Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет25/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

287

1997 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі одан бұрынғы жылмен 

салыстырғанда  101,7%  болды.  Қолайлы  экономикалық  

ахуал,  бәсекеге  түсе  алатын  нарықтың  қалыптасуы  даму 

үрдісімен  бірге  жүріп,  банк  секторының  динамикалық  да-

муына ықпал етті. 

осы  жерде  мен,  біздің  банк  жүйесін  реформалаудың 

жеке  бір  сәті  ретінде,  халықтың  сенімін  арттыруға  байла-

нысты шаралардың болғанын тағы да бір атап өткім келеді. 

бұл  –  бүгінде  біздің  адамдарымыз  пайдаланып  отырған 

несиелердің: автомобиль, ипотека және т.б. алуға арналған 

түрлері. бір кездерде біздің адамдар «несиемен өмір сүруге» 

қорқатын. Демек, бұл жерде, еліміздің қаржы жүйесіне деген 

адам сенімдерінің деңгейін әлдеқайда арттырған – халықтың 

салымдарын сақтандыру жөніндегі шаралар зор рөл атқарды. 

мысалы, 1999 жылдың соңына қарай Қазақстанның жеке 

адамдар  салымына  кепілдік  (сақтандыру)  қоры  құрылды. 

оның қызметі – осы жүйеге кірген банктер жойылған жағ-

дайда, азаматтарға олардың салымдарын қайтарып беруді 

қамтамасыз ету болды. 

Соңғы  осындай  мысал  –  «Наурыз-банк»  төңірегінде 

болған  жағдай.  бұл  банк  мемлекеттік  құрылымдардың 

қолдауымен  құрылған  еді,  бірақ  оның  қабілетсіз  басшысы 

банкті банкротқа ұшыратты. Салымшылар, оның ішінде мем-

лекет  те  бар,  ақша ларынан  айрылды.  банктің  басшылары 

қашып  жүр.  Қор  жеке  тұлғалардың  ақшаларын  қайтаруға 

мәжбүр  болды.  Қазіргі  кезде  Салымдарға  кепілдік  беру 

қоры, халықаралық стандартқа бірте-бірте өтуді іске асыра 

отырып,  тұрақты  қызмет  жасауда.  кейінірек,  2001  жылы 

халықаралық  сарапшылардан  жоғары  баға  алған  Актуар 

орталығы  құрылды.  бұдан  басқа,  Несие  тарихының  бюро-

сы және Ипотекалық несиелер кепілдігінің қоры бар. 2005 

жылдың 30 желтоқсандағы жағдайы бойынша қор жалпы со-

масы 5 млрд теңгеге тең ипотекалық несиелердің кепілдіктерін 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

288

қолдады. Қазақстанның 20 банкі мен ипотекалық компания-

лары ипотекалық несиелер кепілдігі жүйесінің қатысушылары 

болып табылады. 

менің ойымша, біздің қаржы жүйеміздің табысты болуын 

шетелдік сарапшылардың бағалауы немесе қандай да бол-

масын экономикалық есептеулер емес, мына төмендегі дерек 

айқын дәлелдейді. 

1999 жылдың 1 сәуіріне таман екінші деңгейдегі Қазақ-

стан  банктеріндегі  халықтың  салымдары  348  млн  АҚШ 

доллары  мөлшерінде  болды.  бірақ,  әртүрлі  сараптамалық 

бағалаулар  бойынша,  азаматтардың  жасырын  жинаған 

ақшалары 1 миллиардтан 3 миллиардқа дейінгі АҚШ дол- 

ларына тең делінеді. бұл сома сол кезеңдегі банк есепшот-

тарындағы  және  зейнетақы  жинақтау  жүйесіндегі  сома-

дан  кем  дегенде  бір  жарым  есе  артық  болды.  Жүргізілген 

реформаның көмегімен, біз азаматтар жинақтарының біздің 

қаржы жүйемізге ағылып келуіне қол жеткіздік, сөйтіп бүгін 

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі 

жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін Қазақстан 

қоры» акционерлік қоғамының резерві 339 млрд теңге ша-

масында болып отыр. 

Сол  уақыттарды  еске  ала  отырып,  мен:  оның  арғы 

жағында  қаншама  реніштер,  кейде  тіпті  күлкілі  оқиғалар 

болғанын  ойлаймын.  мысалы,  маған  солардың  ішінде 

мына  бір  жағдай  өте  ұнайды. тұрғындардың  қаржыларын 

банкілерге тарту науқаны жүріп жатқан кезде сондағы Ұлттық 

банктің  төрағасы  Григорий  марченко  бірде:  «бұл  науқан 

нәтижелі  болып  аяқталған  жағдайда,  өзімнің  сақалымды 

қырып тастаймын», – деп көпшіліктің алдында маған уәде 

бергені бар. Сонымен бірге, егер жеке тұлғалардың екінші 

деңгейдегі банктердегі салымдары 1 млрд АҚШ долларына 

жетсе, соны нәтижелі деп есептейтін болдық. 

Григорий марченконың мәлімдемесі әсіресе бұқаралық 

ақпарат құралдарына ұнап қалыпты. көптеген экономистер 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



289

мен журналистер: «марченко енді өмір бойы сақалмен өтетін 

шығар» деп айтып та, жазып та жүрді. Содан арада тура екі 

жыл өтісімен, атап айтқанда, 2001 жылы 7 қыркүйекте, ол 

баспасөз конференциясына «кенеттен жасарып» кіріп келіпті. 

Жұрттың бәрінің көзінің түскені – оның ақ кіре бастаған сақал-

мұрты  жып-жылмаған  тап-тақыр  қылып  қырып  тастапты, 

дейді. ол сол жерде жеке тұлғалар жинақтарының мөлшері 

1,116 млрд АҚШ долларына жеткендігін хабарлапты. 

тұрғындар қаржысын Қазақстан банкілеріне тартуда осы 

бір бәстесудің пайдасы жарнамалық және ақпараттық шара-

лардан артық болмаса кем болмауы әбден мүмкін. кейіннен, 

марченко қаржы нарығының жеке бөліктері тиімділікпен да-

митын болса, сақалымды қырып тастаймын деп тағы да екі рет 

уәде берді. бірақ енді онымен бәстесуге ешкім шықпады. 

Григорий Александрович марченко – «евромани» журна-

лы «ең үздік банкир» деп таныған, өзінің позициясын қорғай 

білетін  және  айтқандары  көп  жағдайларда  дұрыс  болып 

шығатын,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  маман.  Ұлттық  банктің 

төрағасы ретіндегі оның қызметін мен қашанда қолдап отыр-

дым. оның бірбеткейлігіне байланысты Үкіметпен және Пар-

ламентпен қағысып қалуы аз болмайтын, бірақ ол қашанда 

өз пікірін қорғап шығатын. 

Жинақ ақшаны сақтаудың және оған халықты ынталан-

дырудың  идеясын  мен  1999  жылы  мамырдың  аяғында 

Республика қаржыгерлерінің I конгресінде-ақ ұсынғанмын. 

ол  кезде  біздің  экономикамыз,  дүниежүзілік  қаржы  және 

тауар нарықтарындағы күрт өзгерген жағдайларға бейімделу 

салдарынан  өте  ауыр  проблемаларға  ұрынған  болатын. 

1998–1999  жылдардағы  дағдарыс,  экономиканы  дамы-

ту  үшін  инвестициялық  ресурс  ретінде,  азаматтардың  ішкі 

жинақтарына көңіл аударуға итермелеген. Ал оған дейінгі 

экономиканы қолдап тұруға және дамытуға қажетті қаржының 

жетіспеуін, банк қауымдастығы, сыртқы заемдар мен шетел 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

290

инвестицияларының  ағылып  келуі  есебінен  шешіп  келген 

болатын. Қаржы жүйесінің осы және басқа да мәселелеріне 

мен  қашан  да  мұқият  көңіл  бөлетінмін.  мемлекеттік  және 

жеке  секторлардың  өзара  ынтымақтасуы  экономика  үшін, 

біржақты  мемлекеттік  жоспарлауға  қарағанда,  әлдеқайда 

пайдалы екендігі кімге болсын құпия емес-ті. 

Атап айтқанда, I конгрестің арқасында қаржы нарығы-

ның  барлық  секторларының  өкілдері,  Қазақстан  қаржы 

нарығының даму проблемаларын талқылауға бірінші рет өз 

еріктерімен  бірікті.  мысалы,  олар  экономикалық  дамудың 

және  халықтың  әл-ауқатын  жақсартудың  орасан  зор 

міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін инвестициялық салым-

дарды кеңейту және жаңа қаржы құралдарын қалыптастыру 

проблемаларын қарастырды. 

Салымдардың  кепілді  жүйесін  құрумен  бір  мезгілде 

салымшылардың  мүдделерін  қорғау  мақсатында  банк 

құпиялары  бойынша  заңнама  күшейтілді.  мысалы,  жеке 

тұлғалардың  есепшотындағы  ақшаның  қалдығы  және 

ақшаның қозғалыстары туралы мәліметтер тексеру органда-

рына тек қылмыстық іс қозғалғанда және прокурордың санк-

циясы болғанда ғана беріледі. Сонымен бірге, салық және ке-

ден органдары банк құпиясы болып табылатын мәліметтерді 

алу құқығы бар мемлекеттік органдар тізімінен шығарылды. 

біздің  қаржы  жүйеміздің  табыстылығының  тағы  бір 

жарқын  көрінісі  –  Қазақстан  капиталының  көрші  елдердің 

нарықтарына экспансия жасауы және біздің қаржы нарығы-

мызға шетел капиталының келе бастауы болды. 

бір  кездерде  біз  бұл  туралы  ойға  да  ала  алмайтын-

быз.  біз  бүтіндей  алғанда  өзіміздің  қаржы  жүйеміз  бен 

экономикамыздың  дұрыс  қызмет  жасауын  қамтамасыз 

етуді  ғана  ойладық.  бірақ  нәтиже  басқаша  болып  шықты, 

реформаның нәтижесі біз ойлаған ең батыл нәтижелерден 

артығымен  асып  түсті.  Қазір  Қазақстан  экономикасының 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



291

монеталану  деңгейі  –  тмД  елдері  ішіндегі  ең  жоғарғысы. 

бұл  біздің  банктерге  көршілеріміздің  қаржы  нарықтарына 

белсенді түрде экспансия жасауға мүмкіндік беріп отыр. көрші 

елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда дамыған банк жүйесі 

бар біздің банктерге, олар сияқты капиталы және ең бастысы 

– салымдардың қауіпсіздігі мен табыстылығына кепілдемесі 

жоқ, олардың жергілікті банктермен бәсекелі күресте жеңіске 

жете  отырып,  көп  жағдайда  өздеріне  тиімді  пайда  пайыз-

дары  мен  шарттарын  ұсынуға  мүмкіндік  берді.  мысалы, 

Қазақстандағы орташа жылдық пайыздық мөлшерлеме 10-

15 пайыз арасында ауытқып отыратын болса, тәжікстандағы 

бұның  бір  жылдық  көрсеткіші  36  пайызға  тең.  келісіңіз, 

айырмашылық өте үлкен. 

микроэкономикалық  ахуалдың  тұрақтылығы,  өсіп 

отырған  біздің  адамдардың тұрмыс  деңгейі,  өз орайында, 

Қазақстанды,  шетел  қаржы  компаниялары  үшін  аса  тар-

тымды  етеді.  егерде  біздің  пайыздық  мөлшерлеме  тмД 

елдерінікімен  салыстырғанда  төмен  деп  есептелінсе,  онда 

батыстың  тұтынушылары  үшін  осы  10-15%  келісуге  бол-

майтын  тым  көтеріңкі  деп  есептеледі.  Шетел  банкілерінің 

келуі Қазақстанның қаржы нарығындағы бәсекені дамытуға 

мүмкіндік береді. 

мысалы, қазірдің өзінде біздің нарықта Чехияның аса 

ірі «Хоум кредит» (Home Credit Group) сақтандыру компа-

ниясы қызмет жасай бастады, бұрынырақта «Хоум кредит 

Қазақстан»  акционерлік  бірлестігі  құрылған.  кәсіпорын 

қызметінің басым бағыттары тұтынуды несиелеу болып та-

былады. компания Қазақстан нарығында несиелік қызмет 

көрсетудегі  өзгерістерге  өте  шапшаң  рай  білдіре  отырып, 

клиенттер мен әріптестерге несиелеу мен ынтымақтастықтың 

қолайлы  шарттарын  ұсынады.  Қазақстандағы  ең  табыс-

ты  кәсіпорындар  «Хоум  кредит  Қазақстан»  акционерлік 

қоғамының әріптестері болып табылады, бұлардың ішінде 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

292

ірі  сауда  жүйелері  «технодом»,  «евросеть»,  «Сулпак», 

«м-техникс»,  сондай-ақ  елдің  барлық  аймағындағы 

мамандандырылған жеке дүкендер және басқа да компания-

лар бар. Әріптестік байланыстарды үздіксіз кеңейте отырып, 

компания  сенімді  және  тәжірибелі  әріптестермен  іскерлік 

өзара қарым-қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 

тұтынуды  несиелеу  нарығының  өсуі  Қазақстанға  ше-

телдік  жаңа  ойыншыларды  тартуда.  Чех  қаржы  тобынан 

кейін іле-шала еуроаймақтағы аса ірі тағы бір қаржы тобы 

Қазақстанның  бөлшек  саудасын  игеруді  жоспарлап  отыр. 

Француздың  «Societe  Generale»  банк  тобы  таяу  араларда 

Қазақстанда өзінің бөлімшесін ашқысы келеді. 

бұл кейбіреулерге ерсі көрінуі мүмкін, бірақ мен шетел 

капиталының келуіне кәдімгідей қуанамын. Өйткені жоғары 

пайыз алу несие салудың күшті тәуекелдігімен байланысты 

болған кез артта қалды. Қазір тұрғындардың тұрақты табыс-

тары және тиянақты қаржылық жағдайлары бар. Ал, біздің 

банктер жоғары пайыз алу әдетімен әлі де «қоштасқылары» 

келмейді. Шетелдіктер қаржы қызметін көрсету нарығындағы 

бәсекенің деңгейін көтереді, нәтижесінде қоғам ұтады. 

Жалпы алғанда, банк секторы дамуының қорытындысын 

түйіндей келе, оның осы уақыттар ішіндегі дамуы, мемлекеттің 

жан-жақты қолдауының және мемлекеттік қаржы жүйесін кең 

көлемде реформалаудың нәтижесінде іске асты деп, айтуға 

болады. Сондықтан, әсіресе нарыққа өту кезеңіндегі үрдісте 

біздерге бюджет жүйесі саласында да, сол сияқты салық салу 

саласында  да  түбегейлі  реформаларға  баруға  тура  келген 

кезде, оларды жетілдіру үрдісін босатып жіберу әділетсіздік 

болар еді.



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



293

б

юджет

 

және

 

сАлыҚ

 

жҮйесі

 

менің осыған дейін айтқанымдай, банк жүйесі өзінің да-

муына қарай қадам басуы үшін, мемлекет қаржысы саласын-

да, мемлекеттің бұған сайма-сай келетін саясатын қамтамасыз 

ету қажет болды. 

бұрынғы  одақтық  бюджеттен  берілетін  субвенциялар 

мен  дотациялардан  (1991  жылы  олар  біздің  республи-

ка  бюджетінің  алтыдан  бір  бөлігін  құрады),  сол  сияқты 

қаржыландырудың  ведомстволық  көздерінен  айрылған, 

бұрындары,  әдетте,  одаққа  тікелей  қараған  деген  желеу-

мен республикадағы өндіріс көлемінің жалпы 90% астамын 

алып тұрған салалар мен кәсіпорындардың ауыр дағдарысын 

сезіндік. осылардың бәрі жаңа бюджет жүйесін құруды талап 

еткен. 


мемлекеттік  қаржы  саласын  реформалау  жөніндегі 

алғашқы  қадамдардың  бірі  –  1991  жылы  Қазақстанның 

бюджет  жүйесі  туралы  өз  заңын  қабылдауы  болды.  осы 

заңның арқасында, Қазақстан Республикасының бюджетін 

қалыптастырудың  принциптері  өзгертілді,  республикалық 

және  жергілікті  бюджеттер  арасындағы  өзара  қарым-

қатынастар анықталды. оның негізін салушы республикалық 

және  жергілікті  бюджеттердің  дербестігі  туралы  принцип 

болды. 

Сонымен бірге, оқиғалардың жылдам өрістей бастаға-



нынан көп ұзамай, қабылданған заң ендігі талаптарға жауап 

беруден  қалды.  тиімділігі  жоғары  бюджет  жүйесін  құруда 

ең негізгісі деп саналатын «әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің 

бірлігі» принципінің өзі тағайындалмағанын және оның үстіне, 

кезектегі жылдың бюджеті сияқты, қосымша бюджет жасауға 

рұқсат етілетінін, сонсоң олар да арнайы қаралып, бекітілетінін 

айтсақ та жеткілікті. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

294

мемлекеттік  қаржы  жүйесін  басқару  туралы  айтатын 

болсақ, 1994 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің орында-

луымен Ұлттық банк те, Қаржы министрлігі де айналысты. 

мұндай күлкілі жүйе тиімді бақылауды қамтамасыз ете ал-

мады. оны жетілдіру мақсатында біз Қаржы министрлігінің 

құрамында  Қазынашылық  бас  басқармасын  құрдық.  бұл 

1996  жылдан  бастап  бірыңғай  қазына  есепшоты  арқылы, 

кірістердің және жүргізілген кассалық шығындардың жалпы 

сомасын есепке алу мен шығынын есептен шығару жөніндегі 

операциялардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік 

берді. бір жылдан кейін жергілікті бюджет бойынша төлемдік 

тапсырыстар  арқылы  шығындарды  қаржыландыру  тетігі 

тоқтатылды,  қаржыландыру  ісі  қаржылық  және  бюджеттік 

рұқсат түріндегі лимиттер беру арқылы іске асырыла бастады. 

бұл еліміздің бюджет жүйесін жетілдіру бағытындағы алғашқы 

қадамдарымыздың бірі болды. 

Реформаларды жүргізгенге дейін бүкіл бюджет процесі 

бюджет өтінімдерін бұрынғыша біріктіру түрінде болды, содан 

кейін барып қана, онсыз да аз қаржыны бюджет мекемелері 

арасында бөлу жүргізілетін. бұл процесте іс жүзінде бюджет 

аясында  іске  асырылуға  тиісті,  макроэкономикалық  ахуал 

есепке  алынбады,  сол  сияқты  экономикалық  саясаттың 

принциптері мен басымдылықтарына сәйкес шығындарды 

байланыстыруға  әрекеттер  жасалмады.  Сөйтіп,  бюджетті 

дайындау процесі Үкімет іске асыруға тиісті басымдылықтар 

мен бағдарламаларды талқылаудың орнына, сандарды сапы-

рылыстыру түрінде ғана өтті. тіпті дайындау үрдісінің соңғы 

қорытынды  кезеңінде,  Парламентте  бюджеттің  түпкілікті 

нұсқасы талқыланып жатқан уақытта, шығындардың кейбір 

бап тарына байланысты ғана дауласу жүріп жатты. Сонымен 

бірге шығындарды бағдарламалық басымдылықтармен бай-

ланыстыру әрекеттері мүлде болған жоқ. 

осы саладағы маңызды қадамдардың бірі 1997 жылы 

жасалды. ол кірістер мен шығындардың халықаралық стан-


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



295

дарт  талаптарына  сай  жаңа  классификациясын  енгізу  еді. 

мұның  енгізілуі  барлық  деңгейдегі  бюджет  шығындарын 

өзара байланыстыра отырып, мемлекеттің бағдарламалық 

міндеттерін  орындауға,  сонымен  қатар  орындаушылық 

тәртібін жақсартуға және бюджетті қалыптастырудың шына-

йылығын арттыруға мүмкіндік берді. 

1999 жылы Қазақстан Республикасының «бюджет жүйе- 

сі  туралы»  үшінші  заңы  қабылданды.  бұл  заң  бюджет 

жүйесінің  бірлігі  принципін  қамтамасыз  етуге,  бүкіл  ре-

спублика  аумағындағы  тұрғындарға  бірдей  мемлекеттік 

қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етуге және аймақтар 

арасындағы сәйкессіздікті теңестіруге мүмкіндік берді. Сол 

сияқты  осы  заңмен  бюджетаралық  қатынастар,  бюджеттік 

кемітулер  мен  субвенциялардың  тетіктері  орнықтырылды, 

белгілі  бір  мемлекеттік  қызметтерді  республикалық  және 

жергілікті  бюджеттерге  сәйкес  қаржыландырудың  арасы-

на шек қойылды.  бұл кезеңде реформаландырудың басты 

назары  бюджет  ақшасын  мақсатты  әрі  тиімді  пайдалануға 

және бюджеттің кредиторлық қарызының өсуін болғызбауға 

шоғырландырылды. біз барлық мемлекеттік мекемелердің 

өздеріне бюджет заңнамалығымен жылына тағайындалған, 

белгілі  бір  бюджеттік  сомадан  тыс  мөлшерде  қаржылық 

міндеткерліктер алуына құқығы жоқ деген тәртіпті бірінші рет 

заңнамалық негізде анықтап бердік. 

тұрақты негізде құрылған бюджет комиссиялары біз үшін 

артықшылығы  бар  мәселені,  яғни  кезекті  жылға  арналған 

бюджетті  қалыптастыру  кезінде  мемлекет  шығындарының 

орындылығын қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік 

берді.  мемлекеттік  бюджетті  ағымдағы  бюджетке  бөлу 

жүзеге  асырылды,  соның  есебінен  мемлекеттің  ағымдағы 

қажеттіктерін  орындауға  бағытталған  және  экономикаға 

жұмсалатын  инвестициялық  шығындарды,  яғни  инфра-

структураны, қала құрылысын дамытуға, ақпараттық жүйені 

құрып,  дамытуға,  ғылымға,  адам  капиталына  инвестиция 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

296

салуға  жұмсалатын  бюджеттік  бағдарламалар  орындал-

ды.  бюджеттің  осылай  бөлінуі,  мемлекеттің  заңнамамен 

анықталған міндеттерін орындауына, яғни мемлекеттік меке-

мелер жүйесін ұстауға бағытталған қаржының нақты құнын, 

әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған мемлекеттің 

инвестициялық  үлесінің  көлемін,  сол  сияқты  бюджеттік 

бағдарламаларды  жүйеге  келтіру  шығындарын  шынайы 

бағалауға мүмкіндік берді. 

бюджеттік саланы реттеуде жүйелік тәсілді қалыптастыру 

үшін бюджет кодексі жасалынды, ол қолданыстағы заңнама-

лық нормаларды тәртіпке және жүйеге келтіруге мүмкіндік 

берді,  олардың  оралымды  құрылымын  қамтамасыз  етті. 

Ұлттық қор бірінші рет еліміздің бюджет жүйесінің құрамдас 

бөлігі деп жазылды. 

бұл кодекске бюджет жүйесінің орнықтылығы мен тұрақ-

тылығын  қамтамасыз  еткен  жаңа  принциптері  негізделді, 

бюджеттік жоспарлаудың бұрын қолданылып келген прин-

циптері,  барлық  деңгейдегі  бюджеттің  кіріс  және  шығыс 

бөлімдерін қалыптастыру тәсілдері қайта қарастырылды. бұл 

жердегі  маңызды  нәрсе  сол,  осы  бюджет  кодексінде  тиісті 

есептеулер жүргізу негізінде бюджеттік бағдарламалардың 

тиімділігін бағалау, олардың негізделуін сараптау, олардың 

орындалу  барысы  мен  елдің  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайына  тигізіп  отырған  ықпалын,  тиімсіз  бағыттарын 

анықтау қарастырылған. 

мемлекеттік  борышты  басқаруға  қатысты  қолайлы 

шешімді  іздестіру  бюджеттік  реформаның  аса  маңызды 

аспектілерінің  біріне  айналды.  мемлекеттік  бюджеттің 

тапшылығын  қаржыландыру  туралы  мәселе  күн  тәртібіне 

ерекше өткір қойылды, ел бюджетінің кең көлемдегі қаржы 

тапшылығын  жабу  үшін  мемлекеттік  қарыз  алудың  нақты 

лимитін  заңнамалық  түрде  орнықтыруға  біз  бірінші  рет 

бардық. 


Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



297

бұрын  Үкімет  бюджет  тапшылығын  қаржыландыруды 

Ұлттық банктен қарыз алу арқылы іске асыратын, бірақ бюд-

жет тапшылығын Ұлттық банктің несиелеуі біздің инфляция 

деңгейін төмендету және ұлттық валютаның тұрақтылығын 

ұстап тұру жөніндегі әрекеттеріміздің бәрін жоққа шығаратын. 

Сондықтан  мемлекет  қаржы  тапшылығын  Ұлттық  банктің 

қаржысы  есебінен  қысқартуға  барды  да.  Сырттан  қарыз 

алуға көшті; ал ондай қарыздардың үлесі 1994 жылы – 55%, 

1997 жылы – 81% болды. макроэкономикалық тұрақтану да 

сыртқы қарызды көбірек алуға жағдай туғызды. Нәтижесінде 

1998 жылға қарай республика Үкіметі Ұлттық банктен тікелей 

қарыз алуды біржола тоқтатты. 

Ақырында,  экономиканың  көтерілуі  арқасында  және 

1998 жылы 76%, 1999 жылы 63% болған осы қарыздардың 

біршама қымбаттығына байланысты сырттан қарыз алудың 

көлемі бірте-бірте азая берді. Үкіметтің сырттан қарыз алуы 

халықаралық суверенді облигацияларды 4 рет шығару арқылы 

іске асырылды. олар: үш жылдық (1996 жыл), бес жылдық 

(1997 жыл), бес жылдық (1999 жыл), жеті жылдық (2000 

жыл)  болды.  1999  және  2000  жылдарда  еурооблигация-

ларды орналастыру Қазақстанның халықаралық имиджінің 

нығаюына ерекше әсер етті, өйткені ол халықаралық капи-

тал  нарығында  дамушы  елдерге  деген  сенімнің  біршама 

төмендеген жағдайында орын алды. Халықаралық сарапшы-

лар соңғы орналастыруды осылай деп бағалады. 

Алайда,  өзіміздің  бюджет  жүйемізді  қалыптастыруға 

кірісе отырып, біз бюджеттің табысты бөлігін қалыптастыру 

проблемаларымен  соқтығысып  қалдық.  тәуелсіздіктің 

алғашқы жылдарында осы заманғы салық салу мәселелері 

бойынша  кәдімгі  заңнамалық  актілердің  болмауы  бізді 

тығырыққа әкеліп тіреді. кеңестік кезеңде барлық салық сая-

саты біздің республикадан тыс жерде қалыптасты да, біздің 

ондай  тәжірибеміз  болған  жоқ.  Сонымен  бірге  құрылып 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

298

жатқан кәсіпорындар санының күрт өсуі шаруашылық және 

салық есебінің күрделіленуіне алып келді. осы факторлардың 

барлығы  салық  салу  жүйесінің  өзін  реформаландыру 

қажеттігі туралы мәселені көлденең тартты. 

Сонымен  бірге,  мемлекеттің  бюджеттік  құрылымының 

жаңа  принциптерін  анықтау  туралы  айтқанда,  қалған  заң-

намалық  базаны  жасай  отырып,  біз  осы  қадамға  қарай 

жоспарлы түрде жүргенімізді атамай кетуге болмас еді. бұл 

оңайға  соқпайтын  міндет  болатын.  елімізге  соншалықты 

қажетті  заңдар  ұзақ  уақыт  Жоғарғы  кеңесте  қозғалыссыз 

жататын. олар бойынша талқылаулар жарты жылдықта бір 

рет қана өткізілетін, ал елдегі ахуал әсірелеп айтқанда, күн 

сайын  емес,  сағат  сайын  өзгеріп  отырды.  көбіне,  нашар 

жағына қарай. 

Қалыптасқан ахуалға қарамастан, 1991 жылы Қазақстан 

Жоғарғы кеңесінің жетінші сессиясында біз қалай болғанда 

да,  салыққа  қатысты  құқықтық  нормативтік  актілердің 

республикалық пакетін қабылдадық, оған он төрт заң кірген. 

Жалпы алғанда «Қазақстан Республикасының салық жүйесі 

туралы»  Заңы  16  жалпы  мемлекеттік,  10  жалпы  міндетті 

және 17 жергілікті салықты қарастырды. осы Заң мемлекет 

экономикасын реформаландырудағы алғашқы қадамдардың 

бірі болды. 

бюджет жүйесін жетілдірумен қатар, біз салық жүйесін 

де  осы  заманның  шындығына  қарай  жақындату  үшін 

жұмыстар  жүргіздік.  бұған  қарай  жасалған  бірінші  қадам 

1995 жылы «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін 

міндетті төлемдер туралы» Заңның қабылдануы болды. бұл 

заңның қабылдануымен салық жүйесінің тиімділігін көтеруге 

мүмкіндік  туды.  осы  нормативтік  актінің  қабылдануымен 

салық  саясаты  салық  санының  өсуіне  қарай  емес,  оны 

оңтайлатуға қарай бағытталды. ол шаруашылық жүргізуші 

субъектілерді іскерлік белсенділікті арттыруға және өндірісті 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ




1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал