Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет24/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38

276

Ашық нарықтық қатынастарды құру бізден экономика-

ның  негіздерін  түбегейлі  өзгерістерге  апаратын  қадамдар 

жасауды  талап  етті.  мойындауым  керек,  бұл  оңай  емес 

еді.  осындай  шешімдердің  бірі  1993  жылғы  нарықтық 

қатынастарды ырықтандыру болды. Нарыққа барар жолдағы 

осы қадамға біз тауар тапшылығы мен өсіп отырған гиперин-

фляция жағдайында бардық. ырықтандыруды іске асырудың 

басталуымен  бірге  әртүрлі  қаржы  ұйымдарының  жылдам 

өсуі басталды. олардың ішінде коммерциялық банктер мен 

банк операцияларының жеке түрлерін іске асырушы ұйымдар 

ерекше орында тұрды. мәселен, 1993 жылдың соңына қарай 

Қазақстанда 200-ден астам коммерциялық банктер құрылды. 

бұл  жағдайдың  пайда  болуы,  заңнамадағы  кемшіліктерге 

байланысты еді. Соның салдарынан кез келген кәсіпорын мен 

кооперативке өзінің меншікті банкін құрып алуға мүмкіндік 

туды. бұлардың көпшілігі кейіннен қаржы жағынан қауқарсыз 

болып  шықты.  олар  аса  жоғарғы  инфляция  мен  валюта 

нарығындағы тұрақсыздық жағдайында, алыпсатарлық пайда 

табу үшін ғана құрылды. 

бұл,  өз  кезегінде,  ырықтандырудың  бірінші  кезеңінің 

инфляцияның  өсуімен  және  төлем  қабілеттілігіне  деген 

сұраныстың  қысқаруымен  қосарлас  жүруіне  әкеліп  соқты. 

мәселен,  1993  жылдан  1995  жылдың  соңына  дейінгі 

кезеңде  жылдық  орташа  инфляция  1200%-ға  тең  болды 

да, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 1995 жылдың өзінде 

ғана шамамен 40 млрд теңгені құрады, ал екінші деңгейдегі 

банктердің  кәсіпорындарға  несиесі  бойынша  жылдық 

көрсеткіші 400%-ға жетті. 

ырықтандырудың  бастапқы  кезеңінде  тауарлардың 

белгілі бір түрлерінің бағаларына мемлекеттік бақылау әлі де 

болса сақталған еді. мемлекеттік қажеттіктер үшін әкелінетін 

тапсырыстар тәжірибесін және басқа да шектеулерді мемлекет 

кәдімгі жай тіршілік мақсатында пайдаланды. Азық-түлікке 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



277

және бірінші қажеттегі тауарларға нақты бекітілген бағалар 

қойылды.  осыған  байланысты  кәсіпорындар  шығынға 

ұшырады.  бұл  шығындардың  орнын  жеңілдіктер  берілген 

көтерме  шаралар  да,  несиелерді  қайтару  мерзімін  өзгерту 

саясаты да толтыра алмады. 

Сонымен бірге, ол кезде мемлекет тұрғындарды қажетті 

тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмады, осы-

дан келіп олардың үлкен тапшылығы туды. біздің экономи-

камыз  тар  шеңберде  шектеулі  болатын,  кеңес  уақытында 

бірінші  қажеттіліктің  көптеген  тауарлары  оларды  өндіретін 

басқа одақтық республикалардан жеткізілетін.  енді бірінші 

зәруліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін, Үкімет көрші 

өндіруші-елдерден  «тауарлық  (матасқан)  несиелер»  алуға 

мәжбүр болды. С. терещенко Үкіметі 100 млн АҚШ доллары 

сомасында осындай несиелер алды. олардың тауарлық деп 

аталған себебі – бізге несие беріп отырған елдердің тауар-

ларын сатып алу қажеттілігі үшін берілетін. Қойылған шарт 

осылай болғандықтан, алынған несие олардан қант, темекі, 

май, шұжық және т.б. сатып алуға жұмсалатын. 

көптеген адамдар, осы жағдайды естігенде: «Неге бұлай 

істелді, алынған несиелер неге басқаша жұмсалмады?» деген 

орынды сұрақ қоюлары мүмкін. бізге жалпы тапшылыққа бай-

ланысты пайда болған әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету үшін 

нарықты тауарларға толтыру қажет болды. біздің адамдар 

азық-түлікті тапшылықтан сатып ала алмай жатқанда, қайдағы 

бір реформа туралы айтудың өзі қисынсыз еді. Дүкендердің 

сөрелері қаңырап бос қалған. Жаныңды тітіркендіретін көрініс 

қой – дүкенге кірсең, тауар жоқ. мұны тек көзбен көру керек 

еді. 


Үкімет  бұл  несиелерді  бизнеспен  енді  ғана  айналыса 

бастағандарға бөлуді ұйғарды. Өйткені олардың нарықтағы 

қызметін  қолдау  керек  болды.  біз  бір  жағынан,  олар  бұл 

несиелерді тұрғындарға қажет азық-түлікті, дәрі-дәрмек са-

тып алу үшін мемлекеттік органдарға қарағанда әлдеқайда 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

278

тиімді пайдаланар, содан соң несиелерімен өздері есептесер 

деп үміттендік. Дүкендегі саудадан түскен ақшаны жоғары 

инфляция  құнсыздандырып  отырды,  ол  алынған  несиенің 

көлемін  жаба  алмады.  Сонымен  қатар,  инфляция  мен  ва-

люта  бағамының  арасындағы  айырмашылық  деңгейінде 

алаяқтық жасап, мемлекеттің осы шарасын пайда табу үшін 

олжаланып  қалған  бизнесмендер  де  болды.  бұл  олардың 

алғашқы  капиталдарын  қалыптастырудың  бір  көзі  болған. 

бірақ та олардың несиені қайтаруға мүмкіндіктері болмады 

да, оларды мемлекеттің төлеуіне тура келді. 

барлық  мәселенің  түп  тамыры  –  бағаны  ырықтанды-

рудан  туындаған  салдарға  біздің  тез  жылдам  қалыптаса 

алмағанымызда  жатты.  Қазақстандық  кәсіпорындар,  ора-

сан зор құрылымдық проблемалармен бетпе-бет келгенде, 

өздерінің  нарық  ауқымдарынан  айрылып  қалды.  тұрақты 

макроэкономикалық  жағдайды  құру  үшін  бірқатар  кезек 

күттірмейтін шараларды іске асыру қажет болды. 

енді мемлекет орталықтандырылған несиелер беру прак-

тикасын, салық түрлерін және т.б. азайтуға тиіс болды. Қаржы 

жүйесі ресурстарды бөлудегі мемлекеттің рөлін қысқарту жо-

лымен несиенің нақты бағасын қалпына келтіруді талап етті. 

мемлекеттің несие түріндегі жасырын дотациялары арқасында 

шығынмен өмір сүріп отырған кәсіпорындарға құрылымдық 

өзгерістер  жасап,  оларды  жауапкершіліктері  жоғары  жеке 

кәсіпкерлердің қолына беру керек болды. Сөйтіп, тек 1994 

жылы ғана жеңілдіктермен берілетін несиелерді беру прак-

тикасы және кәсіпорындардың несие сұрап елдің жоғарғы 

банкіне тікелей шығуы тоқтатылды. 

ол кездерде мен табан астында шешуді талап ететін толып 

жатқан проблемаларға үлгермейміз бе деп қауіптенгенмін. 

оның  үстіне,  солардың  барлығы  да  іс  жүзінде  еліміздің 

шаршаған,  көңілдері  қалған,  алғашқы  сылтаумен-ақ  бұрқ 

етуге дайын тұрған тұрғындарымен байланысты еді. Қазір, 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



279

реформаның табысты болуының себептері туралы сұрақтарға 

жауап бергенде, мен кейде белгілі бір анықтаушы факторды 

бөліп  көрсетуге  қиналамын.  кейбіреулер,  бұл  факторды 

адамдардың қайта құруға дайын тұратын, оларды іске асыру 

қажеттігін  түсінетін  және  қарсы  алатын  қоғамдық  «аужай» 

деп  есептейді.  бірақ  біз  реформаны  мүлде  қарамақарсы 

«аужайдан»  бастадық  деп  айтуымызға  болады.  одақтың 

ыдырауы, жұрттың сақталған ақшалары мен жиған-терген 

қорларының жойылып кетуі, ең бастысы – олардың Идеяға 

және ертеңгі күнге деген сенімді жоғалтуы, біздің адамдарды 

өздерін ешкімге керексізбіз деп, алданып қалдық деп ойлауға 

мәжбүр етті. Ал көпшілігі белгілі дәрежеде осы түңілулерін, 

осы сенбеулерін біздермен де байланыстырды. бірақ рефор-

ма іске асты – айтарлықтай табысты болды. 

кейбір ғалымдар немесе сарапшылар реформалаудың  

барысында  сол  реформаның  өзінің  әзір  болу-болмауын  

бірінші қатарға қояды. бұл сияқты реформаның «инкубация-

лық» кезеңдерінің 4 жылдан 5 жылға дейін созылғандығын 

көрсететін көптеген мысалдар бар. бірақ, тағы айтайық, бізде 

мұқият дайындыққа немесе ұзаққа созылған зерттеулерге, 

оларды сынап көруге мұрша болған жоқ. Уақыт аймен, ап-

тамен, кейде тіпті әрбір күнмен өлшенді. Жағдай күн сайын 

өзгерістерге  ұшырап  тұрды.  бірақ  қалай  болғанда  да  бұл 

реформалар табысты өтті. 

мен біздің реформалардың табысты болуында ең үлкен 

рөлді адам факторы атқарды деп есептеймін. Нақты қалай 

болғанын,  бәлкім,  мен  тап  басып  айта  алмаспын,  бірақ 

жалпы  алғанда,  біздің  адамдардың  менталитетінің  кейбір 

жақтары,  олардың  жаңаны  қабылдауға  немесе  сырттан 

келген  өзгерістерге  оңтайлана  алатын  ерекше  қабілеттері, 

ал жекелей алғанда – сол кездегі реформаторлар жасағына 

кірген адамдардың тұлғалық қасиеттері табысымыздың кепілі 

болды. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

280

Сөйтіп,  1999  жылға  қарай  реформаның  ықпалды 

көмегімен  адрестік  әлеуметтік  көмекке  өте  отырып,  зор 

көлемдегі  әлеуметтіктұрмыстық  жеңілдіктердің  пробле-

маларын  шешу  мүмкін  болды.  Сол  кездегі  қолданыстағы 

ынтымақтастық  зейнет  жүйесінен  жаңа  –  жинақтаушы 

зейнетақы  жүйесіне  көшу  іске  асырылды.  бюджеттік  қаты-

настар және оған сәйкес еліміздің салық жүйесі қайта қарас-

тырылып, қайтадан құрылды. барлық осы қайта құрулардың 

нәтижелі болуының кепілі, ең алдымен, тмД-дағы ең үздік 

деген мәртебеге заңды түрде ие болған біздің күшті де серпінді 

банк жүйеміз болды.



б

Анк

 

жҮйесінің

 

дАмуы

Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алған-

нан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. кеңестік 

икемсіз  банк  тетіктерінің  барлық  «тамашаларын»  бастан 

кешірген  біздер,  енді  экономиканы  толыққанды  дамыту 

үшін,  бүкіл  дүние  жүзінде  нарық  жағдайында  ең  тиімді 

деп  танылған,  осы  заманғы  қос  деңгейлі  банк  жүйесінің 

керектігін түсіндік. ол біздің тәуелсіз ақша-кредит саясатын 

жүргізуімізге,  инфляцияның  және  мемлекет  пен  қоғамды 

қаржымен қамтамасыз ету сұраныстарының проблемаларын 

шешуімізге мүмкіндік беретін еді. бізге капиталдың шынайы 

өзіндік  құнын  пайыздық  мөлшерлермен  көрсететін,  ал 

банкілерге қарыз алғандардың қаржылық өміршеңдігі және 

несиелеудің экономикалық тиімділігі негізінде несие беретін 

жүйе қажет болды. 

Шын  мәнінде,  «Қазақ  кСР-індегі  банктер  мен  банк 

қызметі  туралы»  1991  жылы  қаңтарда  қабылданған  Заң 

еліміздегі  банк  реформасының  басы  болды.  Аталмыш  Заң 

қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз 

етті. мысалы, облыстық басқармалары және бөлімшелері бар 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



281

Республикалық мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының 

Ұлттық банкіне айналдырылды. 

Республикалық Өнеркәсіп-құрылыс банкі акционерлік-

коммерциялық «тұранбанкке», Агроөнеркәсіп банкі – «Қа-

зақстан Республикасының агроөнеркәсіп банкіне» айналды, 

акционерлердің  ортасынан  кейіннен  «Қазкоммерцбанк» 

атанған «Қазақстан  коммерц» банкі шықты, Сыртқы сауда 

банкі  –  акцио нерлік-коммерциялық  «Әлембанк»,  Респуб-

ликалық жинақ банкі – акционерлік-коммерциялық «Қазақ-

стан  Республикасының  Жинақ  банкі»  болып  аталды.  1993 

жылы  осы  банктердің  барлығы  акционерлік  банктерге  ай-

налды, ал Жинақ банкінің аты Қазақстан Республикасының 

Халық  банкі  деп  өзгертілді.  Қазір  біздің  банк  жүйесінің 

екінші деңгейінің негізгі құрамы болып отырған бұл банктер 

Қазақстандағы  аса  ірі  жеке  меншік  банктері  болып  табы- 

лады. 

Сайып келгенде, 1993 жылы теңгені енгізудің қарсаңында 



Қазақстанның  банк  жүйесінде  елеулі  реформа  болды:  қос 

деңгейлі банк жүйесі қызмет етті, барлық мамандандырылған 

банкілер  акционерлік  банкіге  айналды,  ал  Ұлттық  банк 

орталық банктің кейбір қызметтерін атқаратын болды. осы-

ның  бәрі  белгілі  мөлшерде  өзіміздің  ұлттық  валютамызға 

өтуді жеңілдетті. 

Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күнде-

рінен-ақ  Ұлттық  банктің  ұйымдасқанына  қарамастан,  ол 

бәрібір әлі де еліміздің классикалық түрдегі орталық банкі 

бола  алмады.  Ұлттық  банк  екінші  дәрежедегі  атқаратын 

қызметтерін  жалғастыра  берді,  сол  сияқты,  мемлекеттік 

органдар  жүйесіндегі  оның  мәртебесі  де  айқын  болмады. 

мысалы, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына 

дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет 

оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап 

отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

282

орындалуын талап етті. барлығы да әртүрлі қажеттіліктеріне 

қаржы бөлуін сұрай бастады. 

осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда мен 

заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ту-

ралы» Жарлыққа қол қойдым. ол бойынша Ұлттық банк өзіне 

заңнамалық актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде 

тәуелсіз қызмет жасайтын және Президентке ғана есеп беретін 

болды. Содан бері өкілетті және атқару билігінің ешқандай да 

органдарының Ұлттық банктің қызметіне араласуға құқығы 

жоқ. бірақ та, әрине, барлық басқа елдердегі сияқты, біздің 

Ұлттық  банк  жалпы  мемлекеттік  экономикалық  саясаттың 

мәселелерін  Үкіметпен  үйлестіріп  отыруы  тиіс.  Сол  1995 

жылы  біз  республиканың  банк  жүйесін  реформалаудың 

бірінші бағдарламасын қабылдадық. бұл бағдарламаның мәні 

банктердегі тұрғындардың өз беттерімен салған жинақтары, 

шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  бос  қаржылары 

және сыртқы заемдары есебінен, экономикаға несие бөлуді 

қамтамасыз етуінде болды. Сөйтіп біз, Ұлттық банкті саяси 

қысымнан және екінші деңгейдегі банктер әлдеқайда тиімді 

орындай алатын қызметтерді атқарудан «азат еттік». 

енді  ол  орталық  банктің  тікелей  қызметтерін  атқаруға 

– тәуел сіз ақша-кредит саясатын іске асыруға және қазіргі 

талаптарға  жауап  беретін  банк  жүйесін  құруға  кірісті.  Әр-

түрлі уақыттарда Ұлттық банкті Ғ. байназаров, Д. Сембаев, 

о. Жандосов, Г. марченко, к. Дамитов басқарды. бұлардың 

барлығы да ел үшін күрделі кезеңде қызмет атқарды және 

банк жүйесінің дамуына өз үлестерін қосты. 

біздің банк жүйесінің дамуындағы келесі маңызды қадам 

–  екінші  деңгейдегі  банктердің  қаржылық  есеп  берудің 

халықаралық  стандартына  өтудің  бағдарламасы,  ол  1996 

жылы  желтоқсанда  қабылданды.  бұл  бағдарлама  бойын-

ша,  Қазақстандағы  барлық  қызмет  жасап  тұрған  банктер 

2000  жылдың  соңына  дейін  өтімді  капиталдың  жеткілікті 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



283

мөлшері, активтердің сапасы, бухгалтерлік есеп, менеджмент 

деңгейі, ақпаратты енгізу және жеткізу салалары бойынша 

халықаралық стандартқа жетулері тиіс болды. 2001 жылдың 

басында осы бағдарламаның жазбаша өкімдерінің орындал-

уын бақылау мақсатында, банк қызметін қадағалауды жүргізу 

үшін, Ұлттық банкке өкілеттілік берілді. Сөйтіп, 2001 жылдың 

1  шілдесінен  бастап  жаңадан  құрылған  банктерге  ең  кем 

дегенде 2 млрд теңге қатаң деңгейдегі жарғылық капитал 

белгіленді. бұл көрсеткіш аймақтық банктер үшін кемінде 500 

млн теңгеден, ал басқа қызмет жасап тұрған банктер үшін  

1 млрд теңгеден астам болды. 

банктер капиталының өсуі ұсақ банк құрылымдарының 

жойылуы,  банктердің  шоғырлануы  және  қосылуы  сияқты 

кінәратты  үрдістермен  қатар  жүрді.  бірақ  осы  үрдіс  елдің 

бүкіл қаржы жүйесіне кереметтей пәрменді әсер етті, қаржы 

жағынан  тұрақты,  зор  мүмкіндіктер  мен  әлеуетке  ие  ірі 

банкілер құрылды. 

Әдетте,  осындай  ірі  банкілер  дамыған  нарықтық  эко-

номикасы  бар  елдерде  банк  жүйесінің  «ұйытқысы»  болып 

табылады,  оларда  бірнеше  ірі  коммерциялық  банктердің 

үлесіне барлық банктердің активтер сомасының басым бөлігі 

келеді. Сонымен қатар, банк капиталының шоғырлануы осы 

банктердің  арасында  бәсекені  қамтамасыз  етті,  ол  өз  ора-

йында банктердің қызмет көрсету сапасының артуына алып 

келді. біздің банк жүйесінің осы ерекшелігін банк секторының 

көптеген сарапшылары мен мамандары атап көрсетті. 

осындай түбегейлі өзгерістерді іске асыру барысында біз 

«күштілер ғана тірі қалады» дейтін нарықтың әрі қарапайым, 

әрі қатаң логикасын басшылыққа алдық. біздің қаржы жүйе-

міз  мемлекеттің  өзі  құптаған  жеке  меншік  коммерциялық 

банктердің  пайда  болуын,  қалыптасу  кезеңін  басынан 

өткізді. ендігі әңгіме осы банктердің жұмыс деңгейлері мен 

көрсетілетін  қызметтерінің  сапасы  туралы  болуға  тиіс  еді. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

284

Шынында  да,  Ұлттық  банк  пруденциалдық  нормативтерді 

күшейткеннен  кейін,  еліміздегі  коммерциялық  банктердің 

саны  үш  есе  қысқарды,  өйткені  жұмыс  деңгейін  көтеруге 

олардың  кейбіреулері  ғана  дайын  болды.  бірақ,  екінші 

жағынан, банктердің меншікті капиталдарын өсіру жөніндегі 

Ұлттық  банктің  қатаң  талаптары  және  реформаның  бары-

сында, жасалған басқа да нормативтер республиканың банк 

жүйесіне 1999 жылғы сәуірдегі теңгенің құнсыздану салда-

рын  онша  ауыртпалықсыз  көтеріп  кетуге,  сөйтіп  Ресейдегі 

және басқа елдердегідей қаржы дағдарысын болдырмауға 

мүмкіндік берді. 

бірақ,  сонымен  бірге,  осындай  қадамды  іске  асы-

ру  барысында  біз  өзіміздің  ерекшеліктерімізді  де  есепке 

алғанбыз.  мысалы, бізде қызметтері негізінен ұсақ бизнес 

пен  ауылшаруашылық  өндірісі  басым  болған  аймақтарда 

шоғырланған банктер болды. осылардың басым бөлігі қаржы 

тапшылығын көрді. Республиканың көптеген облыстарындағы 

өтімділік  тапшылығы,  амалсыздан,  жергілікті  клиенттердің 

шектеулі  шеңберінде  қалып  қойған  банктердің  жұмыс 

мүмкіндіктерін  шектеді.  Республика  экономикасының  осал 

жері  –  бір-бірінен  алыс  қашықтықта  орналасқан  әртүрлі 

аймақтарға  қаржы  ресурстары  біркелкі  бөлінбей  келгені 

ешкімге де құпия емес. осы жылдары адал адамдарды ал-

дай соққан алаяқтардың банк «пирамидалары да» біздерді 

орағытып кеткен жоқ. 

Ұлттық банк қойған жоғарғы талапты осындай «жергілікті» 

банктердің орындай алмайтынын түсініп, біз 1998 жылдан  

бастап,  барлық  жерлерде  микрокредиттік  ұйымдарды,  ал 

одан кейін кредиттік серіктестіктерді құра бастадық. олар-

ды құру, ең бірінші, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы 

күреске  бағытталды.  Ауылдық  жерлерде  банктік  қызмет 

көрсетуге  жол  ашуды  қамтамасыз  ету  мақсатында  пошта-

жинақ  мекемелерінің  саласын  кеңейту  жөнінде  шешім 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



285

қабылданды. бұл банк секторына шалғай өңірлерде тұратын 

тұрғындардың басым бөлігінен олардың жеке салымдарын 

тарту мақсатында балама әдістер ұсынуға мүмкіндіктер берді. 

Сонымен бірге, мұндай кредиттік серіктестіктер несиелеудің 

үш деңгейлі жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. бұл 

жүйеге  банк  қызметтерін  көрсету  түрлерімен  айналысатын 

жеке  банктер  мен  микрокредиттік  ұйымдардан  құралатын 

болды. 

Содан  кейін,  біз  Ұлттық  банктің  ел  экономикасындағы 



рөлін  күшейту  мақсатында  келесі  қадамдарды  жасадық. 

бәрінен бұрын, бұл қаржы жүйесі субъектілерінің қызметтерін 

реттеуде  тәртіп  енгізу үшін қажет  болды.  ол кезде мұндай 

реттеулерді әртүрлі бақылау органдары іске асыратын. мы-

салы, банктердің қызметін Ұлттық банк, сақтандыру компа-

нияларын – Қаржы министрлігі, зейнетақы қорларын – еңбек 

министрлігі  реттейтін.  Нәтижесінде,  елдің  қаржы  жүйесін 

реттеу  жөнінде,  қандай  да  болмасын  жалпы  саясатты  іске 

асыру үшін қаржы нарығының әртүрлі бөліктерін үйлестіру 

үрдісі ұзаққа созылып кетті және тиімсіз болды. 

Сонымен, 2000 жылы Ұлттық банкте сақтандыру және 

банктік  бақылау,  2001  жылы  бағалы  қағаздар  нарығын 

бақылау, ал 2002 жылы жинақтау зейнетақы қорын басқару 

қызметтері шоғырландырылды. 

кейін келе, 2004 жылы, бағалы қағаздар нарығының, 

сақтандыру нарығының, зейнетақы жүйесінің қызметін рет-

теу  қызметтері  Ұлттық  банктен  дербес  орган  –  Қазақстан 

Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 

реттеу және бақылау жөніндегі Агенттікке берілді, ол елдің 

Президентіне тікелей есеп беріп тұратын болды. 

бұл  Агенттік  еліміздің  қаржы  нарығындағы  тәртіпті 

қамтамасыз етуге тиіс болды. ол зейнетақы қоры жүйесіне, 

бағалы қағаздар нарығына және одан да басқаларға қатысты, 

көптеген ережелер мен заңнамалық заңдар жинақтарының 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

286

шеңберінде  тиімді  жұмыс  істеуде.  Айта  кетейін,  мені 

Агенттіктің  жұмыс  нәтижесінің  мынадай  мәліметтері  ерек-

ше  қуантты.  2005  жылы  Агенттік  762  жеке  және  заңды 

тұлғалардың өтініштерін тіркеді. бір қарағанда, бұл аса көп те 

емес. бірақ біздің адамдар әртүрлі себептер мен қандай да бір 

мәселелерді көтергісі келмейтіндерін еске алсақ, онда бұл сан-

дар қомақты көрінеді. мысалы, осындай бір өтініш бойынша, 

Агенттік банкоматтардың қызмет жасауының мәселелерімен 

айналысты.  Дәлірек  айтқанда,  олардың  қызмет  жасамай, 

босқа тұрып қалатынына қатысты іспен шұғылданды. осыған 

жауап ретінде, екінші деңгейдегі банктерге банкоматтардың 

жұмыстарын  ұйымдастыру  және  олардың  тиісінше  дұрыс 

қызмет жасауын қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптар 

көрсетіліп Нұсқаулар жобасы жасалды және осы Нұсқауларды 

іске енгізу жоспарланды. 

Жеке  мен  үшін  бұл  жағдай,  менің  ойлауымша,  белгілі 

бір дәрежеде біздің барлық мемлекеттік органдардың қалай 

жұмыс істеуі керектігінің мысалы болуға тиіс. Азаматтардың 

барлық  өтініштері  назарға  алынып,  ой  елегінен  өткізіле 

қарастырылуы және барлық сұрақтарға жауап берілуі керек. 

Жаңа тарихи жағдайларда жұртты: «адам – мемлекет үшін 

емес, мемлекет – адам үшін» деген қағидаға үйрету қажет. 

кәнеки, келіңіздер, білуге тырысыңыздар, сұрақ қойыңыздар, 

мәселе көтеріңіздер, соның жауабын алуға тырысыңыздар. 

Сіздер – Қазақстанның азаматтарысыздар. Демек, бір кездер-

де мысқылға айналған: «халықтың қызметшісі» деген жораны 

шындыққа айналдырайық. 

тұтастай алғанда, біздің қаржы жүйемізді нығайтудан, 

оның халық сеніміне ие болуынан және оның алғашқы та-

быстарын  әлем  қауымдастығының  тануынан  қорытынды 

шығарып,  90-шы  жылдар  келмеске  кетті  деп  заңды  түрде 

айтуға болады. Дәл осы кезеңде болып өткен дағдарыстан 

кейін  елдің  экономикасының  көтерілуі  басталды.  мысалы, 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ




1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал