Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет16/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

4-тарау

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

182

1990-

шы

 

жылдАрдАғы

 

экономикАлыҚ

 

дАғдАрыс

Қазақстан  компартиясы  орталық  комитетінің  бірінші 

Хатшысы болып сайланғаннан соң, бір аптадан кейін, 1989 

жылғы маусымның жазғы бір таңында мен ҚазкСР минис-

трлер  кеңесінің  бір  топ  мүшелерімен  Қарағандыға  ұшып 

келдім. Үкіметтің «тУ» ұшағы аэропорттың тұрағына қарай 

бұрылған  кезде,  мен  бізді  күтіп  алуға  келген  Қарағанды 

облысының  басшыларын  көрдім.  олардың  тұнжыраған 

түрінен қалада соңғы апталарда орын алған қобалжушылықты 

байқауға болатын еді. бүкіл одақ шахтерлердің ереуілдерінен 

тынышсыз жағдайда еді, ал Қарағанды шахтерлері көшеге 

шыққан елдегі соңғы шахтерлер қаласы болды. ол кездерде 

Қазақстанның бүкіл көмір өнеркәсібі кСРо көмір өнеркәсібі 

министрлігінің қарауында болатын. Сондықтан барлық про-

блемаларды мәскеу шешетін, бұл іске республиканың ара-

ласуына рұқсат өте сирек берілетін. бірақ соның қарсаңында 

м.С.  Горбачев  телефон  шалып,  ол  жақтағы  жағдай  менің 

араласуымсыз тынышталмайтынын айтқан. 

Қарағанды  –  мен  үшін  жаныма  жақын  қала.  менің 

мансабым  осы  жерде  басталған  болатын.  Республиканың 

индустриалдық  орталығы  менің  көз  алдымда  өсті.  мен 

қаладағы барлық кәсіпорындардың директорлары мен бас 

инженерлерін тікелей білетінмін. Қарағанды облысын өзінше 

бір шағын Қазақстан деп айтуға болатын. Әртүрлі жағдайларға 

сәйкес, мұнда республиканың барлық ұлттарының өкілдері 

тұрып, еңбек етеді десе болғандай. Шахтердің ауыр еңбегі 

уақыт  өте  келе  адамдардың  мінезін  бірбеткей,  қатаң  етіп 

қалыптастырады. Өткен тағдыры ауыр әр ұлтты Қарағанды 

көптеген  саяси  қылмыстылар  мен  олардың  ұрпақтарының 

өмір сүріп, еңбек еткен ортасына айналды, араларынан талай 

жарқын да күшті тұлғаларды өсіріп шығарды. 1986 жылғы 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



183

оқиғадан кейін Қарағандыдағы кез келген наразылық бүкіл 

республиканы арандата алар еді. Сондықтан біз мұндағы өте 

нәзік ұлтаралық қатынастарды көздің қарашығындай сақтауға 

тырысқанбыз. 

ереуілдің  себептері  туралы  ойлана  келіп,  біз  кеншілер 

жиын өткізіп жатқан алаңға бірден барармыз деп, ұшақтың 

ішінде-ақ  шешкен  едім.  Қонғаннан  кейін  әуежайда  шағын 

кеңес өткізіп, обком қызметкерлерінің көңілсіз мәліметтерін 

тыңдадық. Қарағанды обкомының бірінші хатшысы локоту-

нин  мені  резиденцияға  апарып  орналастырмақшы  болды, 

«шахтерлер» тобыры тым қызынып тұр, сондықтан мәскеудің 

өкілдерін  күтейік,  –  деді.  «Шахтерлердің  қандай  мінез 

көрсетпейтініне кім кепіл? күте тұрайық, сабаларына түссін, 

мүмкін, үйлеріне тарап кетер» деген сөздері есімде қалыпты. 

Әңгіменің жай митингімен аяқталмайтынын сездім де, мен 

облыс әкімшілігінің ғимаратына кірмей, бірден алаңға ба-

руды ұсындым. 

Қаланың орталығындағы Совет проспектісінде, бізді сол 

кезде-ақ ашу қысқан шахтерлердің наразы үлкен бір тобы 

күтіп тұр екен. Шахтер киімдерін киген, қап-қара беттерінен 

көздері  жылтырап  қана  көрінетін  олардың  бірталайы  ұзақ 

митингіден  шаршап,  үн-түнсіз  каскаларымен  асфальтты 

даңғырлатып  соғып  отыр.  кейбір  шахтерлер  мұнда  тура 

забойдан келген тәрізді, беттеріндегі көмірдің қара ұнтағы 

митингілік  ахуалға  одан  сайын  қаратүнек  рең  беріп  тұр. 

Жағдай қатты шиеленісіп кеткен, айтары жоқ көрініс. Шах-

терлердің  кәсіподақ  жетекшілері  облыс  басшыларымен 

келіссөзден бас тартып, Назарбаевтың өзін талап етеді екен. 

мінеки, мен тікелей митингінің өзіне келдім. 

олар араларын ашып, ағаштан құрастырылған мінбеге 

қарай өтуіме жол берді. бірнеше сағат бойы олардың сауалда-

рына жауап бердім. біз әңгімені ең қарапайым мәселелерден 

бастадық. ереуілдің негізгі себептері мыналар екен: қазылған 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

184

көмір  тиелмепті,  ал  тиісті  жеріне  жіберілмеген  көмір  үшін 

еңбекақы  төленбейді,  еңбек  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етіл-

меген, дүкен сөрелері қаңырап бос тұр. 

келіссөздерді дұрыс арнаға бұру үшін, мен шахтерлердің 

өз  арасынан  өкілдер  бөлуді  ұсындым.  Содан  соң  келіссөз 

«Қарағандыкөмір»  комбинаты  әкімшілігінің  ғимаратына 

ауысты. келіссөздер мәселелерге жауап беретін министрлер-

дің қатысуымен келесі күнгі таң атқанға дейін созылды. оған 

дейін  менің  өтінішім  бойынша  кСРо  министрлер  кеңесі 

төрағасының  орынбасары  Догужиев  пен көмір  өнеркәсібі 

министрі м.И. Щадов келіп жетті. 

көп сағаттық келіссөздердің барысында мәмілеге келіп, 

шахтер  ұжымдарының  бірінші  кезектегі  мұқтаждықтарын 

қанағаттандыруға қол жетті. осындай келіссөздер Қарағанды 

облысының  өзге  шахтерлер  қалаларында  –  Шахтинскіде, 

Саранда, Абайда өтті. 

ереуілдер тоқтатылды. Соңынан, мәскеу қазақстандық 

тәжірибені  одақтың  басқа  да  өңірлерінде  пайдалануға 

болатындығын ескеріп, келіссөздердің барысы туралы егжей-

тегжейлі есеп беруді сұрады. бұл жерде қайдағы тәжірибе?! 

мен,  егерде  адалына  келсем,  бұдан  да  қиын  жағдайды 

күткен  едім,  себебі  кСРо-да  біздің  көмірді  пайдаланатын 

кәсіпорындар бірінен кейін бірі тоқтап жатқан. 

бірақ қазақстандықтардың ауыр қиындықтарға көнгеніне 

қарамастан,  бүкіл  елде  жұмысшы  ұжымдарының  арасын-

да  наразылық  күшейе  түсті.  бізде  шахтерлермен  болған 

шиеленісті жылдам реттеуге мүмкін болғанымен, енді біздің 

қалыптаса бастаған ахуал үшін кінәлі саналатынымыз анық 

байқалды. 

Ахуал  жылдан  жылға  қиындай  берді.  кеңестер  одағы 

тоқтаусыз өзінің күйреуіне қарай келе жатты. ең басында 19 

тамыздағы бүлік, одан кейін Ресей, Украина және белоруссия 

үшеуінің беловежьедегі шешімі кСРо-ның ыдырауына нүкте 

қойды. бірақ бұл өз алдына жеке тақырып. 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



185

келесі екі жыл біз үшін аса ауыр сын болды. 1992 жылы 

елдің  экономикасы  құлдиға  қарай  құлдырады.  барлық 

жерде ақша мүлде құнсызданды, еңбекақы мен зейнетақы 

төленбеді, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байла-

ныстар үзілді, халық тұтынатын тауарлар мен қолға берілетін 

ақша тоқтатылды. бұрынғы мұның барлығын бақылайтын, 

одақтық министрліктер қазір жоқ. Өзара есеп айырысу мен 

тауар беру деген атымен жойылды. Сол кездегі бос жатқан 

сөрелерді, нанға, балалар тағамдарына, тұзға, қантқа, сига-

ретке тұрған ұзын шұбақ кезектерді қазір көз алдыңа елестету 

қандай қиын болса да, бұл сол кездегі ащы шындық еді. 

бұрынғы  одақтық  республикалар  арасындағы  қаржы 

байланысы  мен  өзара  бірлесуінің  үзілуі  экономикалық 

жағдайдың  күрделілігін  одан  сайын  қиындатты.  Әрине, 

оның қарапайым адамдардың өміріне тікелей әсері болды. 

Қазақстандағы ақша мәселесінің шешілмегендігі салдары-

нан  еңбекақы,  жәрдем  ақылар,  тағы  сондайлар  халыққа 

уақытында берілмеді. Ақшаның жетіспеуінің барлық себебі 

Ресейдің мемлекеттік банкісіне барып тірелді, өйткені барлық 

қаржы ресурстары мәскеуден бөлініп отыратын. 

мен әлденеше рет мәскеуден бізге бөлінетін қолма-қол 

ақшаның көлемін ең болмаса жарым-жартылап шешуді та-

лай рет сұрадым. оған жауап ретінде тек құрғақ уәде ғана 

берілетін. Ал біздің өтініштеріміз ескерусіз қалатын болды. Ал 

бұл кезде бөгелген ақша халыққа тигенше мүлде құнсызданып 

кететін. Қиындықтар үсті-үстіне туып, өсіп отырды, кәдімгі өрт 

сөндіргендей жағдайда жұмыс істеуге тура келді. 

осының  бәрі  халық  арасындағы  ереуілдер  мен  ми-

тингілерге  алып  келген  әлеуметтік  тұрақсыздықтың  алғы-

шарттары болды. Халықты тыныштандырып және жағдайды 

түсіндіру үшін ауылдарға, қалаларға жиі баруға тура келді. 

мен  халықты  шыдамдылыққа  шақырып,  жасап  жатқан 

шараларымыз  туралы,  әлде  де  алда  болатын  қиындықтар 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

186

туралы айтатынмын. маған жұрт сенетін. мен қашанда бол-

са да өзімнің уәделерімді орындауға тырысатынмын. біздің 

көз  алдымызда  «ортақ  ұлы  отанымыз»  құлап  жатқан  осы 

бір  қысылшаң  жағдайда  адамдармен  әңгімелескен  кезде 

сөйлейтін  сөзіңді  дұрыстап,  байқап  айту,  тіпті  сол  сөзіңнің 

ырғағын да бақылау қажет болды. елдің бәрінің жүйкесі әбден 

жұқарған еді. 

кейде  халықтың  әуелі  айғайға  басатынын,  гуілдеп 

кететінін,  аздан  кейін  барып  ақырындап  айтқандарыңа 

құлақ аса бастайтынын, қиындықтың не себептен екендігін 

түсінетінін және біздің осы мәселелерді шешуге байланысты 

не  істеп  жатқанымызды  білгеннен  кейін,  бірте-бірте  басы-

латынын  қазір  мен  есіме  түсіремін.  кейде  топтың  ішінен 

кейбіреулер: «Нұрсұлтан Әбішевич, сигаретіңіз жоқ па?» – 

деп айғайлайтын. мен темекі тартпайтынмын, бірақ осындай 

жағдайға қажет болар деп қалтама бір қорап сигарет салып 

жүретінмін. кейіннен, осындай әңгімелесулер кезінде таратып 

беру үшін көбірек сигарет алып жүретін болдым. мынадай 

бір  күлкілі  оқиға  есімде:  ол  кезде  фабрикаларда  орайтын 

қағаздың болмауынан сигареттерді метрлеп сататын. бүгін 

еске алғанда осы күлкілі сияқты, бірақ шыны солай болды, 

не істейсің? кейде жұртқа сигареттер үлестіру атмосфераны 

сейілтетін, нәтижесінде әңгіме пайдалы болып шығатын. 

еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін 

біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992 жылдың 

бірінші жартысына дейін Ресейдің орталық банкісінен ақша 

қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. бірақ кейіннен бюджет-

тер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып 

алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның 

тапшылығын бірден сезінді. біз рубльді қарызға (несиеге деп 

те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 мил-

лиард долларға қарызданғанымызды айтты. бірнеше жылдар 

өткеннен кейін барып, «байқоңыр» айлағы үшін есептескенде 

ғана осы қарызды жаптық. 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



187

төлемдер жүйесі бірден-бір арна – Қазақстанның Ұлттық 

банкісінің мәскеудегі корреспонденттік есепшоттары арқылы 

ғана  қызмет  жасады.  Қазақстан  өзінің  төлем  құжаттарын 

Алматыдағы Ұлттық банкке жіберіп отырды, өйткені ол кез-

де  бірде-бір  коммерциялық  банк  шетел  банктеріне  шыға 

алмайтын. Сол кезде-ақ елде 200-ге жуық коммерциялық 

банктер болғанымен, олардың барлығы да шағын болатын. 

олардың бірде-біреуінің өкілдіктері не мәскеуде, не басқа 

бұрынғы одақтық республикаларда болған жоқ. тіпті олардың 

мәскеудегі коммерциялық банктерде корреспонденттік есеп-

шоттары да болмады. осындай байланыстардың болмауынан 

Қазақстан мен Ресей арасындағы төлемдер бүтіндей тоқтады. 

Аударымдар мен төлемдер, кейбір жағдайларда, жарты жыл-

дан астам жүрді. ондаған жылдар бойы қалыптасқан төлем 

тетіктері қас-қағымда жоқ болды. Аударымдардың барлық 

ауыртпалықтары  ол  кездерде  республикалар  арасындағы 

және халықаралық барлық есеп айырысуларды қамтамасыз 

етуге дайын емес Ұлттық банктің иығына түсті. 

Ал өмір бір орнында тұрмады. Қондырғылар мен өнім-

дерді тасымалдап жеткізу ісі жалғаса берді. осыдан келіп, 

есеп  айырысулардың  көлемі  орасан  зорайып  өсе  берді. 

Қазақстанның  барлық  облыстарынан  Ұлттық  банктің  бас 

офисіне аударымдар туралы тонналаған корреспонденция-

лар түсіп жатты, оның тасқынын ауыздықтау өте қиын болды. 

бұрынғы кСРо елдерінің мемлекетаралық барлық есеп айы-

рысулары рубльмен жасалынды. барлық ақша-несие саяса-

ты  Ресейдің  Қаржы  министрлігінің  және  орталық  банкінің 

қолында болды. 

Шаруашылыққа қатысты төлемдерден басқа,  одақтың 

бүкіл жинақ жүйесі де мәскеуге барып тірелді. Азаматтардың 

барлық жинақ банкілеріндегі салымдары мәскеудегі кСРо 

орталық жинақ банкісінде сақталынды. Яғни Жинақ банкісіне 

салған  біздің  ақшаларымыз  бірден  мәскеуге  кетіп  жатты. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

188

егер біреу өзінің салымдарын қолма-қол ақшаға айналды-

рып алғысы келсе, керекті соманы мәскеуден сұратуға тура 

келді.  Сондықтан  сол  кездерде  өз  салымдарын  жоғалтып 

алған адамдар, жоғалтқан ақшаларының мәскеудегі жинақ 

кітапшаларында  қалып  қойғанын,  олардың  Қазақстанға 

қайтарылмағанын ұмытпаулары керек. Қазақстан үкіметінің 

бұл жерде кінәсі жоқ. біздің адамдар ақшаларын Ресейден 

қайтартып  ала  алмағаннан  кейін,  бұл  қарыздарды  біздің 

қайтаруымызға тура келді.



р

есей

 

реформАторлАры

одақтың бір бөлігі бола отырып, біз мәскеудегі болып 

жатқан  оқиғаларға  бейтарап  қарап  отыра  алмадық.  1991 

жылғы тамыз бүлігіне дейін-ақ одақ пен Ресей үкіметтерінің 

арасындағы текетірес әбден шегіне жеткен еді. одақтық бюд-

жетке салық түсімдерін аударудан бас тартқан және өзіндік 

экономикалық бағдарламаларын жасай бастаған Прибалтика 

республикалары мен Украина үсті-үстіне «отқа май құйып»  

отырды. Сонымен бірге, одақтық министрліктерде «түсініп  

болмайтын,  қым-қуыт»  жағдай  қалыптасты.  Сол  кезде-ақ  

біртұтас тетіктер мен қалыптасқан жұмыстан ештеңе қалмады.

 

«КСРО-ның ыдырауы қарсаңында оның номиналданған 



конверттелетін валютадағы сыртқы қарызы 76 млрд АҚШ 

долларына,  ішкі  валюталық  қарызы  5,6  млрд  көлемінде 

өсіп, клиринг операциялары бойынша борыш 29 млрд АҚШ 

долларына  дейін  жетті.  Алтын  валюталық  резерв  шұғыл 

кеміп, мемлекет өмір сүрген уақыттың ішінде бірінші рет 

алтын қоры 300 тоннадан (1992 жылы 1 қаңтарға 289,6 

тонна) кем болды. Орталықтандырылған экспорттан түсетін 

валюталық  түсімдердің  орталықтандырылған  импортты 

төлеу  үшін  сыртқы  қарыздарды  жабу  үшін  жетіспейтін 

т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



189

айырмашылығы 1992 жылдың 10 айында 10,6 млрд АҚШ 

долларына тең болды. Осы тапшылықты жабу үшін соңғы 

одақтық  үкімет  алтын  қорының  3,4  млрд  долларға  тең 

болатын бір бөлігін сатып жіберді және кәсіпорындардың, 

ұйымдардың, жергілікті өкімет органдарының КСРО Сыртқы 

экономикалық  банкісіндегі  есепшоттарда  сақтаулы  5,5 

млрд АҚШ долларына тең, валюталық қаржыларын және 

жұмсап қойды. 

Бұрынғы  КСРО-ның  республикалары  осы  кезде  іс 

жүзінде ақшаның орнына жүретін баламаларды (талондар-

ды, сатып алу карточкаларын, көбірек пайдаланылатын ку-

пондарды және т.б.) енгізуге кірісті, ал кейбір жағдайларда 

(Украина, Эстония, Латвия, Литва) толыққанды ұлттық ва-

люталарды енгізуге дайындықтар басталды. Бұл айналым-

дағы ақша ауқымын өсіріп, оны Ресейдің территориясына 

қарай ығыстырды, сөйтіп мұндағы онсыз да күрделі қаржы 

жағдайын тіпті шиеленістірді. 

Тапшылық дәрежесіне іс жүзінде тауарлардың барлық 

түріне  жуығы  көшті.  Халықтың  ақшалай  салымдарымен 

тауар қорының қатынасы (1970 жылмен салыстырғанда 5 

есе және 1985 жылға қарағанда 2 еседен астам) төмендеді. 

Бөлшек  саудадағы  тауар  қоры  ең  төменгі  рекордтық 

көлемге дейін түсті. 

Барлық салаларды және басқару жүйесін толық қам-

тыған тұралаудың нәтижесінде азық-түлікпен жабдықтау 

іс  жүзінде  біржола  қирады.  Сонымен,  1992  жылдың 

қаңтарында азықтық астықтың (импортсыз) қоры 3 млн тон-

на шамасында төмендеді, ал бұл кездегі елдің ай сайынғы 

сұранысы 5 млн тоннадан артық болатын. 

Соған қарамай, шеттен әкелінген астық тиелген кеме-

лер Ресей порттарында түсірілуін күтіп, қаңтарылып тұрды, 

себебі, тасымал үшін және кемені жалдағаны үшін берілетін 

валюта  болмады.  Кредиттік  жүйелер  ашылмады,  себебі 

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

190

бұрынғы КСРО-ның бірінші класты қарыз алушы ретіндегі 

жақсы атына үлкен нұқсан келді. 

Елдің  барлық  қалаларында  қатаң  карточкалық  жүйе 

енгізілді. Негізгі азық-түлік тауарларының – ет өнімдерінің, 

мал және өсімдік майының, макарон өнімдерінің, қанттың, 

тұздың,  сіріңкенің,  алкоголь  ішімдіктерінің,  сырдың,  сүт 

тағамдарының, темекі және кондитерлік тағамдардың және 

т.б.  сатылуына  шектеу  қойылды.  Көптеген  жағдайларда 

әрбір  адамға  ай  сайын  тауар  босатудың  мөлшері  1991 

жылдың  соңына  қарай  былай  болды:  қант  –  1  кг,  ет 

тағамдары (жартылай фабрикаттарды қосқанда) – 0,5 кг, 

сары май – 0,2 кг. Осы мөлшердің өзі де орындалмады, 

сондықтан  да  жабдықтау  кепілді  болған  жоқ,  талондар 

бірнеше ай бойы тауарға айырбасталмай жатып қалатын 

және олар бойынша тауар алуға орасан зор кезектер пайда 

болды».

Дерек көзі: «Очерки экономической политики 

посткоммунистической России (1991–1997)»,

1998 ж. (http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html) 

Әлсіреп бара жатқан одақтық аппаратпен салыстырғанда 

РкФСР Үкіметі әлдеқайда қуатты болып көрінетін. Сонымен 

бірге,  оның  өзінде  де  іс  жүзінде  бірлік  жоқ  еді.  оны  1993 

жылы күзде өрістеген оқиғалар мен 1994 жылғы бірінші ше-

шен соғысының нәтижелері көрсетіп берді. РкФСР Жоғарғы 

кеңесінде орын алған уәдені үйіп-төгіп берушілік пен бос даурығу 

толқынында  Ресей  Үкіметіне  әртүрлі  сыңайдағы  көптеген 

саясаткерлер мен экономистер еніп кетті. мұнда «нарықтың 

көлегейлі  қолынан»  дәмелі  барып  тұрған  монетаристі  де, 

«Ресей экономикаға қосымша ауыр жүк болып тұрған, оның 

(Ресейдің) әлеуметтік-экономикалық қайта жаңғыруын бұзатын 

«масыл» республикалардан құтылғаннан кейін өзінің бұрынғы 

қуатына, қайтып келеді» деп ойлайтын ашық ұлтшылдарды да 


т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз



191

кездестіруге болатын. Сонымен бірге, сол бір кезеңде көптеген 

стратегиялар  мен  бағдарламалардың  ішінен,  мәскеудің 

ғылыми маңғаздарын әлі күнге даурықтырып келе жатқан 

бәсекелес  екі  бағдарлама  анық  суырылып  шықты.  олар: 

Григорий Явлинскийдің «500 күн бағдарламасы» және егор 

Гайдардың кейіннен «бағдарлама-91» деп аталған «Өтпелі 

кезеңдегі Ресейдің стратегиясы» еді. 

«500 күн бағдарламасы» қазір бұрынғыға айналған кСРо-да 

бірінші рет адамның жеке меншікке құқықтылығының прин-

циптерін енгізді. бағдарлама еркін экономикалық қызметке, 

табыстың өсуіне және әлеуметтік кепілдіктерге құқықтылықты 

мойындады. кәсіпкер экономиканың негізі болып жариялан-

ды. Республикалардың экономикалық егемендігінің құқығы 

мойындалды. «біртұтас экономикалық кеңістік» ұғымы тұңғыш 

рет айналымға енгізілді. 

Явлинский  бағдарламасының  айрықша  белгісі  оның 

одақты сақтап қалуға бағытталуында еді. Республикалардың 

экономикалық егемендіктері мойындалды, ал өзара қарым-

қатынастар  орталық  пен  республикалардың  тең  қатынас-

тарына негізделді. бірегей валюта одағын сақтау көзделді, 

ал  одақтық  бюджетті  ұлттық  жалпы  өнімнің  жан  басына 

шаққандағы мөлшеріне сәйкес құру жоспарланды. 

бағдарламада  көрініс  тапқан  идеялар  мен  оптимизм 

көптеген жағдайларда қазақстандықтарға ұнап еді. ішкі саяси 

және экономикалық жағдайды есепке ала отырып, мен одақты 

Дербес республикалардың конфедерациясына айналдырып 

реформалауды ұсындым. орталықпен қарым-қатынас жасаудың 

көптеген тетіктерін нақ осы республикалардың кең дербестігі 

идеологиясына біз бағдарлама жасалып жатқан кезде-ақ енгізіп 

қойған болатынбыз. Григорий Явлинскийдің өзі Ресей Үкіметі 

басшысының орынбасары болып тағайындалды. Өзгелерді 

былай  қойғанда,  мен  Явлинскийді  өзімнің  экономикалық 

кеңесшім етіп тағайындадым. 1991–1992 жылдардың бо-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

192

йында оның тобы ҚазкСР министрлер кабинетімен жемісті 

еңбек етті. бұлар өз ісінің нағыз білгірлері еді. олар бізге жалпы 

аласапыранда өз іс-қимылымызды реттеп алуға көмектескенін 

айтуым қажет. 

егор  Гайдардың  Экономикалық  саясат  институтының 

бағдарламасы әуелден-ақ Ресейдің басқа республикалардан 

саяси және экономикалық тәуелсіздігін көздеді. Гайдардың 

тобы менмендікпен өз аргументтерін: Ресей шаруашылықты 

реформаландыруда бұрынғы кСРо территориясында «көш-

басшы»  бола  отырып,  «кейіннен  ешбір  республика  оған 

қосылмай қоймайтындай» дербес, жылдам және толыққанды 

реформаларды іске асыру керек дегенге негіздеді. 

олар  Ресейдің  экономикалық  дамуының  мүдделерін 

анықтағанда,  оны  одақты  сақтап  қалудан  жоғары  қойды. 

олардың мұндай саясатты б. ельциннің қолдауынсыз жүргізе 

алмайтыны анық еді. ең басынан-ақ Ресейдің өзінің дербес ақша 

саясаты, меншікті ұлттық валютасы, өзіндік баға, салық және 

бюджет саясаты болуы қарастырылды. олардың пікірінше, сол 

кездегі одақтық қатынастардың қолданыстағы және жаңадан 

ұсынылып отырған принциптері мен тетіктерінде болашақ жоқ 

деп есептелді. Дербес реформалар бірқатар республикааралық 

мәселелер мен республикалардың мүдделерін келістірудің 

күрделі  процесін  елемеуге  мүмкіндік  берді.  Қазақстанның  

одақты  конфедеративтік  негізде  сақтауға  тырысуы  «өзінің  

экономикасын Ресей есебінен қалпына келтіру» деп бағаланды.



«Қарапайым тілмен айтқанда, одақтық саяси құқықтық 

мұраны  жекешелендіру  барысында,  Ресейлік  қаржы-

экономикалық қорларды қоғамдастыратын «дереу саяси 

тәуелсіздік  беру  жағдайындағы  экономикалық  одақ» 

сұлбасы, шын мәнінде, басқа республикалардың мүдде-

леріне сәйкес келді. «Өтпелі кезеңде саяси одақты сақтай 

отырып, экономикалық тәуелсіздікке жылдам жету» сұлбасы 

Ресейдің мүдделеріне сәйкес келді. 

т

еңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз




1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал