Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет23/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

262

меншігі. Ұлттық компаниялар қызметінен бәрі де пайда көруі 

керек. «Самұрық» дәл осы үшін құрылды, ол барлығымыздың 

сенімімізді ақтайды деген үміттемін. 

төртінші кезеңнің өзіне тән ерекшелігі мемлекеттік мен-

шікті  басқару  және  оған  билік  ету  мәселелері  бойынша 

мемлекеттік  басқару  органдары  арасындағы  өкілеттіктерді 

бөлісудегі  жаңа  қатынастар  болып  табылады.  Айталық, 

бұл  бағдарламаның  түйінді  мәселесі  республикалық  және 

коммуналдық  меншік  арасындағы  өкілеттіктерді  қайта 

бөлісу болды. мысалы, 1999 жылы коммуналдық меншікке 

953  акционерлік  қоғамдар  мен  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестіктердегі акциялардың мемлекеттік пакеттері және 

оларға  қатысу  үлестері  берілді.  коммуналдық  меншік  ны-

сандарын  жекешелендіруді  шешу  және  жүргізу  құқығы 

облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне 

берілді. 

бұдан  басқа,  бағдарламада  мемлекеттік  активтерді 

тиімді басқарудың тәсілі айқындалды. Сонымен, мемлекеттің 

«көгілдір фишкалар» түріндегі үлестік қатысы бар 10 жетекші 

кәсіпорын  анықталды.  олардың  қатарында  «маңғыс-

таумұнайгаз»,  «Ақ төбемұнайгаз»,  «Қазцинк»,  «Өскемен 

титан-магний комбинаты», «Соколов-Сарыбай кен-байыту 

өндірістік  бірлестігі»,  «Қазақстан  алюминийі»,  «Қазхром» 

трансұлттық компаниясы», «Қазақстан Халық жинақ банкі», 

«Қазақтелеком», «Қазақмыс» секілді акционерлік қоғамдары 

болды.  1999  жылы  «Қазақстан  Халық  жинақ  банкі»,  ал 

2000  жылы  «маңғыстаумұнайгаз»  акционерлік  қоғамдар 

акцияларының  мемлекеттік  пакетінің  бір  бөлігіне  (16,7%) 

жекешелендіру жүргізілді. 

Қазіргі уақытта «маңғыстаумұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз», 

«Қазақстан  алюминийі»,  «Қазақмыс»,  «Қазақстан  Халық 

жинақ банкі», «Өскемен титан-магний комбинаты» акцио-

нерлік қоғам дары және басқалардың мемлекеттік пакеттері 

толықтай сатылды. 


м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



263

Жекешелендірудің  төртінші  кезеңі  барысында  мемле-

кеттік  мүлікті  пайдаланудан  бюджетке  түсетін  қаржыны 

айтарлықтай  ұлғайту  жөнінде  Үкімет  жүргізетін  жұмыстар 

жандандырылды.  2002  жылға  дейін  мемлекеттік  мүлікті 

жекешелендіруден алынған қаржылар мемлекеттік бюджеттің 

кірісіне бағытталса, ал 2002 жылдан бастап олар бюджеттік 

тапшылықты қаржыландыруға жіберілді. 2003 жылдан бастап 

ірі нысандарды жекешелендіруден алынған қаржылар Ұлттық 

қорға аударылуда. 

бұл  кезеңде  республикалық  мемлекеттік  және  комму-

налдық  мемлекеттік  кәсіпорындар  санын  оңтайландыру 

жөніндегі  жұмыстар  басталды,  олар  қазір  де  жалғасуда. 

оларды тек осындай құқықтық форманы ұйымдастырмаса 

болмайтынына көз жеткен жерде ғана сақтауға болады. 

бұдан  бұрынғы  жұмыс  тәжірибесі  мемлекеттік  мүлікті 

басқарудың жаңа тұжырымдамасын жасауға жағдай туғызды. 

оның  негізгі  міндеттері  мемлекет  меншігіндегі  барлық 

нысандардың түгелдей есебін алуды жүргізу, басқару нысан-

дарының  санын  оңтайландыру,  мемлекеттік  мүлікті  тиімді 

пайдалану есебінен республикалық және жергілікті бюджетке 

қосымша кірістер түсіру болып табылады. 

2003 жылдың 4 қарашасында «Стратегиялық маңызы бар 

экономика салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі 

туралы»  Заң  қабылданды.  Аталмыш  Заң  экономиканың 

стратегиялық салаларында жекешелендірілген нысандарға 

тиімді басқару мониторингі жүйесінің енгізілуін, оның одан әрі 

дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ жекешелендіруден кейінгі 

бақылауға алынуын қамтамасыз етуге жағдай туғызды. 

Сонымен,  біздің  жекешелендіру  өзіміз  күтпеген  нәти-

желерге алып келді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономика-

сында жеке меншік секторы қалыптасты, онда республиканың 

өнеркәсіп өнімдерінің тоқсан пайызға жуық көлемі өндірі- 

леді.  Жеке  меншік  секторының  одан  әрі  дамуы  кеңестік 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

264

ықпалдың салқынынан ада, нақты бекітілген ойын ережесін, 

баламалы нормативті-құқық базасын талап етеді.

ж

екешелендіру

 

тАрих

 

тАрАзысындА

Қазақстан  қиындықпен,  жан  күйзелісі  мен  сілкіністері 

арқылы  ескі  өмірдің  ескі  құндылықтарын  қирата  отырып, 

мемлекеттік меншіктен жекеге, әкімшілік-әміршілік экономи-

касынан байсалды да ұтымды жоспарлау мен менеджмент-

ке, нарыққа көшті. мұның бәрі тек ғылыми мақалалар мен 

кітаптарда ғана түсінікті әрі оп-оңай бола қалатын секілді. Ал 

өмірде – бұл буырқанған теңіз толқу мен торығу сезімдерінің, 

әртүрлі  топтар  мен  тіпті  ұрпақтар  мүддесінің  шарпысуы. 

Өкінішке  қарай,  ауыспақ  заманның  өмір  философиясы 

осындай. мұның бәрін біз өз жүрегіміздің тебіренісі арқылы 

өткіздік. 

біздің жас буынның көпшілігі бүгінгі табыстардың қандай 

алып  күш-жігермен,  қандай  ауыр  күйзелістермен  келгенін 

біле бермейді. олар мұның бәрі біздің іші-тысымызда болған, 

біздің  ерік-жігеріміз  бен  төзіміміздің  арқасында  жүзеге  

асқан сол бір орасан өзгерістердің нәтижесі екенін білуі және 

есте ұстауы керек. 

Қазір  Қазақстан  дағдарыстан  шығудың  жарқын  мы-

салы  болып  табылады.  Сарапшылардың  пайымдауынша, 

экономикалық  реформалардағы  Қазақстанның  көшбас-

шылығы  тмД  елдері  арасында  өтпелі  кезеңнің  саяси-

экономикалық  үлгісін  айрықша  сәтті  таңдап  алуында  деп 

санайды, олар – күшті президенттік билік және оған қосымша 

шапшаң да жігерлі реформалар. бірден айту керек, реформа-

ларды жоғарыдан жүргізуге тура келді. бұл тік сатылы күшті 

биліксіз табысқа жете алмайтын уақыт еді. 

Дәл  осы  формула  тәуелсіз  мемлекетімізді  құру  мен 

нығайтуға, экономика мен саяси өмірдегі реформалардың 


м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



265

нақты да дәйекті жүргізілуіне, ықпал етті, еліміздің ішкі саяси 

тұрақтылығына  кепілдік  берді.  Сол  кезеңде  парламенттік 

басқару  түрі  мен  төмен  саяси  мәдениет  жағдайында 

Қазақстан  үздіксіз  экономикалық  және  саяси  реформалар 

дағдарысына душар болатыны түсінікті еді. Өз тәуелсіздігін  

аса қатаң экономикалық дағдарыс жағдайында құрып жатқан 

жас мемлекетті бұл бейберекеттік пен тоқыраушылыққа апа-

рып соқтырмай қоймайтын еді. 

Солай  бола  тұра,  мемлекеттік  қамқоршылдықтан  эко-

номикалық  еркіндік  пен  кәсіпкерлікке  жеделдете  көшу  тек 

халыққа ғана емес, мемлекеттік аппараттың үлкен бөлігі үшін 

де  өте  жайлы  шаралар  бола  қоймағанын  жасырмаймын. 

бұл  міндет  көбінесе  ықпал  етумен,  тұрғындар  үшін  жанға 

батарлық тәсілдермен шешілді. кейде сондай және басқадай 

қадамдардың қажеттігін сезіне отырып, адамдарды көндіруге, 

белгілі дәрежеде оларға қысым жасауға да тура келді. кейде 

өмірдегі жүргізілген өзгерістер үшін жеке өзіме жауапкершілік 

алуға да тура келді. осының барлығы да «бәрі ретіне келер», 

реформалар  толықтай  түсіністік  жағдайында  жүргізілер 

деп  күтуге  уақыттың  жоқтығынан  еді. ондай  жағдайда  біз 

ештеңені де – не мемлекетті, не экономиканы реформалай 

алмайтын едік. 

оның  есесіне  қазір  нәтиже  көз  алдымызда  –  ендігі 

жерде істің бәрін, негізінен, азаматтың өзі шешеді. бүгінде 

экономиканың жеке меншік секторы тұтастай алғанда респуб-

ликаның өндірістік әлеуетінің 90%-ынан астамына билік етеді. 

Шағын және орта бизнестің өкілдері қалыптасты, бейімделді 

және  олардың  қатары  кең  қанат  жайып  жалғасуда.  Атап 

айтқанда, бұл адамдар қазір, көптеген бағалаулар бойынша, 

нағыз орта таптың негізін құрайды, жалпы олардың пайда 

болуына біз барлық күш-жігерді салудамыз. Қазақстан үшін 

бұл неліктен соншалықты маңызды? 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

266

Өздеріңізге  белгілі,  қоғамның  нақ  осы  бөлігі  табысқа 

жетуге ұмтылып, сатып алушылық зор қабілетке ие болуда 

және мемлекеттік қазынаға кірістердің айтарлықтай бөлігін 

түсіруде. Нақ осы таптың нені жоғалтары да, неге ұмтылары 

да және мұрагерлікке не қалдыратыны да баршылық. «орта 

тапқа» тән менталитеттің мақсаты, ең алдымен, өз өмірі үшін 

жауапкершілік сезімі, дербестікті терең сезінуі, өз өркендеуі-

нің  кепілі  ретінде  білім  мен  біліктіліктің  құндылықтарын 

түсінуі болып табылады. орта тап – ол мультимиллиардер 

де, қайыршы да емес, олар өзін-өзі қамтамасыз ететіндер. 

Қысқасы, мұнда «мен» «біз»-ден гөрі үстем тұрады. бұл өз 

өмірінің, өз тағдырының қожайыны болғысы келген адамның 

ұмтылысы:  онысы,  әрине,  іс-қызметінен,  соған  сәйкес, 

әкелетін кірісінен көрініс табады. 

Қазақстанда орта таптың пайда болуының маңызды бо-

латын себебі – ең алдымен, оның қоғамда нақты орын алуы 

қоғамның өз ішіндегі, сондай-ақ оның топтары арасындағы 

және қоғам мен биліктің арасындағы өзара қатынастардың 

сипатын  сапалық  жағынан  өзгертуге  қабілетті.  орта  тап 

тұрақтылыққа бағытталған және оның өзі кез келген қоғамның 

ішіндегі тұрақтандырудың бастауы болып табылады.  бұл – 

«азаматтардың ұлты» қоғамның саяси өміріне қатысу, елдегі 

саяси шешімдердің қабылдануына ықпал ете алатын маңызды 

тетік екенін түсінетін, өзін-өзі басқаратын көпшілік. 

міне,  сондықтан  мен  өз  басым  бұл  мәселеге  аса  зор 

көңіл бөлемін және оны өз сөздерімде ғана емес, басқадай 

жолдармен де үнемі көтеріп жүремін. Жекешелендіру үрдісі 

қазақстандық  орта  таптың  пайда  болуы  үшін  негіз  қалап, 

адамдардың  өзінікі  деген  пәтерлер  алуына,  бизнестерін 

бастауға,  нәтижесінде,  қожайын,  меншік  иесі  атануға 

жағдай  туғызды.  Адамдар  жұмыс  істеуге,  табыс  табуға 

мүмкіндік алды.  ешкім де жоғарыдан нұсқауларды немесе 

жан сақтайтын шешімдерді күткен жоқ. Адамдар өз бизнесін 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



267

және өз өмірін өздері құрды. бұл өзгерістердің барлығы, ең 

алдымен,  қазақстандықтардың  өздері  үшін  қажет  болды, 

ол  өздерінің  пайдасына  жарады.  Экономиканың  түбегейлі 

реформалары  жаңалық  атаулыдан  шошынған  біздің 

азаматтардың  түсінбестігімен  немесе  тікелей  қарсылық 

білдіруімен қатарласа жүрді. 1990-шы жылдары өздерінің 

тарихи отанына кетіп қалғандардың Қазақстанға қайта ора-

ла бастауы қуанарлық жай болды. мен, шын мәнінде, соған 

қуаныштымын. 

бүгінде  біз  экономикамыздың  негізгі  құрылымдық  ре-

формалары  аяқталды  деп  сеніммен  айта  аламыз.  мемле-

кеттік  мүлікті  жекешелендіру  жүзеге  асырылып,  дамыған 

нарықтың стандарттарына сай шаруашылық орта қалыптасты. 

Жекешелендіру  үрдісі  –  бұл  әрқашанда  мүлік  бөлінісі. 

Социалистік тарихы бар кез келген мемлекет жекешелендіруді 

жүргізіп, мемлекеттік мүлікті әділ және тиімді бөлудің про-

блемаларымен ұшырасты. Әрине, біздің республикамызда 

да жекешелендіру кезінде істің бәрі дау-шарсыз өткен жоқ. 

Өйткені, ол кезде жұрт «жеке меншік» деген ұғымның өзінен 

қорықты. Алайда жекешелендірудің әрбір кезеңін жүргізген 

уақытта біз, бірінші кезекте, халық пен мемлекеттің мүддесін 

көздедік. 

Әрине,  экономиканы  реформалау  үрдісі  қате  әрекет-

терден, ойланбаған шешімдер мен әлеуметтік қиындықтардан 

ада  болған  жоқ.  бірақ  та  біздің  жағдайымыздың  «қатты 

қызған» кезінде жекешелендіру «әділетті» немесе «әділетсіз» 

бола  алмады.  оған  тек  тиімді  немесе  тиімсіз  деген  баға 

беруге  болатын  еді.  Өздеріңіз  ой  түйіп  көріңіздер.  бүгінде 

қоғамдық  тамақтандыру  мен  сауда,  жеңіл,  тағамдық, 

өңдеуші өнеркәсіп, түрлі қызмет көрсетулер, агроөнеркәсіп 

өндірісі  және  т.б.  секілді  маңызды  салалар  экономиканың 

мемлекеттік  секторынан  толықтай  шығарылды.  Энергети-

ка және шикізат салаларының үлкен бөлігі де жеке меншік 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

268

секторға шығарылды. Денсаулық сақтау мен білім, әсіресе 

жоғары білім беру салаларында бәсекелестік орта жылдам 

дамуда. 


Әрине,  жекешелендіру  туралы  сөз  болғанда,  әлі  күнге 

дейін әділетсіз жекешелендіруге жол берілді деп санайтын, 

меншікті қайта бөлуді қалайтын адамдар барын айту керек. 

Әлемде алғашқы жекешелендіру ешқашан әділ болған емес. 

ешқандай  қайта  қараушылық  болмауы  керек  және  бол-

майды да. біздің еліміздің заңы осындай. ол – ол ма, даму 

заңдылықтары  осындай.  біз  меншікті  жұрттың  барлығын 

сөзсіз қанағаттандыратындай етіп ешқашан бөле алмаймыз. 

Сөзіміз  ащылау  естілсе  кешіріңіздер,  бірақ  біз  мінсіз  әділ 

қоғамды құруға тырысқанбыз. мұның өзі біз үшін және біздің 

көршілеріміз – бұрынғы одақтас республикалар үшін қалай 

аяқталғанын бәріміз де білесіздер. тарихтың бұл беті жабық 

тұр. біз алға қарауымыз керек. Жасалған істі жетілдіріп, адам 

өмірін одан әрі жақсарту керек. 

бүгінде  біздің  азаматтардың:  мемлекет  ісін  басқару-

шылардың, бизнесмендердің, фермерлердің экономикалық 

мәселелерде «ілгері кеткендігі» туралы жиі айтылады. кезекті 

бір республиканың тәуелсіздік күніне арналған сансыз көп 

сұхбаттар тұсында маған: «кімдерден жақсы басқарушылар 

шығады – бұрынғы өндірісте істеушілерден бе немесе білікті 

менеджерлерден  бе?»  деген  сұрақ  қойылды.  менде  бұл 

мәселеде үзілді-кесілді пайымдау жоқ. Әрбір жағдай өзінше 

ерекше. Дегенмен, соңғы 20 жылда кадр саясатын жүргізген 

тәжірибеме  қарап,  айта  аламын:  қазіргі  жас  адамдардың 

көбіне  тән  тамаша  білімділік  те,  жоғары  біліктілік  пен  таза 

ұмтылыс та бизнесте болсын немесе мемлекеттік қызметте 

болсын, табысты басшы болу үшін жеткіліксіз. 

Сіздер  көрдіңіздер,  мен  кезінде  өте  көптеген  жас  биз-

несмендер  мен  мамандарға  көп  мүмкіндіктер  туғыздым. 

отыздағы жас адамдар Үкімет мүшелері, министрлер болды, 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



269

сондай-ақ  облыстардың,  ведомстволардың,  ірі  компания- 

лар  басшылығына  жоғарылатылды.  Ақиқатын  айтсам, 

биліктің  сынағына  барлығы  бірдей  шыдап  бере  алмады. 

бүгінгі  күні  мен  ең  алдымен,  жасына  қарай  емес,  ақыл-

парасаты толысқан, айналасындағы мән-жайды байыппен 

байқап, ең бастысы – өз мүмкіндігін тани білетін адам ғана 

басқарушы лауазымында болуы керек деген пікірге көбірек 

ойысамын. 

бұрын біз басқарушы деп комбинат немесе зауыт директо-

рын айтушы едік. «менеджер» сөзі – шет елдікі. Ал мағынасы 

сол.  көптеген  бұрынғы  директорлар  нарық  жағдайында 

жақсы менеджерлер болып кетті. тәуірі де, төмені де – нақты 

істе  тексеріледі.  Адамдар  мен  істі  кім  табысты  басқарса, 

жақсы – сол. 

Реформаларды, соның ішінде меншік иелері табын қа-

лыптастыруға бағытталған реформаларды жүргізе отырып, 

біз, бейнелеп айтқанда, экономиканың «күретамыры» болып 

табылатын  тиімді  қаржы  жүйесін  құрудың  қажеттігіне  кез 

келдік. Ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру үрдісінің қалай 

өткені туралы келесі тарауда айтылатын болады.


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

270

ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ 

ЖҮЙЕСІ


6-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

272

осы кітаптың өткен тарауларында мен мемлекетті жанды 

организммен салыстырған болатынмын. маған осы теңеу өте 

ұнайды. Қазақстанды құруға кіріскенде, мен оны көзіме дәл 

солай – бір жердің аумағында, бір заңның аясында және бір 

қоғамның шеңберінде тұрып жатқан адамдардың өзіндік бір 

бірегей бірлестігі, өсіп-өнген, қалыптасқан біртұтас организм 

түрінде  жиі  елестететінмін.  осы  теңеуді  одан  әрі  дамыта-

тын  болсақ,  онда  экономика  –  бүкіл  организмнің  тіршілік 

қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын» қамтамасыз етіп оты-

ратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың  

«қан таратушы жүйесі» болып шығады. 

Сол себепті жақсы қалыптасқан қаржы жүйесі болуының 

маңызын ескере отырып, 90-шы жылдарда басталған және 

одан кейінгі кезеңдерде іске асырылған экономикалық қайта 

құрулардың көпшілігі қаржы саласына қатысты болды. 

Жағдай солай болды, біз бұл реформаларды өте күрделі 

уақытта  бастадық.  Дегбірі  қашқан  жұрт  болып  жатқан 

барлық жағдайды қынжыла қабылдайтын. кеңестік жүйенің 

күйреуімен «күйзелген» экономика нағыз «қаржы дауылын» 

басынан  кешіріп  жатты.  Халық  тұтынатын  тауарлардың 

тапшылығы, ақшаның қатты құнсыздануы, халықтың жинақ-

таған  барлық  салымдары  мен  күнделікті  табыстарының 

құнын жоюы – осы құбылыстардың барлығы орасан екпінмен 

өсіп  отырды.  Экономикадағы  қаржыны  тұрақтандыруды 

қамтамасыз ету және инфляцияны ауыздықтау керек болды. 

Халықтың мұқтаждықтарын және мемлекеттік қызмет көрсету 

мен оны атқаруды барынша қамтамасыз ететін айқын, тиімді 

және тұрақты бюджетті орнықтыру қажет болды. 

Реформаның әлеуметтік бағасының өте қымбатқа түсе-

тінін  біз  түсіндік.  Сонымен  қатар  басқа  дамыған  елдердің 

тәжірибесінен  нарықтың  қалыптасу  процесі  реформаның 

әлеуметтік жақтарын ысырып тастамайтынын көрдік. біз ре-

форманы халықты барынша қорғаштай отырып іске асыруға 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



273

тырыстық,  бірақ  гиперинфляция  жағдайында  оны  осылай 

жүргізу  өте  қиын  болып  еді.  осындай  ахуалда  кешеуілдеу 

мүлде апатқа ұшыратуы мүмкін еді. 

Сол  кездерді  еске  ала  отыра,  мен,  бәрінен  бұрын  осы 

реформаларға  кірісердегі  біздің  өзімізге  алған  жауап-

кершіліктің аса ауыр салмағын да ойлаймын. кеңестік эко-

номика құлағаннан кейін, жылдар бойы жиған-тергендерін 

жоғалтқан  адамдарды  біздің  еліміздің  қаржы  жүйесіне 

қайтадан сендіре қою қиын еді. барлық қайта құрулардың 

әр жағында, ол неге қатысты болмаса да, мейлі салық, мейлі 

қаржы  реформасы  бола  ма,  біз  бәрінен  бұрын  өз  азамат-

тарымызды  ескердік,  солардың  алаңсыз  тұрмысына  деген 

жауапкершілік біздің мойнымызда еді. 

бүгіндері мені көп адамдар сынай берсін. кейде маған 

жұрт тіпті ақылға сыймайтын кінәлар тағады. мен осы бос сөз-

дер мен негізсіз сындарға көңіл аудармасам да болатынын 

білемін, өйткені, маған сенсеңіздер, бұл менің өзіме және менің 

үзеңгілестеріме алған жауапкершілік жүгімен салыстырғанда 

түкке  тұрмайды.  мұндай  реформаландырудың  тәжірибесі 

болмағандықтан, біз тәуекелге барғанбыз. біз бір нәрсені ғана 

білдік – мемлекеттік аппарат пен біздің экономикамыздың 

қалыпты қызмет жасауына мүмкіндік беретін, тәуелсіз қаржы 

жүйесін құруды тақыр жерден бастау керек болды. 

біздегі  ұлттық  қаржы  жүйеміздің  реформалануы  мен 

оның  даму  эволюциясын  шартты  түрде  екі  кезеңге  бөлуге 

болады. бірінші кезең – шамамен 1991 жылдан 1997 жылға 

дейін  қамтиды.  бұл  жылдары  біздің  алдымызда  экономи-

каны ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтануға 

жету мәселелері тұрды. екінші кезең – Қазақстанның қаржы 

жүйесінің тұрақтанудан кейін ны ғайтып, одан әрі қарқынды 

дамуы – 1998 жылдан басталды. Дүниежүзілік қаржы дағда-

рысын  еңсергеннен  басталған  бұл  кезең,  менің  ойымша, 

бүгіндері де жалғасып келеді. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

274

Ашығын айтсақ, егер шын мәнінде біздің қаржы жүйе-

міздің қалыптасуын кезең-кезеңімен, барлық іске асырылған 

қайта  құруларды  сипаттай  отыра  көрсететін  болсақ,  онда 

бұл  жеке  кітап  жазуды  талап  етер  еді.  Ал  мен  бұл  тарау-

да  реформаландырудың  жалпы  процестеріне  және  біздің 

қаржы жүйемізді дағдарыстан шығарудың жолдарын қалай 

іздестіруге, соның нәтижесінде тмД елдерінің ішіндегі топ-

басшысына  қалай  айналғанымызға  тоқталғым  келеді.  бұл 

тарауда біздің банк жүйесінің, мемлекеттік қаржы саласының, 

сол сияқты зейнеткерлік реформасының және ұлттық қорды 

қалыптастырудың  мәселелері  жекелей  қарастырылады. 

бұдан басқа да сөзсіз көңіл аударуға тұрарлық сәттер көп: 

қазақстандық қор нарығының, бағалы қағаздар нарығының, 

елдің мемлекеттік қарыздарын басқарудың қалыптасуы және 

т.б. көптеген мәселелер. 

біздің  ұлттық  қаржы  жүйеміздің  қалыптасуының  ба-

рысында  реформаландыруға,  бірінші  кезекте,  оның  банк 

саласы,  салық  және  бюджеттік  құрылымы  жататын  еді. 

кейбір мағынада, зейнеткерлік реформаны іске асыру және 

Ұлттық  қорды  құру  менің  ерекше  мақтанышыма  айналды. 

бұл тарау сіздерге барлығының қалай болғандығы туралы, 

сол  кезеңде  қандай  қиындықтарға  тап  болдық  және  әлем 

қауымдастығының  біздің  қаржы  жүйемізді  мойындауына 

біздің қалай келгенімізді баяндап береді.

А

лғАшҚы

 

ҚАдАмдАр



экономикАны

 

ырыҚтАндыру

, 1991–1997 

жылдАр

 

«Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге – еңбегіне қарай» 

дейтін коммунистік «Алыстағы тамашаға» жетуге ұмтылған 

кеңес  одағының  басшылығы  көп  жағдайда  шаруашылық 

және  өндірістік  қатынастарды  құрғанда,  экономикалық 

мәннен  әлдеқайда  қашық  жататын  ойды  басшылыққа 



Ұ

ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ



275

алды. Нәтижесінде, экономикалық тұрғыдан негізделмеген 

өндірістік тізбектерге ұқсас, өзінше бір «жасанды тыныс ал-

дыру» аппараты сияқты, орталықтан жоспарланатын тетіктің 

құлауымен  бірге,  одақтық  экономикалық  жүйенің  барлық 

қайшылықтары және жасандылығы жалаңаштанып сыртқа 

шықты. 

Сондықтан, нарыққа өтуге апаратын біздің жолымыздың 



ең басында, бізге шаруашылық жүргізудің негіздерін өзгерту 

талабы  қойылды.  бәрінен  де  бұрын,  ресурстарды  бөлу 

жөніндегі экономикалық шешімдерді мемлекеттік деңгейде 

өндіріспен тікелей айналысатын субъектілерге аудару қажет 

болды.  бұл  өндіріс  орындарының  қаржылық  дербестігін 

қамтамасыз  етіп,  оларға  инвестициялардың  нәтижесі  мен 

тиімділігі үшін жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік беретін еді. 

бұрын, одақ кезінде қалыптасқан тауар-ақша қатынастары, 

қажетті шешімдерді қабылдауға мұрсат берілген күнде де, 

олардың барлығын орталық ведомстволар деңгейінде шешуді 

талап ететін. осы «қолапайсыз» қатынастардың мәні мынаған 

келіп тірелетін. Өндірістік-шаруашылық қызметтің кез келген 

субъектісі өзінің қаржы ресурстарын кСРо-ның мемлекеттік 

банкінде немесе оның одақтық республикадағы есепшотында 

ұстайтын.  егер  осы  ресурстарды  өзіне  қажетті  мақсат  үшін 

мысалы, құрылыс салуға, азық-түлік сатып алуға және т.б., 

пайдаланғысы келсе, кәсіпорын осы мәселені  мемлекеттік 

жоспарлау комитетімен келісетін, ол қанағаттанарлық шешім 

қабылдаған жағдайда, қажетті қаржыны бөлу үшін осыған 

сәйкес тапсырманы мемлекеттік банкке беретін. 

Сайып келгенде, кез келген мемлекеттің банк секторы 

мен  мемлекеттік  қаржысының  негізін  қалаушы  бірнеше 

салалардың  –  салық  және  бюджет  сияқты  жүйелерінің 

мәселелерін  шешуді  бір  мезгілде  талап  етті.  оларды 

сәтімен  реформаландыру  осыларды  бір-бірімен  өзара 

байланыстырғанда ғана мүмкін болатын. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал