Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет20/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

226

көзәйнектерінің  қалың  шынысының  ар  жағынан  сығырая 

қарап, тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстан ұсынған 

интеграциялық идеяларға біртіндеп қайтадан оралудың қалай 

жүріп жатқанын самарқау бақылайды. 

бүгіндері  Ресейде  шатқаяқтаулар  мен  экономикалық 

«әуесқойлықтың»  орнына  ұстамды  есеп  пен  прагматизм 

келгеніне мен қуанамын. 1994 жылы мен айтқан  евразия-

шылдық  идеясы,  сонымен  қатар  біздің  мемлекеттердің 

интеграцияға  ден  қоюы  біздің  азаматтарымыздың  ұзаққа 

баратын бұдан да жоғары өмір деңгейіне жетуіне мүмкіндік 

береді  деп  үміттенемін,  кСРо  ыдырағаннан  кейін  он  жыл 

өткенде-ақ,  бүкіл  тмД  аумағында  біздің  мемлекеттердің 

экономикалық  интеграциясына  қарай  икемделген  саясат-

керлер көзқарастарының эволюциясын бақылауға болатын 

еді. Сонымен бірге, осы бірігу процестерінің біздерге беретін 

артықшылықтары айдан анық. 

Интеграциялық  процестердің  елеулі  түрде  жандануы 

Ресейдің  президенттігіне  В.В.  Путиннің  сайлануына  байла-

нысты болғанын атап айтуым керек. ол аз уақыттың ішінде 

елдегі билікті нығайтты, реформаландыруды жеделдетті және 

біздің  тмД-дағы  интеграциялау  жөніндегі  күш-жігерімізді 

біріктіруге көп күш салуда. 

міне,  сондықтан  да  бұдан  үш  жыл  бұрын  біз  біртұтас 

экономикалық  кеңістік  (бЭк)  құру  идеясын  ұсындық.  бұл 

бағыттағы жұмыстар ортақ валютаны енгізуге алғышарттар 

жасауға мүмкіндік береді, ал валюталық одаққа кіретін ел-

дердің Интеграциялық ынтымақтастығы мен экономикалық 

саясаттарын жақындастырудың тиімділігін көтеру жөніндегі 

шаралар осының базалық шарттары болып табылады. 

Аталмыш жұмыста ештеңені де жаңадан ойлап табудың 

қажеті  жоқ.  кСРо-ның  ыдырауы  кезеңінде  бүтіндей 

интеграциялық  процестермен  айналысқан  еуропалық 

одақтың мысалы бар. біртұтас экономикалық кеңістік елдері 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



227

еуропалық  сәтті  тәжірибені  сауатты  және  парасатты  түрде 

қабылдаулары керек. 

егер де біртұтас экономикалық кеңістік Украинаның по-

зициясына  байланысты  іске  аспайтын  болса,  онда  барлық 

қатысушылар:  интеграция  –  бұл  қажеттілік  деген  ұғым 

деңгейіне  жеткен  кезде  біздің  жинақтаған  тәжірибеміз  

еурАзЭб немесе басқа бірлестіктерде пайдалы болмақ. бұл – 

бәріне де пайдалы. бұл – қауіпсіздік және даму. 

бірақ өткен уақыттың өн бойында «интеграция» атауына 

мағыналық  толықтырулар  адам  танымастай  өзгерістерге 

ұшырап,  кейде  не  туралы  әңгіме  болып  жатқанын  баз 

біреулер түсінбей де қалады. Сондықтан да интеграцияның 

біздерде  бұрын  қалыптасқан  мағынасын  сөзсіз  қабылдап, 

оны көп жағдайда толық пайдаланбадық. бұған объективті 

де, субъективті де факторлардың әсері болды. егер біз оны 

өз бетімізбен пайдалана алмасақ, онда бұған үйрену керек. 

Өзара байланысқа, ынтымақтастыққа және ортақ мақсатқа 

жетуге үйрену керек. ол үшін еуропалық одаққа қарасақ та 

жеткілікті. Қандай да болмасын қайшылықтарға қарамастан 

(ондайлар  жеткілікті),  олар  интеграцияны  толық  түсінуге 

жеткен. оның дәлелі – біртұтас валюта – «евроның» енгізілуі, 

еуропарламенттің болуы және басқа көптеген жәйттер. 

менің ойымша, мен былай да интеграциялық процес-

тердің  пайдасына  байланысты  жеткілікті  түрде  айттым. 

елдерді жақындастыру жолында нақты қадамдарға баратын 

уақыт келді. бірінші кезекте, біртұтас экономикалық кеңістік 

шеңберінде. Иә, мойындауымыз керек, интеграция, әсіресе 

валюталық одақ біздің елдерден экономикалық және саяси 

тәуелсіздік  принциптерінен  белгілі  дәрежеде  шегінуді  та-

лап  етеді.  бірақ,  интеграция  нәтижелері  мемлекет  үшін, 

барлығынан  бүтіндей  тәуелсіз  болу  тілегінен  әлдеқайда 

зор пайда әкелмек. биік шыңға жалғыз шығу мүмкін емес, 

әріптестің мықты сүйемелі қажет. Шыңды бірлескен күшпен 

ғана бағындыруға болады. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

228

менің пікірімше, «үлкен аға – кіші іні» сияқты ап-айқын

нақты жікке бөлінген бұрынғы одақтық «бауырластықтағы» 

басымыздан өткен қолайсыздықтардан арылып, байсалды 

интеграцияға бару үшін біздің елдерімізге ұзақ уақыт керек. 

біздің  ортақ  стратегиялық  экономикалық  мүдделеріміздің 

болуына  және  реформалардың  қатарлас  бағытта  жүруіне 

қарамастан,  осылай  болмақ.  Сондай-ақ  біздің  елдердің 

институттық өзгерістерінің бағыты да бір ыңғайда алынған. 

бұдан  басқа,  интеграцияға  бөгет  жасайтын  жүйелік  про-

блемалар  да  баршылық.  біріншіден,  бұл  сенімнің  төмен 

дәрежесі,  оны  тек  елдің  өз  ішіндегі  заңды  сол  сияқты 

мемлекетаралық келісімдерді сыйлау арқылы көтеруге бо-

лады. екіншіден, біртұтас экономикалық кеңістік елдеріндегі 

(белоруссияның, Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның) 

саяси  режимдер  өздерінің  мәні  жағынан  әртүрлі  және 

еуроодақ  елдері  арасындағы  айырмашылыққа  қарағанда 

бұлардың  айырмашылықтары  едәуір  үлкен.  осы  себептен 

біздің елдеріміз қол қойған келісімдер әлі де тұрақты емес, 

олар  ішкі  саяси  ағымдарға  тәуелді  болмақ.  Үшіншіден, 

біз  әрбір  елдің  ұлттық  мүддесінің  түйіні  неде  жатқанын 

әлі  түпкілікті  шешкеніміз  жоқ.  Өз  мүдделерімізді  өзіміз 

түсінуіміздің проблемалары интеграциядан бұрын шешілуге 

тиіс. мұнысыз кез келген интеграция ұзаққа бармайды. 

Ұлттық валютаны енгізу тәуелсіздіктің рәмізіне айналды 

және оның одан арғы қызметі елдің әлеуметтік-экономикалық 

дамуын жақсартуға бағытталған түбегейлі нарықтық рефор-

маларды іске асырмайынша мүмкін емес. Реформалардың 

барысында барлық экономикалық қайта өзгертулерді басты 

ойыншыларсыз, яғни меншік иелерінсіз жүзеге асыру мүмкін 

емес екендігін ұмытпау керек. Нақ осы меншік иелері табының 

болуы нарықтық экономиканың түйінді элементі болып та-

былады. бұған қарай жасалған алғашқы қадамның бірі бүкіл 

елде көлемді жекешелендіруді іске асыру болды.



мемлекеттік 

меншіктен – 

жеке меншікке

5-тарау


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

230

Жекешелендіру Қазақстанның қазіргі тарихында нағыз 

қайшылықты кезең болды. тарихтың бұл кезеңі бұрынғы со-

циалистік елдердің бірде-бірінде бірыңғай баға алған жоқ. 

Польша, Венгрия және Чехия елдерінен айырмашылығымыз 

– біз жекешелендіруді мемлекеттік институттар құрылысымен 

қатар  жүргіздік.  Шығыс  еуропада  батыс  инвесторлары  өз 

өндірісін апаруға дайын тұрып, мемлекеттік меншіктің жедел  

сатылуына ықпал етсе, Қазақстанның «бандиттік капитализм»  

үстемдік еткен өз әріптесі Ресеймен істес болуына тура келді. 

біз мемлекеттік институттар түпкілікті қалыптасқанға дейін 

жекешелендіруді кейінге қалдыра алдық па? Өзбекстанның 

тәжірибесі көрсеткендей, жеке меншік иелерін қалыптастыру 

үрдісін кейінге қалдырсақ, экономикалық жағдайымыз тіпті 

қиындай түскен болар еді. біз тәуелсіздікке кіргенде, бізде 

тиімсіз әскери-өнеркәсіптік экономика үшін толық өңделмеген 

және бәсекеге қабілетсіз өнімдер өндіретін алып кәсіпорындар 

бар  еді,  ол  экономика  кеңестік  мемлекеттің  тарихымен 

бірге келмеске кетті. Польша Президентінің экономикалық 

кеңесшісі марек белка, ал одан кейін Премьер-министрдің 

өзі мойындағанындай, Польша еуропалық қауымдастықтың 

толық құқықты мүшесіне айналған кезде, Польшаның табысты 

кәсіпорындарының басым бөлігі тақыр таза жерде құрылған 

және  олардың  социалистік  кезеңде  жекешелендірілген 

кәсіпорындарға ешқандай да қатысы болмаған. 

егер  де  жекешелендіруге  баға  беру  керек  болса  мен, 

біріншіден,  бұл  Қазақстанда  әртүрлі  тиімді  де  ынталы 

меншік  иелерінің  қалыптасуына  қолайлы  жағдай  туғызған 

тарихи  үрдіс  болғанын  айтар  едім.  бізде  өсудің  мыңдаған 

дербес  нүктелерін  солар  жасады.  Жекешелендіру  жаңа 

экономикалық және қоғамдық қатынастар үшін кеңістік ашып 

берді. мемлекет түу басынан-ақ өнеркәсіпке ықпал етушіліктің 

жетегінде еріп кетпейтінін және шығынға белшесінен батқан 

кәсіпорындарды қолдай алмайтынын бірден аңғартты. 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



231

екіншіден, жекешелендіру кезінде жіберілген қателіктер 

біздің  бәрімізге  үлкен  сабақ  болды.  мемлекет  жекеше-

лендірудің  инвестициялық  купондары  уақытында  жаңа 

пісіп-жетілген қазақстандық бизнесмендерді қолдай отырып, 

инвестициялық  қорлардың  жұмысы  жөнінде  қажетті  заң-

намалық база жасамады, қорларды басқарушыларға қойы-

латын кәсіби біліктілік пен қаржы талаптарды анықтамады; 

олардың  салымшылар  алдындағы  жауапкершілік  деңгейі 

айтылмады.  Соның  салдарынан  мемлекетке  жекешеленді-

рудің осы кезеңіндегі сәтсіздіктің нәтижесінде пайда болған 

халықтың  сенімсіздігі  мен  түңілісін  жою  үшін  мемлекеттің 

ұзақ жұмыс істеуіне тура келді. Үш жылдан соң біз зейнетақы 

реформасын жүргізу кезінде осы қателіктердің бәрін ескердік. 

мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік 

жинақтаушы  зейнетақы  қорлары  құрылды.  Нормативтік-

құқықтық база барлық зейнетақы қорларының жұмыс істеуі 

мен орналастырылуына қатаң талаптар белгіледі. бұл істердің 

нәтижесі ұзақ күттірген жоқ, бүгінде біздің зейнетақы жүйеміз 

барлық посткеңестік кеңістікте ең ойластырылған және сенімді 

жүйе болып табылады. 

Ал қане, ең басынан бастайық. Жекешелендірудің қисы-

нын түсіну үшін сол кезеңде қалыптасқан жалпы жағдайды 

суреттеп көрейік. Қазақстан экономикасы жалпы одақтық 

экономиканың басқа одақтас республикаларды шикізатпен 

қамтамасыз ету міндетін атқаратын жеке бір элементі болып 

табылатын.  мысалы,  Қазақстаннан  өндірілген  мұнайдың 

70%-ы,  темір  рудасының  55%-ы,  көмірдің  28%-ы,  қара 

металдың 46%-ы, синтетикалық каучуктің 86%-ы және негізгі 

химия өнімдерінің 54%-ы шетке шығарылды. Сөйте тұра, ре-

спублика сырттан әкелінетін, жан басына шаққандағы халық 

тұтынатын тауарларды өндіру жөнінде бұрынғы кСРо-ның  

15 республикасы ішінде 12-ші орынды иеленді. 

Қазақстан тауар айналымының жалпы көлемінің қалып-

тасуындағы  айқындаушы  рөл  бұрынғы  кСРо-ның  басқа 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

232

республикаларымен  өзара  қатынасына  тиесілі  болды, 

яғни  Қазақстанға  жалпы  сырттан  әкелінетін  материалдық 

ресурстардың  көлемі  84%-ды,  ал  одан  жалпы  сыртқа 

шығарылатын өнім көлемі 91%-ды құрады. мысалы, сырттан 

әкелінетін өнімдердің ең көп үлесі (34%) металл өңдеу мен 

машина жасау салаларына тиді. 

Әрине, мұның бәрі, тағы да ескертейін, қазақстандық эко-

номика құрылымдарының табиғи шикізатты өндіру мен оны 

республикадан тысқары жерлерге жеткізіп беруге бағытталып 

қалыптасуынан  көрініс  тапты.  Қазақстандағы  өндіруші 

салалардың үлес салмағы бұрынғы одақ бойынша орташа 

көрсеткіштен 1,7 есе, Ресейдегіден – 1,5 есе, Украинадағы-

дан – 2 еседен асып түсті. Қазақстанның негізгі өнеркәсіптік-

өндірістік қорларының 30%-дан астамы өндіруші салалардың 

үлесіне  тиді.  Сол  мезгілде  рентабельділік  қабілетін  барған 

сайын  жоғалтып  жатқан  өндірістік  мақсаттағы  мүліктердің 

90%-дан астамы мемлекеттің иелігінде болды. 

тағы  бір  «ерекше»  кезең  мемлекеттік  меншіктерді 

тұрғын дардың жаппай талан-таражға сала бастауы болды. 

бізде нарықтық идеяның өзіне нұқсан келтірген осы талан-

таражды тоқтатуға шама жетпеді. «Халықтық меншікте» оның 

сақталуы жөнінде қам жейтін нақты айқындалған ие жоқ еді. 

Экономиканың мемлекеттік секторын түбегейлі өзгерту үрдісін 

басқару, мемлекет меншігін жоспарлы түрде жекешелендіруді 

кеңінен жедел өрістету және мемлекеттік меншікті заңды түрде 

жекешелендіру түйінді мәселелерге айналды. 

мемлекеттік қамқоршылдықтың бұрынғы қалыптасқан 

жүйесін неғұрлым тезірек қиратып, мемлекеттік меншіктен 

жекешілдікке, масылдықпен бәрін де «жоғары жақ» шешеді 

деп  күтушіліктен  жауаптылық  пен  іскерлікке  қарай  жедел 

көшудің қажеттігі айқын болды. 

осының  барлығына  қоса,  Қазақстанда  бұрын-соңды 

бұған ұқсас іс-шаралар жүргізілмегенін де есепке алу керек 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



233

болды. бәрі де бірінші рет, бәрі де жаңадан іске асырылып, 

жатты. Өмірдің нарыққа қарай күрт бет бұруын алғашында 

түсінбей, сенімсіздікпен қабылдағанына адамдар кінәлі емес 

еді. Сондықтан оларды қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға 

неғұрлым  көбірек  тартып,  жаңалыққа  қарсы  пиғылдарын 

өзгерту өте маңызды болды. 

көп жағдайда үй іргесіндегі және саяжайлық жер телім- 

дерін жұртқа үлестіріп беру, сондай-ақ мемлекеттік пәтер-

лердің  азаматтардың  иелігіне  берілуі  осыған  игі  ықпалын 

тигізді. Қазақстанда болған жағдайдың аса күрделілігі және 

алда  тұрған  міндеттердің  мүлде  жаңалығы  осындай  тың 

шешімдерді талап етті. 

оқиғалардың  жылдам  дамығаны  соншалықты,  кейде 

болып жатқан жағдайларды басқарудың орнына, олардың 

соңынан жүгіруге тура келді. бізге сол кездегі экономикалық 

қатынастарды  түбірімен  өзгерту  қажет  болды.  кейбір 

жағдайда туындаған проблемалармен күресу мүмкін болмай 

қалды. 

Өнімдері  өтпегендіктен  кәсіпорындар  тоқтай  бастады 



немесе олардың шығарған өнімдері қоймаларды толтыру-

мен болды. Өткен тарауда айтқанымдай, халық тұтынатын 

тауарларды өндіру үздіксіз қысқартылды. бос қалған сөрелер 

ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігін көрсетті. ондаған мың 

адамдар жұмыссыз, күнкөріске қажетті қаржысыз қалды. 

Ауылдық жерлерде де аса ауыр жағдай қалыптасты. Өнім-

дерін орталықтың сатып алуына бағытталған ұжымшарлар 

мен  кеңшарлар  тауарларын  өткізе  алмай,  ақшасыз  қалды. 

бюджетке  ешқандай  түсім  болмағандықтан,  жалақы  мен 

зейнетақыны төлейтін қаражат та болмады. 

елімізде  түбегейлі  реформалардың  бастау  алуына 

дейін  жекешелендірілген  өз  кәсіпорындарын  аман  сақтап 

қалып,  олардың  рентабельділігін  арттыруға,  сөйтіп  эко-

номикамызды  көтеруге  ұмтылған  жеке  меншік  иелерінің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

234

шоғырын қалыптастыру қажет болды. бұрынғы мемлекеттік 

кәсіпорындарды  жеке  кәсіпкерлердің  қолына  бергенде, 

оларды мемлекеттік басқару мен араласудан арылтып, еркін 

ұстауға  тырыстық.  ондай  жеке  меншіктегі  фирмалар  мен 

кәсіпорындар  жаңадан  жұмыс  орындарын  ашып,  өндіріс 

көлемін  реттеудің  тың  экономикалық  байланыстарын  өз 

еркімен орнатуға мәжбүр болды, әрине, бұл экономиканың 

өздігінен сауығып, тыңаюына алып келетін еді. 

Алайда  жекешелендіру  қажет  болған  өнеркәсіп  орын-

дарының көпшілігі «экономикалық» мешелдік күйде болды. 

олардың  көбі  тек  инвестициялар  мен  жаңа  технологияны 

ғана емес, бұрынғы кеңестік үлгідегі басшылар қамтамасыз 

ете алмайтын, олардан гөрі мықты – сауатты менеджментті 

қажет етті. ол өз алдына болсын, онсыз да бейберекеттік пен 

жазасыздық жайлап алған жағдайда, сол кездегі ірі және орта 

өнеркәсіп кәсіпорындарындағы, қызмет көрсету саласы мен 

ауыл  шаруашылығындағы  басшылардың  көбі  құрып  бара 

жатқан зауыттар мен олардың еңбек ұжымдарының есебінен 

өздерінің  жеке  басының  баюын  негізгі  міндет  етіп  қойды. 

мұндай басшылар еліміздің экономикасындағы аласапыран 

күңгірт жағдайды пайдалана отырып, өздері қалт-құлт етіп 

зорға тұрған кәсіпорындарды ұрлап-тонаумен болды, өйткені 

олардың  көпшілігі  одақтық  министрліктерге  бағынышты 

болғандықтан, Қазақстанның олармен ешқандай байланысы 

да, ол үшін моральдық міндеттемесі де жоқ болатын. Дирек-

торларды «сайлап алушылық» деп аталатын жағдай оларды 

бар жауапкершіліктен құтқарды. 

мұндай кезеңде республика үкіметінің әлі де сол кездегі 

мемлекет  иелігіндегі  меншіктерді  талан-таражға  салуды 

тоқтатарлық  нақты  мүмкіндіктері  болмағанын  мойындай-

мын. меншіктің тиісті заңдары, айқын ережелерінің болмауы 

«қызыл директорлардың» жауапкершіліктен құтылып кетуіне 

жағдай туғызды. 



м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



235

Қазір «халықтық меншікті таратып бердіңдер» деп және 

тағы  басқадай  деп  бізді  кінәлаушылар  бар.  біздің  осылай 

істегеніміз үшін құдайға шүкір дейміз. ондай жағдайда және 

белгілі бір кәсіпорындардың шынайы құндылығы мен келе-

шегі қандай екендігін айқын білу қиын еді. көз алдарыңызға 

елестетіп  көріңіздерші,  көптеген  өнеркәсіп  орындарында 

ескірген  қондырғыларға  толы  орасан  зор  өндірістік  және 

әкімшілік  ғимараттар  қалқайып  тұрады.  олардың  көбінде 

таудай болып жинақталып қалған қарыздар еңсе көтертпейді. 

бұл кәсіпорындарда рентабельді өндірісті құру төтенше көп 

күш-жігер, уақыт пен қаржы жұмсау талап етілді. Жағдайды 

тұрақтандыруға бағытталған жедел де тиімді шаралар қажет 

болды. Сол кезеңде жаппай сипат алған мүлікті талан-таражға 

салушылық пен ысырапқорлық та мемлекет меншігінен алып, 

жекешелендіру үрдісін еңсерудің қосымша факторы болып 

табылды. 

осыған  байланысты  біз  кең  көлемді  жекешелендіруге 

бардық. мемлекеттік меншікті жекешелендіру төрт кезеңмен 

жүргізілді.  бұл  кезеңдердің  әрқайсысы  өз  мақсаттары  мен 

міндеттерін  көздеді.  Әрбір  кезеңнің  өз  ерекшелігі  болды. 

бүгінде бұл жекешелендіру үрдістерінің кезеңдері біз әуелде 

жоспарлағандай  болып  жүргізілді  деп  айтуға  келмейді. 

Дұрысында,  әрбір  кезең  одан  бұрынғылардың  қисынды 

жалғасы  болып  табылды.  Әрбір  келесі  кезеңде  өткендегі 

кезеңдердің барлық қателіктері мен мүлт кетушіліктерін еске-

руге тырыстық. Ал қателіктер мен сәтсіздіктер болды. 

Өкінішке  қарай,  жекешелендірудің  инвестициялық  ку-

пондары  дейтінге  байланысты  біздің  көптеген  үміттеріміз 

ақталмады.  мәселен,  тұрғындарға  жекешелендірілген 

кәсіпорындардың  акцияларын  сатып  алу  үшін  жекешелен-

дірудің  инвестициялық  қорларына  салатын  жекешелен-

дірудің  инвестициялық  купондарын  таратып  бергенде, 

аталмыш қорлардың өз активтерін өздерінің астыртын фир-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

236

малары арқылы жымқырып қалуына саңылау туғызылды. бұл 

алғашында  олардың  алдында  қаржылық  міндеттемелерді 

алу, сонан кейін ондай міндеттемелерді жекешелендірудің 

инвестициялық  купондары  есебінен  сатып  алынған  ак-

тивтер  арқылы  өтеу  жолымен  жүргізілді.  Нәтижесінде, 

жекешелендірілген  кәсіпорындар  белгілі  бір  азғана  топ 

адамдардың  қолында  ғана  қалды,  сөйтіп  халықтық 

жекешелендіру  идеясына  нұқсан  келтірілді.  егер  де  қазір 

сол  жылдардағы  инвестициялық  жекешелендіру  қорлары 

басшыларының аты-жөнін жарияласақ, онда бүгінде шалқып-

тасып өмір сүріп жатқандардың кімдер екені белгілі болар еді. 

Ал қарапайым адамдар кәсіпорындар акциясын ала алмады. 

бұл енді сол кездегі жоғарыдағыдай жағымсыз әрекеттерге 

барған жандардың ар-ұятындағы іс. 

Қазақстандағы  жекешелендіру  тетіктерін  және  оның 

жөнді-жөнсіздігін түсіндіру үшін осы кезеңдердің әрқайсысын 

сипаттап өтейін.

 

б

ірінші

 

кезең



ынтАлы

 

жекешелендіру

, 1991–1992 

жылдАр

1991  жылдың  22  маусымында  «мемлекет  иелігінен 

алу және жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. осыған 

сәйкес  мемлекеттік  органдар  кәсіпорын  ұжымынан  тек 

тиісті өтінім келіп түскеннен кейін ғана шешім қабылдайтын 

болғандықтан, мұндай жекешелендіру ынталы деп аталатын 

сипат алды. тек сонда барып аукциондар, конкурстар өткізілді 

немесе  өндірістік  және  әлеуметтік  инфрақұрылымдарды 

еңбек ұжымына тегін беру жүзеге асырылды. 

Аталмыш заң жекешелендірудің бірінші кезеңіне (1991–

1992  жылдардағы)  бастапқы  негіз  қалады,  міне,  соның 

нәтижесінде меншік түрін өзгерту үрдісіне еліміздің азамат-

тарын еңбек ұжымдары арқылы барынша көп тарту идеясына 


м

емлекеттік меншіктен – жеке меншікке



237

негізделген алғашқы нұсқадағы «Қазақ кСР-інде мемлекеттік 

меншікті  мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендірудің 

1991–1992  жылдарға  арналған бағдарламасы»  жасалды. 

бұл бағдарламада ымыраға келушілік көп болды. 

Ақша құнсыздануының ерекше қарқын алуы және тұрғын-

дарда қаржының болмауы ескеріле келіп, Қазақстанда бүкіл 

тұрғындардың бірі қалмастан тұрғын үйлерді жекешелендіруге 

қатысу үшін төлем құралы ретінде оларға тұрғын үйді жекеше-

лендіру купондары тегін ұсынылды. 

бір купонның құны сол кездегі рубльге парапар болды. 

берілген купондардың саны еңбек стажымен айқындалды, 

ал біреудің асырауындағы адамдарға екі мыңнан купон та-

ратып берілді. бағдарлама тұрғындардың ынтасын арттырып 

қана қоймай, жекешелендіру үрдісінде бұрынғы мемлекеттік 

мүлікті еліміздің белсенді тұрғындары арасында әділдікпен 

бөлуге  болатынына  халықтың  үмітін  оятты.  купондарға 

пәтер сатып алудың қарапайым тетігі қысқа мерзімде тұрғын 

үй  нарығын  қалыптастырып,  халықтың  белсендігін  және 

нарықтық  қатынастарды  дамытудың  басқа  да  шарттарын 

қамтамасыз  етті.  Әрі  қарай  тұрғын  үй  купондары  шағын 

жекешелендіру нысандары мен ауыл шаруашылығы нысан-

дарын  сатып  алу  кезінде  қолданылды.  Жекешелендірудің 

бірінші кезеңі көбінесе жалдамалы және ұжымдық кәсіпорын-

дардың құрылуымен, сондай-ақ коммуналдық нысандардың 

аукциондарда сатылуымен сипатталады. Соның өзінде еңбек 

ұжымдарына ерекше жеңілдіктер ұсынылды. 

Республикада біртіндеп қызмет көрсету нарығы қалып-

тасты.  Жекешелендірудің  бірінші  кезеңінің  нәтижелері 

меншік иеленуші топтарды қалыптастыратын кәсіпкерліктің 

дамуына  түрткі  болды.  бірінші  кезеңнің  қорытындысы  бо-

йынша мемлекеттік  мүліктің 4771  нысаны  қайта құрылды. 

Жекешелендірілген  кәсіпорындардың  жалпы  санының  

60%-ын бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал