Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры



жүктеу 3.5 Mb.

бет13/38
Дата08.01.2017
өлшемі3.5 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

145

келіссөздерді халықаралық құқықтың дербес нысаны ретінде 

жүргіздік. Дегенмен, келісімдер бойынша бірден келіспеушілік 

пайда болды. 

мен  бұл  арада  келіссөздерді  терең  талдап  зерделеуім 

қажет болғанын айтуға тиіспін. мұндай сәттерде мәселенің 

мәнісін  түбегейлі  анықтап  білу  басты  күшке  айналды.  біз 

келіссөздер кезінде Қазақстанның болашақ тағдыры шеші-

летінін  түсіндік.  Әңгімені  байыпты  есептер  мен  бұлтартпас 

дәлелдерге негіздей отырып, төмендегідей мағынада жүр- 

гізу талап етілді. 

біріншіден,  теңіз  кенішінде  атқарылған  істерді  қалай 

бағалау  керек?  «Шеврон»  жұмсалған  шығындарды  бізге 

өте  тиімді  рубль  бағамы  бойынша  (жайшылықтағы  есеп 

айырысу кезіндегіден 35% кем) есептеуді ұсынды. Алайда 

мұндай алдаусыратқан ұсыныстарға көнуге болмайтын еді, 

өйткені ол уақытта теңіздегі тек жаңа қондырғылар құнының 

өзі 850 млн АҚШ долларына бағаланған, оның үстіне кенішті 

жұмысқа бейімдеп абаттандыруға 1,5 млрд рубль шамасын-

да  шығындалған  болатынбыз.  Нәтижесінде  біз  жұмсалған 

қаржыны дербестік жолымен бағалауды ұсындық. 

екіншіден,  жобаны  инвестициялау  схемасы  сұрақтар  

туындатты. Несиелерді кім алуы керек? Жобаны қаржылан-

дыру қалай жүзеге асырылады? біз «Шевронның» тек бірлес-

кен кәсіпорындарды құруға қатысып қана қоймай, оған тіке-

лей және қомақты түрде атсалысуын талап еттік. 

Үшіншіден,  біз  теңізді  барлау  мен  игеруге  әуелгіде 

бөлінген аумақтарға қарсы болдық. «Шеврон» 23 мың шаршы 

километр аумақ қажет дегенді айтты, ал мұны қазіргі Атырау 

облысының аумағымен салыстыратын болсақ, оның өзі небәрі 

118,6  мың  шаршы  километр  ғана  еді.  бұл  біз  үшін  тиімсіз 

болды. біз 2 мың шаршы километр болсын дедік. 

төртіншіден, біз пайдадан алынатын американдықтардың 

үлесін  13%-ға  дейін,  ал  қазақстандықтардікін  87%  мөл-



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

146

шерінде  белгілеуді  ұсындық,  сонымен  қоса  бірлескен 

кәсіпорындағы американдықтарда – 38%, кСРо-нікі – 62% 

болған одақтық үлесті қайта қарау қажеттігін айттық. 

бесіншіден,  роялти  (табиғи  ресурсты  пайдалану  құқы-

ғынан  алынатын  төлемдер)  мөлшері.  «Шеврон»  7%-ға 

тоқтауды  ұсынды,  бүкіл  әлемде  роялти  жобадан  түсетін 

пайдаға байланысты орташа есеппен 17% шамасында бо-

латын. 

Алтыншыдан, саяси тәуекелдік деңгейі. Американдықтар 



оны  латын  Америкасы  мен  Африкадағы  инвестициялық 

тәуекелден бірнеше есе жоғары бағалады. 

Жетіншіден,  біз  жер  пайдалану  үшін  ақыны  өсіруді, 

сондай-ақ бонустар мөлшерін 50 млн АҚШ долларынан 100 

млн  АҚШ  долларына  дейін  өсіруді  ұсындық.  Және  де  жер 

қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін ақыны 10 млрд АҚШ 

долларынан 25 млрд АҚШ долларына дейін өсіру ұсынылды. 

келіспеушілікті тудырған жалпы соманың мөлшері 17 млрд 

АҚШ долларына жуық болды. 

Нәтижесінде  осының  бәрі  келіссөздерді  тығырыққа 

әкеп тіреді. «Шеврон» біздің негізгі талаптарымыз бойынша 

айтылғандарға көнгісі келмеді. бірақ біз оқиғаның осылайша 

өрбуіне дайын едік. біз қолайлы сәтті пайдаланып, тәуекелге 

бел байладық. 1992 жылғы наурыздың аяғында қазақстандық 

жақ, егер де «Шеврон» айтқанға көнгісі келмесе, онда олар-

мен  келіссөздерді  тоқтатуға  және  теңіз  кен  орнын  игеру 

жөнінде  халықаралық  конкурс  жариялауға  мәжбүр  екенін 

жариялады. бізде әлі мұндай конкурстар жүргізу үшін заңдар 

жоқ болса да солай еттік. 

Алайда  мен  ымыраға  келу  табысқа  жетудің  маңызды 

шарты  екенін  түсіндім.  «Шеврон»  да  ымыраға  келгісі 

келетінін  біз  білдік.  Алдымен  біз  мұндай  ымыраға  кел-

мес  бұрын,  өз  елімізге  зиян  келтірмей,  көнуге  мүмкін 

болатындай  шекті  нақтылап  айқындадық.  бұл  есебіміз 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



147

дұрыс болды, біраз уақыттан соң «Шеврон» біздің шартқа 

көнді.  Әрине,  кішігірім  мәселелерде  біздің  де  олармен 

келісуімізге  тура  келді.  мысалы,  теңіз  мұнайын  барлау 

мен  игеруде  жер  мөлшері  2  мың  шаршы  километрден  

4 мың шаршы километрге дейін ұлғайтылды. 

1992  жылдың  7  мамырында  Қазақстан  Республи-

касы  Үкіметі  мен  «Шеврон»  корпорациясы  арасында 

«теңізшевройл»  бірлескен  кәсіпорнын  құру  жөніндегі 

ынтымақтастық принциптері туралы Хаттамаға қол қойылды, 

соған  сәйкес  «теңізшевройл»  бірлескен  кәсіпорны  1993 

жылдың 1 қаңтарынан теңіз және королев кен орындарын 

одан әрі игеруге кірісетін болды. 

Сонан  кейін,  мен  1992  жылдың  мамыр  айы  аяғында  

АҚШ  Президенті  үлкен  Джордж буштың  шақыруы  бойын-

ша  Америка  Құрама  Штаттарына  тұңғыш  ресми  сапармен 

бардым.  Сапар  барысында  АҚШ  Президенті  Дж.  бушпен, 

мемлекеттік хатшы Дж. бейкермен, Қорғаныс министрі Р. Чей-

нимен, Қаржы министрі Н. брейдимен, Ауыл шаруашылығы 

министрі Э. мэндиганмен, АҚШ конгресінің сенаторлары-

мен, «Шеврон» корпорациясының директор-басқарушысы 

к.  Деррмен  кездесулер  болды.  менің  өмірлік  тәжірибем 

көрсеткендей, келіссөздердің әу басында-ақ әріптестермен 

жекелеген, достық әрі сенімділік қатынастар орната білу өте 

маңызды.  АҚШ-қа  барған  алғашқы  сапарымыздың  бары-

сында біз солай істедік. 

осы сапар кезінде біз екіжақты келісімдерге, соның ішінде 

сарапшылар «ғасыр келісімшарты» деп атаған, Қазақстанның 

теңіз және королев мұнай кен орындарын игеру жөніндегі 

«теңізшевройл»  бірлескен  кәсіпорны  туралы  құрылтайлық 

келісімге қол қойдық. 1993 жылдың 6 сәуірінде Алматыдағы 

«Достық үйінде» мен және «Шеврон» корпорациясының ди-

ректор-басқарушысы кеннет Дерр екеуміздің қатысуымызбен 

болашақ  келісімшарттың  негізгі  параметрлері  ескерілген, 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

148

«те ңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге 

қол  қойылды.  Сол  күні  мен  «теңізшевройл»  бірлескен 

кәсіпорнының қызметі туралы» Жарлыққа қол қойдым. 

Әлемдік ақпараттар агенттіктерінің арналары бойынша 

төмендегідей мәліметтер таратылды: «келісімшартқа сәйкес 

бірлескен  кәсіпорындағы  үлестер  мынадай  болып  бөлінді: 

Қазақстан  –  50%  және  «Шеврон»  –  50%.  Американдық 

жақ кен орнының құрылысы мен оны абаттандыру бойынша 

барлық шығындарды өзіне алды. бекітілген келісімшарттың 

пайдалану мерзімі – 40 жыл. бірлескен қызмет алаңы – 4 мың 

шаршы километр. бірінші кезектегі қаржы салымы – 1,5 млрд 

АҚШ доллары. Инвестицияның жалпы көлемі – 20 млрд АҚШ 

доллары.  Негізгі  мұнай  үлесі  экспортқа  шығарылады. төрт 

онжылдықта,  салықтар  мен  роялти  есепке  алына  отырып, 

жалпы  кірістер  210  млрд  АҚШ  доллары  шамасында,  ал 

шығындар  –  83  млрд  АҚШ  доллары  шамасында  болады, 

сонда  болжанған  кірістердің  80%-ы  Қазақстанға  қалады. 

осы төрт онжылдықта теңізде – 775 млн тонна мұнай, 32 

млн тонна пропан, 55 млн тонна жеңіл көмір-сутегін, 96 млн 

күкірт өндіру жоспарлануда». 

келісімшартқа қол қойыла салысымен-ақ, сын дегеніңіз 

қар ша  борады.  Америкалық  басылымдар  «Шевронды» 

бұл жобаға тәуекел етіп барғаны үшін, ал ресейліктер бізді 

американдықтарға сатылып кеткеніміз үшін сынады. 

Алайда бұл сындардың бәрі негізсіз еді. Қазақстан мен 

«Шеврон»  бұлайша  тәуекелге  барудың  қауіптілігіне  және 

келешектің соншалықты айқын еместігіне қарамастан, тыңнан 

жол салушылар, американдықтар айтқандай, пионерлер бол- 

ды, есесіне келер жылдары біздің еңбегіміз толықтай ақталды. 

тек өткен 2005 жылдың қорытындысы бойынша «теңіз-

шевройл»  ЖШС  13  млн  657  мың  тонна  мұнай  өндірді. 

кәсіпорын мұнайға қоса жолай 4 млрд 67 млн текше метр 

газ  алды.  бұдан  басқа,  2007  жылы  «теңізшевройл»  ЖШС 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



149

екінші кезектегі құрылыс объектілерін – жаңа газ өңдеу зауыты 

мен  жер  қыртысына  қажетсіз  газды  кері  айдайтын,  сөйтіп 

ұңғылардың пайдалану тиімділігін арттыратын жүйелер са-

луды жоспарлауда. бұл бізге айына шамамен миллион тонна 

мұнай өндіруді ұлғайтуға жағдай туғызады. екінші кезектегі 

объектілер аяқталғаннан кейін кәсіпорынның бүкіл қуатының 

өсуі жылына 11-12 млн тонна көмірсутегін құрайды. Нысан-

дар  толықтай  қуатымен  жұмыс  істегеннен  кейін, теңіз  кен 

орнындағы өндіруді жылына 25 млн тоннаға дейін жеткізу 

жоспарлануда. 

Өткенге көз жібере отырып, жас республика мен «Шев-

рон» арасындағы ынтымақтастық біздің еліміз үшін инвести-

циялық тәуекел деңгейін айтарлықтай азайтты деп айтуымыз 

керек. «Ғасыр келісімшарты» сол бір уақытта, тек енді ғана 

Қазақстанға инвестиция салу туралы ойлана бастаған басқа 

ірі  мұнай  компанияларына  берілген  жақсы  нышан  болды. 

Алайда шетел инвестициясын одан әрі тартуда бір ғана «Шев-

рон» өнегесі жеткіліксіз болды. Қазақстанға инвестиция салу 

үшін компанияларға заңды кепілдік керек болды. біз мұндай 

кепілдікті тек екі жылдан кейін, Президенттің «мұнай туралы» 

Заңы қабылданған соң барып қана бере алдық.



«м

ұнАй

 

турАлы

» з

Аң

, 1995 

жыл

біздің мемлекетіміздің алғашқы даму кезеңінде-ақ қажет-

ті заңдық базаның болмауына байланысты проблемалармен 

жиі кездесіп қалып отырдық. ол, сірә, мемлекетіміздің сан 

алуан бағыттарына қатысты болса керек. бұл жағдайда әсіресе 

дайындықсыз екендігіміз экономиканың түйінді салаларының 

бірі – жер қойнауын пайдалануда айқын сезілді. 

кеңес  уақытында  бәрі  мемлекеттің  меншігінде  болды, 

соған сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығына байланыс-

ты  қандай  да  бір  маңызды  мәселелерді  ресімдеу  қажеттігі 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

150

болмады.  кәсіпорын  кен  барлау  немесе  кен  орнын  игеру 

жұмыстарын  жүргізу  үшін  мұнай  және  газ  министрлігінің 

шешімі бойынша арнайы жер бөлінгеннен кейін ғана барып, 

тиісті мұнай операцияларын бастайтын. Сайып келгенде, мем-

лекетпен арадағы кәсіпорындардың немесе жер қойнауын 

пайдаланушылардың мүддесі ескерілетін әртүрлі құқықтық 

қатынастардың  мәні  болмады.  ол  уақыттағы  іс  жүзінде 

қолданылып  жүрген  заңдылықтармен,  негізінен,  өзара 

қарым-қатынастың техникалық жағы ғана реттелді. 

тәжірибе көрсеткендей, мұнай операцияларын реттеуші 

Заңның  болмауы  республиканы  инвестициялауға  кедергі 

келтіретін қолайсыз фактор болды. Инвесторлардың қаты-

суымен  еліміздің  минералдық  шикізат  ресурстарын  игеру 

үшін  тәуелсіздіктің  алғашқы  кезеңінде  кен  орындарында 

өз  қызметін  жүзеге  асыратын,  отандық  кәсіпорындар  мен 

шетелдік әріптестер арасында бірлескен кәсіпорындарды құру 

тәжірибесі пайдаланылды. ынтымақтастықтың негізі Қазақстан 

Республикасы  аумақтарында  бірлескен  кәсіпорындарды 

құру туралы келісімшарт болды. Жер қойнауын пайдалану 

құқығына,  қорыта  келгенде,  қазақстандық  кәсіпорындар 

ие болды. Ал шетелдік әріптестер, бірлескен кәсіпорындар 

құрамына  ене  отырып,  жер  қойнауын  пайдалану  құқығын 

бірлесіп  иемденушілерге  айналды.  Шетелдік  инвестиция-

ларды  тартудың  мұндай  түрі  іс  жүзінде тмД-ның  барлық 

аумақтарында кең қанат жайды. 

Қаржы  салуға  ниет  білдірген  шетелдік  инвесторлар, 

әрине,  неғұрлым  салмақты  кепілдіктер  алғысы  келеді. 

мұндай  кепілдіктер  беретін  заңның  болмауынан,  әрбір 

келісімшарттың  Парламентте  бекітілуі  немесе  олардың 

ел  Президенті  Жарлығымен  бекітілуі  тиіс  болды.  Әрбір 

келісімшарт үшін менің жеке өзіме жауапкершілік алуыма тура 

келді. Соған сәйкес, ұзақ жылдарға арналған жобаны жүзеге 

асыру кезеңінде келісімшарттарға қажет болған өзгертулер 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



151

мен толықтырулардың тек Президент Жарлығымен енгізілуі 

керек-тін. Демек, халықаралық деңгейде заңдық базасы жоқ 

мұндай қолапайсыз тәртіп мұнай-газ саласына шетелдік ин-

вестицияларды кеңінен тартуда қол байлау болып шықты. 

1994 жылдың ортасына қарай менің тапсыруым бойынша 

Үкімет «мұнай туралы» заң жобасын жасау жөнінде жұмыс 

бастады. отын және энергетика ресурстары министрлігінің 

басшылық етуімен жұмыс тобы құрылып, оған түрлі мемле-

кеттік органдар, ғылым, заң және қаржы институттары, өндіріс 

өкілдері  және  басқалар  кірді.  Жұмыс  тобы  өз  қызметінің 

бастапқы кезеңінде үлкен қиындықтарға тап болды; өйткені 

олар мемлекет мүддесін тиімді қорғайтын және шетел инве-

сторлары қабылдайтын осы заманғы заң жобаларын жасауға 

тиісті болды. бәрінен қиыны қалыптасып қалған менталитетті 

жеңіп шығу болды. Қоғам ондаған жылдар бойы өзінің еңбек 

қызметін жаппай мемлекеттік меншік негізінде жүзеге асырып 

келген. енді жеке меншік секілді ұғымға үйреніп, тек мемлекет 

мүддесін ғана емес, сонымен бірге жекелеген инвестордың 

мүддесін де қорғайтын заңды дайындау қажет болды. 

бұған қоса Заң Үкіметтің, түрлі кәсіпорындардың, адам 

топ тарының,  шетелдік  инвесторлардың  мүдделері  нақты 

тоғысатын  ел  экономикасының  маңызды  бір  саласындағы 

өзара  қатынастардың  құқықтық  негіздерін  тағайындайтын 

болғандықтан,  ол  Жоғарғы  кеңесте  ұзақ  талқылаудың 

мәселесіне айналды. 

Ал,  сондай  заң  жобасының  түпкілікті  нұсқасы  дайын 

болған кезде Жоғарғы кеңес таратылып жіберілген болатын. 

Сондықтан экономикалық реформаларға негіз қалаған 140 

маңызды заңдардың бірі –«мұнай туралы» Заңды Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  1995  жылғы  28  маусымдағы  

№ 2350 заңдық күші бар Жарлығымен мен қабылдадым. Со-

нымен, осы Жарлықтың арқасында біз қазақстандық мұнайды 

игеру тарихының жаңа тарауын бастадық. 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

152

Жер  қойнауындағы  мұнай  мемлекеттік  меншік  болып 

табылатыны  заңмен  бекітілді,  ал  жер  бетіне  шығарғаннан 

кейін оның кімге тиесілі екені Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  жер  қойнауын  пайдаланушылар  арасында 

жасалған  құқықтық  актілермен  айқындалатын  болды.  Заң 

біздің  елімізде  мұнай-газ  операцияларын  жүзеге  асыру 

жөніндегі  шарттардың  бірнеше  түрін  қарастырды.  олар: 

салықтар мен роялти (табиғи ресурсты пайдалану құқығынан 

алынатын  төлемдерді)  төлеуге  негізделген  концессиялық 

шарт, өнімді бөлісу туралы келісім, қызмет көрсету жөніндегі 

шарттар еді. Заңға сәйкес, кен барлау жұмыстарын жүргізген 

кездегі  қаржылық  тәуекелдік  инвесторға  жүктелді. мыса-

лы,  барлау  кезінде  мұнай  көзі  табылмаса,  инвестордың 

жұмсаған қаржысы өтелмейді. Сонымен қатар, инвестор үшін 

келісімшарттарда  геологиялық-барлау  жұмыстарының  ең 

төмен көлемі көрсетілетін болды, ал оның нақты көлемі мен 

ақшалай мөлшерін тиісті мемлекеттік орган тағайындайтын 

болды. барлау мерзімі біткен кезде шарт орындалмай қалған 

жағдайда,  инвестор  ең  төмен  деңгейдегі  жұмыс  көлемінің 

шартты көрсетілген бағалау құнының пайдаланылмаған со-

масын мемлекеттік бюджетке төлеуі керек. 

Заң келісімшарттар бойынша инвесторлар үшін мемле-

кетке  де  жеткілікті  кепілдіктер  жүктейтін  міндеттемелер 

тағайындады, сондықтан олар Қазақстан Республикасы Пре-

зидентінің Жарлықтарымен жер қойнауын пайдалану туралы 

келісімдердің  бекітілуін  енді  қайтып  сұрамайды.  Заңның 

қабылдануы, басқа посткеңестік елдермен салыстырғанда, 

Қазақстанның «елдік тәуекелдігін» айтарлықтай азайтты. Заң 

жүзінде бекітілген «ойын ережесі» қолдарында болғандықтан, 

келісімшарттарға қол қоюға қатысушылар мүддесіне қандай 

да  бір  нұқсан  келтірілмейтінін  сезінген  шетелдік  мұнай 

алыптары  қазақстандық  кен  орындарын  игеруді  батыл 

инвестициялауға алаңсыз кірісе алатын болды. 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



153

«мұнай  туралы»  Заң  еліміздің  экономикалық  игілігін 

нығайту ісінде өзінің тарихи рөлін атқарды. осы заңның арқа-

сында  жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы  біздің  елдің 

саясаты анағұрлым айқын әрі алдын ала ойластырылған іс 

болды. біздің беделіміз бен атақ-абыройымыз жылдан-жылға 

өсіп нығая түсті. елімізге шетелдің мұнай алыптары бірінен 

соң бірі келе бастады.



«Қазақстан мұнай ресурстарын тиімді пайдаланып қалу 

үшін өзінің алдында қандай зор мүмкіндіктер тұрғанын шын 

мәнінде жақсы түсінеді. 

...Мұнай ресурстары тиімді пайдаланылуы керек, олар 

экономикалық  даму  бағдарламасына  интеграциялануы 

тиіс. Мен Қазақстанның шын мәнінде нақ сол бағытта ілгері 

басып бара жатқанына сенемін».

Perseus LLC вице-президенті Р. Холбруктің 

Евразия медиа-форумындағы сөйлеген 

сөзінен, Алматы, 2004 жылғы 24 сәуір 

Қазір  жұрттың  көбі  мұны өз-өзінен бола  қалатын  факт 

деп есептейді. Ал сол кезде біз мұндай күрделі шешімдерді 

қоғамның  ала-құла  қабылдайтынын  білдік.  Сол  кезеңде 

көп адамдар бізді отанына және жас ұрпақтың болашағына 

сатқындық  жасады  деп  кінәлады.  Алайда  біз  олармен  құр 

босқа тәжікелесіп жатпай, шетелдік инвесторларға қатысты 

мемлекеттік кепілдіктерді нақты айқындамақ болдық. бізде 

мұнай ресурстарын игеру үшін капитал, әсіресе осы заманғы 

технология болмады. Қазақстанда ұзақ мерзімді және пай-

далы бизнес жасауға әзір тұрған шетелдік мұнай компания-

ларымен әріптес ретінде жұмыс істедік. 

Қабылданған  Заң  мұнай  саласының  одан  әрі  дамуына 

тірек және түрткі болды. Алайда құрлықтағы кен орындарын 

игеру  мәселелері  бойынша  республика  деңгейінде  заңды 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

154

кепілдіктер бергенімізбен, теңізде көмір-сутегін барлау мен 

өндіру  мәселелерінде  тек  қазақстандық  заңдық  актілерді 

қабылдап қана қоймай, мемлекетаралық келісімдерге де қол 

қоюымыз талап етілді.

к

Аспий

 

теңізінің

 

ҚұҚыҚтыҚ

 

мәртебесі

каспий теңізін пайдалану құқығының айқын еместігі әу 

бастан-ақ  каспий  шельфінде  мұнай-газ  индустриясының 

дамуына өзінше бір тежеу болды. осындай айқын еместіктен 

барып бірқатар компаниялар қолайлы күндердің тууын күтіп, 

каспий теңізіне өзінің қатысын тек «нобайлап» қана қойды. 

Әрине, каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі бұлдыр-

лықтан  қалыптасқан  геосаяси  және  экономикалық  ахуал 

бізді  қанағаттандырмады.  тарихи  жағынан  жағдай  былай 

қалыптасқан-ды:  геостратегиялық  тұрғыдан  алғанда  аса 

маңызды саналатын бұл айдын 1991 жылға дейін тек кеңес 

одағы мен Иранның арасындағы өзара қарым-қатынастың 

ғана  мәселесі  болып  келді.  кСРо  тарағаннан  кейін  бұл 

аймақтағы  ахуал  тіпті  шиеленісе  түсті.  бұл  мәселеге  енді 

бес  бірдей  тәуелсіз  мемлекет  –  Әзірбайжан,  Ресей,  Иран, 

түрікменстан және Қазақстан араласты. Ал мұның өзі каспий 

аймағындағы барлық елдердің ұстанымдары ескерілетіндей 

және уақыт талабына жауап беретіндей етіп каспий теңізінің 

мәртебесін қайта қарап, айқындауды талап етті. 

Сондай-ақ мәселенің зәрулігін күшейте түскен бір себеп: 

1992–1993  жылдардағы  жағдайдың  қиындығына  байла-

нысты  каспий  өңіріндегі  елдердің  барлығы  да  каспийдің 

бай  ресурс тарын  игеру  өздеріндегі  экономикалық  және 

әлеуметтік-саяси  жағдайды  айтарлықтай  жақсартуға  кө-

мектеседі  деп  есептеді.  Алайда  өзара  шектескен  ұлттық 

секторлардағы  каспий  теңізінің  құқықтық  режимін  нақты 

айқындап  алмайынша,  барлау  мен  бұрғылау  жұмыстарын 


к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі



155

бастау, шетел инвесторларын барынша көп және тарту то-

лымды түрде мүмкін емес еді. 

келешекте  каспий  теңізінің  көмір-сутегі  ресурстары 

Солтүстік  теңіз,  мексика  бұғазы  және  басқалар  секілді  ірі 

мұнайлы аймақтармен бәсекелесе алатыны түсінікті болды. 

міне,  осыған  байланысты  каспий  теңізінің  проблемасы  әу 

бастан-ақ  аймақтық  көлемнен  асып,  әлемдік  маңызға  ие 

бола бастады. 

Сондықтан кСРо тарап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған-

нан кейін, біздің сыртқы саясат ведомствомыз бен  каспий 

өңірі елдері арасында каспий теңізінің құқықтық мәртебесі 

туралы  келіссөздер  жүргізіле  бастады.  бұл  менің  ерекше 

назарымда  болған  аса  маңызды  мәселелердің  бірі  еді. 

біз  өзіміз  үшін  басты  міндетті  айқындап  алдық: каспийдің 

қазақстандық  секторындағы  табиғи  байлықтарды  игеру 

жөнінде Қазақстанның каспий өңіріндегі барлық мемлекет-

тер мен әлемдік қауымдастық мойындаған, заңдастырылған 

өзіндік құқығы болуы керек. 

маған  өздерінің  күштілігін  сезінген  және  үлкенірек 

үлестерден дәмесі бар ұлы мемлекеттердің басшыларымен 

қиын келіссөздер жүргізуге тура келді. мен жеке өзіме қатысты 

жайларда бас қаларға есе беруім мүмкін екенін әрдайым ашық 

айтамын. Ал егер мәселе халық пен елге қатысты болса, онда 

мен екі жақты бірдей қанағаттандыратын балама шешімдерді 

іздеп табуды ұсынатынмын. 

каспий мәртебесі жөніндегі келіссөздерде де дәл солай 

болды. 


Алайда біздің белсенді әрекеттерімізге қарамастан, ка-

спий  өңіріндегі  мемлекеттер  өкілдерінің  алғашқы  кездесуі 

тек  1994  жылдың  қазанында  ғана  мәскеуде  болды.  онда 

Иран каспийлік  мемлекеттердің  аймақтық  ынтымақтастық 

ұйымын  құру  идеясын  алға  тартты.  Ал  қазақстандық  де-

легация  «бестіктің»  ішінде  бірінші  болып  каспий  теңізінің 



ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ

156

құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасын ұсынды, 

бірақ  та,  «уақыттың  жеткіліксіздігінен»  ол  егжей-тегжейлі 

қарастырылмады. 

Дегенмен, бұл бірінші кездесу болды, мұның өзі сонысы-

мен елеулі еді. келіссөздер үрдісі ақыры «қимылсыз нүктеден» 

ілгері  жылжыды.  кейінде,  1995  жылдың  мамырында,  Ал-

матыда  тағы  бір  кездесу  өтті,  онда  біз  келіссөздер  үрдісін 

күшейтіп, оған неғұрлым ұйымдасқан сипат беруге жеттік. 

келіссөздер  өте  қиын  жүрді. ол  негізінен каспий  өңірі 

елдерінің  каспий  теңізінің  құқықтық  мәртебесін  реттеудегі 

бастапқы көзқарастарының әртүрлілігімен ерекшеленді. бұл 

арада  мен  жағалаудағы  мемлекеттердің  каспий  теңізінің 

құқықтық мәртебесі туралы ұстанымдарының даму барысын 

біршама былайша бейнелеп айтсам деймін. 

Қазақстан  ұстанымы  негізінен  каспийдің  біртұтас  эко-

логиялық  жүйе  ретіндегі  ерекшелігін  ескере  отырып,  оған 

біріккен  Ұлттар  Ұйымының  1982  жылғы  конвенциясының 

жекелеген ережелерін қолдану мәселесіне байланысты бол-

ды. теңіздің түбі мен ондағы ресурстарды аралық сызықтар 

бойынша  межелеу  ұсынылды.  Су  айдынында  келісілген 

ендіктерде  теңіз  аумақтары  мен  балық  аулау  аймақтарын 

белгілеу қажет дедік. теңіздің қалған бөлігі мен беткі айды-

ны жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері, сондай-ақ 

еркін кеме қатынасы және балық аулаудың келісілген квотасы 

негізінде балық аулау үшін ашық болуы тиіс еді. Құрлықтың 

ішкері  жағындағы  каспийлік  мемлекеттер  барлық  көлік 

құралдарымен басқа теңіздерге және Дүниежүзі мұхиттарына 

шығу  үшін  Ресей  мен  Иран  аумақтары  арқылы  транзиттің 

еркіндігін пайдалануы керек болды. 

Ресей  каспийді  бірлесіп  иемдену  негізінде  пайдала-

нылатын  жалпыға  ортақ  теңіз  деп  есептеді:  демек,  бұл 

ұстаным  каспийдің  түбіндегі  табиғи  ресурстармен  қоса, 

табиғат  байлықтарының  барлық  түріне  таралуы  тиіс  деді. 



к

аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі




1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал