Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет19/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

215

валюталарын  енгізіп  те  қойған  еді,  түрікменстан  да  өзінің 

осындай  ойы  бар  екендігін  жариялаған.  Сол  кездің  өзінде 

бізді қатты алаңдатқан жағдай, валютаны енгізудің маңызды 

шарттарының бірі – айналымнан алынған кеңестік рубльдерді 

міндетті түрде Ресейдің орталық банкіне өткізуді осы мемле-

кеттердің бірде-бірінің қамтамасыз етпеуі еді. бізбен көршілес 

елдерде  ұлттық  валютаның  енгізілуінен  кейін  жай  қағазға 

айналған,  ал  теңгені  енгізгенге  дейін  Қазақстанда  заңды 

төлем құралы болып тұрған «рубльдік» ақша массасы бізге 

қарай лап бере ме деп қауіптенгенбіз. Айтқандай-ақ, біздің 

қаупіміз көп ұзамай шындыққа айналды. 

1993  жылы  5  қарашада  мен,  ұлттық  валютаны  енгізу 

қарсаңындағы  қажетті  қадамдардың  бірі  есебінде,  «Ақша 

жүйесін тұрақтандырудың кезек күттірмейтін шаралары ту-

ралы» Жарлыққа қол қойдым. мұндай шараның жеделдігі 

Қазақстанның аумағына көрші елдерде айналымнан алынып 

тасталған кеңестік рубль банкноттарының заңсыз әкелінуінің 

күрт  өсуімен  байланысты  еді.  бұл  жағдай  республиканың 

қаржы  жүйесін  бүлдіріп,  онсыз  да  құнсызданудың  апатты 

екпінін  жеделдетіп,  халықтың  тұрмыс  деңгейін  төмендетіп 

жіберетін  еді.  мемлекет  пен  халықтың  экономикалық 

мүдделерін қорғау мақсатында, заңды және жеке тұлғалардан 

түсетін  1961–1992  жылдардағы  банкноттар  түріндегі 

қолма-қол ақшаны арнайы есепшоттарына жинақтап, Қазақ-

станның Ұлттық банкінен қосымша нұсқау алынғанша олар 

жұмсалмасын деген тапсырма берілді. 

осы кезге таман мен мемлекеттік комиссияның барлық 

мүшелері қол қойған, барлық қажетті дайындық шаралары 

аяқталды, банк жүйесі ұлттық валютаны енгізуге дайын деген 

қорытындыны  алдым.  Әрине,  мұның  алдындағы  барлық 

жұмыстар  қатаң  түрде  құпия  жағдайда  жүргізілді.  банк-

ноттар  лондоннан  жүк  таситын  самолеттермен  өнеркәсіп 

жабдықтары  деген  желеумен  тасып  әкелінді.  Ұлттық 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

216

қауіпсіздік комитеті жергілікті жерлерге теңгені тасып жеткізу 

ісіне бақылау жасады. 

Үрей  туғызбас  үшін,  халықты  алдын  ала  дүрліктірудің  

қажеті  жоқтығын  біз  түсіндік.  Ресеймен  жүргізілген  келіс-

сөздердің  көпшілігінің  қорытындылары  жарияланғанымен 

және  халық  ұлттық  валютаның  енгізілуі  сөзсіз  екендігін 

түсінгенімен, біз басқаша бағыттағы ақпараттарды таратпадық. 

бұл сұрақтардың ішінде ақша айырбастаудың шарттары және 

мезгілі, оның бағамы және көптеген тағы басқа мәселелер 

болды,  оның  ішінде,  атап  айтқанда,  айырбастау  тәркілеу 

сипатында жүре ме, жоқ па деген сұрақ та тұрды. Әрине, со-

нымен бірге, бұл қашан болады деген сұрақ та сөзсіз қойылды. 

мен саяси шешім қабылдап, теңгені енгізудің нақты мерзімін 

көрсетуім  керек  болды.  міне,  енді  осыған  біраз  егжей-

тегжейлі тоқталғым келеді. 

бізге көрші мемлекеттердің бәрі де Қазақстанның ұлттық 

валютасының енгізілуі туралы бұдан әлдеқайда бұрын ашық 

және тікелей ескертілген. бұрынғы одақтың елдері өздерінің 

саяси  егемендігін  жариялағанымен,  олардың  өзара  тығыз 

байланыстары бар екенін, оның ішінде бір-бірінің экономи-

каларына  ықпал  ететіндерін  біз  түсінетінбіз.  Сондықтан  да 

бір елдің ұлттық валютасын енгізуіне басқаларының да да-

йын болуы керектігін айту керек. Ресейдің жасағанын жасау 

біздің ойымызға да кірген жоқ.  мысалы, біз теңгені енгізу 

туралы мәселені талқылаған алғашқы елдердің бірі Өзбекстан 

еді.  бізбен  шекаралас  біздікі  сияқты  проблемалары  және 

бізбен байыпты экономикалық байланыстары бар маңызды 

әріптесіміз  Өзбекстан  да  рубль  аймағында  болатын. мен 

президент  Ислам  каримовпен:  бір-бірімізге  проблемалар 

туғызбаймыз, ұлттық валюталарды бірлесе отырып, бір күні 

және бір сағатта енгіземіз деп, алдын ала келісіп қойғанмын. 

Дәп осылай жасадық та. Өзбекстан өзінің «сумын» 1993 жылы 

15 қарашада енгізді. 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



217

Иә, «Х» сағаты 1993 жылғы 15 қараша болып көрсетілді. 

12 қарашада қол қойылды, ал 13 қарашада «Қазақстан Респу-

бликасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлық халыққа 

жария етілді. 12 қарашада, кешкілік мен теледидар арқылы 

еліміздің тұрғындарына арнап сөз сөйледім: Қазақстанның 

тарихындағы бірінші ұлттық валюта – теңгені енгізетінімізді 

жарияладым. 

Сол  бір  есте  қалатын  жұмада  мен  қатты  толқу  үстінде 

болдым.  Қазақстанның  барлық  азаматтарын,  Қазақстан 

мемлекеттігін құру жолындағы біз жасаған ең бір шешімді 

және түбегейлі қадам туралы хабарландыру міндеті тұрды. 

Халық бұған қалай қарар екен? мен өзімнің сөзімде жұртқа, 

валютаны  енгізу  біз  үшін  мәжбүр  болған  шара  екендігіне 

қарамастан,  осы  қадамның  бүкіл  мәнділігін  және  тарихи 

маңызын жеткізуге тырыстым.



1.   Ресей  рубль  аймағынан  өзі  шықты,  26  шілдеден  

бастап біздің валюталық жүйелеріміз бөлінді, сондықтан 

бұл мәжбүрліктен жасалған қадам болып табылады, өйткені 

жаңа рубль аймағына бізді жібермейді

2.  Ұлттық валютаны енгізу Ресеймен және ТМД елде-

рімен арадағы шаруашылық және басқа байланыстар үзілді 

деген сөз емес

3.  Бұл қадам республиканың экономикалық егемендігін 

бекіту үшін және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізу үшін 

қажет; 

4.  Республика қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуде 

қиын  жағдайды  басынан  кешуде,  ал  бұл  қадам  жұртты 

қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудегі бірден-бір амал 

болып табылады.

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы 

Президентінің Мұрағаты 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

218

1993 жылы 15 қарашада 08.00 сағаттан бастап Қазақ-

станның  территориясында  өзінің  ұлттық  валютасы  –  теңге 

енгізілді. мынадай бағам қойылды: 500 рубльге 1 теңге. 

осы кезге дейін жаңа валютаның банкноттары мен тиын-

дары республиканың барлық облыстары мен аудандарына 

тасып жеткізілген болатын. кеңестік ақша реформаларының 

тәжірибесіне  сүйене  отырып,  комиссия  ақша  айырбасты 

тек  қана  екінші  деңгейдегі  банктердің  бөлімдерінде  ғана 

жүргізілмеуі керек, бұл жұмысқа пошта бөлімдері және сол 

сияқты қызметшілері көп кәсіпорындар да қосылуы тиіс деп 

шешті. 


теңге  айырбастаудың  бірінші  күнінен  бастап  заңды 

төлемақы құралына айналатындығы, ал айырбастау кезеңін-

дегі бес күннің ішінде рубльді заңды төлемақы құралы ретінде 

толық пайдалануға болатыны жарияланды. Сонымен бірге 

біз бұл күні рубльдің айналымға көптеп шығарылуының және 

тауарларды жаппай сатып алудың алдын алатын шараларды 

қабылдауға тырыстық. 

Ұлттық  валютаны  төрт  қайнар  көзден:  Ұлттық  банктің 

алтын валюта резервінен, Республикалық валюта қорынан, 

ішкі тұрақтандыру қорынан (егер оны халықаралық ұйымдар 

беретін болса) және төлем балансының тиімді сальдосынан 

қамтамасыз  етуді  және  ойластырдық.  одан  кейінгі  басты 

міндет  –  экспорт  көлемін  кеңейту  және  экспорттан  келетін 

валюталық ақшаның түсуіне тәртіп орнату болды. 

Ұлттық валютаны орнықтырудың алғашқы жылдарында 

шетел  валютасының  сұранымына  ішкі  көздердің  біршама 

тапшылығы  байқалды.  Валюталық  қаржының  елден  кетуі 

валюталық бағамның тұрақтылығына қауіп туғызды. бұл үшін 

капиталдың резиденттерден резидент еместердің пайдасына 

өтуін қарастыратын валюталық операциялар, теңге енгізілген 

күннен  бастап  лицензиялануы  тиіс  болды,  ал  бұған  дейін 

ағылып  келген  капитал  тек  статистикалық  есеп  үшін  ғана 

тіркелетін. 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



219

Ұлттық валютаны енгізу принципті түрде жаңа міндеттерді 

туғызды. теңгенің төлемдік қызметін күшейтті, ұлттық валю-

таға деген сенімді арттыру негізгі міндеттердің біріне айнал-

ды. осы бағытта мына шаралар іске асырылды: экспорттық 

және импорттық төлемдерді, баж салықтарын теңгеге ауыс-

тыру,  бөлшек  сауданы  шетел  валютасы  есебінен  жүргізуге 

тыйым  салу,  Қазақстан  Республикасының  резиденттері 

болып табылатын заңдық тұлғалардың баспа-бас айырбас 

операцияларын жасауға тыйым салу. осының бәрі ахуалды 

тұрақтандыруға және біздің ұлттық валютамыз – «теңгені» 

аяғынан тұрғызуға мүмкіндік берді. 

1998 жылғы Ресейдегі қаржы дағдарысы жас валютаның 

«беріктігін  сынаудың»  көрінісі  болды.  Қазақстанның  сау-

да  әріптестері  –  бірқатар  елдердің  ұлттық  валюталарының 

құнсыздануы теңгенің нақты құнының қымбаттауына алып 

келді,  бұл  өз  тарапынан  Қазақстан  экспортының  бәсекелік 

позициясының төмендеуіне әсер етті. Ұлттық банк іске асырған 

көлемді валюта интервенцияларының уақытша ғана әсері бол-

ды, ол сонымен бірге біздің алтын валюталық резервіміздің 

біршама төмендеуіне алып келді. теңгені құнсыздандырудың 

қажеттігі туды. осы көрсетілген мәселелерге байланысты, сол 

кезеңде  басқарудағы  өзгермелі  бағам  режимінен  теңгенің 

еркін  қимылдайтын  айырбас  бағамына  өту  туралы  шешім 

қабылданды. 

теңгенің еркін қимылдайтын айырбас бағамының режимі 

1999 жылы сәуірде, Ресейдегі қаржы ахуалы тұрақтанған және 

елдің ішіндегі күтілген құнсыздану төмендеген кезде енгізілген 

болатын. осымен қатар жеке тұлғалардың теңгелік салымда-

рын және заңдық тұлғалардың екінші дәрежедегі банктердегі 

депозиттерін, сондай-ақ зейнетақы қорларындағы теңгелік 

активтерді  қорғау  жөнінде  шаралар  қабылданды.  Соның 

ішінде,  зейнетақылық  активтер  бұрынғысындай  жоғарғы 

бағамда, мемлекеттік бағалы қағаздарға конверсияланды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

220

Экспорттық  түсімнің  50%-ын  міндетті  түрде  уақытша  сату 

енгізілді.  банктердің  жаңа  режимге  бейімделу  кезеңінде 

резервтік талаптар 10-нан 5%-ға дейін уақытша төмендетілді, 

сол сияқты басқа да нормативтер жұмсартылды. 

көптеген  «сарапшылар»  осы  жолы  да,  ескі  дәстүрмен, 

теңгенің  еркін  қимылдайтын  айырбас  бағамы  режимін 

енгізудің апатты салдары болады деген сәуегейліктер айтты. 

олардың  теңгенің  «еркін  қимылға»  жіберілуі  оның  адам 

айтқысыз құнсыздануын туғызады, өйткені теңге осы күнге 

дейін қолдан демеу жасалып отырылған валюта болды деген 

және  т.б.  пайымдаулары  Ресейдегі  болған  дағдарысты  әлі 

ұмытпаған адамдардың арасында дүрлігуді күшейтті. Иә, теңге 

бағамының төмендеуі шынында да болды. бірақ ешқандай 

да апатты емес, қайта, сол кезеңде бұл өзінің жағымды рөлін 

де атқарды. теңгенің еркін айырбас бағамы режиміне өтуі 

Қазақстан  экспортының  бәсекелік  позицияларын  қалпына 

келтіруге және өндірісті қайтадан өсіруге мүмкіндік туғызды. 

Нәтижесінде еліміздің төлем балансы едәуір жақсарды, алтын 

валюта резерві өсті, банк жүйесі кәдімгідей нығайды. 

теңгені  еркін  айырбас  бағамы  режиміне  ауыстыру 

қажеттігі арзан импорттың, оның ішінде Ресейден әкелінген 

тауар  тасқынының  әсерінен  Қазақстан  кәсіпорындарының 

бәсекеге қарсы тұру мүмкіндіктерінің төмендеуімен, соны-

мен қатар, теңгенің белгіленген бағамын қолдауға қажетті 

алтын  валюта  резервінің  азаюымен  де  түсіндіріледі.  басқа 

режимге  ауыстыру  дайындалып,  сыртқы  экономикалық 

ахуалдың одан арғы дамуының ықтимал сценарийлері және 

әртүрлі валюталық режимдер жағдайында айырбас бағамы 

өзгеруінің нұсқалары қарастырылған-ды. Халықаралық валю-

та қоры мен Дүниежүзілік банк біздің бұл шешімімізді қолдап, 

айырбас  бағамының  «рыноктық  тетіктердің  ықпалымен 

қалыптасуы» керектігін көрсетті. 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



221

теңге  енгізген  уақытынан  бастап,  тек  қана  ағымдағы 

операциялар бойынша конверсияланған валюта болды. бірақ 

біз біраз уақыттардан кейін оның толық конверсиялануына 

жету мақсатын қойдық. 1996 жылы шілдеде Қазақстанның 

Халықаралық валюта қоры келісімінің VIII бабына қосылуына 

байланысты  теңгенің  еркін  конверсиялануын  қамтамасыз 

етудің шарттарына қол жетті. Сол бойынша, Қазақстан өзіне 

қандай  да  болмасын  валюталық  шектеулер  енгізбеуге, 

әр  алуан  валюталық  бағамдарды  қолданбауға,  VIII  бапқа 

қайшы  келетін  екі  жақты  төлемдік  келісімдерді  жасамауға 

немесе төлем балансы себептерімен байланысты шектеулер 

кіргізбеуге міндеттер алды. Сол кезде ағымдағы халықаралық 

келісімдер бойынша төлемдер мен аударымдарды орындауға 

шектеулер  алынып  тасталды.  Шетелдік  инвестициялық 

салымдарға байланысты ақша аударымдарының еркіндігіне 

кепілдік  берілді,  резидент  еместер  үшін  конверсиялаудың 

және шетел валютасын ішкі рынокта сатып алудың еркін тәртібі 

енгізілді, жеке тұлғаларға белгілі бір сомадағы шетел валю-

тасын дәлелдейтін құжаттарды көрсетпей-ақ шетке шығаруға 

рұқсат етілді. осының барлығы бізге 2007 жылға таман теңге 

толық конверсиялануға жетеді деп сеніммен айтуға мүмкін- 

дік береді. басқаша айтқанда, ұлттық валюта тек ағымдағы 

емес, сонымен қатар күрделі операциялар бойынша да кон-

версияланатын болады. 

Жалпы, қазірдің өзінде-ақ, теңгені енгізу «алақайлап өтті» 

деп толық сеніммен айтуға болады. бірақ та сол кезде-ақ, біз 

жұрттың  барлығы  жаңа  валютаны  енгізуге  психологиялық 

жағынан дайын бола қоймағандығын және теңгеге қатысты 

жағымсыз нақты қауіптің бар екенін білдік. Сол сияқты, жаңа 

валютаны қолдау үшін қажет қатаң ақша-кредит саясаты – 

жалпы, біздің тұрғындар арасында да және, ішінара, біздің де-

путаттар арасында да ұлттық валютаның жаңа қарсыластары 

пайда болатынын оңай-ақ болжауға болатын. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

222

Ұлттық  валютаны  енгізу  үшін  ақша-кредит,  салық, 

бюджет,  кеден  және  сыртқы  сауда  саясаттары  саласында, 

бізге аса қысқа мерзімде, бүтіндей кешенді шараларды іске 

асыруға тура келді, өйткені бізге бір-ақ рет талпыныс жасауға 

мүмкіндік берілді, ал уақыт мүлде аз еді. 

Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихын-

да  өзінің  рөлін  тәуелсіздіктің  экономикалық  негізі  ретінде 

ғана  атқарған  жоқ.  кейбір  жағынан  алғанда  теңге  –  бұл 

тарихымыздың  өзінің  толымды  бір  бөлігі,  өз  заманының 

нысаны. мен осы жерде біздің теңгенің биыл – 13 жылдың 

ішінде біздерге үйреншікті болып кеткен бейнесін өзгереді 

деп те айтар едім. банкноттардың жаңа дизайнын енгізудің 

таза  техникалық  аспектілерін  сөз  қылатын  болсақ,  ақша 

шығару  өндірісіне  қызмет  жасайтын  дүниежүзілік  жетекші 

фирмалар  олардың  портретсіз  нұсқаларын  артық  көреді. 

Айырбастаудың басты мақсаты жалған ақша жасаушыларға 

қарсы тұру. Интерпол дүние жүзінің барлық елдерінің орталық 

банктеріне өз валюталарының дизайны мен техникалық си-

патын, әрбір 5-7 жыл өткен сайын өзгертіп отыруды оқтын-

оқтын табандылықпен ұсынуда. ескі ақшаларды жаңаларына 

ауыстыру  –  кәдімгі  дүниежүзілік  тәжірибе. мәселен,  жаңа 

дизайндағы банкноттарды жасау барысында, әртүрлі номи-

налдарда белгілі бір мөлшерде және белгілі бір дәрежеде, 

жалпы  алғанда  қорғаудың  16  түрлі  элементтері  пайдала-

нылды. 


Валютаның түрін өзгерту барысында бәрі есептеледі: жаңа 

технологиялар, бояулар, қорғаудың элементтері, тенденция-

лары. бұлар мәселенің техникалық жағы. Алайда басқа да 

жағы бар. Қазақстан – әртүрлі этникалық топтар өмір сүріп 

жатқан, сирек кездесетін мемлекет. купюрада сыйлы адамның 

суретінің салынуы қашанда: неге ол, неге басқа емес? – де-

ген сұрақты туғызады. Немесе, неге мынаны еске алады да, 

басқаны ұмытып кетеді? Ақша адамдардың арасын ашудың 

себебі болмауы керек, қайта оларды біріктіруге қызмет етуі 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



223

тиіс. Өйткені ақша – мемлекеттіліктің рәмізі, елдің қуатының, 

оның халықаралық беделінің өзіндік көрсеткіші. Жаңа теңгеде 

қазақтарға да және бүкіл дүниежүзілік мәдениетке де ортақ 

қатысы бар – тас бетіндегі суреттер, көненің археологиялық 

олжалары, біздің таңғажайып табиғатымыз және солармен 

бірге Қазақстанның ерекшелігін сипаттайтын – елтаңба, ту, 

екі астанамыздың да көріністері бейнеленбек. 

теңге өзінің тарихына да, әлемнің тарихына да, дәлірек 

айтқанда,  әлем  ақшаларының  тарихына  да  өзінің  жарқын 

беттерін  жазды.  Қазақстанның  монета  сарайы  қазірдің 

өзінде  дүние  жүзінде  осы  саладағы  қазіргі  заманға  ең 

лайықты  кәсіпорындардың  бірі  деген  беделге  ие.  бірақ 

Қазақстанның  монета  сарайын  осыдан  екі  жыл  бұрын 

TUV  СERт  сертификациялық  ұйымының  халықаралық  ISO 

9001:2000  стандартымен  сертификаттағанын  білетіндер 

кемде-кем.  оның  өкілдері  көптеген  монета  көрмелеріне 

қатысып жүр. кейде нумизматтардың Қазақстан тиындарына 

деген сұранысы кереметтей өсіп, жәрмеңкелердің жабылуы-

на дейін-ақ олардың сатылып кететін кездері аз болмайды. 

таңқаларлық  нәрсе,  Қазақстан  үшін  бірінші  жәрмеңкеден 

айырмашылығы, өнімнің өзі емес, элитарлық оқиғаға алыс-

тағы  Азия  елінің  қатысуы  (нумизматика  саласындағы  төрт 

дүниежүзілік шараның бірінде) болды. Қазақстан тиындарына 

деген қызығу кәсіби және өте жоғары. ең алдымен, қандай 

да болмасын саясаттандырылудан ада және шекуінің сапасы- 

ның мінсіздігі ерекше көрінетін оның дизайны қызықтырады.

б

олАшАҚҚА

 

ҚАрАй

 

АлғА



интегрАцияғА

 

ҚАрАй

 

кейін

теңгенің  енгізілуімен  байланысты  еліміздің  тәуелсіз 

қаржы  жүйесінің  өмір  сүруінің  есебі  басталды,  ол  қазіргі 

ағымда  дүниежүзілік  еңбек  бөлінісі  жүйесіне  кіруге  және 

бәсекеге  жеткілікті  түрде  дайындалған  деп  танылуда. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

224

Сол  уақыттан  бастап  макроэкономикалық  көрсеткіштерді 

тұрақтандыру жөнінде кешенді шаралар іске асырыла баста-

ды. ол көрсеткіштер 1993 жылы қарашада негізі қаланған 

экономикалық өсудің іргетасы болды. 

біз ең басынан-ақ аралық валютадан бас тартып, ұлттық 

мүддемізге жауап беретін, өзіміздің бюджеттік және ақша-

кредиттік саясатымызды іске асыруға кірістік. біздің валюта, 

бүтіндей  алғанда,  бүкіл  осы  кезеңде  өзінің  тұрақтылығын 

көрсетті  және  бірқатар  көрші  елдерде  орнықты  сұранысқа 

ие болды. 

мұндай нәтижелерге жету оңай болған жоқ. Ұлттық валю-

таны енгізу өздігінен ешқандай да әлеуметтік-экономикалық 

проблемаларды шешпейтінін біз түсіндік. ол былай тұрсын, 

ақшаның  құнсыздануына  қарсы  саясаттың  және  қаржыны 

пайдалануға қатаң бақылаудың болмауы жағдайында, валю-

таны енгізу осы проблемаларды қатты асқындырып, халықтың 

жаңа валютаға сенімін бұзуы мүмкін еді. оны қалпына келтіру 

өте ұзаққа және қиындыққа соғатыны анық. 

басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өз валютаңды 

сәтті  енгізіп,  оны  қолдап  отыру  үшін,  қатаң  ақша-кредит 

және  салық-бюджет  саясатын  жүргізу  керек.  менің  бұрын 

айтқанымдай,  бұл  жұрттың  бәріне  ұнаған  жоқ,  бірақ  та 

біз  қалтамызға  қарап,  тек  өз  күшімізге  сүйеніп  өмір  сүруді 

үйренуге тиіс болдық. 

Сонымен  қатар,  Қазақстан  1992–1993  жылдары  Ре-

сейге қарағанда әлдеқайда жұмсақ ақша-кредит саясатын 

жүргізді,  ал  бірақ,  айта  кету  керек,  бұл  бізге  аса  пайдалы 

болған жоқ. Сондықтан да сол кезде Қазақстанның үкіметіне 

де, Ұлттық банкіне де ахуалды өзгерту үшін жұмысты қайта 

құру қажет болды. бірақ та оның есесіне қазір осыдан он жыл 

бұрынғы ахуалды бір кездегі одаққа кірген мемлекеттердің 

экономикалық жүйесінің бүгінгі жағдайымен салыстыру қиын. 

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің тәуелсіз 

сарапшыларының бағасы бойынша, іске асырылып отырған 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



225

экономикалық  реформалардың  қарқыны  және  тиімділігі 

жөнінен  Қазақстан  көшбасшылардың  қатарына  шықты. 

Қазақстан 400 млн АҚШ долларына тең Халықаралық валю-

та қорына берешек қарызын уақытынан бұрын төледі және 

350 млн АҚШ долларына тең еврооблигацияны уақытында 

жапты.  бұл  біздің  халықаралық  беделіміздің  едәуір  өсуіне 

алып келді. біздің табыстарымызға берілген жоғары бағаны 

Ресейдің  жоғарғы лауазымды  мемлекеттік  шенеуніктерінің 

ауыздарынан да естуге болады. 

Ресей  –  зор  перспективасы  бар  кең-байтақ  ел.  біз, 

қазақстандықтар, көршіміздің гүлдене беруін шын жүректен 

тілейміз.  біздің  ортақ  тарихымызда  жақсы  да,  жаман  да 

аз болған жоқ.  бұл, әрине, тарих.  тәуелсіздік жағдайында 

біз  Ресеймен  достық,  тепе-тең  стратегиялық  қатынастар 

орнатқымыз келеді. бұл Ресейдің мүддесіне де сай келетініне 

мен сенімдімін. біздің елдер арасындағы келісімдерде де осы-

лай жазылған. біздің елдер арасында көбірек сенім орнықтыру 

жолында В.В. Путин екеуміз алға қарай ұзап кеттік. 

бірақ  Ресей  біркелкі  емес.  онда  әртүрлі  ағымдар  бар. 

басшылыққа  бұрындары  ешкім  білмеген,  бірақ  өркөкірек, 

кеңестік  өткен  тарихтың  экономикалық,  адами  байланыс-

тарын  аз  білетін  адамдар  келіп  жатты.  Жоғарыдағы  және 

аймақтардағы биліктің әлсіздігін пайдаланып, олар ойларына 

келгенін істеді. Әрине, өзара сенім мен байланыстарды сақтай 

отырып, Ресейдің де, көршілердің де стратегиялық мүдделерін 

ескере отырып, істің бәрін сақтықпен жүргізуге болатын еді. 

олардың кейбіреулері біздерді, «банан республикасына» 

айналдыруға әрекет жасағандарын қазақстандықтар ұмытқан 

жоқ. Нақ солардың ойластырмай айтқан мәлімдеулері біздің 

бірталай отандастарымызды Қазақстандағы жылы орында-

рын  тастап,  Ресейден  жақсы  өмір  іздеп  кетуге  итермеледі. 

бүгіндері  олар  өздерінің  орталықтары  мен  ассоциация-

ларында  «тозаң  басқан»  қағаздардың  астында  отырып, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал