Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет17/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

193

Тарихи дамудың осы кезеңінде саяси-экономикалық 

қисындаманың  өзі  Ресейді  бұрынғы  КСРО  территория-

сындағы  шаруашылықты  реформалаудың  көшбасшысы 

жасады. Ресей бұрынғы КСРО-ның экспорттық әлеуетінің 

басым бөлігіне ие, демек, сыртқы қарыздарға байланысты 

міндеткерліктерге  жауапкершілікті  тек  ол  ғана  өзіне  ала 

алады, ал мұның өзі оған алтын валюталық авуарларды, 

шет елдердегі меншікті иеленуге және шет мемлекеттердің 

Кеңестер Одағына қарызын өзіне алуға мүмкіндік береді. 

Ресей батыстағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымда-

рының табиғи әріптесіне айналды. 

Ресей – аса кең ішкі рыноктың, дамыған елдерге оп-оңай 

бағдарлауға болатын экспорттық базалық қорлар әлеуетінің 

иесі.  Бұл  оған  көп  жағдайда  осындай  мүмкіндіктері  жоқ 

басқа республикалардың экономикалық саясатын әкеліп 

байланыстырады. Сонымен бірге Ресей көлік, коммуникация 

және энергетика жүйелерін басқарудың материалдық және 

кадрлық базасына ие бола отырып, республикалараралық 

өндірістік  инфрақұрылымның  негізгі  компоненттеріне  де 

бақылау жасайды. 

Гайдардың  Экономикалық  саясат  институтының 

бағдар ламасы  әу  бастан  әскерді,  Ішкі  істер  министрлігін 

және  т.б.  маңызды  одақтық  құрылымдарды  тікелей 

қаржыландыру арқылы Ресейден қайта бөлінетін ресурс-

тарды  азайтуды  көздеді,  рубльдің  конверттелуіне  өтер  

кезде,  оған  Ресейдің  ұлттық  валютасы  ретінде  қолдау 

көрсету  талабы  алға  қойылды  және  ақша  айналымына 

ресейлік бақылауды орнату ойластырылды».

Дерек көзі: «Очерки экономической политики 

посткоммунистической России (1991–1997)», 

1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

194

Нарықтық қатынастарды кезең-кезеңімен жекешелендіру 

және монополиядан айыру арқылы біртіндеп қалыптастыруды 

және содан кейін барып қана экономиканы ырықтандыруды 

ұсынған Явлинскийге қарағанда, Гайдардың бағдарламасы 

«Ресейлік емес ақша ұсынымдарын кесіп тастайтын, Ресейдің 

ұлттық валютасының енгізілуі негізгі элементі болып табыла-

тын макроэкономикалық тұрақтандырудың қуатты тетіктерін 

бір мезгілде іске қосу арқылы кең ауқымдағы бағаны ырық-

тандырудың» іске асырылуын қарастырды. 

Гайдар  мен  оның  тобының  жариялаған  көзқарастары 

сол  кездегі  көпшілікке  мәлім  болған  «неолиберализм-

ге»  жататын.  Аздаған  шегініс  жасайын.  Неолиберализм 

жаһандық үстемдікке ұмтылған, жетекші идеология ретінде 

«оңшылдардың  қайтып  келуі»  деп  аталатын  кезеңнен  – 

Ұлыбританияда маргарет тэтчердің және АҚШ-та Рональд 

Рейганның  билікке  келуінен  бастап  көпшілікке  әйгілене 

бастады. ол кездерде батыстың өнеркәсібі дамыған елдері 

экономикалық төменгі өсумен және жоғарғы деңгейдегі ин-

фляциямен байланысты дағдарыста болатын. Экономикалық 

ортада  проблемалар  мемлекеттердің  тиімсіздігінен  және 

«жалпыға бірдей игілік мемлекеті» концепциясынан бас тарту 

қажеттігінен көрінді. осыған байланысты оңшылдар «мемле-

кет азырақ, рынок көбірек болсын» деген қағиданы енгізуді 

ұсынды. басқаша айтқанда, рынок мемлекеттің араласуынсыз 

барлығын өзі реттейтін жүйе ретінде түсіндірілді. ең бастысы, 

рыноктың өзіндік реттеу үдерісіне кедергі келтірмеу керек, 

сонда бәрі өзі қалпына келеді деп есептелді. 

кейбір реформаларды батыста пайдаланып көргеннен  

кейін, неолиберализмнің идеялары халықаралық қаржы ин-

ституттары және халықаралық қаржы көмегі арқылы Африка  

мен латын Аме рикасындағы дамушы елдерге таратылды. бұл 

елдер, берілетін қарыздармен бірге, оларды алудың шартта-


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



195

рының бірі болып табылатын, «рецептер пакетін» қабылдауы 

тиіс болды; олардың құрамына жекешелендіру, құрылым-

дық өзгерістер, оңтайландыру, мемлекеттің экономикалық 

реттеуден барынша алыс кетуі кіретін болды. 

Әділет үшін осы ұсыныстардың нақты бір елге байланысты 

тиімділігінің  әртүрлі  болғандығын  айтуымыз  керек.  мыса-

лы, Африка мен латын Америкасының елдері мемлекеттік 

реттеуден  бас  тартып,  экономикалық  еркіндікке  жол  бере 

отырып, өз өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың 

қалыпты  деңгейін  қамтамасыз  ете  алмады. оның  есесіне, 

еуропаның,  Солтүстік  Американың  және  таяу  Шығыстың 

елдеріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеті-

не мемлекеттің белсенді түрде араласуы, жылдам экономи-

калық өсудің негізінде бұл елдердің өз азаматтарына жеткілікті 

түрдегі қалыпты өмірді қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді. 

1990-шы  жылдардың  басында  кСРо-ның  құлауымен 

байланысты қалыптасқан идеологиялық вакуумды неолибе-

рализм толықтырды. осы кезеңде экономикалық дағдарыс 

жағдайында болған бұрынғы социалистік мемлекеттер либе-

рализм идеясын барлық проблемаларға қарсы қоюға бола-

тын панацея деп қабылдады. Вашингтон консенсусының шын 

мәнінде іске асуының нәтижесі көп жағдайда халықаралық  

басты қаржы ұйымдарынан – Халықаралық валюталық қордан, 

Дүниежүзілік банкіден, АҚШ халықаралық даму агенттігінен, 

шын мәнінде АҚШ бақылау жасайтын Америкааралық даму 

банкінен алған қолдауына байланысты болды. осыған және 

т.б. себептерге (Халықаралық валюта қорының қарыздарына 

тәуелділік, тәжірибесіздік, арнайы білімнің аздығы және т.б.) 

байланысты бұл елдер Вашингтон консенсусының рецептерін 

әртүрлі дәрежеде қабылдады. 

бірқатар  елдердің  саясаткерлерінің,  әсіресе  Ресейдің 

осы  идеологияны  қабылдауы  нәтижесінде  реформалар 

интенсивті  сипат  алды.  Посткеңестік  кеңістікте  неолибе-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

196

рализм  реформасын  іске  асыруда,  оның  ішінде  өзінше 

бір  «неолиберализмнің  шеберханасы»  болған  Чикаго 

университетінде оқып қайтқан Гайдар сияқты «Чикаго ба-

лалары»  деп  аталатындар  көшбасшылар  болды.  Сонымен 

бірге  олар  бүтіндей  рыноктық  тетіктердің  табиғатындағы 

тұрақтылықты және өзін-өзі реттеуге қабілеттілікті уағыздаған 

Фридрих фон Хайек пен милтон Фридменнің неолиберал-

дық доктриналарының позициясында тұрды. 

1990 жылы 12 маусымда, кСРо-ның құлауынан бір жыл-

дан астам бұрын, Ресей өзінің егемендігін жариялады. Сонда 

кімнен? кСРо мен одақтық республикалардан. басқа кімнен 

болушы  еді?  бұл  үлкен  елдің  ыдырауының  басталуының 

алғашқы кезеңі болды. 1992 жылы маусымда Ресейдің бірін-

ші Президенті борис ельцин өзінің экономика саласындағы 

кеңесшісі  егор  Гайдарды  Ресей  Федерациясы  Үкіметінің 

төрағасы  міндетін  атқарушы  етіп  тағайындады.  Сөйтіп, 

Ресейдің  саяси  және  экономикалық  дербестігіне  түпкілікті 

қадам жасалды. келесі қадам Гайдардың Премьер-министр 

қызметіне  бекітілуі  болатын,  ол  үшін  ол  Жоғарғы  кеңес 

депутаттарының қолдауын алуы тиіс еді. бірақ та Ресейде ке-

реметтей апатты жағдай қалыптасқандықтан, Жоғарғы кеңес 

Гайдардың кандидатурасын бекітпеді. 1992 жылдың соңына 

қарай бұл қызметке Виктор Черномырдин тағайындалды. 

Жаңа Премьер тағайындала сала Алматыға келді. біздің 

арамызда болған әңгіме достық жағдайында өтіп, екі сағаттан 

астам уақытқа созылды. ол менімен көп ақылдасты. бұл әңгі-

ме, шын дықты айтсам, рубль аймағын сақтап қалу жөнінде 

маған кейбір сенім берген еді. бірақ та, өкінішке қарай, менің 

күткендерім ақталмады. 

бұл  кезде  экономикалық  жағдай  қиындай  түскен. 

1992 жылы 1 қаңтарда Ресей басшылары енгізген бағаны 

ырықтандыру өзінің «алғашқы жемістерін» бере бастаған еді. 

Қазақстан, өз тарапынан, бұған қарағанда әлдеқайда икемді 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



197

позицияны ұстана отырып, бағаны бірсәттік ырықтандырудан 

қашуға  және  оның  жағымсыз  салдарын  болдырмау  үшін, 

мүмкін  болғанынша,  мұндай  шешімді  қабылдауды  соза 

тұруға тырысты. Өйткені Қазақстанның Ресеймен бүтіндей бір 

кешенді экономикалық байланыстары бар еді. бірақ жағдай 

өз талаптарын қойды. Азық-түліктің бірінші қажеттегі, қатаң 

шектелген  кейбір  негізгі  бөлігіне  ғана  тиіскізбей,  бағаны 

босатуға біз де мәжбүр болдық. бұлай істемегенде бағаның 

сәйкессіздігі кесімді бағасы бар тауарлардың тапшылығының 

себебіне  айналуы  мүмкін  еді,  бұл  өз  тарапынан  бюджетке 

түсетін  салмақтың  өсуіне  алып  келетін.  бір  жағынан,  біз 

бағаны сатылап ырықтандырудың ақшаны құнсыздандыру 

ықтималдығымен  де  қауіпті  екендігін  түсіндік.  мұндай 

жағдайда экономиканың тұрақтануын күтпесе де болатын. 

Экономикадағы  бұлталақтау  саясатының  мысалы 

Ресей-дің орталық банкі болды. оның міндеттерінің нақты 

бекітілмеуі орталық банкті Үкіметке және Жоғарғы кеңеске 

екіжақты  бағынуға  мәжбүрледі.  мұндай  жағдайда  Ресей 

Үкіметінің экономиканы тұрақтандыру жөнінде тиімді саясат 

жүргізуге  шамасы  болмады.  бұл  тіпті,  бұрынғы  кСРо-ның 

мемлекеттік банкінің барлық қызметінің Ресейдің орталық 

банкіне  өткеніне  қарамастан  және  тек  Ресейдің  ғана  ақша 

эмиссиясын  жүргізуіне  және  оның  барлық  одақтық  респу-

бликаларды  ақшамен  қамтамасыз  етуіне  қарамастан  осы-

лай  болды.  Ресей  қолма-қол  ақшаны  республикалардың 

қажетіне  қарай  емес,  өз  қалауы  бойынша  бөліп  отырды. 

Ақшаның шамадан тыс құнсыздануы жағдайындағы қолма-

қол ақшаға деген сұраным бағаның тоқтаусыз өсуіне тепе-

тең  жағдайда  өсті.  Қазақстанның  министрлер  кабинетінің 

бюджеттен  төленетіндерге  индексацияны  кешеуілдетуіне 

қарамастан, қолма-қол ақшаның болмағандығынан қарыз 

жаңа жауған қардай өсе берді. бұл тіпті кесімді еңбекақылар 

мен зейнетақыларды да қамтыды. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

198

Ресей  экономикалық  саясатының  болжаусыздығынан 

туындаған ахуал, бір жағынан, Президент пен Ресей Үкіметінің 

және,  екінші  жағынан,  Жоғарғы  кеңестің  арасындағы 

текетірес нәтижесінде пайда болған қос өкімет жағдайында 

одан сайын тереңдей түсті. мәскеу Ресей аймақтарына да, сол 

сияқты одақтық республикаларға да қайшылықты ақпараттар 

беріп жатты. 

Қолма-қол  ақшамен  қамтамасыз  етуде  үлкен  қиын-

дықтарға  тап  болған  біздер,  экономиканың  жалпы  қажет-

тіктерін айтпа ғанның өзінде, қайта-қайта  мәскеуге барып, 

ең болмаса жұрттың еңбекақыларын төлеуге қажет ақшаны 

«зорлап» алып келуге мәжбүр болдық. бұндай барып-келістер 

1992 жылдың жазы мен күзінің өн бойында жүрді. 

бұрынырақ,  біртұтас  рубль  аймағының  сақталуын 

қолдай  отырып,  Қазақстан,  посткеңестік  кеңістіктегі  басқа 

да мемлекеттер сияқты, оны аймақта қаржы тұрақтылығын 

сақтаудың және әлі де болса қызмет жасап тұрған жекеле-

ген кәсіпорындар арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық 

деңгейдегі  экономикалық  және  шаруашылық  байланыс 

құралдарының бірі деп білген еді. бірақ 1992 жылы шілдеде 

Үкіметтегі  және  Ресей  орталық  банкісіндегі  Гайдардың 

командасы  мәселеге  біржақты  келе  отырып,  қолма-қол 

ақшасыз  айналымды  мемлекет  субъектілерінің  арасын-

да  бөліп  беруді  енгізді.  Қолма-қол  ақшасыз  айналымға 

бөлудің мәні мынада болып шықты: рубль аймағына кіретін 

мемлекеттердің орталық банктері Ресейдің орталық банкінде 

корреспонденттік есепшоттарын ашады, солар бойынша ай-

налым техникалық несиемен шектеледі. Ал енді техникалық 

несиені жаба алмаған жағдайда, өзара есеп айырысулардың 

сальдосы сол елдің Ресейге бересі мемлекеттік қарызына ай-

налады. бұлай жасау әділетсіздік болды. бұл жерде «күштінің 

құқығы»  жұмыс  істеді,  ал  қалғандарына  осындай  кіріптар 

талаптарды сөзге келмей қабылдау ғана қалды. Қайдағы бір 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



199

қағаздар  үшін  біз  үлкен  сомалар  төлеуге  мәжбүр  болдық. 

осы кіргізілген жаңалықтан кейін біраз елдер – белоруссия, 

молдавия  және  Закавказье  республикалары  қолма-қол 

ақшамен қамтамасыз етудің және артық төлейтін ақшаның 

қиындықтарын ескере отырып, өздерінің ұлттық валюталарын 

немесе олардың баламаларын енгізді. 

Ресейдің экономикалық саясатының сол кезеңдегі тағы бір 

«ерекшелігі» – олардың қолма-қол ақшасыз айналымды бөлу 

туралы шешімдері рубль аймағына кіретін мемлекеттермен 

келіспей қабылдануында және оның жаңа тәртіпті енгізуге 10 

күн қалғанда ғана жариялануында болды. мүмкін, Ресейдің 

қаржы жүйесі бірдеңе ұтқан да болар, бірақ мемлекеттердің 

шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  арасындағы  өзара 

есеп  айырысудың  схемасы  төлемдердің  жүруінің  жарты 

жылға  дейін  бәсеңдеуіне,  құжаттардың  жоғалуына  және 

толып жатқан түрлі жасанды төлем тапсырыстарының тара-

луына алып келді. біз үшін бұл тиімсіз жұмыс жасап отырған 

біртұтас рубль аймағында біздің республиканың қалу-қалмау 

мүмкіндіктері  туралы  бізді  бірінші  рет  қатты  ойландырған 

алғашқы дабыл болды. 

Ресеймен арақатынасымыздағы барлық қиындықтарға 

қарамастан, бізге біртұтас рубль кеңістігінен бас тарту қиын 

болды.  Өйткені  рубльмен  іске  асырылатын  төлемдерде,  іс 

жүзінде,  біздің  барлық  кәсіпорындардың,  өңдеуші  және 

өндіруші өнеркәсібіміздің бүкіл қызметі байланысып жатты. 

кәсіпорындардың арасындағы қалыптасқан байланыстарды 

қас-қағым сәттің ішінде үзгіміз келмеді. Сонымен бірге ұлттық 

валютаны енгізу үшін уақыт және белгілі дәрежеде қаражат 

керек  еді.  естеріңізге  салайын,  тмД-ны  құру  барысында 

«беловежье отырысынан» кейін, тмД-ның барлық басшы-

лары,  оның  ішінде  Ресей  де  бар,  жақсы  уақыттар  туғанша 

барлығымыз  да  рубль  аймағында  қаламыз  және  ештеңе 

өзгермейді деп ант-су ішкен болатын. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

200

Экономикалық  сипаттағы  мәселелерден  басқа,  адам 

факторы да үлкен маңызға ие болды. көптеген қазақстан-

дықтардың (айта кету керек, тек орыс ұлтының ғана емес) 

Ресейде жанұялары, туыстары, достары болды – және, әрине, 

бұл  адамдар  үшін  одақтың  құлауы  осы  байланыстардың 

жойылуы  деген  сөз  емес  еді.  біз  Ресеймен  байланысты 

үзгіміз келмеді – ал Ресейдегілер мұны түсінгілері келмеді. 

біз  көп  жағдайда  Ресей  экономикалық  блогының  бас-

ты  шенеуніктерінің  біздің  мәселелерімізді  және  оларды 

шешу үшін ұсынған жолдарымызды ұқпаудың меңіреу тас 

қабырғасына тап болдық.



«Рубль  аймағын  жою  және  Ресейдің  ұлттық  ақшасы 

мен  валюта  жүйесін  орнықтыруға  жасалған  алғашқы 

қадам  –  Ресей  Орталық  банкіне  енгізу  бұрынғы  одақтас 

республикалардың орталық банктерінің корреспонденттік 

есепшоттарын  енгізу  арқылы  қолма-қол  ақшасыз  ай-

налымын  бөлуді  –  1992  жылдың  шілдесінде  ғана  іске 

асыруға мүмкін болды. Қалған шаралар ұзақ енгізілді, ТМД 

елдерінің  Ресеймен  сауда  жасау  үшін  техникалық  несие 

дегендерді беру тәжірибесі тек 1993 жылдың сәуірінде ғана 

тоқтатылды. Бұл саяси реализмнің көрінісі еді, өйткені іс 

жүзінде ақша жүйесін бөлу алғашында қарастырылғаннан 

әлдеқайда  көп  уақытты  талап  ететін  және  бұл  жұмыс 

бірнеше  кезеңнің  ішінде  бірталай  қиындықтармен  іске 

асырылды.  Бұл  көп  жағдайда  Ресейдің,  бұрынғы  КСРО 

республикаларының өнеркәсіпшілерінің және Руцкойдан 

бастап  Явлинскийге  дейінгі  кең  шеңбердегі  Ресей  саяси 

күштерінің  мүдделік  қолдауларына  байланысты  болды. 

Өкінішке  қарай,  бастапқы  кезеңде  рубль  аймағының 

адвокаттары  қатарында  Халықаралық  валюта  қоры  мен 

Еуропалық  қауымдастық  комиссиясы  сияқты  беделді 

ұйымдар да болды...»

т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



201

Дерек көзі: «Очерки экономической политики 

посткоммунистической России (1991–1997)», 

1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)

Ақиқатында,  Қазақстан  белгілі  бір  уақытқа  болса  да, 

рубль аймағын сақтау жағында болды. біз сол Гайдардың 

әріптестері жазған «кСРо-ның бұрынғы республикаларының 

мүддешіл  –  өнеркәсіпшілерінің»  нақ  өздері  болатынбыз, 

өйткені, біздің артымызда «Қарметкомбинат», «Қазтүстімет», 

«Қаркөмір» сияқты және т.б. кәсіпорындардағы көп мыңдаған 

ұжымдардың  тұрғанын  сезіндік,  ал  олар  бір  күннің  ішінде 

жұмыссыз  қалып,  тіршілік  қаражаттарынсыз  қалуы  әбден 

мүмкін еді. 

Ресей  Үкіметімен,  әсіресе  оның  1992  жылы  бүтіндей 

қалыптасып  болған  реформаторлық  қанатымен  (Гайдар, 

Шохин,  Федоров,  Шахрай  және  т.б.)  келіссөздер  жүргізу 

қиындай түсті. бұлардың көпшілігі әлі де еркін Ресейдің «ұлы 

болашағымыз» деп масайрап жүрген. көптеген келіссөздерде 

олар,  Ресей  үшін  дотациялық  Қазақстан  түріндегі  «масыл-

ды»  сілкіп  тастау  керек,  олар  ешқайда  кетпейді,  біраздан 

кейін ешқандай да саяси кепілдік, саяси дербестік сұрамай, 

өздері-ақ  «жалынып-жалбарынып»  жетеді  деп  ашықтан-

ашық  түсінетіндей  айтып  жүрді.  біздің  «еңбектеп,  қайта 

оралуымыз», олардың шарттары негізінде одақты қайтадан 

қалпына келтірудің бір жолы ретінде қарастырылды. олардың 

барлығын  өздері  қиратқанын  ескеретін  болсақ,  бұл  өте 

таңқаларлықтай жағдай еді. 

тіпті  Гайдардың  Ресей  Үкіметі  төрағасы  қызметінен 

кетуінің де Ресейдің бұл бағытына ешқандай ықпалы бол-

мады. Қазақстанның экономикасына аса ауыр болған 1993 

жыл басталды. 

егер  де  Ресейден  келетін  қолма-қол  қаржыны  бөлу 

1992 жылы рубль аймағына кірген республикалар арасын-


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

202

да  азды-көпті  тепе-тең  жағдайда  іске  асырылса,  ал  1993 

жылы  Ресейдегі  экономикалық  блокқа  жауапты  тұлғалар, 

Қазақстандағы әлеуметтік-саяси жағдайға тікелей немесе жа-

нама түрде ықпал жасай отырып, өз міндеттерін басымдылық 

жағдайында шешіп, Қазақстанға бөлінетін қолма-қол ақшаны 

ұстап қалуды шығарды. көктемге қарай біз жалпы ақша алу-

ды тоқтаттық. 1993 жылдың мамырында Ресей Үкіметі тмД 

елдеріне техникалық несие беруді бүтіндей тоқтату туралы 

шешім қабылдады. 

одан  әрі,  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  ара-

сындағы қолма-қол өзара есеп айырысуды бөлумен қабат, 

Сібір мен Қиыр Шығыста айырбастау және жаңа банкноттар-

ды енгізу операцияларын бастаған Ресейдің орталық банкі, 

1993 жылдың үлгісіндегі жаңа банкноттарды басып шығаруға 

кірісті.  келіссөздердің  барысында,  Ресей  жағы  бізді,  жаңа 

банкноттар  –  бұл  рубль  аймағының  қолма-қол  ақшалары 

және валютасы болады, сол жаңа банкноттарды басу кезінде 

Қазақстанның  мүддесі  мен  сұранымдары  есепке  алынды, 

кеңестер одағының (1961–1962 жылдарда шығарылған) 

банкноттары  бір  сәтте  тәркіленіп  айырбасталмайды  деп 

сендірді. Сондай-ақ жаңа банкноттарды енгізу есебінен, рубль 

аймағына кіретін Қазақстанның және басқа да мемлекеттердің 

кСРо банкноттарына деген ағымдағы сұранысы бұрынғыдан 

да жақсы қанағаттандырылады, ал рубль аймағын құру ба-

рысында  ескі  банкноттарды  Ресей  банкінің  банкноттарына 

айырбастау іске асырылады деп тағы да сендірді. 

Виктор Черномырдиннің 1993 жылы қаңтарда Давостағы 

экономикалық форумда маған берген уәдесіне қарамастан, 

Ресей  Қазақстанға  қалай  болғанда  да  жаңа  банкноттар-

ды  бермеді.  Ал  мұның  өзі  еңбекақы  жөніндегі  қарыздың 

жағдайын одан сайын ушықтырып жіберді, өйткені ол кезде 

Гознак фабрикаларының барлық қуаты Ресейдің жаңа валю-

тасын басып шығаруға жұмылдырылып жатқан. 



т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



203

1993 жылдың маусымына қарай Ресей Үкіметімен рубль 

аймағын  құру  жөнінде  жүргізілген  келіссөздер  біржола 

тығырыққа тірелді. түптеп келгенде, рубль аймағының ескі 

концепциясынан  бас  тартып,  жаңа  құжат  жасауға  шешім 

алынды. бірақ осы жерде ешкім де ойламаған, тіпті алдын 

ала  келісімдердің  шеңберіне  де  сыймайтын  бір  жағдай 

туындады.  Рубль  аймағына  қатысушы  елдердің  арасында: 

егер де бірде-бір мемлекет рубль аймағынан шығып, өзінің 

валютасын енгізгісі келсе, ол бұл жөнінде үш ай бұрын басқа 

мемлекеттерді  ескертуі  керек  деген  арнайы  келісімнің  бо-

луына қарамастан, Ресей 1993 жылдың 1 шілдесінен бастап 

іс жүзінде өзінің ұлттық валютасын енгізді, оның бұдан бұрын 

барлық рубль кеңістігінде қолдану мақсатында басылады деп 

сендіріп келген жаңа үлгідегі рубльдері осы болып шықты. 

29 маусымның сенбісінде таңертең Виктор Черномырдин 

маған  телефон  шалып,  бұл  оқиғаны  болып  қойған  факты 

ретінде хабарлағаны әлі есімде. осымен бірге Ресей екі апта-

лық мерзімнің ішінде, дәл осы кезде Ресейдің валютасына 

айналған рубльді пайдалану негізінде, ұжымдық ақша жүйесі-

нің  принциптік  және  техникалық  мәселелерін  қарастыруға 

арналған келіссөздер жүргізуге дайын екендіктерін мәлімдеді. 

ол  жаңа  түрдегі  рубль  аймағын  құруға  қатысты,  нақты  іс-

шаралар туралы келісімге қол қоюға дайын екендігін және 

артынан оны мүдделі болған мемлекеттердің парламенттері 

ратификациялауға тиіс екенін айтты. 

Шын  мәнінде  олар  бізге  енді  тек  Ресейдің  ұлттық  ва-

лютасына  тәуелділік  жағдайындағы  –  қолма-қол  рубльдің 

көмегімен – айла-шарғының сол бұрынғы тетіктерін қайта 

қалпына келтіруді ұсынды. бұл қадам Ресей көшбасшыларына 

деген біздің сенімімізді жоққа шығарды, сөйтіп «монетарлық 

сатқындықтың» көлеңкесі біздің қарым-қатынасымызда көп-

ке дейін сақталатын болды. 


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ



1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал