Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет15/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

169

консорциум екі жақта бірдей толыққанды жұмыс істеуі үшін 

тағы да бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау 

талап етілді. 

Әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатының кеніші біздің 

Қа рашығанақ еді. 2004 жылы оған 25 жыл толды. бүгінде 

оның қоры 1,2 млрд тоннадан астам сұйық көмір-сутегі және 

1,3 трлн текшеметрден астам газ көлемінде болып отыр. 

кенішті игеру 1979 жылы, ашылғаннан кейін 5 жылдан 

соң  барып  басталған  болатын.  Дегенмен  ол  дербес  өмір 

сүріп,  дами  алмады.  Өйткені  Қарашығанақ  екі  арасы  130 

километрлік құбырмен жалғасқан орынбор газ өңдеу зауыты-

на (оГӨЗ) түгел-дей тәуелді болды. 

тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  Қарашығанаққа  көмір-

сутегін  өңдеу  және  тасымалдау  проблемаларынан  басқа, 

ұңғылардағы археологиялық қалдықтар, апаттардан топы-

рақтың ластануы, кеңестік уақытта конденсатты сақтау үшін 

жерасты ядролық жарылыстармен пайда болған 6 жолақты 

«лира  объектілері»,  сондай-ақ  бұрғылау  қалдықтары  мен 

бұрғылау  мұнарасының  бос  қалған  қоймалары  секілді  өте 

күрделі экологиялық проблемалар қалды. 

Жоғарыда аталған мәселелерді шешіп, жобаны одан әрі 

дамыту үшін үлкен инвестиция қажет болды. 1992 жылы Ре-

спублика Үкіметі Қарашығанақ кен орнын игеру құқығы үшін 

шетелдік мұнай компанияларын тарта отырып конкурс жария-

лады. 1995 жылдың наурызындағы конкурс қорытындысы 

бойынша Қазақстан Республикасы мен «Аджип» / «бритиш 

Газ»  компанияларының  одағы  арасында  Өнімдерді  бөлісу 

принциптері туралы келісімге (ӨбПк) қол қойылды. 

ӨбПк-нің қолданылу мерзімі бойына, 1995 жылдан бас-

тап  1997  жылдың  аяғына  дейін,  жобаны  дамытуға  293,5 

млн АҚШ доллары жұмсалды. 1996 жылдың желтоқсанында 

ктк-ны қайта құру туралы келісімшарт пен осы келісімшартқа 

өзектес басқа да құжаттар жасалғаннан кейін барып қана, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

170

Қарашығанақтан  дүние  жүзілік  нарықтарға  көмір-сутегін 

экспорттауға жағдай туғызатын тиімді көлік жүйелерін құру-

дың нақты мүмкіндіктері пайда болды. осыған байланысты 

Өнімдерді бөлісу туралы түпкілікті келісімге (Өбтк) қол қоюға 

дайындық жұмыстары жандана түсті. мердігерлер өкілдері, 

республикамыздың  министрліктері  мен  ведомстволары 

өкілдері арасында жүргізілген келіссөздер барысында Өбтк 

жобасы дайын болды, оған 1997 жылдың қарашасында қол 

қойылды, ол 1998 жылдың 27 қаңтарынан күшіне енді, бұл 

келісімшарт 40 жыл мерзімге жасалды. 

Әлемдегі соңғы 30 жылда ашылған тағы бір өте ірі мұнай 

кен орны – каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай 

кеніші еді. бүгінде одан алынатын мұнай қоры 10 млрд бар-

рель деп бағаланады. 

бұл  кен  орнының  ашылуы  Қазақстанды  әлемдегі  ең 

мол  көмірсутегі  ресурстарына  иелік  етуші  негізгі  елдердің 

қатарына кіргізді. осыншама мол мұнай қорының табылуы 

каспий аймағына деген бүкіл әлем елдерінің қызығушылығын 

туғызып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырды. 

каспийдің қазақстандық секторындағы мұнай-газ әлеуе-

тін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 1993 жылы 

халықаралық  консорциум  құру  ұйғарылды.  каспийдегі 

жұмыстың  күрделі  техникалық  жағдайы  мен  экологиялық 

жоғары талаптарды ескере келіп, әу бастан-ақ алғашқы теңіз 

консорциумы мүшелерін таңдау кезінде мұнай компанияла-

рын  мұқият  іріктеу  жүргізілді. консорциумға  осы  заманғы 

озық  техникалық  және  технологиялық  мүмкіндіктері,  өте 

күрделі кен орындарында ең қатаң экологиялық талаптарды 

сақтай отырып жинақтаған жұмыс тәжірибесі бар мынадай 

компаниялар кірді, олар: «казахстанкаспийшельф», «бритиш 

Петролеум / Статойл» (Ұлыбритания / Норвегия) альянсы), 

«бритиш Газ» (Ұлыбритания), «Шелл» (Нидерланды), «Ад-

жип» (Италия), «мобил» (АҚШ), «тоталь» (Франция) еді. 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



171

консорциумның  негізгі  жұмысы  қоршаған  ортаға  кен 

барлау  геофизикалық  жұмыстардың  әсерін  бағалау  мен 

экологиялық мониторинг жүргізуді, геология-геофизикалық 

зерттеулерді жүзеге асыруды, каспий аймағының әлеуметтік 

инфрақұрылымы  мен  өндірісін  дамытуды,  қазақстандық 

мамандарды үйретуді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржы-

ландыруды қамтыды. Халықаралық консорциумның жұмыс 

бағдарламасы бойынша жалпы инвестиция 218 млн астам 

АҚШ долларын құрады. 

мұнай-газ секторының арқасында, біз алғашқы кезеңде 

экономиканың  дамуын  қамтамасыз  етуге  жеттік.  кейінде 

серіктес  салаларды  дамыту  және  негізгі  экономикалық 

салмақты соларға ауыстыру, сөйтіп оларды экономикамызды 

алға сүйреуші «локомотивке» айналдыру қажет болады.

«Қ

АрА

 

Алтын

» – 

бАҚ

 

пА



әлде

 

сор

 

мА

?

1990 жылдан бастап  каспий бассейні сан алуан қаты-

настардың  аса  маңызды  аймақтық  тораптарының  біріне 

айналды,  онда  көптеген  елдердің  экономикалық  және 

геосаяси мүдделері өзара тоғысып жатты. бұл жағдай өткір 

мәселелердің, яғни каспий аймағындағы елдерге ықпал ету 

үшін  бірде  ашық,  енді  бірде  жасырын  жүргізілген  дипло-

матиялық күрестердің тууына себеп болды. 

Қазақстаннан аймақта қатаң бәсекелестікті жүргізе оты-

рып, сонымен бірге өзінің мемлекеттік билік институттарын 

құру талап етілді. біздегі жоғары білікті сыртқы саяси ведом-

ство, осы заманғы жедел қимылды әскер, түйінді салалардағы 

ұлттық  сараптамашылар  қазір  бар,  ал  ол  уақытта  мұның 

бірі болған жоқ. Сол сияқты ірі халықаралық келіссөздерді 

жүргізетін тәжірибе де болмады.


ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

172

«ХІХ ғасырда Британ империясы мен патшалық Ресей ара-

сында  Үлкен  Ойын  жүргізілген  Орталық  Азия,  бүгінде,  өзінің 

мұнай-газ  байлықтары  арқасында  «көпполярлы  дәуірдің» 

АҚШ, Қытай және Мәскеу арасындағы алғашқы стратегиялық 

шайқастары алаңына айналып отыр. 

1991 жылы осы аймақтың бес мемлекеті Кеңес Одағынан 

өз  тәуелсіздігін  алып,  Орта  Азия  аймағы  өзінің  ғаламдық 

стратегиялық маңызына қайтадан ие болғаннан кейін, бүгінде 

ғаламдық көлемде өркендеп өскен Қытай, мұнайға масаңсыған 

Ресей  және  АҚШ  Орталық  Азиядағы  ресурстар  мен  билікке 

ықпал  ету  үшін  күресте  мүйіз  қағысып  қалды.  Орталық  Азия 

стратегиялық шайқастар алаңына айналды».

Фредерик Кемпе (Frederick Kempe), 

«The WaII Street JournaI», АҚШ, 

16 мамыр 2006 жыл

тәуелсіздік  жылдары  мұнай  өнеркәсібінің  өзі  де  қайта 

құрылды.  мұнай  секторындағы  мемлекет  алдында  тұрған 

міндеттер  де  күрделілене  түсті.  мысалы,  2004  жылдың 

мамырында біз қабылдаған каспий теңізінің қазақстандық 

секторын игеру жөніндегі 2015 жылға дейінгі мемлекеттік 

бағдарламада мұнай саласындағы негізгі екі мақсатқа жету 

көзделді. біріншіден, мұнай өндіруді жете игеріп, тиімді мұнай 

магистральдары тораптарын құру. екіншіден, отандық мұнай 

өңдеуші және мұнай химиясы индустриясын құру. Аталмыш 

бағдарлама  каспий  теңізінің  қазақстандық  бөлігін  игеру 

жөніндегі 1993 жылы бекітілген мемлекеттік бағдарламаның 

бірінші кезеңін жүзеге асырудың заңды жалғасы болды. 

Өзіміздің мұнай ресурстарымызды дүниежүзілік шаруа-

шылық  айналымына  белсенді  түрде  енгізу  мәселесіндегі 

біздің саясатымыз бүгінде шетелдік мұнай компанияларын 

мұнай мен газ кен орындарын барлауға, игеру мен өндіруге 

тартудан тұрады. Шетелдік инвесторлар келісілген шарттар 


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



173

бойынша мұнай-газ кешенінің дамуына тек қажетті қаржыны 

салып қана қоймай, оны өндіру, өңдеу мен тасымалдаудың 

тұтастай үрдісін ұйымдастыруы тиіс. 

Қазақстан инвестициялаудың сенімді де қолайлы объек-

тісі  деген  беделге  ие  болуының  арқасында,  біз  шетелдік 

инвесторлардың  алдына  өз  талаптарымызды  қоя  ала-

тын  болдық.  біз  халықаралық  беделге,  өзіміздің  несиелік 

тарихы мызға  ие  болдық,  біздің  тілектерімізді  шетелдік 

әріптестеріміздің қабылдауы заңды құбылысқа айналды.



«Бұл  заңды  үрдіс.  Қазақстан  нығайды,  ол  өзінің  табиғи 

ресурстарынан нақты кірістер алғысы келеді. Егер біз алдағы 

уақытта да табысты жұмыс жасағымыз келсе, жаңа мұнай-газ 

жобалары  үшін  мемлекеттік  режимге  байланысты  ымыраға 

келушілікті қолдана отырып, жұмыс атқаруымыз қажет».

«ЭксонМобил Казахстан Инкл.»-дің бас 

менеджері Дж. Тейлордың Шетелдік 

инвесторлар кеңесінің 11-ші пленарлық 

мәжілісінде сөйлеген сөзінен, Кендерли, 

5 маусым 2004 жыл

«Шеврон»  мамандарының  болжамдары  бойынша, 

каспий құбыр консорциумына қазақстандық мұнайдың ба-

рынша көп құйылған кезде ол Жерорта теңізі, Солтүстік және 

батыс  еуропа елдерінің рыноктарында табысты бәсекелес- 

тікке  түсетін  болады.  біз  сыйымдылығы  200  мың  тоннаға 

дейінгі танкерлерді пайдалана отырып, Солтүстік Америка ры-

ноктарын игеретін боламыз. Әрине, жылына 15 млн тонналық 

қуатпен  жұмыс  істейтін  Атырау-Самара  мұнай  құбыры  да 

Шығыс  және  орталық  еуропа,  балтық  теңізі  бассейніндегі 

елдердің рыноктарын игеруге мүмкіндік береді. 

Алайда бізге осы атқарылған істермен шектеліп қалуға  

болмайды.  Қазақстан  көмір-сутегін  экспорттаудың  көп-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

174

векторлы  стратегиясын  ұстанып,  мұнайды  тасымалдау 

бағыттарын дамыту жөніндегі түрлі жобаларды қарастыратын 

болады.  Қазір  біз  басқа  бағыттардағы  мұнай  құбырлары 

бойынша белсене жұмыс істеудеміз. Атап айтқанда, Ақтау-

баку-Жейхан  және  Қазақстан-түрікменстан-Иран  секілді 

жобалардың тиімділігі талқылануда. мысалы, баку-тбилиси-

Жейхан құбыры таяу уақытта Ақтау-баку-тбилиси-Жейхан де-

ген атауға ие болуы мүмкін. Ал Атасу-Алашанькоу құбырының 

жобасы қазірдің өзінде іс жүзіне асты. 

2004 жылдың мамырында менің ҚХР-ға барған сапарым 

кезінде Қытай мен Қазақстанның ұлттық мұнай компания-

лары арасындағы мұнай құбыры құрылысын бастау туралы 

келісімшартқа қол қойылды. мұнай құбырының іргетасы сол 

жылдың 28 қыркүйегінде қаланды. Ал Қазақстанның алғашқы 

мұнайы  Қытайға  2006  жылдың  25  мамырында  құйыла 

бастады. Атасу (Қазақстан) мен шекаралас пункт Алашань-

коу (Қытай) арасын жалғап жатқан осы мұнай құбырының 

магистралі арқылы біз жылына 20 млн тоннаға дейін мұнай 

экспорттай аламыз. Сондай-ақ осы салынған құбыр неғұрлым 

кең көлемдегі жобаға – каспийден Қытайға дейінгі ұзындығы 

3  мың  километрге  жуық  құбырды  салуға  негіз  болатыны 

жоспарлануда. 

Жоғарыда айтылғандарға қоса, бұл жобалардың нақты 

іске асуы көп жағдайда энергия қуаттарының әлемдік нарығы-

ның конъюнктурасына және каспий шельфіндегі мұнай-газ 

кен  орындарын  игерудің  нақты  нәтижелеріне  байланысты 

екенін атап өткім келеді. 

Қазір Қазақстанның бұл саладағы табыстары туралы сөз 

болған кезде, мұнай байлығы біздің экономикалық табыста-

рымыздың  іргетасы  болғанын  айтпай  кетуге  болмайды. 

кейбі реулер үшін мұның өзі Қазақстан табыстарына жаңсақ 

баға беруге себеп болуы, тіпті көре алмаушылықтың түйініне 

айналуы мүмкін. 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



175

Сондықтан,  бұл  сөз  қандай  мағынада  қабылданса  да, 

оның астарында «мұнай долларының» көбеюіне байланысты 

әртүрлі қауіптер де жасырынып жатуы мүмкін. Атап айтсақ, 

әлеуметтік сала шығындарының тым ұлғайып кету қаупі де 

жоқ емес. мысалы, Нигерия, Венесуэла және Сауд Арабиясы 

секілді елдердегі мұнай сатудан түскен кірістердің есебінен 

әлеуметтік  блокқа  жұмсалатын  шығындардың  еселеп  өсіп 

кетуі  осыған  дәлел  болады.  2004  жылы  болған  кездесуде 

қазіргі  Сауд  Арабиясының  королі  маған  бір  әңгіме  айтты: 

бұрын өздері шетелдіктерді жұмыс істеуге мәжбүр етсе, енді 

бұл  арабтарды  жұмыс  істеуге  мәжбүр  етеді  екен.  Себебі, 

арабтар  мемлекеттің  есебінен  күн  көрген  масылдықтан  

барып,  жұмыс  істеу  қабілетінен  айырылып  қалыпты.  Қазір 

мұндай мемлекеттік жәрдем көрсету тоқтатылған. Әрине, бұл 

ұлтқа жаны ашымағандық емес, масылдықтың жаппай етек 

алуынан келіп туындаған шара болса керек. 

Сол сияқты, 70-ші жылдардың ортасында Венесуэла мен 

Нигерияда осыған ұқсас мемлекеттің әлеуметтік шығындар-

ды ұлғайту стратегиясы қабылданған. бұл елдер әлеуметтік 

игіліктерге қол жеткізу үшін мемлекеттік бюджеттің шығыстар 

бөлігін күрт ұлғайтқан (орта есеппен 74,5% және 32,2%-ға). 

бұлай  ұлғайтудың  мүмкіндігі  негізінен  осы  мұнай  сатудан 

түскен кірістерге байланысты болған. Шығындарды ұлғайту 

шынында да еңбекпен қамту құрылымын, тауарлар өндірісі 

мен  қызмет  көрсету  саласын,  тұтынуды  қаржыландыру 

мен тұрғын үй құрылысын кеңейтуге, салықтарды азайтуға 

көмектескен.  Алайда  «қара  алтын»  бағасының  өсуі 

тоқырағаннан кейін, мелекеттің шығындары мұнайды экс-

порттаудан тапқан кірістердің деңгейінен асып түскен. 

Әлеуметтік  бағдарламаларды  қаржыландыруды  жал-

ғастыру үшін енді сырттан қарыз алуға тура келген, бұл өз 

кезегінде  сыртқы  қарыздың  өсуіне  әкеп  соқты.  тек,  1976 

жылдан 1982 жылға дейінгі кезеңдерде бұл елдердің қарызы 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

176

жыл сайын орта есеппен 45%-ға өсті. ертеңгі күнді ойламаған 

саясаткерлердің  дұрыс  шешім  қабылдамауы  нәтижесінде, 

бюджет пен баланс төлемдерінің тапшылығы пайда болды, 

мұның өзі іс жүзінде мемлекеттің банкротқа ұшырауына және 

қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуіне киліктірді. Қысқасы, 

еркін ақшаның молшылығы бұл елдердің экономикасының 

қуаттылығы мен қабілеттілігін төмендетіп, олардың одан әрі 

қарайғы мұнай экспортына тәуелділігін арттырды. 

тіпті,  Солтүстік  теңізде  мұнайдың  табылуына  байла-

нысты  экономикасы  тұрақты  түрде  дамыған  Норвегияның 

өзі әлеуметтік қамту шығындарын ұлғайтудың нәтижесінде 

«голландиялық ауру» деп аталатын проблемаларға тап болды. 

Ал енді осы жайды басқа жағынан қарастырып айтатын 

болсақ,  мысалы,  шығыс-азиялық  елдерде,  әсіресе,  Жа-

понияда  ешқандай  табиғи  байлықтың  болмауы  мұндағы 

бюрократтық элитаны ел экономикасының әлсіздігін сезінуге 

мәжбүр  етті.  Алдымен  экономикалық,  сонан  кейін  саяси 

тәуелсіздікті жоғалтып аламыз деген қорқыныш оларды өз 

өнімдерін экспорттқа бағыттау және бәсекеге қабілеттіліктің 

көмегімен  табыс  табу  мақсатына  елдің  ішкі  мүмкіндіктерін 

шоғырландыруға итермеледі. 

Сол себепті біз мұнай сатудан түскен түсімдер мемлекеттің 

тұрақты кіріс көздері болып табылмайтынын түсінуіміз керек. 

бұл  жағымсыз  жайлар  алдағы  уақытта  жоғарыда  айтқан 

«голландиялық ауру» проблемаларынан бастап, ақыр соңы 

сол мұнай байлығының сарқылып бітуіне алып келуі ғажап 

емес. мен ондай мемлекеттерді де білемін. 

Айтпақшы,  Қазақстанның  бай  қоры  туралы  айтқанда, 

әртүрлі дабыра цифрлармен алданып қалуға болмайды. Иә, 

біздің қорлар сондай қомақты, алайда мұнайға деген әлемдік 

сұраныстың өсу қарқынын есепке алар болсақ, біз олармен 

қандай  мерзімге  қамтамасыз  етілеміз?  мысалы,  «бритиш 

Петролеум» және «Энергия мира–2005» компанияларының  



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



177

жыл  сайынғы  баяндамаларындағы  мәліметтер  бойынша, 

мұнайды  өндіру  мен  мұнай  бағасының  қазіргідей  көлемі 

жағдайында, оның әлемдегі қоры 40 жылға ғана жетеді екен. 

Сонымен қатар Ресейдегі мұнай 21 жылдан сәл ғана артық 

уақытқа  жететін  көрінеді.  Ал  өзінше  мұнайдың  «Әлемдік 

орталық  банкі»  атанған  Сауд  Арабиясының  мұнайы  42 

жылға, Иранда 89 жылға жететіні айтылуда. Қазақстанда, осы 

баяндамадағы мәліметке сәйкес, мұнайдың қазіргідей үлкен 

қоры мен әзіргі өндірудің біршама шағын көлеміне қарай, 

ол 83 жылға жетеді деп болжау жасалған. мұнай өндірудің 

көлемі  өскен  сайын  бұл  мерзімнің  толық  қысқаратыны  да 

белгілі. 

Қазақстанға мұнай долларынсыз, немесе, ел айтатындай 

«мұнай инесіне» дағдыланбай-ақ өмір сүруге үйрену қажет. 

Өндіріс таппаған ақшаны әлеуметтік салаға жұмсауға немесе 

жалақыны жөнсіз көтеруге әуестенбеу, оны әлде бір «қиын 

күндерге» сақтау өте маңызды. 2000 жылы біз құрған Ұлттық 

қор,  атап  айтқанда,  осы  мақсатты  көздейді  және  жөнсіз 

жойымпаздық пен құнсыздану қысымын төмендетудің негізгі 

құралы болып табылады. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  активі  2006 

жылғы  1  қарашадағы  он  екі  миллиард  АҚШ  долларынан 

асып кетті де, 12 087,39 млн АҚШ долларына, немесе 1 586 

млрд теңгеге тең абсолюттік көрсеткішке жетті. Қордың негізгі 

түсімдері шикізат секторы ұйымдарының түскен жоспардан 

тыс кірістерінен түсті. осы жерде біздің Ұлттық қорымыздың 

үлгісімен  2004  жылы  1  қаңтарда  Ресей  Федерациясының 

тұрақтандыру қоры құрылғанын атап кеткен орынды болмақ. 

мен  бірнеше  сөзді  мына  мағынада  айтайын:  Ұлттық 

қорды, шын мәнінде «болашақ ұрпақтың қоры» деп атаса да 

болар еді, өйткені біздің балаларымызға тиесілі мұнайды, жер 

байлықтарын сатқанда, біз оларды өткінші қажеттіліктерге 

шашуға  немесе  бүгінгі  күннің  проблемаларын  олардың 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

178

есебінен шешуге хақымыз жоқ. біз осы қаржының бір бөлігін 

құрылыстар салуға және елімізді дамытуға – балаларымыз 

бен  немерелерімізге  қалдыратын  үйімізді  абаттандыруға  

ғана жұмсай аламыз. 

мәселен, таяу арадағы жылдарда Қазақстан зор көлем-

де  инфрақұрылымға  инвестиция  салуы,  ең  алдымен,  оны 

Солтүс тік-батыс және оңтүстік-батыс бағыттарында іске асы-

руы қажет. біз Қызылордадан Ақтауға және Атырауға қарай, 

оралдан  Ақтөбеге  қарай  басталатын  батыс  транспорттық 

шеңберін  қосуымыз  керек.  елімізде  қабылданған  көлік 

байланысы жүйесін дамытудың стратегиясы Ресейдің еуро-

палық  бөлігінен  басталып,  Қазақстанның  батысы,  оңтүстігі 

және  солтүстігі  арқылы  өтетін,  сөйтіп  Қытайға  дейін  бара-

тын  транзитті  автожол  салуды  қарастырады.  темір  жол-

дар  батыс  Қазақстан  мен  Қытайды  байланыстыруы  керек. 

Әуежайларды,  электр  желілерін  және  станцияларын  салу 

және қайта жарақтандыру іске асырылады. 

Аймақтардың көлік өткізу мүмкіндігін жеделдету арқылы 

біз халқымызды одан сайын біріктіре түсеміз. Сонымен бірге біз 

осы аймақтардың тұрғындары мен бизнестерінің еліміздің Ал-

маты сияқты қаржы және білім орталықтарына, орталық және 

Шығыс  Қазақстанның  өнеркәсіптік  кластерлеріне, оңтүстік 

және Солтүстік Қазақстанның азық-түлікті аймақтарына қол 

жеткізуіне мүмкіндік жасай аламыз. мұнайдан түскен табысты 

ақылмен  және  іскерлікпен  тиісті  жеріне  жұмсай  білсек,  ол 

еліміздің байлығы мен тұтастығын одан сайын арттырмақ. 

осының бәрі біріккенде, таяу араларда каспий шельфін 

кең  көлемде  игеруге  қажетті,  бәсекеге  қабілетті  тауарлар 

шығаруға және қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік 

береді. одан әрі біз көмір-сутекті шикізатты тиімді пайдалануға 

және  мұнайхимия  өнеркәсібін  жалпы  дамытуға  қарай 

ойысамыз.  ілеспе  инфрақұрылымға  кіретін  айлақтарды, 

әуежайларды,  терминалдарды  қатар  дамыта  отырып, 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



179

Қазақстан өсудің жаңа аясына шығады, сонда мұнай жоғары 

технологиялық өнімдерді шығарудың құралына айналады. 

осы әлеуетті одан әрі көтеру мақсатында елімізге қажетті 

бірқатар стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды. 

олардың  ішінде  жоғарыда  және  бастапқыда  аталып  кет- 

кен,  каспий шельфін кешенді игеруге қолайлы жағдайлар 

жасауды  қарастыратын  «каспий  теңізінің  қазақстандық 

секторын  игерудің  мемлекеттік  бағдарламасы»  да  бар. 

2003  жылы  тамызда  мен  бекіткен  «2015  жылға  дейінгі 

индустриялық-инновациялық  дамудың  стратегиясында» 

елдің экономикалық салаларын диверсификациялау жолы-

мен тұрақты дамуға жеткізу, шикізаттық бағыттан кету, ұзаққа 

көзделген жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға 

өтудің шарттарын жасау негізгі мақсат ретінде көрсетілген. 

Қазір мен осы бағытта табысты жүріп келе жатырмыз деп 

айта аламын. Ал енді тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бәрі 

де осындай теп-тегіс бола қойған жоқ. ол кезде біздің мұнай 

бизнесінің «акулалары» бастаған дүниежүзілік трансұлттық 

мұнай  компанияларымен  келіссөздер  жүргізуімізге  тура 

келген. Жаңа идеялар, жаңа қадамдар, ең бастысы, бұрынғы 

ескі партиялық әдістерден ада кадрлар қажет болды. Ал ол 

кезеңде олар «ат төбеліндей» ғана еді. Сондықтан да болар, 

мен  «ескі  гвардияны»  «жас»  басқарушылармен  ауыстыру 

бағытында  жүріп  отырдым.  Әрине,  бұл  міндет  мен  үшін 

жеңіл болған жоқ, күмән де көп болды, бірақ басқа жолды 

таппадым. 

Инвесторлармен  жүргізілген  біздің  белсенді  келіссөз-

деріміздің  кезінде  мұнай-газ  секторының  маңыздылығын 

ескере  отырып,  мен  Парламенттің  алдына  тәжірибелі 

мұнайшы,  бойында  қуаты  мол,  мұнай  және  газ  министрі 

Нұрлан  балғымбаевты  Премьер-министрлікке  тағайындау 

жөнінде ұсыныс енгіздім. ол ктк құрылысын салуға бастама 

берген,  жоғарыда  көрсетілген  жұмыстардың  іске  асуына 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

180

едәуір  үлес  қосты.  Өкінішке  қарай,  оның  кезіне  оңтүстік-

Шығыс Азиядағы дағдарыс дөп келді, тұрмыс деңгейі түсіп 

кетті, осыдан барып ол отставкаға кетті. 

осы жылдар ішінде менің көз алдымда мұнайшылардың 

тұтастай  бір  үлкен  буыны  өсіп  қалыптасты.  біздің  көптеген 

мамандарымыз әлемге аты әйгілі мұнай компанияларында 

еңбек  тәжірибесінен  өтті,  сондай-ақ  мұнай  бизнесінің  ең 

үздік университеттерінің тыңдаушысы болды, шетел тілдерін 

үйреніп,  менеджменттің  әліппесін  меңгерді. мен  олардың 

тәрбиесімен тікелей айналысып, барынша көмек көрсетумен 

болдым.  Нәтижесінде,  олардың  көбі  жоғары  мемлекеттік 

лауазым иелері дәрежесіне дейін көтерілді. 

еліміздегі  мұнай  ресурстарының  молдығы  мен  олар-

ды  игеруге  құлшыныс  білдірген  мұнай  компанияларының 

көптігі арқасында біз келіссөздер жүргізуде жақсы тәжіри-

белер  жинақтадық.  осыған  байланысты  мен  біздің  жаңа 

ғана  іс  бастаған  басқарушыларымызға  мынадай  ақыл  бір 

берсем  деймін.  келіссөз  кезінде  сіздің  әріптесіңіз  сіздің 

әрбір  қадамыңызды  алдын  ала  білуге  тырысады,  ол  сіздің 

стратегиялық қимылыңызды қалай да өзгертуді немесе іске 

асырмай тастауды ойлайды. келіссөздің ұсақ-түйегіне дейін 

қатты көңіл аударған жөн, әсіресе оның тұзағына түсіп қалмау 

керек. барлық ұсақ табыстарды бір ғана үлкен жеңіліс мүлде 

жоқ етеді. 1990 жылдардың басындағы Ресейге қаржылық 

тәуелсіздігі – біз үшін сондай үлкен жеңілістің бірі бола жаз-

дады. 

Ұлттық теңгені енгізу Қазақстанның ірі жеңістерінің бірі 



болды. біз өзіміздің қаржылық тәуелсіздігімізді қалай қорғап 

қалғанымыз туралы әңгіме келесі тарауда айтылады.



теңге – біздің 

тәуелсіздік 

нышанымыз

 



1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал