Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет14/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

157

каспий өңіріндегі әрбір мемлекет, әуелдегі ресейлік ұстаным 

шеңберінде, тек 10 мильдік жағалауда және осы шектерде 

ғана теңіз түбінің минералдық ресурстарын барлау мен игеру 

мақсатында ғана айрықша құқықтарға ие болатын еді. Ал енді 

бұл аймақтардан тысқары ресурстарға келсек, ресейлік нұсқа 

бойынша, олар бірлесіп иемденуге жатуы және жағалаудағы 

бес  мемлекет  өкілдерінен  каспийдің  түбі  жөнінде  арнайы 

құрылған комитеттің басқаруына берілуі тиіс болды. 

Ресей 1921 жылдың 26 ақпанындағы РкФСР мен Иран 

(Парсы)  арасындағы,  1940  жылдың  25  наурызындағы 

кСРо  мен  Иран  арасындағы келісімшарттармен  бекітілген 

каспийдің  құқықтық  режимінің  қатаң  сақталуы  қажеттігін 

әрдайым баса көрсетіп отырды. Ресей жағы каспий теңізіне 

1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі біріккен Ұлттар Ұйымы 

конвенциясының қолданылуы Волга-Дон және Волга-балтық 

каналдарын халықаралық су жолдары ретінде мойындауға 

апарып соғатынын дұрыс атап көрсетті. Сонымен бірге Ресей 

бұл  оның  заңдарына  қайшы  келетінін,  сондай-ақ  каспий 

теңізін  басқа  мемлекеттер  үшін  ашық  етіп  қалдыратынын, 

оның  каспийдегі  ресейлік  мүддеге  сәйкес  келмейтінін 

мәлімдеді. 

Ресейлік тұжырымдаманың жүзеге асырылуы жағалау-

лық мемлекеттердің теңіз түбіне жақын аумақтарының ба-

сым  бөлігіндегі  жер  қойнауын  игеруде  өздерінің  егеменді 

құқығынан  бас  тартуын  көрсеткен  болар  еді.  Сонымен 

қатар, мұндай шешім каспий ресурстарын барлау мен игеру 

мақсаттарына шетел инвестицияларын тартуды қиындатып, 

қазіргі бар консорциумдардың жойылуына әкеліп соққан бо-

лар еді. Және де, ақыр-соңында, бірлесіп иемдену идеясының 

жүзеге асуы қиын іс екенін, әлемдік тәжірибеде осыған ұқсас 

үлгі боларлық оқиға болмағанын атап айтқым келеді. Қазіргі 

заманғы  халықаралық  құқық  теңіз  түбінің  ресурстарын 

мүдделі елдердің арасында бөлісу жолымен келе жатыр. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

158

мен осының бәрін каспий теңізінің құқықтық мәртебе-

сіне  ресейлік  көзқарасты  өзгерту  үшін  Ресей  Президенті 

борис ельциннің көзін жеткізбек болған кезде айттым. біздің 

өзара  келіссөзіміздің  алғашқы  нәтижесінде  1996  жылдың 

27 сәуірінде Алматыда Ресей және Қазақстан Президенттері 

бірлескен  мәлімдемелерге  қол  қойды.  онда  екі  жақ 

минералдық және биологиялық ресурстарды игеру жөнінде- 

гі жұмыстарды жүргізуге бір-бірінің құқығын мойындады. 

Ақырында,  Иран  және  Әзірбайжан  Президенттерімен  

де осыған ұқсас құжаттарға қол қойылды. оларда каспийдің 

құқықтық  мәртебесінің  негізгі  элементтері  мен  теңіздегі 

қызметтерінің қағидалары бекітілді. 

1998 жылы 6 шілдеде б. ельцин екеуміз мәскеуде жер 

қойнауын  пайдаланудың  егеменді  құқығын  жүзеге  асыру 

мақсатында каспийдің солтүстік бөлігінің түбін межелеу ту-

ралы келісімге қол қойдық. бұл келісімнің қағидалы түрдегі 

жаңаша мәні екі жақтың бірлесіп иелену идеясынан біржола 

бас  тартып,  жаңарған  аралық  сызықтар  бойынша  Ресей 

мен Қазақстан арасында Солтүстік каспийдің түбін бөлісуге 

уәде  байласуында  еді.  Нәтижесінде  2000  жылдың  13  ма-

мырында мәскеуде Президент Путинмен жоғарыда аталған 

келісімге қосымша болып табылатын және өзгертілген аралық 

сызықтардың  координаттарын  белгілейтін  Хаттамаға  қол 

қойылды. 

Сонымен  қатар  Әзірбайжан  әу  бастан-ақ  көл  айдыны 

нұсқасын батыл жақтаған болатын. ондай жағдайда ұлттық 

секторлардағы теңіздің жер қойнауы мен түбін, беткі айдынын 

бөліп, сондағы пайда болған межелеу сызықтары мемлекеттік 

шекара болып табылатын еді. олар ұсынған нұсқа қатаң бөлу 

үлгісі деп аталды. мұндай жағдайда сауда, кеме қатынасы, 

балық аулау, сондай-ақ экологиялық ынтымақтастық, теңіздің 

басқадай биоресурстарын тиімді пайдалану және сақтау үшін 

қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтар 

тууы сөзсіз еді. 


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



159

міне,  осындай  ойлардан  соң  келіп,  ресми  баку  өз 

ұстанымын біртіндеп қазақстандық нұсқаға қарай ойыстырды, 

оған 2001 жылдың 29 қарашасында Әзірбайжан Президенті 

Г.  Әлиев  екеуміз  қол  қойған  Қазақстан  мен  Әзірбайжан 

арасындағы каспий теңізінің түбін межелеу туралы келісім 

мен оның 2003 жылдың 27 ақпанындағы Хаттамасы жарқын 

дәлел  болды.  2003  жылдың  14  мамырында  Алматыда 

Қазақстан  Республикасы,  Әзірбайжан  Республикасы  және 

Ресей  Федерациясы  арасында  каспий  теңізі  түбінің  өзара 

шектесетін  телімдерінің  межелесу  сызықтарының  түйісу 

нүктелері  туралы  үшжақты  келісімге  қол  қоюмен  каспий 

теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу үрдісі аяқталды. 

1997  жылдың  27  ақпанында  түрікменстан  Президенті 

Сапармұрат Ниязовтың Алматыға келген сапары кезінде мен 

оны бірлескен мәлімдеге қол қоюға көндірдім, онда «каспий 

теңізінің  мәртебесі бойынша  каспий  өңірі  мемлекеттерінің 

келісіміне  қол  жеткенге  дейін  екі  жақ  аралық  сызықтар 

жөніндегі  әкімшілік-аумақтық  шекараларды  делимитация-

лауды ұстанатындығы» жазылды. Сөйтіп, Ашхабад ең басты 

даулы  мәселелер  бойынша  Қазақстанмен  және  Әзірбай-

жанмен ынтымақтастықта болды. 

Алайда  жоғарыда  аталған  мемлекеттер  арасындағы 

келісілген  ұстанымдарға  қарамастан,  каспий  өңірінің  елі 

ретінде Иран, әлі күнге дейін  каспий теңізін каспийлік бес 

мемлекеттің арасында бес тең бөлікке (айдынында 20%-дан) 

бөлуге көндіргісі келіп жүр. бұл дегеніңіз қазіргі қолданыстағы 

шекараларды өзгерткендік болар еді, сөйтіп каспий теңізінің 

құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюдың мүмкін 

еместігінің бір себебі болып табылатын еді. Иран іс жүзінде өз 

аумағын басқа елдердің есебінен ұлғайтқысы келді. 

2002  жылдың  сәуірінде  Ашхабадта  каспийлік  мемле-

кеттер  басшыларының  Саммиті  болып  өтті.  Саммиттің  аяқ 

астынан өткізілуіне Сапармұрат Ниязовтың каспийлік елдер 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

160

Президенттерінің кеңесін құру туралы бастамасы себеп бол-

ды. бұл идея ирандықтар жағынан туындады-ау деп ойлай-

мын. ондағы жоба бойынша, кеңес каспийлік аймақтың түрлі 

елдерінің ағымдағы мәселелерін шешу мақсатында жылына 

бір рет мәжіліс өткізуі тиіс еді. 

бұл  ұсынысты  Әзірбайжан  Президенті  Гейдар  Әлиев 

үзілді-кесілді қолдамады.  мәжілістер арасындағы үзілістер 

кезінде ол маған: мұнымен олар мәселені шешпейді, «сөз-

бұйдаға» айналдырады, деді. Сонан кейін ол сөз арасында: 

«сіз бен біз әлемдік қауымдастық эмбарго қолданып отыр-

ған  Иранмен  бір  кеңесте  болсақ,  бұл  қалай  қабылданар 

екен?» дегенді де аңғартып өтті. Г. Әлиев ақылды, парасат-

ты, қашанда сабырлы адам еді. менің жадымда ол туралы 

әрдайым жылы сезімдер сақталған. 

Ұсынысты Қазақстан да қолдамады, өйткені бұл секілді 

институттарды құру мәселені толық мәнінде шешпейді, тек 

іс жүзіндегі жан-жақты пікір алмасу тәжірибесін бос сөзбен 

алмастырады. каспийлік мемлекеттер басшыларының кезекті 

бас қосуын, алайда, біз тегеранда өткізуді жоспарладық. 

каспийлік  мемлекеттер  басшылары  кездесуінің  

қорытынды  құжатына  (Декларация)  иран-әзірбайжан 

пікір  қайшылығы  басты  себеп  болуына  байланысты  қол 

қойылмады.  Ираннан  басқа  каспийлік  мемлекеттер  бас-

шылары жекелеген келісімдер негізінде өзгертілген аралық 

сызықтар  бойынша  ұлттық  секторларда  каспий  теңізін 

межелеудің қажеттігін мойындады. 

Қалай болғанда да, үрдістің табысты аяқталуы үшін енді 

негіз қаланды. ірі геосаяси қақтығыстардың дәуіріне айналған 

XX ғасырдың басында-ақ пайда болған: «Соғыстан әрдайым 

мұнайдың иісі сезіледі» деген нақылды еске ала отырып, біз 

барлық каспийлік елдердің күш біріктіруіне одан әрі қарай 

ұмтылатын боламыз. бұл күш біріктіру каспий теңізін достық 

пен ынтымақтастық теңізі жасауға бағытталатын болады. 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



161

каспийдің  мәртебесі  секілді  мәселені  шешу  кезінде 

асығыстық деген болмауы керек. мен келіссөздер үрдісінде 

аймақтың  барлық  бес  елінің  мүддесі  барынша  мол 

ескерілетініне  сенімдімін.  Өйткені  қазір  дүние  жүзінде 

интеграциялық  қатынастар  деңгейінің  маңызы  артқаны 

соншалық,  экономикалық  жаһандану  процесі  әлемдік 

нарықта емін-еркін өз үстемдігін жүргізіп, белгілі бір елдер-

дің  халықаралық  еңбек  бөлінісіндегі  рөлін  іс  жүзінде  би- 

леп-төстеудің тетігіне айналды. 

каспийдің  қазақстандық  шельфінде  мұнайдың  адам 

сенбес мол қоры бар екендігі туралы алғашқы хабардан кейін 

сарапшылар  мен  талдаушылардың  көпшілігі  түсінік  беру-

ден іркіліп, негізінен күдікті болжамдар жасады. бүгінгі күні 

олардың күмәнді болжамдары ақталған жоқ. каспий теңізінің 

солтүстік бөлігінде орналасқан ірі Қашаған кенішінің ашылуы 

каспийдің қазақстандық секторын игерудің бастамасы болды 

және әлемдегі ірі экспортшылар қатарындағы Қазақстанның 

әлеуеттік орнын түпкілікті белгілеп берді.

ә

лемдік

 

мұнАй

 

кАртАсындАғы

 

Қ

АзАҚстАнның

 

орны

Саясат экономикадан кейін бе, жоқ, әлде, керісінше ме 

деп ұзақ пікір таластыруға болады. Алайда бүгінгі күні мұнай 

саясаттың сөзсіз экономикалық қажеттіліктен барып туындай-

тынын айқындайтын мәселе екеніне жұрттың бәрі де келіседі 

ғой деп ойлаймын. ол жай ғана қажеттілік емес, энергиямен 

қамтамасыз ету мәселелерінің өткір қойылуынан туындайтын 

қажеттілік. 

барлық болжамдар мен есептеулер бойынша, мұнайға 

және басқа да энергиялық ресурс түрлеріне деген әлемдік 

сұраныс тек арта түсетін болады. мысалы, американ үкіметінің 

тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеулерге қарағанда, егер 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

162

АҚШ қазіргі кезде әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ретінде өзі 

пайдаланатын жеті мұнай баррелінің алтауын сырттан әкелетін 

болса, онда 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш сегіз бен он 

баррель  арасында  өседі  екен.  Әлемде  сырттан  әкелінетін 

мұнай көлемі жағынан екінші орындағы Қытайдың жоғарғы 

қарқынмен дамып отырған экономикасы 2030 жылға қарай 

өз сұранысының 80%-ға дейінгісін шеттен әкелінетін мұнай 

есебінен жабуға мәжбүр болады. 

Қазір экономикалық дамудың жаңа орталықтары, энергия 

қуаттарына сұранысы арта түскен жаңа аймақтар пайда бо-

луда. Сарапшылардың пікірі бойынша, энергияны тұтынудың 

ең серпінді көрсеткіші Қытайда, оңтүстік және Шығыс Азия-

да, Африка мен латын Америкасында өсе түсуі керек. бұл 

елдердегі мұнай тұтынудың өсуі өз шикізат көздерінің есебінен 

емес, әлемнің басқадай ресурсты аймақтарынан әкелінетін 

мұнай шикізатының өсуіне байланысты болмақ. Ал мұның 

өзі энергия қуаттарына жалпы әлемдік деңгейде сұраныстың 

арта түсетінін көрсетеді. 

Дәл  осы  жағдайдың,  тіпті  азырақ  дәрежеде  десек  те, 

еуропаға да қатысы бар. олай дейтініміз, Солтүстік теңіздегі 

көмір-сутегінің  қорлары  таусылып  келеді,  ал  саябыр 

экономикалық  өсу  жылына  2-3%  болғанның  өзінде,  тіпті 

табиғи газға көшкен жағдайда да мұнайға сұраныс аз да бол-

са арта түседі. Сонымен бірге 2010 жылдан кейін еуропада, 

Солтүстік теңіз бассейнінде көмір-сутегін өндірумен айналы-

сатын өнеркәсіп орындарының құлдырауы айтарлықтай белең 

алады деп күтілуде. 

Сайып келгенде, әлі де кемінде отыз жыл бойына мұнай 

негізінен әлемдік энергия көзі болып қала береді. Ғаламдық 

тұрақтылықты сақтау, индустрияландыруды одан әрі жүргізу 

және  техникалық  прогресті  экономикалық  жағынан  ынта-

ландыру қажеттілігі тиісті табиғи әлеуеті бар елдер түріндегі 

жаңа энергия көздерін табандылықпен талап етуде. Энергия 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



163

қуаттарына  деген  сұраныстың  шарықтап  өсуін  тудыратын 

факторларға:  мәселен,  қазіргі  игеріліп  жатқан  шикізат 

көздерінің  болашақта  таусылып  бітуіне,  әлемнің  мұнайлы 

аудандарындағы саяси жағдайдың қиындауына, өркендеп 

дамыған  экономиканың  өрістей  дамыған  сұранысы  мен 

ғаламшар  тұрғындары  санының  өсуіне  қарағанда,  бұл 

елдердің  әлемдік  қауымдастыққа  кіруіне  ештеңе  кедергі 

келтірмейтін секілді. оның үстіне, олар тіпті бұдан тыс қалғысы 

келсе де, тіпті сырт қала алмайды. «Қара алтынның» бағасы 

– тура және жанама мағынасында айтқанда өте биік. 

бұның  бәрі  интеграцияның  болмай  қалмайтынын  көр-

сетеді; алайда мұның өзі әрбір ел үшін оның халықаралық 

еңбек бөлінісінде қандай рөл атқаратыны әлдеқашан алдын 

ала айқындалып қойған деген сөз емес. 

Әрбір  ел  интеграциялық  үрдіске  өзінің  жинақтаған 

мүкамалымен  кіреді.  ондай  мүкамал  әртүрлі:  ой  еңбегі, 

индустриялық-технологиялық,  мәдени  және  ресурстық 

әлеуеттер  немесе  олардың  қосындысы.  осы  елдердің 

мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  әлемдік  нарық  белгілі  бір 

мемлекетті қабылдау шартын алға тартады. Әрбір ел өзінше 

«мүшелік жарна» төлейді, – яғни аталмыш кезеңде экономи-

каны интеграциялауға қандай үлес қоса алады, соны қосуы 

керек. Алайда, «мүшелік жарна» төленіп, әлемдік нарықтық 

қауымдастыққа кіргеннен кейін, ондай ел «мүшелік жарнаның 

мөлшеріне» қарай әлемдік экономикада өзіне берілген орын-

мен шектелуі немесе өз диспозициясын түбегейлі өзгертіп, 

ұлттық шаруашылықтардың мәртебелік жүйесінде бір саты 

жоғары жылжуға тырысуы мүмкін. 

Қазіргі  қалыптасқан  жағдайда  ғаламдық  экономика, 

айталық,  Қазақстан  үшін  интеграцияланған  экономикаға 

қатысуға қажетті «мүшелік жарна» қандай болуы керектігін 

айқындап  қойған.  бұл  халықаралық  ірі  компаниялардың 

алдынан  біздің  еліміздің  табиғи  ресурстарына,  негізінен, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

164

көмір-сутегі энергия қуаттары мен түсті металдарына қарай 

жол ашқандығы еді. 

Сондықтан  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында-ақ  

эконо микамыздың, дәлірек айтқанда, мұнай-газ секторының 

дамуына  біздің  ерекше  назар  аударуымыз  соншама 

таңданарлық жай емес еді. Өйткені біз үшін мұнай мен газ – 

бұл тек отын-энергетикалық және стратегиялық ресурс қана 

емес. бұл – біз үшін транзиттік кезеңнің күрделілігін түзеуге 

және кеңес одағындағы бірыңғай интеграциялық кеңістіктің 

тарауынан болған шығындардың орнын толтыруға тезірек 

көмектесетін алғашқы негіз. 

Дегенмен  тағы  да  атап  көрсетейін:  алғашқы  мезгілде 

ха лықаралық  еңбек  бөлінісі  үрдісіндегі  біздің  атқаратын 

рөліміз  ешқандай  да  үздіксіз  болатын  жазмыштық  нәрсе 

емес. Әңгіме аталмыш мезгілде біздің транзиттік экономика 

әлемдік қауымдастыққа нақты не ұсына алатынында болып 

отыр. Және де шаруашылық қатынастардың деңгейі әзірше 

бізге  әлемдік  нарықта  белгілі  бір  орынды  иелене  отырып, 

өз мүмкіндіктеріміздің жаңа түрлерін іздеуге әзірше мұрсат 

бермейтінін ұмытпауға тиіспіз. 

біздің мемлекетте іс жүзінде дамудың шексіз әлеуеттері 

бар деп айтудан мен қорықпаймын. бұл әлеуетті пайдаланып, 

әлемдік аренада лайықты орын алу үшін, тек саяси реформа-

ларды жүргізумен қоса, тұтастай бірқатар шараларды жүзеге 

асыру қажет. 

Экономиканың алғашқы қалыптасу кезеңінде біз энер-

гия  қуаттары  мен  металдарды  сыртқа  шығару  әлеуетін 

пайдаландық.  Ал  дамудың  келесі  кезеңінде  ресурстық-

экспорттық  әлеуетке  арқа  сүйей  отырып,  принципті  түрде 

басқаға негізделген бар экономиканы: жоғары технология 

мен инновацияны, шикізатты өңдеу мен кәдеге жаратудың 

дамыған индустриясын құруға ұмтылатын боламыз. 

Ал әзірше біз тек экономикамызды дамытудың алғашқы 

кезеңінің шептерінен өтіп жатырмыз – бұл кезеңде біз әлемдік 


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



165

нарыққа табиғи шикізаттарды сыртқа шығаруға бағдарланған 

ел  ретінде  кіреміз.  бұл  енді  жалт  бұрылып  кету  көрегендік 

болмас  еді,  өйткені  бұл  кезеңде  Қазақстанның  әлемдік 

қоғамдастыққа ұсынар кәдесі бар. 

Құдайға шүкір, бұл осылай, әлем бізге мүдделі. Қазақстан 

үшін  ендігі  мәселе  қолдағы  бар  ресурстарды  еліміз  бен 

халқымыздың  игілігіне  ақылмен  пайдалана  білуде  болып 

отыр. 

Қазақстанның жер қойнауы әлі де көп бөлігі игерілмеген 



табиғи байлықтарға толы. кеңес уақытындағы: «Қазақстанның 

жер  қойнауынан  менделеев  таблицасының  барлық  эле-

менттері табылады» деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек. 

біз жер қойнауында жасырынған осы мол байлықтың жүзден 

бір  бөлігін  де  игергеніміз  жоқ.  Қазіргі  кезде  біздің  еліміз 

табылған мұнай қорының көлемі жөнінен (каспий шельфіндегі 

энергоресурстарды есепке алмағанда) дүние жүзінде 12-ші 

орында, газ бен газ конденсаты жөнінде – 15-ші орында тұр. 

Қазақстан үлесіне әлемдегі табылған және барланған мұнай 

қорының (каспий шельфіндегі энергия ресурстарын есепке 

алмағанда)  3-4%-ы  тиеді.  Ал  Қазақстанның  құрлықтағы 

бөлігіндегі көмір-сутегі ресурстары қазіргі мезгілде 2,8 млрд 

тонна мұнай мен 1,8 трлн текшеметр газға тең. 

1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігіміз жариялан-

ған кезде мұнай мен газдың жеткілікті мол қоры бар екені 

туралы  болжаулар  бола  тұрып,  Қазақстанның  жылдық 

мұнай өндіруі 25 млн тонна, ал газ – 8 млрд текшеметр ша-

масында  болды.  Қазір  біз,  каспийлік  шельфтің  барланған 

ресурстарын  игеру  бағдарламасын  орындай  отырып, 

әлемдегі  ең  ірі  көмір-сутегін  өндірушілердің  бірі  болуға 

қадам басып келеміз. каспий шельфіндегі қорларды есепке 

алғандағы Қазақстанның көмір-сутегі ресурстары 12 млрд 

тонна мұнай-шикізаты және 2-3 трлн шаршы метр табиғи газ 

мөлшерімен бағаланады, ал қолдағы бар қорларға қосымша,  



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

166

1,6 млн километрден астам болашақта игерілуге тиісті жер 

телімдері өз алдына.

«Қазақстан, 15 миллион тұрғыны бар, Орталық Азия 

далаларында орасан зор аумақты алып жатқан ел, энергия 

ресурстарының әлемдік нарығында барған сайын маңызды 

ойыншыға  айналып  келеді.  Каспий  ауданында  мұнай 

шикізатының  ең  үлкен  қоры  бар  бола  тұрып,  Қазақстан 

күнделікті 1,2 миллион баррель өндіреді және осы көлемнен 

бір миллионды сыртқа шығарады. Ел Үкіметі 2015 жылға 

қарай  күнделікті  өндіруді  3,5  миллион  баррельге  дейін 

ұлғайтуға, сөйтіп осы көрсеткіштер бойынша Иранды басып 

озуға үміттенеді. Американдық және ресейлік компаниялар, 

сондай-ақ осы елдердің үкіметтері Қазақстан мұнайына қол 

жеткізу үшін күресуде».

Питер Бейкер (Peter Baker), «The Washington 

Post», АҚШ, 29 тамыз 2006 ж.

міне,  мұның  бәрі  экономиканың  мұнай  секторының 

перспективалары  туралы,  демек,  Қазақстанның  әлемдік 

энергия ресурстары клубында жеткілікті түрде жоғарғы орын 

алуына қабілеттілігі туралы куәлік етеді. Сайып келгенде, мен 

таяу болашақта қазақстандық мұнай секторы экономикалық 

жағы секілді саяси жағынан да маңызды рөл атқарады деп 

санаймын. 

бүгінде  Қазақстанда  өндіруші  аймақтардан  құбырлар 

жүйесіне  дейін  көмір-сутегін  сыртқа  шығаруды  одан  әрі 

қамтамасыз етуге қабілетті, мұнай мен газды тасымалдаудың 

біршама  дамытылған  инфрақұрылымы  бар.  каспийлік 

құбырлар консорциумы аса маңызды экспорттық құбырлар-

дың бірі болып табылады. 

каспийлік  құбырлар  консорциумы  жалпы  ұзындығы 

1510 километрлік  теңіз-Новороссийск құбыры құрылысын 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



167

салып, пайдалану үшін құрылған болатын. Аталмыш жобаның 

мақсаты – Ресей мен батыс Қазақстаннан мұнай шикізатын 

тасымалдау және оны жаңа теңіз терминалы арқылы Қара 

теңіздің солтүстік-шығыс жағалауына шығару. 

консорциумының алғашқы негізін салушылар 1992 жылы 

Қазақстан  үкіметі,  оман  сұлтандығы  және  кейінде  Ресей 

болды. 1996 жылы бізге каспий теңізінің қазақстандық сек-

торында игеру жұмыстарын жүргізетін бірқатар жеке меншік 

мұнай  компаниялары  келіп  қосылды.  2001  жылы  бірінші 

кезектегі  құбырлар  пайдалануға  берілді,  олардың  өткеру 

қабілеттілігі жылына 28 млн тонна мұнай көлемінде болды. 

ктк  құбырларына  мұнай  жіберу  2001  жылдың  26  науры-

зында басталды, осы жылдың қазанында ктк терминалында 

алғашқы танкерге байқау ретінде мұнай құю іске асырылды. 

теңіз-Новороссийск мұнай құбырын тарту идеясы сонау  

XX ғасырдың 90-шы жылдарында пайда болған еді. кеңес 

одағы құлағаннан кейін, Қазақстанның орасан мол мұнай 

қоры, әлемдік мұхитқа шығар жолы жоқ мемлекет ретінде, 

құрлықтың  ішінде  «қамауда»  қалды.  Алдын-ала  жасалған 

экономикалық  есептеулер  нәтижесінде,  өнімді  аз  шығын 

жұмсап,  ең  қысқа  жолмен  өткізуді  қамтамасыз  ететін 

ресейлік бағыт таңдап алынды. Ресеймен жоғары деңгейдегі 

келіссөздер 1994 жылдан бастап жүргізілді. Ресей жағынан 

мұнай  құбырын  салғысы  келмеген  қарсылықтарды  жеңе 

отырып, ортақ келісімге келуге тура алты жыл кетті. 

Қысқасы,  Ресей  Үкіметінің  төрағасы  В.  Черномырдин-

мен, Ресей Федерациясының мұнай және газ министрлігінің 

басшыларымен,  ақыр  соңы  б.  ельцинмен  арадағы  өте 

көптеген  келіссөздер  туралы  тұтастай  бір  кітап  жазуға  бо-

лады. бірде маған біздің Премьер-министр Н. балғымбаев 

келіп: «бітті! Жағалай бас тарту, ылғи іріткі салу, байқаймын, 

мәселе шешілмейтін түрі бар», – деді. мен оған тайға таңба 

басқандай етіп қысқаша хат дайындап, Ресей мұнай құбырын 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

168

тартуға  қатысудан  бас  тартқан  жағдайда,  өз  жері  арқылы 

мұнай тасымалдаудан түсетін қаншама ақшадан айырыла-

тынын қадап көрсетуді тапсырдым. 

б.  ельцин  кремль  ауруханасында  емделіп  жатқан  еді. 

мен сол ауруханаға бардым. екі сағатқа созылған әңгімеден 

соң мәселе шешілді. 1992 жылдың 17 маусымында бермуд 

аралдарында Қазақстан Республикасы мен оман сұлтандығы 

өкілдерінің арасында құбыр консорциумы туралы алғашқы 

келісімге қол қойылды. 

кейінде оған Ресей Федерациясы келіп қосылды. келісім-

де Ресей мен Қазақстан консорциумға қазірдің өзінде қолда 

бар құбырлар актив беретіні, ал оман жобаны қаржыланды-

руды  қамтамасыз  ететіні  қарастырылды.  консорциумге 

қатысушылардың үлесі тең етіп бөлінді. Алайда, оман қажетті 

қаржыны бере алмайтын болды. Инвестициялық жобаның 

1995 жылы дайындалған техника-экономикалық негіздемесін 

Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  сараптау  мекемесі 

жетілдіріп қайта жасауға жіберді. басты мәселе мынадай еді: 

келісімшарт мемлекетаралық деңгейде жасалғанда елде жаңа 

басталған  жекешелендіру  үрдісі,  демек,  каспий  мұнайын 

өндірумен  айналысатын  негізгі  компаниялардың  мүддесі 

ескерілмей  қалған.  оны  оманға  жобаны  қаржыландыру 

кепілдігін беруден бас тартқан еуропалық қайта құру және 

даму банкісі де атап көрсеткен-ді. 

Сол  мезгілде  Ресей  мен  Қазақстанда  мұндай  жобаны 

жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база жоқ еді. ең алдымен 

бұл  валюталық  қаржының  еркін  айналымы  туралы  мәселе 

болды, ал онсыз жобаны ашық қаржыландыру мүмкін емес 

еді.  1997  жылдың  19  сәуірінде  мен  жобаны  валюталық 

жағынан  реттеу  мәселелеріне  қатысты  «каспийдегі  құбыр 

консорциумы  туралы»  Жарлыққа  қол  қойдым.  Соның  ар-

тынша 24 сәуірде осыған ұқсас жарлыққа б. ельцин де қол 

қойды. бұл жарлықтардың шешуші маңызы болды, алайда 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі




1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал