Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет21/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

238

қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық және басқадай 

нысандар құрады. Соның басым бөлігі сауда (29,6%) және 

тұрмыстық қызмет көрсету (25,8%) нысандарының үлесіне 

тиді. 

Алайда  Қазақстандағы  жекешелендірудің  бірінші  ке-



зеңінің тәжірибесі ұжымдық ынта білдіруге бағытталып жа-

салған меншікті қайта құру құралдарының мүмкіндігі шектеулі 

екенін көрсетті. 

елімізде  ынталы  жекешелендіруден  бірыңғай  сцена-

рий бойынша жекешелендіруге көшу туралы жедел шешім 

қабылдау қажет болды.



е

кінші

 

кезең



жекешелендірудің

 

инвестициялыҚ

 

купондАрымен

 

жекешелендіру



1993–1995 

жылдАр

1993 жылдың 5 наурызында мен «Қазақстан Республика-

сында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық 

бағдарламасын» бекіттім. бұл бағдарламаның қабылдануын 

жекешелендірудің екінші кезеңін жүзеге асырудың басы деп 

санаған жөн. бұл бүкіл жекешелендіру үрдісінде бұқаралық 

сипат алып, ең күрделі кезеңге айналған шақ еді. Үрдіс өзінің 

формасы жағынан да қарқыны мен тәсілі жағынан да, өте 

ерекше болды. 

мысалы, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелен-

діру қатаң орталықтандырылды, жергілікті әкімшілік орган- 

дарының осыған ұқсас қызметтері қысқартылды. Нысандарды 

жеке шелендіруді дайындау мен жүргізудің бірыңғай тәртібі 

енгізілді.  Жекешелендірудің  кең  ауқымдағы  тәсілдері:  ак-

цияларды биржа, аукцион, коммерциялық тендер, инвести- 

циялық тендер арқылы сату, жалға беру шарттарын аяқталып 

біткенге дейін сақтай отырып, нысандарды сату, ауылдық жер-

лерде әлеуметтік мәні бар нысандарды тікелей сату, өтімсіз 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



239

нысандарды бағаның ең аз мөлшерін тағайындамай-ақ өткізу, 

белгілі  бір  кәсіпорындарды  инвестициялық  шарттармен 

сенімді басқаруларға беру бекітілді. Жекешелендіруді жүргізу 

кезінде пайдаланатын құралдардың әртүрлілігі жекешелен-

дірілетін кәсіпорындар саласының ерекшелігін және тұрғын-

дардың ағымдағы сұранысы мен менталитетін қатар еске-

руге  мүмкіндік  туғызды.  Жекешелендіру  тәсілдерін  таңдау 

кәсіпорын мөлшерімен – негізгі капиталдың айналымдағы 

саны мен және соның құнымен айқындалды. 

Реформа жекешелендірудің төрт түрін: шағын, жаппай, 

жекелеген  жобалар  және  агроөнеркәсіп  кешені  бойынша 

жекешелендірулерді қарастырды. біз шағын жекешеленді-

руді  қысқа  мерзімде  жүргізіп,  алты  мыңнан  астам  нысан-

дарды өткіздік. бұл өз орайында тұрмыстық қызмет көрсету, 

сауда,  қоғамдық  тамақтандыру  салаларын  айтарлықтай 

жандандыруға мүмкіндік берді. Жекешелендірудің аталмыш 

кезеңінің нәтижесінде республикада шағын және орта биз-

неске  тиесілі  мыңдаған  жеке  меншік  кәсіпорындар  пайда 

болып, жемісті жұмыс жасай бастады.



Ұлттық  бағдарламаның  негізгі  бағыттары  мыналар 

болды: 

– шағын жекешелендіру (жалпы саны 200 адамға дейін 

жұмыс істейтін сауда, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары 

мен өндірістік кәсіпорындарды аукционда және конкурста 

сату); 

– жаппай жекешелендіру (жалпы саны 200-ден 5000 

адамға дейін жұмыс істейтін кәсіпорындар); 

– жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру (жалпы 

саны 5000-нан аса адам жұмыс істейтін кәсіпорындар); 

– агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру.

«Қазақстан Республикасында мемлекет 

иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993–1995 

жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы»



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

240

екінші кезеңнің ерекшелігі – сондай-ақ жекешелендіруге 

қатысушылар үшін бірқатар жеңілдіктер мен ымыраға келу-

шіліктерді сақтап қалғандығы. мысалы, жекешелендірілген 

нысандар  қызметкерлері  шаруашылық  серіктестіктеріне 

жалпы жұмыс істеушілер санының кемінде 50%-ын біріктіріп, 

сауда бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алды, сату бағасының 

10%-ына дейін жеңілдік жасалды. 

Жекешелендірудің кең ауқымдағы тәсілдерін қолданудың 

икемділігі  және  оған  қоса  жеңілдіктер  мен  ымыраға  келу-

шіліктер  екінші  кезеңдегі  мерзімде  шағын  жекешелендіру 

нысандарының негізгі бөлігін іске асыруға жағдай туғызды. 

Сұранымы жоқтар қатарында қалып қойған нысандар 1996 

жылғы бағаның сан қайтара төмендетулерінен кейін осын-

дай  құрама  тәсілдермен  өткізілді.  Шағын  жекешелендіру 

нысандарының құны ақшалай (50%) және тұрғын үй купон-

дарымен (50%) төленетін болды. Халықтық жинақтау бан-

кілерінің бөлімшелері арқылы тұрғын үй купондарын еркін 

сатып алу-сату тәртібі енгізілді. Аукциондарда өтпеген ны-

сандар,  өткізудің  әртүрлі  нұсқаларымен:  бастапқы  бағаны 

кеміту арқылы, бағасын тағайындамау және нысанды алдын 

ала  жалға  беру,  арқылы  сатуға  қойылды.  еңбек  ұжымда-

рына нысандарды адрестік сатудың тәсілдері де тәжірибеге 

енгізілді.  Жалға  берілген  нысандар  жалға  беру  шарттары 

сақтала отырып сатылды. Шағын жекешелендіруден түскен 

қаржының 50%-ы жергілікті бюджетте қалдырылды. мемле-

кеттік  кәсіпорындарды  акционерлендіру  кезінде  еңбек 

ұжымдары жарғылық капиталдың мөлшеріне қарай ерекше 

артықшылығы бар акцияларды 10%-ға дейін тегін алды. 

Шағын жекешелендірудің таза экономикалық тиімділігіне 

қоса  әлеуметтік  тиімділігі  де  болды.  іс  жүзінде,  алғашқы 

екі жыл бойына біздің дүкендердің сөрелері мен базарлар 

азық-түлік тағамдары мен басқа да қажетті тұтыну тауарла-

рымен толыға бастады. Дәрі-дәрмектер нарығы дамытылды. 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



241

Адамдар бірте-бірте жеке меншік сектордан қорықпайтын 

болды. Дүкендер мен дүңгіршектерді сату бұл секторларда 

кәсіпкерліктің  дамуын  ынталандырды.  Жаңадан  құрылған 

фирмалардың жоғары деңгейдегі техникалық жарақтануы 

мен  менеджмент  жағынан  жекешелендірілген  нысандар-

дан айтарлықтай айырмашылығы болды. осындай жолмен  

жанар-жағармай стансаларының тұтастай торабы бой көтерді. 

бұл кезеңде Қазақстанның барлық азаматтарына халық 

жинақ банкінде жекешелендіру-инвестициялық купондар-

дың дербес есепшоттары тегін ашылды. Қазақстанның әрбір 

азаматы өз купондарын тек инвестициялық-жекешелендіру 

қорларының акцияларына салып, содан соң, арнайы аукцион-

дарда мемлекеттік кәсіпорындардың акциялары купондарын 

сатып ала алатын болды. 

купондық  жекешелендіру  –  бұл  қазақстандық  эконо-

миканы мемлекет иелігінен алу кезеңінде адамдардың саны 

жағынан  халық  ең  көп  қатынасқан  шара  болды. мәселен, 

өтпелі кезеңдегі экономикасы бар басқа елдерде (Польша, 

Чехославакия)  іс  жүзінде  осыған  ұқсас  жайларды  бастан 

кешті.  осы  үрдістің  барысында  орташа  кәсіпорындардың 

негізгі бөлігін жекешелендіру және еліміздің барлық азамат-

тарын  жеке  меншікке  тарту  (купондар  негізінде)  көзделді. 

Ақырында,  меншік  иелерінің  дәл  осы  бөлігі  қазақстандық 

орта таптың дүниеге келуі үшін негіз болатын еді. 

бірақ бұл кезеңнің нәтижелерін әлеуметтік жағынан жа-

рамды деп бағалау бәрібір мүмкін де болмас. купондық кезең 

тұрақты бағалы қағаздар нарығының пайда болуына ықпал 

етпеді. Қор биржалары акцияларының ашық саудасын кеңінен 

дамыту талабынан нәтиже шықпады. Себебі кәсіпорындардың 

басым бөлігінің акциялары күрделі экономикалық жағдайдан 

кәдеге аспады. Инвестициялық жекешелендіру қорларының 

көпшілігі  банкротқа  ұшырады.  купондық  кезең  ұсақ  және 

орташа  акционерлердің  белсенді  де  табысты  тобының 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

242

қалыптасуына әкелмеді. бұл мәселелер көптеген себептерден 

іске  аспады,  соның  ішінде  жоғарыда  мен  айтқан  себептер 

де бар еді. осы арада купондық жекешелендіру идеясының 

өзі халықтың үмітін ақтамағанын ағынан жарыла айтуымыз 

керек. 


Жаппай  купондық  жекешелендіруге  әзірлік  пен  оны 

жүргізу кезеңінде елдің басым бөлігінде бұл үрдіс өте баяу 

емес пе деген ой болған жоқ. керісінше, көптеген адамдар 

ақылмен әрекет етіп, асықпай қимылдауға шақырды; сондай-

ақ «жаппай жекешелендіруді тоқтату, артқа қарайлау, дайын-

далу» талаптары да болды. Әйтсе де экономикаға жан бітірген 

жаппай жекешелендіру дұрыс шешім болғанын уақыттың өзі 

көрсетті. 

осымен қатар кәсіпорындарды акцияландыру жұмыстары 

да  жүргізілді.  Акцияландыру  үрдісі  мен  мемлекеттік  акция 

пакеттерінің  пайда  болуы  кәсіпорындарды  корпоративтік 

басқару идеясының тууы мен дамуына ықпал етуі тиіс еді. 

міне, осыдан барып нарықты енгізудің белсенді жақтастарын 

қалыптастыру  жөнінде  жұмыстар  жалғастырылды.  бұл 

мақсаттарға орай құрамында орташа кәсіпорындар мен әр 

түрлі қаржылық құрылымдары бар қаржы-өнеркәсіп топтары 

мен холдингтер өмірге келді. олардың нарықты коммерция-

лау және корпорациялау, нарық жағдайындағы жұмыстың 

әлемдік тәжірибесін пайдалану жөніндегі әрекеттері барынша 

ынталандырылып отырды. 

Жағдай  қаржылық  және  ішінара  заттай  нысандардың 

қайта  құрылымын  іс  жүзінде  мүлде  елемеуге  мәжбүр  етті. 

бұл жұмысты ұтымды аяқтауды енді жаңа меншік иелеріне 

қалдыруға  тура  келді.  Алайда  проблеманың  аса  өткірлігі, 

әсіресе борышқорлық проблемасы, жекешелендірудің осы 

кезеңінде оның нысандарының бағасын күрт түсіріп, ықтимал 

тиімді инвесторларды кері итерді. Жаппай жекешелендірудің 

басқа бір маңызды экономикалық және әлеуметтік нәтижесі 

мемлекет иелігіндегі нысандарды ақшалай сатуға көшу болды. 


м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



243

басқа да көптеген реформалар секілді, жекешелендіру 

қабылданған  шешімдер  үшін  жауапкершілікті  арттырудың 

кезекті  сынағына  айналды.  бұл  тұрғыда,  сірә,  ең  күрделісі 

сөзсіз жекешелендіру туралы саяси шешімді қабылдау болған 

шығар. Жеке меншікке көшу үрдісін кері қайтпайтын ету керек 

болды. Сол кезеңдегі істің қисыны осыны талап етті. тек осын-

дай жекешелендіру ғана халықаралық ұйымдар мен шетелдік 

инвесторлар үшін біздің нарықтық бағытымызға кепіл бола-

тын еді. мұндай белестен өту туралы шешім қабылдаудың 

жауапкершілігі, сөзсіз, мемлекет басшысына жүктелетін бол-

ды. бұл сол кезде де түсінікті еді, қазір де түсінікті. 

маған  барлық  жауапкершілікті  өз  қолыма  алуға  тура 

келді.  бізді  меншік  тек  мемлекеттікі  ғана  (немесе,  жалпы-

халықтық  деп  аталатын)  болуы  керек  деп  үйретті,  ал  іс 

жүзінде  ол  ешкімдікі  де  емес  еді. енді,  күтпеген  жерден  – 

жеке меншік, «буржуйлар» пайда болды. бұл жұрттың бар-

лығына  қорқынышты  еді.  Қазір  еске  алсам,  министрліктер 

басшыларына  ірі,  тіпті  кейде  бірегей  нысандарды  сату 

туралы келісімшарттарға қол қоюдың өзі қорқынышты бо-

лып  тұратын-ды. осыны  түсінгендіктен  менің  қолдауымды 

және өте түбегейлі өзгерістерді жүргізу кезінде қорғауымды 

олар  үнемі  сезінетін  болуы  үшін  барлық  жағдай  жасалды. 

Нәтижесінде меншікті реформалау мәселелерінде бұрынғы 

одақ  елдерінің  көпшілігіне  тән  болған  жартыкештік  пен 

сөзбұйдалықтан біз ада болдық. Ал меншіктік қатынастар – 

бұл экономиканың негізі екенін, демек, қоғамның қаржылай 

және  әлеуметтік  тұрақтылығының  ең  бірінші  себебі  екенін 

саясаткерлер әрдайым есте ұстаулары керек. 

Алматы темекі комбинаты, Южнефтегаз, ШНоС секілді 

алғашқы ірі объектілердің ақшаға сатылуы бүкіл посткеңестік 

кеңістіктегі революциялық қадамдар болды. бұл бюджеттік 

түсімдер құрылымын жай ғана реформалау емес еді. ең алды-

мен, қазақстандықтардың күнделікті өміріне жеке меншіктің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

244

енгізілуі болды, бірінші кезекте, қоғамдық сананың рефор-

масы болды. 

біртіндеп ақшаға сату үрдісінің динамикасы теңестірілді. 

Сонымен қатар қалыпты нарықтық бағаға жетуге тек 1997 

жылы ғана қол жетті. 1996–1997 жылдары жекешелендіруден 

түскен түсімдердің өзі бюджеттің кіріс бөлігінің 20-30%-ына 

жуығын құрады. бүгінгі сәтке дейін сол бір жылдары жекеле-

ген жобалар бойынша жекешелендірілген кәсіпорындардың 

барлығы бюджетке салық түсімдерінің тұрақты түрде түсуін 

қамтамасыз ететін ең ірі салық төлеушілеріміз болып табы-

лады. 


екінші  кезеңнің  аяғында  ерекше  экономикалық  және 

әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындарды жекелеген жобалар 

бойынша жекешелендіру басталды. мысалы, реформаларға 

жаңа,  сапалық  жағынан  басқаша  құрамдағы  шетелдік 

капиталдың  әлеуеті  енгізілді.  Сол  кезеңде  Қазақстанға 

жекешелендіруді  одан  әрі  жүргізу  үшін  шетелдік  қолма-

қол  капиталдың  және  шетел  капиталымен  жұмыс  істейтін 

кәсіпорындар құрудың қажеттігі түсінікті болды.



1994 жылдан бастап жекешелендірудің инвестиция-

лық  қорларына  шетел  капиталын  салуға  рұқсат  берілді, 

ал  1995  жылдың  көктемінен  бастап  жекешелендірілген 

кәсіпорындар акцияларының 31%-ына дейін алуға және  

валютамен есеп айырысуына болатын кез келген объек-

тілерді сату жөніндегі аукциондарға шетелдіктер жіберілетін 

болды. 

Шетел  инвесторлары  алдына  төмендегідей  міндетті 

шарттар қойылды: 

– негізгі өндірісті инвестициялауының мерзімі, көлемі 

және бағыты; 

–  шығарылатын  өнімдердің  негізгі  түрлері  бойынша 

өндіріс көлемінің өсуі

м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



245

– еңбекақы бойынша, бюджет пен жеткізіп берушілердің 

алдындағы қарыздарды төлеу жөніндегі міндеттеме алу.

«Қазақстан Республикасында мемлекет 

иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993–1995 

жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы»

бастапқыда  шетел  инвесторларына  тек  жекелеген  ірі 

кәсіпорындарды ғана сату жоспарланған. 1993 жылы тізімге 

38 объекті тіркелді. 

мұның  өзі  көптеген  кәсіпорындардың  тоқтап  қалу 

және шын мәнісінде банкротқа ұшырау қаупіне тап болған 

кезінде, республика кәсіпорындарын осы күрделі жағдайдан 

шығарудың қажеттігінен туындаған еді. 

Сол  кезеңде  (1993–1994  жылдары)  жекелеген  жоба-

лар бойынша бірінші болып Алматы темекі комбинаты мен 

Шымкент  кондитер  фабрикасы  сатылды.  Алматы  темекі 

фабрикасы  үшін  американдық  «Philip  Morris»  компаниясы 

100 млн астам доллар төледі, сондай-ақ инвестор өндіріске 

240  млн  АҚШ  долларын  салуға  міндеттенді,  бірден  өзінің 

әлеуметтік  бағдарламасын  жүзеге  асыра  бастады:  еңбек 

ұжымының  жалақысын  көбейтті,  жаңа  қызметшілер  үшін 

жаңа  тұрғын  үйлер  сатып  алуға  кірісті,  басқа  да  бірқатар 

жеңілдіктерді енгізді. Ал шетелдік компания келгенге дейін 

фабрика  қиын  жағдайда  болды,  шикізаттарды,  материал-

дар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға қаржы жетпеді. 

Адамдарға  еңбекақы  төленбеді.  бұл  алғашқы  табыс  және 

инвестордан бюджетке келіп түскен ірі көлемдегі алғашқы 

сома болды. мен осы жұмысы үшін Премьер-министр С. тере-

щенко мен мемлекеттік жекешелендіру комитетінің төрағасы  

Ж. кәрібжановты мақтадым. мұның өзі алға қарай басуға 

берілген белгі еді. 

Шетелдіктердің  қандай  да  болсын  қатынасуы  отанға 

қарсы қылмыс болып саналған кеңестік «қосүрейліктен» ба-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

246

рып, сол кезде көптеген адамдар шетелдік инвестициялардың 

ешқандай да қажеттігі жоқ, жекешелендіру елдің айрықша 

ішкі үрдісі дегенді айта бастады.  бұл сөздердің барлығына 

менің айтар жауабым: біз шынында да жекешелендіруді дер-

бес жүргізуге тырысқан едік. бірақ тіпті жаман болды. 

төрелігін өздеріңіз айтыңыздар. 

Сол уақытта қазақстандық индустрияның алыбы «кармет-

комбинат» өте қиын жағдайда болды. комбинаттың электр 

энергиясы  мен  көлік  үшін  төленбеген  орасан  зор  қарызы 

болды, жағдай банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрды. 

тіпті,  ыстық  цехтағы  металлургиялық  агрегаттарды  түгелге 

жақын  өшіруге  дейін  бардық.  комбинатты  дағдарыстан 

шығаруға  қабілетті  инвесторды  жан-жақтан  іздеп  жаттық. 

бізге жас қазақстандық бизнесмендер өз қызметін ұсынды. 

олар  австриялық  «Фест  Альпина»  компаниясымен  бірігіп, 

кәсіпорынның  қаржы  проблемаларын  шешуге  және  осы 

заманғы менеджментті енгізуге міндеттенді. 

біз оларға көмектесуге қуанышты болдық. комбинатта 

талан-тараж  жаппай  етек  алғандықтан,  инвесторлардың 

өтініші бойынша мен оларға көмектесу үшін Қазақстан Ре-

спубликасы Үкіметіне тапсырма бердім. кәсіпорын аумағына 

республикамыздың солтүстік облыстарынан нысанды қорғау 

ісін қамтамасыз ететін ішкі әскер бөлімдері жеткізілді. 

Алайда ірі өндірістік кәсіпорынның жұмысын ұйымдас-

тырып,  металлургияда  салмақты  шетелдік    әріптестермен 

жұмыс  істеу  үшін  біздің  жас  бизнесмендердің  саудада 

жинақтаған  менеджменттік  тәжірибесі  жеткіліксіз  болды. 

кәсіпорынға  кокс  жеткізіп  беру  мен  металл  сынықтарын 

сату  жөніндегі  келісімшарттарын  жасау  кезінде  жіберілген 

қателіктердің салдарынан 1995 жылдың басында небәрі үш 

күнге жететіндей кокс қоры ғана қалды, ал айналым қаржысы 

толықтайымен  жоқ  болды.  Жалақыға  бересі  қарыз  алты 

айдан  асып  кетті.  Ақырында  біздің  жас  бизнесмендердің 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



247

комбинаттан кетуіне тура келді. Арада бір ай өтпей жатып, 

біз  әкелген  әлгі  ішкі  істер  әскерлері  енді  комбинат  мүлкін 

жас бизнесмендер тарапынан болған талан-таражға қарсы 

күреске жұмылдырылды. 

Өздеріңіз көріп  отырсыздар, біздің  жастар  осындай  ірі 

істі қолдарына алғысы келгенде, біз оларға ықылас білдірдік. 

бірақ  оған  жастар  әлі  дайын  болмады.  Не  тәжірибе,  не 

қаржы жетіспеді. олар жекешелендіруге қатысты, бірақ әрі 

қарай меншікті басқарып кете алмады. Алайда мен оларға 

көмектестім, олар үйренуі керек еді. металлургиялық кәсіп-

орындарды «казкоммерцбанк» басқаруға ұмтылды, ШНоС 

та сатып алды, бірақ кейін оның бәрі қайта сатылып кетті. 

осындай жағымсыз жайға тағы бір айқын мысал – біздің 

азаматтық  авиация.  біздің  жігіттер  «Эйр-казахстанды»  өз 

басқаруына  алып,  бересі  қарыздары  үшін  шетелдік  әуе-

жайларда біздің ұшақтарымызды қамауға түсірген жағдайға 

дейін  жеткізді.  Шетелдік  компаниялар  ұшу  сапары  тым 

қауіпті  болғандықтан,  өз  азаматтарының  «Эйр-казахстан» 

ұшақтарымен ұшуына тыйым салды. егерде ағылшындармен 

бірлесіп  «Эйр-Астана»  компаниясын  құру  жөніндегі  менің 

шешімім  болмаса,  қазір  біз  мүлде  авиациясыз  қалған  бо-

лар едік.  біздің менеджерлер әлі де іс-тәжірибе жинақтап, 

басқаруды үйренер деп ойлаймын. 

бұл жағдайда тек әлемдік металл нарығында берік орнық-

қан компаниялар тарапынан салынған ірі инвестициялар ғана 

кәсіпорынды құтқара алатын еді. Сондықтан металлургиялық 

комбинат сатылды. «карметкомбинаттың» жаңа меншік иесі – 

үнділік  Mittal  Steel  компаниясы  шикізат,  электр  энергиясы, 

көлікпен  қамтамасыз  етушілер  алдындағы  және  еңбекақы 

жөніндегі  қарыздарды  жапты,  сондай-ақ  кері  талаптар 

бойынша  да  төлемдерді  жүргізді.  Қысқасы,  кәсіпорын 

қарыздары  бойынша  инвестор-компания  350  млн  АҚШ 

долларын  төледі.  Ал  жекешелендіру  басталғаннан  кейінгі 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

248

сегіз жылдағы инвестицияның жалпы сомасы 1 млрд АҚШ 

доллары шамасында болды. Қысқа мерзімде домна пештерін, 

кокстеу батареяларын жөндеу жүзеге асырылып, аса маңызды 

технологиялық желілер қайта қалпына келтірілді. Сонымен 

бірге  ыстықпен  цинктеу  және  алюминдеу  цехы,  болатты 

үздіксіз  құю  машинасы  іске  қосылып,  сортты  прокат  цехы 

салынуда. 

ерекше, баламасыз шаруашылық жағдайлардың қалып-

тасуына  қарай  металлургия  алыптарын  жекешелендіру 

өз  орайымен  ілеспе  мүліктік  кешендерді  сату  жөніндегі 

әрекеттерді туғызды. мысалы, Қарағанды металлургиялық 

комбинатының активтерін сату осылайша атқарылды. кәсіп-

орынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін өндірісті 

электр  энергиясымен,  жылумен,  шикізатпен  дер  кезінде 

қамтамасыз ету проблемаларын шешу қажет болды. осыған 

байланысты 1996 жыл бойына инвесторға Қарағанды тЭЦ-2 

кәсіпорнын, сондай-ақ көмір шахталарының негізгі бөлігін 

сатып алуға және қалыпты өндірістік циклды қалыптастыру 

мақсатында  оларды  инвестициялау  проблемасын  шешуге 

тура келді. 

келесі  жылы  «Испаткармет»  акционерлік  қоғамына 

«карагандашахтуголь»  акционерлік  қоғамының  қосалқы 

кәсіпорындары келіп қосылды. бұл тмД елдерін шахтерлердің 

ереуілдер толқыны шарпыған уақыт болатын, жоғарыда мен 

оның бізге де жеткенін айтқанмын. 

осындай ірі өнеркәсіп аймағында өткір әлеуметтік жә-

не  экономикалық  проблемаларды  шешуді  кешіктіру  бүкіл 

еліміз үшін болжап болмайтын аса ауыр зардаптарға душар 

қылатын еді. біз осыдан құтылуға қол жеткіздік. бұған көбінесе 

«карметкомбинаттың» тұрақты жұмыс істей бастауы ықпал 

етті. 


көптеген  жекешелендірілмеген  қосалқы  және  ара-

лас  кәсіпорындардың  басшылары  шетел  менеджментінің 

нәтижелерін  көргеннен  кейін  Үкіметке  өз  кәсіпорындарын 


м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



249

аймақта жақсы жұмысымен танымал болған инвесторға сату 

үшін объектілер тізіміне енгізу туралы өтініш білдіре бастады. 

Үкімет бұл проблемалардың шешіміне аса мұқият көңіл бөлді. 

оған мысал ретінде бірнеше фактілер келтірейін. 

Павлодар облысындағы «богатырь» және «Восток» кен 

қабаттарын  жекешелендіру  өзінше  бір  «технологиялық» 

тізбектердің  сатылуы  болды.  1996  жылдың  күзінде,  яғни 

келе  жатқан  қыстың  қарсаңында,  бұл  аймақта  жылу  мен 

электр  энергиясымен  түрде  қамтамасыз  етуге  арналған 

көмірді жеткізіп беру жүйесі толықтай істен шыққан еді. бұл 

жағдайда кен қабаттарының мүліктік кешендерін еуразиялық 

өнеркәсіпшілер  тобы  жекешелендірді. оған  дейін  бұл  топ 

өнеркәсіп  орындарының  тұтас  бір  қатарында  өндірісті  іске 

қосуда  тұрақты  оң  нәтижелерге  жеткен  болатын.  мұндай 

әлеуметтік маңызы зор әрі күрделі объектілерді сатудың ал-

дында Үкімет өкілдерінің жергілікті жерге барып істің жайын 

көруі  тәжірибеге  енгізілген-ді.  олар  адамдарға  күнделікті 

жағдай  мен  қалыптасқан  қиындықтардан  шығу  үшін  мем-

лекет қолға алған шараларды айтып түсіндіретін.  мысалы, 

«Восточный» кен қабатын жекешелендіру кезінде мемлекет 

органдарының  өкілетті  өкілдері  мен  инвесторлар  еңбек 

ұжымын  жинап,  өздерінің  инвестициялық  және  өндірістік 

бағдарламаларын таныстырды. Сол жерде жалақыны төлеу 

қамтамасыз етілді. осылайша біз сөзді іспен бекіте отырып, 

халықты сендірдік. 

Қысқасы, еуразия өнеркәсіп тобы онжылдық кезеңде тау-

кен өндірісі мен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында 

дағдарысты  ойдағыдай  жеңіп  шықты,  олардың  жұмысы 

тұрақтандырылып,  әлемдік  нарықтағы  беделі  қалпына 

келтірілді. Жекешелендіруден кейін жүргізілген шаралардың 

тиімділігі туралы айтар болсақ, тек кәсіпорындарды оңалту 

мен қаржылай жағынан сауықтыруға 290 млн АҚШ доллары 

салынды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал