Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет2/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

18

Сонда  біздің  алдымыздан  белгісіз  болашақтың  есігін 

ашып,  1991  жыл  тұрған-ды.  Адамзат  тарихындағы  ең  ірі 

империяның бірі кСРо-ның құлауына санаулы апталар ғана 

қалған.  Жаңа  дәуір,  ал  сонымен  бірге  біз  күтпеген  жаңа 

өзгерістер келе жатты. Сексенінші және тоқсаныншы жылдар 

кезеңінде әлем индустриялық қоғамнан постиндустриялық 

қоғамға екпіндеп енді. Ғылыми-техникалық прогресс мем-

лекеттердің  экономикалық  құрылымын  еріксіз  өзгертті,  ал 

мұның өзі олардағы қоғамдық құрылымға ықпалын тигізді. 

Жаһандану алдын ала өзгерістерге дайын тұрмаған елдерге 

қауіп төндіре келді, оларға тарихтың күресінінде қалатындай 

қатер туды. 

Жаһандану  үрдісінің  күшеюі  мен  коммунистік  жүйенің 

құлауы бір-бірімен нақты қалай байланысты болғанын сая-

сатшылар мен экономистердің пікірталасына қалдырайық. Ал 

біз үшін кеңес одағының, жалпы оның өте қолапайсыз эко-

номикасы мен әскери-өнеркәсіп кешенінің постиндустриялық 

қоғамға бейімделе алмағаны факт күйінде қалады. ол мың 

құбылған әлеммен бірге өзгере алмады – онда оған орын 

тимеді. кСРо реформа жүргізуге талпынды. бірақ бұл ең алды-

мен саяси жүйеге тірелген өзгеріс болды. Экономиканы рефор-

малау екінші кезекке қойылды. Нәтижесінде экономикалық 

дағдарыс алып мемлекеттің құлауына әкеліп соқты. 

Жоспарлы-әкімшілдік экономиканың бұзылуы, сондай-

ақ  одақтық  өндірістік  тізбектер  мен  экономикалық  байла-

ныстардың  үзілуі  салдарынан  Қазақстан  басқа  да  одақтас 

республикалар  секілді  тығырыққа  тірелді. енді  жоспарлы-

әкімшілдік  экономикадан  нарықтық  қатынасқа  «көшу» 

керектігі айқын болды. 

Алайда қазіргі заманның экономика ғылымы осы жаңа 

тенденцияларға  сай  келетін  нарықтық  экономикаға  көшу- 

дің  айқын  моделін  бере  алмады.  бұл  секілді  «көшуге» 

арналған кереметтей бір шешім немесе қалай да бірыңғай 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



19

амал болмады. Сірә, ондай өзгерістің жалпы моделі болмауы 

да  мүмкін.  Қалай  болғанда  да,  бізге  өз  жолымызды  іздеу 

қажет болды. 

міне, осындай ізденістер үстінде біз талай сапарларда 

болып, шын мәнінде әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғалармен 

кездестік. біздің мемлекеттің қалыптасуы маргарет тэтчер, 

Франсуа  миттеран,  Гельмут  коль,  үлкен  Джордж  буш,  ли 

куан Ю, Иоанн Павел II және басқа да көптеген көрнекті дүние 

жүзі  қайраткерлерінің  сергек  назар  аударуы  жағдайында 

жүзеге  асты.  Сондай  адамдармен  араласу  арқылы  біздің 

әлемдік  кең  ауқымдағы  көзқарастарымыз  қалыптасты. 

олармен пікір алысып, қарым-қатынаста болу менің дүние 

жүзі қандай даму кезеңінде жүріп жатқанын және Қазақстан 

әлемдік  картада  қандай  орын  алуы  керектігін  ұғынуыма 

көмектесті.  біз  әрдайым  ашық  әңгімеге  дайын  болдық 

және  бұрыннан  таныс  емес  жаңа  идеяларға  құлақ  асып, 

өз  атымызға  айтылған  сындарды  дұрыс  қабылдадық.  егер 

де басқа елдердің тәжірибесі біз үшін қызықты болса, оны  

батыл қабылдадық және өзімізге енгіздік. 

Айталық, мысалы, халықаралық бәсекелестік жағдайына 

неғұрлым  тез  ыңғайланған  азиялық  «жолбарыстар»  үшін 

пост кеңестік кеңістіктегі экономикалық дағдарыс жылдары 

неліктен алтын жылдар болғанын біз ұзақ сараладық. 

біз  өзімізге  мынадай  сұрақ  қойдық:  оңтүстік-Шығыс 

Азияның кедей елдері 30 жылдың ішінде қайыршылықтан 

әупірімдеп  қалай  шықты  және  өркендеп  дамыған  индуст-

риялық  мемлекеттердің  қатарына  қалай  жетті?  олардың 

алғашқылары корея, тайвань және Сингапур еді, сонан кейін 

оларға малайзия, Индонезия мен тайланд келіп қосылды. Сол 

кезде байқоңыр айлағынан кеңестік ғарышкерлер ғарышқа 

ұшып  жатқанда,  жоғарыда  аталған  мемлекеттер  өздерінің 

жер реформаларын енді ғана аяқтап, ал сауатсыз шаруалары 

болашақ мегаполистерді толтыра бастаған еді. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

20

ол  –  ол  ма,  бұл  елдердің  көбі  өз  дамуын  мемле-

кет  экономикалық  бағдарларын  бірден  айқындап,  елдің 

экономикалық өміріне күнделікті араласып отыратын жүйенің 

негізінде бастады. бұл ел  дердің үкіметтері өз дамуының белгілі 

бір кезеңінде өзін жаппай жоспарлаудан дер кезінде аулақ 

ұстауға  және  жеке  бастамаға  көбірек  мүмкіндіктер  беруге 

жеткендей көрінді. мемлекет өз тәсілдерін нарықты шектеу 

үшін емес, оны ынталандыруға және дамуын жылдамдатуға 

пайдаланды. Нәтижесінде, бұл елдердегі тәжірибе түріндегі 

мемлекетті  басқарудың  азиялық  тәсілі  –  бүкіл  әлемде 

«басқарылатын нарық моделі» деген мойындауға ие болды. 

біз үшін Қазақстан экономикасының нарықтық моделін 

құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойлас-

тырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер 

және  дербестігімізді  нығайту  арқылы  дәйекті  түрде  жүзеге 

асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатқан түбірлі өзгерістердің 

мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын 

алдын ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне 

сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап 

алу қажет болды. оның үстіне, мұны қысқа мерзімде жасау 

керек еді. тарих ұзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға 

уақыт қалдырмады. Әлем екпіндеген күшті қарқынмен өзгеріп 

жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы 

мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, 

тіпті әрбір қазақстандықтың ой өрісіне дейін осыған бейім- 

деу қажет болды. Және де сонымен бірге, былайша айтқанда, 

біз  барлық  қалған  әлемді  «қуып  жетушінің»  жағдайында 

болдық. 

ескі топтағы біздің көптеген кадрларымыз бұл өзгерістердің 

болмай қалмайтынын түсінбеді. Қаншама жылдар бойы бар-

ша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін 

қаупін толық мәнінде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен 

бірге оның мүмкіндіктерін де ескермедік. бізде ашық әлемде 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



21

«өмір сүру тәжірибесі» деген болмады. Сингапур Премьер-

министрінің  1991  жылғы  лекциясы  біз  үшін  ұзақ  мерзімді 

мемлекеттік стратегияны жасау кезінде бағыт-бағдар берді. 

Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз, бізге 

соны айқындап алу қажет болды. 



«Қ

АзАҚстАнның

 

егемен

 

мемлекет

 

ретінде

 

ҚАлыптАсуы

 

мен

 

дАмуының

 

стрАтегиясы

» 

1992 

жыл

 

1992 жылдың басында жа салған «Қазақстанның егемен 

мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» 

біздің орташа мерзімдегі тұңғыш жоспарлау тәжірибеміз бол-

ды. бұл өткен жылдардың былығынан даму жолын айқындап 

алып ойластыруға бағытталған алғашқы талпыныс еді, сон-

дықтан  оны  бірінші  үшжылдық  жалпымемлекеттік  жоспар  

деп сенімді түрде атауға болатын-ды. 

тәуелсіздік  алысымен  алғашқы  кезектегі  маңызды 

мәселелерді шешуіміз талап етілді. бірінші кезекте мемлекет 

ретінде қалып тасуымыз қажет болды. бұл дегеніңіз биліктің 

мемлекеттік  институттарын  құрудың,  жалпы  халықаралық 

аренада танылуға жетудің, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға 

кірудің қажеттігін көрсетті. Қазір, өткенге қарайлай отырып, 

бұл  жоспар  көбіне-көп  тірі  қалудың  стратегиясы  ретінде 

өз мақсатын орындап шықты деп нақты айта аламыз. Атап 

айтқанда, ол біздің кім екенімізді, таяу және алыс болашақта 

кім болатынымызды айқындап берді.



«Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым 

да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ 

армансыз  өмір  сүретін  адамдарды  ұсақ,  тоғышарлық 

мүдде,  жеке  бастың  бір  сәттік  материалдық  пайдасын 

ойлау  стихиясы  сөзсіз  арбап  алады.  Сөйтіп,  соның  сал-

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

22

дарынан  қоғамдық  азғындау  басталады.  Бүгінде  біздің 

қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, 

түпкі  мақсатқа  қол  жеткізуге  әркімнің  сенімді  болуына 

мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да 

нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан да қажет».

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде 

қалыптасуы мен дамуының стратегиясы

1992 жыл


Стратегия  қазақстандық  ұлттың  өзін-өзі  танып  білу 

жөніндегі  мәселенің  идеологиялық  іргетасын  қалаған 

республиканың  тұңғыш  ресми  құжаттарының  бірі  болды. 

Стратегия,  өткенге  қыс қаша  тарихи  шолу  жасай  келіп, 

Қазақстанның  қазіргі  замандағы  шекарасы  алғашында 

тайпалардың этникалық мекен еткен ата қонысы, кейінірек 

қазақ ұлтын құраған және қазіргі Қазақстанның барлық жеріне 

бақылауын жүргізген халықтың тарихи жері болғанын айтып 

түсіндірді.  біз  тәуелсіз  мемлекет  өзінің  қазіргі  көрінісімен 

сақталып келгенін – ол әлде біреудің қазақтарға берген сыйы 

емес, біздің тарихи отанымыз, қазақтың ежелден бергі жері 

екенін  ресми  түрде  мәлімдедік. біз  халыққа  айқын  бағдар 

бердік.  Сондай-ақ  біз  мемлекеттің  унитарлық  тұтастығын, 

оның  жерінің  бірлігі  мен  мызғымастығын  қамтамасыз  ету 

үшін  билік  барлық  конституциялық  амалдарды  пайдалана 

алатынын ашық айттық. бұл сондайлық аумалы-төкпелі кезең 

үшін маңызды мәлімдеме болды.

күшті президенттік билікке құрылған егемен мемлекеттің 

дамуы стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Жас рес-

публикаға мемлекеттілік нобайын айқын белгілеп алу қажет 

болды.  Уақыттан  ұтылып  қалмауды  және  дағдарыстың  әрі 

қарай тереңдей түсу қаупін ескере келіп, президенттік билік 

кезек  күттірмейтін  мәселелерді  шешу  үшін  топтасуға  және 

ымырашыл-жартыкештердің ақыл кеңестері мен ізденулеріне 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



23

көңіл  аудармай,  қысқа  мерзімде  алғашқы  кезектегі  ре-

формаларды жүргізуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде негізгі 

міндеттерді шешуді көздеген жаңа министрліктер құрылды. 

Сондай-ақ  тәуелсіз  Қазақстанның  тарихында  тұңғыш  рет 

қарулы  күштер,  дипломатиялық  және  кедендік  қызметтер 

секілді мемлекеттік институттар құрылды.  мемлекеттік ше-

караны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданды. 

мұның  бәрі  ірі  қаржы  ресурстары  мен  батыл  әрекеттерді 

талап етті. 

осы  құжат  арқылы  біз  шаруашылық  практикасындағы 

орнығып  қалған  консерватизмді,  жекелеген  басшылар 

мен  тұтастай  алғанда  тұрғындардың  ойлау  жүйесіндегі 

енжарлықты  жеңе  отырып,  меншікке  көзқарасты  өзгерту 

жөнінде, бәлкім, тұңғыш рет ең күрделі қадамдар жасадық. 

Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті. 

біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық 

экономиканы  құру.  екіншіден,  адамның  экономикалық 

тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін 

құқықтық  және  басқа  жағдайлар  жасау.  мемлекет  бола-

шақта  мемлекеттік  меншік  үлесінің  30-40  пайызға  дейін 

қысқаратыны  туралы  ресми  түрде  мәлімдеді.  Алға  қойған 

экономикалық мақсаттарға жету үшін тиісті бюджеттік, салық-

тық, қаржы-несиелік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыру 

кезінде экономиканы реттеудің жанама тәсілдерін қолдану 

ойластырылды.



«Республикада  тоталитарлықтан  кейінгі  кезеңге  сай 

саяси  және  экономикалық  билікті  шектеу,  мемлекеттің 

меншікке  абсолютті  монополиясын  жою  процесі  жүретін 

болды.  Соңғысы  меншіктің  жеткілікті  түрде  ықпалды 

және қомақты мемлекеттік емес түрін неғұрлым белсенді 

жекешелендіру мен жұмыс істеуінен, экономиканың және 

тұтастай алғанда қоғамның дамуына тұрақтылық беретін 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

24

меншік  иелерінің  қалың  орташа  жігін  құрудан  көрінеді. 

Нақ  осы  жік  қоғамда  масылдық  пиғылдар,  тегін  көмек 

сұрау және экономикалық қиыншылықтар туған жағдайда 

өкіметке  шағымдану  әдеті  сияқты  теріс  құбылыстарды 

жоюға мүмкіндік туғызады».

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде 

қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, 1992 жыл

Құжаттың өзімен жұмыс істеу айтарлықтай қиын жүрді. 

мен жас экономистердің екі тобы үшін стратегияның мақсаты 

мен міндетін тұжырымдап бердім. ол менің қатысуыммен сан 

қайтара талқыланды. оған мамандардың түрлі топтарының 

өкілдері мен шетелдік кеңесшілерімді қатыстырдым. Әрине, 

біздің мамандарда консерватизм немесе, дұрысын айтқанда, 

«ойдың тоқырауы» жетіп артылатын. Алайда, түптеп келгенде, 

қажет еткен құжаттың дәл сол мәтіні дайындалып шықты. 

Стратегия Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарық- 

қа, тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшетінін белгі-

леді. Жұрттың көбі бізді түсінбеді. Жоғарғы кеңес пен оның 

басшы лығы халық мұндай идеяны қабылдауға дайын емес 

деген желеумен жекелеген принциптік ұстанымдарды қайта 

қарауды талап етті. 

мен осы топқа басшылық жасау міндеті жүктелген, сол 

кездегі Вице-президент ерік Асанбаевқа өте ризашылығымды 

білдіремін. бұл топқа жас экономистер – С. Аханов, Ө. Шүкеев, 

о. Жандосов, Г. марченко және басқалар кірді. олар Жоғарғы 

кеңес (кеңестік Парламент осылайша аталатын) депутаттары 

алдында құжатты қорғап шықты және өмірдегі болып жатқан 

өзгерістердің  мәнін  әлі  түсіне  қоймаған  немесе  жаңалық 

атаулыдан қорыққан көптеген сыншылардың консервативтік 

ұстанымдарына қарсы тұрды. Жоғарғы кеңестегі пікірталастар 

қызу болды. 

былайша айтқанда, Стратегияның түйінді идеялық мәні 

«жақсы  тұрмыс  –  баршамыз  үшін»  деген  ұғым  болды.  бұл 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



25

идеяның авторы – белгілі неміс экономисі, ФРГ-нің эконо-

мика  министрі,  кейінде  канцлері  болған  людвиг  Эрхард. 

оны кереметтей тиімділікке жеткен Германиядағы нарықтық 

реформалардың  «патриархы»  деп  атайды.  он  жыл  бойы 

германдық экономикалық өсу жылына 8 пайызға жуық дең- 

гейде болды, бұл сол уақыттағы әлемдегі ең жоғарғы деңгей 

еді.  Атап  айтқанда,  Эрхард  ре формаларының  осындай 

нәтижесі арқасында «германдық экономикалық керемет» де-

ген ұғым айналымға енді. «Жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» 

деген принципті ұстана отырып, біздің мемлекет кәсіпкерлік 

еркіндік  пен  қызметтің  кез  келген  қалаулы  саласына  күш 

жұмсау  мүмкіндігін  ниет  еткен  әрбіреуді  қамтамасыз  ету 

арқылы баршаға қолайлы жағдай туғызатынын мәлімдеді. 

мұндай жағдайда неғұрлым қабілетті, еңбекқор және іскер 

адамдар  қоғамда  соғұрлым  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге 

жететін  болады.  Сонымен  бір  мезгілде  біз  экономиканың 

өсуі  мен  тұрақтануына,  оның  әлемдік  қауымдастыққа  ин-

теграциялануына  қарай  еңбек  кірістерін,  зейнетақылар 

мен  жәрдемақыларды  көтеруге  уәде  бердік.  тарихтың  өзі 

көрсеткендей, біз берген уәдемізді орындап шықтық.

Стратегияда сондай-ақ біз ұлттық валютаны енгізу тура-

лы ниетімізді жария еттік. Сонымен қатар бұл мәселені тек 

экономикалық  дағдарыстан  шығып,  тұрақтандыруға  жет-

кеннен кейін қарастыратын боламыз деп ескерту жасадық. 

кеңестік  рубль  өтпелі  кезеңнің  жалпы  валютасы  ретінде 

қарастырылды, өйткені біз ол кезде жаңа валютаға көшуге 

әлі  дайын  емес  едік.  бұған  қоса  тауар  айырбасы  кезіндегі 

есеп айырысулардың барлығы рубльмен жүргізілді. Және де 

ресейлік басшылық белгілі бір уақытқа дейін рубль кеңістігін 

сақтауға  уәде  еткен.  Алайда  Ресей  үкіметі  басшылығында 

бізге:  «рубль  аймағында  біржола  қаласыңдар,  әйтпесе 

сендердің  экономикаларыңды  құлатамыз»  деуші  адамдар 

пайда болды. Содан кейінгі он сегіз айдағы оқиғалар рубль 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

26

аймағы туралы біздің қаупімізді растады, бірақ ол туралы мен 

келесі тарауларда айтатын боламын. 

1992  жылдың  аяғында  менің  бұл  стратегия  тек  үлкен 

жолдың  басы  ғана  деп  мәлімдеуіме  сенетіндер  аз  бол-

ды.  Дағдарыстың  нағыз  қызған  шағында  стратегия  әрбір 

адамның  тең  мүмкіндіктерді  өз  еркімен  таңдауына  және 

өздерінің  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  мүддесін 

жүзеге асыру үшін экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайым-

дауына жол ашатын көп укладты нарықтық экономикасы бар  

кәдімгі  демократиялық  қоғамды  құруға  арналған  бағытын 

айқындады. біз заң, халық еркі мен таза ақыл-парасат билік 

ететін қоғамды құруға ұмтылдық. ол іскер де ақылды адамдар-

дан тұратын ауқатты және табысты азаматтардың қоғамы еді.

Үкімет  алғашқы  үш  жыл  бойына  (1992–1994  жылда-

ры), бізге кездескен саясаттағы және басқа да салалардағы 

қиын дықтарға  қарамастан,  экономиканы  ырықтандыруға, 

нарықтық  қатынастардың  заңдық  және  институттық  ба-

засын  жасауға,  нарықты  тұтыну  тауарларымен  толтыруға 

талпынды.  Экономиканы  ырықтандырудың  жүзеге  асы-

рылуы  еліміздің  өндірістік  және  экономикалық  әлеуетін 

қысқартуға ықпал еткен көптеген проблемаларды анықтады. 

бұл проблемалар экономиканың техникалық жағынан артта 

қалуымен,  тауарлардың  және  қызмет  көрсету  түрлерінің 

бәсекеге  қабілетсіздігімен,  мемлекеттілік  және  нарықтық 

институттардың,  заңдық  базалардың,  қаржы  және  кадр 

ресурстарының болмауымен байланысты еді. 

Сол  кезеңде  Қазақстан  мен  оның  басшылығы  аты-

на  көптеген  шетелдік  бұқаралық  ақпарат  құралдары  та-

рапынан  айтылған  өте  көп  сындар,  кейде  тіпті  ақылға 

сыймайтын  сандырақ  пікірлер  мен  пайымдаулар  болды. 

бұл  мәлімдеулерде  Қазақстанда  реформа  жүргізудің 

орындылығы, шекараны қайта қарау  мүмкіндігі және тағы 

басқалар туралы мәселелер өткір қойылды. 



Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



27

З. бжезинский бастаған американдық саясаттанушылар 

республиканың көпұлтты құрамына байланысты қорқынышты 

ішкі этносаралық қақтығыстардан немесе бізді Ресей, Қытай, 

мұсылман  мемлекеттері  секілді  елдердің  жұтып  қоюынан 

қауіптенді.  мысал  үшін  З.  бжезинскийдің  «Ұлы  шахмат 

тақтасы» кітабынан мынадай үзінді келтірсек те жеткілікті:

«Бұл  республикаларда  тек  элита  өкілдері  ғана  емес, 

тіпті, қарапайым адамдардың да барған сайын ұлтшылдық 

пиғылға ауысуы және, сірә да, көп жағдайда мұсылмандық 

бағытты  ұстануы  болмай  қалмайтын  нәрсеге  айналуда. 

Қазақстанда, яғни табиғи ресурстардың үлкен қоры бар, 

бірақ 20 млн адамдай ғана тұрғыны орналасқан, қазақтар 

мен славяндар арасында шамамен тең болып бөлінген ұлан-

ғайыр елде, лингвистикалық және ұлттық алауыздықтың, 

байқауымызша, өрши түсу тенденциясы бар».

З. Бжезинский, «Великая шахматная до-

ска» (Brzezinski Z., «The Grand Chessboard. 

American Primacy and Its Geostrategic 

Imperatives», 1998)

Сыншылдық  сарынды  Ресейдің  тәуелсіз  басылымдары 

бас тағанын да айтуымыз керек. олардың беттерінде Солже-

ницын секілді Жириновский де ерекше көзге түсті. Қазақстан 

деген бұл уақытша құбылыс, ол тәуелсіз мемлекет ретінде өмір 

сүре алмайды, Қазақстанда орыстардың құқысы шектелуде-

міс  деп  мәлімдеді  ол.  Ресейлік  жаңа  либерал  саясатшы-

экономистер: Қазақстан Ресей Федерациясымен байланысын 

жоғалтып, банкротқа ұшырайды да, «Ресейге тізерлеп өзі-ақ 

келеді», – деп сәуегейсіді.



«...қазіргі экономикалық саясат сақталған жағдайда, 

деп  болжайды  ресейлік  сарапшылар,  Қазақстанды  таяу 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

28

болашақта  гиперинфляция,  дәлірек  айтқанда  –  ұлттық 

валютаның  күйреуі  мен  жалпы  қаржы-экономика  апаты 

күтіп  тұр.  (...)  өлім  қаупі  алдағы  жылдың  наурызынан 

кешікпей келеді». 

«Независимая газета», 

27 мамыр 1994 жыл

тарихтың өзі көрсеткендей, бұл «болжамдардың» бәрі 

жүзеге аспады. ол – ол ма, тәуелсіздігімізді жариялағаннан 

кейінгі  он  жылдан  соң,  посткеңестік  кеңістікте  Қазақстан 

көптеген  салаларда  көшбасшы  болды.  елімізде  тұрақты 

әлеуметтік-саяси  жағдайдың  сақталуы,  ұлттық  валютаның 

табысты  енгізілуі,  халықаралық  қаржы  институттарына 

кіруі және экономиканың әкімшіл-әміршіл принциптерінен 

түбегейлі  бас  тартуы,  осының  нәтижесінде,  халықаралық 

қауымдастықтың Қазақстанды мойындауы – экономика са-

ласын реформалаудың алғашқы кезеңіндегі басты жетістіктер 

осындай болды. 

мемлекетіміз бен экономикамыздың тәуелсіздігін қалып-

тастыру  мен  нығайту  кезеңінде  кәсіби  шебер  кадрлардың 

же тіспеушілік проблемасы өткір сезілді. бізге қазақстандық 

мамандарды  –  экономистерді,  заңгерлерді,  әскерилерді, 

қаржыгерлерді  және  басқаларды  бұрынғы  одақ  бойынша 

іздестіруге тура келді. көбін отанына оралуға үгіттеп жатудың 

да  қажеті  болмады.  олардың  бәрі  өз  ісінің  шебері  және 

Қазақстанның патриоты болды. Дәл сол кезеңде Қазақстанға 

көптеген кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар қайтып оралды, 

кейіннен  олар  мемлекеттік  қызметте  биік  лауазымдарды 

иеленді. 

Дегенмен,  оңтайлы  экономикалық  үлгіні  іздестірумен 

қатар,  идеялық  бағытты  айқындап  алу  да  өте  маңызды 

мәселе  болды.  мен  өз  ойларымды  1993  жылы  шыққан 

«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» 


Т

ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ



29

атты  шағын  еңбегімде  жинақтап  айттым.  ол  кезде  жалпы 

жұрттың санасында түсінбеушілік қатты орын алған еді. бірақ 

белгісіздік тұманы арасынан келешектің негізгі үш түрі қылаң 

берген. олар: әлі де өте күшті социалистік идея, дәстүршілдік 

және либералдық идея еді. бізге түрлі нұс қалардың арасынан 

таңдау  қажет  болды.  Алайда  жағдайды  сараптап  келген-

де,  қоғам  дамуының  көптеген  елдер  сынап  көрген  дайын 

нұсқаларының барлығы бірдей бізге сай келмейтініне менің 

көзім жетті.

Социалистік идея жөніндегі ахуал біршама түсінікті болды. 

Экономикадағы, саясаттағы, халықаралық қатынастардағы 

жаппай дағдарыс, айтса айтқандай, көз алдымызда тұрды. 

Социалистік  экономиканың  статистикалық  «кереметін»  өз 

тәжі рибемде  сынап  көрген  адам  ретінде  маған  артқа  жол 

жоқ, тек алға жүру керектігі түсінікті еді. 

Дәстүршілдік жөніндегі жағдай күрделірек болды. Ұлтты 

сақтау үшін мәдениет саласында дәстүршілдік өте маңызды 

екеніне қарамастан, ол саясаттан жол тауып шығуға болмады. 

Сонда қоғамдық құрылымның архаистік түрі – ру-тайпалық 

психологияны  тірілтуге  негізделген  саяси  идеологияның 

дәстүрлі үлгісі бізге мүлде қабыспайтынын менің сан мәрте 

ескертуіме  тура  келді. түрлі  трайбалистік  көзқарастар  мен 

пікірталастардың қауіптілігі маған сол кезде-ақ түсінікті еді. 

Сондықтан он бес жыл бойғы менің іс жүзіндегі саяси қызметім 

кез келген трайбалистік пиғылдың жолын кесуге бағытталып 

отырды. 

Солай дей тұрғанмен, саяси идеология ретіндегі дәстүр-

шілдік ру-тайпалық қайшылықтардың күрт күшеюіне амалсыз 

әкеле жатты. Әлі есімде, 1993 жылы жас саясатшылардың 

бір тобы маған қазақ қоғамындағы трайбализм тетіктеріне 

және оның мемлекет болашағына тигізетін ықпалы жөнінде 

баяндама алып келді. баяндама аса байыпты түрде әзірленіп, 

онда ықтимал перспективалар егжей-тегжейлі түсіндірілген 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал