енгізу жобалары. 

көп адамдар, бізде мынадай ақшалар – зейнетақы жинақ 

қорының активтері бар деп ауыз толтырып айтады; сондағы 

мегзейтіндері – бұлар қалай болғанда да қолдануға заңмен 

шектелген  ақшалар.  біз,  сол  активтерді  экономикамызға 

тартқан жағдайда қандай зор тиімділік беретінін білеміз. бірақ 

оған асықпау керек. біз үшін, бұлар – ең алдымен, жұрттың 

ақшасы.  Сондықтан  бұл  салымдарды  қорғау  мәселелерін 

және  болашақ  жобалардың  шама-шарқын  жан-жақты 

анықтап алу қажет. 

біздегі  зейнетақы  жүйесі  таяуда  ғана  құрылған.  оның 

ең үлкен жетістігі, менің ойымша, активтердің көлемі және 

т.б. емес, адамдардың сенімі. Атап айтқанда, осының өзі – 

зейнетақы жинақ қорының ең бағалы «активі». оның пай-

дасына,  тағы  басқаларына  қарағанда,  өзін-өзі  айқындап 

тұрған нағыз көрсеткіші осы. Зейнетақы ақшаларын ойлан-

бай инвестицияға жұмсаудың салдарынан халықтың сенімі 

жоғалса, ең қиыны сол болар еді. 

Зейнетақы қорларының қаржыларын инвестиция қаржы-

сы ретінде пайдалану – сөзсіз болатын нәрсе, бірақ ол адам-



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



307

дардың  зейнетақы  жинақтарының  пайдалылығын  және 

кепілді қауіпсіздігін ұтымды үйлестіргенімізде ғана іске аспақ. 

мен тікелей осы мәселеге ерекше көңіл аударамын, себебі бір 

кездерде барлығын жоғалтып алған адамдардың реніштері 

мен парыздылығы әлі ұмытылған жоқ. Сонымен бірге мен 

оларға аса ризашылығымды да білдіремін, себебі – осының 

барлығына  қарамай,  олар  бізге  сенді  және  1997–1998 

жылдардағы зейнетақы реформасын қолдады.

з

ейнетАҚы

 

реформАсы

, 1997–1998 

жылдАр

Зейнетақымен  қамтамасыз  ету  үнемі  Үкіметтің  көз  ал-

дында болатын әлеуметтік мәселелердің қатарына жатады. 

мұның дүние жүзіндегі кез келген мемлекетке қатысы бар.  

бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан да сырт қалмайды, азамат-

тардың  қартайғанда  әлеуметтік  қамтамасыз  етілулерінің 

құқықтары оның конституциясында бекітілген. Қазір зейнет-

ақының  жинақтау  жүйесі  қазақстандық  қаржы  жүйесінің 

мақтанышына айналып отырғанын атап айтуға хақылымыз. 

Қазақстан  зейнетақы  жинақтау  жүйесіне  өтуді  бұрынғы 

ынтымақтық жүйе зейнеткерлер алдындағы өз міндеттерін 

түгелдей атқара алмаған жағдайда іске асырды. 

90-шы жылдардың ортасында зейнетақымен қамтамасыз 

етудің мәселелері аса зәрулік мәнге ие болды. бұл жалпы ішкі 

өнімнің құлауымен, жұмыссыздықтың өсуімен, инфляцияның 

жоғарғы  қарқынымен,  ұлттық  табыстың  төмендеуімен, 

бюджет  тапшылығының  өткір  сезілуімен  байланысты  еді. 

Нәтижесінде – зейнетақымен қамтамасыз етуде мемлекеттік 

қаржыландыру  үлесінің  төмендеуі,  зейнетақыны  төлеу  бо-

йынша қарыздардың өсуі және т.б. жәйттер көрініс берді. 

Қажетті зейнетақылық шығындарды жеткіліксіз қаржы-

ландырумен  байланысты  проблемаларға  демографиялық 

үрдістер  келіп  қабаттасты. бұл,  дәл  біздің  республикадағы 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

308

сияқты, дүние жүзінің басқа да елдеріндегі тұрғындардың жас 

мөлшері кәрілікке қарай ойысуына байланысты еді. мысалы, 

Германия мен Франциядағы әлсіз экономикалық конъюнк-

тура және демографиялық ахуал осы елдердің үкіметтерін, 

зейнеткерлік  жас  пен  зейнеткерлік  жарнаға  аударылатын 

қаржының  мөлшерін  өсіру  жөнінде  шаралар  қолдануға 

итермелейді. 

Қазақстанда  да  осындай  ахуал  байқалды.  мысалы, 

егерде 1980 жылы 100 қызметкерге 30 зейнеткерден келсе, 

1997 жылы зейнеткерлер саны 73-ке дейін көбейген, ал 1998 

жылдары  жұмыс  істейтін  бір  адамға  83  зейнеткерге  дейін 

келген. 1980 жылдан бастап жалпы халықтың құрамындағы 

зейнеткерлердің үлесі 11,9%ға, 1997 жылы – 17,1%-ға өскен. 

оған қоса 90-шы жылдардағы кең етек алған миграциялық 

үрдістер бұған өз үлесін қосты. Негізінен жақсы өмір, жайлы 

қоныс іздеген жас адамдар ол кезде Қазақстанды тастап кетіп 

жатты. Ал зейнеткерлердің олай көшіп кетуге мүмкіндіктері 

жоқ: айталық, біреулерінің баратын жерлері болмаса, екінші 

біреулерінің қаражаттары болмады. 

осылардың  барлығына  қосымша,  зейнеткерлік  жүйе 

тәуелділігінің  жоғары  болуы,  дәлірек  айтқанда,  зейнетақы 

алу шылардың сол жарналарды төлеушілермен арақатынасы 

бұрынғы кСРо-дағы ескі зейнетақы заңнамасының нәтижесі 

болатын.  ол  кезде  зейнеткерлікке  шығудың  жасы  еркекке  

60 жас, әйелге 55 жас болатын. Сонымен қатар, зейнеткерлікке 

бұл көрсеткіш-терден де ертерек, жастау кездерінде шығуға 

жиі рұқсат берілетін. 

Сонымен, зейнетақы тағайындаудың қолайсыз құрылымы 

зейнетақымен  қамтамасыз  етуге  байланысты  мемлекет 

шығындарының өсуіне себепші болды. мысалы, ол шығын 

1996  жылы  жалпы  ішкі  өнімнің  7,9%-ына  тең  болды,  ал 

бұл көрсеткіш 1989 жылы 5,6%-ды құраған. егер мемлекет 

инфляцияға  байланысты  зейнетақы  төлемдерінің  шеккен  



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



309

зиянын  толық  өтеп  отырса,  бұл  шығындардың  көлемі 

әлдеқайда үлкен болуы мүмкін екендігін атап айтқан жөн. 

Қазақстан Республикасында 1998 жылға дейін қолданыста 

болған ынтымақтастық зейнетақы жүйесін сол күйінде сақтап 

қалу,  экономикадағы  және  соған  сәйкес  республиканың 

әлеуметтік саласындағы дағдарыстық құбылыстардың шие-

ленісуіне  әкелуі  мүмкін  еді.  мен  Үкіметке  басқа  елдердің 

тәжірибелерін зерттеп, ұсыныстар енгізуді тапсырдым. ми-

нистрлер  кабинеті  мен  Ұлттық  банк  Чилидің  тәжірибесін 

пайдалана отырып, зейнетақы реформасын бастау орынды 

деген ұсыныс енгізді. 

бұл жоба қоғамда қызу талқыланды, қарсылар аз болған 

жоқ. күмән көп болды, бірақ сол кезеңде бізде бұдан шығудың 

басқадай жолы болмады. Сол уақыттағы елдің экономикасы 

қалыптасқан жағдаймен күресте жеңіп шыға алмайтын еді. 

Неліктен біз нақ осы Чили тәжірибесін таңдап алдық? 

Өткен ғасырдың ортасында дүние жүзі елдерінің көпшілігі 

тұрғындардың қартаюы проблемасымен бетпе-бет келген, 

яғни өмір жасының ұзақтығы өскен, ал бала тууы төмендеген. 

ынтымақтық зейнетақы жүйесі жағдайында өмір жасының 

ұзақтығы  жұмыс  істейтін  адамдардың  мойнына  үлкен 

ауыртпалық болып түсті. Халықтың экономикалық жағынан 

белсенді бөлігіне түсетін салықтың салмағы, олардың саны 

зейнеткерлерден аз болған жағдайда ауырлай түсетіні айқын. 

олай  болмағанда,  қаржының  тапшылығы  пайда  болады 

да,  оны  жабудың  әртүрлі  әрекеттері,  мәселен,  зейнетақы 

мөлшерін кеміту қоғамда үлкен әлеуметтік шиеленіс туғызуы 

мүмкін. 

Зейнетақы жүйесін жекешелендіру арқылы қиындықтан 

шығудың жолын 1989 жылы Чилидің еңбек министрі Хосе  

Пиньер ойлап тапқан. ол ұсынған жүйеде әрбір қызметкерге 

өзінің  болашағы  жөнінде  өз  бетімен  қам  жеуге  құқық 

пен  міндеткерлік  берілді.  Салық  түсімдерінен  төленетін 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

310

мемлекеттік  зейнетақының  орнына  бағалы  қағаздарға 

инвестицияланған дербес жинақтар енгізіле бастады. Жұмыс 

істейтін  азаматтардың  өз  еріктерімен  жаңа  жүйеге  өтуіне 

мүмкіндік берілді, ал бірінші рет жұмысқа кірген адамға бұл 

автоматты түрде қолданылатын болды. 

осы реформаны іске асыру әлеуметтік проблемалардан 

басқа Қазақстанның экономикасын дамытуға қосымша ын-

таландыру туғызатын еді. Зейнетақы жинақтары қор нарығы 

арқылы ішкі экономиканы дамытудың инвестициялық көз-

деріне айналуы мүмкін екендігін (Чилидегі сияқты) айтсақ 

та жеткілікті. 

Сондықтан тмД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып 

жоспарлы  түрде  зейнетақымен  қамтамасыз  етудің  жинақ 

жүйесіне өтуді бастады. Үкімет белгілі бір кезеңде сақталып 

қалған ұрпақтардың ынтымақтастығы принципінен біртіндеп 

стратегиялық бағыттағы дербес зейнетақы жинағына өтуді 

көздейтін зейнетақы жүйесін реформалау тұжырымдамасын 

қабылдады. іс жүзінде бұл нарық талаптарына жауап беретін, 

жаңа  зейнетақы  жүйесін  қалыптастырудағы  сапалы  қадам 

болды. 

Зейнетақы реформасын іске асырудың негізгі мақсаты, 



зейнетақы жарнамаларының дербестендірілген есебі арқылы, 

еңбек  үлесінің  зейнетақыға  сәйкес  сай  келетін  қаржылық 

жағынан тұрақты және әділетті жүйесін қалыптастыру болды. 

1998 жылы, аралас зейнетақы жүйесін енгізуді қарастырған 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету 

туралы» Заң қабылданды. онда мемлекеттік зейнетақымен 

(ынтымақтастық  зейнетақы  жүйесі)  қамтамасыз  етуді  енді 

құрылатын және қазіргі кезде дамып отырған жинақтаушы 

зейнетақы жүйесімен қатар сақтау қарастырылды. 

ынтымақтастық жүйеде зейнетақыны, әлеуметтік салық-

тың және республика бюджетінің басқадай түсімдерінің есебі-

нен  төлеуге  негізделген  болатын.  Жинақтаушы  зейнетақы 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ




1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал