Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет18/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

204

мемлекеттер өз валюталарын енгізгенше рубль аймағын 

сақтай тұру туралы тмД шеңберінде қол қойылған келісім-

шарттың  болуына  қарамастан,  ең  басынан-ақ  Ресей 

бұрынғы  кСРо  республикаларын  рубль  аймағынан  итеріп 

шығаруға  тырысты.  мен  мұны  сол  кездерде  барып  тұрған 

әділетсіздік деп есептедім және әлі де солай деп есептеймін. 

біз Ресейге сенетінбіз және біздің тату көршілік өзара қарым-

қатынастарымызға  да  сеніммен  қарайтынбыз.  Қазақстан 

үшін  бұл  қадам  төбеден  жай  түскендей  болды,  өйткені 

тұрғындардың 30%-ға жуығы орыстар еді және Қазақстан 

Ресеймен  тығыз  қарым-қатынаста  болды.  одан  арғы 

дамудың саясатын анықтай келгенде де мен біздің қарым-

қатынастарымыздың  нығаюы  үшін  барлығын  жасауға  ты-

рыстым. 

Аздаған  шегініс  жасайын.  бүгіндері  біздер  тмД,  еура-

зиялық  экономикалық  кеңістік, еурАзэс  шеңберінде  ортақ 

рынок туралы және біздің елдердің тығыз интеграциясы ту-

ралы әңгіме айтамыз. мұндай интеграцияның соңғы кезеңі 

баламалық немесе ортақ валютаны енгізу болып табылады. 

Шын мәнінде біздер бір кездері өздеріміз бастаған біртұтас 

валюта  аймағына  қайтып  келмекпіз.  мұндай  аймақты  сол 

1991–1992 жылдардың өзінде құруға болушы еді. ол біздің 

одақ ыдырағаннан кейінгі ортақ дамуымыздың негізі және 

бүкіл аймақтың дүниежүзілік деңгейдегі қазіргі экономикалық 

интеграциясы  мен  бәсекеге  белсенділігі  артуының  басы 

болуға тиіс еді. бірақ та бұрынғы «одақтас» елдер өзара келісе 

алмады. Ресей өздеріне бізсіз жақсы болады деп ойлады. Ал 

егеменді  республикалар  Ресей  экономикалық  саясатының 

ерекшеліктеріне  қатысты  сол  баяғы  себептерімен  «үлкен 

ағасына» сенуден қалды. тмД мемлекеттерімен өзара қарым-

қатынастағы Ресейдің бүгінгі қиыншылықтары, олардың бір-

біріне сенбеулері және кінә артулары, менің пікірімше, сол 

кездерде қалыптасты. 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



205

бұл шешімдер стратегиялық жағынан Ресейдің өзі үшін 

қате  және  пайдасыз  болды  деп  есептеймін.  1991  жылдан 

бастап  тәуелсіз  Қазақстанның  бірінші  Премьер-министрі  

С. терещенко  болды. оның  бұл  қызметте кСРо-ның  құла-

уынан кейінгі, Қазақстан үшін аса ауыр дағдарыс жылдарында 

жұмыс істеуіне тура келді. оны сол кездегі Ресей реформа-

торлары қатты ашындыратын. меншікті бөлісу, ең алдымен 

Ресеймен арада бөлісу жүріп жатты. Ақша, тауар жетіспеді. 

оның атына сын да жеткілікті түрде айтылды. бірақ ол қолдан 

келгенінің  бәрін  адал  істеді.  ол  апта  сайын  Ресейге  ұшып 

барады – ылғи келісім жасауға барады, бірақ тауы шағылып 

кері  қайтады.  теңге  де  соның  кезінде  енгізілді.  мен  оған 

осы күнге дейін ризашылық сезімдемін. ол кездерде дұрыс 

болмағанды  бүгін  айтудан  оңайы  жоқ.  бірақ  уақыттың  өз 

шартын ұсынатыны белгілі. 

Экономикалық реформаларды іске асырудағы Қазақстан 

тәжірибесінің  нәтижелі  болғандығын  Ресей  үкіметінің  мо-

йындауы үшін дәл он жыл қажет болды. Соңғы бағалаулар 

бойынша,  Қазақстан  жеке  секторларда,  Ресейдің  жетекші 

экономистерінің  көптеген  сары  уайымға  толы  болжаула-

рына  қарамастан,  айтарлықтай  табысты  реформаларды 

іске  асырды.  Ресейдің  басты  экономистерінің  арасына  ай 

салып,  бұрынғы  Целиноград,  қазіргі  Астанаға,  Қазақстан 

шенеуніктерімен тәжірибе алмасуға келетіндері, сол кездегі 

Ресей  реформаторларының  ойларына  да  кіріп-шықпаған 

болар.

« – Қазақстанның экономикалық реформалар жасау 

тәжірибелерінің  қайсысы,  Сіздің  пікіріңізше,  Ресей  үшін 

қызықты және пайдалы болуы мүмкін? 

– Іс жүзінде барлығы да. Қай жағын алып қарасаңыз 

да, барлық тәжірибесі пайдалы: тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық  реформасы,  банк  реформасы,  электр 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

206

энергетикасы,  мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  қаржы 

реформалары.  Қазір  мемлекеттік  басқарудың  әртүрлі 

деңгейлері  бойынша  реформа  дайындалуда.  Осының 

бәрі  өте  қызықты  болып  көрінеді.  Шетел  инвестицияла-

рын алу, Ұлттық резерв қорын жасау, Ұлттық банктің ақша 

саясатын іске асыруы – тізім өте ұзын және республиканың 

әр бағыттағы жеткен жетістіктері әсерлі. Олардың ерекше 

әсерлі қалдыратын себебі – Қазақстан мен Ресей – көптеген 

өлшемдер бойынша өте ұқсас елдер: ең алдымен экономи-

ка, саясат, адамдар, ортақ тарих, мәдениет, экономикаға, 

бизнеске  көзқарас  –  осылардың  бәрін  салыстырып  кел-

генде, Сіздердің тәжірибелеріңіз төтенше пайдалы болып 

табылады».

Ресей Федерациясы Президентінің 

экономикалық мәселелер жөніндегі 

кеңесшісі А. Илларионовтың «Жеті күн» 

бағдарламасына берген сұхбатынан, Астана, 

31 тамыз 2003 жыл

бірақ сол бір кезеңде, Ресейдегі саяси және экономикалық 

ахуалдың дамуындағы тұрақсыздығы мен болжамсыздығын 

сезіне  келгенде  жас  Қазақстанның  алдында  екінің  бірін 

таңдау тұрды: не біртұтас рубль аймағын өзінің ойлағанына 

қарай бақылап және өзгерістер жасап отырған көршіге әлі де 

үмітпен қарап, ең әуелі Ресейдің мүддесін қанағаттандыратын 

жүйенің  кепілдігінде  қала  беру;  немесе  рубльдік  «қорлық 

қоршауынан»  құтылу  үшін  меншікті  валютаны  қабылдап, 

өз болашағымыздың бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға 

алуға қарай шешімді қадам жасау. 

таңдау  ауыр  еді.  Шешім  де  жеңіл  емес.  Айналымға 

енгізілген валютаның тұрақтылығын сақтау – істің бір жағы 

болса,  ал  қаржы  жүйесін  құруды  тақыр  жерден  бастау 

–  бұл  мүлде  басқа  жағдай  болатын.  ол  уақытта  мемле-



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



207

кетте  жеткілікті  түрде  сәйкес  келетін  қаржы  институттары 

құрылмаған  болатын,  қаржы  құралдары  болмады,  білікті 

мамандар жетіспеді. тез арада Қаржы министрлігін, Салық 

комитетін, кеден комитетін, Ұлттық банкті құру қажет болды. 

бюджетті өз бетіңмен жоспарлап, талдама жасауды үйрену 

қажет  еді.  Сонымен  бірге,  ол  кездерде  бізде  рыноктық 

қатынастарға  ыңғайластырылған  өзіміздің  заңнамамыз 

болған жоқ. Нақ, осындай қиын жағдайда біз аса күрделі 

экономикалық мәселелерді шешу үшін түбегейлі қадамдар 

жасадық. 

Неліктен біз сонша қиналдық және неге бірден өзіміздің 

валютамызды енгізбедік? – деген сұрақты қою қисынды-ақ. 

біріншіден, мен мемлекетаралық келісім-шарттарға және сол 

кездегі Ресейдің басшыларымен арадағы жеке қатынастарға 

сендім. Рубль аймағы кәсіпорындар мен өнім жеткізушілер 

арасындағы  мыңдаған  байланыстарды  сақтап  қалатын  еді 

және дағдарысты жылдамырақ еңсеруге тигізетін көмегі де 

үлкен  еді.  екіншіден,  бізде  валютаны  енгізудің  тәжірибесі 

болған  жоқ,  шет  елдерде  банкноттарды  басып  шығаруға 

тапсырыс беру үшін де ақша болмады. Сол сияқты өзіміздің 

банкнот  фабрикамыз  да  болған  жоқ.  бұл  –  менің  алдыма 

тартылған  сабақ  еді,  еліміздің  болашақ  басшылары  содан 

үйренетін  болулары  керек.  мемлекет  басшыларында  дос 

болмайды, онда тек ел мен халықтың мүддесі ғана болады. 

тәуелсіз мемлекет өз күшіне сүйенуі және барлық ықтимал 

қиындықтарға күні бұрын дайын болуы керек. бірақ та соны-

мен бірге, осындай барлық проблемаларға қарамастан, мен 

Ресей Президенті б.Н. ельцинмен ізгі қарым-қатынастарды 

сақтап  қалдым.  біз  ол  екеуміз  екіжақты  қатынастардың 

«байқоңыр» ғарыш айлағы, каспийдің табанын бөлу сияқты 

және  т.б.  көптеген  мәселелерді  шештік.  мен  жоғарыда 

айтылған  басқа  да  ше неуніктерге  кек  сақтамаймын.  олар 

өздерінше Ресейге дұрыс деп есептегендерін істеді.



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

208

ұ

лттыҚ

 

вАлютАны

 

енгізу

тәуелсіз мемлекеттің меншікті өз валютасы болуы керек. 

мен ең басынан осыны айқын түсіндім. 

1992 жылдың көктемінде мен ұлттық валютаны енгізудің 

мүмкіндіктерін қарастыруға тиісті құпия комиссия құрдым.  

комиссия  туралы  мені  қосқанда  небәрі  жеті  адам  білді. 

біртұтас  рубль  аймағын  сақтауға  талпынысты  жалғастыра 

отырып, біз өзіміздің валютамызды енгізуге дайындалдық. 

елдің жоғарғы басшылығынан мемлекеттік құпиямен тек 

Жоғарғы кеңестің төрағасы С. Әбділдин, Жоғарғы кеңестің 

қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы С. тәке-

жанов, мемлекеттік Ұлттық банктің төрағасы Ғ. байназаров, 

оның орынбасары м. тұрсынов және салынып жатқан Ұлттық 

банк кәсіпорындары дирекциясының жетекшісі Қожамұратов 

таныстырылды. 

осымен қатар тағы да құпия түрде жаңа валютаның ди-

зайны бойынша жұмыстар жасау мақсатында шығармашылық 

топ  құрылды.  Ахуалдың  бірегейлігі  мен  жұмыстың  соны-

лығының әсерлі болғаны сондай, қатысушылардың өздері, 

үлкен  дарын  иелері,  тарихи  кезеңнің  жауапкершілігі  мен 

маңызын толық түсінді. Суретшілер м. Әлин және А. Дүзел-

ханов тимур Сүлейменовтың жетекшілігімен банкноттар мен 

тиындар дизайнының төрт түрлі нұсқасын жасады. барлық 

нұсқалар бірінен-бірі асып түсетіндей өте жоғары кәсіби және 

түбегейлі деңгейде жасалынды. 

Ұзақ талқылаулардан кейін біздің халқымыз үшін және 

қазақ  мемлекеттігінің  қалыптасуына  көп  еңбектері  сіңген, 

Қазақстан үшін белгілі және тарихи маңызы бар адамдардың 

кескіндері бейнеленген нұсқаға тоқтадық. тәуелсіздіктің таңы 

енді  атқан  шағында  бұл  ұлттық  мақтаныш  сезімін  көтеру 

үшін  қажет  болды.  кеңес  өкіметінің  кезінде  тіпті  айтуға 

тыйым  салынған  бұл  тұлғаларды  тәуелсіздік  алғанда  ғана 

марапаттауға мүмкіндік туды. 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



209

осыған  байланысты  мынадай  жағдай  есіме  түседі. 

ең  әуелі  суретшілер  бірінші  Президент  кескінделген,  яғни 

менің суретім салынған банкноттарды ұсынды. е. Асанбаев,  

т. Сүлейменов және Ғ. байназаров үшеуі маған ішкі бетінде 

менің  суретім  бейнеленген  50  теңгелік  купюраны  алып 

келді.  ерік  Асанбаев  тұрып:  «Сіз,  Нұрсұлан  Әбішұлы,  –  та-

рихи  тұлғасыз,  еркін  Қазақстанның  бірінші  президентісіз. 

осыған сүйене отырып, біз теңгенің бетіне сіздің суретіңізді 

орналастыруға  ұсыныс  жасағымыз  келеді»,  –  деді.  бірақ 

мен: «мен тарихи тұлғамын ба, жоқ па, оған ұрпақтар қазы 

болады», – деп жауап бердім. Суретімнің ақшада басылғаны 

қолайсыз  болар,  себебі  Африка  елдерінің  билеушілерінен 

басқа,  көзі  тірі  мемлекет  басшыларының  ешқайсысының 

ақшаға  өз  суреттерін  орналастырғанын  көргенім  жоқ  деп, 

әңгіменің барлығын қалжыңға айналдырып жібердім. бәріміз 

бірге күлісіп, бұл нұсқаны алып тастадық. 

мен күн сайын кешке қарай біздің топ жұмыс істеп жатқан 

қала сыртындағы саяжайға келемін. Ақшаның қалай аталуы 

жөнінде бізде үлкен айтыс болды. оларды «сом», «ақша» не-

месе «теңге» деп атау ұсынылды. менің өзіме «алтын» атауы 

ұнады.  Ақыр  аяғында,  орта  ғасырлық  тарихтан,  Қыпшақ 

даласының  жерлерінде  айналымда  болған  «тәңгә»  деген 

құйма ақшадан шығарып «теңгеге» тоқтадық. Шынында да 

«деньги», «теңге» сөздерінің түп-төркіндері бір еді. 

бірақ, ақшаның түрі мен атынан басқа да, бізде үлкен про-

блема болды. ол кезде Қазақстанның өзінің банкнот басатын 

фабрикасы болған жоқ, барлығы мәскеуден әкелінетін. ма-

мандармен ақылдаса келіп, осы бір өзіндік ерекшелігі бар тап-

сырысты еуропалық елдердің біріне орналастыруға шештік. 

таңдау  осы  салада  үлкен  тәжірибе  жинақтаған  «Харрисон 

және ұлдары», «томас Де ля Ру» деп аталатын ағылшын компа-

нияларына түсті. бізді банкноттардың сапасы, келісімшарттың 

қаржы  жағы  және  құпиялылығы  қанағаттандырды.  Ресей-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

210

мен келісімшартқа отыруға қол жеткен жағдайда, меншікті 

валютамызды дайындауға кететін шығындар көлемді болып 

қана қоймай, сонымен бірге қажетсіз де болушы еді. бірақ 

та Қазақстанның тапсырысты шетелге орналастырудан басқа 

амалы  қалған  жоқ  еді.  біздің  қателеспегенімізді  уақыттың 

өзі көрсетті. тапсырыс таралымының дайын болуына қарай, 

банкноттар құпия түрде республикаға жеткізіле бастады. 

Алдыңғы тарауда айтылғандай, 1993 жылы қыркүйекте 

Ресеймен және тмД-ның басқа да бес елімен рубль аймағын 

құру  қажеттігі  туралы  келісімге  қол  қойылған.  Құжат  тек 

формальды болып шықты, сол кездің өзінде-ақ Ресейдің бұл 

аймаққа қандай да болмасын басқа елді қосқысы келмейтіні 

анық болды. біздің өкілдерімізге алдын ала орындалмайтын 

шарттар ұсынылған кезде, бұл тағы бір рет расталды. 

бір ай өткеннен кейін, 1993 жылы қарашада, мен өзімнің 

Жарлығыммен  ұлттық  валютаны  енгізу  жөнінде  Премьер-

министр  Сергей  терещенко  басқаратын  ресми  үкімет  ко-

миссиясының  құрамын  анықтадым.  комиссияға  Премьер-

министрдің бірінші орынбасары Д. Сембаев, Қаржы министрі 

е. Дербісов, Экономика министрі б. ізтілеуов, Ұлттық банктің 

төрағасы  Ғ.  байназаров,  Парламент  комитетінің  төрағасы 

С.  тәкежанов  кірді.  Аталған  комиссияға  валютаны  енгізу 

жөніндегі барлық кешенді шараларға жауапкершілік жүктелді. 

оған шексіз өкілдіктер берілді. 

Сонымен  бірге  Д.  Сембаевтің  басқаруымен  көптеген 

есептеулерді іске асыратын жұмыс тобы құрылды. мысалы, 

бізге қанша және қандай номиналдағы купюралар керектігі 

жөнінде күрделі математикалық есептер жасау керек болды. 

барлық осындай сұрақтарға байланысты комиссия мүшелері 

шетелдік  сарапшылармен  ақылдасып  отырды.  мәселен, 

ағылшын экономисі, доктор Пейн бірден бізге одақ кезіндегі 

үйреншікті  жиырма  бестіктер  емес,  жиырма  теңгеліктер 

керектігін  айтты.  оның  есебі  бойынша,  бірінші  кезеңде 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



211

ақшаның негізгі массасы айналымға түсуі керек болды. одан 

кейін, сегіз айдың ішінде қағаз ақшаның тозатынын есепке ала 

отырып, әбден тозығы жеткен банкноттарды айырбастау үшін 

қанша ақша керектігін есептеп шығарды. барлық параметрлер 

бойынша: әрбір номиналдың банкнот саны бойынша да, сол 

сияқты қолма-қол ақшаның жалпы көлемі мен құнсыздануы 

бойынша да оның болжамдарының дұрыстығына кейінірек 

тәжірибеде көзіміз жетті. 

комиссия  мен  жұмыс  тобының  мүшелері  валютаны 

енгізуге  ғана  байланысты  емес,  мемлекеттің  ақша-кредит 

саясатының дербес жүзеге асуының негіздерін анықтап алып, 

валютаның  одан  әрі  қызмет  ету  принциптері  мен  шартта-

рын  жасауға  тиіс  болды.  Әртүрлі  нұсқалар  қарастырылды. 

бірінші нұсқада Ресейде жасалған қазақстандық рубльдің үш 

банкнотының 5,10 және 50 мыңдық номиналдарын енгізу 

көзделді. екінші нұсқа банкноттардың жоғарғы үш нұсқасын 

Ресейде  шығаруды  ойластырды,  одан  кейін,  Украина  мен 

белоруссияда жасалғандай, тұрақтанғанға дейін 12 жылға 

аралық ұлттық валютаны, ал содан кейін барып қана нағыз 

ұлттық валютаны енгізуді қарастырды. Үшінші нұсқа – рубль-

мен жарыстыра ұлттық валютаны енгізу. Ал ең соңғы нұсқа 

– тікелей теңгені енгізу. 

біз алғашқы үш нұсқаны бізге тиімсіз болғандықтан жа-

рамсыз деп таптық. Әуелі аралық валютаны, ал бір жылдан 

кейін – түпкілікті валютаны енгізіп, тұрғындарды екі жаққа 

алаңдатып, психологиялық қысымға салуға болмайтын еді. 

Сондықтан  талқылаудан  кейін  жұмыс  тобы  соңғы  нұсқаға 

бірауыздан  дауыс  берді,  сонымен  бірге  оның  кемшіліктері 

мен артықшылықтарын да түсіндік. 

Артықшылықтары айқын болатын. Республика тәуелсіз 

ақша  кредит  саясатын  жүргізе  алады.  Жаңа  банкноттар-

ды  бірнеше  дәрежедегі  қорғаудың  болуы  жалған  ақша 

жасаудың мүмкіндіктерін азайтатын. Ұлттық валютаны тіке-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

212

лей енгізгенде халық ақшаларын бір рет қана айырбастай- 

тын.  оның  үстіне,  1990  жылғы  желтоқсандағы  50  және 

100  рубль  номиналындағы  банкноттарды  айырбастаудың 

машақаты әлі жадымыздан шықпаған еді. 

Ұлттық  валютаны  енгізудің  кемшіліктері  де  болды. 

Сол  кезеңде  барлық  техникалық  мәселелер  аяғына  дейін 

анықталып бітпеген болатын. Әсіресе металдан жасалатын 

майда тиындар жайы әу бастан қиындық туғызған-ды. Са-

лынып  жатқан  монета  сарайы  тиынның  қажетті  мөлшерін 

жылдың аяғына дейін жасап шығуға мүлде үлгермеді. осыған 

байланысты жұмыс тобы аралық шара ретінде қағаз тиын-

дарды шығаруға, ал одан кейін барып, монета сарайы дайын 

болған  кезде,  айналымға  нағыз  металл  тиындарды  енгізу 

туралы шешім қабылдады. 

Сонымен  бірге  теңгені  енгізуге  байланысты  жұмыстар 

бойынша,  біз  бұрын  тіпті  ойланбаған  –  валюталық  режим 

және  валюталық  бағам  сияқты  жаңа  проблемалар  туын-

дады.  Өзгермелі  бағамдағы,  шектеулі  көлемде  бақылауға 

алынатын өзгермелі бағамдағы, бір валютаға (АҚШ долла-

рына) байланған немесе валюта себетіне байланған тәрізді 

әртүрлі нұсқалар бойынша «иә» немесе «жоқ» деп, тағы да 

талқылаулар басталды. Валюталық рыноктағы басқарылатын 

өзгермелі  бағамның  режиміне  тоқталдық.  егер  де  елдің 

резервтегі валюталық қоры валюталық бағамды басқаруға 

жеткілікті болмаған жағдайда, ай сайын 2-3% құнсызданатын 

теңгенің  бекітілген  бағамын  енгізу  көзделді.  Валютаның 

бірыңғай бағамын қолдану принципті түрде шешілді, бірақ 

шетел инвесторларының қатысуымен жекешелендіруді іске 

асырғанда валютаның нақты сатып алу мүмкіндіктерінің ор-

нын басқа да тетіктермен шешу көзделді. 

маңызын біз кейіндеу түсінген тағы бір таңдау – ұлттық 

валютаның  конверсиялануына  қатысты  болды.  Халық-

аралық  валюта  қорының  өкілдері  үнемі  толық  конверсия-



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



213

лауды енгізудің қажеттігін ылғи да атап көрсетіп отыратын, 

өйткені  бұл  қадам  мемлекеттің  валюталық  режимге  ара-

ласуын азайтып, сыртқы сауданы ырықтандыруға жеткізіп, 

елді  дүниежүзілік  экономикаға  біріктіретін.  Сонымен 

қатар  олар  валюталық  бақылау  өзінің  толық  тиімсіздігін 

көрсетті, сондықтан оны құрудың ешқандай мәні жоқ деген 

пікірде  болды.  Сонымен  бірге  Халықаралық  валюта  қоры 

сарапшыларының  кейбір  пікірлерінің  дұрыстығын  сезіне 

отырып,  біз  басқа  жағынан  алғанда,  сол  кезеңде  Шығыс 

және  орталық  еуропаның  бірде-бір  елінің  өз  реформала-

рын  бізден  үш  жыл  бұрын  бастағандарына  қарамастан, 

конверcияланған  валютаны  толық  енгізбегенін  білетінбіз. 

осы елдердің барлығы валюталық бақылаудың шараларын 

әртүрлі деңгейде қалпына келтіруге мәжбүр болды, өйткені 

олардың  валюталары  валюта  рыноктарында  алаяқтардың 

шабуылдарына ұшырады. 

түптеп келгенде, біз бірыңғай валюталық бағам қолдану 

және  ағымдағы  есепшот  бойынша  жүргізілетін  опера-

циялар  мен  шетел  инвесторларының  тапқан  пайдасын 

аудартуды  қамтитын  көлемде  ғана  теңгені  жартылай  кон-

версиялау  туралы  шешімдер  қабылдадық.  Өмір  осындай 

таңдаудың  дұрыстығын  көрсетті.  Халықаралық  валюта 

қоры  мамандарының  болжамы  бойынша  1994  жылдың 

қыркүйегінде бір АҚШ долларына шаққандағы валюта курсы  

150 теңгеге дейін және одан кейін 1995 жылдың қаңтарына 

қарай – бір АҚШ долларына шаққанда 200 теңгеге дейін 

төмендеуі  тиіс  болды.  іс  жүзінде  теңгенің  бағамы  баяу 

қарқынмен (айына 3-4% ) төмендеп отырды да, 1996 жылға  

қарай бір АҚШ долларына 70 теңге деңгейінде тұрақтанды. 

біздің еліміздің ұлттық валюта шығару мен оның қызмет 

жасауын қамтамасыз ете алатын қабілеті 1993 жылы 1 қара-

шада, Қазақстанның алтын валюта резерві туралы мәліметтері 

жарияланғанда белгілі болды.  мамандардың есептеуінше, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

214

ұлттық  валютаны  енгізу  қарсаңында  елдің  алтын  валюта 

резерві, ең аз дегенде, оның импортының үш айлық көлеміне 

тең болуы тиіс екен. Сол уақытта Қазақстан үшін ол кемінде 

500 млн АҚШ доллары көлемінде болуы керек болса, бізде 

сол кездегі алтын валюта резерві 722,9 млн АҚШ долларына 

бағаланды. біз теңгені енгізуге артығымен дайын екенбіз. 

Әрине, бүгіндері 25 млрд АҚШ доллары шамасында бо-

латын біздің қазіргі резервімізбен салыстырғанда, бұл сан кісі 

күлерліктей сияқты. бірақ сол кезде бұл біздің валютамызды 

енгізуге кедергі бола алатын себеп еді. 

1993 жылы 3 қарашада Ресей мен Қазақстан делегация-

ларының  жұмысшы  кездесуінің  хаттамасына  екі  Премьер-

министр  С.  терещенко  мен  В.  Черномырдин  қол  қойды. 

Қалыптасқан жағдайда, бірыңғай рубль аймағынан шығудың 

оңтайлы  жолы  –  Қазақстанның  өзіндік  ақша  таңбаларын 

енгізуі және таяу араларда ақша жүйесін нығайтуға байла-

нысты шараларды іске асыруы екендігін Ресей ресми түрде 

мойындады. 

тауар айналымының үлкен көлемін ескере отырып, Ресей 

мен Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары арасындағы 

қолма-қол есеп айырысулар рубльмен немесе Қазақстанның 

ұлттық  валютасымен  іске  асырылады,  ал  көрсетілген  есеп 

айырысулардың  тәртібі  жеке  келісімдермен  анықталады 

деген ереженің біз үшін принципті маңызы болды. 

Қазақстан жағы азаматтарға Қазақстанның валютасы мен 

Ресейдің рублін рыноктық бағам бойынша өзара айырбастай 

алуға жағдай туғызу міндеттерін екі жақ өздеріне алады деген 

ережені енгізуді талап етті. 

Сөйтіп, теңгені енгізуді рубль аймағының қолданылуымен 

байланыстыра отырып, біз тағы бір проблемаға тап болдық. 

Сол  кезге  таман,  біздің  теңгені  енгізу  жөніндегі  комиссия 

енді  ғана  жұмысын  бастаған  кезде,  Украина,  молдавия, 

Әзірбайжан,  Грузия  және  Қырғызстан  өздерінің  ұлттық 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз




1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал